Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / ІІ деңгей мұғалімінің А есебі

ІІ деңгей мұғалімінің А есебі


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Іс-әрекеттегі зерттеу туралы жазбалар

Мұғалімнің жазбалары

Екінші деңгей бағдарламасы мұғалімдерді оқыту мен оқудың табыстылығы туралы заманауи түсініктерге сай, бай білімді игеруге мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама бойынша мұғалім – ұйымдастырушы әрі бағыт-бағдар беруші.Елбасымыздың жолдауында «ХХІ ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі мазмұны жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады» – деп қазіргі кезде өзекті мәселе болып отырған, сапалы білім беруге ерекше назар аударған еді.

Педагог К.Д.Ушинский: «Біз жан – жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны жан – жақты зерттеп білуіміз керек» – деген еді. Бүгінгі таңда осы ой мұғалім әрекетінің тұжырымдамасы іспеттес. Соған байланысты оқушының тұлғалық құрылымымен басты белгілері мен сапаларын анықтаудың мәні зор.

Педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуын, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға, бағытталған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел әрі сапалы меңгертуге бағытталған. Жалпы біздің білім берудегі түйінді мақсатымыз: оқушыларға сапалы білім беру үшін бағдарламаның жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген төрт сабақтар топтамасын жоспарлап және оларды жүзеге асыру болатын.

Сол себепті мен жұмыс барысымдағы іс- әрекетімнің міндеттерін орындауым үшін педагогикалық жаңа әдіс-тәсілдерді кіріктіре отырып, соның ішінде басты назарымды «Сын тұрғысынан ойлауға үйретуге» бағыттадым. Жалпы сыни тұрғыдан ойлау бұл оқушылардың жан жақты ойлауымен қатар логикалық ойлау қабілетін дамытып, өз жеке пікірін қалыптастырады. Математика пәні қиын пән болғандықтан, оны пайымдау логикадан бастау алатындығы белгілі, ал логика бұл сын тұрғысынан ойлаудан бастау алады. Ал қазіргі заман талабына сай оқушылардың ойлау қабілетін дамыту арқылы өмірге бейімдеу, бұл әр ұстаздың алдына қойған мақсат-міндеті. Біз дәстүрлі білім беру үдерісінде ақпаратты ұсынамыз, оқушылардан осы ақпаратарды білуін және түсінуін талап етеміз. Осы тәжірибе оқушылардың білім алуға деген енжарлығына, селқостығына алып келіп отыр. Себебі төмен дәрежелі сұрақтар арқылы меңгерілген білімді өмірде пайдалана алмайды. ІІ деңгей бағдарламасы осы олқылықтарды толтырудың жолын нұсқайды.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі ретінде Ж.Пиаже мен Л.С.Выготскийдің теорияларын басшылыққа алдым.

Мұндағы мақсаты барлық жастағы оқушыларға, кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдап сабақтарды үйрету болатын. Белгілі ғалым Дайана Халперн «Сыни ойлау – ойлаған түп нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттап ойлану деген. Сыни ойлау – адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдердің маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни тұрғыдан ойлау дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі.

Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Нұсқаулықта айтылғанда: «Сын тұрғысынан ойлау» – еліміздегі білім беруді дамыту үшін ең маңызды болып табылатын, қазіргі кездегі ең басты педагогикалықтүсінік делінген. Сондықтан да бұл модуль мұғалімдердің де, оқушылардың да сын тұрғысынан ойлауын дамытып саналы және оймен қабылдауын көздейді. [Мұғалімге арналған нұсқаулық 41]

Сыни тұрғыдан ойлау деген бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, жинақтауға, анализ жасауға, бағалауға бағытталған пәндік шешім болып табылады. Сонымен қатар сыни тұрғыдан ойлау көбінесе баламалы шешімдерді қабылдауға, бір нәрсені елестетуге, ойлау және іс – әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларының негізгі тізбесіне талдау, пайымдау, қадағалау, түсіндіру, метатану, қорытынды жасау, бағалау енеді. [Мұғалімге арналған нұсқаулық 42]

Мен меңгерген оқыту мен оқудың жаңаша әдіс тәсілдерін тәжірибеме енгізу үшін, тәжірибемдегі алғашқы зерттеу жұмысымды ұйымдастыру үшін өзім сабақ беретін сыныптардың ішінен 6«Б» сыныбын таңдап алдым. Мұндағы басты себеп осы сыныпта бірнеше жылдан бері жұмыс істеп жүріп балалардың мүмкіндіктерін білуім және осындағы дарынды, талантты балалардың сыни ойлауын дамытудағы әрекеттерін бақылау. 6«Б» сыныптың сынып жетекшісімен, оларға сабақ беретін пән мұғалімдерімен сұхбаттасқанда, сыныптың өзекті мәселесі-оқу сапасы жоғары көрсеткіш көрсеткенімен, белсенділігі мен сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері төмен, тек мұғалімнің жетектеуімен жүрген деген ойлар айтылды. Әріптестердің жоғары көрсеткіш деп отырғаны ойлау деңгейінің білу, түсіну кезеңдеріне сәйкес келеді. Мен осыдан кейін қазіргі заман талабына сай, тез бейімделе алатын, сөйлеу мәдениеті мен сыни тұрғыдан ойлау қабілеті жоғары жан-жақты тұлғаның жеке қасиеттерін дамыту мақсатында 6«Б» сыныбымен жұмыс жасауды жөн көрдім. Зерттеу сабағымды жүргізбес бұрын, іс-әрекет барысында сыныпқа сауалнама жүргізіп алдым. Жалпы мектеп тәжірибесінде қабілеті жоғары және ынтасы төмен оқушылармен жұмыс бұрыннан жасалып жүрген дүние. Дегенмен, іс-әрекетті зерттеу барысында Малс сауалнамасын зерттеу басынды бірінші рет, сабақ соңында 2 рет алдым. 1, 2-қосымша. Нәтижесі бойынша Мұхаммедали (А), Даурен (В) және Бекзат (С) атты үш оқушыны таңдап, олардың бойындағы кездесетін өзгерістерді бақылау мақсатында зерттеу объектісі ретінде алдым. Іс әрекеттерді зерттеу барысында ең алдымен оқушылар мінез құлықтарын анықтау мақсатында «Сіздің мінезіңіз қандай» деген сауалнама жүргіздім. Сол сауалнаманың нәтижесі бойынша (А) оқушым өте салмақты, байсалды, баяу, өзіне берілген тапсырманы асықпай, тиянақты етіп орындайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді, алғыр, сабаққа деген ынтасы өте жоғары. Сондықтан мен оны флегматикке жатқыздым. (В) оқушым өте шапшаң, қызығушылығы, көңіл күйі, ұмтылысы өте тез өзгереді. Зейінін тез аударады, өзінің эмоциясын, ренішін жасырмайды.Сондықтан мен бұл оқушыны сангвиникке жатқыздым. (С) оқушым ұстамсыз, шыдамсыз, күйгелек, икемге көнгіш, елгезек. Сондықтан мен бұл оқушыны холерикке жатқыздым.

(А) Мұхаммедали

(В) Даурен

(С) Бекзат

Білім деңгейі жоғары, жан жақты елгезек алғыр оқушы. Ол тек сабаққа ғана емес мектепшілік іс шараларға белсене қатысады. Ғылыми жоба қалалық байқауларының жеңімпазы. Барлық сабақтарға қызығушылық танытып, белсенділік танытып отырады. Мінезі тұйық. Салмақты. Флегматик

Қабілеті жоғары болғанымен жалқаулық танытады. Үздік оқушылар қатарына үміткер. Тапсырмаларды орындау барысында белсенділік танытады. Топпен ынтымақтаса сабаққа қатысты. Мақтағанды ұнатады. Үнемі көтеріңкі көңіл күймен жүреді.

Сангвиник

Білім деңгейі қанағаттанарлық, топпен жұмыс істеуден қашқақтайды, өзінің қабілетін ашық көрсеткісі келмейді, өзінің пікірін толық жеткізе алмайды. Ал өзгерген сабақ барысында жақсы белсенділік танытты. Мінезі өте қырсық. Холерик

Малс сауалнамасының нәтижесі 1- кесте

Оқушының

аты-жөні

Балл 100

Бірлесе жұмыс істеуі 30 балл

Сенім-ділігі 25 балл

Тапсырмадан қашқақтауы 30 балл

Қалыс қалуы немесе оқшау болуы 15 балл

1

(А)Мұхаммедали

87/95

29/30

17/25

26/26

15/14

2

(В) Даурен

74/92

21/30

13/25

24/27

15/10

3

(С) Бекзат

70/89

18/30

11/18

26/27

15/14

Оқушылардың зейінін анықтау мақсатында сауалнама жүргіздім, соның нәтижесі бойынша Мұхаммедалидің зейіні өте жоғары, Дәурендікі жоғары, Бекзаттың зейіні орташа деген ұйғарымға келдім. Сонымен қатар оқушылар арасында пәндер рейтінгісін өткізіп, мынадай қорытындыға келдім: басында өткізгенде оқушылардың 9 көңілді, 10 оқушы бір қалыпты, 2 оқушы көңілсіз күймен сабаққа қатысатындарын білдірді. Ал сабағымның соңында өткізгенде 15 оқушы көңілді күймен, ал 6 оқушы бір қалыпты көңіл күймен сабаққа қатысатындарын көрсетті.

Басында өткізгенде оқушылардың 43% көңілді, бұл дегенім яғни төмен жағымсыз эмоционалды көрсеткіш болатын, ал сабағымның соңында өткізгенімде 71% көңілді , бұл жоғары жағымды эмоционалды көрсеткіш.

Сонымен қоса оқушыларға «Мен қандаймын» деген сауалнама өткіздім. Мұндағы мақсатым оқушылардың өздерін қалай бағалайтынын анықтау еді.

Қорытындым мынадай: А оқушым – өзін өте жоғары бағалайды, өз өзіне сенімі мол, В оқушым – өзін жоғары бағалайды, өзіне деген сенімі орташа, ал С оқушым – өзіне дегенде сенімсіздік танытты.

Сабақтарым қызықты да, тартымды болу үшін, көптеген , ресурстардан, ақпараттардан, тапсырмаларды іздестірдім. Мен математика пәні бойынша 7 модуль кіріктіріліп орта мерзімді жоспар мен тізбектелген төрт сабағымды Блум таксономиясы бойынша қысқа мерзімді жоспар құра отырып өткіздім. Зерттеу жұмысымды 6 «Б» сыныбының дәстүрлі сабаққа қатысуынан бастадым. Дәстүрлі сабақтарға кіргенде байқағаным- мұғалім сұрақ қояды, оқушы жауап береді. Жақсы оқитын 4-5 оқушы қол көтеріп сабақ айтады, қалған оқушылар оқшауланып қала береді. Мұғалім жаңа сабағын түсіндіріп, тек өзі ғана сөйлеп, кітаппен ғана шектелді.

Осы сыныпты таңдай отырып мен өз сабақтарымды жоспарлау барысында оқушылардың сын тұрғысынан ойлау арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған есептер мен тапсырмалар дайындауды, оларды ойлау деңгейлеріне сай біртіндеп ұсынуды басты назарда ұстадым. «Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету стратегиялары арқылы ойлау дағдыларын қалыптастыру» атты зерттеу сабақтарымды осылай жоспарлай бастадым.

Менің осы зерттеудегі мақсатым:

  • ойлау деңгейлеріне сәйкес келетін тапсырмаларды ойластыра отырып, оларды орындау арқылы білім алудағы оқушылардың өзіндік әрекеттерін бақылау.

Міндеті:

  • Ойлау деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар дайындау;

  • Сынып оқушыларын өз бетінше оқуға жағдай жасау үшін топтық жұмыстарды ұйымдастыру;

  • Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың сыни ойлауын бақылау.

Күтілетін нәтиже:

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы – оқушылар логикалық және әр түрлі деңгейлік есептерді шығара отырып, сындарлы оқуға дағдыланады және бәсекеге қабілетті болуға өзін-өзі дайындайды.

Себебі әрбір сабаққа жоспар құрғанда, балаға жаңа сабақты түсіндіргенде қандай әдіс- тәсілдерді қалай қолдану керектігін ойлануы керек. Сабақтарым қызықты да, тартымды болу үшін, көптеген , ресурстардан, ақпараттардан, тапсырмаларды іздестірдім. Мен математика пәні бойынша 7 модуль кіріктіріліп орта мерзімді жоспар мен тізбектелген төрт сабағымды Блум таксономиясы бойынша қысқа мерзімді жоспар құра отырып өткіздім. Зерттеу жұмысымды 6 «Б» сыныбының дәстүрлі сабаққа қатысуынан бастадым. Дәстүрлі сабақтарға кіргенде байқағаным- мұғалім сұрақ қояды, оқушы жауап береді. Жақсы оқитын 5-6 оқушы қол көтеріп сабақ айтады, қалған оқушылар оқшауланып қала береді.

Бұрынғы сабақ берудегі тәсілдерімді өзгертіп, сабағымды топтық жұмыстарға көбірек көңіл бөлгім келді. Өйткені жақын арада даму аймағында жұмыс жасаудың тиімділігін өзіміздің «бетпе бет» кезеңіндегі өз тәжірибем арқылы көз жеткідім. Топтық жұмыста бір бірімізбен ой алмаса отырып, құнды идеялардың туындайтындығын білдім. Сол себептен тізбектелген 4 сабағымды «Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті». тақырыбы бойынша бағдарламаға сай жоспарлап өткіздім. Жалпы менің төрт тізбектелген сабағым модульдерді қолдану арқылы мынадай артықшылылықтармен ерекшеленеді. Білу деңгейінде алғашқы өзгертілген сабағымды топтық жұмыстарды ұйымдастырудан бастадым, мозайкалар арқылы оқушыларды төрт топқа бөле отырып, сабақтың тақырыбын өздеріне болжап айтқызу үшін ой шақыру әдісі бойынша мозайкалардың келесі бетіндегі ребустарды шешкіздім. Осылай балалар бүгінгі сабақтың тақырыбын өздері тапты. Оған дәлел 1- сурет, 2- сурет

1-сурет 2-сурет

Мен сабақтарымда АКТ пайдалана отырып ой тастау, ашық, жабық сұрақтар қоя отырып, сыни тұрғыдан ойлату үшін «пропорция» тақырыбына видео роликтер көрсеттім. Көрсетілімдер оқушылардың эмоциялық, әлеуметтік, когнитивтік тұрғыдан дамуына жағдай туғызды, ЖАДА, яғни таным аймағында дамуына көп ықпалын тигізді, сонымен қатар оқушының белсенділігін арттырды. Топқа бөлінгеннен кейін топ басшыларын сайлап отырдық. Ойлаудың білу деңгейінде оқушыларға жабық, ашық сұрақтар қойып отырдым. Мысалы: қалай ойлайсың пропорцияның біздің өмірімізбен байланысы бар ма? Өмірде қай жерде кездестіруге болады? Қай салада көптеп кездестіруге болады? деген сұрақтарға көп сөйлемейтін Гүлназымның берген жауабы: «Жалпы математика біздің өмірімізбен тікелей байланысты. Соның ішінде пропорцияны медецина саласында, архитектура саласында, мүсіншілер, суретшілер өздерінің жұмыстарында көбірек қолданады. Жалпы пропорция тең бөлік деген мағынаға сай келеді.» деп өзінің ойын білдірді. Жалпы осы сабақ бойынша алты жабық, бес ашық сұрақ қойылды.Оқушыларға ашық сұрақтарға жауап беру басында қиыншылық туғызды. Өйткені, олардың сөйлеу мәдениетінің төмен деңгейде болуы, өз ойларын жеткізе алмауы, қысылатындары әсер етті деп ойлаймын. Келесі сабақтарымда кішкене болса да, оқушылардың сөйлеу мәдениеті, тыңдау мәдениеті дами түскені, өз ойларын ашық жеткізе алу дағдыларының қалыптаса бастағанын байқадым.

Қолдану кезінде жаңа тақырып аясында әр түрлі өмірмен байланысты пропорция тақырыбына арналған видеоларды көре отырып, оқушылар пропорция туралы тұжырымдаманы өздері қорытып шығарды.

Осы жерде оқушылар сыртқы реттелуден ішкі реттелуге өте бастады. Мен бұл жерде нұсқаулықлықтағы берілген оқу пирамидасын келтіріп кеткім келіп отыр.

Сонымен қатар оқушыларға осы сабақ бойынша ресурстардан «Ойлан, жұптас, талқыла», «Кім жылдам» деген тапсырмаларын беріп, оқушылар топ болып жарыса отырып берілген тапсырмаларды өзара талқылап орындады. Топта өзара пікір талас, қызу талқылау болды. Сондықтан оқушылардың сын тұрғысынан ойлай отырып есте сақтау қабілеті мен топ болып жұмыс істеу дағдысы қалыптасты. Топпен бірігіп жұмыс жасау тұлға бойында шыдамдылық, мейірімділік, ұжымдық жауапкершілік, бірігіп бір мәселені шешу секілді жағымды қасиеттерді дамытады.

Топтық жұмыс жүргізу кезіндегі маған ұнаған идеялар:

Ешнәрсені ұсақ-түйек дүние деп қарамау керек.

Мұғалімнің ең басты құндылығы –оның сенімділігі.

Мұндай әдістер табиғатынан тұйық, өз ойын жетік түсіндіруге шалағай, өздеріне сенімсіздеу, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын оқушыларға пайдасы зор екеніне көзім жетті.Топ жұмысы алғашқы сабағымда онша шықпады, топқа бөлінудің өзі де көп уақыт алды, оқушылар тобын таба алмай көп жүрді, топ мүшелері өздері үшін жауап беріп отырды.Бір-біріне көмектесуді білмеді, берілген уақытты ақылдасу үшін емес, өз жауабын дайындау үшін қолданды. Алайда кейінгі сабақтарда оқушылар төселіп, үйреніп кетті. Біртіндей келе топ ішіндегі ұйымшылдық анық байқалып, бір-біріне көмектесіп, ой бөлісіп, нашар оқушыларды жауап беруге дайындап,бір біріне қолдау көрсетіп отырды. Осы жерде мен Мұқтар мен Гүлназым деген оқушымның бірінші сабақтан кейін, ашылғандығын байқадым. Олар келесі сабақтарда топтық жұмыс кезінде өз ойын еркін жеткізе бастады. Қандай тапсырма берсемде, соны өздерінің оқу мотивациясы орташа екенін ескере отырып, орындауға тырысты.

Қолдану кезінде теориядан алған білімдерін, практика жүзінде іске асыру мақсатында ЖИГСО- 1 әдісін пайдаландым. Бұнда әр топ пропорцияның негізгі қасиетін пайдаланып, әр түрлі есептерді шығарып талдады. Барлық оқушыларда сабаққа белсене атсалысты. Үйге тапсырма ретінде оқушылардың ой өрісін және шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында пропорция туралы рефераттар, сөзжұмбақтар, ребустар, анаграмалар құрастырып келуге тапсыпмалар бердім. Сонымен қоса әр сабақ соңында кері байланыс жасап отырдым, мұның себебі оқушылардың алған әсерлерімен, ұсыныстарын білу және келесі сабаққа дайындалу мақсатында болатын.

Сабақ барысында оқушыларға сергіту мақсатында өткізілген психологиялық – тренинг жаттығулар ерекше әсер етті. Сабақта тренингтер өткізгенді балалар асыға күтетін сәтке айналды.

Талдау, жинақтау кезінде оқушыларға постермен жұмыс тапсырмасы беріліп, топ болып, талдап қорғады.

Менің өткізген бірінші сабағым кереметтей жетістіктерге жеткен жоқ. Оның себебі жоғарыда айтып кеткендей топқа бөлгенде, ашық сұрақ қойғанда, постер қорғау кезінде оқушылар көп ойланып отырып қалды. Бұл да кедергілерге жатады. Ең бірінші мұндағы кедергім уақыттың тапшылығы. Оны оқушыларымда өздерінің пікір ұсыныстарындада жазып кетіпті. Мыс: Бекзат деген оқушыма кері байланыс ұсынғанымда «Сабақ өте жақсы болды. Бір жаманы уақыт жетпей қалды» деп өзінің ойын қағаз бетіне жазыпты. Келесі сабағымда осы олқылықтарды ескере отырып болдырмауға тырыстым. Әрине, әр сабаққа дайындық керек, оқушыларға шығармашылық бағыт-бағдар бере отырып, үздіксіз іс-әрекетке жетеледім. Біріншіден, оқушыларға мұғалім ретінде бүгінгі өтетін сабақ бойынша бағыт-бағдар беріп, мақсатын түсіндірдім. Тақырыптың нақты элементтерін айтып, әр түрлі стратегияларды сабақ беруде қолдандым. Қалған сабағым пропорция тақырыбына есептер шығару болғандықтан мен келесі сабағымды жол картасын құру арқылы бастадым. Ұлы физик әрі математик Б.Паскальдің «Математика пәні соншалықты қиын да күрделі болғандықтан, оны қызығырақ қылу мүмкіндіктерін жібермеу керек.» деген ұранды сөзін басшылыққа ала отырып оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін қолдандым. Ең алдымен оқушыларды асықпен топқа бөліп алдым.

Білу кезінде оқушылардың өткен сабақтарын қайталау мақсатында пропорцияға қатысты анаграмма, ребус, сөзжұмбақтарды беріп, сабаққа дайындап алдым. Түсіну, қолдану кезінде әр топқа теориядан алған білімдерін, практика жүзінде іске асыру мақсатында ЖИГСО- 2 әдісін

Бірінші сабағымда шет қалып отырған оқушылар екінші сабағымда белсене араласа бастады. Сонымен қатар әр топ теориядан алған білімдерін тәжірибе жүзінде іске асырды. Мысалға алатын болсам бір топ

сызып пропорцияның негізгі қасиетінің орындалатынына көздерін жеткізді.

Талдау кезінде әр топқа логикалық деңгейде тапсырмалар беріліп оның шешу жолдарын ойластыру керек болатын. Мыс: «Алманы бірдей бес бөлікке бөлу, түйеқұс жұмыртқалары, сандарды орналастыру, бөлшек сандар, үш данышпан» атты бес топқа жеке жеке тапсырмалар берілді.

Сол он сұрақтың Даурен -8, Бекзат – 7, Мұхаммедали -9 сұрағына жауап берді. Сіз тестіні орындай алдыңыз ба?- деген сауалнамаға оқушылардың 78% пропорцияға байланысты есептерді орындай аламын деп жауап берсе, ал 33% берген жауабыма сенімді емеспін деп жауап берді.

Орындай алмаймын

Сенімді емеспін

Орындай аламын

Масштаб

22%

33%

56%

Пропорция

33%

78%


Мәтіндік есеп

56%



Сабақтарымның соңында оқушылармен өткізген пропорция сабағым бойынша білім деңгейін анықтау мақсатында «Білім ағашын» пайдаландым. Өткізген қорытындым төмендегідей нәтиже көрсетті.

Сабағымның ортасына таман сергіту сәтін ұйымдастырдым, оқушыларды әр сабақ сайын формативті бағалап отырдым.

Міне осылай мен тізбектелген төрт сабағымды қорытындыладым.

Сонымен қатар өзінің пәнге деген қарым -қатынас себептерін анықтау мақсатында сауалнама өткіздім.

орнына түсуге қажетті дегендер – 69%, пән ойландырады дегендер– 54 %, пәнді барлығы білуі керек дегендер – 54%, пән болашақ жұмысыма қажет деп санайтындар– 54%, ата- анам осы пәнді қажет деп санайтындар– 46% , мұғалімнің қарым- қатынасы жақсы дегендер – 46%. Пәнге деген қызығушылықтың пайда болуына не әсер етті? деген сұраққа оқушылардың берген жауабы.

кітап

Практикалық жұмыс

Пәннің мазмндылығы

Әр түрлі видео

Топтық жұмыс

Мұғалімнің шеберлігі

АКТ –мен жұмыс

3

4 оқушы

5

3

11

7

6

Келесі сұрақ оқу пәнінде не қызықты болды? – деген сұраққа оқушылардың берген жауабы мынадай:

Практикалық әрекеті

Шығармашылық жұмысы

Топпен жұмыс

басқада

2

3

10

2

15%

23%

77%

15%

Сонда оқушылардың 77% топпен жұмыс қызықты болды деп жауап берсе ал шығармашылықпен жұмыс қызықты болды дегендер 23% , міне осылай оқушылар тізбектелген сабағымды қорытындылады. Жалпы сабақ соңында оқушылардың топпен жұмыс жасауын, өзін өзі басқаруларын, рефлексивті ойлау қабілетін, сабаққа тиімді қатысуын анықтау мақсатында төмендегідей сауалнама жүргіздім, нәтижесі: Оқушылар өзін өзі басқару сауалнамасын жүргізген кезде ең көп сапа қиындықтарды жеңе алатынын, қиын сәттерде эмоциясын басқара алатынын өзінің қатарластарымен жақсы қарым қатынаста екендерін көрсетті.

Оқушылардың топпен жұмыс жасауын бақылау сауалнамасында ең көп пайызды оқушылар кейде «мен өз идеяларымды топпен бірге талқылап, келісімге келе аламын десе, топты басқарып басқаларға көмектесе алатынын» белгілеген, ал әрқашан «топ қатысушылары менің достарым болмасада, мен кез келген топта жұмыс жасай аламын және мен өздірінің көзқарастарымен бөлісу үшін адамдарға түрткі бола аламын және құрбыларымды тыңдай аламын деп жауап берген.»

Ал оқушылар ревлексивті ойлау кезінде ең көп пайызды «мен өз жұмысымды жақсарту үшін мақсат қоя аламын» деген.

Оқушылардың сабаққа тиімді қатысуында ең көп пайызды «мен өз командамды қолдап, оған басында өзім қарсы болғаныма қарамастан, жалпы мақсаттарға қол жеткізу үшін жұмыс істей аламын» деген жауаптар алдым. Мұндағы мақсатым: оқушылардың топпен бірге жұмыс жасауын, тиімді қатысуын, өзін өзі басқаруын, рефлексивті ойлау деңгейлерін қадағалау болатын.

Сонымен қатар оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын анықтау мақсатында социограмма жүргіздім: Мұндағы мақсатым сыныптың лидері мен танымал оқушыларды анықтау болатын. Нәтижесінде сыныптың лидері деп оқушылардың 66 пайызы Мұхаммедалиді, танымал оқушы ретінде 56 пайызы Дәуренді таңдады.

Әрқашан

Жиі

Кейде

Сирек

Сынып ұйымдастырылған ба?

74%

21%

5%

Сіз сынып ережесін түсінесіз бе?

79%

11%

10%

Қалай ойлайсыз, сіз маған сұрақ қоя аласыз ба?

64%

5%

26%

5%

Шынында мұғалім әділетті ме?

95%

5%



Сіз мұғалімге сенесіз бе?

84%

11%

5%


Сізге қажет кезінде көмектесе ме?

68%

11%

11%

10%

Сіз өзіңізді сыныпта физикалық қауіпсіз сезінесіз бе?

63%

16%

11%

11%

Сіз өзіңізді сыныпта моральдық тұрғыдан қауіпсіз сезінесіз бе?

53%

2%

16%

11%

Сізге сыныпқа келу қызықты ма?

84%

5%

11%


Сізде проблемалар туындаған жағдайда мұғалім тыңдай ма?

79%

11%

5%

5%

Сіздің ұсынысыңызды мұғалім тыңдай ма?

79%

11%

11%


Сіз өзіңізді сыныптың қатысушысы ретінде сезінесіз бе?

63%

16%

5%

16%

Сіз басқа оқушылар тарапынан қолдауды сезінесіз бе?

58%

26%

16%


Сіз басқа оқушыларды қолдайсыз ба?

63%

21%

5%

11%

Сынып мәдениеті туралы оқушының берген жауабында:

Міне осындай сауалнамалар бере отырып зерттелініп отырған үш оқушының әрбір жауабын жіті бақылап отырдым. Көбінесе ашық сұрақтар қоюға тырыстым. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Тізбектелген сабақтар бойынша жалпы оқушыларға 13 ашық сұрақ, 17 жабық сұрақ қойылды. (C) Бекзат өз ойын еркін жеткізе алмаса да, топтағы жұмыстарға араласып отырды. Себебі ЖАДА бойынша скаффолдер баланың жан-жақты қырын ашу үшін түрлі әдіс-тәсілдердің көмегімен балаға қалайда әсер ету керек. Ал маған оны толық орындау үшін уақыт жеткіліксіз болды. Әрине, әр сабаққа дайындық керек, оқушыларға шығармашылық бағыт-бағдар бере отырып, үздіксіз іс-әрекетке жетеледім. Жалпы сабақтың басында және соңында мен сыныптың білім сапасымен сапа уәж, сабаққа араласу белсенділіктерін қай деңгейде тұрғаныны анықтау мақсатында сауалнама жүргіздім. Сол сауалнаманың қорытындысы мынадай: Жалпы қорытындысы бойынша білім сапасы 1 сауалнамада 69% болса, 2 сауалнамада 75% болды.

Бұл бағдарламаны оқып үйреніп оны өз жұмысымда қолданып мұғалімдік кәсіптің қыр-сырына тереңдей түсінгендеймін. Мен осы курсқа келмей тұрып көбінесе жақсы оқитын балалармен жұмыс істейтінмін. Қалған оқушылар назардан тыс қалып отыратын. Осы курсқа келгеннен кейін сабақ беру тәсілдерім, бағалауға келгенде көзқарасым түбегейлі өзгерді деп айтуыма болады. Оқытудың жаңа әдістері бойынша сабақтар өткізгенімде оқушыларға ерекше әсер еткені топқа бөлу болатын. Оқушыларды топқа бөлу кезінде топтық жұмыстың төмендегідей тиімділігін байқадым:

o Оқушылардың бір- біріне деген достық қарым- қатынастары дамиды.

o Бір- біріне деген сенімділігі арттады.

o Әр уақытта біріне- бірі қол ұшын даяр болады.

o Бірігіп ақылдаса отырып, бірауыздан шешім қабылдайды.

o Бір- бірін бағалай алады.

o Топ ішінде кері байланыс жүзеге асады.

Сабақ үрдісінде – осы іс- әрекеттер жүзеге асады. Топқа бөлу арқылы оқушыларға сыни тұрғыдан ойлануға әр түрлі тапсырмалар бере отырып, өз өздерін, бірін- бірі бағалайды. Бұл жұмыстың нәтижесі жоғары дәрежеде өтті деп толық айта аламын. Менің 3 сабақты өзгертіп өткізгендегі байқағаным- ойлаудың алты деңгейі арқылы оқушыларды сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдаланып ойлау деңгейін арттыруға болады. Ал оқушы жауаптарынан ойлаудың жоғары деңгейлеріне жылжудың бар-жоқтығын білу үшін Блум таксономиясын алға қарай пайдаланып олардың жүйелі, нәтижелі жұмысына көмектеседі. Мұғалімнің реттеуші-бағыттаушы, жүйелеуші рөлі оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне, топтық жұмысын, өзара бағалау біліктілігін дамытуға ықпал етеді. Оқушының жауапкершілігі белсенділігі, сөйлеу мәдениеті артады.

Жаңа технологияны пайдаланып өткізген сабағыммен дәстүрлі сабақты салыстырсақ:

Жаңа технологияны пайдаланып өткізген сабақ

Дәстүрлі сабақтарда

Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады.

Оқушы бірден жұмысқа кірісіп кетпейді.

Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері, белсенділіктері басым.

Белсенділік орташа, мұғалімнің көмегін керек етеді.

Шығармашылық қабілеттері артады, топтағы әр оқушының жауапкершілігі басым.

Шығармашылығы бірқалыпты, ынта-ықыластарын білдіре қоймайды.

Сабақтағы бақылау кезінде өткізілген 3 сабақтағы оқушылардың ойлау қабілеттері, өзін-өзі формативті бағалай білу дағдылары бақыланды, ал сабақтан тыс зерттеу кезінде сабақтан кейін сұхбат алынды. (А) Мұхаммедали жауабы: «Бүгінгі сабақ өте қызық болды . Сабақ пропорция туралы өтті. Менің көңілім өте толы. Кім сабақты дұрыс тыңдаса, сабақты дұрыс ұғып алады. Интербелсенді тақтамен жұмыс жасаған өте ұнады. Соның ішінде топпен жұмыс жасаған қатты ұнады деп жауап берді.Мен өз бетімше жұмыс жасағанда зуылдағыш тез сезімде боламын. Мен өзіме өте сенімдімін. Өте қуаныштымын. Мен пропорцияның шын өмірде қолданылатынын білдім.Әрбір адамның мүшесі пропорциядан тұрады деп жауап берді.Мен бүгінгі сабақта ойлаудың жоғары деңгейіне жеттім деп ойлаймын, осындай сабақтар үнемі өтіп тұрса.» деп жауап берді.

(В) Дауреннің жауабы: «Маған сабақ өте қатты ұнады. Өмірде, әр мамандықта пропорцияның бар екенін , әр зат жасағанда: мысалы мүсін, суретте, гүлде, адам тісінде пропорцияны пайдаланады.Есептің оңай тәсілін үйрендім. Мен бүгінгі сабақта ойлаудың жақсы деңгейіне жеттім деп ойлаймын және мұндай сабақтардың жиі болғанын қалаймын.» деп жауап берді.

(С) Бекзаттың жауабы: «Маған бүгінгі сабақ өте жақсы ұнады. Сабақ қызықты болды, бір жаманы уақыт жетпей қалды.Маған бір есеп қиын болып кетті. Мен өзімнің тобыма сенемін. Бүгін сабақ қиын болды, бірақ сабақты игерген сияқтымын. Мен пропорцияны шығарып үйрендім. Менің өзімнің есеп шығарғаным ұнады. Пропорция адамның денесінде бар екенін білдім.» деп жауап берді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керек. Осы жүргізген сабақтарымда бірнеше кедергілер кезікті. Олардың ішіндегі ең біріншісі уақыттың тапшылығы болатын.

Менің көзқарасым 100 пайызға болмағанымен 60-70 пайызға өзгерді десем артық айтпағаным болар. Бұл курстан алған білімімді алдағы уақытта өз тәжірибемде қолданамын. Менің алға қойған мақсатым: әрбір оқушының пәнге деген қызығушылығын оятып, еркін сөйлеуге, есептерді еш қиындықсыз шығара алатын, математиканың қыр сырын терең меңгеруге ғылым мен техника саласын өмірмен байланыстыра отырып үйрету болатын. Сол мақсатыма қол жеткізу үшін өзгерісті енгізуімді жалғастыруым керек.

Оқушыларға білім беремін, оларды бағыттап отырамын, оларға барымша қолдау көрсетемін, тәрбиелеймін, міне осылардың барлығы да көшбасшылық екен. Барлық мұғалімнің білімін көтеріп, жаңа заманға сай мамандарды қайта даярлап жатырған бұл курстың мен үшін орны ерекше. Курс тақырыптарынан, көптеген өзіме қажетті мағлұматтар мен бағыт-бағдар алғаныма қуаныштымын. Менің ойымша, аталған жеті модуль бойынша оқушыларымызға білім беретін болсақ, балаларымыз ешкімге жаутандамай, өзінің ойын ашық, еркін айта алатындай, ойлау қабілеті дамыған, сөздік қоры мол, өнегелі тұлға болып қалыптасады.

«Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай мұғалім оқушыларды бөліп жармай бағыттаушы тұлға ретінде даналыққа жеткізуі керек . Сондықтан мұғалімдерге жаңа заман талабына сай белсенділігі жоғары тұлға дайындау үшін өзгеру керек.

Ұсыныстар:

1 Осы жүргізілген жүйелі жұмыс жалғасын табуы керек.

2 Барлық мектеп мұғалімдер, ата аналар мен оқушылар жаңа оқыту үрдісіне бейімделу керек.

3 Мұғалімдер біліктілігін үнемі шыңдай отырып, оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін меңгеріп қана қоймай, оны кейінгі жастарға үйретуі.

Бұл жерде мен оқушыларды сыни ойлата білдім деген пікірден аулақпын, бірақ әрбір сөздерінен түйінді ойларды көруге болады.

Оқушылар өздерінің идеяларын, қорытынды тұжырымдарын постермен жұмыс жасау, сурет салу арқылы жеткізіп отырды. Олардың іс-әрекеттерінің дәлелдемесі ретінде видео, фото суреттер, сауалнамалар, флипчарттар жинақталды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. 1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012. 61-бет.

  2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық Екінші (орта) деңгей

  3. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар II деңгей

  4. Портал материалдары

  5. Мирсеитова. С. (2011). Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде



Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1870
Номер материала ДВ-331102
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх