Инфоурок Труд (технология) Другие методич. материалыИЫҚ ЖӘНЕ БҮЙІР ТІГІСТЕРІН МЕН ӨҢІРЛЕРІН, ҚАЙЫРМА ЖАҒАСЫН ӨҢДЕП ОНЫ МОЙЫН ОЙЫНДЫСЫНА ҚОСУ

ИЫҚ ЖӘНЕ БҮЙІР ТІГІСТЕРІН МЕН ӨҢІРЛЕРІН, ҚАЙЫРМА ЖАҒАСЫН ӨҢДЕП ОНЫ МОЙЫН ОЙЫНДЫСЫНА ҚОСУ

Скачать материал

         №16 КОЛЛЕДЖ МКҚК

   САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ

 

 

 

 

«КЕЛІСЕМІН»                                                                                                            «БЕКІТЕМІН» 

Әдіскер __________ Г.Дүйсебаева                                        ДОӨЖЖО __________ А.Моминов

«____»__________20   ж                                                                      «____»__________20   ж                                                                                                   

                                                 

 

 

 

 

                                                                                                        

 

                          АШЫҚ  САБАҚ

 

ИЫҚ ЖӘНЕ БҮЙІР ТІГІСТЕРІН МЕН ӨҢІРЛЕРІН, ҚАЙЫРМА ЖАҒАСЫН ӨҢДЕП ОНЫ МОЙЫН ОЙЫНДЫСЫНА ҚОСУ

 

                                                       Ф-ОИБ-04/17

 

 

 

 

 

 

 

Өндірістік іс-тәжірибе сабағы

Өндірістік оқыту шебері:                           Сейдәлі Алия Тазабекқызы

 

 

 

 

 

 

 

Шардара

   курс Т-    тобы, « 26 » қараша  2016 жыл,

Пәні    Өндірістік іс-тәжірибе сабағы

Өндірістік оқыту шебері: Сейдәлі А

 

САБАҚ  ЖОСПАРЫ

 

Сабақтың тақырыбы:

 

Сабақтың мақсаты: Иық және бүйір тігістерін мен өңірлерін,қайырма жағасын өңдеп оны

                                      мойын ойындысына қосу

                           

а) Білімділік мақсаты: Иық және бүйір тігістерін мен өңірлерін,қайырма жағасын өңдеп оны мойын ойындысына қосу тігілу технологиясын,пішу жолдарын,қима аттарын,қолданылуын,машинамен жұмыс істеу жөнінде түсінік беру.

 

ә)Тәрбиелік мақсаты: Студенттерді ізденушілікке, ұқыптылыққа, үнемділікке, еңбек сүйгіштікке, киімді күте кие білуге, пішуге қызығушылығын арттыру мақсатында тәрбиелеу.

 

б) Дамытушылық мақсаты: Студенттердің сабаққа белсенділіктерін арттыру, өз бетімен жұмыс дағдыларын қалыптастыру,талғамын,ой-өрісін дамыту .

 

Сабақтың түрі: Өндірістік іс-тәжірибе сабағы

Сабақтың әдісі: Төрт кезеңмен оқыту әдісімен өту.

 

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, технологиялық карталар,кестелер мен көрнекіліктер, тест сұрақтары.

 

Пәнаралық байланыс: Киім дайындау технологиясы,киім құрастыру,материал тану,құрал жабдықтар, сызу, матаматика, геометрия.

 

Сабақтың барысы:

 

I Ұйымдастыру кезеңі

 

  • Студенттермен сәлемдесу
  • Тігін шеберханасының және оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
  • Сабақтың мақсатымен таныстыру

 

II Үй тапсырмасын пысықтау

 

  1. Қол жұмыстарында техника қауіпсіздігі.
  2. Машинада жұмыс істеу техника қауіпсіздігі.
  3. Үтікпен жұмыс істеу техника қауіпсіздігі.
  4. Әйел блузкасыныңбөлшектерін атап шығу.
  5. Негізгі сызбада тік және көлденең сызықтар не үшін қажет?
  6. Жағаның түрлерін атаңдар

 

 

 

      ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Негізгі бөлшектердің бөліктерін біріктіру. Негізгі бөлшектердің бөліктерін арнайы жабдықтың көмегімен сырып тігу тігісімен біріктіреді. Тігістерді моделіне қарай айыра немесе жатқыза үтіктейді.

Егер бөлшектердің біріктіру тігісінде бүрмелер болса, сырып тігуді бүрмелері бар бөлшек жағынан іске асырады.Тігісті бүрмелері жоқ бөлшек жағына қарай жатыза үтіктейді.

 Жолақ немесе тор көзді мата бұйымдарының алдыңғы бойының, артқы бойының бөлшектегі суретін қиюластыру қажет және жан қиықтарын, орта қиықтарын біріктірген кезде қиықтарын алдын ала түйрейді, ал жеке тапсырыс бойынша бүйым әзірлегенде оларды ал­дын ала көктейді.

    Бүйір  қиықтарын өңдеу. Алдыңғы бойдың бүйір қиықтары түймеліктерді өңдегенге дейін немесе жаппай өндірістегі еңбек бөлінісіне байланысты одан кейін өңделуі мүмкін, ал жеке тапсырыс бойынша бұйым әзірлегенде ол тапсырыс беруші адамның дене бітіміне қарай жасалатын өлшеп-тексеру санына байланысты болады. Егер бұйымды бір рет өлшеп-тексеру аркылы жасайтын болса, онда бүйір қиықтарды түймелікті өңдегенге дейін немесе одан сон, өңдеуге болады, ал егер екі рет өлшеп тексерілетін болса, онда бүйір қиықтарын бұйым баланысын соңғы рет айқындағаннан кейін, яғни екінші өлшеп-тексеруден кейін ғана өңдейді, сонда түймелік екінші рет өлшеп-тексеруге қарай толық өңделуі тиіс. Бұйымның алдыңғы бойын артқы боймен бірге оң беттерін ішіне қарата салады, қиықтарын теңестіреді, кертпелерін тёңестіріп белгіленген сызықтар бойынша көктейді, артқы бойды кертпелер арасындағы бөлігінде енгізеді, ал бел сызығы бойынша қырқылмаған, адам денесіне тығыз қыналып түратын бұйымның алдыңғы бойын бүйір қалталар түсында отырғызады. Жаппай өндірісте жан қиықтарын алдыңғы бой жағынан алдынала көктеместен, бөлшекті кертпелер арасындағы белгіленген бөліктерде отырғыза отырып сырып тігеді. Тігіс ені - 1-1,5 см. Жеке тапсырыс бойынша бұйым тігілгенде тігістің ені үлғайтылуы мүмкін.

 

Бүйір және иық қиықтарын өндеу

 

 

    Мақта-мата бұйымдарында екі қиықты бірге арнайы машинамен сырып-торлайды және алдыңғы бой жағына қарай бүгеді, ал жүн және жібек мата бұйымында қиықтар сырып тіккенге дейін өңделуі тиіс, ал сырып тіккеннен соң тігістерін айыра үтіктейді. Тігістерді ай­ыра немесе жатқыза үтіктеуді теріс жағынан ылғалдау үшін технологиялық буды қолдана отырып жүргізеді (сонда жан қиықтары бұйымының моделіне байланысты айыра немесе жатқыза үтіктелуі мүмкін).

Бөлшек бетіндегі тігіс қосымшасының келбеу бүрышы айқындалған күйінде 5-10°-тан артық болмауы керек. Моделіне байланысты жүн және жібек мата бұйымдарының жан тігістері жатқыза үтіктелуі мүмкін. Мұндай жағдайда қиықтарды сырып тікеннен кейін не­месе сырып тіге отырып торлайды.

Иық қиықтарды өңдеу. Артқы бойдың иық қиықтарында моделіне байланысты бүкпе өңделуі мүмкін. Алдыңғы бойды немесе бұйымның алдын және артқы бойдың қиықтарын теңестіре отырып, өң беттерін ішіне қарата салады. Жеке тапсырыс бойынша тіккенде мойын ойындысынан 1,5-2 см шегініп, артқы бойды енгізіп  қиықтарды көктеп тігеді, тігісті қолтық ойындысынан 3-4 см қашықтықта аяқтайды. Артқы бойда иық қиығынан бүкпе болған жағдайда аз енгізеді. Енгізу мөлшері негізінен тапсырыс берушінің дене бітіміне байланысты болады. Жаппай өндірісте иық қиықтарын алдын ала көктеместен, бұйым конструкциясында көзделген бөлікте артқы бойды енгізіп сырып тігеді. Енгізу мөлшері техникалық шарттарда көрсетіледі, сондай-ақ негізінен бұйымның конструкциясы мен мата құрылымына байланысты болады.

Сырып тігуді бұйымның алдыңғы жағынан қайықты инешаншымды сырып тігетін машинамен кенере жүргізу арқылы бір не екі тігіспен  немесе шынжырлы инешаншымды сырып-торлайтын машинамен бір тігіс арқылы кенере жүргізбей орындайды. Иық қиықтарында кенере қосып сырып тіккен кезде, алдыңғы бой жағынан кенеренің бір жиегі иық қиығымен дәл келетіндей, ал екінші жиегі 0,1-0,2 см төмен тігіс астына түсетіндей етіп салады.

   Иық қиықты қос тігіснен біріктірген кезде, ол тігістер бір-бірінен 0,1-0,2 см қашыктықта орналасуы керек. Жеңсіз бұйымдарда иық қиықтарын бір тігіспен сырып тігеді. Сырып тігетін машинада тігіс ені - 1-1,5 см. Сырып-торлайтын машинада тігіс ені 0,7-0,8 см болуы мүмкін.

Айыра немесе жатқыза үтіктеуді бұйымның теріс жағынан іштік мата колданбай, ылғалдау үшін технологиялық буды қолдана отырып іске асырады. Бұйымды жеке тапсырыс бойынша әзірлегенде және технология лық бу болмаған жағдайда, бұл операцияларды алдын ала ылғалдау арқылы міндетті түрде іштік мата көмегімен орындайды.

  

    Өңірлерді өндеу

Өңірлерді оңір қайырмалармен өңдеу. Өңірлерді бөлек пішілген өңір қайырмасымен өңдегенде (3.47 а-сурет), оңір қайырмалар жалғамалармен пішілуі мүмкін: бел сызығына дейін түймелігі бар койлектер мен әйел жей-делерінде - бір жалғама, етегіне дейін түймелігі бар көйлектерде, халаттар мен пальто-көйлектерде - екіден аспайды. Жалғаманы өң бетін темен қаратып өңір қай-ырмасының оң жағына жайып салады, қиьщтарын те-ңестіре отырып жалғама жағынан қосып тігеді. Тігіс ені - 0,7 см. Тігісті жазады, оны жүн және жібек мата

бүйымдарында айыра үтіктейді. Жалғаманы ңосып тігу тігістері кесе көлденең немесе қиғаш бағытта өтуі мүмкін. Қиғашталған бағыттын, мөлшері өңір қайырмасы енінің 1/3-інен аспауы керек.  Жалғаманың ұзындығы б см-ден кем болмауы керек. Тігістерден ілмектерге дейінгі қашықтық 2 см-ден кем болуы тиіс. Егер бұйым селдір матадан пішілген болса, оң жақ өңір қайырмасы түтас ұжалғамсыз) пішілуі керек.

 

 

 

Өңірлерді өңір қайырмалармен өңдеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Өңір қайырмаларының ішкі қиықтарын арнайы (торлағыш) машинамен немесе сырып тігетін машинамен еңдейді.

  Сетінегіштігі орташа жібек мата бұйымдарында (крепдешин) өңір қайырмасының ішкі қиықтарын торлайды. Егер өңір қайырмасының іштігі болса, торлауды іштігімен қоса орындайды. Торлау тігісінің ені 4 мм-ден кем болуы тиіс, тігім жиілігі - әрбір 10 мм тігімге 3-3,5 инешаншым.

Оңай сетінейтін мата бұйымдарында оңір қайырманың қиықтарын торлап ашық қиықты бүгіп тігеді (б-суретте) немесе торламай-ақ жабық қиықты бүгілген тігіспен өңдеу ұсынылады.

Жоғарыда көрсетілгендегіден басқа мақта-матадан тігілген бұйымдарда өңір қайырманың ішкі қиықтарын ашық қиықты бүгілген тігіспен өңдейді ( в-суретте).

Жоғарыға дейін түймелігі бар бұйымдарда кенеремен пішілген және негізгі бөлшекпен керілісі бірдей өңір қайырмаларының ішкі қиықтары өңделмейді.

Желім жабындысы бар матадан өңірлерінде іштігі бар бұйымдарда іштіктің желімдік жағын өңір қайырмаларының теріс бетіне жайып салады, оны өңір қайырмасының ішкі жиегінен 0,7 см, сыртқы жиегінен 0,5-0,6 см, ал төменгі жағында етекті бүгу сызығынан 0,1-0,2 см қашықтықта түратындай етіп салады (г-суретте) және үтіктің немесе престің көмегімен желімдейді.

Жеке тапсырыс бойынша тігілген өңірінде мақта-мата іштігі бар бұйымдарды дайындағанда іштікті өңір қайырмасының оң жағына жайып салып, өңір кайырмасының ішкі жиегі және иық қиығы бойынша жөрмеп тігеді (д-суретте). Жөрмеу тігісінің ені - 0,5-0,7 см. Содан соң іштікті бүгіп және жөрмелген тігіске 0,1-0,2 см қашықтықта бастыра тігеді (е-суретте), өңір қайырмасының иық қиығына 1-2 см қашыктықта жеткізбейді.

Өңірлерінде флизилинен іштігі бар бұйымдарда іштігін өңір кайырмасының ішкі жиегіне 1-2 см (дайын күйінде) жетпейтіндей етіп пішеді. Ішкі жиегін өңдегеннен кейін, іштікті еңір қайырмасының теріс бетіне жай­ып салады, өңір жиегінің және мойын ойындысының қиықтарын теңестіре отырып түйреуіштермен бекітеді.

  Оң жақ алдыңғы бойда моделіне байланысты әдіпті ілмектерді өңдейді немесе бүгілген не өрілген баулардан жасалған ілмектерді бекітеді. Өңделген өңір қайырмасын өң жағын төмен қаратып, алдыңғы бойдың оң жағына қиықтарын теңестіре отырып жайып салады (3.47 ж-сурет). Жеке тапсырыс бойынша дайындағанда өңір қайырмасын үстіңгі бұрышында, ілмек бөлігінде, ал жекеттер мен пальто-көйлектердің етектері бойынша алдыңғы бойды енгізіп көктеп тігеді. Жаппай өндірісте өңірлерді жөрмеу өңір қайырмаларын алдын ала көктеп тікпей-ақ жүргізіледі.

Өңір қайырмасын өң жағын астына қаратып алдыңғы бойдың өң жағына жайып салады, түйреуіштермен түйреп және бағыттағыш сызғыштың немесе бағыттағышы бар арнайы табаншаның көмегімен жөрмеп тігеді. Жөрмеуді алдыңғы бой жағынан етегінен бастап, жағаны қондырып тігуді айқындайтын жоғарғы кертпелерге дейін жүргізеді. Бел сызықтары бойынша қырқылған бұйымдардың өңір қайырмасының төменгі қиығын жөрмеп тікпейді, түймелігі етегіне дейінгі өңір қайырмасының төменгі жиектерін етекті бүгу сызықтары бой­ынша алдыңғы бойға қосып тігеді.

Өңірдің жоғарғы және төменгі бүрыштарындағы тігістерді дәлдеп қияды, ал тез сетінейтін мата бұйымдарында арнайы машинамен торлайды.

Өңірді жөрмеу тігісінің қосымшасын түймелік бөлігінде - өңір қайырмасына, жаға қайырмасы бөлігінде - алдыңғы бойдың өңіріне бастыра тігеді.

Тігісті өңірді жөрмеу тігісінен 0,2-0,5 см қашықтықта орналастырады.

Қалың мата бұйымдарында және жаға қайырмасы сүйірленген бұйымдарда өңір қайырмасының үстіңгі бүрышын, жөрмеу тігісінің қосымшасын алдыңғы бой жағына орналастыра отырып, оңір жиектерін өңдегеннен кейін жөрмеп тігу ұсынылады.

Моделіне байланысты әйел жейделерінде, халат, койлектерде, күртелерде өңір қайырмаларының төменгі үштарын жөрмеп тікпейді және бұйымның етегін жапсырып тіге отырып өңдеуі мүмкін. Бүрышындағы тігістерді.0,2-0,5 см қалдыра отырып қияды.

Өңірді өң жағына қарай айналдырады, тігістерін түзетіп (з,ж-суретте) арнайы машинамен немесе қолмен айналдыра көктейді. Өңір қайырмасының үстіңгі бүрышын айналдыра көктеуді алдыңғы бой жағынан, өңір қайырмасынан шеттік жасай отырып орындайды, ал одан әрі алдыңғы бойдан шеттік жасай отырып оңір жағынан айналдыра көктейді. Шеттік ені - 0,1-0,2 см. Жаппай өндірісте шеттік жасай отырып баса үтіктейді. Соның өзінде үтіктеуді өңірдің үстіңгі бұрышында (лац­кан) алдыңғы бой жағынан орындайды, ал өңірлерді өңір кайырмалары жағынан іске асырады. Жоғарыға дейін түймеленген бұйымдарда өңір бойынша шеттікті алдыңғы бой жағынан жасайды, ал ылғалды-жылумен өңдеуді өңір қайырмасы жағынан іске асырады.

Жүн, жібек мата, сондай-ақ синтетикалық талшықты мата бұйымдарында өңір қайырмаларының ішкі жиектерін етектің бүгу белігінде жиегінен 0,2-0,3 см қашықтықта бүге отырып бастыра тігеді (к-суретте), ал одан әрі әрбір 15-20 см сайын, әрбір бекітпе 5-6 инешаншым жасай отырып, жасырын қол инешаншымымен бекітеді. Егер бұйым әдіптелген немесе торланған ілмек-термен түймемен түймеленетін болса, ілмек пен түйме орналасқан жерлерде өңір қайырманың ішкі жиектерін бекітпейді, өңірдін, үстіңгі деңгейінде (лацкан) бір бекітпемен бекітеді, ол иық тігісі мен жоғары ілмек (түйме) арасында орналасады.

Түймелігі етегіне дейінгі мақта-мата бұйымдарының өңірқайырмасы алдыңғы бойдан бүгу қосымшасы мөлшерінде қысқа пішілуі мүмкін. Бұл жағдайда алдымен өңірқайырмасын етектің бүгу косымшасына қосып тігеді (л-суретте). Тігіс ені - 0,7-1 см. Тігісті жазып, қосымша жағына қарай бүгеді, содан соң бүгу қосымшасын кертпелер бойынша немесе етекті бүгуде белгіленген сызығы бойымен алдыңғы бойдың оң жағына қайыра бүгеді, өңір қайырмасын алдыңғы бой үстіне жазады, қиықтарын теңестіреді, өңірді қайырмасымен үстіңгі бұрышынан етегіне дейін жөрмеп тігеді және одан әрі қарапайым тәсілмен өңдейді.

      Өңір қайырмаларының ішкі жиектері алдын ала бүгіп тігусіз, киыктарын ішке бүге отырып алдыңғы бойға бас­тыра тігілуі мүмкін. Бел сызығы бойынша кырқылған. бұйымдарда, көкірекшенің оң жақ алдыңғы бойын орта сызығында кертпелерін төменгі қиық бойымен үштастыра отырып сол жақ алдыңғы бой үстіне жайып салады, сөйтіп оларды өңір қайырмасының еніне төменгі қиықтан 1-1,2 см қашықтықта машина тігісімен бекітеді.

Өңірлерді алдықғы боймен түтас пішілген өңір кайырмаларымен өндеу. Бұл жағдайда алдыңғы бойға алдының орта сызығы мен өңір жиегінің сызығы немесе оларды алмастыратын қиықтар бойынша кертпелер салынуы керек. Алдыңғы боймен түтас пішілген өңір қайырмаларынын, ішкі қиықтарын, бөлек пішілген өңір қайырмаларының қиыктары сияқты өңдейді.    Әдіптелген ілмектерді өңдегеннен кейін, егер олар моделінде жобаланған болса, өндр қайырмаларының өңір жиегінін, белгіленген сызықтары бой­ынша немесе кертпелері бойынша оң жағына қарай бүгеді, өңір үстіңгі бұрышы бүктемесінен кертпелеріне дейін және етегіне дейін түймелігі бар бұйымдардың өңірлерінің төменгі жиектерін жөрмеп тігеді.

     Бұрыштарындағы тігістерін қияды, өңірлерді өн, жағына айналдырады, тігістерін түзетіп баса үтіктейді. Өңір қайырманың ішкі жиектерін жоғарыда көрсетілгендей бекітеді. Оң жақ алдыңғы бойда әдіптелген ілмек болса, ілмек астындағы өңір қайырмасын үштарында бүрыш жасап тіледі, өңір қайырмасының қиықтарын ішіне қарай бүгеді және жасырын инешаншымдармен жапсырып тігеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұтас жағаны өңдеу

 

 

 

 

 

 

    

    Тұтас жағаны өндеу.

 

    Жағаны ортасынан екі бүктейді ( а-суретте), қиықтарын теңестіре отырып, он, жағын ішіне қарата салады және үштарын жөрмеп тігеді ( б-сурете). Тігіс ені - 0,5-0,7 см.

    Егер үстіңгі жаға астыңғысынан болек пішілген болса, оны астыңғы жағамен бірге оң жағын ішіне қаратьш салады, қиыктарын теңестіреді, үштары мен жиектері бойынша үстіңгі жағаны бүрыштары мен доңгелене келген түсында енгізіп жөрмеп тігеді. Тігіс ені - 0,5-0,7 см. Бұрыштарындағы тігіс қиықтарынан 0,2-0,3 см қосымша қалдыра отырып дәлдеп қияды.Жиектері күрделі жағалардың иректі тігістерінің қиықтарын бүгілген жерлерінде кертпелерді тігіске 0,1-0,2 см жеткізбей кыркады, жағаны өң жағына айналдырады, бүрыштары мен тігістерін түзетеді және астыңғы жаға жағынан үстіңгі жағадан ені 0,1-0,2 см шеттік жасай отырып баса үтіктейді.

Кейбір жағдайларда күрделі иректі жиектері бар жағаларды қолмен немесе арнайы машинамен астыңғы жаға жиегінен 0,5 см қашықтықта үстіңгі жағадан шеттік жасай отырып айналдыра кектейді.

Біржақты желім жабындысы бар іштік матадан пішілген жағаның іштігін, желімді жабындысын астыңғы жағаның теріс бетіне қаратып, оның жиектері астыңғы жаға жиектерінен 0,5-0,7 см қашықтықта жататындай етіп жайып салады және үтікпен немесе пресс арқылы желімдейді.

Мақта-матадан немесе прокламелинен іштігі бар жағалардың іштігін астыңғы жағаның теріс бетіне салып және астыңғы жаға жағынан жөрмеп тігеді.

 

Жағаларды мойын ойындысымен қосу

 

      Жаға қайырмасы бар бұйымдарда қайырма жағаны мойын ойындысымен біріктіру. Мақта-мата және сетінейтін жібек мата бұйымдары (а-суретте) өңірінің жоғарғы бұрышын (шығыңқы түсы) жағаны мойын ой­ындысымен бір мезгілде біріктіре отырып жөрмейді (б-суретте). Ол үшін өцір қайырмасын алдыңғы боймен өң жағын ішіне қаратып салады, қиықтарын теңестіріп,өңірдің жоғарғы бұрышын өңір қайырмасы жағынан кертпеге дейін жөрмеп тігеді. Тігіс ені - 0,7 см. Жеке тапсырыс бойынша әзірленгенде, жағаны мойын ойындысына қондырып көктеу алдында, бақылау белгілерін үштастырып, түйреуішпен бұйымға түйрейді. Жағаны қондыра көктегенде, кезек-кезегімен матадан түйреуішті алып тастайды. Алдыңғы бой мен өңір қайырмасының арасына, өңірдің жоғарғы бүрышын айқындайтын кертпеден жағаны салады, үстіңгі жағасын жоғары карата орналастырады және оны өңір қайырмасымен бірге иық тігісіне дейін немесе жағаны иық тігістерінде енгізе отырып, өңір қайырмасының ішкі жиектеріне дейін қондырып тігеді.

Иық тігісі жағында үстіңгі жаға тігіс қосымшасында жырма қияды, үстіңгі жағаны бүгеді және одан әрі артқы бойдың мойын ойындысына астыңғы жағаны қондырып тігеді. Жағаның екінші үшын иық тігістен өңірдің жоғарғы бұрышына дейін жіпті үзбей отырып қондырып тігеді. Шығыңқы түстардан иық тігістеріне дейінгі бөлікте жағаны қондырып тігу тігісін алдыңғы бой мен өңір қайырмасының арасына орналастырады, иық тігістері арасындағы бөлікте астыңғы жағаның қондырыптігу тігісін жаға жағына қарай бүгеді. Үстіңгі жаға тіктемесінің қиығын иық тігістері арасындағы бөлікте бүгілген жиегін астыңғы жағаның қондырып тігу тігісін жауып түратындай етіп, бүгілген жиектен 0,1-0,2 см қашықтықта бастыра тігеді. Жағаны дайын күйінде баса үтіктейді.

     Егер жүн және басқа қалың мата бұйымдарының өңірлері толықтай өңделген болса, өңір қайырмасын бұйымның өң бет жағына қарай қайыра бүгеді, дайын жағаны алдыңғы бой мен өңір қайырмасының арасына астыңғы жағаны бүйымға қарата, үстіңгі жағаны өңір қайырмасына қарата салады, қиықтарын теңестіреді. Астыңғы жағаны мойын ойындысына қондырып тігеді және жіпті үзбей үстіңгі жағаны өңір қайырмасына қосып тігеді (3.63 в-сурет). Үстіңгі жағаны өңір қайырмаларына қосып тігу тігістерін және астыңғы жағаның қондырып тігу тігістерін иық тігістерінің шығыңқы түстарына дейінгі бөлікте айыра үтіктейді (3.63 г-сурет). Астыңғы жағаның қондырып тігу тігісінің қалған бөлігін иық тігістері арасында астьщғы жаға жағына қарай жатқыза үтіктейді. Шығыңқы түстардан иық тігістеріне дейінгі бөліктерде айыра үтіктелген тігістер төменгі қиықтарына машина тігісімен бекітіледі, ал жеке тапсырыс бойынша бұйым әзірлегенде - біріктіру тігісінен 0,1 см қашықтықта қолмен бекітеді. Үстіңгі жаға тікте-месінің қиығын иық тігістері арасындағы бөлікте 0,5-0,7 см қайыра бүгеді және астыңғы жағаны қондырып тігу тігісін жаба отырып, бүгілген жиектен 0,1 см қашықтықта бастыра тігеді. Сонда бұйымның өң жағындағы тігіс негізгі бөлшекте, астыңғы жағаны қондырып тігу тігісінен шамамен 0,1 см төмен өтуі керек. Жағаны дайын күйінде баса үтіктейді.

Жібек және тез сетінейтін мата бұйымдарының жағаларын мойын ойындысына біріктірер алдында, өңірлерін толықтай өңдеу керек. Жағаны бұйыммен бірге астыңғы жағынан өң жағын бұйымның өң жағымен үштастыра және қиықтарын теңестіре салады, астыңғы жағаны бір өңірдід жоғарғы бүрышынан екінші өңірдің жоғарғы бүрышына дейін астыңғы жаға жағынан қондырып тігеді. Тігіс ені - 0,7-1 см. Содан соң жағаның үшын өңірдің жоғарғы бүрышына салады, ал үстіңгі жағаны өңір қайырмасымен өң беттерін беттестіріп салады, жағаның қиықтарын мойын ойындысының тігісімен теңестіре отырып және үстіңгі жағаны астыңғы жағаның қондырып тігу тігісінің үшынан иық тігісіне дейін (д-суретте) немесе өңір қайырмасының ішкі қиықтарына қосып тігеді.

Жағаның бір үшын қосып тігіп, өң жағына айналдырғаннан кейін екінші үшын қосып тігіп өң жағына айналдырады. Үстіңгі жаға тіктемесінің қиығын ішіне қарай 0,5-0,7 см бүгеді жене төмен бүгілген жиектен 0,1 см қашықтықта бастыра тігеді немесе үстіңгі жағаның төменгі жиегін астыңғы жағаның қондырып тігу тігісін жауып түратындай етіп жасырын қол инешаншымдары арқылы жапсырып тігеді. Сонда бұйымның өң бетіндегі тігіс астыңғы жағаның қондырып тігу тігісінен шамамен 0,1см төмен өтуі керек. Жағаны дайын күйінде баса үтіктейді.

 

 

 

 

 

 

 

Жағаларды мойын ойындысымен қосу

 

 

 

 

 

 

ҮІ Ағымды нұсқау

 

       Төрт кезеңмен оқыту әдісімен өтуді ұйымдастыру,технологиялық шартта көрсетілгендей.

-Жұмыс әдістерін дұрыс орындалуын қадағалау.

-Бұйымның сапалы өңделуі және техникалық  шарттарына сәйкес келуі.

Өзіндік жұмыс: техникалық процестің сақталуы және байқалған қателерін жою.

-Ақауларға ескерту жасау.

-Жұмыс орны жағдайын қадағалау, техника қауіпсіздігін ережелерін сақтау.

 

 

Ү Қорытынды нұсқау

 

1 Студенттерлің сабақтағы іс-әрекеттерін талдау,тапсырманы орындауы және бағалауы.

2 Жұмыс барысындағы жіберілген қателерді , талдау және оларды түзету жолдарын түсіндіру.

3 Ақауларды анықтау, себептері және оларды жою, түзету жолдарын түсіндіру.

4 Техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу жағдайларын талдау.

5 Тапсырманы барынша жоғары талдау және сапалы еңбек өнімділігіне жеткен студенттердің іс-әрекетін талдау.

 

ҮІ Үйге тапсырма

Өткен сабаққа қайталау жасап,осы тақырыпты толықтырып қайталап келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ИЫҚ ЖӘНЕ БҮЙІР ТІГІСТЕРІН МЕН ӨҢІРЛЕРІН, ҚАЙЫРМА ЖАҒАСЫН ӨҢДЕП ОНЫ МОЙЫН ОЙЫНДЫСЫНА ҚОСУ"

Настоящий материал опубликован пользователем Сопбекова Меруерт Жумабековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

Скачать материал
    • 26.03.2018 12397
    • DOCX 1.3 мбайт
    • 71 скачивание
    • Оцените материал:
  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сопбекова Меруерт Жумабековна
    Сопбекова Меруерт Жумабековна

    Сабақ жоспары

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 57169
    • Всего материалов: 22

    Об авторе

    Ахатаева Зибайра Жолдасбекқызы 12 сәуір 1966 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласында дүниеге келген. 2005 жылдан бастап Шардара қаласындағы №16 колледжде оқу өндірістік шебері болып жұмыс атқарып келеді. ол Тігін өндірісі, киімді құрастыру сабақтары бойынша түрлі әдістемелік құралдар мен нұсқаулықтар жасап шығарды.

Русская народная сказка «Мена» — краткое содержание

Файл будет скачан в форматах:

  • pdf
  • docx
3100
6
13.03.2025
«Инфоурок»
Русская народная сказка «Мена» — краткое содержание. Русская народная сказка «Мена» относится к жанру бытовой сказки, сочетающей в себе юмор, поучение и тонкую наблюдательность за человеческими характерами. Сюжет разворачивается вокруг мужика, который, желая улучшить своё положение, начинает обменивать одну вещь на другую, но каждый раз его сделки оказываются всё более нелепыми и комичными. Главный герой, мужик, олицетворяет наивность и недальновидность, а его приключения становятся ярким примером того, как необдуманные решения могут привести к абсурдным результатам. Основные темы произведения — важность здравого смысла, последствия необдуманных поступков и ироничный взгляд на человеческую жадность. Стиль повествования классический, с лёгкой иронией и простотой, характерной для народных сказок. Книга предназначена для семейного чтения и будет интересна как детям, так и взрослым, ценящим народный юмор и мудрость. Эта сказка занимает своё место в сокровищнице русской литературы, напоминая о том, что не всё то золото, что блестит.

Краткое описание методической разработки

Русская народная сказка «Мена» — краткое содержание. Русская народная сказка «Мена» относится к жанру бытовой сказки, сочетающей в себе юмор, поучение и тонкую наблюдательность за человеческими характерами. Сюжет разворачивается вокруг мужика, который, желая улучшить своё положение, начинает обменивать одну вещь на другую, но каждый раз его сделки оказываются всё более нелепыми и комичными. Главный герой, мужик, олицетворяет наивность и недальновидность, а его приключения становятся ярким примером того, как необдуманные решения могут привести к абсурдным результатам. Основные темы произведения — важность здравого смысла, последствия необдуманных поступков и ироничный взгляд на человеческую жадность. Стиль повествования классический, с лёгкой иронией и простотой, характерной для народных сказок. Книга предназначена для семейного чтения и будет интересна как детям, так и взрослым, ценящим народный юмор и мудрость. Эта сказка занимает своё место в сокровищнице русской литературы, напоминая о том, что не всё то золото, что блестит.
Развернуть описание
Смотреть ещё 5 764 курса

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 291 370 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

«Воспитание художественно-эстетического вкуса у учащихся на основе изучения декоративно-прикладного творчества»
  • Учебник: «Технология (базовый уровень)», Симоненко В.Д., Очинин О.П., Матяш Н.В., Виноградов Д.В.
  • Тема: § 1. Технологии как часть общечеловеческой культуры
  • 26.03.2018
  • 1381
  • 4
«Технология (базовый уровень)», Симоненко В.Д., Очинин О.П., Матяш Н.В., Виноградов Д.В.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 261 841 материал из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Основы управления проектами: от концепции к реализации

4 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Личность в психологии

5 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития детей: возрастные особенности от рождения до старшего дошкольного возраста

4 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 5 764 курса