Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Доп. образование / Научные работы / Ғылыми жұмыс " Байпақ басу" 7- сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Доп. образование

Ғылыми жұмыс " Байпақ басу" 7- сынып

библиотека
материалов

hello_html_3cd95151.gifАлматы облысы білім басқармасы

Райымбек ауданы

Шалкөде орта мектебі



Ғылыми жоба тақырыбы:

«Тәлімді ана, тәрбиелі, ісмер, байпақ басудың шебері-Мазақ апа».



Бағыты: Технология

Секция: Өнер







Жетекшісі: Байкүшікова Светлана

Авторы: Нұрбақыт Ақбота

Сыныбы: 7









Шалкөде ауылы

2015-2016 оқу жылы.







Жоспары





  1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

а) Байпақ басудың шебері- Мазақ апа

ә) Байпақ басу технологиясы.

3. Қорытынды бөлім.

«Адам баласының қолын көпке жеткізетін де, көкке жеткізетін де- өнер- ғылым, еңбек, еңбексіз ішкен тамақ – арам, ғылымсыз көрген күн- қараң».



























1



Мақсаты



Еңбегі ерен, халқымыздың қол өнері шеберлігін, әсіресе киіз басу тәсілін ұрпақтан –ұрпаққа мұра етіп жеткізіп жүрген шебер ана Мазақ апай туралы терең зерттеу жүргізу, шеберлігін болашақ ұрпаққа дәріптеу. Мазақ апайдың шеберлігін, өзіне тән қарапайым мінезін дәріптеу арқылы болашақ ұрпақтың еңбекке, қолөнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз халқының қол өнерін сақтауға тәрбиелеу.



































2



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мазақ апайдың киіз басу туралы өз ойы.

  2. Киіз басу өнері ( Алматы кітап 2007ж)

  3. А. Нүсіпоқасұлы, Ә. Жапарұлы. «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін».











































Кіріспе

Үлгісі көптің өрнегі көп,

Өнері көптің өрмегі көп.



Ертеде әрбір қазақ отбасы – үлкен мектеп, үлгі - тағылым ордасы болған. Онда жалпы тәрбиенің өзегі -адамгершілік, ізгілік, шеберлік сияқты адамзаттың ең бағалы қасиеттерін негіз еткен.

Асқар тау, таза ауалы, сыңсыған орманды, суы шәрбәт, топырағы торқа, қойны құт қазыналы, ұлан - ғайыр өңірді өріс – қоныс етіп, табиғаттың дарқандығын да, тарпаңдығын да басынан кешіріп, талай- талай тарихи кезеңді өткерген ата-бабаларымыз адамзат қоғамының салқар көшінде өзінің шаруашылық негізіне, тұрмыс тәсіліне, ұлттық ерекшелігіне қарай дара ұлттық дәстүрін, салт-санасын қалыптастырып, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғап, аса бағалы заттық мәдениеті мен рухани мәдениетін сақтап қалды. Бұл адамзат мәдениетінің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.

Сол асыл қазыналардан көненің көзіндей болып, дәуірімізге жеткен мұраларымыздың бірі – ұлтымыздың дәстүрлі қолөнер мәдениеті.

Халқымыздың төрт түлік малдың бабымен көшіп – қонуы , аңшылық, саятшылық кәсібімен шұғылдануы, ру, тайпалар арасындағы қақтығыстардың толассыз туылып тұруы, тері илеу, көншілік,етікшілік, өрімшілік, жүн мәнерлеу, киіз басу, есу, өру, тоқу, сондай-ақ ершілік, теміршілік, қару –жарақ жасау өнерінің туындауына негіз болды.

Сонымен қатар, тас дәуірінен басталған сүйек ине, сүйек бізді пайдаланып тері және тоқыма киім –кешек жасау,байпақ жасау қолөнердің дами түсуі, киіну мәдениетін қалыптастыра бастады.

Қазақ халқының ұлттық қолөнерінің түп төркіні тым әріден бастау алып, дәстүрге айналып бүгінгі күнге жетіп отыруы, қазақ халқының халық болып қалыптасуының заттық айғағы болып табылады















Негізгі бөлім

Адам адамға қарап, ағаш ағашқа қарап өседі деп білген қазақ халқы: «Қызың жақсы болсын десең – қылықтылармен ауыл бол» дейтін халық даналығын берік ұстанып, қыз балаларды ес біліп, етек жаба бастаған кезде-ақ өнерлі, текті тәрбиелі, адамгершілігі жоғары кісілермен барыс- келіс, алыс- беріс жасап, олармен көрші отыруға, бір жүруге құлшынған, әрі ресми тәрбие жүргізе бастаған. Білікті аналар өз қыздарын шеберлікке, сыпайылыққа тәрбиелеген. Сондай бойында адамгершілік қасиеті мол, шебер, айтыскер, ақын аналарымыздың бірі – Халықова Мазақ. Мазақ апай анасының тәрбиесін кішкентай кезінен- ақ көріп өсті. Қазақта мынадай сөз бар «Ісмерлік пен еңбекшілдік – әйелдің көркі», «ісмер әйел – отбасын гүл етеді, олақ әйел отбасын жүдетеді» деп ине жіп ұстатып құрақ құратады, жамау жаматып, кесте тіктіреді, жүн түттіріп, байпақ жасатады. Анасы Мазақ апайды ерекше аялап, ісмерлікке, шеберлікке үйретеді.

Халықова Мазақ 1944 жылы Қытай халық республикасында дүниеге келген. Әкесі Дәулетбай қарапайым, білімді, шебер кісі болған. Шешесі Тұражан өте салмақты, білімді, мейірімді болған. Тұражан апа ұршық иіргенді, құрақ құрағанды, киіз басуды, байпақ басуды, текемет басуды, сырмақ жасауды бала күнінен –ақ бойына сіңіріп өсті. Анасының бойындағы осындай шеберлікті, білімділікті Мазақ апай көріп өсті. Анасынан қалған осындай мұраны ұрпақтан- ұрпаққа жалғастырып келеді. Халықова Мазақ Шалкөде ауылына тұрмысқа шығып, атам Халықов Мұхаметнұр екеуі бақытты өмір сүруде. 1964 жылдан бастап мал шаруашылығымен айналысып, 2001 жылға дейін қой бағып, атақты шопан атанды. Екеуі бірігіп балаларына жақсы , өнегелі тәрбие берді . Шешесінен үйренген шеберлікті, ісмерлікті өз қыздарына, абысындарына, келіндеріне үйрету үстінде. Қазір екеуі де зейнеткер. Келін алып , қыз ұзатып немере, шөберелерін бағуда. Мазақ апай қазақтың қолөнері байпақ басу тәсілін жан- жақты үйрету үстінде.











Байпақ басу тәсіліне керекті құралдар:





1 Күзем жүн

2 Ши

3 Ыстық су

4 Ағаш

5 Арқан

6 Сабау

7 Тулақ

8 Ине-жіп

9 Тазартқыш ұнтақ









5



Байпақ басу кезінде сақталатын қауіпсіздік ережесі





  1. Жұмыс істеу барысында бірін-бірі алаңдатып, көңілін бөлмеу



  1. Шабақтауға арналған таяқша біртегіс болу керек(ағаштың жоңқасы болмау керек)



  1. Су себу кезінде күйіп қалмау үшін сақтану керек.





  1. Ши жаңқалары қолға кіріп кетуден сақтану.





  1. Ине- жіпті дұрыс пайдалана білу(иненің қолға кіріп кетпеуін қадағалау.























Байпақ басу барысы.

Байпақ басуға қажетті дайындық;

  • Желсіз ашық күн таңдалады;

  • Мол күзем жүн қажет;

  • Бір қанатқа дейін ақ ши дайындалады;

  • Шабақтайтын сабау;

  • Қайнаған су;

  • Жүн шабақтайтын, жүн тартатын 2-3 әйел, шиге орап ыспалайтын, білектейтін 2-3 әйел;

  • Буатын арқан және тізгін жіп, немесе бір дана бақан немесе сырық керек.

Осы дайындықтар біткен соң жүн басатын отбасы тегіс әрі таза жер таңдап, бір қанат шиді қатарлап қояды. Сонымен қатар жүнді түтеді. Ақ жүннің бір бөлігін алып, жұмырлап шидегі шабақталған жүннің бір басынан бастап үстіне тартады, оң қолдың қырымен басып, сол қолмен шүйкені үзіп алып, үзілген шүйкені қайта әлгі үзіп тасталған жүннің қатарына салып тағы да үзіп алу қимылын қайталаймыз. Бұл жүн тарту қимылы шабақталған жүннің үсті толғанша жүргізіледі. Жүн бір жері жұқа, бір жері қалың болмай тегіс тартылуы керек. Байпақ жоғары температурада тоқпақтап отырып жасалады .

«Басу» сөзіне үңілсек халқымыз киіз жасауды – «киіз басу деп атаған». Бұл сөздің қалыптасуы да тегін емес екені мәлім, өйткені киіз жүннен жасалады, байпақ та жүннен жасалады. «Басу» сөзі былай қарағанда «басып тұрып салмақ түсіру»деген ұғымды білдіреді. Бірақ «басу»сөзі тағы бір мағынаны - ыстық өткізу деген мағынаны білдіреді. Сондықтан бұл жердегі «басу»сөзінің мағынасы- ыстық өткізу, затты (денені) бір түрден екінші түрге өзгертуді білдіреді. Сол сияқты жасалынған киізді ыстық су құйып домалатамыз, білектейміз, қолмен аударып төңкереміз. Су себу барысында тағы бір адам су себушінің артынан ілесе, бір шилік көлемдегі жүнге бір қалта есебіндегі тазартқыш ұнтақты жүннің үстіне тегіс шашып шығады. Су шашып, тазартқыш ұнтақ салумен қоса, жүн тартылған шидің басына жүнге тигізбей, шиге орап екі ұшын шидің екі басынан шығарып ұзын жіп салынады. Бұны «тізгін жіп дейді». Су себіліп, тізгін жіп салынған ши дереу шиыршықталады. Бұл жұмыс барысында да ыстық суды үзбей тегіс шашып тұру қажет. Егер бір шилік жүн болса, онда бір адам шидің белінен бір арқанды тұйықтап салып өзіне қарай домалатып отырады да, артынан 2-3 адам қатарласып шиді аяқтарымен теуіп ілгерлейді бұл да жүнді біріктіру үшін істелінеді. Жүн біріктірілгеннен кейін , шиден босатылып, кептіріледі. Кептірілген жүнді байпақтың үлгісіне келтіріп, әдемілеп тігеміз. Тігілген байпақты қайтадан ыстық су құйып отыру арқылы қолмен білектеп , өз пішініне келтіреміз. Пішініне келтірілген байпақты тұрғызып, өкшесін, қылтасын жоңқасы жоқ ағашпен ұрғылаймыз. Киетін бас жағының артық жүндерін қайшымен кесіп алып тастаймыз. Қыста киетін жылы байпағымыз дайын.

Байпақ басу кезінде адам шыдамдылық таныту керек. Оның бойында икемділік, еңбекқорлық, ізденімпаздық, шеберлік қасиеттер мол болу керек. Мазақ апаның бойынан байпақ басу кезінде осындай қасиеттерді байқадық.

Қорытындылай келгенде, ұрпақтарды еңбек пен өнер – ғылымды сүюге баулу- қазақ отбасы тәлім-тәрбиесінің өзегі. Себебі , қазақ халқы еңбек пен өнер-ғылымды бақыт –байлық қайнары, адамзат қоғамын гүлдендіріп, адамдарды кемелдендіретін қозғаушы күш деп қарайды. Сол себепті, әрбір ата-ана ұл-қыздары ес біліп , етек жая бастасымен-ақ , оларға еңбек және өнер- ғылым тәрбиесін мұқият, жан-жақты, егжей-тегжейлі жүргізеді. Онда «еңбегі бардың- өнбегі бар», «еңбегің қатты болса татқаның тәтті болады»,деген халық даналықтарын жанды мысал, нақты айғақтар арқылы ұрпақтарына мұқият түсіндіріп, адал еңбек етуге тәрбиелейді. Бұл тәрбиенің де ғылыми мәні терең, иландырарлық қуаты жоғары. Халықова Мазақ ұрпақтарды адал еңбек етуге, талмай өнер – ғылым үйренуге, адал еңбек, ащы тері арқылы халыққа бақыт байлық жаратуға баулиды. Ол қыздарын, ұлдарын еңбекшілдікке, ержүректікке, іскерлікке, шеберлікке баулып, жалқаулық пен жатып ішерліктен аулақ болуға, еңбекті, өнерді қадірлеп, қос қолдарымен бақыт – байлық жаратуға жебейді. Сөйтіп, қыз – ұлдарының денесін шыңдауға, әрі сау денелі, ақаусыз азамат болып жетілулеріне тамаша негіз қалайды. Менің болашақтағы арманым Мазақ апам сияқты шебер болып, өз ауылымның байпақ басу кәсібін өркендетсем деймін.


















































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 01.03.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Научные работы
Просмотров186
Номер материала ДВ-496089
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх