УДК 91 Қ 554
АСЫЛ ТАСТАР ТҮРЛЕРІ МЕН АТАУЛАРЫ
А.Ғ.Нұрболат
№37 жалпы
орта білім беру мектебінің оқушысы
Аннотация
Өз қызығушылығымнан
туындаған «Асыл тастар: мен түрлері атаулары» тақырыбын зерделеу, оның
қыр-сырларын ашып менің алдыма қойған мақсатым болатын. «Талаптыға нұр жауар»
демекші, қажымас қайрат, таусылмас талап болса, зерттеулердің көптеген сырларын
аша алатынымызды естен шығармауымыз керек,
Тема моего проекта «Названия
разновидностей драгоценных камней». В изучений темы открыть все секреты – моя
поставленная цель. Мы не должны забывать о том что в изучений темы откроет
многие секреты, если будем требовательными и усердными.
The topic of my project " Name of the variety of gems ." The study of the topic to open all the secrets - my set goal . We should not forget that in the study of the topic will open many secrets , if we are diligent and demanding .
Табиғат күштерін
адамзат игілігіне пайдалану, сол үшін табиғат тылсым күштерінің негізгі
заңдылықтарын айқындау, білу, игеру талпыныстары қазақ ауыз әдебиетінің
аңыз-әңгімелерінде, ертегілерінде көптеген көріністер береді.
Минералдар мен тау жыныстарының көркем бұйымдар мен зергерлік әшекей
жасайтын ерекше тобын-асыл тастар деп атайды. Біздің данагөй бабаларымыз асыл тастарды
ерте заманда-ақ танып, оны пайдалана білген. Солардың қатарына Солтүстік және
Батыс Қазақстан жерінен табылған біздің заманымыздан бұрынғы 3 мыңжылдықта
тастан жасалған білезіктер мен әр түрлі әсем бұйымдардың бөліктерін, Бесшатыр
зираты мен Есік қорғанынан қазып алынған қызғылт сары ақықтан жасалған
моншақтарды жатқызуға болады. Жалпы, Батыс Қазақстаннан табылған сармат
мәдениетіне тән моншақтар тау хрусталі мен кәрібтастан тұрса, түрлі нефрит,
ақық және тағы да басқа тастардан жасалған зергерлік бұйымдардың бөліктері
Отырар мұражайында тұр.[8-10]
Асыл тастар ретінде құрамы мен тегі әр түрлі 100-ге жуық
минералдар мен тау жыныстары пайдаланылады. Бұл тізім әшекейлік жаңа тастармен
үнемі толықтырылуда Асыл тастардың құндылығына көптеген жағдай әсер етеді.
Біріншіден, олардың таралу дәрежесіне байланысты. Мысалы, өте әдемі деген
тастың өзі табиғатта кең таралған жағдайда құнсызданады.Бір кездердегі
иризаттық қасиеті бар асыл тас-лабрадорКанадаменУкраинадаүлкен кендерінің ашылуына орай, қаптама тастар қатарына түсті.
Екіншіден, әсемдік әлеміндегі өзгеріске байланысты бұйымдардың түр-түсінің
өзгеріп отыруы әр түрлі сұраныс тудырады. Мұнымен қатар, кейбір тастарға
қатысты ұлттық және діни ғұрыптар сақталады. Үшіншіден, асыл тастардың кен
орындары әлемдегі санаулы елдердің еншісіне тиіп отыр.Асыл тастар кендерінің
әлемдегі таралуы біркелкі емес. [2-3]
Мысалы, алмас негізінен Оңтүстік Африкадаөндіріледі.
Азияда қызыл және көк лағылдың,жадеиттің,бирюзаның,ақықтың әлемдік қорлары бар.
Австралияасылопат, родонит, хризопраз жәнекөклағылыменәйгілі. СолтүстікАмерикадабирюза,
нефрит, турмалинкендерітараған. Оңтүстік Америказүмірет, топаз, ақықжәне
аметисткендеріне бай.[15]
1
Асыл тастардың құндылығына байланысты зергерлік,
зергерлік-әшекейлік және әшекейлі болып, 3 топқа бөлінеді. Өз кезегінде
зергерлік-әшекейлік тастар бірнеше қатарға жіктеледі. Зергерлік тастар: I қатар-қызыл
лағыл (рубин),зүмірет (изумруд), алмас , көк жақұт (көк сапфир); II қатар
–александрит, қызыл- сары және күлгін жақұт, асыл қара опал; III қатар
–шпинель, ақ және оттай қызыл опал. Тастың мөлдірлігі,тазалығы мен
ақауыздығының да үлкен мәні бар.
Олай болса, асыл тасты бұйымдар таңдағанда да мамандармен
пікірлескеннің ешқандай артықшылығы жоқ. Біз енді жекелеген асыл, қымбат,
бағалы тастардың құпия сырларына, табиғатына тоқталсақ.[15]
Гауһарқырланған
алмас – гауһар ең танымал асыл тас болып табылады. Әдетте әшекейлерге мөлдір
гауһарлар пайдаланылады, бірақ зергерлік өнердің қымбатырақ үлгілерінде
меруерт, жақұт, сары түсті, кәріптас түсті және қара тастарды да кездестіруге
болады. Ең үлкен және әдемі деген гауһарлар әлем мұражайларында сақтаулы. Ең
үлкен гауһар «Флорентиялық» деп аталады. Оның салмағы 137,27 каратқа тең.
Гауһар Габсбургтердің тәжін әсемдеген, ал екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
жоғалып кеткен.
Жақұт жақұт – ең қымбат асыл
тастардың қатарына кіреді. Оған қоса, жақұт алмаспен бақталаса алатын қатты
минерал саналады. Бұл асыл тастың ерекшелігі қою көк түсінде. Алайда, алқызыл,
ақшыл көк түсті, сары жақұттар да кездеседі. Бұлардың мөлдір түрі өте сирек
болғандықтан жоғары бағаланады. Кейбір жақұттар астеризм эффектісіне ие, яғни
оған күн сәулесі түскенде тастың ортасында алтыбұрышты жұлдыз пайда болады.
Әлемдегі ең ірі жақұт «Шығыстың көк алпауыты» Цейлонда табылған. Оның салмағы
446 карат және соңғы мәліметтер бойынша жеке тұлғаға 1 млн долларға
сатылған. Жақұтты даналық тасы деп есептейді және иесіне өтірікті айыра алатын қасиет
береді. Сонымен қатар ол адамды тыныштандырып, суық тию мен тамақ ауруларын
емдеуге, қан қысымын реттеуге көмектеседі. Жақұтты көбіне алтын жиектемеге
салып, мойынға тағады. Сонымен қатар осы
таспен жүзік, сырғалар да кездеседі. Қыста жақұтты ақ алтын немесе
платинада тағып жүрген құп саналады
Лағыл– бұл ең жарқыраған асыл тастардың
бірі. Ашық қызыл, жарқыраған лағылдар жауынгерлік көсемдердің жақсы көретін
тасы болып келген. Әйгілі Ақсақ Темірдің өз аты жазылған ірі лағыл тасы болған.
Лағылдың әртүрлі түстері бар, бірақ дәл қызыл тастар жоғары бағаланады. Олардың
ең ірісі 440 каратқа тең. Әзірге оның аты жоқ және қырланбаған, оны өңдеумен
әлемнің ірі зергерлері айналысуда.Лағыл құштарлық, күш пен жігердің тасы
саналады. Ол адамға сенімділік пен батылдық береді. Лағылды тек алтын
жиектемеде және әдетте жүзікке салып тағады. Алайда алқа ретінде тағатындар да
көп.
Меруерт: ерекше
реңкі үшін меруертті «жасыл мұз» деп те атайды. Бұл тастың кейбір үлгілері
кейде гауһардан да қымбат тұрады. Меруерт ежелгі заманнан белгілі. Мысырлықтар
ертеде оны сиқырлы ғұрыптарына пайдаланған. Ең ірі және, әрине, ең танымал
меруерт - «Ұлы Моғол» тікбұрышты тасы. Оның салмағы 217,8 карат. Онда ислам
дұға сөздері мен шығыс өрнектері соғылып жазылған. Бастапқыда меруерт Ұлы
Моғолдар әулетінің жеке меншігінде болған, ал қазір жеке коллекцияда
сақтаулы.Меруерт емдік қасиеттерге ие. Ол ұйқысыздықта, қызу көтерілу сияқты
ауруларда көмектеседі, көз көру қабілетін жақсартады. Меруертті алтын
жиектемеде де, күміс жиектемеде де тағып жүре береді. Сонымен қатар бұл тас ер
адамдарға да жарасады.
Інжу:табиғаттың
кездейсоқтығы тамаша інжулердің пайда болуына сеп болды. Оларды қабыршағына
кіріп кеткен құмдардан тазартуға ұмтылатын ұлулар жасайды. Бір інжу 12 жылға
жуық «пісіп жетіледі». Табиғи інжуді алу біршама қиын, сол себепті де ол жоғары
бағаланады. Ең ірі інжу 6,4 кг тартады. Оның домаланған пішіні көптеген
қатпарлармен алабажақтанып кеткен. Қазір бұл інжуге бірнеше адам иелік етеді,
ал бағасы шамамен 60 млн доллар.Інжу жастық пен пәктіктің белгісі, сол себепті
жас қыздарға көбірек жарасады. Інжуден алқа, сырға, білезік, танамоншақ пен
жүзіктер жасайды. Сонымен қатар көйлектер
2
мен аксессуарларды әсемдеу үшін інжу жиі пайдаланылады.
Жартылай асыл таста: халықаралық классификация бойынша зергерлік өнерде пайдаланылатын өзге
тастар жартылай асыл тас немесе ұсақ тас саналады. Олардың ішінде – топаз,
зүбәржат, анартас, жасыл ақық, жылтыр тас ең танымал және жоғары бағаланады.
Ұсақ тастардан әшекейлер ғана емес, қобдиша, мүсінше, жиһаз бұйымдарын жасайды.
Зергерлердің қолынан шыққан әсемдік заттар –халқымыздың ұлттық
мәдениетінің алтын қазынасына айналған асыл мұра .Қазақ зергерлерінің ардақ
тұтар мақтанышы, әсіресе,әйел затына әшекейі аса жарасымды асыл бұйымдар. Олар
әйелдің ажарын ашып, сұлулығын паш етумен қатар діни сенім, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа
байланысты маңызымен де ерекше дәріптеледі.Адамзат сонау бағзы заманнан бері
көргеннің көз жауын алатын жүздеген түрлі асыл тастарды сән салтанат
үшін,денсаулық үшінде пайдаланып келген белгілі, бірақ табиғаттың бұл сыйы
ашық-шашық жататын дүние болмағандықтан осы құндылықтарды сақтау мақсатында.[25]
Қортындылай менің мынандай ұсынысым бар. Келешекте асыл
тастардың емдік қасиетін ғылыми түрде қолданатын медециналық орталық ашылса
деген арманым бар.
Әдебиеттер
1.Мир камня,22 тома, М,1986
Н.құдайберегнова.
2.Карбункулы лалы и яхонты. Ахметов
Г.Л. Алматы «Қазақстан»
3.«Қазақстан әйелдері» журналы 1985 ж№2
4.«Дидар» газеті 2000 ж .алтайдың асыл
тастары.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.