Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / І деңгей бойынша Е есебі, Енгізілген өзгерістердің тиімді болғандығын қалай түсінуге болады?

І деңгей бойынша Е есебі, Енгізілген өзгерістердің тиімді болғандығын қалай түсінуге болады?


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Жакишева Светлана Викторовна Мұғалім портфолиосы Е есебі

Топ №1 1-деңгей

Көкшетау қаласы 25.05.2014

Енгізілген өзгерістердің тиімді болғандығын қалай түсінуге болады?

Қазақстандағы білім сапасын өзгертудегі – біліктілікті арттыру Кэмбридж бағдарламасының мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатындағы көздеген мақсаты орындалып жатыр деп ойлаймын. Әр шарадан соң бейнежазбаны мұқият қарап:"Не сәтті болды? Неге? Оның сәтті болғанын қайдан байқадым? Не сәтсіз болды? Неге?" деген сұрақтар төңірегінде жауап іздедім. Аз да болса байқалған өзгерістерді тәжірибемде атқарылған жұмыстарымның сәтті, сәтсіз жақтарын талдағанда, әріптестерімнің пікірлерін тыңдағанда байқаған болатынмын. Бақылағанымды рефлексивті журналыма жазып отырдым.

Заманға сай мұғалімдер тәжірибесін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Мұғалімнен бүгінгі күні оқыту – кез келген сабақта жедел шешім қабылдауын талап етеді. Сондықтан менің ойымша, біз сияқты көшбасшылар алдында мұғалімдерді біріктіру, ынтымақтастықта бірігіп жұмыс атқару аясын кеңейту міндеті тұр. Сол қадам жасау ниетімен барған мектептегі тәжірибем басталып кетті. Әрине, жүз пайыз өзгеріс енгізбесек те, аз да болса қадам жасалды. Өткізген жұмыстарымызда сәтті, қуантарлық кездермен қатар, сәтсіздік, қиындықтар да кездесті. Жұмысымды бастар кезде кәсіби қоғамдастығыма кірген ІІ деңгейлі екі ұстаз, ІІІ деңгейлі үш ұстаз, тәжірибелі ұстаздармен қатар жас мамандар болды. Деңгейлік бағдарламаны оқып келген ұстаздар бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін айтып, ниеттерін білдірді. Бұл мен үшін өте қуанышты жағдай болды. Әріптестер қолдап тұрса, неге бірлеспеске? Өзгеріс енгізуге талпынбасқа? Мәселені шешуде SMART мақсат қойдық, нәтижеге жетуде дұрыс жол таңдауға тырыстық. Бірінші таныстырылымды өзім өткіздім. Коучингім қатысушыларға қызықты болу үшін жан-жақты қарастырып, мазмұнды етіп жоспарладық. Сәтті өткіздім деп ойлаймын. Оған дәлел ретінде - қатысушылардың белсенділігі, нақты пайымдауы болды. Ой сергітуде әр қатысушы өзінің есіміне бойында бар қасиетке байланысты сын есімді айтты, келесі қатысушы қайталай отыра өзін қосты. Мысалы: Манаргүл – мейірімді, Анаргүл – ажарлы, т.б. Әрқайсысы бойларындағы жақсы қасиетін өзі айтса деген ойым еді. "Жанар

- жаңашыл", "Замира - заманға сай" деген жауап барлығының көңілінен шықты. Осымен өзінің жаңаны үйренгісі келетінін айтқандай болды. Әдетте, өзіміз туралы жақсыны айтуға қысыламыз, меніңше, бұл жаттығу ұстаздарды серпілтіп тастады.

"Сіз көшбасшы бола аласыз ба?" деген тестен кейін қатысушылар өздерінің бойынан көшбасшыға тән қасиеттер іздеп, өзін-өзі реттеуге жұмыс жасайды деп ойлаймын. Бұл жерде әрбіреуі бойында көшбасшылық қасиетті көргісі келеді деп ойлаймын.

Н. есімді жас маман коучинг туралы "Мен көп мәлімет алдым, біз де көшбасшы бола алатынымызға көзімізді жеткіздіңіз. Сабақтарға сәл болса да өзгеріс енгізіп көремін" деген ойын тыңдағанда, тақырыпты жеткізе алғанымды түсіндім. Р. есімді тәжірибелі маманның "Келесі коучинг қашан болады? Біз қалып қоймайықшы." – деген өтініші неге тұрады? Кері байланыс парақтарында коучингтің өздеріне берген пайдасы туралы, тағы да өткізілсе екен деген ойларымен бөлісіпті.

"Топтық жұмыстар арқылы критериалды бағалау мен дискрипті құруды үйрену " атты коучингті ІІ деңгей мұғалімі Д. тәлім алушым өткізді. ІІ деңгей бойынша былтырдан жұмыс істеп келеді, сондықтан, коучинг өткізуде ешқандай қиындық туған жоқ. Психологиялық ахуал туғызуды тренингтен бастады. Музыка жүріп тұрғанда мәтін оқылып, слайдтар көрсетілді. Сәтті болған жер "Қақпа" туралы қорытындыны естігенде С. есімді әріптесім "Ой, мен айналып өтіп едім, шынында да қиындықтан мен қашамын" деген пікірінен, коучім өзіне сын көзімен қарағанын байқадым. Белсенді, белсенді емес сынып сипаттамасы көрсетілгенде "Сіздер қандай сыныппен жұмыс істегенді қалайсыздар?" – деген коуч сұрағына: "Әрине, белсенді сыныпты" – деп жауап берді қатысушылар. Осындай белсенді топ сипаттамасына қазіргі кездегі сыныптары сай қылу біздің міндетіміз екендігін айтты, ой қозғады. «Диалогтан оқушы өзі үшін не алады?» «Мұғалім өзі үшін не алады?» сұрақтарды жұппен талқылап, ойларымен бөлісті. Диалогтік оқыту туралы таныстырылым жасады. "Тіл – қарым-қатынас құралы" деген тақырыпқа постер жасады. Бұл жерде әуелі өздері ойланулары, сосын жұппен жұмыс жасап алуға мүмкіншілік беру керек еді. Коучім бұл жерде асығыстық жасады деп ойлаймын. Мұны постер қорғағанда қатысушылардың жауабында жүйелік болмағанынан байқадым. Өзіме осыны белгілеп, коучіме жұппен жұмыс істеу тәртібін нақтылау керектігін талдауда ұсыныс ретінде түсіндіріп кеттім. Кейінгі жұмыстарда мұндай кемшілік байқалған жоқ. Тақырыпты ұққандарын қатысушылардың постерді қорғаған жауаптарынан білдім. Коуч "Бағалау түрлері" тақырыбына тоқталды. Бейнежазбадан бағалау түрлерін ажырату тапсырмасы берілді. Бағалау түрлерін бірден ажыратты. Бірден ажырата алғандары менің ойымша, тақырыпты ұқты деген айғақ болды.

Кері байланыста "Бес саусақ" рефлексивті парағын толтырды. Нәтижесінде мұғалімдер білім беруде сөйлеу әрекетін дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастырды кейін тәжірибесінде ұтымды қолданды.

"Lesson Study-дің тиімділігі" атты бейнежазба көрсетілді. "Lesson Study-дің ұстаздарға тиімділігі, Lesson Study-ді өткізгенде кездесетін кедергілер, Lesson Study-ді өткізуде ұстаздарға сіз қалай ықпал ете аласыз?" сұрақтар төңірегінде пікір алмасты. Мен үшін әркімнің пікірі құнды болды. Қатысушылар ойларымен бөлісті. Lesson Study-дің ашық сабақтан айырмашылығын көрсету постері қорғалғанда нақты түрде айырмашылығын талқылағанынан тақырыпты ұққандарын аңғардым. Коучім коучингті өткізгенде мақсатына жетті деп ойлаймын. Оның дәлелі ретінде топ мүшелерінің жылы лебіздерін айтуға болады. Қорытындылауда Эдвард де Бононың “Ақылдың алты қалпағы” әдісін ұтымды қолданылды. Тақырыпты ұққандарын жастарға түскен "Қызыл қалпақ" тобы " Lesson Study керемет, біздің мектепке керек ед!"- деген бағасынан көрдім. Lesson Study әдісін жан-жақты талқылады. Соңында топ мүшелері тағы үйреніп, кездесуге ниеттерін білдірді. Бұл жағдай коуч екеумізді бір қуантып тастады. Егер, топ мүшелері ары қарай үйренейік деп көздері жанып тұрса, бізге неге үйретпеске?

Менің ойымша, коучинг нәтижесінде мұғалімдер Lesson Study-дің сыныпты зерттеу нысандарының бірі екенін түсініп, тәжірибесін жетілдіруге септігін тигізетіндігін ұқты, жұмысында қолдануға ұмтылыс жасалды. Әр шарада біз толтыртқан рефлексивті парақ мұғалімдерге өзін-өзі бағалауды үйретуді көздесе, нәтижесінде мұғалім өзін-өзі бағалаумен бірге оқушысын осы әрекетке үйретіп жатқандарын бақыдық.

Даму бағытымыздың нәтижесін көруде коучингтің маңызы ерекше деп ойлаймын. Мұғалімдерге қажетті әдіс-тәсілдер төңірегінде білім береді, оны оқу үрдісіне енгізеді. Сабақта әдістер, тәсілдер дұрыс таңдалмай жатса (бақылаған кезде, оқушылардан сұхбат алғанда, т.б.), сол мәселе төңірегінде білім жетілдіру мақсатында тағы коучинг өткізуге болады. Ол коучтің қаншалықты ізденіп, мұғалімдерге қосымша ақпарат қалай бергеніне қатысты болады деп ойлаймын. Коуч пен көшбасшы ынтымақтастықта жұмыс жасағанда нәтижеге жетуге болатындығын тәжірибе кезеңінде сезініп, түсіндік.

Тәжірибе басында коучингтерді өткізгенде екі кезеңдегі мұғалімдерді жинау қиын болды, сондықтан, бұл мәселені шешуде ОТЖ орынбасары маған қолдау көрсетіп, сабақтарды ыңғайымызға қарай ауыстырып отырды. Әкімшілік тарапынан қадағалау бізге психологиялық қысым келтірді. Бұл жерден басшылықтың ескі көзқарасы байқалды. «Ол неге керек? Суретке ала сал» деген сөздерді кейбір мұғалімдерден естідім. Өзгеріс – ұжым ынтымақтастықта, бір-біріне деген сенімділікте болғанда ғана нәтижесін береді. Өз тарапымнан кез-келген кедергіні ақылмен шешудің жолын іздедім.

Бастапқыда Lesson Study-дің бір сабағын белгіленген С. есімді ағылшын тілі мұғалімі тартыншақтап:"Мен толық білмеймін ғой, қорқамын. Камераға алмаңыз"- деген. Бірақ, қызығушылығы оянғаннан кейін, жұмысқа белсенділік танытып, кірісіп кетті, келесі сабақтарын асыға күтіп жүрді. Соңғы Lesson Study-ді өткізгеннен кейінгі талқылауда: «Шынында бұл тәсілдің оқушыларды зерттеуде көп көмегін келтіреді.» Осы шараға қатысқандар да көп нәрсе үйренгендігін айтып ризашылығын білдірді. Бұл аз болса да нәтиже емес пе?

4 "Ә"сыныбында "Критериалды бағалаудың оқу үдерісін жақсартудағы ықпалы" тақырыбында Lesson Study ұйымдастырылды. Lesson Study-ді 4 "Ә" сыныбында алған себебіміз, бұл лицей сыныбы, пән мұғалімдері оқушылардың бағалау кезінде қиындықтар туатындығын айтты. Сыныпта 12 үздік оқушы, сынып оқушыларының ынталары жоғары. Бағалардың нақтылығын анықтау үшін критерий, дискриптор енгізіп көрейік деп шештік. Мұғалімдер білім сапасын жақсарту мақсатында критериалды бағалауға алакөшу керектігі туралы пікірлерімен бөлісті: бір мұғалімнін бағасы – марапаттау, екіншінің қолында ол - қару. Бағалау қритерийлерді бірге құрастырсақ, бір талап қойсақ, жалпы мектептің білім сапасы жоғарлайтын болады.

Сабақтарды бірге жоспарладық. Үш сабақта да А, В, С деңгейіне таңдалған оқушыларға табыс критерийлері парағын бақылаушы мұғалімдер толтырылып отырды. Мұның нәтижесінде үш сабақтың әр кезеңіндегі оқушының іс-әрекеті бақылауға алынды. Меніңше, бұл жұмыс әр сабақ аралығындағы оқушы бойындағы өзгерісті көруге ықпалын тигізеді.

Бірінші сабақта диалог "оқушы-оқушы", "мұғалім-оқушы" арасында ғана жұптық, сұрақ-жауап түрінде болды. Оқушылар топпен де жұмыс атқарды. Сабақ рефлексия парағын толтырумен аяқталды. "Бүгін мен не білдім? Сабақта қалай жұмыс істедім?" сұрақтар төңірегінде толтырылды. Сабақ аяқталған соң оқушылардан сұхбат алғанда С деңгейлі оқушы ағылшын пәнінің өзі үшін қиынға соғатынын айтты. А деңгейдегі оқушы өте жоғары белсенділік танытса, В деңгейдегі оқушы күнделікті өзіне тиісті жауабын нақты айтумен ғана шектелді. С деңгейдегі оқушыдан бақылаушы мұғалім сабаққа деген қызығушылығын көре алмағандығын айтты. Бірін-бірі, топтың жұмысын бағалады, неге сондай баға қоятынын дәлелдеді.

Ағылшын тілінде сөйлемеген оқушыны сөйлету мақсатында қазақ тілі сабағын жоспарладық. Тапсырмаларды түрлендіріп, оқушыны сөйлету бағытында дайындалдық. Критерий арқылы бағалауға үйреттік. Сабақта А деңгейлі оқушымызға берілген күрделендірілген тапсырманы белсенділік танытып, орындап отырды. В деңгейлі оқушы да тырысып жұмыс істеді. Ол тобындағы оқушыларға көңіл бөле бастады. Мұғалімінің айтуы бойынша өз үшін ғана оқитын оқушымыз басқаларға қол ұшын беруге тырысты. Бұған мұғалімінің таң қалғанына, біз де таң қалып, оқушы аз да болса қадам жасағанына қуандық. С деңгейлі оқушымызға сұхбат әсерін тигізген болар, қолын көтеріп сабаққа қатысуға тырысты, бақылаушы мұғалім жауап бергенде,оқушы ойын жеткізе алмай қиналатындығын байқағандығын айтты. Бұл жерде сабақта оқушыны сөйлетуге бағытталған сұрақтың дұрыс қойылмауынан болды деп қорытындыладық. Балалар бір-бірінің жауаптарына сыни көз қарас білдіріп бағалады. Өзін-өзі бағалау кезенінде бағалары бұрынғы бағаларға қарағанда төмендеу болды, бірақ балалар сабақ барысында белсенділігі жоғары дәрежеде өтті. А деңгейлі оқушыдан «Бүгінгі өзін-өзі бағалаған бағаң 4 болып қалды, Неге 5 емес?» деген сұраққа: «Қателескен жерлерім болды. Бірақта сабақ маған ұнады, қызықты өтті. Көп жаңа сөздер жаттадық. Биледік, ән айттық, бейнеролик көрдік.»

Үшінші орыс тілі сабағын жоспарлауда алдыңғы байқалған кемшіліктерді жою үшін әр кезеңге ерекше көңіл бөлуге тырыстық. Диалогтік қарым-қатынасқа түскенде оқушылардың сөйлеу әрекеті қалыптасады, сөздік қоры молаяды. Бағалау кезеңінде бір-бірін критериалды бағалауда шынайы баға коюға үйренеді. Сабақтан сабақққа критерий бойынша бағалауға үйренсе, келешекте «Неге маған сондай баға қойдыңыз?» деген сұрақ болмайды.

Lesson Study-дің үшінші сабағында А, В, С деңгейіндегі үш оқушымыз сабақта белсенділік танытты. Сабақ тиімді өтті. Оны оқушыларға жеке ойлануға, топта ойларымен бөлісуге, жұппен жұмыс істеуге, сурет бойынша диалог құрастыруға мүмкіндік берілгенінен білдік. А деңгейлі оқушы шығармашылық тапсырмамен жемісті жұмыс атқарса, В деңгейіндегі оқушы әрекеті көшбасшылықты атқара алатынын көрсетті. Мұның нәтижесін топтық жұмысты орындауда басты рөлді өз қолына алып, тобын ұйымдастырғанынан көрдік. Біз үшін бұл таңқаларлық жағдай болды. Қызықты таңдалған тапсырмалардың ықпалы ма, С деңгейдегі оқушымыз сабақ барысында белсенді жұмыс атқарып, жақсы деген бағамен бағаланды. Біз үшін қуанарлық жағдай болды. "Неге олай болды екен?- десек, аңғарғанымыз С деңгейдегі оқушы сияқты басқа оқушылардың біріншіден орысша ойлауынан ойларын жеткізе алмауына кедергі, екіншіден диалогқа түсуде сұрақтардың орынды қойылмауы деп түсіндік. Мұғалімге бұл мәселе төңірегінде жұмысты әлі тереңінен қарастыру керектігін түсіндік. Неге әр түрлі тіл сабағында оқушы белсенділігі әрқалай? Тілді жетік білмегені, әдістердің түрлендірілуі осындай нәтиже берді деген қорытынды жасадық. Бастауыш сыныпта пән мұғалімдерінің осындай оқушыларға баса назар аударуы керек. Бұл жағдай оқушының сөйлеу әрекетіне диалогтік оқытудың қатысы бар екенінің тағы бір айғағы. Бағалау кезеңінде «Мен осындай баға алдым, өйткені ...» Оқушылар өздерінің жіберген кемшіліктеріне өздері назар аударып, критерийлер бойынша бағалауды қолдана білгенін көрсетті. Келешекте Lesson Study -дің нәтижесінде анықталған жайлар туралы қатысушылар әдістемелік бірлестікте ой бөлісуді ұсынды. "Lesson Study мұғалімдерге нені үйретті? LS оқушыларға не берді? Сабағымыңыз қалай өзгерді?"- деген сұрақ төңірегінде көп ойландық. Өткізілген үш сабақтан соң оқушының табыс критерийлерінің нәтижесінде Lesson Study-де алған тақырып жетілгенін байқадық. Бір сабақтан келесі сабаққа дейін А, В, С деңгейіндегі оқушылардың іс-әрекеттерінде өзгеріс болғанын байқадық. Мұғалімнің сабаққа деген көзқарасы өзгерді, ынтымақтастықта жұмыс жасай бастады, сабақ жоспарларына дайындықтарының деңгейі, сабақ құрылымында ??? үлгісі. Оқушылардың іс-әрекетін зерттеп, өзгертуіне ықпалын тигізді.

Lesson Study-ді басқа сыныптарда өткіземіз деген өзімізге түйін жасадық. Сабақтар диалогтік оқытуды негізге ала отырып өткізілді. Орта мерзімді жоспарды негізге ала отыра, мұғалім қысқа мерзімді сабақтар жоспарын жасады. Нәтижесінде, оқушылар сөздің мағынасын жете түсініп, қолдана білуге, әдеттілік пен жақсы қасиеттерді оқушының таңдау таразысына салу, салыстыру, бағалау мүмкіндігіне ие болды. Топқа бөлінуде еш қиындық болған жоқ. Топқа жеке тапсырма беріліп, оқушылар жұмыс жасады, өзін-өзі, көршісін, топтың жұмысын критерий арқылы бағалауға үйренді. Оқушылар топтық жұмысқа әбден үйренген. Ережесі сақталып, барлық талаптары орындалып отырды. Оқушылар сабаққа қызығушылық таныта отырды. Критериалды бағалауға қызыға үйрене бастады. Бұдан өзгерістер тәжірибеде шынында болып жатқанына көзім жетті, мұғалім сабақта 7 модуль тиімді ықпалдастырылып, қолданды. Шығармашылық тапсырмалар орындалды. Оқушылар бірін-бірі бағалады, сабақ соңында спикер бағалау қағазын толтырды. Эссе жазумен қорытындылау болды. Бұл ОМЖ сабақтарынан анықтағаным: мұғалім 7 модульді ықпалдастыра отырып өткізеді, оқушылар өз ойларын еркін білдіреді, жылы қарым-қатынаста жұмыс істейді.

ІІІ деңгейдінің оқуына баруға дайындалып жатқан Н.,Ш.,Г. есімді әріптестер тізбектелген сабақтарға қатысты. " Екі жұлдыз, бір тілек" рефлексиясын жасалды. Мұғалімдер ұсынысты қабылдайды, өзгеруге тырысатынын байқалды. ОМЖ сабақтарының нәтижесінде жұмыс кезеңі тізбектеліп ұйымдастырыла бастағанын, оқу оқушыға бағыттала бастағанын, жеті модульді ықпалдастырып оқытатынын, оқу мақсаттары белгіленіп, алға ілгерілеудің пайда болғанын аңғардым.

Тәжірибе соңында мұғалімдерден, ата-аналардан, оқушылардан сауалнама алдым. Бастапқы нәтиже мен соңғы кезеңдегі нәтижені салыстырдық. Нәтижесі төмендегідей:

Тәжірибеге дейін Тәжірибеден кейін












Тәжірибеге дейін Тәжірибеден кейін

hello_html_5acae25d.gifhello_html_mcc3745e.gifСауалнамадағы: "Өз ойыңды толық жеткізе аласың ба?" дегенге: "иә"- 41% -дан 50%-ға, "Түсінбегеніңді мұғалімнен сұрай аласың ба?" дегенге "иә" 46%-дан 49%-ға, көрсеткіш көтерілген. Яғни, динамика бар, оқушыларға аз да болса ықпал ете алдық деген сөз.

Коучингке қатысып, мұғалімдердің үйренгендерін тәжірибесіне енгізіп жатқанын көреміз. Нәтижесі төменде көрсетілген:

Сабақтарыңызда критериалды бағалауды қолданасыз ба?



Тәжірибеге дейін Тәжірибеден кейін

Бастапқыда диалогтік оқытуды бастауыш буын ұстаздардың (1) - 5% ғана қолданса, кейін бұл көрсеткіш (8) - 40% жетті.

Осы аз уақыт ішінде үлкен өзгерістер жасап тастамасам да, өзгеріске жасаған қадамымның болғанын білдім. Алдағы уақытта келесі іс-шаралар:

1."Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары", "Диалог арқылы оқытудың тиімділігі","Бағалаудың түрлері" атты коучингтер;

2. Шеберлік сыныптар, тренингтер, таныстырылымдар;

3."Желілік қоғамдастықтың берері мол"семинарын өткізер едім. Бұл шараларды қоғамдастығымызбен болашақта мектептің даму жоспарына түзетулер жасағанда енгіземіз деп келістік.

Осындай оң нәтижелерден кейін келешекте мектебімнің ісі оңға басу үшін даму бағдарламасына мұғалімдерді үйрететін коучингтерді көбірек жоспарлап, ұжымды оқушының іс-әрекетін бірлесе зерттеуге үйрететін Lesson Study-ді ұйымдастырып, желілік қоғамдастық арқылы жоспарланған шараларда тәжірибемізбен бөлісер едім.

7



Краткое описание документа:

Енгізілген өзгерістердің тиімді болғандығын қалай түсінуге болады?

Қазақстандағы білім сапасын өзгертудегі – біліктілікті арттыру Кэмбридж бағдарламасының мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатындағы көздеген мақсаты орындалып жатыр деп ойлаймын. Әр шарадан соң бейнежазбаны мұқият қарап:"Не сәтті болды? Неге? Оның сәтті болғанын қайдан байқадым? Не сәтсіз болды? Неге?" деген сұрақтар төңірегінде жауап іздедім. Аз да болса байқалған өзгерістерді тәжірибемде атқарылған жұмыстарымның сәтті, сәтсіз жақтарын талдағанда, әріптестерімнің пікірлерін тыңдағанда байқаған болатынмын. Бақылағанымды рефлексивті журналыма жазып отырдым.

Автор
Дата добавления 02.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров1897
Номер материала 261625
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх