Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / Ғылыми әдістемелік жұмыс сандық қор жасақтау
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Ғылыми әдістемелік жұмыс сандық қор жасақтау

библиотека
материалов

«Ғылыми - әдістемелік жұмыс» сандық қор жасақтау


1АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ЖАСАҚТАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ......15

1.1 Ақпараттық жүйе жасақтаудың теориялық негіздері..15

1.2 Колледждің ғылыми-әдістемелік жұмысын басқару..............................34

1.3Автоматтандырылған жұмыс орнын қалыптастыру................................ 49

2 ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ...............................................................................58

2.1 Ақпараттық жүйе жасақтауда қолданылатын инструменталдық және бағдарламалық құралдар.......................................................58

2.2 Колледждің ғылыми-әдістемелік жұмысын басқарудың ақпараттық
жүйесін жасақтау 67

2.3 Колледждің ғылыми-әдістемелік жұмысын басқарудың ақпараттық
жүйесін жасақтаудың ғылыми-әдістемелік нәтижесін анықтау....................................................................................................74

1 Ақпараттық жүйе жасақтаудың теориялық негіздері


    1. ақпараттық жүйе жасақтаудың теориялық негіздері


Бүгінгі күні қоғамды қарқынды ақпараттандыру үдерісі әрбір адамның, оның ішінде жалпы білім беретін мұғалімдердің кәсіби іс-әрекетін интеллектендіруді қарастырады. Қоғамды ақпараттандырудың негізгі салдарының бірі – автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу болып саналады. Автоматтандырылған басқару жүйесі Интернет дәуіріндегі өзара әрекеттестік дамуының кезекті кезеңі болып саналып, ең алдымен адамзат қарым-қатынасының тікелей емес формасын пайдалану және ақпаратты алу мен оны өнімге айналдыру тәсілімен және ақпарат көздерін кеңейтумен, қоғамдағы білім берудің рөлін өзгертумен ерекшеленеді.

Кез-келген заманға сай мекемелер құрамына бизнес - процесті және өндірістік технологияны  қамтамасыз ететін  автоматтандырылған басқару жүйесі кіреді. Кез келген деңгейдегі басқару ұйымының негізгі мақсаты – мәтін немесе басқа да құжат түрінде бағынышты нысандардан алынған ақпаратты талдау, оның негізінде құжаттар даярлау, басқару құрылымындағы бағыныштыларды басқару үрдісін қолдау болып табылады. Құжаттар көлемінің көптігінен оларды бір-бірлеп жасау мүмкін емес, сондықтан оларды құрылымдау мен есепке алу қажет. Күніне бір үрдісті он қайтара жасау қажеттілігі туындауы мүмкін. Осыған орай қызметкердің лауазымдық нұсқаулығына қарай жасалатын үрдістерді және ақпараттар ағынын құрайтын бір бөлік – есептерді автоматтандыру қажет. Бұл басқару үрдісіндегі жұмыстарды барлығынша азайтуға алып келеді.

Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар мәндер қатары бойынша, жеке алғанда: ақпараттық жүйеде жүзеге асыру тәсілі бойынша, мәселені басқаруды қамту дәрежесі, жүзеге асырылатын технологиялық операциялар кластары бойынша, қолданушы интерфейсінің типі бойынша, ЭЕМ желілерін қолдану нұсқалары бойынша, пәндік саламен қамтуы бойынша жіктелуі мүмкін. Бұл мәндердің әр қайсысы сол не басқа ақпараттық жүйені таңдау туралы шешімді қабылдауға әсер етеді

Ақпараттық жүйелер өз даму кезеңінде өзгерістерге ұшырап отырды. 50-60 жылдары қағаз түріндегі есеп құжаттары айналымы электрлік механикалық бухгалтерлік машиналармен жүзеге асырылса, 60-70 жылдары басқару АЖ өндірістік ақпаратты, есептерді даярлауға қолданылды. 1970-80 жылдары АЖ шешім қабылдау өндірісте бақылау мен жүзеге асыру бағытында қолданыс тапты. 1980 жылдан бастап басқарудың жоғары сатысы, кәсіпорынды дамыту стратегиясын басқарды (сурет 1).


Сурет 1. - АЖ концепциясының өзгеруі

Автоматтандырылған басқару жүйесі (АБЖ) термині 1980-90 жылдары автоматтандырылған жүйеге ауысты. 2000 жылдары техникалық әдебиеттерде ол термин ақпараттық жүйе (АЖ) терминіне өзгерді.

Автоматтандырылған жүйелерде тәуекелділікті басқару мәселесі жағдайының туындауы және оны түсіну тәуекелділікті басқарудың маңыздылығын  және қажеттілігін көрсетті.

Жүйе болып кез келген объект түсініледі. Ол бір бүтін сияқты, сонымен қатар әр тектес элементтер жиынтығының қойылған мақсатына жету негізіне біріктірілген болып қарастырылады. Жүйе құрамы бойынша да, басты мақсаты бойынша да бір-бірінен ерекшеленеді.

Информатикада «жүйе» түсінігі кең таралған. Көптеген жағдайда ол техникалық жабдықтар мен программалар жиынтығына қолданылады. Жүйе болып компьютердің аппаратты бөлігі аталуы мүмкін. Жүйе, сонымен қатар көптеген есептерді басқару мен енгізу процедураларымен толықтырылған қолданбалы есептерді шешуге арналған программа болуы мүмкін.

«Жүйе» түсінігіне «ақпараттық» сөзінің қосылуы оның құрылу және жұмыс істеу мақсатын көрсетеді. Ақпараттық жүйелер есептерді шешуде шешім қабылдау процесіне қажетті ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу, іздеу, беруді қамтамасыз етеді. Олар мәселелерді анализдеуге және жаңа өнімдер құруға көмектеседі.

ҚР «Ақпараттандыру туралы» заңында «ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе» деп берілген.

АЖ басқа да анықтамалары бар, онда АЖ құрамына адамды енгізбейді. АЖ «программалық-техникалық, программалық-әдістемелік кешендер мен техникалық, программалық және ақпараттық жабдықтардан құралады» [16].

Ақпараттық жүйе – қойылған мақсатқа жету үшін ақпараттарды сақтау, өңдеу және беруге пайдаланатын әдістер мен қызметші әдістердің өзара байланысқан жиынтығы.

АЖ компоненті құрамына берілген мақсатты зерттеуге қажетті программалық жабдықтар (ПЖ), программалық-техникалық кешен (ПТК), АЖ программалық өнім, автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) енеді.


Ақпараттық жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін процестерді схема (сурет 2) түрінде көрсетуге болады, олар бірнеше блоктардан тұрады:












Сурет 2.Ақпараттық жүйелердегі процестер


80-ші жылдарда АЖ ақпаратты сақтау және өңдеуге арналған нысан болып саналса, жиырма жылдан соң АЖ орнына «ақпараттық технологиялар» (АТ) термині қолданыла бастады. Ал 2009 жылдан бастап оның орнына «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (АКТ) термині қолданысқа енді.

АЖ анықтамалары өте көп. Соның бірі – АЖ «пәндік облыстағы функционалдық тапсырмаларды шешуге арналған процестерді, ақпараттық, материалдық және қаржы ағындарын басқару әдістерінің жиынтығы» [58]. АЖ келесі құрама бөліктердің жиынтығы:

  • МҚБЖ бірге қарастырылған МҚ жүйесі;

  • қолданбалы ПЖ;

  • персонал;

  • ұйымдастырушылық-әдістемелік (нормативтік) қамту;

техникалық құралдар.

Ақпараттық жүйенің қасиеттері: кез келген ақпараттық жүйені анализдеу, құру және жүйені құрудың жалпы принциптері негізінде басқарылуы мүмкін; ақпараттық жүйе динамикалық және дамыған болып табылады; ақпараттық жүйені құру кезінде жүйелік үйлесімді пайдалану қажет;ақпараттық жүйенің өнімі ақпарат болып табылады.

Қазіргі уақытта ақпараттық жүйені компьютерлік техника көмегімен дамыды деген ой қалыптасты.

Ақпараттық жүйе жұмысын түсіну үшін оларды шешетін мәселелердің мән-мағынасын, сонымен қатар өндірістік процестерді түсіну қажет.

Кез келген жүйе құрамындағы элементтерімен, қызмет бағытымен анықталады, олар мәселені анықтауға, стратегиялық жоспарлауға және жаңа өнім жасақтауға көмектеседі (кесте 1).

Кесте 1. - Жүйенің жіктелуі


Компьютерлер мен ақпараттық жүйелердің айырмашылығын қарастырсақ, арнайы мамандандырылған программалық жабдықтармен қамтылған компьютерлер, ақпараттық жүйелердің техникалық базасы мен құралы болып табылады. Ал ақпараттық жүйелерді оның миссиясын, міндетін, құрылысын, инфрақұрылымын, конфигурациясын, телекоммуникация құралдарын мен компьютермен тікелей жұмыс жасайтын қызметкерді анықтамай елестету мүмкін емес.

Ақпараттық жүйені енгізу арқылы математикалық әдістер мен интеллектуалды жүйелер және т.б. енгізу кезінде есептерді шешудің тиімді нұсқаларын алу;оны автоматтандыру негізінде ауыр жұмыстардан жұмысшыларды босату;ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету;мәліметтерді қағаз түріндегі мәліметті магниттік тасымалдаушыларға ауыстыру арқылы компьютерде ақпаратты тиімді өңдеу мен қағаз құжаттары көлемін азайту;құжат айналымы жүйесін жетілдіру;өнімдер мен қызметтерге жұмсалатын шығындарды азайту;біртектес қызметтерді тұтынушыларға беру.

Ақпараттық жүйелер ақпараттық, техникалық, математикалық, программалық, өндірістік және құқықтық қамту ішкі жүйелерінің жиынтығынан құралады.

Ақпараттық қамту ақпараттық топтар схемасының, құжаттардың бірыңғайлы жүйесінің, ақпаратты кодтау және жіктеу жүйесінің жиынтығы, сонымен қатар мәліметтер қорын құру әдістемесінен құралып, оңтайлы шешім қабылдау үшін нақты ақпаратты беруден тұрады.

Техникалық қамту әдістер мен технологиялық процестерге сәйкес келетін құжаттардың техникалық әдістерінің кешенін қолдану (кез келген модельді компьютерлер; ақпаратты жинау, өңдеу, беру және шығару құрылғылары; мәліметтерді беру және байланыс құрылғылары; өндірістік техника және ақпараттың автоматты түрде алынатын құрылғылары; эксплуатациялық материалдар және т.б.)арқылы міндетті шешеді.

Математикалық және программалық қамту техникалық әдістеркешенін бірқалыпты функционалдауға арналған математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер мен программалар жиынтығынан құралып, өңдеу үрдісінде басқару процестерін модельдеу әдістері; басқарудың типтік есептері; математикалық программалау, математикалық статистика, жаппай қызмет ету теориялары және т.б. әдістерін қолдану, жүйелік және арнайы программалық өнімдер, техникалық құжатнама арқылы программалық қамтамасыз етеді.

Өндірістік қамту жұмысшылардың техникалық әдістерімен іс-әрекеті және өзара ақпараттық жүйені құру мен эксплуатациялау процесіндегі әдістер мен тәсілдер жиынтығын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Құқықтық қамтамасыз ету ақпаратты алу, жаңарту және пайдалану ретінде ақпараттық жүйелерді құруды, функционалдау мен заңгерлік мәртебені анықтайтын құқықтық ережелер жиынтығы боп табылып, заңдар, нұсқаулар, мемлекеттік билік органдарының қаулылары, бұйрықтар, инструкциялар мен министрліктің басқа нормативті құжаттары, ведомостілер, өндірістер, жергілікті билік органдарды қамтиды.

Ақпараттық жүйелердің барлығына дерлік көпаспектілік, көпфункциялық, қолдану салаларының әртүрлі болуы тән. Сондықтан да ақпараттық жүйелерді жіктеу күрделі үрдіс. Жіктеу кім қандай мақсатта осы үрдісті жүргізетіндігімен сипатталады.

Басқару жүйесінде ақпараттық процестерді автоматтандыру дәрежесіне қатысты АЖ қолмен жасалған, автоматтық, автоматтандырылған деп анықталады. Қолмен жасалған АЖ ақпаратты қайта өңдеудің техникалық құралдарының және адаммен орындалатын барлық операциялардың жоқтығымен сипатталады. Автоматтық АЖ адамның қатысуынсыз ақпараттарды қайта өңдеу бойынша барлық операцияларды орындайды.Автоматтандырылған АЖ ақпарат пен адамды және техникалық құралдарды өңдеу процесіне қатысуды болжайды, мұнда басты роль компьютерге негізделген. Қазіргі «ақпараттық жүйе» терминін талқылағанда автоматтандырылған жүйе түсінігі айтылады.

Басқару процесін ұйымдастыруда олардың кең пайдалануын ескере отырып, автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің әртүрлі бопжіктелуі 6-суретте берілген.




Сурет 3. - Әртүрлі белгілері бойынша ақпараттық жүйелердің жіктелуі

Ақпаратты пайдалану сипаты бойынша жіктесек, ақпараттық-іздеушілік жүйелер (сурет 3) енгізуді, жүйелендіруді, сақтауды, мәліметтердің қайта өңделуін тұтынушы сұранысы бойынша ақпаратты беруді өндіреді. Мысалы, кітапхана, билеттер сататын темір жолдар мен авиа кассаларда ақпараттық-іздеушілік жүйелер.

Ақпараттық-шешуші жүйелер қандай да бір алгоритм бойынша ақпаратты қайта өңдеудің барлық операцияларын жүзеге асырады. Оларда шешім қабылдау процесінде нәтижелі ақпараттың іс-әрекет дәрежесі бойынша классификация жүргізуге және екі класты бөліп қарастыруға болады: басқармалы және кеңесші. Басқармалы ақпараттық жүйелер адамның шешім қабылдауына негізделген ақпаратты өндіреді. Кеңесші ақпараттық жүйелер адамның мағлұматына алынады және нақты іс-әрекет сериясына айналмайды. Бұл жүйелер интеллекттің жоғарғы дәрежесіне ие болады.

Қолдану сферасы бойынша жіктесек, өндірістік басқарудың ақпараттық жүйелері (сурет 3) басқарушы қызметшілердің функцияларын автоматтандыру үшін арналған. Жүйенің бұл класының кең қолданылуы мен әртүрлілігін ескере отырып, жиі кез келген ақпараттық жүйелер берілген талқылауда түсініледі. Бұл класқа өнеркәсіптік фирмалар, өнеркәсіптік емес объектілер: қонақ үйлер, банктер, сауда фирмалары мен т.б. ретінде басқарудың ақпараттық жүйелері жатады. Осы жүйелердің негізгі функциялары: оперативті бақылау және реттеу, оперативті есеп және анализ, перспективалы және оперативті жобалау, бухгалтерлік есеп және т.б. экономикалық-өндірістік есептер.

Технологиялық процестерді (ТП) басқарудың ақпараттық жүйелері өндірістік қызметшілер функциясын автоматтандыру үшін қызмет етеді. Олар металлургиялық және машина жасайтын өндірістердегі технологиялық процестерді қолдау үшін ұйымдастыру кезінде кең пайдаланылады.

Автоматтандырылған жобалаудың ақпараттық жүйелері жаңа техника немесе технология құру кезінде инженер-жобалаушылар, конструкторлар, архитекторлар, дизайнерлер функциясын автоматтандыру үшін арналған. Осындай жүйелердің негізгі функциялары болып мыналар табылады: инженерлік есептер, графикалық құжатнама құру (сызбалар, схемалар, жобалар), жобалық құжатнамаларды құру, жобаланатын объектілерді модельдеу.

Интегралданған (корпоративті) ақпараттық жүйелер ұйымның барлық функцияларын автоматтандыру үшін пайдаланылады және өнімді жобалаудан бастап, өткізуге дейінгі жұмыстың барлық циклін қамтиды. Бұл мекеменің құрылымын өзгертуге әкелуі мүмкін, бұған кез келген басқарушы бара алмайды.

Өңделетін ақпарат түріне байланысты құжаттық және фактографиялық АЖ болып бөлінеді. Құжаттық АЖ мәтін немесе графикалық құжаттардағы құрылымдалмаған ақпаратты (кітап, мақала, бұйрық т.б.) іздеуге бағытталса, фактографиялық АЖ мәліметтердің формальданған жазбалары жиынтығы түрінде берілген нақты мәліметтерге сүйенеді. Олар МҚБЖ арқылы ақпаратты енгізу, өңдеу, топтау, сақтау операцияларын орындайды.

АЖ қолданылатын саласына байланысты және басқару деңгейіне байланысты мемлекеттік, аймақтық, офистік, жеке болып та бөлінеді.

Атқаратын жұмысына қарай есептеуіш және ақпараттық (басқару) болып таралады.

Ақпараттық технологияны этаптардан, қызметтерден, операциялардан тұратын иерархиялық құрылымнан көруге болады.

1 - деңгей- этаптар- салыстырмалы түрде ұзақ технологиялық процестер іске асыра алады.

2 - деңгей-операциялар- 1-деңгейдегі программалық ортада таңдалған нақты обьектінің құрылуы орындалады.

3 - деңгей- қызметтер- сәйкес операцияларға қойылатын мақсаттарды орындауға әкелетін әрбір бағдарламалық жұмыс тәсілдерінің стандартты жиынтығы.









Кесте 2. - Ақпараттық технологияның жіктелуі


Қазіргі уақытта ақпаратты өңдеудің техникалық құралы компьютер болып табылады. Ақпараттық ортаға компьютердің енуі және телекоммуникациялық байланыстың қолданылуы ақпараттық технологияның жаңа кезеңінің дамуын анықтады.

Жаңа ақпараттық технологиялармен жұмыстың негізгі принципі ретінде компьютермен интерактивті жұмыс режимі, басқа бағдарламалық өнімдермен өзара байланысы (интеграция), берілген міндеттердің өзгеру процесіне икемділігі қабылданған.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйе ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат, экономикалық – математикалық модельдер мен әдістер, техникалық, программалық, технологиялық құралдар мен мамандар жиынын білдіреді.

Сонымен, ақпараттық жүйе техникалық көзқараспен қарағанда, шешім қабылдауды қолдайтын және мекемені басқаруда пайдаланылатын ақпаратты жинайтын, өңдейтін, сақтайтын және тарататын өзарабайланысқан компоненттер шоғыры ретінде анықталады.

Ақпаратты түсу көзіне қарай ішкі және сыртқы деп бөледі. Сыртқы ақпарат жоғарғы органның жарлығынан, орталық және жергілікті органдардың әртүрлі материалдарынан, басқа мекемелерден түсетін құжаттардан тұрады. Ішкі ақпарат өнеркәсіптегі өндірістің жүргізілуі, жоспардың орындалуы, бөлімшелердің жұмысы туралы, қызмет бөлімшелері туралы ақпаратты қамтиды.

Ақпараттық жүйеде үш процесс ақпаратты өндіреді, олар мекеме шешім қабылдау, басқару, проблема анализі және жаңа өнімдер шығару мен қызмет көрсетулер қажет ететін ақпаратты дайындау, - бұл енгізу, өңдеу, шығару. Енгізу процесінде мекеменің ішінде немесе сыртқы ортадан жиналған тексерілмеген мәліметтер алынады. Өңделу процесінде ол шикі материал басқа маңызды формаға келтіріледі. Шығару сатысында өңделген деректер персоналдар мен процестерге беріледі.

Формальды және формальды емес компьютерлік ақпараттық жүйелер бар. Формальды жүйелер жинаудың, сақтаудың, осы мәліметтерді тарату мен пайдаланудың қабылданған және реттелген мәліметтері мен процедураларына сүйенеді.

Формальды емес ақпараттық жүйелер қажетсіз келісімдер мен мінездің жазылмаған ережелеріне сүйенеді. Ақпарат болып табылатын немесе ол жинақталып өңделетін ешқандай ережелер жоқ. Мұндай жүйелер мекеменің өміріне қажет.

Мекемені басқаруда ақпараттық технологияларды пайдалану кез – келген компанияны нарықтық конъюктураның өзгерістеріне қалыптасуы негізінде басқарылуды биіктетеді. Сәйкес автоматтандыру мыналарға мүмкіндік береді:

  • Деректердің бірлік банкі негізінде жетекшілер мен мамандарды максималды толық, оперативті және шынайы, дәл ақпаратпен қамту есебінен компанияны эффектілі басқаруды жоғарылату;

  • Оптимизациялау және стандарттауды пайдаланып құжатайналымды жақсарту;

  • Ақпаратты өңдеу процесін автоматтандыру, регламенттеу және компания қызметкерлерінің қажетті ақпаратты алуын жеңілдету есебінен істі жүргізу шығынын азайту. Қызметкерлерді өте көп жұмыстарды орындауынан босатып, басқа кәсіпкерлік маңызды жұмыстарға бағыттау;

  • Басқарудың барлық деңгейінде ақшалық қаражаттардың түсуінің және шығысының сенімді есебін және бақылауын қамтамасыз ету;

  • Төменгі және орташа звенолардың басшылары өз бөлімшелерінің қызметін сараптау және басшыларға, жеке бөлімшелер жетекшілеріне аналитикалық есеп дайындау;

  • Бөлімшелер, филиалдар және орталық аппарат арасында ақпарат алмасудың эффектілігін жоғарылату;

  • Ақпаратты өңдеудің барлық сатыларында деректердің толық қауіпсіздігін және бүтіндігін кепілдеу және т.б.

АЖ кез келген құрылымы екі өзара байланысты бөліктерден құралуы мүмкін:

  • функционалды бөлік, қолданбалы облыстың функцияларын жүзеге асыратын қолданбалы программалар;

  • орта немесе жүйе бөлігі, қолданбалы программаның орындалуын қамтамасыз етеді.

Осыған орай стандарттаудың екі сұрағы тікелей байланысты:

  • АЖ ортасы қолданбалы программалары өзара әрекеті интерфейстерінің, қолданбалы программалар интерфейсі стандарттары (Application Program Interface — API);

  • АЖ сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасы интерфейсі стандарттары (External Environment Interface — EEI).

Интерфейстердің екі тобы АЖ ортасының сыртқы сипатының ерекшеліктерін – пайдаланушы, АЖ жобалаушы көзқарастарымен архитектурасын анықтайды.

АЖ ортасы сыртқы интерфейсі ерекшеліктері сол ортаның компоненттері арасындағы өзара қарым-қатынас ерекшеліктерімен анықталады — бұл берілген интерфейс үшін қажетті барлық функциялар, қызметтер және форматтардың нақты сипаттамасы. Мұндай сипаттамалардың жиынтығы ашық жүйелердің эталондық моделін құрайды (Reference Open System Model).

Бұл модель IBM компаниясымен 1974 жылы ұсынылып 20 жылдан бері желілік жүйелік архитектурамен (SNA) анықталады. Ол есептеуіш ортаның өзара қарым-қатынастары сәйкес стандарттармен сипатталған жеті деңгейге бөлінуіне сүйенеді және әрқайсысының құрылымы деңгейге тәуелсіз жүзеге асырылады (сурет 4).


Сурет 4. - АЖ өзара қарым-қатынасының жетідеңгейлік моделі

АЖ моделін құру үшін компоненттерінің функционалды топтарын – пайдаланушыларды, функцияларды, мәліметтерді, коммуникацияны анықтау қажет. Бұл АЖ пайдалану сатыларында бірге жүріп отырады, жобалаудың мөлдірлігін қамтиды, жүйе жасақтау мен жоба құжаттаудың стандарттарын таңдауға негіз болады.

Ақпараттық жүйелерді жобалау әдістемесі. Компьютерді қолдануы бойынша, мысалы мәтіндерді теру, жобалау, дизайн өндіріс әдісі ретінде қолданылады. Мұнда оның тиімділігі анық және айтарлықтай жоғары. Бірақ пайдалану кезінде компьютер өндіріс әдісі болып емес, ал бизнесте өндірістік ақпараттық-басқармалы процестерді, басқарудың жергілікті және мемлекеттік органдарын, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениетте немесе білімді қамтамасыз ету болып табылады.

Шешім қабылдау - ол іс-әрекеттің тиімді вариантын таңдау, нақты практикалық қадамдарды анықтау. Шешім таңдау болған жағдайда ғана қабылданады. Таңдау оның өнімінің тауар немесе қызмет түрінде және өндірістің дамуын болжау процесінде дайындалған іс-әрекеттің балама жиынтығын қамтамасыз етеді. Маңызды шешімдер жеке сұрақтар бойынша келісілген шешімдерді қабылдау үшін топшылау құратын компанияның өндірістік стратегиясын негізге ала отырып қабылдайды. Тиімді вариантты таңдау негізінде: күтілетін пайда, мүмкін шығынды азайту, күтілетін табыстарды дамыту мүмкіндіктері, күтілетін теріс оқиғаларды азайту, табысты бағалау ықтималдығы, «иә» және «жоқ» бағалар, функционалды-бағаланатын анализ идеясы және т.б. жүзеге асады. Бірақ кез келген әдісті қолдану үшін бірнеше облыстарда: өнім, қызметтер мен технологиялық әдістер, өнімді пайдалану ортасы, өткізу әдісі мен сату техникасы, нарықтар, бәселекестер, мемлекеттің қызмет ортасындағы өзгерістер тенденциясы мен дүниежүзілік нарық ауқаты және т.б. туралы толық және мағыналы ақпаратты жинау керек.

Компьютерді алу және оның негізінде ақпараттық технологияны құру үшін келесі сұрақтар бойынша шешім қабылдау керек:

1. Компьютер (компьютерлер) қандай мақсат үшін алынады?

2. Ақпараттың жұмыс істеу жүйесі және құжат айналымы қалай құрылған?

3. Ақпарат жүйесі мен құжат айналымы қалай жақсартылады?

4. Ақпараттық технология тым рационалды (немесе радикалды) болып қалай құрылу керек?

5. Қандай программалық кешендерді (қолданбалы программалар пакеті) алу және бизнес-процестер спецификасы негізінде программалау керек?

6. Аппараттық комплекстер құру үшін қандай аппаратты-желілік әдістер қажет?

7. Ақпаратты-басқармалы жүйелерді қайта ұйымдастырудан немесе құрудан қандай технико-экономикалық эффектілер күтіледі?

Ақпаратты-басқармалы жүйелерді құру немесе қайта ұйымдастырудың әдістемесі бірнеше сатыларды қосады.

Ең бірінші функционалды есептерді, функционалды іс-әрекеттерді, ішкі құжат айналымын, ақпараттық топтар мен ақпараттық іс-әрекеттерді анықтау мақсатында өндірістің құрылымдық бөлімшелерін тексеру және зерттеу жүзеге асырылады. Осы ақпаратты зерттеу негізінде бөлімшелердің жұмыс істеу технологиясының функционалды-ақпараттық модельдері құрылады, содан кейін өндірістің жұмыс істеу технологиясының біркелкі функционалды моделі ретінде бөлімше жұмысы технологиясының біріктірілген функционалды моделі орындалады, сонымен қатар өндірістің біркелкі құжат айналымының ақпараттық моделі құрылады. Жұмыстың осы кешенін орындау нәтижесінде өндірістің құрылымы мен технологияны жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастырады.

Ақпараттық жүйенің өзін құру үшін максималды мүмкін деңгейде бизнесті автоматтандыратын стандартты қолданбалы программалар пакетін қолдану ұсынылады:

  • "клиент-сервер" ақпараттық технологиясы бойынша корпоративті құжат айналымы мен операциялар;

  • электронды құжаттармен басқару;

  • қиын ақпараттық жүйелерді жобалау, модельдеу және анализ;

  • іс-әрекеттің экономикалық (бағалық) анализі;

  • жаңа технологиялардың өндірісі мен тиімділігін бағалау;

  • шешім қабылдауды қолдау жүйесін құру.

Қиын ақпараттық жобаларды іске асыру үшін алуан түрлі периферийлі құрылғылары бар жүздеген компьютерлер құру, есептеу жүйелерін бөлу және жергілікті жүйелерді құру, арнайы программалық қамтамасыз етуді меңгеру қажет. Нарық өзгерсе – компьютерлік қосымшалардың даму стратегиясы өзгереді. Компьютерлік нарық қамтамасыз ететін шешімнің бес түрлі деңгейін бөліп қарастыруға болады:

  • керекті ақпараттық жүйе конфигурациясын өз бетімен құру және ұйымдасқан компьютерлік техниканың таралу каналдарында программалы-аппараттық әдістерінің жеке модельдерін иелену;

  • өндірістерге назар аудару – білікті мамандар қызметін ұсыну негізінде шешімнің бағасын қосатын жүйелік интегранттарға; программалы-аппараттық әдістердің жеке модульдерін алу және қажетті конфигурациясы бар ақпараттық жүйені өз бетімен құру;

  • ақпараттық проектілерді орындау және мамандандырылған шағын дербес өндірістердің программалы-аппараттық әдістерін дайындауы бойынша қызмет көрсету, одан да тиімді жалпы және жеке ақпараттық мәселелерді шешу

АЖ жобалау жекелеген жобалық шешімдерді жасақтау, оларды талдау, сынақтан өткізу және енгізуден тұрады.

Ұйымда АЖ енгізудің негізгі мақсаты компьютерлендіру емес, басқару үрдісін ұйымдастыру мен жетілдіру болып табылады. Сондықтан ұйым басшысының АЖ жобалау принциптері, даму тенденцияларынан, техникалық және программалық құралдардан хабары бар болуы қажет.

Ұйымның әр бөлімшесінде АЖ жобалауға және енгізуге жауапты тұлға бекітілуі қажет, ол адам қажетті ақпарат жинау, техника мен программалық жабдық таңдау, қызметкерлерді оқыту, АЖ енгізу және жұмысын талдауды басқаруы тиіс (сурет 5).



Сурет 5. - АЖ жобалау


АЖ жаппай жобалауда тиімділік, бақылау, үйлесімділік, икемділік, жүйелілік, дамытушылық, стандарттау және унификация принциптеріне сүйенеді.

АЖ жасақтау әдістері. АЖ құрудың альтернативті жолы ретінде «міндетіне қарай» немесе интеграция әдістері таңдалуы мүмкін. «Міндетіне қарай» әдісі басқа міндеттер үшін қарастырылған шешімдерді есепке алмай әр міндетті жеке-жеке енгізуге мүмкіндік береді. Интеграция әдісі бір-біріне тәуелсіз функционалды ішкі жүйелерден құралатын біртұтас автоматтандырылған ақпараттық жүйе жасақтауда қолданылады. Интеграция әдісі басқару сұрақтарын кешенді шешуге, нысанның ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіруге, бірнеше ақпараттық ішкі жүйелерде қолданылатын мәліметтерді жинау мен тіркеуге мүмкіндік береді.

АЖ құру үш түрлі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін:

  • жұмысты өз күшімен орындау;

  • басқа ұйымдардан мамандарды тарту арқылы жоба шешімдерін даярлау;

  • даяр қолданбалы программалар пакетін сатып алу.

АЖ құру кезеңдері (сурет 6):

I кезең — жоба алдындағы (зерттеу, есеп, техникалық-экономикалық негіздеме және техникалық тапсырма құрастыру);

II кезең — жобалау (техникалық және жұмыс жобасын құру);

III кезең — енгізу (енгізуге дайындық, сынақ тәжірибесін өткізу және программалық қолданысқа тапсыру);

IV кезең — жұмысын талдау (проблемаларды анықтау, жобалық шешімге және АЖ өзгерістер енгізу).



Сурет 6. - АЖ құру кезеңдері


Жоба алдындағы кезеңде жобалау нысаны зерттеледі және талданады. Ақпараттық база, оның кіріс құжаттары, көлемі, қайталануы, алгоритмі, шығыс құжаттар және тапсырмалардың барлық ақпараттық байланысы талданады. Бұл мәліметтер өңделеді және объектілердің ақпараттық моделі кесте мен график түрінде құрылады.

Объектінің және оны басқару жүйесінің жағдайы ауызша және жазбаша сұрау, жазбаша сауалнама, бақылау, өлшеу, бағалау, топтық талқылау, міндеттерді талдау, өндірістік, басқару және ақпараттық процестерді талдау әдістері қолданылады.

Зерттеу нәтижесінде ұйымдастырушылық құрылымды өзгерту бойынша ұсыныстар даярланады, жаңа лауазымдық нұсқаулықтар даярланады, құжаттардың мақсаттылығы қарастырылады, мәліметтер қорының құрамы, өңдеу технологиясы бойынша ұсыныстар анықталады, есептеуіш желі конфигурациясы, тапсырмалар құрамы, оларды компьютерлендіру реті анықталады.

Жобалау кезеңі әр деңгейдің АЖО үшін техникалық және жұмыс жобалары құрастырылады. Жұмыс жобасында жалпы жағдайлар, техникалық құралдар құрамы, архитектурасы, жаңа жағдайдағы ұйымдастыру құрылымы, тапсырмалардың қойылымы, ақпараттық қамту, басқа АЖО ақпарат алмасуы жобаланады, тиімділігі есептеледі, орындаушыға нұсқау жасақталады.

Технологиялық процестерді жобалау пароль, программа, компьютермен пайдаланушының диалогын жобалайды. Меню блок, модуль және программалар тізбегін құрайды. Әр модуль нақты функция атқарады. Меню құрылымы мен адамның машинамен диалог сценасы құрылады. Егер дайын қолданбалы программалар қолданылса, онда машиналық программалар жиынтығы мен пайдаланушыға арналған нұсқау дискіде болуы тиіс.

1.2 Колледждің ғылыми-әдістемелік жұмысын басқару

Қазақстанда білім беру жүйесіндегі басқару мәселелері де ғалымдардың зерттеу нысанынан тыс қалмады. Оны республика ғалымдары бірнеше бағытта зерттеді. Айталық, білім беру жүйесіндегі оқу үрдісін басқару Н.Асанов, Ш.Т.Таубаева, С.С.Хасенов, Е.Ш.Қозыбаев, жалпы орта білім беру жүйесіндегі мектепті басқару Н.А.Әбішев, К.Д.Қарақұлов, кәсіптік-техникалық білім жүйесіндегі оқу үрдісін басқару Б.К.Момынбаев, К.Ө.Өстеміров, оқу-өндірістік комбинатты, жастарға еңбек және экономикалық білім беруді басқару Қ.Ж.Аганина, А.М.Мүсілімов, Г.Т.Хайруллин және т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беру үшін инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселе болып табылады.

Инновациялық үрдістерді зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу үрдісіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы алыс және жақын шетел ғалымдарының К.Ангеловский, М.В.Кларин, В.Я.Ляудис, М.М.Поташник, С.Д.Поляков, Т.И.Шамова, О.Г.Хомерики, Н.Р.Юсуфбекова, В.И.Загвязинский, П.И.Пидкасистый, Н.И.Лапин, А.И.Пригожин, Ю.Н.Кулюткин, А.К.Маркова, Н.Д.Никандров, Я.А.Пономарев, В.А.Сластенин, Л.С.Подымова, Л.Н.Фридман және т.б. еңбектерінде қарастырылған.

Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы педагогикалық инновация мен оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін Ш.Т.Таубаева, Н.Н.Нұрахметов, С.Н.Лактионова, Е.З.Батталханов, Қ.Қ.Қадашева, Т.О.Балықбаев, Ж.А.Қараев, Г.К.Нұрғалиева, К.Бұзаубақова, С.Д.Мұқанова, Н.И.Хван, Л.Е.Румянцева, З.У.Имжарова, М.М.Мұқаметқалиқызы және т.б. педагог ғалымдар зерттеген.

Соңғы жылдары осы саладағы жұмыстардың көлемі арта түсіп, жалпы педагогикалық инновацияға, оның ішінде инновациялық білім беру үрдістеріне қатысты бірқатар аспектілер зерттеле бастады.

Г.Д.Такенова колледжді менеджмент негізінде инновациялық басқарудың принциптері мен функцияларын қарастырған. Инновациялық басқарудың структуралық-функционалдық үлгісін айқындап, колледждің ішкі инновациялық басқару жүйесін қолдануы және көрсеткіштер бойынша колледж қызметінің тиімділігін арттыру арасында өзара байланысын дәлелдеген.

Қазіргі кезде жаңа қоғам – қоғамдық өмірдің барлық салаларына ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізумен байланысты ғаламдық әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен сипатталатын ақпараттық қоғам қалыптасты [1,10,31,35,53,68].

Ақпараттық қоғамның маңызды сипаттамаларының бірі – ғылыми-техникалық ақпараттың интенсивті жаңарып отыруы, өндірістік және әлеуметтік технологиялардың 6-8 жылда жаңа циклын құрайды, бұл жаңа буынның ауысу темпінен де тез боп отыр, яғни білімді бүкіл өміріңе жарамды етіп бере алмайды (А.Ю. Единак [32]). Бұдан АКТ-ның технологиялық дамуының орта мектепте білім алып шыққаннан да тез жүруде, ақпараттың ескіруі мен жаңаруы қарқынды жүріп келеді.

Жаңа стандарттарға көшу жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмысты басқару ішкі процестерді басқарудың басты бағыттарының бірі боп табылады.

Қазіргі қоғамның қарқынды дамуы жағдайында еңбек сапасына қойылатын талаптың күшеюіне байланысты еліміздегі білім беру саласының жетілдірілуі жөніндегі бірқатар еңбектерді атап өтуге болады. Атап айтқанда білім беру жүйесін ақпараттандыру саласында бірқатар еңбектер жарық көрді. Бұл еңбектерде – білімді ақпараттандыру жағдайында электрондық оқулықтарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері [Г.К.Нұрғалиева], қашықтан оқыту жағдайында оқушылардың ақпараттық мәдениеттілігін қалыптастыру [Д.М.Джусубалиева], білім беру жүйесін ақпараттандырудың жалпы мәселелері [Б.Баймұханов, С.Е.Шакликова, С.С.Үсенов, Р.А.Ильясова, Г.Б.Ахметова], жалпы білім беретін орта мектептерде информатиканы оқытуды жетілдіру [С.Қариев, А.И.Тажигулова], білім беруді ақпараттандыру жағдайында электрондық әдістемелік жүйені құрастырудың әдіснамалық және технологиялық мәселелері [Ш.Х.Құрманалина] жан-жақты қарастырылған. Бұл аталған ғалымдардың еңбектерінің нәтижелері білім беру стандарттары мен оқытудың бағдарламалық-әдістемелік кешендерін жасауда негізгі қолданысқа ие болды.

Колледждің әдістемелік жұмысы – педагогикалық басқару қызметінің ерекше түрі, білім беру үрдісін қамтуға бағытталған және оның субъектілерінің білім беру, инновациялық және ғылыми қызметке қатысуын қамтамасыз етеді. Оны жүзеге асыру барысында білім беру ұйымының білім беру кеңістігіндегі біртұтастығын қолдау, инновацияның педагогикалық мақсатқа сай қамту, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, білім беру үрдісінің әдістемелік идеясын қолдау мәселелері қарастырылады.

ҚР БжҒМ «Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесінде» - «оқу-әдістемелік жұмыс - білім беру үдерісін оқытушылық, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарға жеткізу үшін психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік және оқу-материалдық объектілермен қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымының қызметі» деп анықтама берілсе,  Т.Н.Макарова «әдістемелік жұмыс – мектеп әкімшілігі, мұғалімдері мен тәрбиешілерінің оқу-тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін меңгеру, оларды сабақта және сыныптан тыс шараларда шығармашылықпен қолдану, білім беру үрдісін ұйымлдастыру, өткізу және қамтудың жаңа, неғұрлым тиімді формалары мен әдістерін іздеу шараларының жиынтығынан құралған білім беру қызметінің негізгі түрі» деп көрсеткен.

Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс ғылым мен білімді интеграциялау, оқу және тәрбие үдерісін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

Әдістемелік жұмыстың пәні ретінде тек қана кәсіптік-педагогикалық (басқару) коммуникациясы (формалар, әдіс-тәсілдер, құралдар) ғана емес, білім беру мазмұны (оқу материалдары), басқарушылық әсер ету мазмұнын (бұйрық, нұсқау, өкім, бағдарламалар т.б.) қарастырылады (С.Г.Молчанов ). 

Көптеген авторлардың ойынша әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері:

  • озат педагогикалық тәжірибені зерттеу және енгізу;

  • оқытушының ғылыми деңгейін көтеру мақсатында психологиялық-педагогикалық ғылым жетістіктерімен таныстыру;

  • оқытушының кәсіптік шеберлігін жетілдіру.

Ал ғылыми–әдістемелік жұмыстың міндеттеріне жоғарыда айтылғандармен қатар, мыналарды жатқызуға болады:

  • оқытушының инновациялық қызметке қосылуы;

  • оқытушының ғылыми-зерттеу қызметіне қосылуы;

  • оқытушының эксперименттік-тәжірибе жұмысына қосылуы.

Ғылыми-әдістемелік жұмыс әдістемелік жұмыстың құрамдас бөлігі болып табылады және білім беру үрдісінің жоғары сапасына қол жеткізуге бағытталған, теориялық және эксперименттік зерттеулер, педагогикалық талдау дағдыларын қалыптастыру, яғни қазіргі кезде білім беру жүйесінде әдістемелік жұмыс пен ғылыми-әдістемелік жұмыстың арасында шектеулер жоқ .

Е.Л. Осоргин өз жұмысында ғылыми-әдістемелік жұмыс әдістемелік жұмыстың негізгі үш құрылымдық компоненттерінің бірі болып табылады және ұйымдастырушылық-әдістемелік, оқу-әдістемелік жұмыстармен бірге орта кәсіптік оқу орындарында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру негіздерін анықтайды.

Осыдан, ғылыми-әдістемелік жұмыс – педагогикалық,басқару қызметінің ерекше түрі, субъектілерінің білім беру, инновациялық, ғылыми жұмыстың араласуына сүйене отырып білім беру үрдісін қамтамасыз етуге бағытталады.

Әдістемелік қызметті басқару – білім беру үрдісін басқарудың ішкі жүйесі болып табылатын басқарудың ерекше түрі. 

Білім беру ұйымдарының ғылыми-әдістемелік жұмысын басқаруға берілген отандық және шетелдік зерттеулерде қызметтің азғана бөлігі қарастырылып, басқарудың элементтері қарастырылған:

  • С.Н.Асланова мен Ю.Д. Мироненко әдістемелік жұмысты басқару қызметін мемлекеттік білім беру стандарттары талаптарын жүзеге асыру, оқу, ғылыми және оқу-әдістемелік құжаттардың ақпараттық банкін құру жағдайында білім беру үрдісін инновациялық түрлендіруге қабілетті педагогикалық ұжымды құрумен байланыстырады;

  • К.С. Буров , Л.И. Дудина әдістемелік жұмысты басқаруды педагогтардың біліктілігін арттыру жағынан қарастырады;

  • С.К. Абдуллина, С.Г. Азарашвили, Л.И. Белоусова және басқалар әдістемелік жұмысты басқаруды білім беру ұйымының әдістемелік жұмысын жетілдіру арқылы береді;

  • Т.П. Афанасьева, Д.А. Иванов, Н.В. Немов, Г.Х. Самигуллин, И.И. Багавиев әдістемелік жұмысты басқаруда жұмыстың өзіне және оның сараптамасына баса назар аударады;

  • Н.Г. Берденникова, Л.И. Васильева, О.А. Граничина, Н.Н. Матвеева әдістемелік жұмысты басқаруды қарастыра отырып, ең бастысы білім беру үрдісінің сапасына көңіл бөледі;

  • Ж.В. Игнатенко, Д.Ш. Матрос, В.М. Монахов білім беру ұйымындағы әдістемелік жұмысты басқаруды ақпараттандыруға көңіл бөледі;

  • Г.В.Яковлева білім беру ұйымындағы әдістемелік жұмысты басқаруды білім беру үрдісін, педагогикалық оқулар, семинарлар, кәсіптік шеберлік байқауларын әдістемелік қамту кешенін жасақтауды ұйымдастыру деп қарастырады.

Білім беру ұйымын басқарудың түрлі концепциялары бар:

  1. Дәстүрлі – мектептану, мектепішілік басқару. Концепция бойынша әкімгер білім беру ұйымы қорларын басқарады. Ол қорларға материалдық, қаржылық сонымен қатар кадрлық қорларды да жатқызады (М.М.Поташник).

  2. Қазіргі – программалық-мақсатты басқару (Д.Ф.Ильясов, С.А.Репин); білім беру ұйымы қызметін басқару (Г.Н.Сериков).

Осылайша білім беру ұйымында ғылыми-әдістемелік жұмысты басқаруды басқарудың ішкі жүйесі ретінде және әдістемелік жұмысты мақсатты жүргізуге бағытталған субъектілердің қызметі ретінде қарастыруға болады.

Педагогикалық жүйенің басты қасиеттерінің бірі – оның көпқұрылымдылығы. Жүргізілген зерттеулер бойынша колледждегі ғылыми-әдістемелік жұмыс оқу орнының нақты құрылымына байланысты болады.

Басқарудың аспектісі ғылыми-әдістемелік жұмысты жүйе ретінде мына өзара байланысқан элементтердің (құрылымдар) кешені деп сипаттауға негіз болады: жоспарлау – ұйымдастыру – бақылау – талдау – ынталандыру – түзету.

Колледждің ғылыми-әдістемелік жұмысының басты бағыттары:

  1. Кафедралар жұмысын жоспарлау және бақылау;

  2. Статистика (оқытушылар туралы сандық және сапалық мәліметтер, рейтинг);

  3. Білім беру бағдарламалармен қамту (МЖМБС орындалуын тексеру, жұмыс оқу бағдарламаларының жасақталуын бақылау, пәнді әдістемелік қамту);

  4. Озат тәжірибе зерттеу, жинақтау, тарату, енгізу.

  5. Біліктілікті арттыру (курс, конференция, семинар).

Ғылыми-әдістемелік жұмыстың жүру барысын жалпы бақылауды директордың ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасарлары жүргізеді. Ал ғылыми-әдістемелік жұмыстың орындалуын ағымдық бақылауды, қажетті әдістемелік қолдау көрсетуді кафедра меңгерушісі мен әдіскер жүргізеді.

Ш.Х.Құрманалинаның ғылыми-әдістемелік жұмысты басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету, оқу-әдістемелік құжаттармен қамтамасыз ету, ғылыми-әдістемелік және зерттеу ақпараттарымен қамтамасыз ету, аттестаттау-диагностикалық құжаттармен қамтамасыз ету, басқару қызметін бақылау үшін білім берудің мониторингісін жүргізу, қаржылық және материалдық-техникамен қамтамасыз ету элементтерінен тұрады деп қарастырады [50]. Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжде қалыптасқан ғылыми-әдістемелік жұмыстың бағыттары сурет 7-де көрсетілген.

Ғылыми-әдістемелік жұмысты колледжді басқарудың ішкі жүйесі ретінде қарастыра отырып, келесі құрылымды көрсетуге болады:

  1. Жоспарлау: директор, Колледж кеңесі, Ғылыми-әдістемелік кеңес, кафедралар.

  2. Ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру.

  3. Ынталандыру: мониторинг жүйесі енгізіліп, оқытушының, кафедраның, колледждің рейтингі анықталады.

Ғылыми-әдістемелік жұмысты басқарудың ортақ функцияларын келесі құрамда қолдануға болады: мақсат қою, жоспарлау, жұмысты ұйымдастыру, реттеу, жұмысты орындау, белсендендіру және ынталандыру, есепке алу, бақылау, талдау, реттеу.

Ғылыми-әдістемелік жұмысты басқару процесінің жүйе құрайтын құрамдас бөліктерінің бірі – мақсат (кесте 4).


Кесте 4. – Ғылыми-әдістемелік жұмыстың мақсатын анықтау













Кесте 4-тің жалғасы

Оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мен студенттерді сапалы даярлауға жағдай жасау

- Оқытушылардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру;

- Білім беру үрдісін оқу-әдістемелік қамтуды жетілдіру;

- Жаңа бағдарламаларды, педагогикалық технологияларды сынақтан өткізу үшін эксперименттік-тәжірибе жұмыстарын ұйымдастыру;

- Ішкі және сыртқы жағдаяттардың өзгерісі туралы ақпарат алу есебінен ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тұрақтылығын қамтамасыз ету.































1.3 Автоматтандырылған жұмыс орнын қалыптастыру

ҚР «Ақпараттандыру туралы» Заңына (2007 жылғы 11 қаңтардағы №217) сәйкес ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары Қазақстан Республикасының ақпараттық құрылымын дамыту, оның ішінде «электрондық үкіметті» қалыптастыру, сондай-ақ елдің әлеуметтік және экономикалық дамуын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар Заңда жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстармен өзара іс-қимыл жасайтын ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану тәртібін, сондай-ақ осы ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетуге ықпал етуі қарастырылған.

Білім саласында да ақпараттандыру мәселесі әлі күнге дейін өз өзектілігін жоймады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқу үрдісін компьютерлендіру, оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын оқу үрдісінде пайдалану мәселелері В.П.Беспалько, Д.М.Жүсібалиева, К.Т.Искакова, Ж.А.Қараев, Г.Қ.Нұрғалиева, Н.Ғ.Даумов, А.Тәжіғұлова, М.С.Мәлібекова т.б. еңбектерінде жазылған.

Педагогикалық зерттеулерде мектептер мен жоғары оқу орындарында компьютерлік техника базасында АКТ құралдарын пайдалану проблемалары мынадай бағыттарда қарастырылады: білім беруді компьютерлендіру жағдайларында жалпы теориялық, дидактикалық тұрғыда (Н.В.Апатова, Е.П.Велихов, Б.С.Гершунский, А.П.Ершов, Ж.А.Караев, Д.Ш.Матрос, Е.И.Машбиц, В.М.Монахов және т.б); педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерін кәсіби-педагогикалық даярлауда, жалпы білім беретін мектептің оқу үрдісін жетілдіруде және кадрлардың біліктілігін арттыруда компьютерлік техниканы пайдалану (А.А.Абдукадыров, С.К.Қалдыбаев, Ю.С.Брановский, Г.Гаевская, А.Б.Жолдасбеков, Л.В.Нефедова және т.б.); педагогикалық бағдарламалық құралдар әзірлеу және қолдану (Д.В.Зарецкий, В.Каймин, М.Лебедева, И.С.Лосев, В.В.Гриншкун, И.П.Половина, С.В.Рах және т.б.); АКТ пайдаланудың психологиялық-педагогикалық мәселелері (И.М.Пучкова, Н.Ф.Талызина, А.Я.Савельева, Т.А.Сергеева және т.б.).

Өндірістің түрлі салаларының іскерлік процестерін оңтайландыру мақсатымен автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құру – негізгі мақсаттардың бірі болып табылады.

Басқару саласында автоматтандырылған жүйелерді жобалау, АЖО жасақтау мәселелері бойынша көптеген отандық және шетелдік ғалымдар айналысқан: В.М.Глушкова, Ю.И.Черняка, Г.З.Кочеткова, В. М.Яеребина, Г.Р.Громова, Ю.М.Каныгина, В.И.Гриценко, Б.Н.Паньшина, К.Кастелланни, Р.Тирофа, П.Страссман т.б.

Кей зерттеулерде автоматтандырылған оқыту жүйесі арқылы оқу үрдісінің интенсификациясы мәселелері (С.Ю.Карпова), Интернеттің қазақстандық сегментінің телекоммуникациялық желі мазмұнының моделін құрастыру принциптері (А.Л.Муховикова) т.б. қарастырылды.

«Автоматизация» термині 50 жылдары пайда болды. 1947 жылы алғаш рет Д.Хардер (Форд мотор компаниясы) жаңа заводты жоспарлау мен жабдықтауға арналған отырыста қолданған болатын. Осыдан соң өндірістің барлық салаларында қолданыс тапты. 1954 жылдан бастап офис жұмысы автоматтандырыла бастады.

Қазіргі таңда ақпараттық жүйелерге, мәліметтер қорларына сұраныс күшейіп келеді. Ақпараттық процестерді автоматтандырусыз қазіргі барлық ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру, басқару мүмкін емес деуге болады. Сондықтан әрбір ұйымның, мекеменің жұмысын компьютер көмегімен басқару үшін мәліметтер базаларын пайдаланатын қолданбалы программалар – автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құрылуы қажет.

Қазақстанның білім беру жүйесінде де ақпараттық жүйелер, электрондық-әдістемелік жүйелер, ақпараттық-білім беру желілерінің пайда болуы оқытушының, оқушының автоматтандырылған жұмыс орындарын жасақтауға алып келді. Нұрсат компаниясының жасақтаған «Мектеп» бағдарламасы, Шығыс Қазақстан облысындағы «OKyNet.kz» ақпараттық-білім беру желісі, «МERiTS» қазақстандық-сингапурлық жобасы шеңберінде ұйымдастырылған класты басқару жүйесі (CRMS), білім беруді басқару жүйесі (LMS), контентті басқару жүйесі (CMS), интерактивті білім беру ортасын жобалау жүйесі (LENS), қорларды жобалау жүйесі (ERP), өзара әсер ету менеджменті (CRM), жоспарлау менеджменті жүйесі (PMS), тестілеу жүйесі (TMS) т.б. қолданыс үстінде.

Автоматтанған жұмыс орны (АЖО) не болмаса шетел терминологиясында «жұмыс станциясы» кез-келген мамандықты пайдаланушы маманның жұмыс орны, бұл жер тұлға мен арнайы қызметті орындауды автоматтандырылған түрде жүзеге асыруға арналған құралдар мен қамтамасыз етілді. Ондай құралдар, негізінен ДК болады, ол қажет етілген жағдай да басқа қосымша электрондық құрылғылармен қамсыздандырылады: дискілік сақтағыштар, басып шығару құрылғылары, оптикалық оқу құрылғылары немесе штрихтік кодты санағыштар, графикалық құрылғылары, басқа АЖО және локальді есептегіш желілерімен байланысқан құралдар және т.б.

Жұмыс орнын автоматтандыру үшін көптеген автоматтандырылған бағдарламалық жүйелер мен құрылғылар қолданылады, олардың ішінде оқу жүктемесін есептеу, сабақ кестесін құру, кадр бөлімінің жұмысы, бухгалтерлік есептеулер жүйесі, қызметкерлер, студенттер туралы электрондық мәліметтер бар.

Дүние жүзінде IBM  PС архитектуралы маманданған компьютерде қолданылатын АЖО таралуда.

АЖО негізінен есептегіш техниканы пайдалану бойынша арнайы дайындығы жоқ пайдаланушыға бағытталған. АЖО-ның маңызды белгіленуі жұмыс орнында мәліметті орталықтанбаған өңдеушілігін, АЖО және ДК локальдік желіге ал кейде қуатты ЭЕМ-мі бар есептегіш желілерге бірдей уақыт ішінде ену мүмкінлігі кезінде «өзінің» тиісті мәліметтер қорын пайдаланушылығын есептеуге болады.

Қазіргі уақытта көптеген кәсіпорындарда ауыл шаруашылығын басқарудың таратылған жүйе концепциясы жасалуда. Оларда иерархияның әртүрлі деңгейлерінде мәліметтің локальді және көп жағынан аяқталған өңдеушілігі көзделеді. Бұл жүйелерде төменнен жоғарыға мәліметті жоғары деңгейде қажет етілгендерін жіберу ұйымдастырылады. Сонымен қатар мәліметті өңдеу нәтижелерірің маңызды бөлігі және бастапқы мәліметтер мәліметтің локальдік банктерінде сақталу керек.

Таратылған басқару ойларын жүзеге асыру үшін басқарудың әрбір деңгейіне және әрбір пәндік облысқа маманданған персоналды компьютер негізінде автоматтанған жұмыс орнын құру талап етілді. Мысалы, экономика саласында осындай АЖО да процесстерді жоспарлауға мысалдауға және аптимизациялауға, әртүрлі мәліметтік жүйеде және шешімдердің әртүрлі сәйкестігі үшін шешімдерді қабылдауға болады. Басқаруды әрбір объектісі үшін оларға сәйкес келетін АЖО-ны қарастыру керек. Бірақ кез-келген АЖО-ны құру ұстанымдары жалпы болу керек:

  • Жүйелілік. АЖО-ны құрылымы функционалды белгіленуі бойынша анықталатын жүйе ретінде қарастырайық.

  • Икемділік. Барлық жүйелердің құру модульдігімен олардың элементтерінің үлгі қалыптылығы арқасында мүкін болатын қайта құрушылыққа негізделген жүйе.

  • Тұрақтылық. Оның ұстанымы АЖО жүйесі негізгі қызметінің ауытқушы ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне қарамастан күштілігіне сүйенеді. Бұл оның бөлек бөліктеріндегі ол қылықтар дұрысталған болу керек, ал жүйе жұмыс істеушілігі тез арада қайта қалыптасуы керек деген сөз.

  • Нәтижелік. АЖО нәтижелілігін жүйені құру мен пайдалану шығындарына таратылған жоғарыда көрсетілген ұстанымдардың тарату деңгейінің интегралдық көрсеткіші ретінде қарастыруы керек.

АЖО қызметі күткен нәтижені қызметті дұрыс таратылуы кезінде және ұйтқысы компьютер болып табылатын мәліметті өңдеудің машиналық құрылымы мен адам арасындағы қысымы кезінде бере алады.

Қазіргі уақытта осындай «гибритті» интеллектіні құру өте үлкен мәселе. Бірақ АЖО-ны ұйымдастыру мен қызметі кезіндегі осы енгізілімнің таратылымы жақсы нәтижелерді әкеле алады. АЖО тек еңбек өнімділігін және басқару нәтижелілігінің өсу құралы ғана емес, сондай-ақ мамандардың сайлануы ыңғайлылық құралы да болады. Осы жерде адам АЖО жүйесінде басқарушы буын болып қала береді.

Өндірістік кәсіпорындарда АЖО мәліметті жоспарлау, басқару, өңдеу және шешімді қабылдаудың өзіндік құрылымы ретінде Автоматтандыру Жүйесін Басқару (АЖБ) маңызды құрылымдық біріктірілу болып табылады (сурет 11). АЖО – бұл әр уақытта арнайы жүйе, техникалық құрылғы мен бағдарламалық қамтамасыздандыру тобы және ол нақты шамаларға бағытталады-әкімшілік, экономист, инженер, бақылаушы, жоспарлаушы, архитектор, дизайнер, дәрігер, оқытушы, кітапханашы, ұйымдастырушы, зерттеуші мұражай қызметкері.



Сурет 11. - Пайдаланушының АЖО өзара әрекеттестігінің сипаты


Сонымен қатар бұл жерде АЖО-ның кез-келген мамандығына оның жасалу кезінде қамтамасыз етілуі тиіс жалпы талаптар тізімін беруге болады, ал нақты айтсақ:

  • Мәліметті өңдеудің тікелей құралдардың бар болуы;

  • Диалогты режимде жұмыс істеу мүмкіндігі;

  • Эргоэкономиканың негізгі талаптарын орындау; оператор, АЖО кешенінің элементтері мен қоршаған орта арасындағы қызметті рационалды таратуды; жұмыс істеуге жағдайлар жасау; АЖО құрамының ыңғайлылығы; адам — операторының психологиялық факторларын ескеру; АЖО формалары мен элемент түстерінің жағымдылығы және т.б.

  • АЖО жүйесінде жұмыс жасайтын ДК жоғары өнімділігі мен сенімділігі;

  • Шешілген мәселелер санатына программалық қамсыздандырудың парапарлығы;

  • Күрделі процесстердің максимальді автоматты деңгейі;

  • Мамандарды АЖО операторлары ретіндегі өзін-өзі қамтамасыз етуіне ыңғайлы талаптары;

  • АЖО-ны жұмыс құралы ретінде пайдаланатын маманның максимальді жайлылығын және қамсыздығын қамтамасыз ететін басқа факторлар.

АЖО құрамында жүйе біріңғайлылығы болады. Техникалық мәліметтік бағдарламалық және ұйымдастырушылық.

орындауға мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылық басқару саласындағы АЖО-ға қызмет ететіндер төмендегідей бөлінеді:

  • Мәліметті;

  • Анықтамалық;

  • Есептегіш;

Мәтінді өңдейтін

Автоматтанған жұмыс орнын сұрыптау.   АЖО индивидуальді, толық және ұжымдық болады. ЭЕМ жүйесінің нәтижелі қызмет етуі үшін толық және ұжымдық АЖО-ларға қолданылатын мамандарға (ұжымға) АЖО жұмысын ұйымдастыруға талапты қатаңдату керек және бұндай жүйедегі әкімшіліктендіру функцияларын нақты анықтау керек. «Адам-машина» болып табылатын АЖО жүйесі ашық, икемді, тұрақты даму мен жетілдіруге икемдену керек. Ондай жүйеде мыналар қамтамасыз етілуі қажет:

  • Мамандардың мәліметті өңдеудің машиналық құралдарына максималды жақындығы;

  • Диалогты режимде жұмыс істеуі;

  • Эргономика талаптарына сәйкес АЖО-ның қамсыздануы;

  • Компьютердің жоғарғы өнімділігі;

  • Күрделі процесстерді максималды автоматтандыру;

  • Мамандардың шығармашылық белсенділігін ынталандыратын еңбек талаптарының моральді қанағаттануы;

  • Мамандардың өз бетінше оқу мүмкіндігі.

АЖО-да шешілетін мәселелерді мәліметті және есептегіш деп бөлуге болады. Мәліметтік мәселелерге кодтау, сұрыпталу, жинау, құрылымдық ұйым, дұрыстау, сақтау, іздеу және мәліметті беру.Көп жағдайларда мәліметтік мәселелерде арифметикалық және мәтіндік сипат пен қатынастың оңай есепті және логикалық процедуралары болады. Олар негізінен күрделі болады және маман жұмыс уақытының үлкен бөлігін алады.

Есептегіш мәселелерді қалаптастырылатын және қалыптаспайтын болып екіге ажыратылады. Қалыптастырылатын мәселелер формальды алгоритмдер негізінде шешіледі және екі топқа бөлінеді: тікелей есептеу мәселелері және математикалық үлгі негізіндегі мәселелер. Тікелей есептеу мәселелері қарапайым алгоритм көмегімен шешіледі. Ал күрделі мәселелерге әртүрлі математикалық есептерді пайдалану керек.

Л.И.Скибицская автоматтандырылған жұмыс орнын қамтуды ұйымдастырушылық, техникалық, программалық, лингвистикалық және ақпараттық деп бөліп қарастырған [51]. Ұйымдастырушылық қамту ұйымның ұйымдастырушылық құрылымын автоматтандырумен байланысты қайта құрылымдау, орындаушылардың лауазымдық міндеттерін нақтылауды қарастырып, модульдік принциппен құрылады. Техникалық қамту негізінен компьютерлердің локалдық желісіне негізделген. Программалық қамту программалау облысынан хабары жоқ ммандан үшін ыңғайлы, ұғынықты, қарапайым болуы тиіс. Ал ақпараттық қамтуда нормативтік-анықтамалық, жедел ақпаратты қамтитын мәліметтер қоры қарастырылады.

Соңғы уақытта толық түрде қалыптастырылмайтын мәселелерді шешу құралдарын жасауға үлкен көңіл бөлінген. Олар семантикалық деп аталады. Бұндай мәселелер экономикалық объектілерді оперативті басқару кезінде және көбінесе толық емес мәлімет шарттарында шешім қабылдау кезінде туындайды. Қамтамасыз етілу жүйелерге біріншіден мыналарды жатқызады: техникалық, мәліметтік, программалық және ұйымдастырушылық. Сонымен қатар кіші жүйе түрлері де бар.

Техникалық қамтамасыздандыру, маманның делдалдарсыз жұмысын (программисттер, операторлар және т.б) көздейтін маманданған персоналды компьютер негіз болатын техникалық құралдар қасиетін бейнелейді. Толық АЖО-ларда оңай компьютерлермен 4-6 адам пайдалана алады. Маманданған персоналды компьютер кешеніне процессор, дисплей, пернелік тақта, мәліметтің магниттік жинағыштары, басып шығару құрылғылары және графо құрылғыштар кіреді.

Техникалық құралдар кешеніне жүйедегі әртүрлі АЖО байланысы үшін коммуникация құралдарын және телефон байланысының құралдарын жатқызады.

Мәліметтік қамтамасыздандыру – бұл локальді мәліметтер қорында сақталатын мәліметтер массиві. Мәліметтер, негізінен магниттік жадыларда ұйымдастырылады және сақталады. Онымен басқару мәлімет қорын басқарудың бағдарламалық жүйесімен жүзеге асырылады. Ол мәліметті жазады, мәліметтік мәселелерді іздейді, есептейді, реттейді және шешімін табады. АЖО-да бірнеше мәліметтер қоры бола алады.

Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру АЖО-ның қызмет ету, жетілдіру және дамуын ұйымдастыратын, сондай-ақ кадрлар мамандығын даярлау және көтеру тәсілдері мен амалдары болады. Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру АЖО пайдаланушыларының құқықтары мен міндеттерін анықтаумен құжаттық рәсімдеуді көздейді. Бағдарламамен қамтамасыздандыру жүйелік бағдарламалық және қолданбалы түрде болады. Жүйелік қамтамасыздық негізі операциялық жүйе мен программалау жүйесі болып табылады, мысалы, Бейсик алгоритмдік тіл. Жүйелік бағдарламалар мәліметтің рационалды технологиялық өңдеуін көздейді. Сервистік бағдарламалар деп аталатындар (олармен АЖО олардың қажеттілігіне байланысты біріктіріледі) операциялық жүйе мүмкіндіктерін кеңейтеді. АЖО жүйелерінде мәліметтік бкйланысты және АЖО-ның әртүрлі каналдар бойынша байланысып, қамтамасыз ету үшін жүйелік программалауға жатқызуға болатын бағдарламалық құралдарды жатқызуға болады.

Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздануды пайдаланушы бағдарламамен әртүрлі мақсаттағы қолданбалы бағдарламалар пакеті құрайды. Пайдаланушылардың стандартты бағдарламалары алгоритмдік тілдегі (көбіне Бейсик) арнайы мәселелердің бағдарламалық шешімдерін белгілейді.

ҚБП (қолданбалы бағдарламалар пакеті) үлгі ұстанымы бойынша жасалған және арнайы мәселе класының шешімдеріне бағытталған. ҚБП мәселесін бағдарламалық қамтамасыздың негізгі түрі болып табылады. Олар алгоритмді қалыптастырады, осы класстарға мәселелерді шешу талаптарын өзгертеді, шешімді бақылайды, алгоритмге өзгертулерді енгізеді және т.б. АЖО-да  жұмыс істегенде ҚБП-нің диалогтық режимінде жасалады.

ҚБП-нің мысалдары: есептік операцияларды орындайтын әртүрлі құжатты қалыптастыруға арналған ҚБП, жоспарды қолайлы етуші ҚБП, боланстық шешімдер ҚБП болып табылады. АЖО-ны жасайтын ҚБП-ға өзгеше көңіл бөледі, олар әртүрлі мақсатта бола алады: кестені өңдейтін, мәліметтер массивін жүргізу, мәліметтер қорын жүргізу, құжаттық анықтамалар. Графикалық мәліметпен жұмыс істейтін пакеттер анық және жинақты күйде объектіге тән жағдайды, процесті көрсетеді және жорамалық талдау нәтижелерін бейнелеп береді.

АЖО жобалау кезеңдеріне тоқталсақ, дайындық кезеңі, жоба жасақтау, жобаны жұмысқа енгізу.

Дайындық кезеңінде автоматтандырылатын объект зерттеледі, техникалық құралдар таңдалады, мамандар оқытылады. АЖО құру жобасы техникалық және жұмыс жобасынан құралуы тиіс. Жоба жасақталған соң оны енгізуге дайындық жұмысы жүргізіледі. Енгізу кезінде параллель және тізбектес әдістерді қолдануға болады.

АЖО құру кезінде келесі компоненттерді басты назарда ұстау қажет:

-АЖО функционалды бағыталуы АЖО кәсіптік бағыттын сипаттау қажет. Ол компьютерде тапсырмаларды орындау үшін шешімдер жобасын қамтиды;

-АЖО құру үшін есептеу техникасының түрлерінен тұрады, яғни машиналық тасымалдаушыларда мәліметтерді өңдеу, тіркеу, экранға шығару, мәліметтер қорын құру, магниттік тасымалдаушыларда сақтау, есеп түрінде шығаруды қамтамасыз етуі тиіс;

-АЖО бір немесе бірнеше жұмыс орнынан басқаруға негізделген программалық жабдықты қамтиды. АЖО ақпаратпен қаматамыз ету үшін ақпараттық қор мен мәліметтер қоры болуы тиіс.

Қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын: 

  • білім беру ұйымдарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал-жабдықтармен және мамандандырылған ақпараттық жүйелермен жабдықтау арқылы автоматтандырылған жұмыс орындарын құру; 

  • техникалық және кәсіптік білім саласында кадрларды ақпараттық жүйелерде жұмыс жасау біліктілігін жетілдіру мақсатында курстар ұйымдастыру.


Автор
Дата добавления 07.06.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров477
Номер материала ДБ-113401
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх