Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Доп. образование / Другие методич. материалы / I деңгей мұғалімінің С есебі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Доп. образование

I деңгей мұғалімінің С есебі

библиотека
материалов

Жәнімхан Нұрилаш Мұғалім портфолиосы С есебі

I топ I деңгей

Көкшетау қаласы 17.04.2015ж


Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?

Бірінші деңгей бағдарламасынан күтілетін нәтиже мұғалімдерге оқушыларды қалай оқу керектігін үйрету,соның нәтижесінде еркін,өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін,ынталы,сенімді,сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған,сандық технологияларда құзырлық танытатын тұлға қалыптастыру болып табылады.

Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесі басқару ұйымдарының мұғалімдері тиісті ресуртстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі,оқушыларды тәрбиелеу,дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді.[Barder and Mourshad 1.15бет].

Өз мектебімде нақты өзгерістерді іске асыру қажеттіліктерді қалай анықтадым?

Мектептің бастапқы ахуалын зерттеу барысында мектеп әкімшілігімен әңгімелесу, сұхбаттасу, мұғалімдерден,оқушылардын,ата-аналардан сауалнамалар алу,фото,видео деректер жинау,оқушылармен пікір алмасу сияқты іс-әрекеттер жүргіздім.

Кәсіби топпен бірлесе отырып кіріс сауалнамаларын сараптадық.

Сараптама барысында сауалнамалардан шыққан басымдықтарға тоқталдық.

Осындай жұмыстардан кейін,мектептің қазіргі жағдайын салыстыра отырып,даму жоспарындағы стратегияларды тиімді жүзеге үшін «нені қалай өзгертуім керек?»деген сауал төңірегінде, құрылған кәсіби тобыммен «Өзгеріс не үшін қажет?»тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырдық.

Мен өз сөзімде ЭЫДҰ жүргізген инновациялық ортаның салыстырмалы талдауын басшылыққа алдым. [МАН 6-бет].

Мұғалімдерге көптеген оқыту стратегиялары, түрлі педагогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ нақты әдістер мен стратегияларды қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігі туралы білім қажет болады.

-Бұл қажеттілік біздің мектепте жақсы көрініс тапқан,оның дәлелі мектептің барлық мұғалімдерінің 37 пайызы деңгейлік курс бітіріп отырғандығы.яғни олар өз сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді тиісті деңгейде қолданып жүр.


Мұғалімдер пайдаланатын стратегиялар жалпы алғанда, бүкіл сыныпты оқыту

мәселелеріне, сонымен қатар жүргізілетін зерттеулердің бағытына, топтық жұмыстарға,өзіндік жұмыстарға және жеке жүргізілетін зерттеулерге қатысты болмақ. Оның үстіне білім беру стратегиялары әрбір оқушымен болатын жеке кері байланысты да естен шығармауға тиіс.

- Оқыту мен оқуда мұғалімдердің басым қөпшілігі топтық жұмысты қолданбайтындықтарын: Оқушылардан алған сауалнама сараптамасы бойынша «оқу үдерісінде жауапкершілікті өзіңе алып,басқаларға ықпал етесің бе?деген сұраққа 34% оқушылар «иә»деп жауап берсе, «кейде»деушілер-27%,ал мүлдем «жоққа»шығарушылар 39% көрсеткен. Ал мүлдем «жоққа»шығарушылар 39% көрсеткен.Бұл сонда қанша оқушы? 28 оқушы екен.


Мұғалімде жалпы білім алу үдерісі қалай жүретіні туралы, жекелеген оқушыларды оқуға ынталандыру, олардың көңіл-күйлері, толғаныстары туралы және олардың мектептен тыс өмірі туралы барынша ауқымды мағлұмат болуға тиіс.

Бұл жұмыстың нәтижесі ретінде келесі сауалнаманың сараптамасын көрсеткім келеді: Мектептің қазіргі жағдайы білім алушы ретінде сізді қызықтыра ма ? деген сауалнамаға «иә»деп көрсеткен -47%, «кейде»дегендер-29 %, «жоқ»-деушілер-24%көрсетті.17 оқушы шамасында мектептің қазіргі жағдайына білім алушы ретінде қызықпайды екен.Яғни ынталандыру жұмыстары тиісті деңгейде емес.

Мұғалімдер өз әріптестерімен өздері сабақ беретін пән бойынша және мазмұндас пәнбойынша; бір ұйымның ішінде немесе бірқатар басқа ұйымдардың өкілдерімен; желілік кәсіби қоғамдастық шеңберінде, тәлімгерлік жүйесін көздейтін басқа да іс-шаралар аясында ынтымақтастық орната білулері керек.

Мектебімізде «қоғам»атты желілік қоғамдастық құрылған. 1 деңгей бітірген әріптестеріміз мектептің дамыту жоспарын құрумен қатар ,оның жүйелі орындалуына көптеген жұмыстар атқарды.Көшбасшылық әрекеті жүйеленіп келе жатқандығы өткізіліп жатқан іс-шаралардан байқалады.

Мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында мықты

дағдыларды игеріп, оқытудың тиімді құралы ретінде оларды қалай пайдалану әдістемелерін меңгеруге тиіс, сондай-ақ оқу үдерісін бақылауда ақпараттық-басқару жүйелерін тиімді қолдана білгені жөн.

Мектепте 10 кабинет интернет желісіне қосылған.Мектеп ұстаздарының 70 пайызы ақпаратты-коммуникациялық технологияны мықты меңгерген.

Мұғалімдер әріптестерімен ынтымақтастықта оқу ортасын құру, жүргізу, басқару және жоспарлауға үлес қосу үшін өзінің мүмкіндіктерін барынша жетілдіріп отыруға тиіс.

Мектепте 47 мұғалім қызмет етеді.Соның ішінде Кембридж оқытуы бойынша I, II, III деңгейлік курсты 20 мұғалім бітіріп,бағдарлама негізінде жұмыс істеуде.

Деңгейлік курс бітірген мұғалімдермен әңгіме барысында анықтағаным мектепте «Қоғам»атты кәсіби топ құрылған. Мұғалімдер өз әріптестерімен біріге отырып оқу ортасының жобасын жасау,іске асыру,басқару және жоспарлау мүмкіндіктері бар екенін айтты.Жалпы мектеп мұғалімдерінің 37 пайызы осы курсты бітіріп отыр.Мектепте мұғалімдер көшбасшылық қызметтерін орындау мүмкіндіктері бар.Олар «Ізденіс», «Іскерлік» «Тестілеу», «Шығармашылық»деп топтарды ұйымдастыра отырып жұмыс жасауда.

Соңғысы: мұғалімдер өз тәжірибесі арқылы білім алу үшін өз тәжірибесіне қатысты рефлексия жасауға, яғни ой толғауға міндетті екендігін түсіндірдім.

Мұғалімдерден алынған сауалнаманың нәтижесінде 50 % ұстаздардың білімді жинақтауға негізделген дәстүрлі білім беруге бейім екендігі байқалды.Яғни ұстаздардың көпшілігі әлі де болса дәстүрлі білім берудің құрсауынан шыға


алмауда,оның себебі бір жағынан мектептің ахуалына да байланысты.Екінші жағынан өз жұмыстарына рефлексия жасамайтындығында болар.

Қазіргі әлемдегі болып жатқан қарқынды өзгерістер мен жаңалықтардан хабардар болып,бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу қазіргі заман ұстаздарының басты міндеті.

Менің ендігі міндетім құрған кәсіби тобыммен бірінші ілгері деңгейлік курстың теориялық білімін бөлісе отырып,өз әріптестеріммен бірлесіп,ынтымақтастықта жұмыс атқару,мектептегі әріптестерімнің оқытуы мен оқу әдіс-тәсілдеріне қолдау көрсетіп,көмек беру.

Көптеген мұғалімдер орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларды жоспарлау мақсаттарын әлі де жете түсіне қоймағандықтан әдістемелік көмек ретінде түсіндіріп өттім:

  • жұмыс кезеңдерінің дәйектеліп,тізбектеліп ұйымдастырылуы,

  • сыныптағы оқыту тәжірибесіне 7 модульді ықпалдастыру;

  • әрбір сабақ үшін оқыту және оқу мақсаттарын белгілеу;

  • смарт мақсат қоюға дағдылану;

  • осы нәтижеге жету мақсатында жоспарланған оқыту мен міндеттерін көрсету;

  • барлық оқушыларды қамту үшін асқан ептілікпен және ұқыптылықпен жоспарлау,

Осындай мақсаттардың нәтижесінде мұғалім оқушыларға арнап жоспарлайтын іс-шаралар оқу мақсаты болып табылады.

Дөңгелек үстел барысында:

Топтағы бірлескен ұжымдық жұмыс қандай нәтижеге жеткізеді,оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінуі тиіс,оқушылар қандай мәселелерді зерттеп талдауы тиіс,бірлескен оқу барысында оқушылардың әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан дами түсетіндігі,өйткені олар түрлі көзқарасты тыңдап,өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болатындығы,осылайша бірлескен оқу жағдайында олар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға,идеяларды ұсынуға және қорғауға,әр түрлі ұстанымдармен алмасуға,басқа тұжырымдарға күмәнмен қарауға және талдауға белсенді қатысатындығы жайлы қарастыра отырып фокус топтың шешімімен «оқушылар ынтасын арттыру үшін топтық жұмыстағы диалогтік оқутудың маңызы»тақырыбын алдық.

Тақырыпқа енгізілген басымдықтар:

-оқушылардың өздеріне деген сенімділігін арттырудағы топтық жұмыстың маңыздылығын түсіну;

-өз сабақтарында топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру;

- құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауда,идеяларды ұсынып және қорғап,әр түрлі ұстанымдармен алмаса отырып,басқа тұжырымдарға күмәнмен қарау барысында оқушылардың ынталануы дағдысын қалыптастыру;

-сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру;

-топтық жұмыстарды ұйымдастыруға байланысты коучингтер өткізу;


-тәжірибе алмасу мақсатында болашақта тиімді желілік қоғамдастықта ынтымақтастық орнатып жұмыс жасау,

-7модульді сабақта ықпалдастыра қолдануға байланысты тәлімгерлік жүргізу;

-Әріптестерімді дәстүрлі көзқарастан арылып, жаңа стильдегі сабақ жүргізуге үйрету;

-диалогтік оқыту тәсілін енгізу;

Осы басымдықтар негізінде жаңа әдіс-тәсілдерді оқу тәжірибесіне енгізуді мақсат ете отырып әріптестеріммен жүргізілетін жұмыстарды жоспарладым.

Жоспарланған жұмыстар бұл-коучинг,тәлімгерлік, Lesson Stadu іс әрекеттегі зерттеу,тізбектелген сабақтар топтамасын өткізу т.б.

Коучинг арқылы мұғалімдердің кәсіби әлеуетін арттыруға,жаңа идеялармен ,жаңа әдіс-тәсілдермен қамтамасыз ету үшін , мұғалімнің оқыту тәжірибесін жақсартуға көмек көрсетуді көздеп,мұғалімдердің сабақтарына кіруді жоспарладым.

Алдымен коуч пен тәлім алушы мұғалімдермен кездесіп әңгіме жүргіздім.

Кәсіби әңгіме барысында Бірінші деңгей бағдарламасы әріптестерімен бірге жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін коучинг пен тәлімгерлік арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін дағдыларды ұсынады.[МАН 40-бет]деп бірлесіп жұмыс жасауға ұсыныс білдірдім.Тәлімгер ретінде тренерді қалыптастыру үдерісі білім беру тәжірибесін жақсарту мақсатында ынтымақтастықтағы мектеп ортасында жүзеге асырылатын болады. .[МАН 40-бет].

Осындай әңгімеден кейін өткізілетін коучинг пен тәлімгерлік жоспарларын құрдық.Мектептегі тәжірибе барысында 2 адамға тәлімгерлік еттім.Коуч –II деңгейлік курсын тәмәмдаған Д.Қ.М

Тәлім алушы-III деңгейлік курсын аяқтаған бастауыш сынып мұғалімі Б.Қ.Т

Жоспар бойынша бірінші коучингтің тақырыбын «Оқушыларды ынталандырудағы топтық жұмыстың маңызы».Бірінші коучинг мен өзім өткіземін.Бұл коучингті өткізудегі мақсатым топтық жұмыстың маңыздылығын түсіндіру,топтық жұмыс барысында оқушыларды ынталандыру жолдары,оны әріптестерімнің өз іс-тәжірибелерінде қолдануы.

Ал екінші коучингтің тақырыбын «Диалогтік оқыту»тақырыбында жоспарладық.Бұл коучингтің мақсаты,мұғалімдерге диалогтік оқытудың маңыздылығын түсіндіру,осы тәсілді сабаққа қолдану барысында оқушылардың құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасап,идеяларды ұсынып және қорғап,әр түрлі ұстанымдармен алмаса отырып,басқа тұжырымдарға күмәнмен қарау барысында оқушылардың ынталануы дағдысын қалыптастыруға үйрету .

Тәлімгерлікті III деңгейлік курсын аяқтаған бастауыш сынып мұғалімі Б.Қ.Т жүргізуді жоспарладым.

Менің тәлім алушы әріптесім өзінің еңбек жолында айтулы жетістіктері бар,жаңашылдыққа деген ұмтылысы басым,өзінің білімін жетілдіруге әрдайым ізденісте болатын белсенді ұстаздардың бірі.Тәлім алушыммен проблемаларды бірлесіп шеше отырып,өз тәжірибесімен бөлісемін және тәлім алушыма шынай мақсат қойып,оған жету жолдарын жоспарлатып,оған қолдау көрсетемін.Нәтижесінде қиындық туғызып жүрген мәселелердің шешімін табамыз деп ойлаймын.

.Тәлімгерліктің мақсаты:құзырлы тәлімгерлік арқылы тәлім алушының оқыту мен оқудағы тәжірибесінің сапасын арттыруға ықпал ету.Тәлімгерлік міндеттер:

  • 1.Тәлім алушыға мүмкіндіктер мен проблемаларды қарауға жағдай жасау;

  • 2.Стратегиялық деңгейде өзінің ноу-хоуымен алмасу;

  • 3.Тәлім алушыға смарт мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға көмектесу; [МАН 40-бет].

Тәлімгерлік арқылы екі адам арасындағы қарым-қатынасты құруға,белсенді тыңдай білуге,тәжірибені дамытуға қолдау көрсету болды.

Ұстаз тізбектелген сабақтарды жоспарлау кезінде ,біріншіден өзінің сабақтарына өзгеріс енгізуді жоспарлады,яғни жаңа бағдарлама идеясына сәйкес 7 модульді ықпалдастыра ,өз орнымен қолдана білуді көздеді.

Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өзінің білімімен ,тәжірибесімен бөліседі,ал тәлім алушы еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып,проблемаларды шешу жолдарын іздейді.

Келесі Lesson Stadu сабақтарын өткізу үшін 3 мұғалімнен тұратын шағын топ құрдым.Ол топқа мен 4 - сынып мұғалімдерін тарттым,себебі 4 сынып бастауыштан орта буынға өтеді.Топ мүшелеріне сыныптағы зерттеу сабағы,оның жүргізілу жолдары,мақсаты,нәтижесі жайлы таныстырып өттім.

Lesson Stadu үрдісінде бірталай уақыт бойы қалыптасқан және орныққан мынандай қадамдар бар.

-үдеріс барысында топтың барлық мүшелері бір-бірімен сыйластық қарым-қатынаста болады;

-топ зерттеудің түйінді идеяларымен келісіп алады;

-топ қандай сыныпты бақылайтындарын және бақылаудағы 3 оқушыны келісіп алады;

-топ зерттеу сабағын бірлесе отырып жоспарлайды,талдайды,ұсыныс жасайды;

-бір мұғалім зерттеу сабағын жүргізгенде басқалары бақылайды;

-оқушылардың пікірін білу мақсатында бірнеше оқушылардан сұхбат алынады;

-зерттеу сабағы аяқталған соң талқылау жүргізіледі;

-келесі сабақ жоспарланады;

Сыныптағы іс-әрекетті зерттеу жоспарына сай 4 «в»сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен және дүниетану пәнінен Lesson Stadu сабақтарын өткізуге жоспарладық.

Өткізілетін мұғалімдер анықталып,тақырыптар бекітілді.

Бұл сыныпта бірінші зерттеу сабағын өзім дүниетану сабағы бойынша «Отбасы-шағын қоғам. Қоғамдық топтар»атты тақырыпта өткізетін болдым.Екінші зерттеу сабағын Қ есімді әріптесім әдебиеттік оқу пәні бойынша «Көптен безген көгермес»тақырыбында өткізуге жоспарладық.

Сыныптағы іс-әрекетті зерттеу барысында А,В,С деңгейіндегі оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары мен ынтасын қадағалау болғандықтан біз бақылауға алынатын оқушыларды бірлесе отырып таңдап алдық.

Lesson Stadu тәсілі бастапқы кезеңде оны бірлесіп егжей тегжейлі жоспарлауды көздейді.Содан соң топтың бір мүшесі зерттеу сабағын өткізедіал қалған мүшелері қадағалайды. [Lesson Stadu нұсқаулығы 6-бет].Зерттеу сабағы аяқталғаннан кейін бүкіл топ мүшелері бірден оқушылардың оқу үдерісіне қатысты барлық нәтижелерді жүйелейді және талдайды.Содан кейін Lesson Stadu тиімді болуын қамтамасыз ету үшін оқу үдерісінде алынған нәтижелерді есепке ала отырып,келесі зерттеу сабағын бірлесе отырып жоспарлайды.Оқушылардың зерттеу сабағынан алған әсерлерін сұхбаттасу алу арқылы білеміз.

Бұл сыныпта зерттеу сабағын жүргізбес бұрын мектеп психологымен кездестім,ата-аналардың рұқсатын алдым.

Келесі міндетім II, III деңгей мұғалімдерінің сабақтарына қатысып,орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларының орындалуына бақытау жасау.Сабақта 7 модульді ықпалдастырып қолданып жатыр ма,смарт мақсат қоюды біле ме,топтық жұмысты ұйымдастыруда оқушылардың ынтасын арттыруға көңіл бөліне ме,сыныпта жағымды ахуал қалыптасқан ба,табыс критерийлері жайлы біле ме деген сияқты сұрақтар мені мазалады.

Сондай-ақ сабақта іс-әрекетті ұйымдастыруда мұғалім мен оқушының іс-әрекетін бақылау барысында мектебіміздегі мұғалімдер қаншалықты өзгерді,олар рефлексияшыл мұғалімдер ме,әлде рефлексия жасамайды ма,кіргізілген өзгерістер оқушыларға қалай әсер етті деген сауалдарға жауап іздеймін.Ол үшін мен жоспарланған жұмысымды бірізділікпен жүйелеп өткізуім қажет.

Жүйелі көшбасшылар өз мектептерінің басшылық әлеуетін арттыратын көшбасшылар,сонымен бірге өз мектептерінен тыс,кәсіби қоғамдастыққа кіретін мектептердегі барлық балалардың атынан қызмет атқарады.Олар өз мектебінің оқушыларына қамқорлық көрсеткендей ,басқа мектептің балаларын да қамқорлыққа алады.Кәсіби қоғамдастық көшбасшыларға ,практиктер мен мектептерге жүйеде бар барлық білімге тәжірибелер мен идеяларға жол ашады.

Көшбасшы ретінде жоғарыда көрсеткен өзгерістерді мақсатты түрде жүзеге асыруда әріптестеріммен ынтымақтастықта жұмыс атқару барысында оларға қолдау көрсету арқылы көмек көрсетіледі.Зерттеу тақырыбыма сәйкес сабақтарды жоспарлауды басты назарда ұстай отырып ,іс-шараларды жүзеге асыру міндетімде тұр.Бағдарлама арқылы мектептер арасында ынтымақтастық орнату ұлттық және халықаралық деңгейде қолдау тауып отырғаны белгілі.

Бірақ Лейтвуд және Левин білім алушылар қоғамдастықтары өздерінің жұмысын тиімді әрі сенімді екендігіне жұртшылықтың көзін жеткізу үшін өздерінің нәтижелеріне ерекше көңіл бөлу керектігін еске салады. Деңгейлік курс бітірген әріптестеріммен бірлесе отырып осы мақсатта мектебімізде мектептер арасында желілік қоғамдастықтың жұмысын жандандыру мақсатымен қаладағы № 6,№8 мектеп мұғалімдерімен коучинг өткізу жоспарда бар.

Кәсіби қоғамдастықтарды құру саяси деңгейде де қолдау тауып отыр.Чапман мен Аспииннің пікірінше «Кәсіби қоғамдастықтар саясатты іске асыру үдерісіне қолдау көрсетеді.Егер біз білім берудегі стандарттарды көтеруді жоспарлап отырсақ, онда бізге саясатты тігінен де, көрденеңінен де байланыстыруымыз қажет болады. Қоғамдастық құру осы байланысты орнату тәсілінің бірі болып табылады. Қоғамдастық ішінде білім беру саласындағы және қоғамдағы әртүрлі бірқатар мүдделі адамдардың өзара іс-қимылдарына, олардың әрекеттеріне және мінез-құлқына реформа енгізетін мәдени және тұғырлы өзгерістер қолдау табады».

Қорыта келе айтарым ,бірінші деңгей бағдарламасы мектеп көшбасшылары мұғалімдерге жақсы оқытуға қалай көмектесе алады,сондай-ақ желілік қоғамдастықта басқа мектептермен бірлесіп жұмыс істеу арқылы енгізілген өзгерістерді қалай сақтап қала алады деген мәселелерге назар аударатын зерттеу материалдарына негізделген болады. Барлық зерттеу жұмыстарымды талдай отырып ,нәтижелі қолжетімді,қазір ғана қолданып қоймай,болашақта да пайдаға жарайтын өзгеріс енгізу қажеттілігін түсініп , алдыма мынадай мақсат қойдым.:

-Мұғалімдердің жаңа технологияға деген біліктілігін,оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру ,мектептің өзін-өзі бағалау үдерісіне көмек көрсету,мектеп проблемаларды шешу үшін өзінің әлеуетін дамыту мақсатында мектептің дамыту жоспарына 6 аптаға жұмысымды жоспарладым.Ендігі міндетім осы жоспарланған жұмыстардың жүзеге асырылуын қадағалап,әріптестеріммен ынтымақтастықта қызмет атқару.




















Пайдаланған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасы педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы «Мұғалімге арналған нұсқаулық».Бірінші деңгей,екінші басылым.

2. Lesson Stadu нұсқаулық . Пит Дадли

3.Тәлімгерлікті жоспарлау МАН-51 бет






Қосымша 1

Мектептің дамыту жоспары


Зерттеу тақырыбы:Сыныптарға топтық жұмысты ұйымдастыра отырып,сыни тұрғыдан ойлауды дамыту

Мақсаты:Оқушылардың ынтасын арттыруға топтық жұмысты ұйымдастыра отырып,сыни тұрғыдан ойлануға үйрету


Мектептің даму жоспарының басымдықтары (МДЖ)


Нәтиже және табыс критерийлері

  • Мұғалімдер әр сабаққа жаңаша тұрғыдан жасауға талпыныс жасайды,жаңа әдіс-тәсілдерді меңгереді:

  • Оқушылар топпен жұмыс істеуге дағдыланады және сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады;

  • Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығ артады;

  • Оқу сапасы жоғарылайды;

  • Сыныпта ынтымақтастық жағдай қалыптасады;

  • Топтағы әр оқушы белсене қатысады;

  • Бір-бірінің пікірін сыйлап үйренеді;



р/с

Іс -шаралар

Мақсаты

Жауапкер-

шілік

Ресурстар,

біліктілікті жетілдіру

Нәтиже

Уақыты

Монито-

ринг

1.

Мектеп мұғалімдері мен оқушылары арасында білім сапасы туралы сұхбат,сауалнама алу;

Жеке ой пікірін білу;

Пән бірлестігі жетекшілері,сынып жетекшілері

Мектеп мұғалімдері мен оқушылар

Ақпарат жинақтау

Мектепі -шілік

қыркүйек айы

сауалнама

2.

Пән бірлестіктерінің жетекшілеріне,мұғалімдерге коучинг жүргізу: «сыни тұрғыдан ойлау деген не?»

Жаңа бағдарлама және жеті модульмен таныстыру;

II деңгейдің коучы

Бағдарлама, нұсқаулық

7 модуль жайлы түсініктері нығаяды

Мектепі -шілік қазан айы

Кері байланыс

3.

Сенімге бағытталған тренинг

Әріптестер арасында сенімділік сенімділік қарым-қатынастар орнату

I деңгей курсынан өткен мұғалімдер

Үлестірме материалдар

2 деңгейдің нұсқаулығы

Бір-біріне деген сенімділігі артады

Мектепі-шілік қазан айында

сұхбат

4.

Желілік қоғамдастық құру

Өзара сенімге негізделген қарым-қатынас арқылы пікір алмасу,көмек көрсету

Интернет желісі,портал, форум

Жетекші мұғалімдер

Бірлесе отырып оқу сапасын арттыруға ат салысу

Қажеттілігіне қарай

Желілік топтар арасындағы кері байланыс

5.

Аудандық семинар

«Шебер сынып»

Мұғалімдермен тәжірибе алмасу

Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер

Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер Ашық сабақтар жоспарлары

Тәжірибе алмасу

Мектепі-шілік қараша айында

Әңгімелесу ,талдау

6.

Мұғалімдерге № 2 коучинг - сессия өткізу «сыни тұрғыдан ойлау стратегияларымен таныстыру,үйрету»

Бағдарламаның негізгі идеясын тәжірибеге енгізу

II деңгейдің коучы

Коучинг сабағы ,нұсқаулық, үлестірме

Негізгі идеяны тәжірибемен ұштастыру

Желтоқ сан айы

Сабақтарда стратегия- ларды қолдану

7.

Ұстаздарды «Lesson Stadu»тәсілімен таныстыру,жоспар құру,сабақтар көрсету;

Сабақты жоспарлау,сабақ та тиімді тәсілдері пайдалану

II деңгейдің коучы

Үлестірме материалдары, «Lesson Stadu» нұсқаулығы

Зерттеу мақсатын түсінеді

Қаңтар айы

мониторинг

8.

Коучинг-сессия № 3

«Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары мен таныстыру, үйрету»

Негізгі идеясын тәжірибеге енгізу

II деңгейдің коучы

Нұсқаулық,

үлестірме материалдар

Стратегияларды тәжірибеге енгізу

Ақпан айы

Әңгімелесу,сұхбат

9.

«Lesson Stadu»бойынша сабақтарды жоспарлау,өткізу

Тиімді тәсілдерді пайдалану

II деңгейдің коучы

«Lesson Stadu» нұсқаулығы

тәжірибеге енгізе отырып,

ықпалына көз жеткізу

Наурыз айы

Рефлексия-лық есеп

10.

Коучинг-сессия № 4

«Сыни тұрғыдан ойлау стратегия- ларын қолдану»

Стратегияларды қолдану дағды-сын арттыру

II деңгейдің коучы

Нұсқаулық,

үлестірме материалдар

Стратегияларды қолдану аясына көз жеткізу

Сәуір

айы

Рефлексия-лық есеп

11.

Дөңгелек үстел «Неге қол жеткіздік?»

Жыл бойы өткізілген жұмыстың тиімділіг қорытындылау

Координатор

Интернет желісі

Оқыту сапасын арттырады

Мамыр айы

Кері байланыс,пікір алмасу








9



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 25.02.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров4433
Номер материала ДВ-484999
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх