Инфоурок Другое Другие методич. материалыҒылыми жұмыс "Ырым -тыйымдар тәрбие негізі"

Ғылыми жұмыс "Ырым -тыйымдар тәрбие негізі"

Скачать материал

Рысқалиева Самал қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жобаның жетекшісі.

Тақырыбы: Ырым –тыйымдар тәрбие бастауы.

Жобаны қорғаушы: 8 сынып оқушысы Дуйсенбаева Нэля

Ғылыми Жобаның мазмұны. Кіріспе..............................................................................3

Негізгі бөлім. ..................................................................4

 1.1«Байғазыға байдың қызы»........................................6

 1.2. Даналығын халқымның мақтан етем.....................8

 1.3«Жүкті әйел ара, қайшы ұстамайды».......................9

1.4 «Жанып тұрған шырақты үрлемейді».....................11

1.5 «Малдың алдынан
бос ыдыспен шықса – сүті азаяды»................................13

1.6 «Тойдым» емес, «қанағат» деген жөн......................14

7. Сауалнама......................................................................15

8. Қорытынды.Халқы мықтының салты мықты ...........18

9 Пайдаланылған әдебиеттер...................................19



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация:

                    Қазақ халқымен ғасырлар бойы жасалып келе жатқан ырым-тыйымдар жүйесі хал­қы­мыз­дың өмірінде, салт-санасында, әдет-ғұрпында, тұрмыс-тіршілігінде кеңінен көрініс тапқаны белгілі. Ырым-тыйым арқылы бала тәрбиелеу, жат әдеттерден тыю, туындауы мүмкін қауіп-қатерлерді ескерту және т.б. нәрселер ұлтымыздың рухани кеңістігінде әлі күнге дейін сақталып келе жатқан тарихи, этномәдени, әлеуметтік мәні те­рең дүние. Кейбір ырым-тыйымдар бағзы замандардағы шамандық, тәңірлік наным-се­німдердің сипаты, белгісі ретінде де көрініс беріп жатады. Қалай дегенмен, ырым-тыйым­дарды халқымыздың ұлттық болмысынан бөле-жара қарауға болмайды. Қазақтың тыйым сөзі-ұлттық тәрбие көзі,яғни қазақ халқы кішкентай кезінен жақсылыққа үйір,жаман әдеттерден аулақ болсын деп тыйым арқылы баласын тәрбиелеп отырған.Қазақ халқының қанына сіңген тектігі,адамгершілігінің жоғары болуы,әртүрлі келеңсіз көріністерден,әбес қылықтардан аулақ болғаны осы қазақтың тыйымының арқасы,яғни бала бойына ертеден сіңіргеннен.

 Жұмыс нәтижесі:
1. «Ырымдар мен тыйым сөздерге» байланысты жарық көрген материалдарды бір жүйеге келтіріп, топтастырып насихаттау.
2. Қазақ халқының тәлім - тәрбиесінде ырымдар мен тыйым сөздерді сақтай отырып ұрпақтан - ұрпаққа жалғаса беретіндігіне көз жеткізу.
Нәтиженің іс - тәжірибеде қолдану аясы:
Берілген деректерді пайдалана отырып оқушылардың танымдық ой - өрісін дамыту мақсатында мектепке дейінгі орындарда, сынып сағаттарында, әдебиеттік оқу пәнінде ақпарат ретінде қолдануға болады.

Жұмыстың орындалу әдістері:

Қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары туралы мәлімет жинау,жүйелеу,талдау,сауалнама өткізу,қазіргі заман талабына сай қолдану аясын анықтау.

Мақсаты: Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының тыйымдары мен ырымдары,наным-сенімдерінің алатын орны ерекше екенін таныту.

Міндеттері:-мәдениеттану,тарихы-этнографиалық еңбектерді зерттеу;

               -ауыл  кітапханасындағы қазақ халқының ырымдары мен тыйымдарымен танысу;

               -ауыл тұрғындары әжелерден мәлметтер жинау;

  -оқушылар арасында сауалнама өткізу;

                          Кіріспе бөлім

                     Аталар сөзі-ақылдың көзі.

         Халқымызда «баланы-жастан»деген сөзі бар.Бала оңы мен солын танымай жатып-ақ көп нәрсені үйренуге тырысқанымен,кейде белгілі бір нәрселерден тыйып жатамыз.Көп жағдайда,мысалы: «жағыңды таянба», «табалдырықты баспа»деп айтуын айтқанымен балаға оның мән-мағынасын түсіндірместен, «жаман болады»деп бір ауыз сөзбен шектей саламыз. Осынымыз дұрыс па?Жалпы ,тыйым сөздер қайдан шыққан?Оның астарына зер сала қарадық па?

       Жалпы қазақта тыйым сөздері көп қой.Осы тыйымдардың өзі ертеңгі күнгі үлкен тәрбиенің қайнар бұлағы екенін ұғына білуіміз керек.Тозбаған киімді тасауға болмайды.Қазақ халқында тозбаған киімді тастау-жаман ырым.Егер адам оны кигісі келмесе,біреуге сыйлауы керек,тәубе айтып жүру, міне,осының бірі-үлкен тәрбие.Қазір біздің баламызды әкесі мен шешесі тәрбиелеп жатқан жоқ компьютер мен теледидар тәрбиелеп жатыр.Жалпы қазақ халқы тұрмыс-салтымызға ырым мен тыйымға айрықша мән беретін елміз.

         Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі-тыйым сөздер.Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет,жат пиғыл,орынсыз қылық,теріс мінездерден сақтандырып отырған.Тізені құшақтау –жалғыз қалудың,қолды төбеге қою-ел-жұрттан безінудің,үлкеннің жолын кесу-әдепсіздіктің,асты төгу-ысыраптың белгісі деп танылған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салынған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   Негізгі бөлім

Ырым-тыйым ұлағат көзі

Ырым мен тыйымды қатар айтамыз.Айырмасы неде деп ойлайсыз? Ырым мен тыйым дүниежүзі халықтарының бәрінде бар.Бұлардың ұқсастығы екеуінің де тәрбиелік мәнге құрылғандығында.Кейде біз «өте ырымшыл,діншіл екен»деп жатамыз.Діншілдік –ырымшылдық емес.Ырым-тәрбие. «Қазақ ырым етеді,ырым қырын кетеді»деп те айтып жібереді.Бұл сөз ырымның бәрі бірдей орындала бермейтінін ескерткені деп түсіну керек.Тыйым-салтымызбен сабақтасқан шарт.Тыйым сөздерге тоқтайық.Халқымыз Ай мен Күнді және жұлдыздарды ереше құрмет тұтқан.Тіпті,оларды қолын шошайтып көрсетпеген де.Әсіресе отбасылық мәдениетіне келгенде біздің алдымызға түсетін ұлттар кемде -кем деп ойлаймын!Алайда «елу жылда ел жаңа ,жүз жылда қазан жаңа» демекші ұлттардың аралас қоныстануы мен жаппай жаһандандыру үрдісінің,басқа да себептердің кесірінен тамаша салт санамыз құрдымға кетіп бара жатқаны да шындық «үшке уәкілді ету»деген назарияны білмейтін қазақ жоқ шығар,соның бәрі озық мәдениетке уәкілдік ету,демек озық мәдениет деген не?Өз ұлтына қандай тамаша салт дәстүр бар?Ең әуелі соған уәкілдік етіп алайықшы көп адамдар «қазақ ырым етеді ,ырымы қырын кетеді» деп мән бермейді,алайда оның түп астарында қандай ғылымилық жатқанын олар түсіне бермейді.Кезінде қазақ шала туған баланы тымаққа салып өсірген,сәбидің кем күндерін тымақтың ішіне ұлпа мамық немесе ботаның түбітін ,түйенің жабағысын орауыш етіп,керегеге байлап күн түсетін,немесе қыс мезгілі болса жылы орынға баққан.Уақыты толып жақсы болған соң барып бесікке бөлейді,бұл жындының қылығы деп ойлайды,алайда қазір медицинадағы шағын әйнек қорапша,тоқ нұры арқылы нәрестені емдеу тәсілінің ең қарапайым түрін біздің қазақ ертеде ақ қолданған деуге әбден болады .Ал «балаға немесе үлкен адамға бетіңді баспа,жағыңды таянба жаман болады» дейтін ырым бар.Бұндағы жалпы жаман болуға келсек,беті күйелі адам немесе жамандық істеген жандардың елге қарайтындай беті жоқ,бетін басып көзін көптен тайдыра қашатыны шындық қой,немесе қайғылы уақиға болғанда жағын таянып,отыра кету,тағдырдың пенде баласына сыйлаған шарасыздықтан,тарыққанда болатын шартты құбылыстар.Алайда күнделікті тұрмыста балаларға немесе ересектерге бұл қимылдар үнемі кезігіп қалады,оның бәрі қайғырудан,жаман әрекет істеп қоюдан болмаса да,адамдар ортасында «ағаш- ағаштан,адам- адамнан тәлім алады»демекші осындай әдеттер жиыны қалаптасады,сол себепті қазақ оны ырымға кіргізіп жаман болады деген тағылым арқылы тежем салған.Ал шынында жаман бола ма?Жоқ олай емес одан келіп шығатын ең үлкен жамандық үнемі бетіңізді бассаңыз,жағыңызды таянсаңыз,сіздің бет пішініңізде өзгеріс болады, әжім түседі,сәбилер жөнінде енді өсіп келе жатқан дене мүше сүйегіне ықпал етері сөзсіз ғой,сол себепті де оны «бетіңді баспа әкең өліп қалады» жаман ырым деп тұжырым істеген ғой.Қарашы қандай даналық?Ендеше бұл сияқты ырымдар көп, ең маңыздысы,ұрпақ тәрбиесі қазақилыққа бет бұрмаса не зардап болар екен.Тыйым сөздердің бәрін бір параққа немесе бір кітапқа сиғызып жазу мүмкін емес деп ойлаймын.Шашыңды жайма.Өтірік жылама.Аққуды атпа,киесі ұрады.Түнде үй сыпыра,түнде тырнағыңды алма.Итке ожаумен ас құйма.Отты күлді шашпа.Осы тыйым сөздердің өзі –ақ тәрбиенің,тазалықтың бастауы емес пе.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    

               1.1 «Байғазыға байдың қызы»

                     (балаларға арналған ырым-тыйым)

                     Халқымыздың дәстүрлі ырымдарының арасында жас балаларға арналған немесе балаларды тәрбиелеуге байланысты кездесетін ырым-тыйымдар қатары мол. Енді соларға тоқталайық.
Үйге кіріп келе жатқан бала құлап қалса – үйге береке, ырыс келеді. Бала тілін шығарса – хабар келеді. Сәби анасынан ұстап отырып емсе – сараң болады, еркін отырып емсе – мырза, жомарт болады. Баланың желкесі терең шұқыр болса – қырсық болады. Сәби шалқасынан жатып ұйықтаса – елге белгілі азамат болып өседі. Бүк түсіп жатса – уайымшыл, жігерсіз болады. Етпетінен жатып ұйықтаса – ойшыл болады. Аяқ-қолын еркін созып ұйықтаса – батыр, кемеңгер болады. Кішкентай бала табаққа аяғын салса – тоқшылық белгісі.
Қазақ бала жолдасын тастамай, екі асық қосып, киіз үйдің табалдырығының астына көмеді. Бұл асық ойнайтын бала жалғассын деген тілектен туған ырым. Бала тоқтамаған жағдайда бала жолдасын киізге орап, молдаларға оқытып, күлдіреуішке (шаңырақ ортасына) бала жеті жасқа келгенше іліп қояды. Бала жетіге толған соң «садақасын» беріп, бала жолдасы салынған киізді ұлы жолдың бойына апарып көміп ырым жасайды. Баланы қырқынан шығарып ит көйлегін ауыстырғанда оны бойына бала бітпей жүрген әйелдер арнайы сұрап алатын ырым бар. Оларға баланың анасы ит көйлекті бүтіндей бере салмай, жыртып береді. Баланың тісі түскенде оны кесек ет, май немесе бауырсаққа қосып, тісі иттің тісіндей өткір, мықты болсын деп итке асатады. Сонымен қатар көктей болып өссін деп түскен тісті жеміс ағашының түбіне көмеді, таудай болсын деп тауға қарата лақтырады. Бала тісі періште бұйымы ретінде есіктен кіретін түрлі пәле-жала, қаскөй күштерден қағып тұрады делініп, есік жақтауы арасына да қыстырылады. Бала еңбектей бастағанда бауырын жерден тез көтерсін деп бауырынан табақ өткізетін ырым бар. Тәй-тәй басып апыл-тапыл қадамдар жасай бастағанда жүйрік болсын деп бұтының арасынан сирақ асып өткізетін ырым да болған. Бала босағадан кіріп келе жатып, сүрініп кетсе, «олжа келді, олжа келді, олжасын көтере алмай келе жатыр, төрге аунат, олжа төрге жұқсын» деп ырымдап, үлкендер баланы төрге апарып аунатады. Бұл ырымның маңыздылығы – баланы періштеге санайтын дәстүрлі таным бойынша үйге баламен бірге құт кірді деген наным қалыптасып, құтты төрге, яғни үйге орнықтыру мақсаты көзделуінде. Қандай да бір істің орындалар-орындалмасын білу үшін балаға «аяғыңды көтерші» деп сұрайды. Бала айтқан бойда өзінше гуілдеп, күліп, оң аяғын көтере қалса, өтінуші тілегім орындалатын болды деп қуанады, ісім оңынан, асығым алшысынан түсетін болды деп ырымдайды.
Жас балaға бұғана ұстатпайды, онда бойы өспей қалады деп ырымдайды. Батырдың, ақынның, шебердің, палуанның сapқытын жегізсе немесе олар cәбидің аузынa түкірсе, олардың жақсы қасиеті мен өнері балағa қонады деген ырым баp. Біреу әңгіме айтып отырғанда cәби түшкіpіп қaлсa, шын aйтқаны деп ырымдайды. Аты cүріншек болaды деп балаға төcтің сүріншегін жегізбейді. Егер бір үйде қыз туа берсе, келeсі баланы ұл болсын деп ырымдап, оған ұлдың aтын қoяды. Жиенді ұpса, қолы қaлтырaйды деген ырым бaр. Үйдің өз сәбиі үйгe «ассалаумағалейкүм» деп кірсе, ол үйге көп кешікпей қонақ келеді.
Сәби қолындағы заттaрын «шашу» деп шашса, ол үйде той болады. Қыз өкпелегіш болса – ырысы кем болады.Жеңілтек болады деп қыз баланы қырқынан ерте шығармайды.Қыз баланың бір тал түскен шашын кез келген жерге тастамайды, құс іліп кетсе, бас ауруына шалдығады.Қалы үлкейіп кетпесін деп, қалымен туған балаға «Қалдыгүл, Қалдыбай» деп ат қояды.Әйел итке тас лақтырса – үйдің ырысы кетеді, әйелдің бағы қайтады.Қазақ баланы санамайды және санын айтпайды.Келін бала көтермесе, нағашы жұртының бір баласын қойнына алып жатады
Беделді тұлғалардың жақсы қасиеттері жас балаға жұғысты болсын деген ырыммен жас баланың аузына түкірту ырымын жасайды. Оның мәні – жасы үлкен, ел сыйлаған, атағы шыққан, мінезі жайсаң елге танымал, ұлылардың жақсылығы жұқсын, сол адамға ұқсап беделді, танымал болсын дегені. Баланың аузына түкірту ырымын жасаған адам баланың ата-анасына ризалық білдіріп, батасын береді.
Шешелері мен жеңгелері ұл балаға «байғазыға байдың қызы», қыз балаға «байғазыға байдың ұлы» деп ырымдап, қыздардың түймесін жігіттердің шапанының ішкі жағына тағып береді. Бұл байғазыны таққан жігіттің артына қыз ереді деп ырымдағаны.
 Балаға ми жеуге болмайды - мидай былжыр, ынжық болады. Жас балаға бұғана қабырғасын бермеген - бойы өспей қалады деп ырымдаған. Омыртқаның жұлынын жегізбеген - суға кетіп қалады деген жаман ырым бар. Қойды аттама - ол киелі мал. Меккеге барған.
Бос бесікті тербетпе - балалы болмайсың деген жаман ырым бар. Қазанның, ыдыстың түбін тырнақпен қыруға болмайды - төрт түліктің желініне шығу шығады. Ыдыстағы суға аузыңды малма - себебі сол ыдыстағы су арам болады. Ыдысты еңкейтіп ішу керек деп тазалықты талап еткен.
Бетіңді баспа - қайғылы адам бе
тін басады.
Мойныңа белбеу салма - буыншақ ауруына ұшырайсың. Тұзды баспа - астың иманы, төресі деп киелі санады. Отқа түкірме - сол үйдің оты сөнсін, иесіз қалсын деген мағынада жаман ырымға жориды.
 Жатқан кісіні аттама - талай киелі, қасиетті адамдар болған олар кеселге, бақытсыздыққа ұшырайды деп тыйым салған. Бақан, құрын
ы аттама. Бақанмен шаңырақ көтереді, құрықпен жылқыны ұстайды.
Бақан үйдің тірегі болғандықтан, ал құрық тіршіліктегі құрал.
Қыз балаға шашы өссін деп желке жегізеді.Бесіктің бас жағына пышақ,қайрақ,қмшы қояды немесе үкінің тұяғын,кірпінің терісін,жыланның бас сүйегін қойған. Мұндайд шайтан,жылан,тышқан келмейді деп жорыған.

Біреудің баласы тұрмаса –оны біреу өтірік сатып алатын болған.Жіліктің майын жесе –мұрынның маңқасы ағып жүреді дейді.Сәби тонқайып екі аяғының астынан қараса күткен жолаушысы келеді немесе үйге қонақ келеді дейді.

                           1.2   Даналығын халқымның мақтан етем

                «Нанды бір қолмен үзбе»дейді. «Онда тұрған не бар»деп түсінетіндер бар.Олар мұның кесірлі екенін түсінбегендіктен солай ойлайды.Қасиетті нанды бір қолымен қалай болса солай үзген кесір болады.Айтпай кетуге болмайтын бір оқиға есіме түсіп тұр.Бұрын айтқан әжемнің әнгімесі. Бұрын 90-жылдары қиыншылықты бастан өткердік Дүкендердегі тапшылық,қаңырап бос тұрған сөрелер,зейнетақы мен еңбекақының уақытылы төленбеуі,жарықтың болмауы,газдың жиі берілмеуі,міне осындай қиыншылықты қаладағы кез келген отбасы басынан өткерді деуге болады..Бір үзім нанға зар болдық. Нанның қалдығына үгіндісіне  дейін қалдырмай жейтінбіз.Ал қазір ше? Шүкір ішкеніміз алдымыз да,ішпегеніміз артымыз да.Бірақ, нанды қадірлейтін заманнан кеттік.Ауылдық жерде кездесе қоймағанымен,қалалық жерде жатқан нанды аяғымен теуіп ойнап жүрген балаларды көзіміз көреді.Бізге кішкене кезімізде үлкен кісілер,ата-анамыз «жерде жатқан нанды көтеріп биіке қойыңдар ,құс шоқып жесін»дегенді жиі айтатын.Біздің жасымыздағы адамдар болмаса,жастарымыз жерде жатқан нанды көргенде,мән бермей кете береді.Сауабы тисін десеңіз,біреудің жерге тастап кетен нанын көтеріп биікке қойыңыз.Өз басым осыны немерелеріме айтып, өздері жүре бастағаннан үйретіп келемін.Көшеде жетектеп келе жатқанда аяқ астында жатқан нанды алып биіке қойғанымды олар талай рет көрді.Тәрбие айтудан ғана емес,көрсетуден сіңеді,сондықтан да болар ,жерде жатқан нанды «құс жейді»деп көтеріп биікке қойып жатқан немерелерімді көргенде көңілім жылып қалады.Бала көргенін істейді.Олай болатын болса,мың рет айтқаннан бір рет көрсеткен әлдеқайда тиімді екенін естен шығармағанымыз жөн.Олай болатын болса,мың жерден бай болыңыз,бар болыңыз,бірақ ең алдымен,ас атасы-нанды қадірлеңіз! «Нанның үгіндісін жесең бай боласың» деген ырым сөзде кездеседі.«Нанның уағын жеп отыр»деп кейбіреулерге біртүрлі көрінуі мүмкін,бірақ айналып келгенде нанның уағы да нан ғой.Бүтін нанды нан деп,нанның уағын тастау –күнә.Сондықтан да балаға жасынан нанды оң қолына ұстатып,уағын тастамауға,нанды үгітпеуге үйреткен жөн.

Тыйым дегенді «мынау жаман», «ескіліктің қалдығы»деп түсінбеген жөн.Біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы осы тыйым сөзбен балаларын тәрбиелікке үйретип келген.

                         

 

 

                            1.3 «Жүкті әйел ара, қайшы ұстамайды»

                 (келін, әйел әдебін сақтауға бейімдейтін ырым-тыйым)

                     Қазақтың ырым-тыйымдар жүйесінде келін, әйел әдебін сақтауға бейімдей­тін ырым-тыйымдар мол. Мәселен, жаңа босанған әйел үйге кірген итті қумайды ­– егер қуса, тістері түсіп қалады. Келін түн ішінде суға бармайды, кір жаймайды. Себебі шошыма ауруына ұшырауы мүмкін. Жүкті әйел ара, қайшы ұстамайды – мерзімінен бұрын босанады. Екіқабат әйел қоян етін жемейді, жесе баласы қоянжырық болады. Келін төрге шықпайды – төр қонақтың немесе отағасының орны. Екіқабат әйел түсік тастамас үшін – етегін түйіп қояды. Аяғы ауыр келінге ырымдатып отқа май құйғызғанда, от ағарып ұзын жанса – ұл бала болғаны, қызарып жанса – қыз бала болады деп ұғынған. Толғақ жетпей тұрса, май ұзарып жанады. Адамның келіншек отырған жақтағы аяғы ұйып қалса, ол екіқабат екен деп ырымдайды. Жаңадан қайнатқан сабынды жоғары қойса, oл үйге түскен келін өркөкірек болады. «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі» атты энциклопедия­да (жауапты редакторы Н.Әлімбай) бала көтере алмай жүрген келіндерге жасалатын көне ырымдардың мәні мен маңызы жіті түсіндіріліп берілген: «Қазақта кейбір ырымшыл кемпірлер кіндік кесу рәсімінен кейін сол кіндіктің кішкене бөлігін етпен қоса қуырып, бала таппай жүрген келіншектерге ырымдап жегізетін болған. Тіпті сүндетке отырғызғанда алынатын кесіндіні тас­тамай, оны білдіртпей жегізіп, бала болсын деп ырым жасайтын бол­ған». Сонымен қатар көпшілікке таныс емес, жаугершілік заманында қалыптасқан төмендегідей ырымдар болған:«Ескі салт бойынша ер жігітке тиген оқты денеден шығару үшін жаралының үстінен әйелдерін үш мәрте аттататын. Бұл ырым бойынша зинақорлық жасамаған, күйеуінің көзіне шөп салмаған әйел оқ тиген жаралы адамның үстінен аттап өтсе, ауру жазылады, егер аттаған әйел зинақор болса, дерт меңдеген адам табан астында өледі деп түсінген». Ауға балық көп түсуін балықшылар жылым майланды-ау, майланды дейді. Біраз уақыт ауға балық түспесе «ау қырсықты» деп аудың басына әйелдің іш киімін байлап салып «қырсық шығарып» магиялық ырым жасаған. Бұл өсу, өну, көбею ырымымен байланысты атқарылатын ежелгі ғұрыппен тығыз байланысты. Емшектегі баласы бар әйел жалаңбас бала емізбейді. Жалаңбас отырса, шайтан қайызғағын сәбидің аузына салып жібереді. Екіқабат әйел «ұл табамын» десе, еркектің қару-жарағын, шалбарын ырымдан басына жастанып жатады. Қыз тапқысы келсе – қызыл ала шыт, әйелдің көйлегін, жүзік, сырға, алқа тәрізді әшекейлерді жастанған.Келінге баланы көтеру мерзімі ұзаққа созылады деп түйе етін, сақау болады деп ырымдап балық етін жеуге тыйым салған. Екіқабат келін арқан аттамайды, aттaсa бaланың кіндігі мойнына оралып қалады. Жүкті келіннің күні жақындаған кезде «Жер Ана қyат бер» деп жaлаңаяқ жүргізеді. Баласы кіндігіне оралып қaлады деп екіқабат әйелгe ине-жіп ұстатпайды.
Келіннің босанар кездегі толғағы басталғанда қазақы ырымда «белден кеміріп жеп» (қатты ауыруы), қуықтың басына қарай тартып ауыртса ұл табады деп ырымдаған. Ал бала қыз боларда толғақ ке­рісінше, төменнен басталып белге қарай ауысады деп топшылаған.Толғағы ұстаған әйел жеңіл босансын деп ,үйдегі үлкен әжелер сандық босатып қоятын болған.
Өлген адамды жоқтап жы­ла­ғанда, әйелдер шашын жайып жіберіп жыласа, ішіндегі шері тарқайды деп ырымдалған. Әйел ешуақытта еріне қол жұмсамауы керек, күш көрсетіп, таяқ ала жүгірмейді немесе сес көрсетпеуі тиіс. Ұрысқанда тілдеп, бетке түкірмейді. Бұлай істеген әйелдің ақ некесі бұзылады, өзінен-өзі талақ болады деп ырымдалады.
Қазақ әйелдері өзінің басына салып жүрген жаулығын басқаларға бермейді. Олай етсе басымдағы бақ басқаға көшеді деп ырымдайды. Жерік болған әйел жерік асын жеуі керек. Жерігі қанбаған әйелдің баласы су ауыз болып туады, ондай бала суайт болады деген ырым бар. Ене келін түскен кезде ұл немерелі болу үшін оған ырымдап алғаш сойылған малдың ұлтабарын жегізеді. Жүкті әйел болса, біреудің үйіне өз дастарқанынан апарған дәмді «қыз тауып қоям» деп жемейді. Жүкті әйел шашын кеспейді. Өйткені мұндай қылықтан бақ таяды, іштегі баланың бақыты кемиді, кемтар болып туа­ды, қол-аяғы қысқа болады деп ырымдалады. Үлкен кісілер қонақта болған үйден келініне дәм әкеліп береді. Өйтпесе, дәметкен балалы жас келіншектің төсі ісіп кетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 4.1 «Жанып тұрған шырақты үрлемейді»

                          (үй тұрмысына қатысты ырым-тыйым)

                    Қазақ ырымдары ішіндегі кең таралғаны бұл үй тұрмысына қатысты ырым-тыйымдар. Олардың өзіндік тәрбиелік мәні бар. Мұны білген бала ұлтының салтын, болмысын терең біліп өседі.
Түнде сандықты ашпайды – біреу-міреу өледі ( өте қажет болған жағдайда «жылан кіріп кетті» деп айтып ашады). Түндікті бақанмен тіреп қоюға болмайды – жау шақыру деген ырым. Жанып тұрған шырақты үрлемейді – адам ұмытшақ болады. Шәугімнің шүмегін есікке қаратып қоймайды – ырыс-несібе кемиді. Есіктің босағасын керуге, табалдырығында тұруға болмайды – жау шапқанда ғана үй иелері босағаны керіп, табалдырықта тұрған. Киіз үйде құмырсқа көбейіп кетсе – жылқының екі тезегін уыққа іліп қояды. «Тәңірден тілеп алған» сәбиінің екі аяғына ата-анасы ырымдап, баланы «тіл-көзден, түрлі пәле-жаладан қорғайды» деп қымбат бағалы металдан білезік соқтырып тағып қояды.
Ертеде қазақтар дертке шалдыққан адамды көне наным-сеніммен, «ки­елі ағашқа» апарып, басына сыйынып, ырым етіп ақтық (шүберек) байлаған, науқас адамды дерттен арылтуға ниет еткен.
Бiтеу iрілеп сойылған мал терiсiнен жасалған долық дейтін бітеу ыдысты молшылықтың нышаны санаған қазақ «үйге кірген ырыздықты «бітеп», шығармай тұрады» деп сенген. Мұндай бітеу малдың терісінен жасалған тұлып тәрізді ыдысқа ас-тағамның берекесі саналатын, дәмін келтіретін тұз бен молшылықтың белгісі астық сияқты заттарды ырымдап салып қоятын болған.Түнде су алуға болмайды .Егер бара қалса «Су иесі Сүлейман,су алуға рұқсат бер»деп суға үш рет тас лақтырып барып алу керек.Тамақ ішіп отырғанда біреудің қолындағы ыдысы түсіп кетсе,оны шайтан қағып жіберді дейді.Сондықтан әркез «Бисмиляны»ауыздарынан тастамаған.Жазда үйге қарай құйын келе жатса үлкен-кішілер қолына таяқ алып оны «таздың үйіне бар,пәленше таздың үйіне бар!»деп қуалайды екен.Үлкен адамдар қонақтан шықса,сол үйден дәм алып,келініне береді.Олай болмаса,дәметкен,балалы жас келіншектің төсі ісіп кетеді деп ырымдаған.Жұма күні кір жума –әруақтар ренжиді.Қазақ сейсенбі күні жолға шықпайды,іс ,жұмыс бастамайды,көшіп –қонбайды.Жолаушыға «қайда барасың» демейді, «Жол болсын»  дейді.Тамақ үстінде келген адамға «Мақтап жүреді екенсің»,деп риза болады,төрге шығарған.Дастархан үстінде келген адамға дәм ауыз тигізеді,әйтпесе күйеуің немесе келіншегің тастап кетеді деп жорыған.Ойынға ашуланған адамның басы таз болады.Егер жақын адамның пышағы ұнаса ,оны ұрлап алады.
Бас киімді айырбастамайды. Олай жасаса, басындағы бағы кетеді. Бас киімін сатуға да болмайды. 
Бөтен адамға баскиімін бермейді. Олай жасаса, адам басы кемиді. Баскиімін сыйлауға да болмайды.Қонаққа келген сәбиге көгендік береді немесе киім алып береді. Шалбарды отырып, оң аяқтан киеді, сол аяқтан шешеді.Киім сатып алғанға: «Киімің күйрек, жаның берік болсын!» деген тілек айтады. Аяқкиімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Олай жасаса, адамның жолы болмайды. Қазақ аяқкиімнің табанына қарамайды. Оның баспайтын жері жоқ. Сондықтан да былғаныштан көз ұшынады.Жорықта, алыс сапарда басқа жастанатын еш нәрсе болмаса, етігін жастанған.Халық нанымында: «Етік жолға бастайды, шалбар (жастансаң) сорға бастайды», Ұлтарақты етікке салмай тұрып, алдыңғы, жол бағытына қараған басын тіліп, «жолын ашу» ырымын жасайды. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          1.5  «Малдың алдынан
                                   бос ыдыспен шықса – сүті азаяды»

                      (төрт түлікке қатысты ырым-тыйым)

                    Төрт түлікке байланысты ырым-тыйымдардың мәнісі малдың киесі бар екенін сездіруге, соны біліп, құрметтеуге шақырып тұрғандай әсер қалдырады. Төрт түліктің өзге де қасиеттеріне, кейбір әрекеттеріне қарай отырып ауа райын, табиғат болмысын, өзге де нәрселерді болжай алған халқымыздың рухани қазынасында осынау тақырыпқа арналған ырым-тыйымдар молынан ұшырасады. Солардың бірқатарына тоқталамыз. Сойылған малдың қанын төрт түлік (әсіресе, сиырдың) көзінше төгуге болмайды – сүтінен айырылады. Малдың алдынан бос ыдыспен шықса – сүті азаяды. Сиырдың желіні іссе – таңертең ерте кебіспен ұшықтайды. Ит ұлыса – шаңырақта жаманшылық болады. Қарғалар тобымен шуылдап ұшса – қыста күн суытады, жазда ауа райы өзгереді. Үкі түнде ауылдың сыртынан шақырса – ауылда көп кешікпей өрт, қайғылы жағдай болады, үкісін жұлып алып, бойтұмар етіп сақтаған адам қатерге ұшырамайды. Егер тауық ұясына ерте қонақтаса – жауын-шашын болады, бір аяғын бауырына алып, ұзақ тұрса – күн суытады. Қойды аттама - ол киелі мал. Меккеге барған. Қазанның, ыдыстың түбін тырнақпен қыруға болмайды - төрт түліктің желініне шығу. Қамшыны бейсауат қамшылама - мал шетінейді. Малдың желінген басын түнде лақтырма - түнде далаға лақтырса малдың ырысы кетеді деп ырымдайды.Мал үшеу не төртеу туса –олардың біреуін бауыздап,босағаға көмеді.Балықтың құйрығын ұстаса-ауға балық түспейді.Ет тураған адамның еті қалып қойса,өтірік айтатының бар екен дейді.Малды,ыдысты,тамақты теппе.Босағаны керме,кұшақтама.Құмырсқаның ұясын бұзба.Ақты төкпе.Жалғыз ағашты кеспе.Малды боқтама.Түнде малды санама.

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    6.1 «Тойдым» емес, «қанағат» деген жөн

                                     (тағамға байланысты ырым-тыйым)

                      Қазақ асты ерекше қадірлейтін халық. Сондықтан ас-ауқатқа, тағамға байланысты қалыптасқан ырым-тыйымдар астың қадірін арттыруға, ысырапшылдыққа жол бермеуге бағытталғаны сөзсіз.
Қызға кәрі жілік ұстатпайды – оң жақта көп отырып қалады. Балаға ми жегізбейді – былжыр, ынжық болады. Ішіп отырған шайға сама түссе – қонақ келеді. Ас ішіп болған соң «тойдым демейді», «қанағат» деген жөн. Тұзды бейберекет шашпайды, астың иманы – тұз деп қарайды.  Егiннiң тұқымы үшiн бiреу қарызға дән сұраса ренжiмей бередi, дәндi адам емес, қара жер тiлеп жатыр деп ырымдайды. Қазақ танымында ақ өнімдері, яғни ағарған жақсылықтың нышаны, пәктіктің, тазалықтың символы ретінде қалыптасқан. Сондықтан ағарғанға қатысты ырымдар өте көп. Мысалы, байқаусызда ақты төгіп алса, саусағын батырып, маңдайына жағу ырымын жасаған. Сосын аяққа басылмас үшін жақсылап тазалап, сүртіп алатын болған. Ақты аяқасты ысырап етпеген. Дәм үстіне келіп қалған адам немесе бір нәрсені сұрап, анықтап білуге кірген адам асығыс болып, дәмге қарамайтын жағдайда дәмнен үлкен еместігін білдіріп, қандай да бір дәмнен ауыз тиіп шығады.
Жерге құт дарыту ырымын жасайтын қариялар жерге алғаш себілетін дәнді екі бұтының арасынан өткізіп,  «бісміллә»деп лақтырады.
Бiр жылда адамның көптеген арман тiлектерi орындалып, мақсатына жетiп, табысқа кенелсе, сол жылды құт жылы санап ерекше еске алады. Осы жылы құт-береке ортаймасын деген ырыммен сол жылдың атауы болған жануардың басына ақ құйып, ырым жасайды. Сол сияқты үйге кірген жыланды өлтірмей, басына сүт, айран, құйып шығару ырымы да бар. Бұл жерде ақ тағам – таза пиғыл, ақ тiлеудiң, жақсылыққа жорудың символы. Сонда, жыланның басына ақ құю оны перiштеге балауды бiлдiргенi болып шығады. Кейде тіпті үйге кірген жыланды өлтірмей, басына ақ құю жамандыққа жақсылықпен жауап берудің белгісі саналған.

 

                        

 

 

 

 

 

Сауалнама:

1.Қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары туралы естігенің бар ма?

2.Олар туралы кімнен естідің?           

3.Өзің ырымдар мен тыйымдарға сенесіз бе?

4.Көбінесе қандай ырым ,тыйымдарға сенесіз?

5.Осы ырым,тыйым туралы көбірек білгіңіз келеме?

Осы сауалнаманы 5-6сынып оқушыларынан,2 –і кітапханашыдан және 4-әжеден алған болатынбыз.

Соның ішінде 5-ші сынып оқушылары арасында осы тақырып жөнінде мүлде мәлмет жоқ екен,Ал кітапханашылар болса осы тақырып жөнінде шамалы болса да,мәлметтері бар екен.Әжелерімізді біз тіпті тоқтата да, алмадық.Ырым мен тыйым жөнінде өте көп мәлметтер естідік.

Қорыта келгенде біз мынадай түйіндемеге келдік.Ырымдар мен тыйымдар біздің мектепте тек қана 25 % ғана екен.Себебі орыс тілді мектеп бағдарламасында бұл тақырып бөлек берілмейді,тек қана жалпы салт дәстүрлер деп беріледі.Ырым мен тыйымдарға мүлде сағат бөлінбеген.

 

 

 

 

 

 

                        

 

 

 

 

 

 

 

                                           Қорытынды бөлім

                                   Халқы мықтының – салты мықты

                   Қазақтың тыйым сөзі – ұлттық тәрбие көзі, яғни қазақ кішкентай кезінен жақсылыққа үйір,жаман әдеттерден аулақ болсын деп тыйым арқылы баласын тәрбиелеп отырғанын біз жоғарыда айтқандай.Халқымыздың қанына сіңген тектілігі, адамгершілігінің жоғары болуы,әртүрлі келеңсіз көріністерден,әбес  қылықтардан аулақ болғаны осы қазақтың тыйымының арқасы,яғни бала бойына ертеден  сіңіргеннен.Құдайға шүкір,біз сол ата – әжелеріміздің тыйымымен өстік.Үлкендер бізге обал – сауапты кішкентайымыздан құлағымызға сіңірді.Біздің халық нан мен тұздың қатарына ағарғанды жатқызады, өйткені ақты да қатты қадірлеген. Айталық «ақты баспа» дейді. Ақ дегеніміз не? Бұл – сүт, айран,қатық, қымыз, шұбат… Осының барлығы ақтың құрамына кіреді.Өйткені ол – сүт. Мал өзінің төлін алғашқыда сүтімен асырайды.Адам баласы анасының сүтімен жетілетін болса, малдың төлі де – сол, өзінің енесінің ақ сүтімен жетіледі. Мал да өзінің ұрпағын сүтімен өсіреді. Оның үстіне біздің қазақ төрт түлік малдың қадірін жан – жақты білген, өзінің өміріне  тірек еткен. Қазақ – малды көп ұстаған халық.Ақтың қадірін, өзгелерге қарағанда, дәл қазақ халқындай жақсы білетін әрі  қадірлейтін халық  кемде – кем шығар… «Ақты баспа»,  «ақты төкпе»  деп жатамыз. Өйткені төгілген ақты баспау керектігін мал желінінің ісіп кететіндігімен түсіндіреді. Алғаш найзағай ойнағанда, көктемнің алғашқы жауыны жауған кезде киіз үйдің босағасына, керегелерінің басына ырымдап ақ жағады. Көктен жаудырсын, жерден өндірсін, ақ мол болсын, береке болсын деген ізгі тілек жатыр мұның астарында. Қазақ ұғымындағы ақ атаулы – азықтың тамақ қана емес, ол шынымен қаншама төлді өсіріп отырған қасиетті сүт қой. Сондықтан ананың ақ сүтін ардақтай білетін қазақ халқы малдың сүтін де қадірлеген. Қазақта «ақ» сөзімен тығыз байланысты ұғым  өте көп. «Ақ жаулықты ана», «ақ сақалды қарт», «ақ сүт», «ақ неке»  дегендей, ақ сөзімен байланысқан ұғымы терең сөздер тазалықты, пәктікті айғақтайды. Жылан екеш жыланға да көңіліміздің түзулігін білдіріп, жамандық жасамай, басына ақ тамызып шығарып жібереміз. Қазақ ешқашан үйге кірген жыланды өлтірмейді.Өйткені жылан өздігінен, қарнын тойғызу үшін адамды шақпайды, тиіп кеткенде өзін қорғау үшін шағады. Ата марқұм: «Енді оның тебетін аяғы, ұратын қолы жоқ, тым болмаса әкеден бастап сықпыртып боқтайтын тілі де жоқ, жыланның жаратылысы солай, шақпағанда қайтеді…», – дейтін еді. Алла тағала тектен – тек ештеңені жаратпаған. Қазақта «жатқан жыланның құйрығын баспа» деген сөздің өзі біраз жайды аңғартпай ма?! Тіпті адам таңғаларлық, қазақтың әрбір мақалының өзінде ұлттық тәлім – тәрбиенің көзі жатыр деуге болады. Бір сөзбен айтқанда салауаттылық, білімділік жеке адам үшін емес, ел тағдыры, ұлттың, заман тағдыры, қоғам тағдыры іспеттес. Ырымдар мен тыйымдар адамдардың бір - бірімен қарым - қатынасын, табиғатқа, қоршаған ортаға берілген тұжырым, түйінделген қағида. Ырымдар мен тыйымдар халық арасында ерте кезден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін жетті. Әрбір тыйым бекер айтылмаған, әрқайсысының тәрбиелік мәні бар, оқушылар үшін ереже болып табылады. Халық өзінің осы ырымдар мен тыйымдар арқылы тәрбиелеп, дұрыс жолға салған, қателігін бетіне басқан.
1. Бүйіріңді таянба, таяққа сүйенбе - бұлар жаман әдеттер. Ертеде кісі өлген үйдің ерлері таяққа сүйеніп, әйел адамдар бүйірін таянып жоқтау айтқан.
2. Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба. Біріміздің өміріміз бірімізбен тікелей байланысты деп оларға зәбір көрсетілмеген. Көзіне ақ түскен адамға құмырсқаның илеуін тауып, жем егіп басына қойған. Сонда көзден ақ шел кетіп қалған.
3. Үйге қарай жүгірме. Тосын жағдай болғанда жаман хабар келгенде үйге қарай жүгірген. Осы айтылған тыйым сөздерді - ырымдарды ұмытпай бір - бірлеріңе айтып жүріңдер және оларды орындап жүруді әдетке айналдырыңдар.
Түсінген адамға тіпті қазақтың әрбір сөзінің өзі – ұрпағына қалдырған үлкен қазынасы. Өкініштісі, оның мағынасына терең бойламаймыз. Бүгінде көшеде төгіліп қалған  сүтке мән бермейміз, шалпылдатып басып бара жатқандарды да көреміз. Бұл да – ұлттық сананың, ұлттық психологияның сұйылып бара жатқандығы…

 

«Оқып үйренбесең, өнерге де, даналыққа да қолың жетпейді»

                                                                                     Демократ.

Үлгісі өшіп кейбір киелі ырымдардың,

реніштің жырын жаздым,

үлкендердің қатары сиреген сайын,

ұрпақтың байқалады бұзылғаны.

                                                  Ырым мен тыйымдардың қолдану аясы.

 

 «Орындаймын – ұмытпаймын,

көремін-еске сақтаймын,

Істеймін-түсінемін»

                                                            Қытай даналығынан.

Бүгінгі ұрпақ ұмыта бастаған ырым мен тыйымдарды  шамамыз келгенше жан-жақты зерттеп, саралап көрдік. Әртүрлі ырымдар қазақта мыңдап саналады. Оның бәрін түгендеуге мүмкін емес.«Алтынның  қолда  бар да, қадірі жоқ» –  дегендей атадан келе жатқан ырым мен тыйымдар – балаға мұра болып келе жатқан осы бір салт-дәстүрлерінен қол жазып қалмай тұрғанда келер ұрпаққа аманат қылайық.

Оқу бағдарламасында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында жекелей нақты берілмеген бірақ та, сыныптарда кездесіп тұрады мысалы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

Ақ желкен журналы 12/2007ж.

Алматы «Өнер» 1998ж Қазақы тыйымдар мен ырымдар.

Бала би журналы 12/2003ж.

Зейнеп АХМЕТОВА: Қазақтың тыйым сөзі – ұлттық тәрбие көзі /интернет/

Қ.Бегманов. Халқы мықтының – салты мықты. Алматы «Өлке»2010ж.

С.Кенжеахметұлы. Ұлттық әдет-ғұрыптың беймәлімі. Алматы «Санат»1998ж.

С.кенжеахметұлы. Жеті қазына. Алматы «Ана тілі»2001ж.

Х.Арғынбаев. Қазақтың отбасылық дәстүрлері. Алматы «Қайнар»2005ж.

 5 сыныпта Ы.Алтынсариннің «Асан мен Үсен» әңгімесінде ырымдар кездеседі.

8 сыныпта З.Ахметованың «Су тіршілік көзі» мәтінінде тыйымдар кездеседі.

Орыс әдебиеті сабақтарында жалпы беріледі «Приметы, запреты и народные понятия»

5 сыныптағы өзін- өзі тану сабағында «Традиций в моей семье»

 

 

 


 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғылыми жұмыс "Ырым -тыйымдар тәрбие негізі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по продажам

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 725 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.02.2016 4258
    • DOCX 53.8 кбайт
    • 22 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рысқалиева Самал Жеңісқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рысқалиева Самал Жеңісқызы
    Рысқалиева Самал Жеңісқызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 10
    • Всего просмотров: 156663
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Мини-курс

Стратегии бизнес-развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Фитнес: особенности построения смешанных групповых тренировок

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек