Инфоурок Другое КонспектыЫбырай Алтынсарин 175 жыл

Ыбырай Алтынсарин 175 жыл

Скачать материал

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ы. Алтынсаринға 175 жыл толуына арналған 
«Тапқыр достар» ойыны.
Мақсаты: Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету;

·         Қатысушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау; 

·         Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ойын сабағы.
Көрнекілігі: слайд, интерактивтік тақта.
Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалімнің алғашқы сөзі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар, ойынға қатысушылар! Бүгінгі 7-8 А сыныпта өткізілгелі отырған «Тапқыр достар» ойынына қош келдіңіздер! Ойын, сайыс болғаннан кейін баға беруші қазылар алқасы болуы шарт, сондықтан алдымен әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Әділқазылар алқасының құрамында ұстаздар болады. Ал енді, сабағымызды бастамас бұрын Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқтала кетсек. Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Өз әкесі Алтынсары Ыбырайдың 4 жасар кезінде қайтыс болады, үлкен әкесі Балғожаның тәрбиесінде өседі. 1844 жылы Орынборда қазақ балаларына арналған жетіжылдық мектеп ашу туралы патша ережесі бекітіледі. Балғожа осы ашылмақ мектепке 1846 жылы 5 жасар немересі Ыбырайды жаздырып қояды. 1850 жылы 23 тамызда орыс-қазақ мектебі ашылып, қазақтардан 30 бала алынады, солардың бірі Ыбырай Алтынсарин болады. Алтынсаринның мектеп ашу, бала оқыту, ондағы тәлім-тәрбие жұмыстарын алдына нысана етіп қойып, белгілі жүйемен жүргізу мәселесі өз алдына, сонымен қатар ол өзінің педагогтік, тәрбиешілдік міндетін бір минут ұмытпай, оны әрбір ісінде жүзеге асыруға тырысады.
Әр топта 5 оқушыдан: Эмблемасы, топтың аты.
Ойынымыз 6 кезеңнен тұрады:
І Таныстыру.
ІІ Кім тапқыр? (Сұрақтарға жауап беру)
ІІІ Ойлан тап (ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру)
ІҮ Сөзтапқыш (суреттегі бейнені бейнелеп көрсету)
Ү Актерлік шеберлік (Ы.Алтынсариннің әңгімелерін көрсету)
ҮІ Қорытынды (жеңімпаздарды анықтау) 
І кезең- Таныстыру
Әр топ өздерін , эмблемаларын таныстырады.
(әділқазылар алқасы бағалау парағы бойынша бағалайды)
1топ: Топтың аты: Бүркіт (эмблемада бүркіттің суреті бейнеленген)
Тобымыздың ұраны: Бүркіттей боп самғаймыз,
Биікте де, көкте де.
Қол қусырып тұрмаймыз.
Көрінеміз биіктен.
1топта қатысушылар: 



2 топ: Топтың аты: Жалын (эмблемада оттың суреті бейнеленген)
Тобымыздың ұраны: Жалын болып жалындап,
От болып, лаулап жанамыз.
Қарсы топты әрқашан,
Жеңіп біз де шығамыз.
ІІ кезең – Кім тапқыр?

Әр топ басшысы жетон таңдап алады. Қай топқа қызыл түс түссе, сол топ бірінші боп қойылатын сұрақтарға жауап береді. 
Сұрақтары: (әр топқа 7 сұрақтан қойылады)
1 топқа қойылатын сұрақтар.
1. Ыбырай Алтынсарин кім?
2. Ыбырай неше жасында болған кезде әкесі қайтыс болады? (4 жасында)
3. Балқожа би деген кім? ( атасы)
4. Мектепті қай жылы бітіріп шығады? ( 1857 жылы)
5. 1864 жылы ашылған мектепке неше бала барады? (14 бала)
6. Ең алған шыққан кітабын атаңдар. ( қазақ хрестоматиясы)
7.Ы.Алтынсариннің өлеңдері,әңгімелері неге тәрбиелейді?


2 топқа қойылатын сұрақтар.

1.Ыбырай Алтынсарин кім?
2.Ыбырай қай жерде дүниеге келді?
3. Ыбырай қай жылы мектепке барады? ( 1850 жылы)
4. Ол қандай мектеп еді? ( орыс-қазақ мектебі)
5. Қай жылы мектепке Ыбырай ұстаз болады? ( 1864)
6. Ы.Алтынсариннің өлеңдерін атаңдар.
7.Қандай қалаларда мектеп ашты? (Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз)


ІII кезең –« Ойлан тап».
Ойыншылар ұяшықтарды таңдап, сол ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береді.




10



20



30



10



20



30



10



20



30



Бірінші бағандағы 10 саны – Берілген мақалды аяқта.( Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.)
Бірінші бағандағы 20 саны – Бейне сұрақ.
Бірінші бағандағы 30 саны – Суреттегі жазушы кім?(Абай Құнанбаев)
Екінші бағандағы 10 саны – Ы.Алтынсарин қай жылы дүниеге келді?
Екінші бағандағы 20 саны – Бейне сұрақ.
Екінші бағандағы 30 саны – «Менің атым- Қожа» әңгімесінде Қожа өз-өзіне қандай уәде береді?
Үшінші бағандағы 10 саны – 10 ұпай сыйға беріледі.
Үшінші бағандағы 20 саны – Берілген өлең шумағын жалғастыр.
Үшінші бағандағы 30 саны – Бейне сұрақ.
IҮ кезең – Сөзтапқыш (суреттегі бейнені бейнелеп көрсету)

http://kzbydocs.com/tw_files2/urls_9/12/d-11950/7z-docs/1_html_40e0792f.png - иттің қимылын көрсетеді немесе бейнелеп айтады.

http://kzbydocs.com/tw_files2/urls_9/12/d-11950/7z-docs/1_html_md8d3dfa.png- кеме. http://kzbydocs.com/tw_files2/urls_9/12/d-11950/7z-docs/1_html_6e186c0d.png - шырша.


http://kzbydocs.com/tw_files2/urls_9/12/d-11950/7z-docs/1_html_m6f9836cb.png- торт. http://kzbydocs.com/tw_files2/urls_9/12/d-11950/7z-docs/1_html_m3217fb93.jpg -карта.

http://kzbydocs.com/tw_files2/urls_9/12/d-11950/7z-docs/1_html_7f076aaa.jpg -тақта. http://kzbydocs.com/tw_files2/urls_9/12/d-11950/7z-docs/1_html_m38461eae.png - гүл.


Бейне клип Ы.Алтынсарин туралы.

Ү кезең – Актерлік шеберлік.
2 топ өздері Ы.Алтынсариннің әңгімелерін сахналайды.

ҮI кезең - Қорытынды:
Адамға ақыл беретін кімдер? – депті бір қария жас жігітке.
- Ана тілі ғой ақыл беретін, - депті жігіт.
- Жоқ балам, ана тілі ойды өсіреді. Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы екенін
ұмытпа. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Жақсы ақыл  адамды тез есейтеді. Адамға ақыл беретін адал дос. Адал дос ақылшың, 
ақылшы дос – жақының. Досы көптің табысы көп, табысы көптің жақыны көп. 
Достықтың көзі ақылдан басталады, - депті қарт.
Ендеше осымен «тапқыр достар» ойынын әсем әнмен аяқтаймыз.
Соңында «Отан» туралы ән орындалады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Майтүбек жалпы орта білім беретін мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: 

Ы. Алтынсаринға 175 жыл толуына арналған 
«Тапқыр достар» ойыны.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып: 7-8 «А»

Сынып жетекшісі: Кайракбаева А.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

 

 

 

 

 

 

 

Сынып сағатының талдауы

 

Сынып: 7-8 а

Сынып жетекшісі: Кайракбаева А.Б.

Сыныпта 9 оқушы қатысты.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ы. Алтынсаринға 175 жыл толуына арналған 
«Тапқыр достар» ойыны.
Мақсаты: Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету;

·         Қатысушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау; 

·         Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ойын сабағы.
Көрнекілігі: слайд, интерактивтік тақта.
Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалімнің алғашқы сөзі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар, ойынға қатысушылар! Бүгінгі 7-8 А сыныпта өткізілгелі отырған «Тапқыр достар» ойынына қош келдіңіздер! Ойын, сайыс болғаннан кейін баға беруші қазылар алқасы болуы шарт, сондықтан алдымен әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Әділқазылар алқасының құрамында ұстаздар болады. Ал енді, сабағымызды бастамас бұрын Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқтала кетсек.

Әр топта 5 оқушыдан: Эмблемасы, топтың аты.
Ойынымыз 6 кезеңнен тұрады:
І Таныстыру.
ІІ Кім тапқыр? (Сұрақтарға жауап беру)
ІІІ Ойлан тап (ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру)
ІҮ Сөзтапқыш (суреттегі бейнені бейнелеп көрсету)
Ү Актерлік шеберлік (Ы.Алтынсариннің әңгімелерін көрсету)
ҮІ Қорытынды (жеңімпаздарды анықтау) 
ҮI кезең - Қорытынды:
Адамға ақыл беретін кімдер? – депті бір қария жас жігітке.
- Ана тілі ғой ақыл беретін, - депті жігіт.
- Жоқ балам, ана тілі ойды өсіреді. Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы екенін
ұмытпа. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Жақсы ақыл  адамды тез есейтеді. Адамға ақыл беретін адал дос. Адал дос ақылшың, 
ақылшы дос – жақының. Досы көптің табысы көп, табысы көптің жақыны көп. 
Достықтың көзі ақылдан басталады, - депті қарт.
Ендеше осымен «тапқыр достар» ойынын әсем әнмен аяқтаймыз.
Соңында «Отан» туралы ән орындалады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тобымыздың ұраны: 

Жалын болып жалындап,
От болып, лаулап жанамыз.
Қарсы топты әрқашан,
Жеңіп біз де шығамыз.

 

Тобымыздың ұраны: 

Бүркіттей боп самғаймыз,
Биікте де, көкте де.
Қол қусырып тұрмаймыз.
Көрінеміз биіктен.



 

 

10
 


Бакша агаштары

 

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.
- Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.
- Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы.
- Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,-деді баласы.
- Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді.

 

 

 

 

 

Әке мен бала

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:

—Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп.

Бала әкесіне:

— Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді.

Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.

Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:

— Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді.

 

 

 

 

http://kzbydocs.com/tw_files2/urls_9/12/d-11950/7z-docs/1_html_md8d3dfa.pnghttp://kzbydocs.com/tw_files2/urls_9/12/d-11950/7z-docs/1_html_md8d3dfa.pnghttp://kzbydocs.com/tw_files2/urls_9/12/d-11950/7z-docs/1_html_md8d3dfa.pnghttp://kzbydocs.com/tw_files2/urls_9/12/d-11950/7z-docs/1_html_md8d3dfa.pnghttp://kzbydocs.com/tw_files2/urls_9/12/d-11950/7z-docs/1_html_md8d3dfa.pnghttp://kzbydocs.com/tw_files2/urls_9/12/d-11950/7z-docs/1_html_md8d3dfa.pnghttp://kzbydocs.com/tw_files2/urls_9/12/d-11950/7z-docs/1_html_md8d3dfa.pnghttp://kzbydocs.com/tw_files2/urls_9/12/d-11950/7z-docs/1_html_md8d3dfa.pnghttp://kzbydocs.com/tw_files2/urls_9/12/d-11950/7z-docs/1_html_md8d3dfa.pnghttp://kzbydocs.com/tw_files2/urls_9/12/d-11950/7z-docs/1_html_md8d3dfa.png

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ыбырай Алтынсарин 175 жыл"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Тьютор

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 366 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.11.2016 2836
    • DOCX 1.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кайракбаева Алмагуль Базарбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9741
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой