Инфоурок Другое ПрезентацииӘІЛДІК АДАМНЫҢ ЕҢ АСЫЛ ҚАСИЕТІ

ӘІЛДІК АДАМНЫҢ ЕҢ АСЫЛ ҚАСИЕТІ

Скачать материал

                № 16 КОЛЛЕДЖ МКҚК

 

       САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ

   

 

   

                                                                                 

                    «БЕКІТЕМІН»

 Директордың ТЖЖО

____________ Г.Шертаева

                                                                                              «_____» _______________ 20 ___ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

 

АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ

 

ТС-ТБ-Т-54/17

 

 

 

 

 

 

Данасы:________________________________________

                             

Енгізілген мерзімі:_______________________________

 

Пайдалану мерзімі: ______________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                              

Қызмет бабында пайдаланылатын басылым

 

Шардара

 

АЛҒЫ СӨЗ

1 Әзірлегендер:     -Т-54 топ жетекшісі ...............................................................А. Избасарова

                                 Т-54 топ шебері .....................................................................А. Сейдәлі

2 Бірінші рет енгізілді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Осы тәрбие сағатын №16 колледж рұқсатынсыз толық немесе жартылай қайталауға, көбейтуге және таратуға болмайды

2

МАЗМҰНЫ

 

1 Мақсаты............................................................................................................................................4

2 Көрнекілігі........................................................................................................................................4

3 Сабақтың барысы............................................................................................................................4

3.1 Кіріспе сөз.....................................................................................................................................4

3.2 Сөз жарыстыру.............................................................................................................................4

3.3 Ой толғаныс..................................................................................................................................4

3.4 Мағынаны ашу..............................................................................................................................5

6 Қорытынды......................................................................................................................................6

7 Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................................................................6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

1 МАҚСАТЫ

Білім алушыларды кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту; адам бойындағы ұнамды,  ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру; оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

 

2 КӨРНЕКІЛІГІ

     Слайд. сюжетті суреттер, тірек сызбалар, нақыл сөздер жазылған суреттер,

мақал–мәтелдер.

 

3 САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

 

3.1 Кіріспе сөз

   «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген халық нақылы бекер айтылған емес.

Адамгершілік-адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инобаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан, 72 тараудан тұратын «Құтты білік» дастанында көрсетіп берді.

Шығыстың ұлы ғалымы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.

Бүгінгі тәрбие сағатымызда адамгершілік – адамшылдықтың ең биік шыңы дегенді қалай түсінесіңдер, әдеп нормаларын білесіңдер ме, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз.

 

3.2 Сөз жарыстыру

Адамгершілік бастауы неде?

1 Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершіліктің түрлері отбасынан басталады.

2 Отбасындағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» оқып жатқан мекеме қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық, яғни рухани адамгершілік тағылымдарын-еліміздің дәстүрін ата-ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз.

3 Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу-әр баланың өмір бойғы міндеті.

Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс. Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.

 

3.3 Ой толғаныс

Слайдтармен жұмыс

Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін саяхатқа шығу ойынын ойнайық. Елімізде үлкен қалалар бар: Астана, Алматы, Ақтау, Жезқазған, Көкшетау, Ақтөбек, Семей т.б.

Ал, балалар, өздеріңе қай қалалар ұнайды? Ұнаған қала аты жазылған ұяшықтың бірін таңдаңдар. Әр ұяшықта сұрақтар жасырылғын, сол сұрақтарға жауап беру керек.

Сұрақтар:

Астана ұяшығының сұрағы:

Жолда жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан үлкен кісі шыға келді. Сен не істер едің?

Жауап: Үлкен кісімен амандасып жол беремін.

Алматы ұяшығының сұрағы:

4

Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?

Жауап: Үлкендердің әңгімелерін бөліп сөзге араласуға болмайды.

Ақтау ұяшығының сұрағы:

Көшеде біреу жол немесе жөн сұраса сен не істер едің?

Жауап: асықпай түсіндіріп беремін.

Жезқазған ұяшығының сұрағы:

Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?

Жауап: Үлкен кісілерге әрдайым орын берген жөн деп санаймын.

Көкшетау ұяшығының сұрағы:

Сен аялдамада тұрсың, автобус жүруге дайындалып жатқанда үлкен кісі автобусқа мінуге үлгере алмай жүгіріп келе жатыр, сол кезде не істер едің?

Жауап: Автобусқа қарай жүгіріп барып сәл кідіре тұруын өтінген болар едім.

Ақтөбе ұяшығының сұрағы:

Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?

Жауап: Алдымен сәлемдесіп, қал жағдайын сұрап «Сіз» деп сөйлесу керек.

Семей ұяшығының сұрағы:

Әдептілік деген не?

Жауап: Адамдардың жүріс-тұрысы мен өзара қарым-қатынасының ережелері.

 

3.4 Мағынаны ашу

«Қартайса қарт бабаңды сыйлай біл. Күндердің күні болғанда кімдерде кімнің белі дейсің бүгілмес» деп Бұқар жырау данамыз айтқан екен.

1 Адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай?

Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік. Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық.

Ізеттілік-айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту.

Амандасу-бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.

Әділ болу-адамшылдықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәстүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.

Рұқсат сұрау-адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн.

Имандылық-әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.

Кешікпеу-бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күндерге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.

Сабырлылық-адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.

Қайырымдылық-айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.

Адамгершіліктің басты қағидаларын орындау адам құқықтарын қастерлеу шарттарының бірі.

2 Оның баптары қандай?

Барлық адамдар тең құқықты, ерікті, қадірлі. Азаматтар нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, тегіне, дініне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарай заң алдында бірдей. Өмір сүру құқығы, адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып табылады.

 

5

4 ҚОРЫТЫНДЫ

Ей, болашақ! Қарт келеді зиялы,

Кейімесін ата-қырын ұялы.

Сен силасаң сәби шақтың бір сәтін,

Атаң саған ұзақ өмір қияды.

                                          М.Мақатаев

Ал балалар адамгершілік қағидалары туралы бірталай мағлұмат алдық. Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата-анаңның, өз Отаныңның мақтанышы боласың. Алған мағлұматтарды қорытындылай келе мынадай пікірлерде қалдық. «Әр адам өзінің адамгершілік қасиетімен таныла біледі» деген пікірге қосыласыңдарма? «Адамға үш алуан мінез жұғады. Ата-анадан, ұстаздан, құрбысынан, әсіресе солардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады» деген пікірде қалайық балалар.

 

7 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

- Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары, кезекті басылым

- Тәрбие құралы Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал, кезекті басылым

- ұстаз жаршысы газеті

- ғаламтордан алынған мәліметтер

- баспа материалдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ӘІЛДІК АДАМНЫҢ ЕҢ АСЫЛ ҚАСИЕТІ"
Смотреть ещё 5 734 курса

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 288 440 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Скачать материал
    • 17.01.2018 668
    • DOCX 1.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сопбекова Меруерт Жумабековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сопбекова Меруерт Жумабековна
    Сопбекова Меруерт Жумабековна

    Сабақ жоспары

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 57129
    • Всего материалов: 22

    Об авторе

    Ахатаева Зибайра Жолдасбекқызы 12 сәуір 1966 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласында дүниеге келген. 2005 жылдан бастап Шардара қаласындағы №16 колледжде оқу өндірістік шебері болып жұмыс атқарып келеді. ол Тігін өндірісі, киімді құрастыру сабақтары бойынша түрлі әдістемелік құралдар мен нұсқаулықтар жасап шығарды.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 257 739 материалов из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Анализ конкурентной среды и формирование стратегии обеспечения конкурентоспособности организации

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Профессиональное мастерство верстки и карьера в графическом дизайне

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Теория и практика воспитательной работы

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 10 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек
Смотреть ещё 5 734 курса