Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыҒылыми жұмыс: "Қазақ халқының ырымдарының сақталуы"

Ғылыми жұмыс: "Қазақ халқының ырымдарының сақталуы"

Скачать материал

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы

Есбол Өмірбаев атындағы орта мектебі

 

 

 

 

Жобаның тақырыбы:   “Қазақ халқының ырымдарының сақталуы”

 

Жобаның авторы:       Мустахи Ердаулет Әділетұлы

        4 Ә сынып оқушысы

 

 

 

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ      дамуы

                          бар саяхат маршруттары                   

 

 

Секциясы: Этномәдениеттану

 

 

 

 

 

 

Жетекшісі: Тажигулова Батырхан Султансиховна

 

 

 

 

 

 

 

           

 

 

 

 

 

Форт-Шевченко қаласы

2015 жыл

 

 

 

Мазмұны

 

І. Пікір .Түйіндеме

 

ІІ. Кіріспе ........................................................................ ...............3

 

ІІІ. Негізгі бөлім

 

3.1 Отбасы, тұрмыс мәселелеріне байланысты ырымдар ..........4

 

3.2 Қонақжай қазақтың ырымы ....................................................5-6

 

3.3 Балаларға байланысты ырымдар.............................................7-8

 

3.4 Қасиетті төрт-түлікке байланысты ырымдар.........................9-10

 

3.5 Ырым деп қойылған аттар.......................................................11-12

 

3.6 Ырымдардың қолданылу аясын анықтау...............................13-14

 

ІV. Қорытынды................................................................................15

 

 

VІ. Пайдаланылған әдебиеттер......................................................16

 

VІ І. Қосымша .................................................................................17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-1-

 

Пікір

 

         Қазақтың тыйым сөзі-ұлттық тәрбие көзі, яғни қазақ халқы кішкентай кезінен жақсылыққа үйір, жаман әдеттерден аулақ болсын деп тыйым арқылы өсіп өнген. Қазақ халқының қанына сіңген тектілігі, адамгершілігінің жоғары болуы, әр түрлі келеңсіз көріністерден, әбес қылықтардан аулақ болғаны осы қазақтың тыйымының арқасы, яғни өз ұрпағының  бойына ертеден сіңіргеннен. Біз сол ата-әжелеріміздің тыйымымен өсіп- өніп келеміз. Мұндай тыйым сөздер ел ішінде өте көп. Оның бәрін қамти алмағанмен кейбір үлгілерін оқушым Ердаулет жинақтап, өзінің зерттеу жұмысын былтырдан бастаған .

       Жұмыстың орындалуын оқушым қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары туралы мәлімет жинаудан бастады, оны түсініп алу үшін ата-әжесінен, менен де келіп сұрады, кітапханаға барып, ырмдардың мағынасын жинақтады. Қазіргі заман талабына сай қолданылып жүрген ырымдарды да өзі тауып жазып келді. Сынып оқушылар арасында сауалнама өткізіп, ырымдар туралы олардың да ой-пікірлерін тыңдап, жазып жүрді. Қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары тақырыбына сынып сағатын өткізгенімде өзінің жинап жүрген ырымдары жөнінде сыныптастары алдында қорғады.

 Ердаулеттің   ізденімпаздығы мен зерттеу жұмысына деген қызығушылығының арқасында өзінің мақсатына жетті деп есептеймін. 

 

 

 

 

                  Жетекшісі:  Тажигулова Батырхан Султансиховна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-2-

 

Түйіндеме

 

           Зеттеу жұмысының мақсаты:

Қазақ халқының мәдениеті мен мінезін, тұрмыстық салт ерекшеліктерін даралап көрсетумен қымбат. Ел есінен шығып бара жатқан қазақ халқының ырымдарының түрлері мен жоралғыларын тауып, жүйелеп ашып көрсету.

 

Осы мақсатқа жету жолында  мынадай міндеттерді алға қойдық:

1.Қазақ халқының ырымдары  жөнінде мәлімет жинақтау

2.Оның мағынасын түсініп, сан алуан сырларын ашу

3.Оның өмір сүрудегі қажеттілігі мен мағыналығына көз жеткізу

 

           Зерттеу кезеңдері:

 

1.     Қазақ халқының ырымдары жөнінде ауыл адамдарының ауызынан жазып алынған, өздері күнделікті өмірде жиі қолданатын, жалпы ауыл арасында кең тараған ырымдарды, ғылми әдебиеттерді, ырымдар жөнінде кітапшаларды жинақтап, оларға жалпы шолу жасау.

2.     Ырымдардың түрлерімен жеке танысып, оның мән-мағынасымен танысу.

3.     Оның қай жерлерде қолданылатынын білу аясын білу.Ырымның тұрмыста пайдасының зор екендігін ұғындыру

 

          Зерттеу әдістері:

1.      Болашақты болжау, болуға ықтимал қатерден адамды алдын ала   сақтандырып отыратындығы жөнінде баяндалып жазылған газет, журнал, әдебиеттермен танысу.

2.     Ырымдардың күнделікті адам өміріндегі пайдасын білу. Яғни адамды   

белгілі бір қатерден қорғандыру, сақтандыру.

 

        Зерттеудің жаңалығы:

Ырым-тиым жақсылыққа бейімдеп, жамандықтан сақтандырып отырады. Міне, бұл–ырым-тиымның басты қағидасы. Осыған байланысты арнайы ұйымдастырылған зерттеу жұмыстары барысында қазақ халқының өмірінде ырымдардың алатын орнын, маңыздылығын, оқушыларға күнделікті өмірде пайдалануға үйрету.

     Зерттеу жұмысының нәтижесі:

Қазақта тыйым сөздер деген көп қой. Мысалы:аяқ киімді кигенде оң аяғыңнан бастап кию,тәубе айтып жүру, міне, осының бірі-үлкен тәрбие. Осындай адамның рухани дүниесін байытатын көп нәрсені жоғалтып алғандаймыз. Біз жоғалып бара жатқан еремет мұрамыздың ішкене де болса жас ұрпақтың есінде сақталса екен деп ойлаймыз

-3-

 

                                                        Кіріспе


          Қазақтың ұлттық тәрбиесінің алтын қазығы оның салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптарының қазақ халқының өмірінде алатын орны ерекше.Қой да баққан, ой да баққан халқымыздың ырымдары, наным-сенімдері жөнінде  көпшілікке үлгі боларлық қағидалар өте көп.

          Халықтың ғасырлар бойы жасаған зор еңбектерімен танысып, оқып білу үлкен жұмыс. Оның бәрін қамти алмасақ та, сол жұмыстың бір тамшысындай болатын ырымдарға байланысты сөз айтылмақ. Ырым- жеке адамның немесе қауымның жору, болжау арқылы орындауға тиісті ережелері. Халықтың ұғымында ырымдар екі түрлі болады.

1.Жақсы ырым. Мысалы:

                           а. Аттың есінеуі.

                           Ә. Баланың тоңқайып жол қарауы.

                           Б. Сауысқанның шықылықтауы.

2.     Жаман ырым. Мысалы:

                           а. Жақ таяну.

                           Ә. Қолды артқа ұстау.

                           Б. Тізе құшақтау.

         Ырымның негізгі ерекшелігі – ол өте-мөте себеп-салдарлы. Оны мифке жақындатып тұрғаны дәл осы сипатты. Мифтік танымда әлем қарама-қарсы екі жілікке жарылып тұрады: жақсы-жаман, адал-харам, ыстық-суық, обал-сауап, шарапат-кесеапат т.б. Ал, барлық ырым осы керағар түсінікке табан тірейді.

 

 

 

 

 

-4-

Негізгі бөлім

 

3.1 Отбасы, тұрмыс мәселелеріне байланысты ырымдар

 

        Қазанды есік жаққа қаратып қисайта аспайды. Ол құласа: «Несібе төгіледі, ырыс далаға қашады. Отқа төгіліп, дән күйеді. Қазан шайқалса, ырыс шамданады» деп ырымдайды. Шәугімнің шүмегін ошақтың аузына қаратып аспайды. Шай тасыса – үйдегі қыз ащы азап арқалайды деп ырымдалады. «Тұз астың иманы, қыз – үйдің көркі». Дәм-тұз ауыспақ қыздан. Тұз шамданса – қыз шамданады. Дәм-тұз атқан адам өмір бойы оңбайды деп, сол ырымға нанады. «Нанды бір қолмен үзіп жеуге, нан үзіндісін аяқпен таптауға болмайды. Нан құраннан да қасиетті: құранға шығып нанды алуға болады, бірақ нанға шығып құранды алуға болмайды. Нан – дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтанда дастарқанға алдымен нан қойылады.Таңертең нан ауыз тимей үйден шығуға болмайды. «Асығыспын, нан ауыз тиейін», «Ең құрыса, нан ауыз ти»,- деген сөздер бекер айтылмаған. Нанды төңкеріп қоюға болмайды. Онымен ойнауға болмайды. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. Кемтар адам ғана нанды бір қолмен сындырады – деп отыратын әжем.  

          Маңғыстаудың адайларында Жанай деген ру бар, оларда «күн тергейтін» ырым бар, ырымдап  жанайлар екінші күні жолға шықпайды, ол күні   ешқандай жұмыс бастамайды, өлген кісіні де жерлемей, түс ауғанда ғана жерлейді

 

 

 

 

 

 

-5-

Қонақжай қазақтың ырымы

         Үйге кіріп келе жатқан қонақ абайсызда сүрініп кетсе, үй иесі марқайған түрмен төрінен сыйлы орын ұсынады. Мұның  түп төркіні «үйге күтпеген жерден байлық келеді, бақ дариды» деген ырымды білдіреді. Жолаушылап келе жатқан адам бір үйге сусын ішуге түсетін болса, сол үйдің

есігіне тура беттеп келіп, аттан түспейді. Үй иесі сыртқа шыққанда, амандық-саулық сұрасқан соң, атының оң жағынан түседі және үйді айналмайды. Өйткені, жау адамдар бөгде үйдің жай-күйіне қарамайды, баса-көктеп кіреді және өлімнің суық хабарын естірткелі келген адам да күй таңдамастан бірден үйге кіреді. Сол себепті, бұл «жолаушының жүрісі жаман ырымға ұқсамасын» деген мағынаны білдіреді. Дос-жаран, ағайын-туыстар да оң тілеумен үйдің оң жағынан келіп, үйге оң аяқпен кіреді.Қыдырып, қонаққа келген жас баланы үйден құр қол қайтармайды. Бұл –«сәбидің меселі қайтпасын, көңілі қалмасын, жүрегі суымасын, келер бақытының беті қайтпасын, үйде оттай ыстық ықыласы қалсын» деген ырымнан туған ежелгі салт. Егер сәби үй иелерінен суық рай көріп, кейіген кейіппен қайтса, «бұл шаңырақтан – бақ, төрден – бақыт, дәннен – ырыс кетеді» деп ырымдалады.Үйде отырған қонақты саусақпен санамайды. Малды, қолға түскен тұтқындарды ғана саусақты шошайтып санайды. Қонақ қонған түні мал төлдесе, қонаққа киіт кигізіп, «ақжолтай қонақ» деп, құрметпен шығарып салады. «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» деген сөз осындайдан шықса керек. Дастархан қос қабатталған болса, қонақ келгенде оның тұйық жағын төрге қаратып, оң бетін келтіріп жаяды. Бұл «дастархан оң болмай, ісіңде жол болмайды» дегенді білдіреді. Қонақ келгенде есікті үй иесінің өзі ашады. Ал қонақ шығарда, есікті қонақ өзі ашып шығады. «Қонақ үйге келгенде-құт бірге кіреді, қонақ кетерде үй иесі есік ашып берсе, құт та әлгі кісімен бірге  ілесіп кетеді» деп ырымдалады. Қазақта кетік, сынық ыдыспен қонаққа ас бермейді. «Ыдыстың кетігінен шайтан қосарлана ас ішеді, қонақ қорланады,

 

-6-

қонақтың жебеуші иесі шамданып, кәрін төгеді» деп ырымдайды. Халқымыз үйге келген кісіге астан дәм татырмай жібермейді. Ертеде қазақтар бар болса да, бар болмаса да айран, ірімшік, құрт сияқты тағамдар ұсынатын болған. Асты қадірлейтін қазақ «дәм-тұзымды тат, расыңды айт» дейді.  Қастаңдық қылған біреу жайлы «дәм-тұзыма тапсырдым» дейді.  «Татқан дәмге қас қылған жігіт оңбас» деп өлеңдетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-7-

                                     Балаларға байланысты ырымдар

       Ырым халықтың жақсы ниетінен туған ғұрып. Ырым жолдары мен түрлері өте көп. Мысалы, шешен болсын деп аузына түкіру, отаншыл болсын деп туған жерге аунату, сондай болсын деп болсын деп батырдың сарқытын жегізу немесе оның атын қою сияқты ырымдар бар. Мысалы, Шыңғыс Шоқанға ырымдап Сегіз серінің  (Мұхаммед-Қанапия) атын қойғызған.  Абай, Абылай, Бауыржан, Олжас, Сәкен, Қаныш, Нұрсұлтан есімдерін қазір де ата-аналар өз балаларына ырымдап қойып тұр. Халықта жасы 100-ге келген адамның киімін, ұстаған затын осындай жас берсін деп үлестіріп,          бөліп алу салты бар. Сол сияқты баласы тұрмай жүрген адамдар баласына Күшік, Итбай, Итемген, Көтібар, Малай, Башай, Терісаяқ дегендей қолайсыз ат қойса, өмірлі болады деп ырымдаған. Бала сүт тісі түссе, оны майға орап «Жасық тісімді алып, өткір тісімді бер» деп итке беруі керек.

         Жалпы айтқанда ырым халықтың сенімі  мен ақ ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық ерекшеліктің бір саласы. Сөйте тұра кейде халқымыз “Қазақ ырым етеді, ырым қырын кетеді” деп те айтып жібереді. Бұл сөз ырымның бәрі  бәрдей орындала бермейтінін ескерткені деп түсіну керек. Алғаш найзағай ойнағанда, көктемнің алғашқы жауыны жауған кезде киіз үйдің босағасына, керегелерінің басына ырымдап ақ жағады. Көктен жаудырсын,  жерден өндірсін, ақ мол болсын, береке болсын деген ізгі тілек жатыр мұның астарында. Әр ырымның өзегінде бір замандарда қоғамда маңызды роль атқарған әдет-ғұрыптарының, салт-дәстүрдің сарқыны, қуатты қайнар көзі жатыр. Баланың тісі түскенде оны кесек ет, май немесе бауырсаққа қосып, тісі иттің тісіндей өткір, мықты болсын деп итке асатады. Сонымен қатар көктей болып өссін деп түскен тісті жеміс ағашының түбіне көмеді, таудай болсын деп тауға қарата лақтырады. Бала тісі періште бұйымы ретінде есіктен кіретін түрлі пәле-жала, қаскөй күштерден қағып тұрады

 

-8-

делініп, есік жақтауы арасына да қыстырылады. Бала еңбектей бастағанда бауырын жерден тез көтерсін деп бауырынан табақ өткізетін ырым бар. Тәй-тәй басып апыл-тапыл қадамдар жасай бастағанда жүйрік болсын деп бұтының арасынан сирақ асып өткізетін ырым да болған. Бала босағадан кіріп келе жатып, сүрініп кетсе, «олжа келді, олжа келді, олжасын көтере алмай келе жатыр, төрге аунат, олжа төрге жұқсын» деп ырымдап, үлкендер баланы төрге апарып аунатады. Бұл ырымның маңыздылығы – баланы періштеге санайтын дәстүрлі таным бойынша үйге баламен бірге құт кірді деген наным қалыптасып, құтты төрге, яғни үйге орнықтыру мақсаты көзделуінде. Қандай да бір істің орындалар-орындалмасын білу үшін балаға «аяғыңды көтерші» деп сұрайды. Бала айтқан бойда өзінше гуілдеп, күліп, оң аяғын көтере қалса, өтінуші тілегім орындалатын болды деп қуанады, ісім оңынан, асығым алшысынан түсетін болды деп ырымдайды.

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-9-

                  Қасиетті төрт-түлікке байланысты ырымдар

 

 Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар олар мал өрісін, тіршілік табиғатын, қадір-қасиетін әбден білген. Тіпті малдан айырықша қасиетін, ерекшелігін халқымыз өздерінің тіршілік өмірін осы мал өсірумен байланыстыра жасаған. Мысалы, мал төлдеп жатқанда балалардың асық ойнауына болмайды. Өйткені асық ойнағанда сақа мен кенейлерді соғыстырып, шаңқылдаған дыбыс шығарады. Міне осы дыбыс мал киесін ызаландырады, төл шығын болады. Ия болмаса, жылқыны басқа бір алыс жерге апарғанда бұрынғы тұрған қорасындағы тезегінен ала жүріп, шым- шымдап жемге қосып береді. Сонда жылқы жат жерге тез үйренеді. Және бұрынғы жерін аңсап, қашпайды деп есептеген. Ерттеулі тұрған ат сілкінсе, жын-шайтанды үркітіп жатқаны деп ырымдалады.т.б. Ырым кейде қандай да бір шұғыл әрекетке байланысты туындайды.   Оған қауым мән беріп, бір мезет назар аудару арқылы қарымта

жауап (пікір-тілек, көзқарас, баға) білдіреді. Мәселен, біреу оқыстан түшкірсе, оған көңіл бөлініп, мынадай сөздер айтуға тиіс: Мысалы:

                       “Жәрекімалла, жарылқа,

                       Құнан  қойдан қабырға” т.б

       Ырымдарға сенбесең де, “солай болып қалса қайтем ” деп психикаңа кері әсер етіп тұрады. Ондай сәттерде мүмкіндігінше, көңілге алмауға тырысу керек.  Қазақ ұғымындағы ақ атаулы – азықтың тамақ қана емес, ол шынымен қаншама төлді өсіріп отырған қасиетті сүт қой. Сондықтан ананың ақ сүтін ардақтай білетін қазақ халқы малдың сүтін де қадірлеген. Қазақта «ақ» сөзімен тығыз байланысты ұғым  өте көп. «Ақ жаулықты ана», «ақ сақалды қарт», «ақ сүт», «ақ неке»  дегендей, ақ сөзімен байланысқан ұғымы терең сөздер тазалықты, пәктікті айғақтайды. Жылан екеш жыланға да көңіліміздің түзулігін білдіріп, жамандық жасамай, басына ақ тамызып шығарып жібереміз. Қазақ ешқашан үйге кірген жыланды өлтірмейді. Өйткені жылан

-10-

 

өздігінен, қарнын тойғызу үшін адамды шақпайды, тиіп кеткенде өзін қорғау үшін шағады. Атам  марқұм: «Енді оның тебетін аяғы, ұратын қолы жоқ, тым болмаса әкеден бастап сықпыртып боқтайтын тілі де жоқ, жыланның жаратылысы солай, шақпағанда қайтеді…», – дейтін еді. Алла тағала тектен – тек ештеңені жаратпаған. Қазақта «жатқан жыланның құйрығын баспа» деген сөздің өзі біраз жайды аңғартпай ма?!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-11-

Ырым деп қойылған аттар

         Сонымен, ырымның неге ырым екенін білу маған өте бір қызық болып көрінді. Себебі қазақ халқының тұрмысында ырымдардың орны ерекше. Қазақ есімдері арасынан ырымға байланысты есімдерді көптеп кездеседі. Рымғазы,  Рымғали, Рымжан, Ырымбай, Ырымбек сынды ұл есімдері, Рымбала, Рымшаш, Ырымжан сияқты қыз  есімдері көп. Бұлардың көбісі қазақ тілінің сөйлеу мақышына байланысты алдыңғы «Ы» әрпі айтылмай

көбінесе «Р» әрпінін басталады. Солай да жазылып та жүр. Ал дұрысында Рымғали – Ырымғали, Рымкеш – Ырымкеш болып жазылуы тиіс.

          Осындай қазақ есімдерін иеленіп жүрген танымал тұлғалар да аз емес. Мысалы атақты әнші Роза Қуанышқызының тегі Рымбай ретінде белгілі. Ал шынында танымал әнші өз тегін Роза Ырымбай деп жазуы керек еді. Бірақ бұл есім әнші дүниеге келгенге дейін атасының есімі Рымбай деп айтылып кеткендіктен осылай жазылған болуы керек. Коньки спортының халықаралық дәрежедегі төрешісі  Қасым Рымбекұлы Иляштың әкесінің есімі де Рымбек болып жазылғанымен шынтуайтына келгенде Ырымбек екені түсінікті. Танымал сахна шебері, «Менің атым Қожа» фильміндегі Қожаның анасы Милаттың   «Тақиялы періште» кинокомедиясында қыздар жатақханасының комендантын керемет көрсете білген Бикен анамыздың әкесінің аты да Ырым. Бірақ көпшілік ол кісінің тегі Кеңес билігі кезінде орыс тілінің енгізілуі барысында Римова болып өзгеріп кеткенін біле бермейді. Атақты ақын Сәкен Сейфулиннің немере қарындасының есімі Рымжан. Әнші Жүсіпбек Елебектің қарындасы – Рымкеш, әнші Меруерт Түсіпбайдың анасының есімі де Рымкеш Төлегенқызы.

      Менің музыка пәнінен сабақ беретін ұстазымның аты-жөні де Рымкеш Тайтөлеуқызы. Ұстаздан «Атыңызды неге Рымкеш деп атаған» деген сауалыма  «Әкем өте ырымшыл еді, мен тумай тұрғанда анам қатты ауырған екен, ауруынан сескенген әкем анамды емшіге апарған. Сонда емші  анамның

 

-12-

 әдемілігіне тіл өткен екен, енді бұған мен ем айтам, соны орында. Содан кейін өзің де сәл нәрсені ырымдайды екенсің, сол ырымдарды үнемі өзің де есте ұстап жүруің керек ,деген екен. Содан әкем анам сол ауруынан айығып, мені дүниеге әкелгенде  ырымдарды есімде ұстап, емші айтқан сөзін әркез ұмытпайын деп менің атымды Ырымкеш деп қойған екен. Ол кез орыс тілділердің көп кезі. Құжатыма Рымкеш деп жазылып кеткен екен» деп түсінік берді.

“…Маңғыстау сонадайдан тозаңытқан,

     Жүрегiн талай ердiң қобалжытқан…”.

Осы бiр ел аузындағы екi ауыз ескi ән жолдарында қасиеттi Маңғыстаудың Қаройын мекендеп жатқан үш жүз алпыс екi әулиенiң аруағы мен сесi атойлап тұрған секiлдi. “Асылы, Маң­ғыстаудың жер кiндiгi екенi рас болар. Үш жүз алпыс екi әулие бұл өлкенi тектен-тек жерленiп жатқан жоқ. Бiр қасиеттi бiлiп жатыр ғой” дегендей Маңғыстауға тәу етiп,  ауылымыздың топырағын  іштей сиынып басатынын, ырымдап келетінін үлкен кісілердің ауыздарынан естіп жүрмін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-13-

          Ырымдардың қолданылу аясы

 Отбасында

      Ата-әжелері бар отбасыларында ырымдар өте қатты сақталады екен. Әсіресе,көпшілік отбасында 9 саны бар күндер тергеледі екен.Бұл күндері ешқандай іс басталмайды, жаңа сатып алынған тамақтар басталмайды екен. Өйткені береке-ырыс болмайды деп сенген. Жеңіл–желпі суық тигенде, қызуы көтеріліп ауырғанда әжелер баланы ұшықтап жеті қабат киіммен жауып тастайды екен.

 Қала көшелерінде

      Көшелерде адамдар жолын қара мысық кесіп өтсе, жолымыз болмайды дейді екен. Сонымен қатар бос шелек ұстап өтіп кетсе, ол жерді айналып өтеді.Тіпті қазақтың киелі сандарын машина нөмірлерінен көрсе, жолымыз болады деп сенеді екен. Жолда келе жатқанда үлкен кісілердің алдын кесіп өтуге болмайтынын, үлкендерге көмек берсек, олардан алған алғыс бізге көп көмегін тигізеді.

Мектепте

  Мектеп жасындағы балалар арасында да ырымға сенушілік көптеп байқалды.Мысалы:

§  Мектепке оң аяғымен кіру

§  Мектепке кіріп келгенде бірінші ер адамда көрсе сабақтардан жақсы баға аламыз деп сенеді

§  Сөмкеге кітаптар оң жағымен салынуы керек.

§  Оқулықтарды аяқпен басуға болмайды, кітап та қасиетті нәрсе деп білеміз.

 Сыныптастарым арасында

Біздің класымызда 23 оқушы бар.Олардың 11-і қыз балалар,12сі ұл балалар. Ерасыл   есімді кластасымның 7 жасына дейін айдары болыпты. Ерасыл кішкентайынан көп ауырған. Әжесі Талшын әже ауылымызға белгілі емші. Ол кісінің берген ұшығы, дем салуы, айтқан емі үнемі орындалады.  Күләш,

-14-

Бекзат, Мейрамбек, Жамбыл есімді оқушылар бар. Оларға да ұлы адамдардай дана болсын деп есімдерін қойыпты. Менің де есімім Ердаулет. Даулеттей палуан болғым келеді, спорт мектебінің күрес үйірмесіне барып жүрмін. Сыныптастарымның көбісі үнемі класқа оң аяқпен кіретінін айтты. Ал киімдерін теріс киіп алса, бес аламыз деп қуанады екен. Сөмкілерін теріс ұстамауға тырысады. Оң көздері тартса қуанамыз дейді. Қызғалдақ деген қыз тұз төгіліп қалса ұрыс-керіс болады деген ырымды есіне сақтап қалған, сол себепті тұз төгілген жерге қант шашып жіберу керек екенін есімнен шығармаймын деді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-15-

Қорытынды

             Біздің халқымыздың салт — дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары енді ғана зерттеліп, жиналып, қаралып, көпшілік енді ғана назар аудара бастады. Мұның тек рухани, мәдени жағы ғана емес, сонымен бірге жас ұрпақ адам тәрбиесіне де үлкен қызмет атқаратынын естен шығаруға болмайды.  Ұлтымыздың осындай тәлім-тәрбиелік немесе сезімдік әдет-ғұрыптарының мәніне терең үніліп қарап, сырын ашытын болсақ, одан өте көп ғибратты істерге қанық боламыз.

Бағзы заманда адам әулиетін бір-біріне қарама-қарсы екі лагердегі рухтар қоршап тұр деген наным-сенімі  болған. Адамдар осы рухтардың қатерімен қорғанып сақтану немесе мейіріне ие болып, қолдануына жетуді көздеп әрекеттер жасаған. Өз іс-қимылдарын сол ие киелерге үйлестіру, үндестіру мақсатында әр түрлі ырым-тиымды ойлап тауып тұрмыста қолдана бастаған.

Сол ырымдар әлі күнге дейін қазақ халқының өмірінде елеулі орын алып келеді.  Соның ішінде біздің ауылда   зерттеу жұмысы кезінде ырымға сенбейтін бірде бір отбасын көрмедік. Әсіресе отбасына, балаға, төрт-түлікке байланысты көп айтыла бермейтін ырымдар естідік. Әр ырымның өзегінде бір замандарда қоғамда маңызды роль атқарған әдет-ғұрыптардың, салт-дәстүрдің сарқыны, қуатты қайнар көзі жатыр.

Сонымен,  ырым-тиымдар қазақ фольклорында кездесетін ең қысқа, әрі өміршең жанрдың бірі деп танылады. Ол адамның күнделікті тұрмыс тіршілігінде тұтқиылдан көрініс тауып, қағілез бақылаушылар тарабына жария етілетін, қоғамдық санады бағзыда қалыптасқан қасаң қағидалардың түйіні, түйіршігі деуге болады.

Қорыта айтқанда, ырым қазақ  фольклорындағы шағын жанрлық түр ретінде енді анықталып отыр. Бүгінге дейін бір сыпыра мәтіндер жинақталғанымен арнайы зерттеле қоймаған осы шағын жанрлық түрдің халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде көтеріп келе жатқан жүгі орасан ауыр екендігі байқалады.

 

-16-

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.     Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. Алматы, 2001ж

2.     Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматыкітап, 2007ж.

3.     Қазақ әдебиеті. 2006ж.№47

4.     Қазақ ССР, 4 том. Қысқаша энциклопедия. Алматы, 1989ж

5.     Қазақстан тарихы /әдістемелік журнал/ 2004ж.№8

6.     Мұқанов С. Халық мұрасы. Қазақстан, 1974ж.

 7.  Алматы «Өнер» 1998ж Қазақы тыйымдар мен ырымдар.

 8.  Бала би журналы 12/2003ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-17-

 

  

                       Ұстазыммен бірге ізденудемін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғылыми жұмыс: "Қазақ халқының ырымдарының сақталуы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 848 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2016 2085
    • DOCX 337 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ебелекова Лаззат Муналбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ебелекова Лаззат Муналбаевна
    Ебелекова Лаззат Муналбаевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9977
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 273 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 593 человека

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 829 человек

Мини-курс

Психология общения: эффективное общение и решение конфликтов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 835 человек из 78 регионов
  • Этот курс уже прошли 377 человек

Мини-курс

Эффективное взаимодействие с детьми: стратегии общения и воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 661 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 543 человека

Мини-курс

Введение в инвестиции и инвестиционный процесс

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 12 регионов