Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / "Ыбырай Жакаев - 125"

"Ыбырай Жакаев - 125"

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы:Дән атасы -Ыбырай.


Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларға Ыбырай Жақаев туралы мағлұмат беру,күріш өсіру тарихи мұражайы туралы түсінік беру.2.Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру,еңбек адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі;Ы.Жақаев портреті,Еңбек Ерлерінің суреттері.

Техникалық құрал;Интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы;Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе:

Шежірелі Шиелінің отырықшылыққа мойын бұрғаннан кейінгі сенгені егіншілік еді.1940 жылы Шиелі каналының жүрер жолына күріш егіп,22 центнерден өнім алған Ы.Жақаев араға 7 жыл салып дүниежүзілік рекорд жасады.Еңбегімен елге танылған екі мәрте Еңбек Ерінің Алтын жұлдызын төсіне қадаған,Ақ күріштің атасы ,дала академигі атанды,ерен еңбегінің арқасында елімізді әлемге танытқан диқан бабамыз Ы.Жақаевтың 120-жылдық мерейтойы атап өтілуде.

2сынып оқушыларының «Дән атасы-Ыбырай»атты әдеп сабағын ашық деп жариялаймыз.

Оқушыларды 3-топқа бөлу.

1-топ.Диқаншылар тобы.

2-топ.Еңбеккерлер тобы.

3-топ.Саяхатшылар тобы.

1-топқа тапсырма.Өмірбаянына тоқталу.

1.Бақытын еңбектен тапқан,қаһарман еңбегімен елінің де,өзінің де даңқын шығарған кемеңгер диқан-Ы.Жақаев.

2.Ы.Жақаев Сыр бойындағы « Қарғалы» елді мекенінде 1891жылы дүниеге келді. Жастайынан әкесінің соңына еріп,диқаншылықтың қыр-сырына қанығып өсті.

3.1929жылы «Қызылту» колхозына мүше болып кіріп,диқаншылықты кәсіп етті.

4.Сұм соғыстың да аязы арқасын қарымай қоймады.Бауыры мен баласын майдан шебіне аттандырып,өзі тыл даласында ертелі-кеш жер жыртып,дән сеуіп,оны баптаудан жалықпады.

5.Өзінің бойындағы ерен күші мен еңбек сүйгіштігінің арқасында күріш дақылынан мол өнім алудың алғашқы үлгісін көрсетіп,1947ж

Дүниежүзілік рекорд жасады.

2-топқа тапсырма.Қандай еңбегімен көзге түсті.Диқаншы атамыздың еңбек жолдарына тоқталып өту.

1.Сыр маржаны деп атау алған күріш дақылын өсірудің қас шебері,ақ күріштің атасы,дала академигі-Ы.Жақаев.

2.Ол ұзақ жылдар бойы күріштен өнімді мол ала отырып оны егу,күтудің агротехникасын жетілдіруге үлес қосты,кейінгі жастарға ақылшы ұстаз болды.

3.Күрішшілер звеносына жетекшілік жасап,әр гектар күріштен 22центнер өнім алды,ал 1941ж.өнім екі есеге жоғарлады.

5.Келесі 1942ж.Ы.Жақаев звеносы тың жерден егіс алқабын таңдап,аялы алақанымен жас баладай күтіп,гектарына 84центнерден өнім алды.

7.1947ж.-171центнерден өнім келтіріп,бұл көрсеткіш дүниежүзілік рекорд болып бағаланды.

8.Үкімет пен партияЫ.Жақаевтың көп жылдар бойғы жемісті еңбегін жоғары бағалап,1949-1971жылдары екі рет «Социалистік Еңбек Ері»атағы берілді.

9.Әйгілі күріш өсіруші Ы.Жақаев атамыз «Ленин»және «Қызыл ту»орденімен,бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмелерінің 4алтын медалімен марапатталған.

10.Даңқты диқан Ы.Жақаев осындай мағыналы ғұмыр кешіп,артында өшпестей із қалдырған ардақта азамат.

3-топ.Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихи мұражайында көргендерін әңгімелеу.

Қазір ауданымызда өзі құрған «Қызыл Ту»колхозы мен бір орта мектеп және орталық бір көше,Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі-инженерлік институты Ы.Жақаев есімімен аталады.

2.1982ж.бері Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихи музейі жұмыс істеп келеді.

3.Музей үш көрме залынан тұрады.

1зал;- «Сыр өңіріндегі күріштің даму тарихы»деп аталады.

Күріш-ерте заманнан келе жатқан ауыл шаруашылық дақылы.

4.19ғасырдың аяғында Сырдария өзенінің төменгі бойындағы

Тұрақты күріш өсіру аймағы Шиелі қыстағы маңында пайда болғандығын,Танапты күріш егуге даярлау,күріш егістігін арам шөптерден тазарту сияқты суреттермен экспозицияланған.

5.2зал; «Ыбырай және оның жетістіктері»деп аталады.

Ы.Жақаев қоғам қайраткері,шет елдерге сапары,өмірінің соңына

Дейінгі еңбек жолдары,1964жылғы облыс жастарына жазған Үндеу хаты,Жақаевшылар қозғалысының басталу кезеңі экспозицияланған.

6.Ы.Жақаевтың өзі ұстап киген киімдері,бөркі,костюмі,қазақы қалпағы,шекпені және Кореяға барған сапарда кәрістердің сыйға

Тартқан жадағай шапаны қойылған.

7.Атамыздың ұстап,тұтынған құрал-саймандары;ер тұрманы,қор-

Жыны,кетпені,қол орағы,шалғы орағы,шәйнегі,қол шамы және 40л.

Самаурыны қойылған.

8.Одан кейінгі планшетте ақын-жазушылармен,отбасымен,әріптестерімен түскен суреттері қойылған.

3-зал; «Еңбек майталмандары»деп аталады.

9.Ы.Жақаевтың облыс көлеміндегі ізбасарлары,Жақаевшыл жастардың екпінді еңбегі экспозицияланған.

10.Шиелі ауданынан шыққан Социалистік Еңбек Ерлері Закира

Ержанова,Ш.Қазанбаева,Ұ.Алтайбаева сияқты атақты күрішшілердің суреттері мен құжаттары қойылған.

2-бөлім.

Сұрақ-жауап,(ұяшықты ) таңдау.

1.Қызылорда облысының ең басты байлығы не ?

2.Күріш өсіруден дүниежүзілік рекорд жасаған кім?

3.Шиелі ауданының даңқты еңбек ерлерін ата.

4.Ы.Жақаевтың аса бағалы дақыл-күріш өсіру жайында

ізбасарларына қалдырған өсиеті.

Қорытынды.

Диқан бабаның өмір жолына көз жүгіртсек,тек аграном емес,

Философ болғанын да аңғаруға болады .

Сыр жері-күріш өсіруде дүниежүзілік рекортың туын тіккен жер

Біз сол туды еш уақытта қолдан сусытпауға тиіспіз оны әрқашан жоғары ұстап,абыроймен алға апару зор мәртебе –деп атамыз

Күрішшілерге өсиетін,қанатты сөздерін,жер,еңбек туралы жазған

Ой-пікірлерін оқи отырып,бойға қуат алуға болады.Сөзімнің соңын дала академигінің жақсы арман жаста да,қартта да болады,арманның болмағаны,өмірдің таусылғаны»деген қанатты сөзімен аяқтаймын.Бабамыз арманына жетіп,еңбек айдынында ақ күріштен тау тұрғызған.Біз осы кісілерден үлгі ,өнеге аламыз деп ойлаймын.

Тәрбие сағатымызды сынып оқушыларының шумақ өлең,ән бағдарламасымен аяқтаймыз.



Автор
Дата добавления 10.09.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров179
Номер материала ДБ-185557
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх