Инфоурок Начальные классы КонспектыІ еңгей курсы бойынша С есебі

І еңгей курсы бойынша С есебі

Скачать материал

 

Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?

          Мектептің бастапқы жағдайдын анықтап алған соң, алдымда ХХІ ғасыр оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуге сай орта құруда қандай қадамдар жасауым қажет? Неден бастаймын? Талапқа сай жұмыс бағытын өзгертуде қандай жұмыстар атқаруым қажет? деген алдымда сұрақ туды. Осы сұрақтар төңірегінде көп ойландым. Жұмысын, мектептің жұмысын, оқушыларын өзгерткісі келетін, жаңашылдықты құптайтын ұстаздарды қоғамдастыққа шоғырланудан бастадым. Кәсіби қоғамдастықты бастауыш сынып мұғалімдерінен, бастауыштағы пән мұғалімдерінен және бағдарламаға қызығушылық таңытқан мұғалімдерден құрдым.

        Кәсіби қоғамдастық құрамына ІІ деңгейді оқыған Д. және С. есімді бастауыш сынып мұғалімдері, С. ІІІ деңгейді оқыған есімді ағылшын тілі пәні мұғалімі, Е., З. есімді дене шынықтыру және химия пәндер мұғалімдері, тәжірибелі А. есімді қазақ тілі пәні мұғалімі және С. есімді математика пәні мұғалімі, тәжірибелі Н., Р. есімді бастауыш мұғалімдері, А. есімді мектеп  психологы, А., Г., Ш. есімді жас мамандар кірді. Мені қуантқан жай жас мамандар өздері сұранып, үйренуге ниет білдіргені. Оларға үміт артуға болады деген оймен өтініштерін орындадым. Алға қойған мақсатқа жетуді көздей отыра, алғашқы отырысымызды жоспарладық. Отырыстың мақсаты: мектептің бастапқы жағдайымен таныстыру, дамыту жоспарын жоспарлауда  кәсіби қоғамдастықтағы ұстаздарымның ойларын білу. SWOT талдаудағы ұжымның көрсеткен күшті, әлсіз жақтарына, мүмкіндіктерге, қауіпке тоқталып, топтармен талдау өткізілді. Қоғамдастық мүшелері даму жоспарын жазарда SWOT талдауға баса назар аударып, мектептің мықты жақтарын, мүмкіндіктерді тиімді пайдалану керектігі жайлы пікірлерін білдірді. Осы жақтарын тиімді пайдалана отыру арқылы әлсіз жақтарын жетілдіру, неліктен әлсіз  болғандығын анықтау жұмыстарын жүргізіп, ең негізгі жұмыс төнген қауіпке ерекше мән беруді ұйғардық. Әрине, әлсіз жақтарды бірден жетілдіру, талдаудағы қауіпті тез арада шешу мүмкін еместігін бәріміз түсіндік. Сонда да осы бастан олқылықтарды түзету бағытында жұмысымызды бастау керек деп жоспарладық. Мектептің оқу үрдісіндегі объективті жағдайды анықтау мақсатында сауалнама, мұғалімдердің көзқарасын білу үшін сұхбат жүргізілді. Нәтижелерінде мектептің бастапқы шыңайлы жағдайы анықталады. Керекті сұрақтарға нақты жауаптар алынады.

          Мектеп ата-аналардан да сауалнама алып, сұхбат жүргіздім. Өткізудегі мақсатым: ата- ананың қаншалықты мектеп өмірінен, баласының оқуынан хабардар екенін білу болатын. Бұл деректерді зерделей келе, ата-аналардың мектепке деген көзқарасын, оқыту үрдісі жайлы ойларын білдім. Жұмыстар нәтижесін көрсеткен деректерді талдай отыра, келешекте ата-ана қоғамдастығын мектеп өміріне қатыстыру керек деген мәселе төңірегінде топ мүшелері бір-бірімен  пікір алмасты, ұсыныстарын айтты. Мен үшін әріптестерімнің айтқан әрбір пікірі құнды болды. Әр қоғамдастық мүшелерінің айтқан пікірін сырттай бақылап отырдым. Ұстаздарда қызығушылық бар.  Оқушылармен өткізген сұхбатпен, сауалнама қорытындысымен таныстырдым. Осындай зерттеулер арқылы оқушылардың мінез-құлқы, қарым қатынасы санатталынады. Мектеп оқушыларының табысты болуы үшін қажетті дағдыларды топтағанда "Игі қабылдайтын оқушы" санатына жататынын сауалнамамның нәтижесінен анықтадым. Оқушыларға  мектепте оқыған ұнайтынын білдім. Психологтың өткізген "СМАS алаңдаушылық шәкілі" әдістемесі бойынша 4-сынып оқушыларының мазасыздану деңгейінің нәтижесімен танысып, сараптау жұмысын жүргіздік. Мазасыздану зейін, ес, зияткерлік қабілетті жасаушы факторы екендігін ескере отыра, деңгейі шегінен  асып кетсе, байбалам жаулайтыны бізді алаңдатты. Нәтижеден мазасызданудың жоғары деңгей көрсеткіші шынында да әр сыныпта жоғары екеніне көзіміз жетті. Өзімізге түйгеніміз: бала мазасыз болса, өз ойын жинақтап, айта алу сабақ барысында көп кедергі келтіреді. Бұл мәселені шешу мақсатында психолог алдағы уақытта  тренингтер өткізуді жоспарлау керектігін айтты. Отырыста ІІІ деңгей бағдарламасын былтырғы жылы меңгеріп келген С. есімді әріптесім оқу үрдісіндегі топтық бірлескен жұмыс сыныбында өзгерістер бергенін, талантты, дарынды балалармен жұмыс істеу ерекшеліктерін ескере отыра, әр баланың қабілетін көруге мүмкіндік туғанын, диалогтық оқытуды пайдаланғанда ұяң балалардың сөйлей бастауын, оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарының артқанын, бірін-бірі бағалай, тыңдай білуге үйреніп келе жатқандарын айтып өтті. Оқушыларының бір-біріне  қарым-қатынасы өзгерген екенін де мойындады.

          Біздің алдымызда оқу үрдісіне жаңашылдық енгізумен қатар ұстаздар да  өз кәсіби білімдерін жетілдіріп, әр сабақты жоспарлағанда заманауи талаптарға сай жоспарлауға ұмтылыс жасатып, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп қана қоймай, тиімді пайдаланып, ұстазды да, оқушысын да сыни тұрғыда ойлай білуге үйретіп,  бірлескен топта ынтымақтастықта жұмыс  атқару мәселелері тұрды.

         Талданған деректердің барлығын ескере отырып, кәсіби қоғамдастықпен мектептің ары қарайы даму жоспарын жоспарлауға кірістік. Кезіндегі мектеп-лицейінің 2012-2017 жылдарға арналған даму Бағдарламасының мазмұнына үңілсем, шынында да қазіргі көзқарасым, пікірім басқаша. Даму бағдарламасын өзгерту, жетілдіру, түзету қажеттігін түсіндім. Өйткені, даму жоспары арқылы ғана кемшіліктерді жоюға, көздеген нәтижеге қадам басу арқылы жетуге болады деп ойлаймын. Жоспардың мақсат-міндеттері SMART болу керек.

      Мектептің даму жоспары, бірінші кезекте, мектепте қолданатын іс-құжат. Оның ішінде өнімділіктің қазіргі деңгейінің талдауы, қажетті үрдістер мен болашақ факторлар мектептерге қаншалықты әсер ететіндігіне мектептің берген бағасының негізінде жасалады және алдағы жұмысты жетілдіру бойынша басымдық пен міндеттерді анықталады. Жоспарлаудың нәтижелілігі – әрбір табысты ұйымның маңызды элементі. [1, 73-бет]

     Мектептің оқу үрдісіндегі объективті жағдайды ескере бірлесе отыра дамыту жоспарының алғашқы қадамын жасадық. Бір-біріміздің пікірімізді,                           ұсыныстарымызды тыңдадық, даму жоспарының іс-шараларын белгіледік.                                                           Сауалнама нәтижесінде көрсетілген мектептің мұғалімдерінің жүйелік жұмыс жүргізбеуі, диалогтік оқытуды пайдаланбауы, оқушылардың өз ойларын толық жеткізбеулері, жалған баға қойылуы біздің мектепті дамыту мәселесін кәсіби қоғамдастықтың шешімі бойынша "" деп алуымызға себеп болды. Барлық топ мүшелері осы тақырып төңірегінде жұмыс жасаймыз деген бір тұжырымға келдік.

     Алға қойылған мақсатты жүзеге асыруда  негізгі басымдықтар белгіленді:

§  мектеп-лицей ұстаздары өздерінің тәжірибелерін жетілдіруге талпынады,  жаңашылдықты игеруге дайын, оқушыларының өзара білім алмасуына жағдай жасайды;

§  әр сабақта критериалды бағалауды пайдалана алады;

§  оқушылардың білім, білік, дағдылары жоғары дәрежеге жеткізуге ұмтылады;

§  жеке тұлғаның жетістіктерін жоғары стандарттарға жеткізуге ұмтылады;

§  оқушыларды өзін-өзі сынауға  және бағалауға бейімдейді;

§  оқушыларының оқу үрдісіндегі деңгейін ұстаздарға анықтауға көмектеседі;

§  атқарылған жұмыстардың барлығынбір жүйеге келтіреді;

§  ұстаздардың оқушыларды топта жұмыс атқаруға дағдыландыруы.

 

Нәтиже және табыс критерийлері:

§  ұстаздар коучинг сабақтарынан алған жаңашылдықтарды оқу үрдісінде қолданады;

§  оқушылар әр адамның  өз идеясы болатынын түсінеді;

§  оқушылар өз ойын білдіріп, өзара білім алмаса алады; 

§  оқушылар өз пікірін дәлелдей алады;

§  оқушылар топтық жұмыста белсенді болады;

§  өзін-өзі, сыныптасын, топтың жұмысын бағалауға үйренеді.

                  Құрылған кәсіби қоғамдастығымды І деңгей бағдарламасының мақсатымен таныстыру үшін «Мектептегі өзгеріс – көшбасшының қолында» тақырыбында атты №1 коучинг-сессияны өткізуді өз мойнына Д. есімді тәлімгерімді жоспарладым. Оны алдын ала ескерттім. Көмек керек болса менімен байланысқа шығуға болады екенін, қол ұшын беруге дайындығымды білдірдім.

         Бұл коучингтің нәтижесінде қоғамдастық мүшелері өзгеріс бүгінгі күні неге қажет екендігін, оқытудағы көшбасшылық пен басқарушылық деген не екенін түсінеді деп ойлаймын. Мектеп директоры мен әкімшілік мүшелері ғана емес, қарапайым ұстаздар да көшбасшы болатынын ұғынады, яғни мектепті дамытуда өзгерістер енгізуге өздерінің құқығы бар екенін әр мұғалім түсінеді. Өз миссиямды әріптестеріме түсінікті түрде жеткізе алсам, келешекте олармен жұмыс жасау қиын болмайды ғой деген ой түйдім.

        Коучингімді жоспарлап отырғанда неғұрлым қызықты, тартымды етіп өткізуге мән беріп, қоғамдастық мүшелерінің кері байланысына қанағаттанатыныма сенімді болдым.

      ІІ деңгей мұғалімі С. тәлім алушыммен №2 коучинг-сессияны «Топтық жұмыстар арқылы критериалды  бағалау мен дискрипті құруды үйрету» тақырыбында тәлімгерлеріме оқытуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген критерийлері мен  оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен ара қатынасын салыстырып, қорытынды жасайтындықтарын түсіндірдім. Оны түсінген тәлім алушылар «Критерийлер мен дискриптер құру» тақырыбы  аясында шеберлік сабақта бағалау түрлерін енгізу арқылы сабақтар топтамасын жүргізеді.

№3 коучингімнің тақырыбы «Жаңа тәсілдер арқылы оқушының өзін-өзі бағалауын дамыту» болды. Онда тәлімгерлер жаңа тәсілдер арқылы топтық жұмыстар жүргізуді түсінді, оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызы-ғушылығына ықпал етіп, өздері шешуші  бағаны қоюын түсініп, тәлімгерлерім «Сабақ сапасын арттырудағы бағалаудың тиімділігі» деген тақырып  төңірегінде топтық жұмыстар жасады. Нәтижесінде оқыту үшін бағалау кезінде тәлімгерлер оқушылардың өзін-өзі дұрыс бағалауға үйретті. Соңында тәлімгерлермен кәсіби әңгіме жүргізем. Дөңгелек үстел айналасындағы әңгіменің түйіні топтық жұмыс жасауда, оқушылардың өзін-өзі бағалауда «Бағалау парағын» қолдану тиімді екендігіне тоқталады.

Оқушылардың жұмысын формативтік және суммативті бағалауды көшбасшылар, яғни  тәлім алушылар  іске асырады. Барлық жұмыстардың нәтижелері арнайы әдістемелік отырыстарда талқыланып, жыл соңында кітапша түрінде шығару жоспарланды.

Іс-әрекеттегі зерттеу адамдардың тәжірибесін, тәжірибе туралы түсінігін және тәжірибе жүргізілетін жағдайды түсінуін өзгертеді.

Осы есебімде келтірілген зерттеулер, сабақ беруден оқуға дейінгі білім беру жүйесіндегі үлкен алға басудың бөлігі болып табылады. Бұл алға басудың мақсаты оқушылар не істейтініне, оқушыны бағдарлауға және оқушыны ынталандыруға  аса назар аудару болып табылады. Мұндай алға басу нәтижесінің жүлдесі болып үлгерімнің жоғарлауы ғана емес (аса маңызды), біздің оқушылар мен мектеп үшін жақсартылған өзара қарым-қатынастары мен аса тиімді және ынталы  оқушылар болып табылады. Мектеп бойынша  және сабақ, жұмыс  жасау  барысында, сонымен бірге оқушыларды ынталандыруда өзгертулер енгізу мақсатында  бірлескен бағалау парақтарының нәтижесін ортаға салып талқылап, қорытынды шығару – оңтайлы тәсілдердің бірегейі.

 Тәлімгерлік жұмыспен бірге "Мектепте Lesson Study тәсілін қалай пайдалануға болады?" №3 коучингті өткізуге ІІ деңгей мұғалімімен бірге дайындық жұмыстарын жүргізіп, жоспарладым. Коучингті өткізудегі мақсат – мектептегі әріптестерімізді Lesson Study әдісімен, мақсатымен таныстырып, оқу үрдісінде Lesson Study-ді жүргізу ережелерін үйрету. Коучингтің нәтижесінде ұстаздар Lesson Study туралы мәлімет алады, тәжірибеде қолдануға үйренеді. Lesson Study өткізудің жүйесін меңгереді. Дұрыс ұйымдастырып, өткізе алатын болады. Lesson Study «сабақты зерттеу» үдерісі болып табылғандықтан, өткізу нәлижесінде оқу сапасын арттырудың басқа да тиімді жолдарын анықтауға көмектеседі.Даму жоспарын жоспарлағанда  кәсіби қауымдастығыма Lesson Study туралы мәлімет берген болатынман. Әріптестерім  жаңалыққа бірден қызығушылық танытты,Lesson Study-ді әдісін пайдаланып  қай сыныпта зерттеу өткізетіндігімізді белгілеп алдық. Оған кімдер қатысатынын, қандай сабақтар таңдап алынатынын бірлесіп шешіп алдық. Lesson Study-ді 4 сыныпта орыс тілі пәні мұғалімі, ағылшын тілі пәні мұғалімі, қазақ тілі бастауыш сынып мұғалімдері "Оқушылардың диалог арқылы сөйлеу әрекетін қалай дамытуға болады" мәселе төңірегінде өткізуді жоспарладық. Lesson Study-дің қорытындысы бойынша сабақтың тиімді түрін, әдістерін  анықтап, жарияламақпыз. Әріпестерімнің қолдауымен келесі Lesson Study-ді екі айда бір рет өткіземіз деп белгіледік. Мұғалімдердің мұндай бет алысы мені қуантты,олар білгісі, үйренгісі келеді екен. Ұстаздар оқыту ортасын іске асыру, жоспарлауды әріптестерімен бірге жүргізу мүмкіншілігін Lesson Study арқылы іске асыра алады. Lesson Study-дің нәтижесінде оқушылардың білім деңгейінің көтерілуіне аз да болса ықпал жасалады. Жоспарлаған іс-шараның біреуі –

 Lesson Study өткізген топ өз нәтижелерімен басқа әріптестерімен бөлісу мақсатында коучинг жоспарладық.

      Тағы бір жоспарланған іс-шара осы Lesson Study жүргізетін топ өз нәтижелерін әріптестеріне көрсету үшін арнайы мүмкіндік беру мақсатында коучинг жоспарладық. Топтың бұл мүшелерін келесі Lesson Study-ді өткізу үшін жаңа топты ұйымдастыруда педагогикалық ұжымның көшбасшылары ретінде пайдалануды көздедік. Келесі мектепті дамыту жоспарының шарасы ретінде ІІІ деңгей оқыған мұғалімдердің сабақтарына қатысуды жоспарладық. Бұл жердегі мақсатым: орта мерзімді жоспарлау жасауына әдістемелік көмек көрсету, 7 модульді қаншалықты ықпалдастыра отырып сабақ өткізіп жатқандарын көру болатын. Ағылшын тілі пәнінен 4 сыныпқа орта мерзімді жоспарлау сабақтарына қатысуды жоспарладық. Сонымен қатар басқа да үшінші деңгей мұғалімдерінің сабақтарында қаншалықты өзгеріс болып жатқанын бақылау, орта мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспар құрудан әдістемелік көмек беру мақсатында қатысуды ұсындым. Ұсыныстар нәтижесінде ұстаз кем кетігін түзетеді, білімін жетілдіреді. ІІІ деңгей мұғалімімен бірлесе отыра, қазақ тілі пәнінен орта мерзімді жоспарлау тақырыптарын белгіледік. Нәтижесінде осы енгізіліп жатқан әдіс-тәсілдер оқушының білім сапасының артуына  ықпалын көреміз деп ойладық.

             Тағы бір өзімнің жоспарлаған №4 коучингім "Желілік қоғамдастық – педагогтардың кәсіби қызметін ұйымдастырудың жаңа түрі" атты тақырыпта болды. Коучингті өткізудегі мақсатым: желілік қоғамдастық- педагогтардың кәсіби қызметін ұйымдастырудың жаңа түрі екенін жеткізу болды. Қазіргі уақытта санамыздағы өзгерістер енгізуде желілік қоғамдастықтың маңызды стратегия екенін ұғындыруды көздедім. Желі ұстаздардың тек ақпаратпен алмасуы ретінде ғана қолданбайтынын, кәсіби деңгейлерінің өсуіне, оқушылардың  табысты оқуына ықпал ететіндігін  жеткізуге тырыстым. Сонымен қатар, қоғамдастық  мүшелері  білім беру желілері арқылы мектептер арасында ынтымақтастық орнап, басқа мектептердегі әріптестерімізбен тәжірибе алмасудың жаңа тетігі дамитындығын түсіндірдім.

           Білімінің дәрежесіне, кәсібилік деңгейіне қарамастан кім болмасын өзінің үздік нәтижесін өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайды, осы ретте бірінші деңгей бағдарламасы мұғалімдерге әріптестерімен бірге жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін коучинг пен тәлімгерлік арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін дағдыларды ұсынады (1, 37- бет).

    Осыны негізге ала отырып, әдістемелік көмек көрсету мақсатында тәлім алушы ретінде ІІ деңгей оқып келген С. есімді бастауыш сынып мұғалімі мен ІІІ деңгей оқып келген С. есімді ағылшын тілі мұғалімін алдым. Ұстаздарды алудағы мақсатым өзгерістерді енгізуде тақырыпқа сәйкес коучингтерді тиімді өткізулеріне қолдау көрсету, бағыт беру болатын. Тәлім алушыларыма коучинг әдісін қолдану арқылы мектептегі ұстаздарды дамытуға ықпал ететіндігіміз жайлы  түсіндірдім. Тәлім алушылардың пікірлерін тыңдай отыра, оны есепке алып, тәлімгерлік жоспар жасадым. Жоспарда өткізетін бірнеше коучингтерге дайындық жұмыстары мен сабақтарына қатысу жұмыстары кіріктірілді. Заман талабына сай құрылған жоспар, дұрыс жасалған қадам оң нәтиже береді деген ой түйдік.

      Алдағы уақытта ІІІ деңгей мұғалімдерінің орта мерзімді жоспарлау сабақтарына екі айда бір рет қатысуды жоспарладым. Желтоқсанда үш ІІІ деңгей мұғалімдері оқуларын тәмәмдап, қатарымызға қосылуы мені қуантады. Себебі, бастауыш буында жаңаша жұмыс жасайтын мұғалімдер саны тағы да артады. Келешекте қатарымыз көбейеді, жұмыс жүреді. Барлығымыз бірлесе ынтымақтастықта жұмыс атқарғанда ғана жетістікке жетеміз деп ойлаймын. Бастауыш сынып мұғалімдері өте ұйымшыл. Тәлімгерлік жұмысымды өз деңгейінде атқару мақсатында оқу жылының ішінде әріптестерімнің кәсіби деңгейін көтерудегі жол - коучинг болғандықтан бірнеше коучинг жоспарладым.Бір коучингпен бәрін үйретіп тастау мүмкін емес, үнемі дамып отыруымыз керек. Коучингтерді шағын топтармен бірігіп өткіземіз деп жоспарладық. Ата -ана, мұғалімдерден, оқушылардан саулнама, сұхбат алуды кіргіздік. Мұндағы мақсатымыз: мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізіліп жатқан аз да болса оң өзгерістердің нәтижесін көру, саралау болатын. Оқушылардан ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасын бақылауды өткізуді жоспарладық. Ол жұмысты жоспарлағандағы мақсатымыз: енгізіліп жатқан өзгерістердің білім сапасының  артуына қаншалықты ықпал еткеніне көзімізді  жеткізу болатын.

      Жоспарланған іс-шаралардағы басты мақсатымыз: сол жұмыстар нәтижелерінде заманауи тәсілдерді енгізудегі қаншалықты тиімді екенін анықтау болатын.Жұмыс дұрыс,сауатты, жүйелі жүргізілгенде ғана өзгерістің алғашқы нәтижелерін көруге болады деп ойлаймын. Оқу жылының аяғына дейін басты мақсатты негізге ала отыра, өзара  ақылдасып  коучингтер, Lesson Study, орта мерзімді жоспарлау, тәлімгерлік жұмыстарын жоспарладық. Бұл жұмыстардың да нәтижесін зерделей келе алдымызға қойылған  мақсаттың қорытындысын көреміз.

  Мектептің дамыту жоспары жыл соңында тағы қарастырылады. Мұғалімдер, ата-ана, оқушылардан жыл соңындағы нәтижені көру мақсатында деректер жинастырылады. Оқушылардан жылдық бақылау жұмыстары алынады.  Жиналған деректер кәсіби қауымдастық отырысында талқыланады. Нәтижесі сараланып, кемшілігі мен артықшылығы ескеріледі де жаңа оқу жылының мектепті дамыту жоспарына ұсыныстар жасалып, тағы да өзгертулер енгізіледі. Өткен оқу жылының дамыту жоспарына талдау жүргізіледі.

       Тәжірибе кезеңіндегі аз ғана уақытта, оқу үрдісіне көп өзгерістер енгізгізбесек те, өзгеріс жасауға ықпал етеміз деп ойлаймын.                                                         Менің ойымша, мектеп басшысы, әкімшілік, ұстаздар ұжымы бірін- бірі қолдап, өзара сенімділікте, ынтымақтастықта жұмыс жасаса - бұл нағыз өзгерудің, өзгертудің бастамасы. 

       Мектептің дамыту жоспары қосымшада берілген.

 

   Қолданылған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық, І деңгей «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012

 

 

 

 

 

 

 


Қосымша1


С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейінің даму жоспары.

Мектептің 2013-2014 оқу жылына даму жоспары  

Тақырыбы: Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау арқылы білім сапасын көтеру.

Мектептің даму жоспарының басымдықтары:

Ø  оқу сапасын арттыру;

Ø  білім деңгейінің жоғарлауын дамыту;

Ø  оқушының  қызығушылығы мен  өзіндік қажеттілігін анықтау;

Ø  оқушылар өздерін бағалай отырып, өз-өзін реттеу, өз мүкіндіктерінің деңгейін анықтай алады;

Ø  оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау.

Мақсаты: оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау арқылы білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтай алады.

 

 Нәтиже және табыс критерийлері:

-       мұғалімдер сабақтарында оқытудың жаңа  әдіс-тәсілдерін қолданады;

-       оқу белсенділігі төмен оқушылардың оқуға деген ынтасы артады;

-       бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытудың мазмұны өзгереді;

-       оқушылар өздерін-өздері бағалай алады және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болады екенін жолын өздері таба біледі;

-       бағалауды енгізу нәтижесінде оқу сапасы артады;

-       оқушылардың сабаққа көзқарасы өзгереді;

-       топтың ішінде ортақ шешімге келеді;

-       әр оқушы өзін еркін ұстай біледі;

-       оқу сапасын көтеруге ықпал етеді;

-       сыныпта өзара ынтымақтастық орнайды;

-       топтық жұмыста белсенділік жоғарылайды.

Қаралатын орны

Іс-шаралар, тақырыбы

Мақсаты

Ресурстар

Мерзімі

Жауапты

Мониторинг

Күтілетін нәтиже

 

1

 

 

Мектеп

Әкімшілік және мұғалімдермен сұхбат

Оқыту үдерісінің жағдайын анықтау

Мектеп әкімшілігі, пән бірлестіктерінің жетекшілері

05.04

 

Жакишева С.В.

Білім сапасының анализі,

ой-пікір

Мектептің оқу тәрбие жұмыстарына сараптама жүргізу

 

2

 

Дөңгелек үстел

«Білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздері»

 

Сындарлы оқудың білім беру барысындағы тиімді жақтарын ашып жеткізу,

қатысушыларды анықтау

АКТ арқылы «Жеті модуль» тақырыбына таныстырылым Бағдарлама, нұсқаулық

 

07.04

 

Жакишева С.В.

 

Формативті бағалау

Алдыңғы оқу жылдарында жіберген ақаулықтарды анықтай отырып, мектептің мәселесі айқындалады. Оқимын деген тәлімгерлер белгіленеді.

 

 

 

 

3

 

 

Мектеп

ұжымымен SWOT  талдау өткізу.

 

 

Мектептің  объективті жағдайы

анықталады.

 

 

І, ІІ деңгей  мұғалімдері

 

 

 

Нұсқаулық, сауалнама,

сұхбат.

 

 

08.04.

 

 

Жакишева С.В.

 

 

 

 

анализ

Мектептің мықты,әлсіз жақтары,

мүмкіндіктері, төнген қауіп анықталады.

Қажетті сұрақтарға дәлелді түрде жауаптар алынады.

 

 

4

 

 

Сыныпта

Оқушылар мен мұғалімдерден сауалнама алу, сұхбат, әңгіме  жүргізу

Деректер жинау арқылы мектептің қазіргі

жай-күйін анықтау

 

сауалнама парағы, кесте-сызбалар

 

 

08.04-11.04.

 

 

 

Жакишева С.В.

 

 

Жиынтық кесте

"Жаңа оқыту үдерісі" жайлы мектеп әкімшілігі және мұғалідердің көзқарасын білу.

 

 

 

5

 

 

 

Ата-аналар жиналысында

 

 

Ата-аналардан сауалнама алу

Ата-аналардың мектептегі білім беру барысына өзгерістер кіргенін қалайтындығын анықтау

 

 

сауалнама парағы, кесте-сызбалар

 

 

12.08

 

 

Жакишева С.В.

 

 

Жиынтық кесте

 

 

Ішкі және сыртқы факторлар талданады.

 

 

 

6

 

 

Дөңгелек үстел

Сауалнама және алынған сұхбаттар қорытындысы

Мектептің бастапқы ахуалын, жинақталған мектеп туралы деректерді саралап мектептің мәселесін анықтау.

 

 

Жиналған деректер

 

 

14.04.

Пән бірлестіктерінің жетекшілері, мұғалімдер

 

 

Жиынтық кесте

 

 

Мектеп мәселесі анықталады

 

 

 

7

 

 

Дөңгелек үстел

ӘБ мұғалімдер арасынан бірлесіп жұмыс істейтін адамдарды анықтау

Даму жоспарын құру     Орта мерзімді жоспар

құру.

 

 

Тәлім алушылар

 

 

15.04.

 

Жакишева С.В.

 

 

Қадағалау

 

Тәлімгерлер анықталып,

таңдалады

 

 

 

8

 

 

Коучинг-сессия

№1.

 

 

 

«Мектептегі өзгеріс – көшбасшының қолында»

 

І деңгей бағдарламасының мақсатымен таныстыру.

 

 

І деңгей  мұғалімі

 

 

16.04.

 

 

ІІ деңгей мұғалімі

 

 

Кері байланыс

І деңгей бағдарламасының түйінді идеяларымен танысады. Өзгеріс не үшін  қажет екенін түсінеді. Көшбасшы туралы түсінік алады.

 

 

 

9

 

 

Коучинг-сессия

№2.

 

«Жаңа тәсілдер арқылы бағалаудың түрлері»

 

Тәлімгерлер жаңа тәсілдер арқылы топтық жұмыстарды ұйымдастыра отырып, формативті және суммативті бағалауды түсінеді.

АКТ арқылы таныстырылымМұғ.арналған нұсқаулық,

стикерлер мен постерлер, қосымша мәтіндер

17.04.

 

 

 

Жакишева С.В.

 

 

Формативті бағалау

Кері байланыс

Әр мұғалім бағалауды қандай мақсатта және кім үшін, қалай өткізуі керектігін, қалай бағалай алуын топтық жұмыстарда  түсінеді

 

 

10

 

 

Кәсіби әңгіме

«Топтық жұмыстар арқылы критериалды  бағалау мен дискрипті құруды үйрету»

Тәлімгерлер сабақта топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы формативті және суммативті бағалауды түсінеді.

 

 

Бағдарлама, нұсқаулық АКТ

18.04.

 

 

ІІ деңгей мұғалімдері

Формативті бағалау

Кері байланыс

Ментормен кәсіби әңгіме.

Тәлім алушымен сұхбат

 

 

 

 

11

 

 

 

 

Коучинг-сессия

№ 3

 

 

 

 

Интербелсенді тақта арқылы оқыту үшін бағалауды үйрету

 

 

Тәлімгерлердің интербелсенді  әдістер арқылы оқыту үшін бағалауға түсініктері қалыптасады

 

АКТ арқылы тірек-сызбалар, таныстырылым түрлі-түсті маркерлер, постерлер, бағдарлама, нұсқаулық

 

 

 

 

21.04

 

 

 

 

Жакишева С.В.

 

 

 

Формативті бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Тәлімгерлер оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтайды, формативті бағалауды түсінеді.

 

 

12

 

 

Кәсіби әңгіме

 

Жаңа тәсілдер арқылы оқуды бағалауды үйрету

Сабақта топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы формативті бағалауды үйретеді

 

Бағдарлама, нұсқаулық,

 АКТ

21-24.04

 

ІІ деңгей мұғалімдері

 

Кері байланыс

Ментермен кәсіби әңгіме.

Тәлім алушымен сұхбат

 

 

 

 

13

«Мектепте  Lesson Study тәсілін қалай пайдалануға болады?»»  коучингіне дайындық

(Тәлімгерлік жұмыс)

 

 

Әдістемелік көмек көрсету.

 

 

 

 

Нұсқаулық

 

 

26.04.

 

 

ІІ, ІІІ деңгей мұғалімдері

      

 

 

 

14

Тізбектелген

сабақтарға ОМЖ  жазу

7 модульдің ықпалдасуын бақылау

 

ресурстар

26.04.

ІІІ деңгей мұғалімдері

 

Оқушыларға жаңа тә-сілдердің білім сапа-сына ықпалы көрінеді

 

15

Коучинг-сессия №4 «Мектепте  Lesson Study тәсілін қалай пайдалануға болады?» өткізу, талдау.

 

 

LS тәсілін меңгерту.

 

Нұсқаулық,

«Lesson study тәсілін іске асыру жөніндегі мұғалімдерге арналған нұсқаулық»

 

 

 

ІІ деңгей мұғалімі

 

 

 

 

Lesson Study  өткізу ережесін біледі.

 

 

16

Бірінші Lesson Study -ді жоспарлау.

Сабақты өткізуді  жетілдіруді қарастыру.

 

Нұсқаулық,

«Lesson study тәсілін іске асыру жөніндегі мұғалімдерге арналған нұсқаулық»

 

 

LS өткізетін мұғалімдер

 

А,В,С деңгейдегі оқушыларды зерттеу арқылы тиімді тәсіл анықталады.

 

 

 

17

Бірінші Lesson Study-ді өткізу, талдау.

Ағылшын тілі

4 «Ә» сыныбы

 

 

Сабақты өткізуді  жетілдіру.

 

 

Нұсқаулық,

«Lesson study тәсілін іске асыру жөніндегі мұғалімдерге арналған нұсқаулық»

 

 

 

LS өткізетін мұғалімдер

 

 

А,В,С деңгейдегі оқушыларды зерттеу арқылы тиімді тәсіл анықт

 

 

18

 

ОМЖ

2-сабаққа

қатысу

7 модульдің ықпалдасуын қадағалау.

 

ресурстар

 

 

ІІІ деңгей мұғалімі

 

Оқушыларға жаңа тәсілдердің білім сапасына ықпалы көрінеді.

 

 

19

 

Екінші  Lesson Study-ді жоспарлау.

 

Сабақты өткізудегі әдістерді жетілдіру.

 

Нұсқаулық , «Lesson study тәсілін іске асыру жөніндегі мұғалімдерге арналған нұсқаулық»

 

 

LS өткізетін мұғалімдер

 

А,В,С деңгейдегі оқушыларды зерттеу арқылы тиімді тәсіл анықталады.

20

Сабақ № 1

Сабақтар топтамасы

7 модульді ықпалдастыра отырып бағалау түрлерін ескеру

АКТ

стикерлер мен постерлер, түрлі-түсті маркерлер

4-апта

. ІІ деңгей мұғалімдері

Әріптестері-мен кері байланыс

Оқушылардың сабақтарға қызығушылықтары артады

 

 

 

 

 

 

21

 

 

 

 

Коучинг-сессиясы

№ 3

 

 

 

 

Топтық жұмыстар арқылы критериалды  бағалау мен дискрипті құруды үйрету

 

 

Тәлімгерлерге жаңа тәсілдер арқылы топтық жұмыстарды ұйымдастыра отырып, критериалды  бағалау мен дискрипті бағалауды түсінеді.

 

 

АКТ арқылы таныстырылым

Мұғалімге арналған нұсқаулық,

стикерлер мен постерлер, қосымша мәтіндер

 

 

 

 

 

Критериалды бағалау

Кері байланыс

Оқытуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген критерийлерге  оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен ара қатынасын салыстырады да қорытынды жасайды.

22

Ашық сабақ

Сабақтар топтамасы

Оқушылар өздерін бағалай отырып, өз-өзін реттеуді, өз мүмкіндіктерін түсінеді.

Бағдарлама, нұсқаулық

4-5 апталар

Жакишева С.В.

Формативті бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Бағалауды енгізу нәтижесінде оқу сапасы артады.

 

23

 

 

Кәсіби әңгіме

 

«Критерийлер мен дискриптер құру»

 

Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытып, оқу сапасын бағалау арқылы арттыру.

Бағдарлама, нұсқаулық АКТ

стикерлер мен постерлер

17-20.04

 

 

ІІ деңгей мұғалімдері

 

 

Кері байланыс

 

Ментормен кәсіби әңгіме.

Тәлім алушымен сұхбат

24

 

 

Сабақ № 2

 

Сабақтар топтамасы

7 модульді ықпалдастыра отырып бағалау түрлерін ескеру

АКТ

стикерлер мен постерлер, түрлі-түсті маркерлер

3-4-апта

 

 

ІІ деңгей мұғалімдері

 

Әріптестер-мен кері байланыс

Тәлімгерлер сыни көзбен қарауды үйренеді. Сабақтарын бағалауды ұғынады

 

 

25

 

 

Коучинг-сессия

 

№ 4

 

 

 

Жаңа тәсілдер арқылы оқушының өзін-өзі бағалауын дамыту

Тәлімгерлерге жаңа тәсілдер арқылы топтық жұмыстарды ұйымдастыра отырып, оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызы-ғушылығына ықпал етіп, өз кезегінде білім алуға көмектеседі.

 

 

АКТ арқылы таныстырылымМұғ.арналған нұсқаулық,

стикерлер мен постерлер, қосымша мәтіндер

24.04.

 

Жакишева С.В.

 

 

 

Критериалды бағалау

Кері байланыс

Тәлімгерлер жаңа тәсілдер арқылы топтық жұмыстарды түсінеді, оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызы-ғушылығына ықпал етіп, өздері шешуші  бағаны қоюын түсінеді.

 

 

26

 

Шеберлік сабақтар

«Сабақ сапасын арттырудағы бағалаудың тиімділігі»

 

-  Оқыту үшін бағалау арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға көмектеседі

Бағдарлама, нұсқаулық АКТ

стикерлер мен постерлер

24-27.04

 

ІІ, ІІІ деңгей мұғалімдері

 

Кері байланыс

Оқыту үшін бағалау кезінде тәлімгерлер оқушылардың өзін –өзі дұрыс бағалауға үйренеді

 

27

Үшінші   Lesson Study сабағын жоспарлау.

 

Сабақты

жетілдіру

LS өткізетін мұғалімдер

Нұсқаулық , «Lesson study» тәсілін іске асыру жөніндегі мұғалімдерге арналған нұсқаулық»

 

 

ІІ, ІІІ деңгей мұғалімдері

 

Кері байланыс

А,В,С деңгейдегі оқушыларды зерттеу арқылы тиімді тәсіл анықталады,сабаққа түзетулер енгізіледі.

 

 

28

Үшінші   Lesson Study

Орыс тілі сабағын

4 «Ә» сыныбында өткізу, талдау.

 

 

Сабақты

жетілдіру

 

LS өткізетін мұғалімдер

 

Нұсқаулық,

«Lesson study тәсілін іске асыру жөніндегі мұғалімдерге арналған нұсқаулық»

 

 

ІІ, ІІІ деңгей мұғалімдері

 

Кері байланыс

 

 

А,В,С деңгейдегі оқушыларды зерттеу арқылы тиімді тәсіл анықталады, сабақты өткізу жетілдіріледі.

 

 

29

Оқушылардан, мұғалімдерден, ата-аналардан сауалнама, сұхбат алу

Жаңашылдықты енгізудің тиімділігін анықтау

 

І деңгей мұғалімі

 

Нұсқаулық,

Ғаламтор сілтемелері

 

 

ІІ, ІІІ деңгей мұғалімдері

Кері байланыс

 

Өзгерістің нәтижесі, көзқарастары анықталады

 

30

Шеберлік сабақтар

Сабақтар топтамасы

7 модульді ықпалдастыра отырып бағалау түрлерін ескеру

АКТ

стикерлер мен постерлер, түрлі-түсті маркерлер

5-6-апта

Тәлімгер мен тәлім алушылар

Әріптестері-ме кері байланыс

Ментормен кәсіби әңгіме.

Тәлім алушымен сұхбат

31

Мониторинг

Дәлелдер мен деректер жинау

Тапсырмаларды тексеру, мәліметтерді жинау, пысықтау

Бағдарлама, нұсқаулық кесте-диаграммалар

5-апта

Тәлімгер мен тәлім алушылар

Диаграммалар мен жиынтық кестелер

Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға сараптама жазылады

32

Желілік қоғамдастық

Желілік қоғамдастықты жүзеге асыру

Әріптестермен пікірлесу

Бағдарлама, нұсқаулық Интернет желісі

қыркүйек

Тәлімгер мен тәлім алушылар

 

Желілік қоғамдастық жүзеге асырылады, жоспар жасалады

33

Бағалау

Деректерді талдау, қорытынды жасау

Табыс критерийлері бойынша қорытынды жасау

Бағдарлама, нұсқаулық кесте-диаграммалар

6-апта

Тәлімгер мен тәлім алушылар

Есеп жазу

6-аптаға қорытынды алынады.

 

 

34

 

 

Мектеп

Дамыту семинарлары

Коучинг пен тәлімгерліктің мақсатын жалғастыру

Бағдарлама, нұсқаулық АКТ

стикерлер мен постерлер

Тоқсан  сайын

Тәлімгелер мен тәлім алушылар

Әріптестері-ме кері байланыс

Мектептің мұғалімдері жаңа әдіс-тәсілдер арқылы бағалуды дамыта алады.

 

35

 

Апталық

Ашық сабақтар топтамасы

7 модульді ықпалдастыра отырып бағалау түрлерін ескеру

АКТ

стикерлер мен постерлер, түрлі-түсті маркерлер

 

Жыл бойы

Тәлімгелер мен тәлім алушылар

Әріптестері-ме кері байланыс

Ментермен кәсіби әңгіме.

Оқу сапасын арттырады.

 

 

 

 

36

 

 

Қоғамдастық аясында

Телефон байланыстары желілік қоғамдастығын құру

Электрондық хат алмасуды ынталандыру

Электрондық жарнамалық аңдатпаларды тарату

Телефон арқылы алыс жатқа мектептермен желілік қоғамдастық құру

Электрондық почта адрестерін анықтай отырып, хат алмасуды ынталандыру

Электрондық жарнамалық аңдатпалар мен хабарламалар тарату

 

 

Бағдарлама, нұсқаулық.

 кесте-диаграммалар

 

 

 

Тәлімгелер мен тәлім алушылар

 

 

Формативті бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек»

 

 

 

37

Мектептер арасында

Педагогикалық шеберлік орталық құру

Мұғалімнің мектептеде көшбасшылығын дамыту.

Бағдарлама, нұсқаулық АКТ

стикерлер мен постерлер

 

Тәлімгелер мен тәлім алушылар

Кері байланыс

 

 

 

 

 

38

Мектеп аясында

«Қазақ тілі сапасын арттырудағы бағалаудың тиімділігі» тақырыбына коучинг сессия сабақ.

 

Тәлімгерлер  жаңа тәсілдер арқылы топтық жұмыстарды ұйымдастыра  отырып, критериалды  бағалау мен дискрипті бағалауды түсінеді.

 

 

АКТ,

стикерлер мен постерлер, түрлі-түсті маркерлер

 

 

 

Тәлімгелер мен тәлім алушылар

 

 

Әріптестері-ме кері байланыс

 

 

Ментормен кәсіби әңгіме.

Тәлім алушымен сұхбат

 

 

39

Кәсіби қоғамдас-

тық аясында

«Қазақ тілі сапасын арттырудағы бағалаудың тиімділігі»

Оn-linе конференция

Оn-lain конференция арқылы топтық жұмыстарды ұйымдастыра  отырып, критериалды  бағалау түсінеді.

 

Бағдарлама, нұсқаулық,

кесте-диаграммалар

 

 

мамыр

 

Тәлімгелер мен тәлім алушылар

 

 

Кері байланыс

Тәлімгерлер сыни көзбен қарауды үйренеді. Сабақтарын бағалауды ұғынады

 

 

40

сабақтар

«Математика пәнінің сапасын арттырудағы бағалаудың тиімділігі»

 

Тәлімгерлер  жаңа тәсілдер арқылы топтық жұмыстарды ұйымдастыра  отырып, критериалды  бағалау мен дискрипті бағалауды түсінеді.

 

Бағдарлама, нұсқаулық АКТ

стикерлер мен постерлер

 

 

Тәлімгелер мен тәлім алушылар

 

Формативті бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Тәлімгерлер жаңа тәсілдер арқылы топтық жұмыстарды түсінеді, оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызы-ғушылығына ықпал етіп, өздері шешуші  бағаны қоюын түсінеді.

41

 мектеп-лицейі

«Жаңа тәсілдер арқылы оқуды бағалау» ашық сабақ топтамалары

Сабақта топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы формативті бағалауды үйретеді

АКТ

стикерлер мен постерлер, түрлі-түсті маркерлер

 

Тәлімгелер мен тәлім алушылар

Кері байланыс

Оқыту үшін бағалау кезінде тәлімгерлер оқушылардың өзін –өзі дұрыс бағалауға үйренеді

 

 

 

 

 

 

 

42

 

Кәсіби

қоғамдық мектептер арасында

«Халықаралық әлеуметтік инновациялар жәрмеңкесі»

жиынақтама жасау

Мұғалімдердің жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін бірнеше мектеп арасында оқыту мен оқу үдерістерін жетілдірудегі бағытталған көптеген іс-әрекеттерді жинақтап, іске асыру және оның мониторингін жүргізіп, жәрмеңкеге дайындау

 

 

 

 

 

 

Бағдарлама, нұсқаулық,

 кесте-диаграммалар

 

 

 

 

сәуір

 

 

 

 

Тәлімгелер мен тәлім алушылар

 

 

 

 

 

 

 

Әріптестері-ме кері байланыс

 

 

 

 

 

 

Ментормен кәсіби әңгіме.

Тәлім алушымен сұхбат

 

 

 

43

Қоғамдастық-тар арасында

Топтық жұмыстар арқылы критериалды  бағалау құруды үйрету

Тәлімгерлерге жаңа тәсілдер арқылы топтық жұмыстарды ұйымдастыра отырып, критериалды  бағалау мен дискрипті бағалауды түсінеді.

Бағдарлама, нұсқаулық АКТ

стикерлер мен постерлер

 

Тәлімгелер мен тәлім алушылар

Кері байланыс

Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға сараптама жазылады

 

 

44

Мектеп-лицей

«Жаңа тәсілдер арқылы бағалаудың түрлері» шебер сабақ

Мұғалімдер жаңа тәсілдер арқылы  оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызы-ғушылығына ықпал етіп, өз кезегінде білім алуға көмектеседі.

АКТ

стикерлер мен постерлер, түрлі-түсті маркерлер

 

 

Тәлімгелер мен тәлім алушылар

Кері байланыс

Желілік қоғамдастық жүзеге асырылады, жоспар жасалады

 

 

45

 Мектеп-лицей

«Жаңа тәсілдер арқылы оқуды бағалау» ашық сабақтар топтамалары

Сабақта топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы формативті бағалауды үйретеді

Бағдарлама, нұсқаулық кесте-диаграммалар

 

Тәлімгелер мен тәлім алушылар

Әріптестері-ме кері байланыс

 

 

 

46

Мектептер арасында

Педагогикалық шеберлік орталық есебі

Мұғалімнің мектептеде көшбасшылығын дамыту.

АКТ

стикерлер мен постерлер, түрлі-түсті маркерлер

 

Тәлімгелер мен тәлім алушылар

Есеп жазу

 

 

47

Мектеп аясында

Көшбасшылық басқаруды мектеп аралық алмасу,

Мұғалім көшбасшылығын дамыту жұмысы

Бағдарлама, нұсқаулық кесте-диаграммалар

 

Тәлімгелер мен тәлім алушылар

Әріптестері-ме кері байланыс

 

 

 

48

Мектептер арасында

«Қаладағы желілік қоғамдастықтың рөлі» ғылыми әдістемелік  кәсіби әңгіме

Педагогика ғылыми әдістемелік халықаралық желіліктерге қатысу

Бағдарлама, нұсқаулық АКТ

стикерлер мен постерлер

 

Тәлімгелер мен тәлім алушылар

Әріптестері-ме кері байланыс

 

49

Мониторинг

Дәлелдер мен деректер жинау

Тапсырмаларды тексеру, мәліметтерді жинау, пысықтау

Бағдарлама, нұсқаулық кесте-диаграммалар

5-апта

Тәлімгер мен тәлім алушылар

Диаграммалар мен жиынтық кестелер

 

 

50

 

Дөңгелек үстел

 

"Оқыту мен тәрбие үдерісіне негізілген өзгерістер нәтижесі"

Тапсырмалардың, мәліметтердің

қорытындысы

Бағдарлама, нұсқаулық,

 кесте-диаграммалар

6-апта

Тәлімгер мен тәлім алушылар,

мектеп ұжымы

Диаграммалар мен жиынтық кестелер

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "І еңгей курсы бойынша С есебі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мектептің бастапқы жағдайдын анықтап алған соң, алдымда ХХІ ғасыр оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуге сай орта құруда қандай қадамдар жасауым қажет? Неден бастаймын? Талапқа сай жұмыс бағытын өзгертуде қандай жұмыстар атқаруым қажет? деген алдымда сұрақ туды. Осы сұрақтар төңірегінде көп ойландым. Жұмысын, мектептің жұмысын, оқушыларын өзгерткісі келетін, жаңашылдықты құптайтын ұстаздарды қоғамдастыққа шоғырланудан бастадым. Кәсіби қоғамдастықты бастауыш сынып мұғалімдерінен, бастауыштағы пән мұғалімдерінен және бағдарламаға қызығушылық таңытқан мұғалімдерден құрдым.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 546 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.05.2015 5595
    • DOCX 80.7 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакишева Светлана Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакишева Светлана Викторовна
    Жакишева Светлана Викторовна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 123001
    • Всего материалов: 38

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 273 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 593 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 299 человек

Мини-курс

Эффективное управление проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 76 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

Развитие физических качеств в художественной гимнастике: теория и практика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе