Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Құқық-әділет пен парасат жолы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Құқық-әділет пен парасат жолы

библиотека
материалов

Б.Майлин атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектеп





hello_html_m5478f5a.gif



/ Танымдық сайыс /















Арқалық 2016


Құқық-әділет пен парасат жолы


Сабақтың мақсаты :

Білімділік : Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, тереңдету

Тәрбиелік : Конституцияны, т.б. заңдық күші бар нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, Заң алдындағы жауапкершілігін артыру, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың тыңдау, ойлау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.

Сабақ түрі : Танымдық сайыс

Сабақ әдіс-тәсілдері: Сұрақ – жауап, иллюстрациялық тәсіл, шешендік сайыс, сөзжұмбақ жарысы

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, қазақ тілі, қазақ әдебиеті.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, заңдық әдебиеттер, буклет, арнайы үлестірмелер, плакаттар.

Ойынға қатысыушылар: 12 ойыншы, 1 жүргізуші, әділқазылар алқасы.


Сабақ барысы:

Кіріспе сөзді мұғалім бастайды

-Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар!

Тақырыптың өзектілігін дәлелдеу үшін ҚР Президентінің жолдауына тоқталсақ, онда демократияны, саяси жүйені, құқықтық тәртіп пен заңдылықты одан әрі дамыту мәселесіне, азаматтардың Конституция мен еліміздің заңдарының орындауын қамтамасыз етуге ерекше мән берген.

Президет Жолдауына сәйкес заңды бұзған адам құқықтық жауапкершілікке тартылуы, заң қалай бұрсаң солай бұрылатын тәрте емес екенін әркім ұғынуы тиіс екендігіне, өйтпейінше құқықтық мемлекет пен демократиялық қоғам құра алмайтындығымызға баса назар аударылған. Адамның және азаматардың құқықтары мен бостандықтары Ата заңымызда толық, жан-жақты көрініс тапқан. Өйткені, қазір ҚР Конституциясы еліміздегі барлық заңдардың қайнар көзі болып табылады.

Біздің мектептің 8-сынып оқушыларынан құрылған «Ф» және «Э» топтарының құқықтық білім сайысын тамашалаңыздар

Ойынға екі топ қатысады. Ең көп ұпай алған топ жеңіске жетеді

Сайыс барысы төмендегідей кезеңдерден тұрады:

1. Шынығу кезеңі.

2. Ойды аяқта.

3. Тарих тереңіне үңілсек

4. Құжатты тани біл

5. Ой елегінен өткіз

6. Өз тобының атын қорғау

7. Құқық қорғаушылар сапарға шығады

8. Қорытынды кезеңі




І. «Шынығу» кезеңі

Топтарға үлестірмелер үлестіріледі Онда құқықтық терминдері, даталар, т.б. жазылған. Алған оқушы дайындықсыз жауап беріп, бір ұпай жинайды.


ІІ. «Ойды аяқтау» кезеңі (мақал-мәтелдерді аяқтау)

Ойды жылдам , сауатты аяқтай білген топ мүшесі 1 ұпайға ие болады.

1. Ұрлық түбі - ... (қорлық)

2. Біреуге ор қазба- ... (өзің түсесің)

3. Заңның құрығы - ... ( бәрінен ұзын)

4. Өтіріктің құйрығы ... (бір-ақ тұтам)

5. Тура биде ... (туыс жоқ)

6. Туғанды биде ... ( иман жоқ)

7. Қолыңмен істегеніңді ... (мойныңмен көтер)

8. Еңбек түбі ... (зейнет)


ІІІ. «Тарих тереңіне үңілсек» кезеңі

Әр топқа әлемдік құқықта, тарихта қалған негізгі заңдар мен ережелердің аттарын дұрыс хронология бойынша тізіп жазу тапсырмасы беріледі. Тапсырма күрделі болғандықтан оқушылар мұғалімнен көмек сұрауына болады.


«Эрудит» тобына дүние жүзі тарихы бойынша

1. Салон заңдары

2. Хаммурапи заңдары (Вавилон заңдары)

3. Орыс шындығы «Салистік шындық»

4. Ману заңдары (Үндістан заңдары)


Дұрыс жауыбы (хронологиялық тізбек бойынша)

1. Ману заңдары (Үндістан заңдары)

2. Хаммурапи заңдары (Вавилон заңдары)

3. Салон заңдары

4. Орыс шындығы «Салистік шындық»


«Фемида» тобына Қазақстан тарихы бойынша

1. Тәуке ханның «Жеті жарғысы»

2. Шыңғыс ханның жасасы

3. Есім ханның ескі жолы

4. Қасым ханның қасқа жолы


Дұрыс жауыбы (хронологиялық тізбек бойынша)

1. Шыңғыс ханның жасасы

2. Қасым ханның қасқа жолы

3. Есім ханның ескі жолы

4. Тәуке ханның «Жеті жарғысы»

IV «Құжатты тани біл» кезеңі

Мұғалімді ұстаз ретінде сыйлауға, білімді меңгеруге, қатыгездікке, өтірікке қарсы күресуге, қоғамды силауға, сауда-саттықпен айналысуға, ішімдікті ішуге, шылым тартуға арналған, т.б. заңды құжаттардан үзінділер оқып оқушыларға таптыру.

Берілген немесе ұсынылған құжаттың ресми дұрыс атауын айту. Дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады.


1 тапсырма «Фемида» тобына

Жұмағалиев Асқар Болатұлы 2002 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің тарих факультетіне түсіп, 2006 жылы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің толық курсын аяқтап шықты. Мемлекеттік аттестаттау комиссия шешімі бойынша тарих пәнінің мұғалімі біліктілігі берілді. Ол қандай құжатқа ие болды? (жоғары білімді маман екенін дәләлдейтін құжат диплом)


2 тапсырма «Эрудит» тобына

Азамат: Болатов Абай Темірұлы

Туғант жылы: 21. 07. 1990

Туған жері: Кеңжыра ауылы, Ақсу ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы

Бұл жөнінде туу туралы актілерлі тіркеу кітабына

1990 жыл шілде айының 24 күні жазылды

Әкесі: Тоқтаров Темір: Болатұлы

Ұлты: қазақ

Шешесі: Мұратова Сайлаугүл Байсақалқызы

Ұлты: Қазақ

Тіркелген орны: АХАЖ Жансүгір кенті

Берілген уақыты: 24 шілде 1990жыл

Бұл қандай құжат? (туу туралы куәлік)

V «Ой елегінен өткіз» кезеңі

«Ойлан, артығы бар ма? Тапсаң, сызып таста». Берілген тапсырмадан артық сөз, ұғымдарды сызып, қателерді айтады.


«Фемида» тобына

Оқушының құқықтары:

Білім алуға, емделуге, демалуға, ұрлық жасауға , қоршаған ортаны ластауға, өз сыныптастарына кедергі жасауға


«Эрудит» тобына

Оқушы міндеттері:

Білім алуға, ата-анасын тыңдауға, басылымдарды жаздыртуға, үй тұрғызуға, оқулығын күтіп ұстауға, т.б.




VI «Өз тобыңның аты» кезеңі (сөзжұмбақ шешу)

Әр топ сөзжұмбақ ретінде мұғалім берген тапсырманы дұрыс орындап, терминдер атын дұрыс жаза білсе, өз тобының атын шығарып алады.

Сөзжұмбақты жылдам, қатесіз, бірінші болып шешкен топ 10 ұпай алады.

Сөзжұмбақ «Фемида» сұрақтары

1. Маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу немесе заң қабылдауды бүкіл халықтық дауыс беру арқылы шешуді қалай атаймыз? (Референдум)

2. Мемлеккеттік биліктің бірлігін, жоғарылығын және дербестігін айқындайтын ұғымды білдіретін атау (Егемендік)

3. Қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт? ( Мемлекет)

4. Мемлекеттің негізгі заңы ... (Конституция)

5. Халық биліктің қайнар көзі ретінде танылуын негіз еткен, қоғамның саяси ұйымдастыру формасын ата (Демократия)

6. Адамдардың жүріс-тұрысы мен өмір сүру қалыптарын үйлестіріп, реттеу үшін мемлекет шығаратын жарлық, ереже. (Заң)


Сөзжұмбақ «Эрудит» сұрақтары

1. Карл Маркстің досы (Энгельс)

2. Пирамида және сатылы форма сипатында құрылған (басқару) жүйесі (Иерархия)

3. Сотта куәлік беретін адам (Куәгер)

4. Заңдар жинағын жасау (Кодификация)

5. Саясатта партиялар мен қозғалыстардың қаншалықты танымал екендігін білдіретін белгі (Рейтинг)

6. Азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүддесін қорғайтын орган ( Сот)


VII «Құқық қорғаушылар сапарға шығады» кезеңі

Әр топ тақтадағы көрнекіліктерді пайдалана отырып, жағдаят (ситуация) құрайды және оны қорғайды. Жағдаятты құрауға 3 минут, қорғауға 2 минут беріледі. Топ таңдаған тақырыбы бойынша бірлесе отырып, жағдаяттың қағазға суретін салады. Топ басы тақтаға шығып, оны қорғайды Неғұрлым қызық құрылған жағдаятқа көбірек ұпай беріледі.


VIII Қорытынды

Мен жігіт 15-30 арасында

Бұл шақта көп бересім, аласым да

Жан-жағым толған мақсат, толған таңдау,

Алайын анасын ба, мынасын ба, - деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, тәуелсіз Қазақстан Республикасының болашақ құрылысшылары, құқықтық мемлекетімізді құруға ат салыса отырып, Сіздер Ата заңды құрметтеп, Отанға адал қызмет етер азамат болыңыздар. Келесі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

(Әділқазылар сөзі. Жеңімпаздарды мадақтау, құттықтау. т.б.)

Осымен «Құқық-әдіет пен парасат жолы» атты сайысын аяқтаймыз.

Сайыс кезеңдері:

1. Шынығу кезеңі

2. Ойды аяқта

3.Тарих тереңіне үңілсек

4. Құжатты тани біл

5. Ой елегінен өткіз

6. Өз тобының атын

қорғау

7.Құқық қорғаушылар

сапарға шығады

8. Қорытынды кезеңі

«Эрудит» тобына дүние жүзі тарихы

бойынша

Хронологиялық ретімен орналастыр


1. Салон заңдары

2. Хаммурапи заңдары

(Вавилон заңдары)

3. Орыс шындығы

«Салистік шындық»

4. Ману заңдары

(Үндістан заңдары)









«Фемида» тобына Қазақстан тарихы

бойынша

Хронлогиялық ретімен орналастыр


1. Тәуке ханның «Жеті жарғысы»

2. Шыңғыс ханның Жасасы

3. Есім ханның ескі жолы

4. Қасым ханның қасқа жолы



Автор
Дата добавления 30.11.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров27
Номер материала ДБ-404744
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх