Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1 слайд
Конференция тақырыбы:
«Жасөспірім және заң»
2 слайд
Қылмыстық кодексінің 79-бабында кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері:
1) Айыппұл;
2)Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
3)Қоғамдық жұмыс істету;
4)Түзеу жұмыстары;
5)Бас бостандығын шектеу;
6) Бас бостандығынан айыру.
3 слайд
132 – бап.
Кәмелетке толмаған баланы қоғамға қарсы іс - әрекет жасауға тарту – арақ ішу, қайыр сұрау, темекі тарту сияқты жаман әрекеттерді үйренуге шақырса – 132 – бап бойынша жауапқа тартылады.
4 слайд
Қылмыс неден туындайды?
5 слайд
442-бап. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріпжүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы
1. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы –заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады- 5946тг
2. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы –заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 29730 тг.
6 слайд
Меншікке қарсы қылмыстар:
•Сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу – 176 – бап.
•Алаяқтық – 177 – бап.
•Тонау – 178 – бап.
•Қарақшылық – 179 бап.
•Ерекше құнды заттарды талан – тараждау – 180 – бап.
7 слайд
21 – бап.
Абайсызда жасалған қылмыс:
1. Менмендiкпен немесе немқұрайлылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады.
8 слайд
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
78-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
1. Осы бөлімнің күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы 14 толған, бiрақ 18 толмаған адамдар танылады.
2. Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға жаза тағайындалуы мүмкiн не оларға тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн.
9 слайд
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
15-бап. Қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасы
1. Қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады.2. Қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдар кiсi өлтiргенi (96-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргенi (103-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтiргенi (104-бап, екiншi бөлiк), зорлағаны (120-бап), жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттерi (121-бап), адамды ұрлағаны (125-бап), ұрлық жасағаны (175-бап), кiсi тонағаны (178-бап), ұрып-соққаны (179-бап), қорқытып алғаны (181-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатын көздемей заңсыз иеленгенi (185-баптың екiншi, үшiншi, төртiншi бөлiктерi), ауырлататын мән-жайлар кезiнде мүлiктi қасақана жойғаны немесе бүлдiргенi (187-баптың екiншi, үшiншi бөлiктерi), терроризм (233-бап), адамды кепiлге алуы (234-бап), террористiк актi туралы бiле тұра көрiнеу өтiрiк хабарлағаны (242-бап), қару-жарақты, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлағаны не қорқытып алғаны (255-бап), ауырлататын мән-жайлардағы бұзақылығы (257-баптың екiншi, үшiншi бөлiгi), тағылық (258-бап), есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды ұрлағаны не қорқытып алғаны (260-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде қайтыс болған адамдардың мүрдесiн және олардың жерленген жерлерiн қорлағаны (275-бап), көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз еткенi (299-бап) үшiн қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.
10 слайд
Мақал – мәтелдерді аяқтайық.
Заңның құрығы ...
(бәрінен ұзын)
2. Өш алғаннан гөрі ...
(кешірген жөн)
3. Ұрлық түбі ...
(қорлық)
4. Жазасын тартпайтын ...
(жамандық жоқ)
5. Тәрбие ...
(отбасынан басталады)
6. Әділ істің...
(арты игі)
11 слайд
7. Біреуге ор қазба ...
(өзің түсесің)
8. Қолыңмен істегенді ...
(мойныңмен көтер)
9. Заңды сыйлаған ...
(еркін жүреді)
12 слайд
Тәртіптік құқық бұзушылық
Бұл оқу орындары, әскери бөлімдерде, мекемелерде тәртіп бұзу
МЫСАЛЫ:
Сабаққа кешігіп келу,
Себепсіз сабақтан қалу
Қоғамдық жұмысқа араласпау
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
6 609 573 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Мухаметкалиева Умит Болатбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.