Инфоурок Другое Другие методич. материалыІ деңгей мұғалімінің рефлексивтік есебі. "Менің мектебіме өзгеріс не үшін қажет?

І деңгей мұғалімінің рефлексивтік есебі. "Менің мектебіме өзгеріс не үшін қажет?

Скачать материал

 

Менің мектебіме өзгеріс не үшін қажет?

Әлемдік білім беру жүйесі неліктен өзгеруде?  Әлем жылдам өзгеруде. Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер, жаһандану үдерісі, ақпаратты технологиялардың тез дамуы, демографиялық өзгерістер  білім жүйесін, білімнің сапасын қайта қарау керек екеніне көзімізді жеткізіп отыр. Білім саласында қызмет істеп жүрген мұғалімдер де, басшылар да, саясаткерлер де оқуды, оқытудың сапасын жетілдіру керек екенін айтып отыр. «Неліктен әлем елдері білім беру жүйесінде реформалар жасап жатыр?» ,«Не үшін?» деген сұрақтар туады. Шетелде реформа жасау арқылы 152 мемлекет 12 жылдық білім жүйесіне көшкен болатын. Бұл реформа Қазақстанда заң жүзінде қабылданып, кейбір мектептерде эксперимент түрінде іске асырылды (2007 жыл). Алдағы уақытта мемлекетіміздің барлық мектептері жаппай 12 жылдық орта білім жүйесіне көшеді. Жалпы елімізде білім беруді жаңғырту мақсатында кезең-кезеңмен реформалар жүргізіліп келеді. Қазақстанда 2000 жылы «Білім беру бағдарламасы», «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» атты екі іргелі стратегиясы қабылданған. Елбасымыз әр жылда Қазақстан халқына жолдауында білім жүйесіне ерекше тоқталып, басты стратегияларды айқындап көрсетіп отыр. Бұл біздің көшбасшымыздың білімге деген ерекше көзқарасының айғағы. Сол сияқты АҚШ, Англия, Германия сияқты озық мемлекеттер ХХІ ғасырда қажет болатын  дағдылар мен білімге ие болу үшін оқу сапасын, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіруге байланысты реформалар жүргізіп келеді.  Халқының әлеуметтік-экономикалық  жағдайы  дамыған, ең алдыңғы қатардағы елдер осындай жетістіктерге қалай қол жеткізді? Көптеген саясаткерлер мен ғалымдардың зерттеуі, тұжырымдаулары  бойынша бұл елдер білім жүйесін ең бірінші орынға қояды деп есептейді. Әлем елдеріндегі ең дамыған Финляндия, Жапония, АҚШ, Корея мемлекеттерінің мектептеріндегі озық оқыту мен оқу әдіс-тәсілдерін қарастыратын болсақ, білім сапасын көтеру алға қойылғаны байқалады. Финляндияның білім реформасында мұғалімдердің мәртебесін көтеру мен оқу сапасын, оқу, оқыту әдістерін жетілдіру басты бағыттар болып алынған. Реформалардың пайдалы жағын Финляндияның білім сапасы бойынша әлемде алда келе жатқанынан көруге болады.

Дүние жүзіндегі ең дамыған, үздік елдердің бірі – Жапонияның өзінде ХІХ ғасырдың 70-ші жылдарда білім беру жүйесіне көңілі толмағаны белгілі. Сол кездің өзінде «Lesson study» әдісінің негізі қаланған екен. Ал Жапонияда бұл әдісті пайдаланып шетелдерге таратып отырған Макота Йошида. Қазіргі кезде бұл әдісті оқыту әдістемесін жетілдіру, оқушылардың білім деңгейлерін арттыру, педагогикалық тәсілдерді ойлап табу мақсатында Жапониямен қатар Сингапур, Гонконг, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция және Канадада қолданады. Бұл елде мектепке дейінгі білімге көп көңіл бөлінеді, кіші жастан балалардың бойында қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, ұжымдыққа баулу аса маңызды құндылықтар болып есептеледі. Отбасы тәрбиесіне ерекше мән беріледі, баланың тәрбиелі болуы маңыздырақ. Кіші мектеп жасындағы балаларға және орта буындарда топта оқыту және топта құрбысына қалай сөйлеу, қалай қарау, оның пікірін тыңдау, сыйлау, өзін көрсету дағдылары қалыптастырылады. Баланың денсаулығы бірінші кезекке қойылады, ұстаздар мен шәкірттерінің арасында өзара сыйластық пен сенімділік қарым –қатынас қалыптастастыру ең бірінші орында. Жапон мектептерінде дене тәрбиесіне де көп көңіл бөлінеді. Мектепте оқитын оқушылардың барлығы да белгілі бір спорт түрімен айналысады, теннис, әскери қимыл әрекеттерін, жеңіл атлетика негіздерін міндетті түрде игереді. Мектепте білім алу ұзақтығы 12 жыл. Бастауыш мектеп 6 жылға созылады, өйткені бала бастауыш сыныпта 1850 иероглиф меңгеруі керек. Кітап оқу үшін 3 мыңнан аса иероглиф білуі тиіс. Жапон мектептерінде оқу 1 сәіуірде басталады. Бұл Сакураның гүлдеуі мерекесімен байланысты. Оқу  3триместрге бөлінген. Әр оқу жылының аяғында емтихан тапсырады. Кіші және орта буында өмірде өзін бақылай білуге, адамдарға, жануарларға, табиғатқа қамқорлықпен қарауға , әдемілікті сезінуге, қоғамның дамуына өз үлесін қосуға бағыттайды, білім-білік дағдысына аз көңіл бөлінеді. Жапон халқының тағы бір ерекшелігі қыз бала үшін ана болу алдыңғы кезекке қойылады, ұл балаларға ерекше қатал талаптар қойылады. Дегенмен халықаралық математикалық  сайыстарда жүлделі орындарды алып келеді.[1]

Ал АҚШ – та білім сапасының төмендеп бара жатқандығы туралы өткен ғасырдың 60-80-жылдары айта бастап, түрлі реформалар жасай бастаған.     Америкалық психолог С. Н. Послезвайт оқыту мазмұнының бірлік тұжырымдамасын жасаған. С. Послезвайт оны шағын курстар деген. Ол модульді оқыту деп аталды. Модульді оқыту технологиясының тұжырымдамасын американ зерттеушісі Дж. Рассель жасаған.  Бұл әдіс Англия, АҚШ, Швейцария, Канада елдерінде кәсіби білім беру оқу орындарында пайдаланылды.1970 жылдардың бас кезінде  «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясын жүйеге келтірген Хобарт&Вильям Смит Колледж және  Солтүстік Айова университетінің (АҚШ) ғалымдары мен оқытушылары Дженни Л. Стил, Кертис С. Мередит, Чарльз Темпл сынақтан өткен әдіс-тәсілдерін, тәжірибелерін  бірнеше елдерге таратты. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясы Ресейде 1997 жылдары енгізіле бастады. Қазақстанда Джордж Соростың ашық қоғам институты «Сорос – Қазақстан» қоры арқылы тарала бастады. Бұл технологияның мақсаты кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы түрде шешім қабылдауға үйрету болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, сол идеяларға қарсы қоя отырып тепе –теңдікте ұстап зерттеу. Сын тұрғысынан ойлау сынау емес – шыңдалған ойлау. Сын тұрғысынан ойлаудың 3 кезеңі болады. Ол – қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс. [2] Көптеген ғасырлар бойы балалар «қабілетті және қабілеті жоқ» болады деп есептелетін. Өткен ғасырдың 80-жылдары АҚШ мектептерінде оқытудың жаңаша әдістері – топта оқыту, мүмкіншілігі шектеулі балаларды оқыту, сыныпты зерттеу, оқушыны зерттеу, дарынды балалармен жұмыс, бағалау және өзін-өзі бағалау т.б. қолданыла бастады. Топтық оқыту барысында оқушылар бір-біріне көмек көрсетіп, қолайлы қарым-қатынас қалыптастырады және де бала өзін топта еркін ұстап, өз құрбыларымен ашық ой бөліседі,үлгірмейтін оқушылар және дарынды, ерекше қабілеттері бар оқушылар арнайы бағдарламалар бойынша оқытыла бастады. Сабақтарда ойын әдістері, рөлдік ойындар, драмалау әдістерін қолдану кезінде оқушының эмоционалдық күйі жоғарылайды, қиялы, ой-өрісі дамиды. Тапсырмалардың қалай орындалғанын топта бірге талқылау немесе сценарийлерді бірге жасау  оқушылардың   сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыруда, сөйлеу, оқу, өзін көрсете білу дағдыларын жетілдіруде өте жақсы әдістер болып табылады. Ойын, рөлдік ойындар мен драмалауда балалар өз проблемаларын қалай шешу жолдарын үйренетін болады, шешім қабылдауға үйренеді. Білім беру жүйесінде мұғалімдердің де кәсіби дамуына жағдайлар жасалып, қолдау көрсетілді. Олар жаңаша тәсілдерді үйреніп, соны өз тәжірибесінде қолдана бастады. Нәтижесінде білім сапасы арта бастады. Қазіргі кезде АҚШ мектептерінің барлығы ақпаратты технологиялармен қамтамасыз етілген. Оқытудың бұл әдісі де білім сапасын арттыруда ең маңызды технология болып есептеледі. Компьютерде жұмыс істеу, мультимедиа әдіс-тәсілдерін үйрену оқушылардың оқуға  деген ынтасын арттырып, ойлау қабілеттерін дамытуда маңызды екені айғақ. [3]

ББҰ, PISA (Edukcation index) мәліметтері бойынша Финляндия ең жоғарғы көрсеткіш көрсетіп отыр. 2012 жылдың мәліметтері бойынша бүкіл әлем бойынша білім сапасы жөніндегі рейтинг қорытындылары бойынша ең бірінші орынды сақтап келеді, IEA халықаралық ұйымының көрсеткіштері бойынша фин оқушылары мектептегі дағдылары бойынша ең алдыңғы қатарда. Ал Финляндияның білім жүйесіне келетін болсақ, толық мемлекет иелігінде, балалар  7 жастан 16 жасқа дейін міндетті тегін орта білім алады. Бала 6 жасқа дейін бала-бақшаға барады, сонан соң 7 жасқа дейін дайындық сыныбында оқиды. Негізгі мектеп (1-9 сынып), одан кейін жоғары мектепке барады (11-12- сынып). Финляндия мектептерінде 9-сыныптан кейін бейіндік мектептері жұмыс жасайды. Финляндияда балалардың мектепке дейінгі біліміне аса қатты  көңіл бөлінеді. Мектепке дейінгі дайындық біліміне үлкен назар аударылады. Бір назар аударатын жай – балабақшадан кейін мектепте 16 жыл оқиды. Жергілікті басқару ұйымдары білім беру бағдарламаларын құруда белсене ат салысып отырады. Оқушылардың әлеуметтік тұрмысы мен мүмкіндігі шектеулі балалар басты назарда болады, оқушыларды екінші жылға орнында қалдырмайды, ұлттық емтихан тапсырмайды, экономика, құқық, дінтану пәндері оқытылады. Финдік оқушылар еркін ойлап, пікір айтуға, өз іс-әрекеттерінің нәтижелерін талдап, бағалауға дағдыланған. Оқыту үрдісі ойынға, қойылымға, ойлауға, драмалауға құрылған. Бұл әдіс-тәсілдер ойлауды дамытуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделген. Осы мәліметтерге қарағанда фин мектептері ең бастысы мектепте баланың жағдайын жасап, оқу сапасын арттыруда көп жұмыс жүргізетіні, оқушылардың білім алу жолындағы кедергілерді жойып, топта, топтық жұмыстарда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолданып, оқытудағы соңғы жаңалықтарды пайдаланатыны байқалады. [4]

Корея да білім саласында бірталай жетістіктері бар елдердің қатарына жатады. Мектептерінде бастауыш мектептері 6 жыл, орта мектептері 3 жыл, аға мектептері 3 жыл. Мектепке дейінгі бала-бақша 2 жыл. Мүгедек балаларға арналған жеке мектептер, аймақ аудандар да бар. Кореяда ең басты назар оқушының денсаулығына аударылған. Ол үшін, мысалы балаларға 2 комплект оқулықтар беріледі. Мектепке бала кітап тасып бармайды. Дене тәрбиесіне көп мән беріледі және баланың тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді. Жапонияның колониясына кіргеннен бері Корея мемлекеті Жапонияның білім "жүйесін қолданады. Тәуелсіздігін алған соң да қолдануға жеңіл дегеннен осы білім жүйесімен келеді. Корея мемлекеті халықаралық байланыс саласы бірлестігі (ITU) –нің хабарлауынша ICT зерттеуіне қатысқан 152 мемлекеттен 1-орынды жеңіп алған. Кореяның байланыс саласы жабдық, химия кеме жасау өндірісі, көлік өндірістерімен әлемге танылуда. Жоғары жылдамдықтағы ғаламтор желісін 20 миллионға жуық отбасы пайдалануда. Корея мемлекеті әлем елдерінің ішіндегі жаңа техника, технологиялар ойлап табуда алда болып отыр. Дамыған Корея мемлекетінде біздің елімізде ендіріліп жатқан «E-learning»бағдарламасы ойлап табылған, ағылшыннан аударғанда  электронды оқыту жүйесі және электрондық оқыту, қашықтықтан оқыту, компьютер көмегімен оқыту, желілік оқу, виртуалды оқу, ақпараттық, электрондық технологиялардың көмегімен оқыту болып табылады. Сонымен, Корея ақпараттық құралдарды, технологяларды ойлап табудан басқа елдердің алдында келе жатыр. Мұның барлығы білім жүйесінің дұрыс жолға қойылғандығы, мектепте оқыту және оқудағы жаңа технологияларды, әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланудың арқасында деуге болады. [5]

Сонымен, Қазақстан Республикасына келетін болсақ, тағы да «Не үшін өзгеру керек?» деген сұрақ туады. Қазіргі кезде мектептер үшін де, мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту  керек?», « Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?».  Білім беру саласында оқушылар үшін білім де, дағдылар да тең дәрежеде маңызды деген ортақ ұстаным қалыптасуда. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қана қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. [6] Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Тарихи уақыт аса жеделдей түсуде. Әлем қарқынды түрде өзгеруде және болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таң қалдырады... Бәсекеге қабілетті болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек...Бізге оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту керек болады... Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс»- деп атап өткен болатын.[7] Біздің елімізде де білім жүйесіне өзгерістер енгізілуде. Шетел мектептерінде тиімді болған оқыту әдістері бізде де тиімді болады деп ойлаймын, өйткені барлық жерде бала бірдей. Шетелде жұмыс істейтін мұғалімдер де біз сияқты адамдар. Бүкіл әлем барлық жерде бірдей қарқынмен өзгеруде. Бұған себеп – ақпаратты технологияның даму үдерісі. Шетелдегі әріптестерімізбен біздің қазақстандық мұғалімдеріміз тәжірибе алмасуда, бір-біріне көмек беруде. Көп жылдан бері зерттеліп, тәжірибеден өткізіліп, оңды нәтиже берген шетелдік әріптестеріміздің жаңашыл, ғылыми түрде дәлелденген әдістері мен тәсілдері Назарбаев зияткерлік мектептерінде көрініс тауып отыр. Бұл мектептер осы біз оқып жатқан деңгейлік оқудың бағдарламасын қолданып жатыр. Бұл мектептерде біз оқып –үйреніп жатқан әдіс-тәсілдер пайдаланылуда. Атап айтсақ, оқушылар сабақта  әлеуметтік өзара әрекеттестік қалыптасқан ортада топтық, жұптық, жеке жұмыстар жасайды. Оқушы сабақты өз құрбы-құрдастарымен бірге талқылайды, сыни ойлау дағдысы қалыптастырылады, оқушының жеке қабілеттері  ескеріледі. Мұғалімдер сыныпты, іс-әрекетті зерттеуді жүргізіп, өз тәжірибелерін зерттеумен айналысады. Жоспарлауда  қысқа мерзімді жоспар, орта мерзімді жоспар, ұзақ мерзімді жоспар, «Lesson study» - сыныпты зерттеу әдісі, іс-әрекеттегі зерттеу т.б әдіс-тәсілдерді қолдануда.  Балалар өз қызығушылығы бойынша спорт түрлерімен айналысады. Сабақ мақсатын құруда  SMART , Блум таксономиясын пайдаланады. Мектепте сабақтардың барлығы өзара бірлескен әрекетте өтеді. Оқушымен кері байланыс қалыптасқан, критериалды  бағалау, дескрипторлар пайдалану әдісі бойынша могиторинг жүргізіліп, оқушылардың білімдерінің даму деңгейі есепке алынып  отырады. Оқушылар рефлексиялық есеп, эссе жазуға дағдыланған.

Өзімнің мектебіме келетін болсам, менің мектебімнің алдында да оқу сапасын арттыру, оқушыларды білім алуға ынталандыру, мұғалімдердің кәсіби дағдылары мен білімін жетілдіру, тәрбие мәселелері, оқытудың жаңаша тәсілдерін ойлап табу сияқты мақсаттары алға қойылған. Менің қазіргі оқып жатқан деңгейлік бағдарламада берілген әдіс-тәсілдер, зерттеу түрлері маған ұнап отыр. Алдағы уақытта мектепке барып, алған білімімді өз іс-тәжірибемде пайдаланамын деп жоспарлап отырмын. Өз тәжірибемде Англия, АҚШ, Финляндияда жақсы нәтижелер берген  оқудағы әлеуметтік өзара әрекеттестік ортасын қалыптастыру әдісін, өзара бірлескен оқу, диалогтік оқу және оқытудың жеті модулін сабақ жоспарлауда қолданатын боламын, Жапонияда бірнеше жылдар бойы зерттеліп,  АҚШ пен Англияда қолданылып жатқан «Lesson study», іс-әрекеттегі зерттеу әдістерін әріптестеріме үйретіп, мектеп тәжірибесінде қолданамын, бағалау критерийлері бойынша жаңа әдістерді үйреткім келіп отыр, өйткені бұлар – біздің мектепте жаңалық болады. Александер диалогтік оқыту оқушыларды ынталандырып, дамытады және пікір алмасу барысында оқушы мен мұғалім тең құқылы  серіктестер болып табылады деген ой-тұжырым жасаған. Мерсер зерттей келе диалогтік әңгіменің 3 түрін ұсынған. Жапондық Макота Йошиданың таратқан  «Lesson study» әдісі біздің мектептің мұғалімдеріне ұнайды деп ойлаймын, өйткені қай кезде де мұғалімдер бірлесіп жұмыс істегенді ұнатады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші оқыту кезіндегі проблемалар мен кедергілерді бірігіп шешкен жұмысты жеңілдетеді. Әріптестердің бір-біріне сенімділігі мен сыйластығы артады. Және де мектептегі мұғалімдердің ынтымақтастықта жұмыс істеуіне ықпал етеді деген ойдамын. Бұл әдістер менің іс-тәжірибемде тиімді болады деп есептеймін, өйткені ол басқа елдерде оң нәтиже берген және де бірнеше ел осы әдістердің артықшылығын анықтап, пайдаланып келеді.Топтық, жұптық әдістердің бір артықшылығы бала өзін өз құрбы-құрдастарының арасында жақсы сезінеді. Мерсер құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын дәлелдеп шыққан . Өзіміз де осы курста барлық тапсырмаларды топта, жұпта талқылап, бір-бірімізге көмек беріп отырмыз. Дарынды және үлгірмеуші оқушылармен жұмыста Макэлпайн мен Ридтің ұсынған мінез-құлықтардың пайдалы тізімін пайдаланамын, әрбір жұмыста кері байланысты пайдалану, оқушыларды рефлексиялық ойлауға үйрету әдістері оқытудың сапасын арттырады деп сенемін. Англия, АҚШ т.б елдерде жетістікке жеткен бұл әдістер оқушының ойлау, сыни ойлау, сөйлеу, өз ойын еркін айту, өзін бағалау, алған білімдерін кез келген жерде қолдану дағдыларын қалыптастырып дамытады, өзара ынтымақтастықта, достық қарым-қатынаста өмір сүруге, өз проблемаларын өзі шешуге үйренеді. Қорыта айтқанда, ХХІ ғасырға қажетті дағдылар мен білімді игеретін болады. Мектебіме барған соң осында алған білімдеріммен, жаңалықтарыммен әріптестеріммен бөлісемін. Коучинг, тәлімгерлік, көшбасшылық жұмыстар да мектепте қабылданып, әрі қарай жалғасады деген сенімдемін. Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында. Білім мен дағдыларды қалыптастыруда мұғалімдерге артылып отырған міндеттер аса маңызды, өйткені еліміздің болашағы ұрпағымызда, ал болашақ ұрпақ мұғалімдердің міндетінде.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

[1] myoshida@globaledresources.com   http://soudesune.ru/page/obrazovanie_yaponia

[2] http://o-ch.ru/reviews/critiacal/     http://www.zkoipk.kz/nisconf2s/700-conf.html

[3] http://bibliofond.ru/view.aspx?id=6004

[4] http://www.inform.kz/rus/article/2231061

[5]http://www.moe.go.kr/web/100085/site/contents/ko/ko_0119.jsp?selectId=1085

[6] Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан – 2050» 27қаңтар 2014 жыл.

[7]Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. І (ілгері )деңгей. 2-басылым.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "І деңгей мұғалімінің рефлексивтік есебі. "Менің мектебіме өзгеріс не үшін қажет?"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 264 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.01.2016 1009
    • DOCX 29.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Онайбекова Толганай Каналиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 32431
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Интерактивные материалы на печатной основе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Мини-курс

Психология эмпатии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Современные тенденции в управлении и бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 16 регионов