Инфоурок / География / Презентации / Ғылыми жұмыс "Балқашым бағым"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

Ғылыми жұмыс "Балқашым бағым"

библиотека
материалов
Жобаның тақырыбы: Балқашым-Бағым.
Мақсаты: Балқашым-Сарышағанның бағысың сен, Мұнарып атқан қазақтың таңысың се...
Жоспар: І.Кіріспе. ІІ.Негізгі бөлім. 1.Қазақстан картасындағы Балқаш көлі.Фи...
Кіріспе: Балқаш көлі. Балқаш көлі Қазақстанның оңтүстік-шығысына, Балқаш- Ала...
Қазақстан картасындағы Балқаш көлі.
Балқаш көлінің фикалық-географиялық сипаттамасы
 Балқаш аңызы
 Балқаш көлінің климаты
Шілденің орташа температурасы 240С, қаңтарда – 80С-қа жуық. Жауын-шашынның ж...
 Табиғаты
Балқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақс...
 Балқаш экологиясы
Балқаш экологиясы – Балқаш көлі алабындағы табиғи ресурстарды (әсіресе, су қ...
 Балқаш көлінің марфометриясы
Балқаш көлі су деңгейінің тез құбылмалылығына, өзгеріп отыруына байланысты о...
 Балқаш көлінің балықтары
 БАЛЫҒЫ ТАУСЫЛСА БАЛҚАШТЫҢ ТАҒДЫРЫ НЕ БОЛАДЫ?
Балқаш көлін әзірше табыс көзі ретінде пайдаланып отырмыз. Ал, қазіргі таңда...
БАЛҚАШ көлі:апаттың ауылы ЖАҚЫН Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың т...
Балқаш көлінің қазіргі жағдайы: 20 ғасырда Балқаш көлінің деңгейі 1908 және...
Балқаш көлі 20 жылдан соң көлшікке айналып кетуі мүмкін. Депутат Ғани Қасымо...
Қорытынды: Жоба жұмысы аяқталғанда оқушылар: -Балқаш көлінің тарихын,шығу аң...
Пайдаланған әдебиеттер: 1. "Экология және қоршаған ортаны қорғау" Ұ.Б.Асқаро...
32 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Жобаның тақырыбы: Балқашым-Бағым.
Описание слайда:

Жобаның тақырыбы: Балқашым-Бағым.

№ слайда 2 Мақсаты: Балқашым-Сарышағанның бағысың сен, Мұнарып атқан қазақтың таңысың се
Описание слайда:

Мақсаты: Балқашым-Сарышағанның бағысың сен, Мұнарып атқан қазақтың таңысың сен. Демаламыз біз сенің тынысыңмен, Қазақтың ұзақ жырлар жырысың сен. Әрқашан жүресің сен ел есінде, Үлкен менен жастың да, кәрінің де. Көліңде неше түрлі бар балығың, Соларды азық қылар бұл халығың. Аяулы көлім, сен Балқашым, Әсемде, мықтысың сен мақтанышым, Балқаш, Балқаш ардақтым сен, Балқаш, Балқаш айбаттым сен, -дей келе бұл жобамның мақсаты-оқушыларға Балқаш көлінің артықшылығы мен кемшілігін,пайдасы мен зиянын айтып жеткізгім келеді. Балқаш көлі біздің мақтанышымыз екенін,оны әрқашан қадір тұтып,ардақтап,аялауымыз керек екенін айту.Қазіргі заман -лай заман. Осы лай заманның кесірінен көптеген көлдер,соның ішінде-Балқаш зардап шегіп жатыр. Балқаш көлі болмаса,оның суы не балығы болмаса өмір сүру қиын болатынын айтып,адамзатты көлді таза ұстауға шақырғым келеді.

№ слайда 3 Жоспар: І.Кіріспе. ІІ.Негізгі бөлім. 1.Қазақстан картасындағы Балқаш көлі.Фи
Описание слайда:

Жоспар: І.Кіріспе. ІІ.Негізгі бөлім. 1.Қазақстан картасындағы Балқаш көлі.Физикалық-географиялық сипаттамасы. 2.Балқаш аңызы. 3.Табиғаты.Экологиясы.Климаты. 4.Балқаш көлінің марфометриясы. 5.Балығы таусылса Балқаштың тағдыры не болады? 6.Балқаш көлі:апаттың ауылы жақын. 7.Балқаш көлінің қазіргі жағдайы. 8.Балқаш көлі 20 жылдан соң көлшікке айналып кетуі мүмкін. ІІІ.Қорытынды бөлім.                  

№ слайда 4 Кіріспе: Балқаш көлі. Балқаш көлі Қазақстанның оңтүстік-шығысына, Балқаш- Ала
Описание слайда:

Кіріспе: Балқаш көлі. Балқаш көлі Қазақстанның оңтүстік-шығысына, Балқаш- Алакөл ойысына орналасқан. Ол төрт облысының Жезқазған, Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстарының территориясымен шектеседі. Балқаштың су жиналатын алыбы 501 мың шаршы километр. Көл бассейні батыстан-шығысқа қарай 900 километр , ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 680 километр жерді алып жатыр. Көлдің солтүстік бассейні Қарқаралы- Ақтау сілемі мен Шығыстау жотасымен жалғасады. Шығысына Тарбағатай тауымен, оңтүстігінде теріскей және Күнгей Алатауының жоталарымен , Іле Алатауымен, батыста – Шу-Іле тауларымен шектеседі. Су айрық сызығының жалпы ұзындығы 4 мың километр.Жер бедеріне қарай Балқаштың су жиналатын бассейнін мынадай физикалық-географиялық аймақтарға бөлуге болады. Олар : Қазақстанның Сарыарқа өңірі, Балқаш - Алакөл ойысындағы жазықтық, Шу - Іле тауы және слотүстік Тянь - Шань тауының шығыс бөлігі. Бұл аймақтардың биіктігі 342 метрден 6995 метрге дейінгі аралықта болады. Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі 3-орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш – Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы : 17-22 мың км2, ұз. 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9-19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көлемі шамамен 100-110 км3. Су жиналатын алабы 500 мың км2-ге жуық. Орташа тереңдігі 6м, ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,24%-ін береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра жылғамен тілімделген, ал оңтүстік жағалауы суы біртіндеп тартылған кезде жиналған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ қойнаулары бар, аралдары аз, үлкендері: Басарал, Тасарал. Балқаш туралы алғашқы жазба деректер 13 ғ-дан белгілі (В. Рубрук, П. Карпини). Көлді тиянақты зерттеу 17ғ-да басталды. Орыс картографы және тарихшысы С.У. Ремезов 1695 ж. «Чертежи всех сибирских городов и земель» атты атласында Балқашты « Теңіз» деген атаумен көрсеткен. 18 ғ-дың басында көлде геодезиялық өлшеу жұмыстары жүргізілді. Балқаш 19ғ-да Клапроттың (1836) және Швед картографы И.Г.Ренаттың ( Жоңғарияның картасын жасаған ) карталарында бейнеленді. П.В.Рихтгофен (1877) мен А.Ф.Гумбольдтың (1844) еңбектерінде Б. туралы деректер бар. Балқашты зерттеуге басқа да Ресей ғалымдары (И.В.Мушкетов, А.М.Никольский, Л.С.Берг т.б.) ат салысты. Қазақтың ұлы ғалымы Ш.Уәлиханов та Балқаш алабын зерттеп, сипаттаған. 1920 жылдан бастап Балқаш көлін кешенді зерттеу басталды, көптеген экспедициялар (П.Ф.Домрачев, В.Н.Абросов, Л.И.Лев, Н.М.Страхов, Д.Г.Сапожников, М.Н.Тарасов) ұйымдастырылды. Көлдің экологиялық жағдайын, суының химиялық құрамын, өсімдік, жануарлар дүниесін, алабының физикалық- географиялық сипатын зерттеумен 1970-90 ж. Қазақстан ҒА-ның ин-ттары, Қазақ балық ш. ғыл.-зерттеу ин-ты, Қазақ гидрометеорология ғылыми- зерттеу институты, бірнеше жобалау институттары т.б. айналысты. Бұл жұмыстардың нәтижесінде көлдің табиғи орнықтылығын сақтап қалуға бағытталған нақты шаралар белгіленді, олардың біразы жүзеге асырылып, көл деңгейінің құлдырауы тоқтады (қ. Балқаш экологиясы ). Көл – шөл және шөлейт климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардағы орташа температура -15-170С, шілденің орташа температурасы 240С. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері 120 мм. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 55-66%, желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5-4,8 м/с. Жел көлдің батыс бөлігінде көбінесе, солтүстіктен, шығысында – солт.-шығыстан соғады. Сол себепті көлде үнемі күшті толқын болады. Жаздағы булану ауа райына байланысты 950 мм-ден 1200 мм-ге дейін ауытқиды. Көл беті көбіне қарашаның аяғында қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. Мұздың қалыңдығы кей жылдары 150 см-ге жетеді. Таудағы мұздықтар еріген кезде (маусым–шілде) су деңгейі біраз көтеріледі. Көп жылдық су деңгейі тербелісінің мөлшері 3 м-ден асады. 20 ғасырда Балқаш көлінің деңгейі 1908 және 1961 жылы көтеріліп, 1946 және 1987 жылы төмендегені байқалды (кестені қара). 1970 жылдан бері Іле өзенінің бойында Қапшағай бөгенінің салынуына байланысты көлдің табиғи гидрол. режимі көп өзгеріске ұшырады. Балқаш жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрогр. ерекшеліктеріне байланысты. Көлге сұғына еніп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты екіге бөледі, гидрол. және гидрохим. жағынан бір-бірінен өзгеше батыс және шығыс бөліктері ені 3,5 км Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Судың минералд. мен тұзд. бұл екі бөлікте екі түрлі.

№ слайда 5 Қазақстан картасындағы Балқаш көлі.
Описание слайда:

Қазақстан картасындағы Балқаш көлі.

№ слайда 6 Балқаш көлінің фикалық-географиялық сипаттамасы
Описание слайда:

Балқаш көлінің фикалық-географиялық сипаттамасы

№ слайда 7  Балқаш аңызы
Описание слайда:

Балқаш аңызы

№ слайда 8
Описание слайда:

№ слайда 9  Балқаш көлінің климаты
Описание слайда:

Балқаш көлінің климаты

№ слайда 10 Шілденің орташа температурасы 240С, қаңтарда – 80С-қа жуық. Жауын-шашынның ж
Описание слайда:

Шілденің орташа температурасы 240С, қаңтарда – 80С-қа жуық. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 120 мм. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 55-60%, желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5-4,8м/cек. Жел көлдің батыс бөлігінде солтүстіктен, шығысында солтүстік-шығысынан соғады. Осы себепті көлде үнемі күшті толқын болады. Жазда ауаның температурасы жоғары, ылғалдылығы аз, желдің күшті болуы салдарынан булану қоңыр салқын жылдары 950 мм-ден, қуаңшылық жылдары 4200 мм-ге дейін ауытқиды. Балқаш көлі көбіне қарашаның аяғында қатып, сәуірдің ортасында мұз түседі. Таудағы мұздықтар еріген кезде су деңгейі біраз көтеріледі. Соңғы 20 жылда су деңгейі орта есеппен жылына 3,2 м-ге дейін ауытқып жүр. Балқаш – жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрографиялық ерекшелігіне байланысты. Көлге сұғына кіріп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты екіге бөледі, гидрологиялық жағынан бір- бірінен өзгеше батыс және шығыс жақ бөліктері ені 3,5 км жіңішке Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Судың минералдылығы мен тұздылығы бұл екі бөлікте екі түрлі. Көлге ағып келетін судың жылдық мөлшерінің 73-80%-і (23,0 км3 мөлшерінде).– Іле өзенінің суы. Бұл бөлігінің суы тұщы (0,74 г/л ), 1м-ге дейін мөлдір, одан әрі лайлы, түсі сұрғылт сары. Шығыс бөлігінің суы тұздылау (5,21г/л) , мөлдір (5,5м), түсі көгілдір, ашық көк. Декабрьдегі су бетінің температурасы 00С болса, июльде 280С, көлдің түбінде судың температурасы онша өзгермейді (айырмашылығы 3,30С) . Көлдегі судың ағысы желге байланысты. Іле өзені құятын батыс бөлігінде ағыс тұрақты және сағат тілінің айналу бағытына сәйкес. Балқаш фаунаға бай. Көл түбінде моллюска, судағы ұсақ жәндіктердің личинкалары, шаян тәрізділер тіршілік етеді, батыс бөлігі планктонға бай. Көлде балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі ежелден көлдің өзінде өскен балықтар (Іле, балқаш көкбасы, балқаш алабұғасы т.б. ), қалғандары басқа жақтан әкелінген (карп, аққайран, шип, көксерке, арал қаязы). Ауланатын балық сазан, көксерке, балқаш алабұғасы, маринка, аққайран. Көлде кеме қатынасы үзілмейді. Басты пристаньдары: Бурылбайтал, Бөрілітөбе. Көлдің суы Балқаш кен металлургия комбинатының өндірістік қажеттеріне пайдаланылады. Балқаш өңірінің климаты континентті. Жаздағы ауаның орташа температурасы +240, қыстағы орташа температурасы -80- қа жуық. Жылдық жауын шашын мөлшері 120 мм. Көлді желтоқсаннан сәуірге дейін мұз басып жатады. Жазда көл суының температурасы +270-қа жетеді.

№ слайда 11  Табиғаты
Описание слайда:

Табиғаты

№ слайда 12
Описание слайда:

№ слайда 13 Балқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақс
Описание слайда:

Балқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуаң дала Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі. Балқаш фаунаға бай.  бай. Көл түбінде Балқаш фаунаға бай. судағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдері, шаян тәрізділер тіршілік етеді. Батыс бөлігі планктонға бай. Көлде балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі ежелден көлдің өзінде өскен балықтар (Іле, Балқаш көкбасы, Балқаш алабұғасы, т.б.), қалғандары басқа жақтан әкелінген (карп, аққайран, шип, көксерке, Арал қаязы). Ауланатын балық (жылына 9 – 10 мың т) – сазан, көксерке, Балқаш Балқаш фаунаға бай. Көл суы жағалауындағы өнеркәсіп орындары (Балқаш кен-металлургия комбинаты, т.б.) мен елді мекендер қажетіне пайдаланылады. Жылы мезгілде Балқашта су көлігі қатынайды. Басты айлақтары: Балқаш, Бурылбайтал,Бөрлітөбе.

№ слайда 14  Балқаш экологиясы
Описание слайда:

Балқаш экологиясы

№ слайда 15 Балқаш экологиясы – Балқаш көлі алабындағы табиғи ресурстарды (әсіресе, су қ
Описание слайда:

Балқаш экологиясы – Балқаш көлі алабындағы табиғи ресурстарды (әсіресе, су қорларын) тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында 20 ғасырдың аяғында қалыптасқан табиғи, әлеуметтік және экономикалық жағдай. Оны негізгі 2 себеп тудырды. Ішкі себеп – Қапшағай су электр стансасының салынуына байланысты (1970) Іле өзені арнасының бөгелуі. Оған дейін Балқаш көлінің экологиялық тепе-теңдігін көлге құятын өзендер суы мен көл айдынынан буланған ылғал мөлшерінің тұрақтылығы қамтамасыз ететін. Жыл сайын көл алабындағы 15,0 км³ су қорының 11,9 км³-і (80%) Іле өз-мен келсе, қалған 3,0 км³ су көлдің батыс бөлігінен шығыс бөлігіне ығысады. 1970 –1985 жылдардағы Балқаш көліне құятын өзендер суының жалпы ағымы 14,9 км³-ден 11,8 км³-ге кеміді, яғни көл жылына шамамен 3,0 км³ су жоғалтып отырды. Көл алабынан алынатын су мөлшері жылына 7,0 – 8,0 км³-ге дейін өсті, оның 6,5 км³ суы егін суғаруға, Қапшағай және басқа да бөгендерді толтыруға жұмсалды. Булануға кететін шығыны жылына 2,0 км³-ге жетті. Осы себептерден 1970 жылдан су деңгейі күрт төмендеді. 1986 жылдың аяғында көл деңгейінің абсолют биіктігі 340,54 м болды. Көл деңгейінің құлдырау жылдамдығы жылына 15,6 см-ге жетті, бұл көрсеткіш 1908 – 1946 жылдардағы төмендеу жылдамдығынан (9,2 см/жыл) біршама жоғары. Іле өзені атырауындағы батпақты-сулы алаптардың 2/3 бөлігі қысқарды. Қапшағай СЭС-і іске қосылған соң, тасқын су шығымы 1600 – 1800 м³/с-тан 700 – 800 м³/с-қа дейін төмендеді. Электр стансасы қажетіне байланысты су ағымы жылдам өзгеретін (0 – 1000 м³/с) болды. СЭС-тен төмен қарай өзен тасындылары (судағы қатты заттар) тоқтап, олар толығымен Қапшағай бөгенінде шөгетін болды. 1986 жылдың аяғында Балқаш көліне құятын Іле өзенінің тармақтарынан Шұбарқұнан, Иір, Базарбай және Қалғаніле ғана қалды. Су шығымының 90%-ы тек Иір тармағымен қосылған Қоғалы тармағына жинақталып, бір арнаға айналды. Кезінде суы арнасына сыймай жататын Жиделі тармағы шөгіндіге тола бастады. Көлдің оңтүстік жағалауындағы балықтардың уылдырық шашу аймағы түгелдей жойылып, атыраудағы 15 көл жүйелерінен тек 4 – 5-еуі ғана қалды. Осының салдарынан жыл сайын ауланатын балық мөлшері 17 – 18 мың тоннадан 10 – 11 мың тоннаға дейін төмендеп, балық сапасы да нашарлады. Мысалы, бұрын негізінен сазан ауланатын болса, кейін ауланатын балықтың 90%-ын табан, жайын, көксерке, т.б. құрады. Ал аты әйгілі көкбас, Балқаш қарабалығы 1970 жылдан бері кездеспейтін болды. 1980 жылдан бастап көлдегі балықтар судағы пестицидтер мөлшерінің көбеюінен жаппай фибриалды саркома (қатерлі ісік жаралары) кеселімен ауыра бастады. Көл суының минералдығы күрт өсті. Балқаш металлургия кәсіпорындарының өндіріс қалдықтарының әсерінен суда ауыр металдар (мыс, мырыш, қорғасын, кадмий, т.б.) мен күкірт оксидтерінің мөлшері көбейді. Балқаш алабынан атмосфераға түсетін әр түрлі газдардың көлемі жылына 250 мың тоннаға жетті. Бұл газдар көл бетінен буланған ылғалмен қосылып, жерге қайтадан қышқыл жаңбыр болып жауады. Жауын-шашынның минералдығы 3 еседен астам өсті. Құрғап қалған аумақтардан көтерілген шаң-тозаңның әсері биік таулы аймақтардағы мұздықтардың еріп, ұсақтануына әкелді. Мысалы, 1974 жылдан бері Іле Алатауындағы аум. 1 км²-ден астам 86 ірі мұздықтың 6-уы ғана қалды. 1980 – 1990 жылдры Іле – Балқаш табиғи-шаруашылық жүйелеріне кешенді ғылыми-зерттеу жүргізіліп, олардың қорытындысы бойынша берілген ұсыныстарға сәйкес, Қапшағай бөгенінің деңгейі 10 метрге төмендетілді, сөйтіп, көлемі 2 есеге (28 км³-дің орнына 14,5 км³) кеміді де, жер суғаруға алынатын су мөлшерінің өсуі тоқтатылды. Осы шаралар Балқаш көлінің деңгейін тұрақтандырғанмен, су сапасы жылдан-жылға нашарлады. Сыртқы себеп – Балқаш алабындағы су қорының жартысына жуығы Қытай мемлекетінің аумағында қалыптасады.

№ слайда 16  Балқаш көлінің марфометриясы
Описание слайда:

Балқаш көлінің марфометриясы

№ слайда 17 Балқаш көлі су деңгейінің тез құбылмалылығына, өзгеріп отыруына байланысты о
Описание слайда:

Балқаш көлі су деңгейінің тез құбылмалылығына, өзгеріп отыруына байланысты оның морфометриясы мен гидрологиялық көрсеткіштері де өзгеріп тұрады (1-сурет). Көл суының деңгейі 342 метр болғанда, оның көлемі 18200 шаршы километр, ұзындығы 614 километр, ені 74 километр, орташа ұзындығы 30 километр, жағалауының ұзындығы 2383 километр, жағалауының даму сызығы 5,1 метр, ең терең жері 27 метр, орташа тереңдігі 6 метр, су қоры 106 текше километр болады.Үстіміздегі ғасырда Балқаш көлінің көлемі 23444 шаршы километрден (1908ж) 15730 шаршы километрге (1946 ж) өзгерген, тиісінше су қоры 82,7 текше километрден 93,9 текше километрге дейін көбейді.Балқаш көлінің ойысы ірі-ірі бірнеше арнадан тұрады. Көлдің ең терең жері (27м) Шығыс Балқаштың орталығы Бөрлітөбе маңы. Балқаштың батыс бөлігінің ең терең жері (14м) Бертіс шығанағы, ал шығысында Қоржын аралы маңында (16м). Көлдің батыс және солтүстік жағалаулары биік, тік жарлауытты, судың бетінен 20-30 метр жоғары тұр. Жағалаудағы төбелердің аралығында және көлдің тайыз жерлерінде қиыршық үйме тастар кездеседі. Жағалауы тілімденбеген. Тек қана Мыңарал аймағындағы жағалаулар тілімденген, бұл жерде көптеген шығанақтар, мүйістер, су үсті және су асты аралдары бар.Оңтүстік-шығыс жағалауы Бөрлітөбе шығанағынан Қарашағанға дейін биік, ал Қарашаған шығанағынан қазіргі Іле атырауына дейін жағалай төмендейді, кей жерінің су бетінен биіктігі 1-2 метр. Оларға биіктігі 5-10 метрлік құмды төбешіктер келіп тіреледі.Балқаш көлінде көптеген ірі-ірі шығанақтар, түбектер бар. Шығанақтың ішіндегі ең ірілері Алакөл, Қарақамыс, Қашқантеңіз, Сарышаған, Бертіс, Балықтыкөл, Қарашаған және басқалары. Ал көлемі жағынан ірі түбектер Қоржынтүбек, Қарағаш, Бертіс, Байғабыл, Шауқар, Кеңтүбек, Сарыесік т.б. түбегі Балқаш көлін Батыс пен Шығысқа бөліп жатыр, ол Ұзынарал бұғазы арқылы түйіседі.Балқаштың оңтүстігінде Іле өзенінің құяр сағасында Үшарал архипелагы жатыр. Оған Босарал, Ортаарал, Аяқарал т.б. шағын аралдар кіреді.Көлдің солтүстік жағалауына аласа бұтақты долана, ал оңтүстігінде жыңғыл, жантақ теріскен, ішінара тораңғы өседі. Іле мен Лепсі өзендерінің төменгі жағында жиде және тал өседі. Ескі Бақанас ауданында үлкен аумақты сексеуіл тоғайы алып жатыр.Балқашқа құятын өзендерді оңтүстік және солтүстік өзендері деп екіге бөлуге болады. Көлдің солтүстігінде өзендер сирек кездеседі, көлге оңтүстігінен Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі құяды. Су балансының негізін осы өзендер құрайды. Солтүстігінен Аякөз, Бақанас, Тоқырау және Мойынты өзендері құяды, бірақ көбіне су мөлшерінің аздығынан көлге жетпей, жерге сіңіп кетеді. Балқаш көлі толқынды. Көлдің шығыс бөлігінде толқынның биіктігі 3-3,5 метр болады, батыс бөлігінде 2,5 метрден аспайды. Көл суының ағыны екіге бөлінеді. Біріншісі, көлдің батыс бөлігіндегі ағыны.Бұл ағын Іле өзенінің Балқаш көліне құяр сағасынан бастап батысқа қарай ағады, сонан кейін Мыңарал ауданында ол солтүстікке бұрылып, көлдің батыс, солтүстік батыс және солтүстік жағалауларын бойлай Ұзынарал шығанағына жетеді. Бұл жерде су ағыны Сарыесік түбегіне келіп тіреледі де оңтүстікке, сосын оңтүстік-шығысқа қарай бұрылады, одан әрі ағын бірте-бірте бәсеңдеп, Батыс Балқаштың шығыс жағалауына келіп тоқтайды. Екіншісі жел әсерінен болатын ағындар.Балқаш көлінің суы Іленің құйған жерінде 0,2-0,4 метрге, ал шығысында 10-12 метрге дейін мөлдір. Жазға қарағанда қыста анағұрлым мөлдір болады. Көл суы оңтүстік-батыс жағында лайлы сарғыш, шығысқа қарай көк жасыл түске енеді. Көл суының температурасы батысында 9,9 градус, шығысында 8,5 градус болады, ал қыс айларында керісінше. Судың ең жоғарғы температурасы июль айында батысында 23,8 градус, ал шығысында 20,1 градусқа жетеді.Балқаштың батыс бөлігі ноябрь айының екінші жартысында, ал шығысы декабрь айының аяғында қатады. Ол СССР де ауланатын ондатрдың процентін құрайды. Мұнда қара күміс түсті түлкіні, ворканы т.б. қолда ұстап, өсіру жұмысы жүргізілуде.Балқашта әр түрлі жабайы үйрек, қаз, шағала, көк құтан, гагара, аққу, қырғауыл, құр сондай-ақ жабайы шошқа, түлкі, қасқыр, қоян мекендейді.Балқаш көлінің су қатынасы жолдарының маңызы зор. Ол Алматы, Жамбыл, Жезқазған, Семей және Талдықорған облыстарын су жолымен байланыстырып жатыр. Балқаш өз төңірегіндегі өнеркәсіп орындары мен елді мекендергі сумен қамтамасыз етеді.

№ слайда 18  Балқаш көлінің балықтары
Описание слайда:

Балқаш көлінің балықтары

№ слайда 19
Описание слайда:

№ слайда 20
Описание слайда:

№ слайда 21
Описание слайда:

№ слайда 22
Описание слайда:

№ слайда 23
Описание слайда:

№ слайда 24
Описание слайда:

№ слайда 25  БАЛЫҒЫ ТАУСЫЛСА БАЛҚАШТЫҢ ТАҒДЫРЫ НЕ БОЛАДЫ?
Описание слайда:

БАЛЫҒЫ ТАУСЫЛСА БАЛҚАШТЫҢ ТАҒДЫРЫ НЕ БОЛАДЫ?

№ слайда 26
Описание слайда:

№ слайда 27 Балқаш көлін әзірше табыс көзі ретінде пайдаланып отырмыз. Ал, қазіргі таңда
Описание слайда:

Балқаш көлін әзірше табыс көзі ретінде пайдаланып отырмыз. Ал, қазіргі таңда жекеменшікке өтіп кеткен көлдің келешек тағдыры ешкімді толғандырып отырған жоқ. Не нәрсенің шегі бар, бәлкім, көлдегі балық та таусылса, оның тағдыры не болады? Балықтың тұқымын көбейтіп, өсіріп, аялы алақанмен қамқорлық жасау керектігіне мән берілмей келеді. Табиғаттың сыйы шексіз дейміз, алайда, адамзаттан қамқорлық күтетіндігі тағы да шындық. Балық демекші, үстіміздегі жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінде балық шаруашылығына арналған кеңес өткізілді. Сөйтіп, биылғы жылы 85 мың тонна балық аулау жоспарланып отыр. Мұның ішіне теңіз, өзен-көлдің балықтары кіреді. Кейбір мамандар балықтың азаюына табиғатттың құбылысы әсер етеді деген сыңай танытады. Бұл мәселеге кейіннен тоқталамыз. Қазақстанның экспортқа балық өнімдерін шығаруы ертеде де болған, қазір де жалғасын табуда. Мәселен, 2008-2009 жылдары экспортқа 37 мың тонна балық өнімі шығарылған. Тұтынушылар – Ресей, Германия, Литва сияқты мемлекеттер. Ал, өзімізге шет елден көбінесе мұхит балықтары импорт ретінде жеткізіледі. Оның көлемі 58 мың тоннаға дейін жетеді. Балық шаруашылығын өркендету үшін Елбасы Н. Назарбаевтың қолдауымен жаңа заң қабылданды. Мұның ішінде балық шаруашылығын барынша көтеру, мәдениетін дамыту, балық өсіруге қолайлы жағдай жасау қарастырылып отыр. Тіпті субцидия бөлу де ойластырылған. Әрине, бағдарлама, заң қабылдағанмен түпкі шешім қаржыға келіп тіреледі. Балықты өсіру, азықтық қорегін сатып алу, сонымен қатар генетикалық - аналық таза тұқымдарды асырау бәрі-бәрі қаржыға келіп тіреледі. Тағы да қайталап айтайық, табиғи мекенінен балық аулаудың күндердің күні азаюы, тіпті таусылуы да мүмкін ғой. Міне, осыдан келіп балық өсіру тәжірибесін барынша кеңейту қажеттігі туындайды. Мына көрші Қытай мемлекеті балық өнімдерін өндіруде алдына жан салмай келеді. Жылына 42 млн. тонна көлемінде балық өнімдерін өндіреді. Осы өнімнің 62 % (пайызы) қолдан өсірілген жасанды балықтардың өнімі болып табылады. Оны адам басына шаққанда 32-33 келіден келеді. Ал, Қазақстанда жалпы өндірген балық өнімі адам басына шаққанда 4 келіден ғана келіп отыр. Ғалымдар да қарап отырған жоқ сияқты, олардың есебінше, қазақстандықтарды қанағаттандыру үшін адам басына 14 келі балық өнімі керек. Осы жоспарды қанағаттандыру үшін әжептеуір жұмыс жасауға тура келеді. Мәселен, жылына 272 мың тоннадай балық аулау қажет. Иә, тек Қазақстан тұрғындарын қанағаттандыру үшін. Әзірше, Балқаштың балығы тайдай туламай тұр. Та- быс – ортақ қазанға түспейді. Мемлекеттен жеңілдетілген несие алып құрылыс нысандарын салуға болады. Балық шаруашылығын өркендету үшін осындай игі ұсыныстар, бағалы бастамалар көтерілуде. Қажетті қондырғылар алынуға да мүмкіндік туындауда. Иә, бұл тек теңіз балықтарын өңдеу үшін игі әрекет. Бір қызығы елімізде осы балық өнімін өңдейтін кәсіпорынға балық Ресейден әкелінеді. Әзірге өнім Алматы, Астана, Қостанай, Қарағанды, Ақтау қалаларына жөнелтілуде екен. Ал, Балқаш көлінің маңында, солтүстік жағалауда балық өңдеуші кәсіпорын қашан салынады? Ортақ мүддеге қашан қол жеткіземіз? Әрине, өзімізде шет елдерге экспорт қолға алған жөн. Сондай-ақ, балық өсіруді ғылыми тұрғыда үкімет қолға алса тұқымы азайған «теңіз маржандары» көбейе түсер еді. Балық өсіретін су тоғандары әлемдік тәжірибеде өзіндік пайдалы жағын көрсетіп үлгерді. Балқаш көліне балық тұқымын өсіріп жіберу күні бүгінге дейін нақты белгіленген жоқ. Ал, көл жағалай балық аулаушылардың, шақы­рымнан астам тор құрушылардың саны жылдан-жылға артып келеді. Табиғи мекеннен балық аулаудың күндердің күнінде кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Сондықтан, Балқаш балығын молайтып, оның уылдырық шашуына мүмкіндік жасау, нақты бір қамқорлық көрсету – кезек күттірмейтін жайт. Балық өсіретін тоғандарды жүзеге асыру керек. Ертеде Бектауата маңында сондай тоғанның болғаны анық. Ендігі арада балық шаруашылығы комитетінің басшылары, ғылыми зерттеу институты Балқаш көлінің тағдырын, балық, өсімдік әлемін барынша зерттеп, сараптап болашақ тағдырына қатты алаңдаушылық туғызуы шарт. Балқаш көлінің тағы бір байлығы – ондатр. Сонау жылдары ондатрдың тұқымы құрып кетті. Малға азық іздегендер қамысты шапты. Ал, ондатр қамыспен күнелтеді. Ондатрды қақпанмен аулайды. Қазір қамысты жерде ондатр жиі кездеседі, маусым айында көлдің деңгейі барынша көтеріледі. Одан кейін түсе бастайды. Күн ысиды, буланады. Ал, ұшып жатқан будың орнын толтыратын ешқандай әрекет жоқ. бұл кезде көлге құятын өзендердің өзі тартылады, саябырлайды. Жағалауда егістік, күріш өсіре­тіндер пайдаланады. Сөйтіп, Балқаш көлінің қазіргі қал-жағдайы, балық шаруашылығы, экология туризм мәселесі төңірегінде аз-кем әңгіме қозғадық. Біздің мақсат – ұсыныс жасау, қоғамдық пікір туғызу. Тағдыры бөлек айнакөлдің табиғи болмысын сақтап, халық игілігіне жаратып жатсақ, кәнеки!

№ слайда 28 БАЛҚАШ көлі:апаттың ауылы ЖАҚЫН Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың т
Описание слайда:

БАЛҚАШ көлі:апаттың ауылы ЖАҚЫН Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендік әсерінен болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады. Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп, индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді. Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып, жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп, аралдар мен жағалауларды мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді. Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда. Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттері еске түседі. Газетіміздің экология мәселелерін қозғайтын «Талбесік» қосымшасының өткен санында біз «Арал теңізінің бүгінгі жайы, қоршаған ортаға әсері, тартылып, жойылуға айналған теңіздің суын қалай көбейтуге болады?» деген мәселелерді қозғағанбыз. Бүгінгі «Талбесікте» Балқаш көлі туралы сөз болады.Көлдің азаюына Қапшағай кінәлі. Балқаш Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі — 501 мың шаршы шақырым, ұзындығы — 605 шақырым, ені — 9-дан 74 шақырым аралығында. Ал, ең терең жері — 26 метр. Бұл көлдің 1970 жылдарындағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері Балқашқа құяды. Көл, шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады. Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі — Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей, суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарханд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Аталған антропогендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған Қапшағай суқоймасы да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың текше метр су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы (БАК) салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты. Іле-Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 пайызға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында, Шеңгелді көкөніс, Шарын, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле-Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды. Іле-Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе, Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді. Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен, көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда. Іле-Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар, балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, гербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда. Іле-Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе, 1960 жылдары жылына 1,5 миллионға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған. Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі. Іле-Балқаш алабы — Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 миллионнан астам халық тұрады. Ең ірі қалалары — Алматы, Талдықорған, Жаркент.Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы «Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы» атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды. Оның негізгілері: — Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу; — Қапшағай суқоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру; — Ақдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту; — Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру; — Суармалы жерлердің көлемін шектеу. Балқаш көлін құтқару — бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес, Еуразияны да бұрын-соңды болмаған экологиялық апаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан, әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау — адамзат баласының парызы. Табиғатпен тіл табысу үшін біріншіден, өндірісті қоршаған ортаны қорғау мақсатына сай келетін бірқатар шараларды іске асыру қажет. Табиғатты қорғау үшін барлық елдердің күш-қуатын біріктіргенде ғана экологиялық шаралар тиісті нәтиже бере алады. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту бағытталған тағы бір шара — табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне-өзі шек қою. Халықтың экологиялық санасын қалыптастыру міндетті экологиялық білім мен тәрбие берудің бірқатар комплексті мәселелерінен тұрады. Олар — экологиялық ғылыми сананы қалыптастыру, экологиялық этиканы, экологиялық психологияны және экологиялық құқықтық сананы қалыптастыру қажет.

№ слайда 29 Балқаш көлінің қазіргі жағдайы: 20 ғасырда Балқаш көлінің деңгейі 1908 және
Описание слайда:

Балқаш көлінің қазіргі жағдайы: 20 ғасырда Балқаш көлінің деңгейі 1908 және 1961 жылы көтеріліп, 1946 және 1987 жылы төмендегені байқалды. 1970 жылдан бері Іле өзені бойында Қапшағай бөгенінің салынуына байланысты көлдің табиғи гидрологиялық режимі көп өзгеріске ұшырады. Балқаш – жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Көлге сұғына еніп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты екіге бөледі, гидрологиялық және гидрохимиялық жағынан бір-бірінен өзгеше батыс және шығыс бөліктері ені 3,5 км Ұзынаралбұғазымен жалғасады. Көл маңын туристік өлкеге айналдыру жөнінде біраздан бері әңгіме қозғалып келеді. Қазір де шет елден дем алушылар келіп, жаз айында көлдің рахатын көреді. Балқашқа арнайы іссапармен келген Елбасы Н.Ә.Назарбаев шет елге барудың қажеті қанша, мынандай табиғаттың өз сыйы – Балқаштың айна көлі тұрғанда деп тиісті орындарға тапсырма берген-тін. Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының хатшысы Боранбай Кенжебеков те туризм жөнінде өз ойын бөліскен-тін. – Балқаш көлі жағалауында туризмді дамытуда мардымды ештеңе қолға алынған жоқ. Мына Ақжайдақ жағалауын тілге тиек етіп жүргендер бар. Құптаймыз, туризмге сұранып-ақ тұр. Бірақ, ауыз су мәселесі қалай шешіледі. Жолы да қиын. Тоқ көзін тарту керек. Туристерді жағалауға жеткізу үшін қазіргі заманның жайлы ұшқыр техникалары керек. Бәрі де – келешектің ісі ғой. Соның негізін дәл бүгіннен бастап қолға алмасақ ертең кешігеміз. Көлге қамқорлық жасай отырып, игілікке пайдаланатын тұстары баршылық. Тек демалу емес, туристік саяхат жасауға да бетбұрыс жасаған жөн. Әзірге, бизнестің бір түрі – көл үстіндегі сервистің жоқтығы. Сән-салтанаты жарасқан кемелер кезекпен саяхат­шыларды көл үстінде қыдыртса, осы маңның шежіресімен таныстырса, кеменің ішінде мәдени шаралар жүргізілсе, жарасымды емес пе. Дүние жүзінде сирек кездесетін ға­жайып Тораңғы тоғайын аралатып, көрсетудің өзі неге тұрады. Ертеде «Балқаш­түстімет» ӨБ-нің көл үстіне саяхат жасайтын арнайы кемесі болды. Бір-екі сағаттың ішінде көлдің үстін айналып, тұрғындарды шаттыққа бөлейтін. Көлдің тарихымен таныс­тыру, ерекшелігін елге жеткізу, келгендерге тамсана майын тамызып айтып беру, бәрі-бәрі туризмнің еншісіне жатады. Бұрын Талдықорған өңіріндегі Текеліде қорғасын өндірілген. Қазір де сол өзен арқылы қалдық шлактар көлге түседі екен. Әсіресе, жауынды-шашынды күндері көрініс беріп қалады. Оның өзі де көлдің табиғи қалпын сақтауға кері әсер ететіні сөзсіз. «Балқаштүс­тімет» ӨБ 1995 жылдан бері өндірісте пайдаланған суды көлге жібермейді. Бертіс бұғазының түбі тазарып келеді. Институт ғалымдары көл түбіне шөккен руданың қал­дықтарын зерттеді. Олардың топшылауынша бұл қалдықтардың суға аса зияны жоқ екен. Газбен қосылып ұшқан кейбір зиянды қалдықтарды көл суы бойына сіңіре бер­мейді, ұшып кетеді. Әрине, ауаға тараған соң зияны болады. Аймақтың экологиясы Күкірт қышқылы цехы іске қосылғанан бері біраз жақсарды. Мәселен, 2008 жылдың маусымынан бері өндірістің күкірт диоксидін пайдаланып, күкірт қышқылын алу жүзеге асырыла бастады. Күкірт қышқылы цехының газды толық пайдалануы – металлургия өндірісінің қалыпты жұмыс жасауының бірден-бір көрінісі. Балқаш көлі стансысының «Казгидромет» кешенді лабораториясы қаланың төрт бақылау орнында атмосфералық ауа тазалығының мониторингісін жүргізуде. Демек, қоршаған ортаны қорғау гидромет лабораториясының мәліметі бойынша, атмосфералық ауа сапасы жақсарып келе жатқанға ұқсайды. Диоксид күкіртінің шамадан тыс жіберілуі азайды. Алайда, жүйелі жүргізіліп отырған сараптама экология саласында да бір кем дүниенің бар екенін айғақтайды. Тексеру барысында орынсыз шығарындылар кездескені анықталды. Мем­лекеттік экологиялық талаптарын орындамау, қоршаған ортаны ластау көздерін тізімдеу жобасы жүзеге асырылмаған, қолға алынбаған. Көпшілік жағдайда өндіріс про­цесінің мориторингісі өткізілмейді. Шаң тазарту тұтқыштары пайдаланылмайды. Өн­діріс қалдықтарын рұқсатсыз өртеу жиі кездеседі. Атмосфералық ауаны қорғауда экологиялық талаптар жиі бұзылып отыр. Әрине, мұның көлге де тікелей әсері бар. Енді бір сәт «Казгидромет» қоршаған ортаны қорғау лабороториясының мориторин­гісіне жүгінейік. Соңғы кезде Балқаш көлінің Бертіс шығанағындағы құбыр жүйесінің істен шығуына байланысты шаруашылық тұрмыс суларының төгінділері жіберілген. «Балқашсу» кәсіпорны да рұқсат етілмеген апатты төгінді су жіберген. Қала кә­сіпорындары арасында Балқаш жылу электр орталығы ғана көлге төгінді құяды. Бетондалған лотоктың тозуына байланысты жағалауды су басып кетуде. Жер асты сула­рын бақылауға байланысты бақылау ұңғымалары орнатылған, бірақ жөндеу жұмыс­тары жүргізілген жоқ. Көлдің Тораңғылық жағасында ірі қалдық сақтауыш орналасқан. Ол 1953 жылдан бері жұмыс жасайды. Бұл қалдық сақтауышқа өндіріс ағындылары жіберіледі. Тоғандардағы, құрғатқыш каналдардағы, бақылау ұңғымаларындағы судың сапалық құрамының анализі алынған. Нәтижесінде, мұнда қоршаған ортаға зиянды ауыр металдардың иондары жинақталған. Қалдық сақтауышты консервациялау және жаңасын салу уақыт күттірмейді. «Балқаштүстімет» ӨБ-нің қалдық сақтауышында бел­гісіз біреулер су қабылдағыш құдықтың 6 шандорлық жылжытқыштарын алып кеткен. Осының салдарынан көлге төгінді су құйылған. Су ресурстарын қорғау жүйесінде экологиялық заңдылықтарды, оның ішінде ауа қышқылдануын тексеретін автомати­калық құралдың жұмыс жасамауынан заңсыздыққа жол берілген. Осының бәрі айналып келгенде Балқаш көлі экологиясына қоршаған ортаны қорғауға барынша назар аударуды қажет етеді.

№ слайда 30 Балқаш көлі 20 жылдан соң көлшікке айналып кетуі мүмкін. Депутат Ғани Қасымо
Описание слайда:

Балқаш көлі 20 жылдан соң көлшікке айналып кетуі мүмкін. Депутат Ғани Қасымов осы жәйтке алаңдаулы.Сенат отырысында «Қазақстан мен Корея Үкіметтері арасындағы «Балқаш» жылу электр стансасын дамыту туралы» Заң жобасы талқыланған. Қасымов келтірген мәліметтерге сүйенсек, жылу электр стансасы Екібастұзда өндірілген көмірді тұтынады. Жылына 4 миллион тонна көмір жақса, сыртқа шығарылатын қалдық мөлшері 2 миллион тонна болатынын да депутат есептеп шығарған. Ал мұнша күл қоқысты қайта өңдеу үшін, 5 жаңа зауыт салынуы қажет.  Ғани Қасымов Балхаш көлінің болашағы зор, керемет әсем орын екенін айтады. Таяу болашақта мұнда халықаралық демалыс орны салынады деген жоспар да бар. «Алайда ЖЭО салынып біткенде, бұл арман көзден бұл-бұл ұшады», - деп қауіптенеді ол.  Бұл маңызды мәселе. Балқаштың болашағы осыған тікелей қатысты. Ондаған мың метр қашықтықтан ондағы ахуалдың күрделі екендігі көрініп тұрады. Онсыз да бұл аймақ өндіріс ошақтарының көптігінен зардап шекті, алдағы уақытта мүлде тұралап қалмақ. 20 жылдан соң көлдің орнында алақандай су ғана қалады, сонда таң қалмаңыздар.  Талқылауда көтерілген мәселелерге орай тұщымды жауап болмады. Осы ретте Сенат спикері жоба бойынша баяндама жасаған индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рауға ескерту жасады. «Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысында заң жобасы аса маңызды. Балқаш ЖЭС бізді басқа елдерге кіріптарлықтан құтқарады. Алайда, бүгінгі сауалдарға қарағанда, жобаны дайындауда министрліктер тарапынан селқостық кеткен секілді», - дейді Қайрат Мәми.  Сенат спикері жобаның орындалу барысы Парламенттің қатаң бақылауында болатынын айтты. «Күзге қарай дәл осы мәселеге қатысты қоршаған ортаны қорғау министрі мен индустрия және жаңа технологиялар министрін шақырып, Үкімет сағатын өткіземіз», - дейді спикер.    Балқашқа қарай жылына - 4 миллион, айына - 33 300 тонна, күніне - 186 вагон көмір тасымалданады. Бұдан бөлек, 4 миллион тонна көмір қалдығы өртеледі. Одан 2 миллион тонна күл қалады.  Күл тозаңы ауаны ластағанымен қоймай, Балқаштың «бетіне» келіп қонады. Ал, келешекте көл жағалауы демалыс аймағына айналады, дегенге сену қиын. Себебі, қазір мұнда керісінше,  өндіріс ошақтары қаптап барады.  Талап бойынша зауыттар табиғи аймақтан 50-60 шақырым қашықтықта салынуы тиіс. Ал, Балқаш ЖЭС-ның аясында 5 бірдей өндіріс орны бой көтермекші.  Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі зауыттарды көлден небәрі 20 шақырым қашықтықта салуды ұсынып отыр. Инвесторлар - кореялық компаниялар. Өндірістік қуаты - 320 мегаВатт болатын Балқаш жылу электр станциясын іске қосу оңтүстік өңірлерді энергия тапшылығынан арылту үшін қолға алынды.  Десе де, бұл жобаның экономикалық тиімділігімен қатар, экологияға залалын тигізбеуін де ойлау керек. Бүгін Сенат депутаттары «Балқаш жылу электр станциясын дамыту, қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету саласындағы Корея Республикасымен ел Үкіметі арасындағы келісімді ратификациялау туралы» Заңды осындай сын-ескертпелерімен қоса қабылдады

№ слайда 31 Қорытынды: Жоба жұмысы аяқталғанда оқушылар: -Балқаш көлінің тарихын,шығу аң
Описание слайда:

Қорытынды: Жоба жұмысы аяқталғанда оқушылар: -Балқаш көлінің тарихын,шығу аңызын,табиғатын,климатын, экологиясын, байлығын, бір сөзбен айтқанда Балқаш көлі туралы бар мағлұматты алады; -Балқаш көлінің жағдайын түзеуге ат салысады; -Олардың Балқаш көліне деген көзқарасы өзгереді,оны таза ұстайды деген ойдамын.Соған шын жүректен сенемін. Жақсы нәтижеге жету үшін бар күшімді саламын.

№ слайда 32 Пайдаланған әдебиеттер: 1. "Экология және қоршаған ортаны қорғау" Ұ.Б.Асқаро
Описание слайда:

Пайдаланған әдебиеттер: 1. "Экология және қоршаған ортаны қорғау" Ұ.Б.Асқарова (Алматы, 2007) 2. Канаева Р. Или-Балхашский бассейн: проблемы и перспективы устойчивого развития. ЭКВАТЭК 2004, часть 1 3. Тюменев С. Современное состояние развития ирригации в Или-Балхашском бассейне // Научные исследования в мелиорации и водном хозяйстве: Сб. Науч.тр. КазНИИВХ, -Тараз: ИЦ "Аква", 2001.- Т. 38, вып. 2. 4. Будникова Т. и др. Ландшафтно-экологическая оценка Или-Балхашского региона. // Проблемы освоения пустынь. 2001.-2. 5. Турсунов А. и др.Тенденция изменения стока трансграничной реки Или, важнейшего притока оз. Балхаш. //Современные проблемы гидроэкологии внутриконтинентальных бессточных бассейнов Центральной Азии: Докл к Междунар. науч.-практ. Конф., г. Алматы, 22-23 янв 2003г.- Алматы: Ин-т географии МОН РК, 2003 6. Джабасов М.Х., Карагодин П.Ф., Ошлаков Г.Г. "Региональные гидрогеологические исследования в Казахстане". Алма-Ата: Наука, 1971 7. Трансграничные воды в Казахстане: наш ограниченный ресурс. ЭкоВести, 2-3 (40-41), февраль 2005. 8. Гусева Л. Проблема использования водных ресурсов трансграничных рек в казахстанско-китайских отношениях. ЭкоВести, 4-5 (42-43), март 2005. 9. Акпамбетова К.М. Физическая география Центрального Казахстана, Караганды 2005г. 10. Остроумова, Л.П., Шапов, А.П. Актуальные проблемы гидрометеорологии озера Балхаш и Прибалхашья. СПб.: Гидрометеоиздат, 1995. 11. Романова С. М., Казангапова, Н. Б. Озеро Балхаш уникальная гидроэкологическая система. Алматы: Добровол. о-во инвалидов войны в Афганистане - Братство, 2003. 12. Самакова А. Б. Проблемы гидроэкологической устойчивости в бассейне озера Балхаш. Алматы: Каганат, 2003.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-346575

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"