Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ғылыми жұмыс "Кока коланың адам ағзасына әсері"

Ғылыми жұмыс "Кока коланың адам ағзасына әсері"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


Шымкент қаласы


Қазақстанның зияткерлік «Бәйтерек» мектебі






Абдукаримова Аружан

4 «Б» сыныбы




Кока-коланың адам ағзасына тигізетін әсері





Бағыты: Адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау














Шымкент қ. 2014 жыл

Мазмұны:


  1. Кіріспе 1

  2. Зерттеу жобасының мақсаты мен міндеті 2

  3. Біздің алғашқы зерттеулеріміз 3-4

  4. Ғылыми тәжірибелер 5-6

  5. Қорытынды 7

  6. Қосымшалар 8-14

  7. Әдебиет 15






















4 «Б» сынып оқушысы Абдукаримова Аружанның

«Кока-коланың адам денсаулығына әсері» атты ғылыми жұмысына

ПІКІР


Оқушы өздігінен лабораториялық зерттеулер жасап, ғылыми жұмысты толық ашып жасаған. Газдалған сусындардың адам ағзасына тигізетін зиянын анықтау үшін, бірнеше зерттеу жұмысын жасады. Оларды бақылап, өзінің күнделігіне жазып отырды.

Абдукаримова Аружанның жұмысы қазіргі таңда өте актуалды. Бала жастайынан өзінің денсулығына зиянды заттардан аулақ болып жүруі тиіс. Осы мәселені Аружан толық қарастырып отыр.





Шалабаева Гүлжауһар Шәріпбекқызы

Бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі




Аннотация


Кока-кола сусынының адам денсаулығына тигізетін зияны туралы көптеген ақпарат көзінен естіп отырмыз. Осы ғылыми жұмыс аталған мәселені толық айқындап отыр. Бірнеше зерттеу жұмыстарын жасау арқылы, оқушы оның неге зиянды, неге кесірсіз екенін айқындап отыр.

























Аннотация


Из разных источников мы много раз слышим о вредности напитка Колы на наш организм. Эта научная работа полностью раскрывает эту проблему. Проделав несколько исследовательских работ ученик определил на что кола наносит вред, а на что нет.

























Abstract


From different sources, we hear many times about the harmfulness of coсa drinks on our body. This scientific work fully reveals the problem. Student determined some research on coca harms, and what not.


Кіріспе


Кока-Кола сусынының әлемдік атағы бар.

Қадам басқан сайын оның жарнамасын көруге болады.

Түрлі той-жиындар мен отырыстарда дастарқанның көркін келтіретін Кока-кола сусыны жайлы не білеміз? Кішкентай балалардан бастап, ересек адамдарға дейінгілердің сүйіп ішетін сусынына айналған тәтті сумен дүниежүзінде миллиондаған адам шөлін басады. Ата-аналарымыз "Кока-коланы" ішпе деп ұрысқанның өзінде де, бұл тіс пен асқазанға зиянды сусыннан бас тарта алмаймыз. Сонымен, дүниежүзін жаулап алған сусын жайлы білгіңіз келсе, менің ғылыми жұмысыма назар аударыңыз.

Кока-Кола өте әйгілі, сондықтан да кез-келген жұлдыз секілді оның айналасында алуан түрлі аңыздар айтылып келеді.

Әр түрлі деректерден біз Кока-Коланың келесі әсерін естиміз:

  • темір заттардан тотты кетіреді;

  • үйде тұрмыстық химия ретінде қолдануға болады, яғни ыдыстағы қақты кетіреді;

  • үйдің ауласындағы жәндіктерді үркітеді;

  • етті және капрон өнімдерін ерітеді;

  • тісті құртады;

  • адам ағзасына зиян келтіреді.


Енді осы ғылыми жұмысты бастай отырып, біз осы сусынның баланың дамып келе жатқан ағзасына қандай әсер тигізетінін қарастырып, бірнеше зерттеу жұмысарын жүргіземіз.



















1

Зерттеу жобасының мақсаты мен міндеті


Мақсаты:


  • Кока-Коланың адам ағзасына тигізетін әсерін анықтау.

  • Кока-Кола туралы аңыздардың растығын анықтау.


Міндеті:


  • Кока-Кола туралы көбірек ақпарат жинау, оның құрамын анықтау.

  • Мектеп оқушылары арасында сусынның қаншалықты әйгілі екенін анықтау үшін сауалнама жүргізу.

  • Сусынның әр түрлі заттармен әрекеттесу процесін анықтау үшін ғылыми тәжірибелер жүргізу.

  • Кока-Кола баланың дамып келе жатқан ағзасына зиян келтіретінін немесе келтірмейтінін анықтау.


Егер Кока-Коланың біздің ағзамызға тигізетін әсері туралы көбірек білсек, онда өзіміз дұрыс таңдау жасай аламыз, яғни «Кока-Коланы ішеміз бе, болмаса ішпейміз бе! Кока-Кола: пайдалы ма әлде зиян ба?»























2

Біздің алғашқы зерттеулеріміз


Қhello_html_m3c63cd1.jpgаланың дүкендеріне барып қызыл этикеткасы бар сусынды іздейміз. Барлық сөрелерде және мұздатқыштарда Кока-Кола бар екенін анықтадық. Сонымен бірге дүкендерде оның жарнамалары өте көп. Үлкен плакаттардан бастап, тиын ақша салатын тығырыққа дейін Кока-Коланың сізді сергітетіні туралы жарнамалары бар. Демек бұл сусын өте әйгілі!

Енді сусынды қолымызға алып, этикеткасындағы құрамын қарап көрейік. Оның құрамында қант, кока ағашының жаңғағы, фосфор қышқылы, кофеин, карамель, көмiрқышқылы, «кошинель» деген қоспа бар деп көрсетiлген. 

Енді балалар емханасына барып, балалар дәрігерлерімен сұхбаттасып көрейік. Олардың бір ауыздан айтатыны: Кока-Кола бауыр жасушаларын жояды, көп мөлшерде қолданса семіздікке әкеледі, тістің эмаліне зиян келтіреді. Сонымен бірге оның құрамында қант мөлшері өте көп, ал бұл қант диабеті ауруына шалдықтыру мүмкін.

Кока-Кола құрамында кофеин бар, ол адамды қоздырады және одан сусынды күнделікті қолдану әдеті пайда болады.

Аталған сусынның құрамына ортофосфорлы қышқылы кіреді, ал ол тотты кетіреді. Енді ойланып көрейік, ол біздің асқазанымызда түскеннен кейін, онда не болып жатыр екен.

Осындай ақпараттан кейін біз өз мектебімізге оралдық. Ал біздің оқушылар бұл сусын туралы не біледі екен? Егер сусынның әр түрлі үш түрін оларға ұсынсақ, олар қайсысын таңдайды екен? Сусын ретінде таңдағанымыз: Кока-Кола, минералды су және «Джуси» шырыны. Жалпы сауалнамаға 94 оқушы қатысты. Алдарыңызға ұсынатыным, бірінші сұрақ бойынша келесі нәтиже алынды:


Мен Кока-Коланы ұнатпаймын

14

Мен Кока-Коланың зиянын жақсы білемін, бірақ оны жақсы көремін

35

Мен Кока-Коланың зиянын жақсы білемін, сондықтан қолданбаймын

21

Мен Кока-Коланың зиянын білмейді екенмін, бірақ маған бәрібір

8

Мен Кока-Коланың зиянын білмейді екенмін, мен енді оны ішпейтін сияқтымын

16


Бұл жерде айта кету қажет, мектеп ішінде бұл сусын сатылмайды, сондықтан біздің оқушылар оны көп мөлшерде қолданбайды. Ал бастауыш сыныпта мүлдем жоқ десек те болады. Өйткені балаларының денсаулығына ата-аналардың өздері қарайды. Ал олар Кока-Коланың зияндылығын біледі деп ойлаймыз. Бұны біз келесі диаграммадан көреміз: 3


hello_html_m3336e7a3.png


hello_html_508eb1e5.png


Орта буындағы оқушылар өз бетінше дүкенге барып, қалаған сусынын сатып ала алады. Сондықтан олар өз шешімінде ерікті болғандықтан, Кока-Коланы қолданып жүргенін байқаймыз. Бұл неліктен олай екені, сусынның әйгілі бренд болғандықтан шығар, сонымен бірге еліктіретін жарнамалардың барлық жақтан осы сусынды ішуіне ықпал жасайтыны шығар.


Осыдан кейін біздің «Кока-Коланы ішеміз бе, болмаса ішпейміз бе! Кока-Кола: пайдалы ма әлде зиян ба?» сұрақтарына жауап алғымыз келіп отыр. Ендігі кезекте Кока-Кола сусынын алып, бірнеше ғылыми тәжірибе жасаймыз. Өйткені алдында айтылып кеткен сусын туралы аңыздарды тексеруіміз керек. Олардың ішінде қайсысы рас, ал қайсысы жай көз бояушылық екенін анықтауымыз қажет. Сонда алдымызға қойған сұрақтарға толық жауап аламыз деп ойлаймын.


4



Ғылыми тәжірибелер


Бірінші тәжірибе «Кока-Коланың тіске тигізетін әсері»


Мен бір тауық жұмыртқасын алдым. Оның құрамы адамның тісі мен сүйегінің құрылысындағы затқа – кальцийге бай.

Жұмыртқаны тесіп, ішіндегі сарысы мен ақ уызын алып тастадым.

Енді осы жұмыртқаның қабығын Кока-Кола сусынына салдым. Ең негізгісі, мен жұмыртқаны толығымен емес, жартылай сусынның ішіне салдым. Сонда бір жартысы сусынның ішінде, екіншісі сыртында орналасты.

Енді бақылап көрейік:

Кока-Коланың ішінде жатқан жұмыртқаның жартысы біраз уақыт өткеннен соң қоңырлана бастады, сонымен бірге құрылысы да бұзыла бастады. Кейбір жерлері майысты және бұдырлана бастады.

Осы ғылыми тәжірибем Кока-Коланың кальцийді ерітетін қасиетінің бар екенін дәлелдейді, яғни ол біздің тісімізге өте зиян. Осы сусынды көп мөлшерде қолдансақ, онда тісімізді құртатыны анық болды.


Екінші тәжірибе «Ортофосфорлы қышқылдың қандай күші бар екен?»


Бұл тәжірибеде сусынның тотты кетіретін қасиетін анықтауға бағытталған. Мен бұл тәжірибені екі тәсілмен қарастырып көрейін дедім.

Біріншіден, ішіне қақ тұрып қалған шәйнекті алып, оның ішіне Кока-Кола сусынын құйып, отқа қойдым. Қайнағаннан кейін, сусынды төгіп шәйнектің ішін қарадым, өзгерістер бар, бірақ айтарлықтай емес. Сондықтан екінші қайтара тағы сусынды ішіне құйып, тағы отқа қойдым. Қайнағаннан кейін, сусынды төгіп едім, шәйнектің ішіндегі қақ та сусынмен бірге төгілді. Шәйнектің іші тазарып қалды.

Екінші тәжірибемде тотталған тиынды алып, Кока-Кола сусыны бар кесеге салдым. Сол кесені бірнеше күнге алып қойдым. Бес күннен кейін кесенің ішіндегі тиынды алып, таза суға жуып алдым. Қолымда судай жаңа жылтыраған тиын болды.

Осы тәжірибе нәтижесінде ортофосфорлы қышқылдың тот пен қаққа қандай әсер ететініне көзім жетті. Оларды жуып, шайыпп, жоқ қылады екен. Сонымен бірге металл заттарын жақсы тазалайды екен.


Үшінші тәжірибе «Қатты газдалған сусын асқазандағы қышқылды көбейтеді»


Барлық балалар тәттіні жақсы көреді. Сондықтан тәтті кәмпит пен Кока-Коланың өзара әрекеттенуінен не болатынын анықтау үшін осы тәжірибені жасап көремін. 5

Ол үшін Кока-Кола сусыны бар кесеге тәтті кәмпитті салдым. Кәмпитті салған сәттен бастап, сусын быжылдай бастады және көбіршіктер пайда болды.

Яғни бұл сусын қатты газдалған және оның әсерінен асқазандағы қышқыл көбейеді екен. Ал егер балалар кәмпит пен сусынды бірге қолданса, онда оның асқазанында тәжірибеде көрсетілгендей быжылдау басталып, асқазандағы сусын көбіршіктеніп кетеді. Осының салдарынан асқазандағы қышқыл да көбейіп, адам лоқсып, құсуы мүмкін.

Сондықтан да еш уақытта кәмпит пен Кока-Кола сусынын бірге қолданбау қажет екеніне көзіміз жетті.


Төртінші тәжірибе «Капрон сусынға берілмес!»


Бұл тәжірибеде сусынның капрон өнімдерін ерітетін қасиетін анықтаймыз.

Алдымен капрон өнімін алып, кішкене ғана бөлігін қырқып аламыз. Кока-Кола сусыны бар ыдысқа салып, бірнеше күнге қалдырамыз. Бірінші күні өнімнің түсі өзгерді, бірақ ешқандай зақымдану көрінбейді. Үш күннен кейін қарадым, өнім сол қалыпта. Бесінші күні де қарадым, өнімді қолыма алып көрдім, ешқандай зақымдану байқамадым.

Тәжірибенің нәтижесі: Кока-Кола сусынында капрон өнімдерін ерітетін қасиеті жоқ.


Бесінші тәжірибе «Кока-Кола тамақ өнімдерін «сіңіреді» ме?»


Бұл тәжірибе сусынның ет өнімдерін ерітетін қасиеттерін анықтауға бағытталған.

Мен шикі еттің кішкене бөлігін және шұжықтың бір кеспесін алдым. Екеуін де бөлек-бөлек Кока-Кола сусыны бар ыдысқа салдым. Бірінші күні шұжық сусын бетінде қалқып жүрді, ал ет ешқандай өзгеріссіз қала берді. Бірақ екі ыдыста да сусынның түсі өзгере бастады. Үшінші күні екі ыдыстағы сусын ашық түске бөленіп, ішінде қоңыр үлпектер пайда болды. Ет пен шұжықтың бетінде осы ұлпақтар бүркеп алған. Бес күннен кейін шұжық ыдыстың түбіне жатты, ет пен шұжықтың сырты қоңыр ұлпақтардан көрінбейді, ал сусн мүлдем бұлдырланып кетті.

Сонда ас пен бірге Кока-Кола сусыны асқазанға түскенде осындай әсер болатынына көзім жетті.

Тәжірибенің нәтижесі: сусын ет өнімдерін ерітпейді, бірақ олармен өзара әрекеттескенде қоңыр ұлпалар пайда болып, асқазанға зақым келтіреді.






6


Қорытынды. Ғылыми тәжірибелердің нәтижесін жалпылау


Ғылыми тәжірибелер нәтижелерін алып, Кока-Кола сусыны адамның, нақты айтқанда балалардың дамып келе жатқан жас ағзасына зиян екенін анықтадық.

Сонымен бірге нақты қорытынды жасауға болады, Кока-Кола сусынынң зияндылығы:

  1. тіс эмалін құртады;

  2. құрамындағы кофеин баланы қоздырады;

  3. құрамындағы ортофосфорлы қышқыл тот пен қақты ерітеді және металл өнімдерін жақсы тазалайды;

  4. тәтті кәмпит пен сусын асқазандағы қышқылды көбейтеді, көбіршіктену пайда болып, адам лоқсып, құсады;

  5. тамақ өнімдерін ерітпейді, оларды ірітіп жібереді;

  6. синтетика, нақты капрон өнімдерін ерітпейді.


Осы тәжірибелерімнің нәтижесінде мен достарым мен сыныптастарыма Кока-Кола сусынының зияндылығын дәлелдеп бердім. Дұрыс тамақтанудың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін түсіндірдім.

Ендігі кезекте, балалардың сүйікті «Чипсыларына» және сағызға көңіл бөлсем деймін. Балалардың денсаулығына зиянды өнімдерді күнделікті тамақтанудан алып тасталуын қарастырсам деймін.





















7

1 қосымша


«Менің таңдауым»


Сауалнамаға 94 оқушы қатысты, олардың ішінде 58 – бастауыш сыныптан, 36 оқушы орта буыннан.

Қойылған бірінші сұрақ:

Кока-Коланың адам ағзасына тигізетін зиянды әсері туралы не білесің?

Әр оқушымен сұхбаттасудан кейін, келесі кесте құрылды:


Мен Кока-Коланы ұнатпаймын

14

Мен Кока-Коланың зиянын жақсы білемін, бірақ оны жақсы көремін

35

Мен Кока-Коланың зиянын жақсы білемін, сондықтан қолданбаймын

21

Мен Кока-Коланың зиянын білмейді екенмін, бірақ маған бәрібір

8

Мен Кока-Коланың зиянын білмейді екенмін, мен енді оны ішпейтін сияқтымын

16


Біздің мектепте Кока-Кола сатылмайды. Сондықтан оқушылар азаңғы 9-00-ден 18-00-ге дейін мектеп қабырғасынан шығып кете алмайтындықтан, сусынды аз қолданатыны анықталды. Бұл әрине жақсы көрсеткіш.

Екінші жағынан бастауыш сынып оқушыларының тамақтануын олардың ата-анасы қадағалайды. Сондықтан бастауышта Кока-Коланы ішетін оқушылар аз десем болады. Бірақ олар да аз мөлшерде ішеді.


Қойылған екінші сұрақ:

Мен саған үш сусын ұсынамын, Кока-Кола, минералды су және «Джуси» шырыны, сен қайсысын таңдайсың?

Әрине оқушылар көп жағдайда шырынды таңдады, бірақ бірнеше оқушының күмәнданып, алдымен Кока-Коланы таңдап, кейін ойланып тұрып шырынды таңдағанын байқадым.

Бұны біз келесі диаграммадан көреміз:

hello_html_m3336e7a3.png 8


hello_html_508eb1e5.png


Әрине екі диаграмманың әр түрлі екенін байқаймыз. Өйткені орта буындағы оқушылар өздігінен шешім қабылдап, өзінің қалауы бойынша сусынды алып ішеді. Әрине бұл оларға сусынның зияндылығын айту қажеттігі туындап тұр деген сөз емес пе. Соны қолға алу қажет.

























9


2 қосымша


«Кока-Коланың тіске тигізетін әсері»



Мақсаты: Кока-Коланың адам тісіне әсерін анықтау.


Құралдар: «Кока-Кола» сусыны, тауық жұмыртқасы, әйнек ыдыс.


Зерттеу объектісі: тауық жұмыртқасының қабығы.


Мен бір тауық жұмыртқасын алдым. Оның құрамы адамның тісі мен сүйегінің құрылысындағы затқа – кальцийге бай.

Жұмыртқаны тесіп, ішіндегі сарысы мен ақ уызын алып тастадым.

Енді осы жұмыртқаның қабығын Кока-Кола сусынына салдым. Ең негізгісі, мен жұмыртқаны толығымен емес, жартылай сусынның ішіне салдым. Сонда бір жартысы сусынның ішінде, екіншісі сыртында орналасты.


Енді бақылап көрейік:

Кока-Коланың ішінде жатқан жұмыртқаның жартысы біраз уақыт өткеннен соң қоңырлана бастады, сонымен бірге құрылысы да бұзыла бастады. Кейбір жерлері майысты және бұдырлана бастады.


Нәтиже:

Осы ғылыми тәжірибем Кока-Коланың кальцийді ерітетін қасиетінің бар екенін дәлелдейді, яғни ол біздің тісімізге өте зиян. Осы сусынды көп мөлшерде қолдансақ, онда тісімізді құртатыны анық болды.

















10

3 қосымша


«Ортофосфорлы қышқылдың қандай күші бар екен?»


Мақсаты: «Кока-Кола» сусынында ортофосфорлы қышқылдың бар екенін анықтау.


Құралдар: «Кока-Кола» сусыны, тотталған тиын, темір шәйнек


Зерттеу объектілері: тотталған тиын, шәйнектегі қақ


Мен бұл тәжірибені екі тәсілмен қарастырып көрейін дедім.

Біріншіден, ішіне қақ тұрып қалған шәйнекті алып, оның ішіне Кока-Кола сусынын құйып, отқа қойдым. Қайнағаннан кейін, сусынды төгіп шәйнектің ішін қарадым, өзгерістер бар, бірақ айтарлықтай емес. Сондықтан екінші қайтара тағы сусынды ішіне құйып, тағы отқа қойдым. Қайнағаннан кейін, сусынды төгіп едім, шәйнектің ішіндегі қақ та сусынмен бірге төгілді. Шәйнектің іші тазарып қалды.

Екінші тәжірибемде тотталған тиынды алып, Кока-Кола сусыны бар кесеге салдым. Сол кесені бірнеше күнге алып қойдым. Бес күннен кейін кесенің ішіндегі тиынды алып, таза суға жуып алдым. Қолымда судай жаңа жылтыраған тиын болды.


Нәтижесі:

Осы тәжірибе нәтижесінде ортофосфорлы қышқылдың тот пен қаққа қандай әсер ететініне көзім жетті. Оларды жуып, шайыпп, жоқ қылады екен. Сонымен бірге металл заттарын жақсы тазалайды екен.


















11

4 қосымша


«Қатты газдалған сусын асқазандағы қышқылды көбейтеді»


Мақсаты: «Кока-Кола» қатты газдалған сусын екенін анықтау.


Құралдар: «Кока-Кола» сусыны, тәтті кәмпит, кесе.


Зерттеу объектісі: кәмпит салынған сусынның жағдайы.


Ең алдымен Кока-Кола сусыны бар кесеге тәтті кәмпитті салдым. Кәмпитті салған сәттен бастап, сусын быжылдай бастады және көбіршіктер пайда болды.

Яғни бұл сусын қатты газдалған және оның әсерінен асқазандағы қышқыл көбейеді екен.


Нәтиже:

Кәмпит пен сусынды бірге қолданған жағдайда, асқазанда быжылдау басталып, асқазандағы сусын көбіршіктеніп кетеді. Осының салдарынан асқазандағы қышқыл да көбейіп, адам лоқсып, құсуы мүмкін. Яғни Кока-Кола қатты газдалған сусын.
























12

5 қосымша


«Капрон сусынға берілмес!»


Мақсаты: Кока-Кола синтетика өнімдерін ерітетінін анықтау.


Құралдар: Кока-Кола сусыны, капрон өнімі, кесе


Зерттеу объектісі: капрон өнімінің бір кеспесі


Алдымен капрон өнімін алып, кішкене ғана бөлігін қырқып аламыз. Кока-Кола сусыны бар ыдысқа салып, бірнеше күнге қалдырамыз. Бірінші күні өнімнің түсі өзгерді, бірақ ешқандай зақымдану көрінбейді. Үш күннен кейін қарадым, өнім сол қалыпта. Бесінші күні де қарадым, өнімді қолыма алып көрдім, ешқандай зақымдану байқамадым.


Нәтиже:

Кока-Кола сусынының капрон өнімдерін ерітетін қасиеті жоқ.



























13

6 қосымша


«Кока-Кола тамақ өнімдерін «сіңіреді» ме?»


Мақсаты: сусындағы ет өнімдерінің еритінін анықтау.


Құралдар: Кока-Кола сусыны, шұжық кеспесі, ет бөлігі, әйнекті 2 ыдыс


Зерттеу объектісі: шұжық пен ет кеспелері


Мен шикі еттің кішкене бөлігін және шұжықтың бір кеспесін алдым. Екеуін де бөлек-бөлек Кока-Кола сусыны бар ыдысқа салдым. Бірінші күні шұжық сусын бетінде қалқып жүрді, ал ет ешқандай өзгеріссіз қала берді. Бірақ екі ыдыста да сусынның түсі өзгере бастады. Үшінші күні екі ыдыстағы сусын ашық түске бөленіп, ішінде қоңыр үлпектер пайда болды. Ет пен шұжықтың бетінде осы ұлпақтар бүркеп алған. Бес күннен кейін шұжық ыдыстың түбіне жатты, ет пен шұжықтың сырты қоңыр ұлпақтардан көрінбейді, ал сусн мүлдем бұлдырланып кетті.

Сонда аспен бірге Кока-Кола сусыны асқазанға түскенде осындай әсер болатынына көзім жетті.


Нәтижесі:

Сусын ет өнімдерін ерітпейді, бірақ олармен өзара әрекеттескенде қоңыр ұлпалар пайда болып, асқазанға зақым келтіреді.




















14


Әдебиет


  1. http://massaget.kz/bilim/bilesiz-be/1157

  2. http://szh.kz/







































15

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 10.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров187
Номер материала ДВ-437770
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх