Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Статьи / ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ

НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ.


Қазақстанның басты байлығы оның адамдары дейміз. Десек те, адами капиталды бір өлшеммен таразылауға болмасы анық. Оның ішінде ақыл – ойы кемел, білім – білігі озық, яғни әлеуеті жоғары жандар ғана жасампаз істерге барып, еліміздің өсіп - өркендеуіне елеулі үлес қоса алатынын өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Сонау XIX ғасырдың перзенті Ыбырай Алтынсарин өз замандастарынан әлдеқайда ілгері тұрып, көпшілік істерде бастамашылық танытты, көшбасшы бола білді. Ол - өз дәуірінің озық ойлы тұлғасы. Сондықтан да заман тынысын дөп басып сезіп, ілім – білімге туған халқын меңіреу тыныштықтан серпілтер, жарық дүниеге қол созуға бағыт сілтер шамшырақ, пәрменді құрал ретінде қарады. Қазақ сахарасында қоңырау болып сыңғырлап, «өнер – білім бар жұрттар» қатарына қосылуға шақырды.

Ыбырай енгізген оқу – ағарту ісіндегі жаңалықтың бірі – қазақ жастарына кәсіптік мамандық беру мәселесін ғылыми негізін жасау болып табылады. Ол қазақ халқының экономикалық дамуына қажетті мамандар әзірлеу ісіне ерекше мән берді; қолөнер, ауылшаруашылығы училищелерін ашуға едәуір күш жұмсады. Торғайда қолөнер училищесін ұйымдастырды. Қайтыс боларының алдында Қостанайда ашылғалы отырған ауылшаруашылығы училищесіне өзінің барлық жерін беретіні туралы өсиет қалдырды.

Қазір айтылып жүрген ой – пікірлердің кезінде Ыбырай данамыздың аузынан шыққанына тәнті боласың. Солардың бірін ғана, яғни «қазақ халқының ақыл – ойы мен экономикасының дами беруіне көмектесе алатын адамдар қажет» деген сөздерінен[жақын досы, әріптесі В.В. Катаринскийге 1888 жылы 28 ақпанда жазған хатынан] көреміз.

Өзі өмір сүрген кезеңде Ыбырай Алтынсарин халқының мүшкіл халін, тұрмысын түзеп, тұтынуына қажетті тауарларды өндірумен айналысатын кәсіби мамандар даярлау мәселесін көтеріп, осы бір игі іске белсене кіріскен.

Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып қызмет істеп жүрген кезінде жасаған есептерінің бірінде: «... Қыздар үйлерінен қатынап оқиды. Оларға қарапайым халықтың тұрмысына керекті, мысалы, киім пішу, киім тігу, шәлі тоқу, киіз басу, бау және тақыр кілем тоқу сияқты әйелдер істейтін жұмыстар үйретіледі» деп жазған. Өзі аса құрмет тұтқан досы Н.И.Ильминскийге мына бір жаңалықты қуана жеткізген еді: «... мектептің қолөнер бөлімін ашуға кірісіп жатырмыз, ал жуырда жеміс ағаштары және огород егуді де қолға алмақпыз...Оның үстіне Торғайда ерекше қолөнер мектебін ашпақшымыз, оны қадірлі ақсақалымыздың құрметіне «Яковлев мектебі» деп атамақшымыз».

Торғайда тұңғыш ашылған осы қолөнер мектебінің жұмысын алға бастыру оңайға соқпады. Ең қажеттісі – арнайы оқулықтар, маман оқытушылар жоқтың қасы еді. Бар жауапкершілік инспектор Ыбырай Алтынсариннің мойнына түсті. Ол тағы да орыс достарының көмегіне жүгінеді. Ильминскийге хат жазып, «қайырымды жүрегіңізден қазақ халқын оқыту ісіне де кішкене орын беріңіз, ақыл – кеңесіңізді айтып отырыңыз, іскер оқытушылар жіберіңіз» деп өтінеді [1881 жылы 4 қыркүйектегі хатынан]. «... Сізде қолөнер, бау – бақша, огород істерін, мал шаруашылығын және егіншілік кәсібін үйретуге арналған практикалық жеңіл оқу құралдары жоқ па?» деп сұрайды.

Мамандардың қат кезінің өзінде қолөнер мектебі үшін мықты кадрлар іздеген. Қазақ жерінде «Кадрлар бәрін шешеді» деген қағида Ыбырай Алтынсариннен бастау алады. Ыбырай Алтынсариннің мына бір хатынан үзінді келтірейік: «...ағаш – балта ұсталығы өнерінен сабақ беретін бір жақсы оқытушы табыла қалатын болса, оған пәтер беріп, оның үстіне 400 – 500 сом берудің де тәсілін табар едім, ал 450 сом жалақыны қалай да берер едім»[В.В. Катаринскийге, 1883ж,1сәуір].

Қолөнер мектебі ашылғаннан кейін де тыным таппай, ондағы оқу – тәрбие жұмысын қадағалап, ақыл – кеңесін беріп отырған. Сол үшін де бірнеше мәрте іссапарға шыққанын мына бір сөздері айғақтайды: «Арғы күні тағы да Торғайға жүргелі отырмын. Онда жаңа ашылған қолөнер мектебінің жұмысы қалай жүріп жатқанын байқау үшін және оның шаруашылығын біржола жолға салу үшін Торғайда осы айдың аяғына дейін болмақпын».

Ыбырай Алтынсарин осылайша атқарылуы тиіс шараларды алдын-ала жоспарлап, тиянақты орындап отырған. Инспектор Ыбырай Алтынсарин өзі бас болып, қолөнер училищесін бітіргендерді сынақтан өткізіп, мамандықтарына сәйкес куәліктерін тапсырған. «Алғашқы мамандардың ішінде Торғай уезінің Шұбалаң болысындағы № 2 ауылдың азаматтары Мығымбай Көркембаев пен Бижан Айдарбеков ағаш шебері және токарь мамандықтарын алды. Олар Торғай даласындағы тұңғыш қолөнер мамандары еді».

Қандай да бір оқу орнын ашу үшін, әрине, қаражат, құрылыс материалдары қажет. Ыбырай Алтынсарин мұның да жолын тауып отырған. Ел ішінен қамқоршылар тауып, олардың көмегіне жүгінген. Олар бірдей бөрене, кірпіш түрінде материалдар беріп демеушілік жасаса, енді бірде ақшалай жәрдемдесіп отырған. Сондай-ақ қазақ арасынан кедейлерден басқасынан үй басына бір сом ақша жинауды ұйымдастырып, кәсіби мамандар даярлау мәселесін ұтымды шешуді қолға алғанын ұлы педагогтың мына сөздері дәлелдейді: «... мен енді осы ақшаның бірқатарын Қостанайда бір жүні берік негізге қойылған техникалық және ауыл шаруашылық училищелерін ашуға жұмсаған пайдалы болар еді деп ойлаймын».

Ыбырай Алтынсарин Красноуфимск училищесі секілді облыста қазақтар үшін арнаулы ауыл шаруашылығы мектебін ашу туралы жоба ұсынған. Бұл ауыл шаруашылығы мектебінде оқу ісі түгелінен тәжірибеге негізделіп қойылған, онда: былғары илеу, сабын қайнату, май шайқау, құмыра жасау істері, ағаш - токарь, ұста – слесарь өнерлері, ал, ауыл шаруашылығынан – огород егу, бау-бақша салу, мал шаруашылығы, егіншілік жайлары үйретілді, осылармен қабат жаңа машиналармен, олардың құрылыстарымен таныстырылды, мал емдеу тәсілдері, астыққа зиянды жәндіктермен күресу тәсілдері үйретілді. Ол техникалық мәні бар шараларды іске асыру сахарадағы қазақтарға игі әсерін тигізеді деп санады.

Кәсіптік білім беру ісін дамыту бағытындағы Ыбырай Алтынсарин қызметінің сан қырлы, ауқымының кең болғандығын көреміз. Оқу ісінің инспекторы Ыбырай Алтынсарин мырза болашақ мамандардың іс тәжірибесіне қажетті мәселені де өзі бас болып қолға алып, шешімін табуға құлшына кіріскенін байқаймыз.

Осы айтылғандардың бәрінен түйетініміз: Ыбырай Алтынсарин – қазақ жеріндегі кәсіптік білім беру ісінің негізін қалаған аса ардақты тұлға, табанды қайраткер.

Ыбырай бабамыз көзін тапқан кәсіптік білімнің бүгінде кеңге қанат жайғаны мәлім. Ұлы педагогтың кәсіптік білім беру ісіндегі тағылымды қарекеті қазіргі таңда жаңаша мазмұн – сипатқа ие болып, заман талаптарына сай жалғасын табуда. Құдды бір Ыбырай дәуірі жаңғырып қайта оралғандай, қазіргі еңбек нарығы талаптарына сай, түрлі салада қызмет көрсете алатын мамандық иелеріне сұраныс артуда.

Соңғы жылдары шетелдік жұмысшыларға иек артуды доғарып, өзіміздің отандық жоғары білікті жұмысшы күшіне деген сұраныс артып отырды. Оларды дайындаудың қажеттігі – экономикалық тұрғыдан ілгері басудың алғы шарттарының бірі. Дамыған елдерде жұмыс күшін кәсіби деңгейде дайындау тұрақты дамудың кілті саналады. Озық тәжірибе – баршаға ортақ.

Осыған орай бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауда кәсіптік – техникалық білім беру жүйесін дамыту қажеттілігі ескеріліп, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілгені белгілі. Бұл бағдарламаның басты мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту. Еліміздегі ішкі еңбек нарығы техникалық және кәсіптік білімі бар өз кадрларымызбен қамтамасыз етілмей отыр. Алдағы уақытта кәсіптік және техникалық білім беру ісіне 58 млрд көлемінде қаржы жұмсалып, 45 кәсіптік лицей, 41 жатақхана салу міндеттелген. 2011 жылға қарай техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде оқитын жастар саны 24 % - ға, яғни 750 мыңға дейін өсетін болды [«Қостанай таңы» 2009 жыл,шілде].

Кәсіптік және техникалық білім беру мәселесі сондай – ақ Қостанай облысында да қолға алынған.Қостанай облысында кәсіптік білім жүйесі бойынша 16 кәсіптік лицей мен 28 колледж жұмыс істейді, онда 32 мың жас білім алуда. Соңғы 5 жыл ішінде кәсіптік білім беретін мекеме саны тоғыз бірлікке көбейген [«Қостанай таңы» 2009, шілде].

Ыбырай бабамыз іздеген жақсы оқытушылар бүгін де қажет. Соңғы жылдары елімізде құрылысшы, дәнекерлеуші, электрмен жабдықтаушы, токарь, тас қалаушы, техникалық, медициналық, ақпараттық құрал – жабдықтардың шебері, тігінші, аспазшы және тағы басқа жұмысшы мамандарға сұраныс артып отыр.

Осыны ескере отырып, қазіргі оқу орындары бұрынғы мамандықтармен қатар, болашақ тігінші, аспазшы, тас қалаушылар, құрылысшы даярлау ісін қолға алған.

Ұлы ағартушымыз Ыбырай Алтынсарин негізін қалаған кәсіптік білім беру ісі бүгінде лайықты жалғасын тауып, жандана түсуде.

М.Әуезовтің «Ыбырай Алтынсарин» атты еңбегінде «Ыбырай бірінші ұлтшыл әлеумет қызметкері», «ұлт мектебінің іргесін қалаған бабасы» деген баға береді [«Қазақ тілі мен әдебиеті» 2.2008].

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстаны қарқынды дамуы кәсіптік білім беру ісінің сапалы деңгейіне тәуелді екені ақиқат. Сондықтан осы сала қызметкерлері Катаринскийдің А.В. Васильевке «Ыбырайша ойла, жұмыс істе, оның оқу – ағарту саласындағы идеяларын жалғастыра бер» - деп айтқан сөздерін ескеріп жүрсек, ұтылмасы хақ деп ойлаймын.

Пайдаланған әдебиеттер.

  1. Ә. Дербісәлин. Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметі туралы. Алматы, 1958.

  2. Қ. Бейсембаев. Қазақ ағартушыларының әлеусеттік-саяси филисофиялық көзқарастар туралы. Алматы, 1958.

  3. Ә. Сытдықов. Ы. Алтынсаринің педагогикалық мұралары.

Алматы: «Рауан», 1991.

  1. Ә. Сытдықов. Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі. Алматы: «Мектеп», 1969.

5. С. Қалиев.Алтынсариннің таңдамалы педагогикалық мұрасы. Алматы, 1991

6. «Қазақ тілі мен әдебиеті» 2.2008 жыл.

7. «Қостанай таңы» 2009, шілде.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 07.09.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Статьи
Просмотров29
Номер материала ДБ-179482
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх