Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері

Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері.

Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер.

Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Ылғал сүйгіш, су және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің өніп – өсу ортасы жайлы түсінік беру. Оқушыға берілетін тақырыпты тереңдете, жан – жақты әрі жеңіл түрде игерту.

Дамытушылық: Оқушылардың өздігінше ізденуін дамыта отырып, пәнге және жалпы білім алуға қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелі материалдар, плакаттар.


Сабақтың өту әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу, талдау.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ


Пәнаралық байланыс: Өзін - өзі тану, ана тілі, бейнелеу өнері.


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық.

Сәлеметсіздер ме қонақтар?
Қайырлы күн, оқушылар!
Бейсенбінің
сәті
Сәттілікке толсын.
Бүгінгі алған бағаң
Кілең бестік болсын.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  • Біз қазір қандай тірі табиғат иесімен танысудамыз?

  • Өсімдік әлемімен

Оқушылардың ауызша берген жауаптарын тыңдау. Ең негізгі оқушылардың өсімдіктердің өсуі үшін қандай жағдай керектігін және тіршілік ету ортасын түсінуі.


2 – 3 оқушының жауабын тыңдау.

  • Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?

  • 3 топқа

  • Ағаш, бұта, шөп



Жұмбақтар шешу.

Жұмбақтардың жауабын өсімдіктер тобына орналастыру.

  1. Күннің көзін сүйемін,
    Күнге басымды иемін.
    Күннің көзі болмаса,
    Бұғып қана өсермін.

(Күнбағыс – шөп)

  1. Өсірер тың дала,
    Көшірер қамбаға.
    Айналар ұңға да,
    Айналар нанға да.  (Бидай - шөп)


  1. Іші толған шәрбәт,
    Дәмі қандай әйбәт.
    Үзесің бірден жүзін,
    Оның аты - (Жүзім - бұтақ)


  1. Сырты қандай қатты,
    Дәні сондай тәтті.
    Шағып қара таңдап,
    Оның аты - (Жаңғақ - ағаш)


  1. )Жапырақты тасалап,
    өсетін жері – бақша - бақ.
    Күрең қызыл, шіркін - ай,
    Оның аты - (Таңқурай - бұта)


  1. 6)Пісетін кезі дәл күзде,
    Мезгілсіз оны үзбе.
    Аузыңнан кетпес бал дәмі
    Оның аты - (Шабдалы - ағаш)



Тірек, білім, біліктілік және дағдының өзектілігі

Әр түрлі тамырдың суретін салу.

Сұрақ. Қалай ойлайсыңдар, мына өсімдіктер қандай ортада өседі? Олардың тамырына қарай отырып анықтауға болады?



ІІІ. Жаңа сабақ.



Оқулықпен жұмыс жасау.

Мәтінді оқу. Оқығанды талқылау.


hello_html_1edcac59.jpg


Көп өсімдіктер топырақтың ылғалды болуын қажет етеді. Суреттегі шалғындық беде, бақбақ, қоңырбас ылғалы жеткілікті жерде өседі.

Суреттегі өсімдіктердің жапырақтарына, сабағына көңіл бөл. Топырақтың құрамында ылғал болатындықтан тамырлары онша ұзын емес, шашақты. Жапырақтары жалпақ, ылғалды буландыруға жақсы бейімделген: жапырақтарында қақпақты саңылаулары ашылады. Артық су буланған соң жабылады. Осылай өсімдік булануды реттейді.

Мұндай өсімдіктерді ылғал сүйгіш өсімдіктер деп атайды.


hello_html_m51555931.pnghello_html_532f1653.png


Ал тоғандардың және көлдердің бетінде қалықтап өсіп тұратын сарғалдақты, тұңғиықты талай көрген боларсыңдар. Оларды су өсімдіктері деп атайды.

Тұңғиық — бұл су өсімдігі. Бір қасиеті бұл өсімдіктің тез өскіштігі, үш күн сайын жаңа жапырақ шығарады. Мынадай бір қызықты оқиға болыпты. Англияның Кью қаласының ботаника бағында тұңғиық гүлдейді деген хабар тек бақ қызметкерлерін ғана емес, суретшілер мен саққұлақ репортерлердің де құлағына жетеді. Гүл ашылады дегенде жылыхана адамға лық толады. Осы оқиғаның куәсі болған атақты ботаник Н.Ф. Золотницкий 1887 жылы былай деп жазыпты: «Гүлдің ірілігі мен әдемілігі көз алмайтындай. Гүл ашылысымен жылыхананы аралап кеткен жағымды хош иіс адамды рахатқа бөледі», - деген екен. Оның гүлі ақ, алқызыл, күлгін көк, қанқызыл болады. Қазақстанда аз мөлшерде Жайық өзені маңайында кездеседі.

hello_html_m28bdf340.jpg


Жантақ пен сүттіген топырағында ылғал өте аз, аптапты ыстық жерде өседі. Ондай жерлерде су топырақтың өте терең қабатында ғана болады. Сондықтан тереңдіктен алған ылғалды үнемі пайдалануы қажет. Сондықтан жантақтың жапырақтары ұсақ әрі сирек, бұтақшалары тікенді келеді. Жантақ осындай бейімділіктерінің арқасында құрғақшылық жағдайларда өсіп, тіршілік ете береді.

Жантақ, сүттіген, жүзген, сексеуіл – құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер.




Сергіту сәті.

Күз желі ызғарлы,

Гүлдері солдырды.

Жапырағын түсіріп,

Ағаштарды тоңдырды.


«Білгенге маржан»


hello_html_1c56b2d0.pnghello_html_m576e4d16.pnghello_html_3f7a6aad.png


Күнбағыс - құрғақшылыққа төзімді өсімдік. Қазақстанның барлық жерлерінде тіршілік етеді. Үй тұрмысында ол дәнін шағып жейтін шекілдеуік болып қалып отыр. Бірақ күнбағыстың беретін басты нәрсесі – оның жақсы майы. Күнбағыс дәнінен май сығып алғаннан кейін одан күнжара қалады. Күнжараны жылқы, сиыр, қойлар жейді. Сабағын турап, булап шошқаға береді. Себетін кептіреді де ұнтақтайды, ол да – жақсы мал азығы.

hello_html_4327365e.jpghello_html_18d5c442.jpghello_html_m365fc274.jpg


Бұрыш —жылу және ылғал сүйгіш өсімдік. Бұрыштың 200 грамы ересек адамның С дәруменіне деген күндізгі қажеттілігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ол қатерлі ісіктердің, шелдің және шорбуынның түзілуінің алдын алады. Бұрышты көптеген тағамдардың құрамына, атап айтқанда, «Лечо», фаршталған бұрыш дайындауға, сорпаларды қоюландырғыштарға, тұздықтарға, салаттарға қосады.


Гүл өсірем аулада

Шелектеп су тасимын

Гүл күткенді біледі,

Бойын сылап күледі,

Жұпар исін шашады.

Балаларға жұлдырмай,

Қой, ешкіге жегізбей,

Күнде қарап тұрамын.

Анашым үйге келгенде,

Гүл сыйлаймын күнде мен.





Сұрақтар.

  1. Гүл өсіру үшін бала не істеді?

  2. Егер ол гүлді қорғамаса не болар еді?


Топтық жұмыс.

Әр топқа берілген сұрақтарды топта талқылап, сахналау..

1 – топ. Табиғат – Ана бізге не үшін жасыл желек өсімдіктерін сыйға тартады?

2 - топ. Егер өсімдіктермен тілдесе алсаң, не айтар едің?

3 - топ. Өсімдік саған не айтады деп ойлайсың?


Мақалдың мазмұнын түсіндіру.

Шөлге құдық қазған сауап, өзенге көпір салған сауап, жолға ағаш еккен сауап.


Сабақты қорыту

Бейнетаспамен жұмыс



Үйге тапсырма беру.

Мәтіннің мазмұнын айту.


Бағалау.





























































Автор
Дата добавления 09.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров541
Номер материала ДВ-046846
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх