Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / ІІ кіші топ сценарий"Түйме қыздар сайысы "

ІІ кіші топ сценарий"Түйме қыздар сайысы "

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Кішкентай арулар

Тақырыбы: Кішкентай арулар

Мақсаты:

1. Қазақ халқының өнерін, салт - дәстүрін дәріптеуге үйрету.

2. Балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, шеберліктерін дамыту.

3. Көпшілік алдында өздерін ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа, инабаттылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Гүлдер, шарлар, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер.

Үлкендерден үлгі өнеге алыңдар.

Әдісі: сайыс түрінде

Жүрісі: 1. Ұйымдастыру

2. Тәрбиешінің кіріспе сөзі.

3. Келесі кезекті балаларға берейік.

1 - бастауыш:

Наурыз күні - Ана күні, әлем күні

Әлемді тебірендірер ана үні

Анасыз жан туған жоқ жер бетінде

Ұғып ал, бөбектерім, сендер мұны.


2 - бастауыш: Құрметті асыл аналар, қыз - қызғалдақдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы жаршысы болып аналар мерекесі келеді. Бәйшешек сонша нәзіктігіне қарамастан, қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей, барлық қиындыққа төзімді. Аналар, көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!


1 - бастауыш: Ал, құрметті қауым көптен асыға күткен алғашқы көктем Аналар мерекесіне арналған «Кішкентай арулар» байқауын бастаймыз. Байқауымызды бастамас бұрын, біздің байқауымызға төрелік ететін әділқазылар алқасын тағайындап алайық.
















1 - бастауыш:

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық,

Мерекесі халықтың,

Көктем тойын бастайық.

Көктем тойға арналған,

Сайысты біз бастайық.

2 - бастауыш:

Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

Ортаға аруларды шақырамыз. ( «Қыз сыны» әуені орындалады.)

І кезең «Таныстыру»

1 - басқарушы:

Кішкене арулар келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды дарытуға.

Қорықпастан сахнаға келіп жетті,

Әдеппен, ізетпен танысуға,- дей келе арулар өздерін таныстырып өтсін.

ІІ кезең «Шебер қолдар»

2 - бастауыш:\

«Ата көрген оқ жонар,

Ана көрген тон пішер» демекші, біздің қыздарымыз ою оюдан кемде кем емес сияқты. Ою ойып болғанша Ақботаның орындауында әсем ән тыңдайық!

ІІІ кезең «Білім сайысы»

1 - бастауыш: \ «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» демекші, сайысымыздың келесі кезеңінде қыздардың салт - дәстүрге байланысты білімін сынайық. /Плакатта гүлдің суреті, қыздар гүлдің біреуін үзіп, артындағы сұрағына жауап береді/

2 - бастауыш:

Жаңарған сананың

Ұмытпады мұны кім?

Ата - салты бабаның

Алып келді осы күн.

ҮІ кезең «Ептілер»

1 - бастауыш: Бұл кезеңде арулар өздерінің ептіліктерін көрсетеді. Бір ыдыстағы суды, қасықпен төкпей, тез екінші ыдысқа тасу.

ҮІІ кезең «Өнер сайысы»

2 - бастауыш:

Көркемөнер - жас бөбек,

Сүйкімді болар бақпаса,

Тортасын алған балқаймақ,

Бойына сылау жақпаса

Үлпілдеген қызыл шоқ,

Басына үкі тақпаса,- дей келе қыздарымыздың өнерін тамашалайық.

ҮІІ кезең «Үй тапсырмасы»

1 - бастауыш: «Ас - адамның арқауы» демекші, келесі кезеңде, арулар үйде аналарымен бірлесіп дайындаған астарымен қол өнеріне байланысты жасаған заттарын таныстырады.

2 - бастауыш: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Әділқазы мүшелері дайын болғанша кезекті өнерпаз достарымызға береміз.

1 - бастауыш: Сіздер бүгінгі аруларымыздың өнерлі екендерін байқадыңыздар. Енді әділқазылар алқасына сөз берейік./Марапаттау/

2 - бастауыш:

Бойларында от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым!

1 - бастауыш: - Осымен «Кішкентай арулар» сайысымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!






Автор
Дата добавления 29.10.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров424
Номер материала ДВ-107243
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх