Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Ибалы адам, иманды қоғам

Ибалы адам, иманды қоғам

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


СВИДЕТЕЛЬСТВО СРАЗУ ПОСЛЕ ПРОСМОТРА ВЕБИНАРА

Вебинар «Подростковая лень: причины, способы борьбы»

Просмотр и заказ свидетельств доступен только до 22 января! На свидетельстве будет указано 2 академических часа и данные о наличии образовательной лицензии у организатора, что поможет Вам качественно пополнить собственное портфолио для аттестации.

Получить свидетельство за вебинар - https://infourok.ru/webinar/65.html

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Ибалы адам, иманды қоғам

Мақсаты:

Білімділік – оқушыларға қазіргі кездегі дін мен салт-дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай-ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек діни ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу, дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру;

Дамытушылық – діни наным-сенім мен олардың пайда – зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру, әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту;

Тәрбиелік – елжандылыққа, отан сүйгішке, ұлтжандылыққа, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып имандылық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: пікірталас

Көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнематериалдар, сұрақтар жазылған қағаздар, сызбалар, қажетті кітаптар, қанатты сөздер, слайд.

Жоспар

  1. Тақырыпқа байланысты мұғалімнің кіріспе сөзі

  2. Ислам туралы оқушылардың пікірлері, өлен жолдары, Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өміріне қысқаша шолу.

  3. Көрініс «Алланы көрсетсең ғана сенемін»

  4. «Абайлаңыз, терроризм!» Діни экстремизмге байланысты мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі

  5. «Ақиқат» бейнефилімінен үзінді көрсету

  6. «Ақиқат» бейнефилімі бойынша оқушылардың пікірі

  7. «Не істер едің?» Оқушылар арасындағы топтық жұмыс (жағдаяттардың шешімін табу).

  8. Ән

  9. Мұғалімнің қорытынды сөзі.



Мұғалім: жарық дүние деп аталатын жалған мен о дүние дейтін бақиды қатар нұрландырып тұрған Исламның ізгілігі мен ұлы мұраттарын түсіну үшін адамзат ұрпағы нені мансұқтап, нені қастерлеуін біліп, адал жолдан адаспауы үшін ибалы адам, иманды қоғам құруымыз қажет. Қазіргі таңда әлемде Аллаһ Тағаланың рахымымен Исламның қарқынды дамуы және мұсылмандар санының арта түсуі байқалады. Әрине бұл бізді қуантады.

Алайда қазіргі кезде Ислам мен қазақы салт-дәстүрлеріміздің ара жігін ажырату, олардың арасындағы қарым – қайшылықтар мен түсініспеушіліктерді тану қиындық тудырады. Олай дейтінім – соңғы кездердегі түрлі топтар мен жұртты алдап, соңынан ерітіп, әулие-әнбиелердің басына барып зират жасап, сол жолда пайда тауып, елді адастырып жүрген діндарсымақтардың көбейіп бара жатқаны жасырын емес.

Ислам діні – таза, күшті, құдіретті дін. Өйткені Ислам діні – адамзат баласын жақсылыққа, ізгілікке, тазалыққа, имандылыққа, тура жолға салушы дін.

Ендіше Ислам діні жайлы оқушылардың сөздерін, өлен жолдарын тыңдасақ:

1 – оқушы: Ислам діні – Алла Тағаланың Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с) арқылы жол жіберген ақиқат жолы, пендені құтқарар тура жол, дүние жүзіндегі ең ықпалды әрің кеңінен таралған дін.

2 – оқушы: Алла сөзі Жәбірейіл періште арқылы төрт пайғамбарға тапсырады, яғни Мұсаға «Таурат», Ғайсаға «Інжіл», Дәуітке «Забур» және Мұхаммед пайғамбарға «Құран - Кәрім».

3 – оқушы: А. Мырзабайқызы «Аллаға құрмет»

Ей Алла! Жаратушы жаппар ием!

Мәңгілікке құдіретті сенің киең!

Жасымнан табынушы ем бір өзіңе,

Ақиқат ақ жолынды шексіз сүйем.

4 – оқушы: Құран-Кәрім қасиетті кітабым,

Сенен аспас Таурат, Забур, Інжіл де,

Құран-Кәрім кітабы бұл Алланың,

Тылсым дүние, қыр – сыры бар жалғанның

5 – оқушы: Құран Мұхаммедке 23 жылда Жәбрейіл арқылы сүре-сүре, аят-аят болып түскен. Құран 114 сүре, 6600 аяттан тұрады.

6 – оқушы: Алланың құлы әрі елшісі Мұхаммед пайғамбарымыз 569 жылы Мекке қаласында дүниеге келген. Ол көшпелі Курейш тайпасының һашим руынан. Меккеде Хадиша есімді бай жесір әйелдің саудасын жүргізеді. 609 жылы алғаш рет Алланың сөздерін естейді. Ал 40 жасында пайғамбар болып, араб тайпаларының басын қосып , Мәдине қаласында Араб империясын құрды. 632 жылға дейін ислам дінінің негізін қалаушы ақырғы пайғамбардың міндетін атқарып, сол жылы, яғни 63 жасында дүниеден өтеді.

7 – оқушы: Көркем сөз: «Мұхаммед». «Диуани хикмет» кітабынан үзінді

Он сегіз мың ғаламға даңқы шыққан Мұхаммед,

Отыз үш мың сахабаға басшы болған Мұхаммед.

Жалаңаштар мен аштарға қанағат болған Мұхаммед.

Кемтарлық көрген үмбетке шапағат болған Мұхаммед.

Түнде жатып көз ілмей тілейтұғын Мұхаммед,

Ғаріп пенен жетімге құрмет болған Мұхаммед

Жолдан азған күнәһарға қамқор болған Мұхаммед

Намаз, ораза тұтқанға рақым қылған Мұхаммед.

Мұғалім: Жоғарыда айтып өткеніміздей Ислам дінің басқа діндегілер де мойындаған болатын. Ендеше көрініске назар аударайық:

Көрініс: «Алланы көрсетсең ғана сенемін»

Автор: Имам Ағзам Әбу Халифа бала кезі еді. Сол кезде «Алла» деген бір жаратушының болмағанын, әр нәрсенің табиғаттан жаратылғанын мақұлдайтын. Қайда барса да ғалымдармен айтысатын бір дінсіз адам Куфа қаласына келеді. Ол теріс пікірін айта бастайды. Және сол Куфа қаласының ғалымдарымен мәжіліс құрмақшы болады. Сонда сол қаланың мұсылмандары

Мұсылмандар: Біздің бір кішкентай ғалымымыз бар. Егер соны жеңсен ғана ғалымдармен кездесесің.



Автор: Куфалықтар мәжіліс үйіне толы. Арада жарты сағат өткен соң кішкентай ғалым келмей жатады. Уақыт өткен сайын дінсіз



Дінсіз: Білем! Менен қорыққаннан келмей жатыр.



Автор: Дәл осы кезде кішкентай имам Ағзам Әбу Халифа да кіріп келеді.



Дінсіз: Не үшін кеш қалдың, кішкентай тентек қорыққаннан кешіктің бе?



Әбу Халифа: Жоқ, неден қорқамын. Үйіміз өзеннің арғы жағында. Бергі жаққа өтпекші болғанда, көпірдің түсіп кеткенін көрдім. Өте алмайтынымды білген соң сол маңайдағы ағаштарға «дереу бір қайық болып, мені арғы жаққа өткізулеріне әмір еттім». Ағаштар қайық болып мені өткізді. Сондықтан кешіктім. Кешіріңіздер!



Автор: бұл жауапқа қарқылдап күле бастаған дінсіз адам



Дінсіз: Ей, ақылсыз балам – ай. Ешбір ағаш өз-өзінен қайық болады ма?



Әбу Халифа: анығында ақылсыз сен өзіңсің. Бір қайықтың өз-өзінен жасалғанын қабылдамайсың, сөйте тұрып ұшы – қиырсыз, алды-арты жоқ әлемнің өзінен-өзі бар болғанын қайтіп қабылдап отырсың?



Автор: Мұндай тамаша тапқырлыққа таңқалған дінсіз



Дінсіз: мені байқамай ұстадың ғой. Жәрайды, ондай болса көрсетші ол Алланы маған, мен де сенейін.



Әбу Халифа: Осы жерге бір шыны сүт алып келіңдер. Әй, дінсіз, мынаған жауап берші. Осы май мен ірімшікті көрсетіп берші.



Автор: Дінсіз шарасыз күйге түседі.



Дінсіз: Әрине, бұл сүттің ішінде май мен ірімшік бар. Бірақ көзге көрінбейді.

Әбу Халифа: Мына жалғыз шынының ішіндегі сүтте май мен ірімшіктің бар екенін біле тұрып, оны көрсете алмайсың да, мына үлкен әлемді жаратқан Алланы қайта-қайта көрсет дейсің! Бұл мүмкін бе? Сүттің ішінде қалай май болса, Алла да бұл әлемде осылайша бар, бірақ көрсетуге болмайды.



Дінсіз: Ендеше соңғы сұрағыма жауап бер, содан кейін жеңілгенімді мойындаймын. «Алла бар» деп бой бермейсің ғой. Ол Алла дәл қазір не істеп жатыр?



Әбу Халифа: Қазір осы отырған мінбеден түсіңіз, сонда жауап беремін. (Дінсіз мінбеден түсіп, Әбу мінбеге мінеді).

Әбу Халифа: Дәл қазір Алла сен сияқты бір дінсізді мінбеден түсіріп, мен сияқты кішкентай құлын жоғары шығарды.



Автор: Дінсіз сонымен ауызын аша алмай қалады. Халық алдында дінсіз «Кәлима Шәһәдат» айтып мұсылман болған екен.



Осы көрініске сүйене отырып қазіргі таңда Исламға «изм», «террор» деген жағымсыз айдарлар тағылуда. Мұның бәрі жала болып есептелінеді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, керсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни өзгелерді көре алмауы, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Экстремизмнің мүшелері көздеген мақсаттарға жету үшін еш нәрседен қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Қаншама қандас бауырларымыз діни сауатсыздықтың, рухани дүниенің таяздығы салдарынан осы теріс ағымдардың қолшоқпары болып, солардың жыртысын жыртып, сойылын соғып жүр.

Қазіргі кезде Қазақстан аумағында қызметтері арнайы сот шешімдерімен Заңсыз деп таңылған діни ұйымдардың тізімі жасалған. Оларды мына кестеден көруге болады.



Діни ұғымдардың атауы

Ұйым жетекшісі

Ұйым мақсаты

1

Орталық Азияның маджахеттері

Н. Жололов

Теракт жасау

2

Шығыс Түркістан Ислам партиясы

Айса Мақсұм

Мемлекеттік төңкеріс

3

Өзбекстанның Ислам қозғалысы

Мұхаммад Садық

Жиһад жариялау

4

Курд халықтық конгресі

Абдулла Оджалан

Теракт жасау

5

АУМ Синреке” ұйымы

Секо Асахара

Теракт жасау

6

Әлеуметтік реформалар құрылымы

Әли Салах Зайтер

Теракт жасау

7

Әл Каида” ұйымы

Усама бен Ладен

Теракт жасау

8

Асбат әл - Ансар” ұйымы

Хишам Шрейди

Террористер дайындау

9

Талибан” қозғалысы

Мұхаммед Омар

Теракт жасау

10

Хизб-ут-Тахрир” діни партиясы

Тақиюддин Набахани

Халифат құру

11

Таблиғ” жамағаты

Хасан әл Банна

Теракт жасау

12

Қадиян” тобы

Алпарслан Тюркеш

Тұранизм құру

13

Нұршылар” жамағаты

---------------

Ислам қоғамын құру

14

Салафиттер” ұйымы

Хафиз Мұхаммед Сайд

Исламға қарсы іс

15

Таза Ислам”ағым

Фархат Абдуллаев

Халифат құру



Істері әшкере болған ағымдардың жұмысына ел аумағында тоқтам салған сот шешімдері қабылданды. Алайда әлі де басқа жасырын жолдармен өз тірліктерін жүргізіп жатқандарының бары жасырын емес. Осы себепте бүгінгі сабағымызда оқушылардың исламдағы ағымдар туралы айтқан пікірлері

«Салафиттер» немесе салафилер ұйымы 7 шелпек пісіруге, бейіт басына баруға, ата-баба басында Құран бағыштауға қарсы. Атырау қаласында кең таралған. «Салафи» сөзі Құранның бірнеше жерінде кездеседі. Негізінен «алдыңғы өткендер», «бұрыңғылар» деген мағынаны білдіреді. Ал қазіргі салафилер Құран аяттарын өз беттерінше өзгертіп алған.

Такфиршілер ұйымы. Олар өздерін таза мұсылмандар деп санап, қалғандарын кәпірге есептейді. Бұл ағым мұсылмандармен араласпайды, мешітке бармайды. Мұсылмандар арасында жік салушы.

«Таза ислам» деп аталатын діни ағымның өкілдері адам ұрлаумен, қарақшылықпен айналысады.

«Таблиғ жамағаты». Олардың екінші атаулары «дағуашылар», үгіт, насихат жүргізу, шақыру. Өздерін саясаттан бөлек ұстайды. Туған күнге, қайтыс болған адамның жетісіне, қырқына, жылына бармайды.

«Хизбут - Тахрир» партиясы. Саясатқа бет бұрып, мұсылмандар арасында жан-жақты идеологиялық күресті күшейтіп, төңкеріс арқылы билікке қол жеткізуді көздейді. Олардың мақсаты азамат соғысын ұйымдастыру, ұлтаралық, дінаралық бүліктер туғызу.

Енді осы діни ағымдарға байланыста «Ақиқат» бейнефильміне зер салсақ.

Интерактивті тақтада «Ақиқат» бейнефильмін көрсету.

(Тақтада «Ақиқат» бейнефильмінен үзінділер көрсетіледі. Онда қазіргі кездегі көбейіп бара жатқан әр түрлі топтар мен олардың жасап жүрген іс-әрекеттері, сондай-ақ ұлттық танымымыз бен түсінігіміздің Ислам дініне байланысты тұстары туралы көріністер көрсетіледі. Осы көріністер арқылы ортаға оқушылар шығып өз пікірлерін айтады.)

«Не істер едің?» Оқушыларға тақырыпқа байланысты жағдаяттар жазылған қағаздар таратылып, топтасып жұмыс істеу ұсынылады.







1 жағдаят

ҰБТ- дан жоғары ұпай жинап немесе 9 сыныпты бітіріп, қаладағы жоғары немесе арнаулы орта оқу орнының біріне қабылдандың. Сабақтан қайтып келе жатқаныңда алдыңнан өзің қатарлы жігіттер немесе қыздар шығып сенің діңге деген көзқарасыңды білмек болып сұрақтар жаудырды. Осы жағдайдағы сенің іс – әрекетің қандай? Олармен пікір бөлісесің бе немесе үндемей кете бересің бе?



2 жағдаят

Бір күні сені жан досың бір жерге ертіп баратындығын айтты. Онда барғаныңда үлкен жиынның үстінен түстің. Сені бейтаныс адамдар сөздерімен өздеріне қосылуға үгіттей бастады. Досың да солар жағында. Тіпті саған да сыйлықтар ұсынғандары да болды.

Осы жағдайда сен не істер едің, қандай да бір шешім қабылдайсың ба?



3 жағдаят

Сыныпқа жаңадан оқушы келді. Онымен жақын әңгімелесе бастағаннан саған бейтаныс діни ағымдар туралы қызықты оқиғалар айтып, сол ортамен байланыс орнатуға үгіттеді. Тіпті сені мол қаржы табудың көзі ретінде сонда жұмысқа шақырды.

Бұл жағдайдағы сенің іс- әрекетің қандай? Ұсынысқа көзқарасың туралы ойыңды бөліс.



(Оқушылар жағдаяттарға топпен немесе әр оқушы ойланып, өз пікірлерін айтып береді. )



Оқушылар ортаға шығып «Алла» туралы әндерін орындап береді.

Қорытынды

Мұғалім: Бүгінгі сабағымызда дін, әдет-ғұрып, діни экстремизм тақырыбында біраз мәлімет алдық деген ойдамын. Өзге ағымның алдауына түсіп, жылан арбаған торғайдай аянышты хал кешкен қандастарымыздың күрделі тағдыры бәрімізді ойландыру керек.

Жазушы болсын, жұмысшы, қайраткер болсын рухтың кемелденуі – ең негізгі қасиеттердің бірі. Рух кемелденуі үшін адам ибалы, қоғам иманды болуы керек.

Бүгінгі сабақтың түйіні келешек қоғамның алтын тірегін сақтап қалу болса, ибалы адам, иманды қоғам сол тіршіліктің алтын тірегіне айналсын демекпін!



Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 28.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров75
Номер материала ДВ-387381
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх