Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Ғылыми жұмыс "Ұлттық сана қалыптастыруда Аяз би ертегісінің маңызы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Ғылыми жұмыс "Ұлттық сана қалыптастыруда Аяз би ертегісінің маңызы"

библиотека
материалов

Жоспары:



І. Кіріспе

«Аяз би» ертегісіндегі халық арманы

ІІ.Негізгі бөлім

а) «Аяз би» ертегісіндегі шыншылдық, адамгершілік, тапқырлық тәрбиесінің

көрінісі.

ә) «Аяз би» ертегісіндегі отбасы тәрбиесі

б) «Аяз би» ертегісіндегі ел басқару туралы халық қиялы

ІІІ. Қорытынды

«Аяз би» ертегісінің жеткіншек ұрпаққа ұлттық тәрбие берудегі ролі



































Қазір біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Біздің заман арғы ата-бабаларымыздың қиял-армандары жүзеге асқан заман. Осы заман өзгерісінде біз өз ұлттық құндылықтарымызды сақтай алдық па? Әлде батыстың, орыстың т.б. елдерге еліктеушілігіміз өсті ме? Міне, осы сұрақтар әр адамды толғандыруы тиіс. Жас ұрпақ ата-бабаларымыз армандағандай ұлттық құндылықтарымызды қадірлеп, қастерлеп, онымен сусындап өссе онда болашақта елін шын сүйетін ұлтжанды азамат болып өсетініне сенім мол. Ал біз ондай тәрбиені көне эпостардан, ертегілерден, жыр-толғаулардан, өсиет сөздерден аламыз. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруде шағын ғана «Аяз би» ертегісінің ролі ерекше. Ертегінің оқиғасы қазақ өмірінің шындығынан алынады да, оның қоғамдық мәні зор тартыстардың төңірегінде құралады. Жалпы ертегі жанры- аңыздық прозаның дамыған, көркемделген түрі, оның мақсаты ұрпақ тәрбиесінде жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен сұрқиялық, ізгілік пен жауыздық, олардың өзара күресі, түбінде жақсылық жарқырап көрініп, әділеттілік салтанат құрып, ізгілік жеңіс тұғырына көтерілетінін баяндай отырып жастарды тек қана шындыққа, әділеттілікке шақырады. Ертегідегі Жаман образы – қазақ ауыз әдебиетіндегі халықтың осындай болса екен деген арманынан туған жинақы бейне. Ол-қарапайым, парасатты, адал, шыншыл, көреген, тапқыр, кішіпейіл, ізетті, көпшіл, қайырымды, қанағатшыл адам. «Аяз би» ертегісінің сюжеті Жаман қойшының Мадан хан сынынан өтуі, үйленуі, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқаруы, оның даналығын, достыққа адал, сертке беріктігін, әділдігін мойындаған хан өз тағын беруі сөз болады. «Аяз би» ертегісі - өмірде реалды түрде болмайтын халық қиялынан туған аңыз. [2,1] Ал осы ертегінің әр жолын философиялық тұрғыдан қарап, талдап оқысақ арғы ата-бабаларымыздың келешек ұрпаққа қалдырып кеткен мол өсиеттерін көре отырып таңдай қағамыз. Қазіргі жастарымыздың тәрбиесінен біздер шыншылдық, адамгершілік, тапқырлық нышандарын көп көре алмаймыз. Оның себебін қазіргі теледидарды, баспа материалдарды, ғаламторды жайлап кеткен атыс-шабыс фильмдерден, түрлі қатігездікті уағыздайтын видеоойындардан іздеуіміз қажет. Жастайынан осындай батыстық тәрбие алып өскен ұлт келешегінен біз не күтеміз? Ал «Аяз би» ертегісіндегі тапқырлықты: Мадан ханның уәзірлерін шөптің, құстың, адам жаманын тауып келуге жұмсағанын көруге болады. Уәзірлері әкелген адамды дұрыс деп шешкен хан: «Адамның жаманын дұрыс тауып әкелгендеріңмен, құстың, шөптің жаманын таба алмапсыңдар»,- деп ашуланады. Ханның қаһарынан қорыққан уәзірлер қырғауыл мен шеңгелді алдырмаған Жаман екенін айтады. Сонда Мадан хан Жаманды алдырып қырғауыл мен шеңгелді алдырмауын сұрайды. Өмір бойы еңбегімен күн көрген және өмірдің мол тәжірибесіне сүйенген Жаман хан сауалына былай деп жауап қайтарады:

- «Киім жыртып мал жемейтін шеңгелдің адамға пайдалы отын екенін, қырғауыл сиқысыз болса да досқа адал құс екенін дәлелдей, сауысқан жүні ала болғаны сияқты өзі де ала, бірлігі жоқ, екеуі бірігіп ұшпаған, екеу бірігіп қонбаған, адам пайдасына аспайтын арам құс еді»- деп топшылайды. [1,1]

Бұдан бізге атам қазақтың «Бірлік бар жерде-тірлік бар», - деген нақыл сөзі келеді. Осыдан біз ертегіде айтқысы келген «бірлік» ұғымына тоқталсақ, тату елді жау алмайды демекші, елін қастерлеп, сыйлап, қадір тұтқан халық ешқашанда өзге елге ырысын бермейді. Ал шөптің жаманы қара қоға екендігін: «қара қоғаны алып отқа жақсам, жанбайтын еді, үрлеген жалыны мен шоғы бірге сөніп, күлі бұрқырап үйді алып кететін еді. Малға салсам сиыр екеш сиыр да мұрынын шүйіріп жемейтін. Қара қоғаның жамандығын содан білдім»-деп дәлелдейді. Ертегіде шөптің жаманы арқылы халық адамға пайдасы жоқ, ел ішінде жүрген жатыпішер, жалқауларды,пысықайларды меңзейді. Абай атамыз: «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ»,-деп жылдар өте келе осындайларды айтқан жоқ па?! Қазіргі қоғамымызда жастарымыздың көбі «жұмыс жоқ» деген терминді желең етіп арамтамақ болып бара жатқаны ащы болса да шындық. «Есектің артын жу да, мал тап» деп өсиет етті бізге арғы-бабаларымыз. Қай қоғамда болмасын еңбек етем деген азаматқа жұмыс табылады. Еңбекті қанағат тұтып, шүкіршілік етіп өсуге біз жастарымызды тәрбиелей білуіміз қажет. Ертегідегі адамгершілік, шыншылдық қасиеттерді біз мына көріністен көре аламыз: Жаманның жауаптарына көңілі толған хан : «Өзімді сынашы, мен неше атамнан хан екенмін» дейді, ал бұл сын Жаманға оңай соқпайды, жамандығын көрсетеді деп ойлайды. Бірақ Жаман оған да мүдірмейді және хан алдында тұрмын деп именбейді. «Қасықтай қанымды кешсеңіз, айтайын», -деп жалтақтап жалынбайды, тайынбас қайсар, өжет өткірлігін білдіреді, Маданның қандай хан екенін айтып салады. Адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі қайсарлық пен шыншылдық, кезінде Бауыржан Момышұлы атамыз: «Өтіріктің балын татып өмір сүргеннен, шындықтың уын ішіп өлген артық» деп тегін айтпаса керек. Ал қазіргі жастарымыздың бойынан біз осындай асыл қасиеттерді көре аламыз ба, көпшілігінен, әрине, жоқ. Ертегіде халық шыншылдықты, турашылдықты, қайсарлықты осылай дәріптейді. Адамның бойындағы тағы бір жақсы қасиет ол адамгершілік, қонақжайлық, кішіпейілдік-ертегінің мына бағытынан бір осыны көре аламыз: «Мадан ханның Жаманға мені атам хан еместігімді қайдан байқадың деген сауалына: «Мен жаман-жақсы болсам да, үйіңізге келген қонақ едім. Хандардың ішер асы аузыңызға жал мен жая түспей, нан мен көже түсіп, мені келісімен аспазшыға жібердіңіз. Бұдан мен сіздің кішіпейілдігіңіз бен қонақжайлық қасиеттеріңізді байқадым. Хандардың көбі тәкаппар, менмен, өзімшіл болатын еді сіз ондай жасамадыңыз. Сіздің аталы хан еместігіңізді содан байқадым»-деп жауап береді. [1,2] Міне, қазіргі жастарымызға жетіспей жатқан үлкенге-құрмет, кішіге-ізет кішіпейілділік, адамгершілік ұғымдары ертегіде осылай суреттеледі. Қонақжайлық - ол қазақтың қанына сіңген қасиет, ертеде қазақтар қонағын құдайдай сыйлаған, ізет көрсеткен. Қазақ халқының қонақжайлық қасиеттері туралы әртүрлі зерттеушілер, жазушылар, тарихшылар т.б. көптеген мысалдарын келтіруге болады. «Қазақ қонағына қиналғанда астындағы жалғыз атын сойып берген»-деген нақыл сөз қалдырған бабаларымыз. Қазіргі жастарымыздың бойында осы қасиеттерді біз байқай аламыз ба, әй , қайдам!? «Аяз би» ертегісіндегі көтерілген мәселелердің бірі - отбасы беріктігі, татулығы. Қазақстанда қазір жастар арасында отбасы құру мәселесі өте күрделі. Отбасы проблемаларына ажырасу, неке санының азаюы, бала туудың төмендеуі, отбасылық зорлық, материалдық жетіспеушілік, жұбайлардың түсінбеушілігі. Қазақ халқы бұрыннан отбасын өте қатты құрметтеген. Отбасылық проблемаларды ушықтырмай, әділетті түрде шеше білген. Бұл қазақ халқының текті халық екенін білдірсе керек. Қазақ халқы отбасылық өмірге өте қатты мән берген. Қызды тұрмысқа берерде, баласын үйлендірерде текті отбасыларға, тәрбиелі отбасыларға беруге талпынған. Бұл ертегінің Меңдінің жар таңдауында өте күшті суреттеледі: «Уәлібайдың Меңді дейтін қызы он бес жастан күйеу таңдады: «Өзімнен ақылы артық кісіге тиемін»-деп, жиырма жылдай отырды, қазір отыз бесте. Бұған дейін ешкім ақылы артып оған күйеу бола алған жоқ. Бәрі де барып, қызға жауап қайтара алмай қайтып кетеді...». [1,3]Міне, қазіргі қазақ қыздарының жар таңдауға сабақ боларлық өнеге. «Қызға қырық үйден тыю»-деген бабаларымыз, ал қазіргі жастарымыз үй, дүние-мүлікке, мансапқа қызығып түрлі шетел азаматтарына тұрмысқа шығуда, бірақ көптеген осындай жағдайлардың арты айырылысуға әкеліп соқтыруда. «Ашығын айтқанда» бағдарламасында бір сұлу бойжеткен, ағылшын жігітімен үш жыл отасқанын, кейін айырылғанын баяндап берді. Неге ажырастыңыздар деген сауалға «Бізде материалды жағдайымызда көңіліңе не керек бәрі болды, тек менде жат жерде сырласатын, менің жан- дүниемді түсінетін адам болған жоқ. Біздің Дигард екеуміздің ұлттық менталитетіміз екі басқа, мен қателескенімді кеш түсіндім»-деп жауап берді. Қазіргі жаһандану үдерісінің кесірінен біз осындай дәрежеге жеттік, ұлттық құндылықтарымыздан айырылып қалдық. Біздің қазақ бірнеше ғасырлар бойы қанын таза ұстаған халық. Қазіргідей шет ел азаматтарына қызын бермек түгел, өз руласына үйлену қазақ тарихында болмаған. Қазақ отбасында отағасының ролі зор болған, ол жанұяны асыраушы, ақылшы, жанұя беріктігін сақтаушы. Сондықтан болар Меңді өзінен ақылды адам іздегені. Меңді сияқты әрбір қазақ қызы тұрмыс құрарда мәңгілік жарын дұрыс таңдауы тиіс, оның материалдық байлығы, түр келбеті емес, бірінші дәрежеде ақылы тұру тиіс.Жар таңдау ертегіде әр қазақ қызына сабақ болардай былай суреттеледі: «-Бикеш-ау, күйеу таңдаймын деп, сенде жұртты басындырып болдың-ау! Адам көргісіз бір жаман кісі сенде жұмысым бар дейді. Сенен ол да дәме етіп келген білем!-деп қалжыңдайды. Қыз жымиып күліп: -Ол түрі жаман болғанымен қандай кісі екенін қайдан білесің? Мынаны алып бер-деп жеңгесіне гауһар, пышақ, тәрелке беріп жібереді. Жеңгесі ол заттарды апарып берген соң, Жаман қолына алып қарап тұрады да:

-Бар, мұның құралын әкел-дейді.

-Ойбай! Әлгі жаманың: «Мұның құралын әкел» дейді,-деп жеңгесі қызға қайтып барады. Қыз:

-Жарайды,-деп, балға мен төс береді. Жаман балға мен төсті алған соң қайрақты төске қойып, балғамен ортасынан бөледі, тәрелкені уатады, пышақты жетесінен сындырады. Гауһар тасты қақ жарады.

-Мә, бикешке алып бар!-деп келіншектің қолына береді. Сынған заттарды көрген қыз ұшып тұра келіп:

-Ол шайтан болмай, адам болар, менің тап баратын кісім. Шақыр мұнда!».[1,4]

Бұдан біз алдында айтқандай Меңді қыз жиырма жыл бойына байлықты, мансапты, көрікті емес ақылды іздегенін көреміз. «Отан-отбасынан басталады»-деген қанатты сөзді біздің арғы бабаларымыз көнеден түсінген отбасының қоғамда алатын орнына үлкен мән берген. Отбасы татулығы шыншылдықтан, уәдеге беріктіктен, бір-біріне сенімділіктен қалыптасады. Мұндай отбасы рухани бай, ұрпақ тәрбиесінде үнемі алда болатынын дәлелдейді. Отбасы өмірінде шыншылдық пен уәдеге беріктік маңыздылығын халқымыз ертегіде мынандай жолдармен келтіреді. Дарға асқалы жатқан Жаманды Меңді қыздың өзі ақбоз атпен келіп, құтқарып қылышты көкірегіне тастап кеткен соң, Хан алдына келген Жаман: «-Тақсыр! Жаңа айтпаған себебім мынау еді. Мен барып Уәлібайдың қызына сырттан хабарласқанда , ол шағын бір тәрелке, бір қайрақ, бір пышақ, бір гауһартас беріп жіберді. Ол оның: «Қайрақтай болып езілгенше, тәрелкедей болып уатылғанша, пышақтай болып басы кесілгенше, сыр айтпайтын кісі, мына гауһартастай жарып мені алады»-деген еді. Мен оның тапсырмасын түгелдей орындап серт беріп едім. Сол себепті мана шынымды айтпап едім. Қыздың өзі мені аяп, ақ боз атқа мініп, бетіне перде жауып келіп, дардың жібін қиып көкірегіме көлденең қылыш тастап кеткені: «Мен үшін кінәсіз өлме, ерлігіңді көрдім. Қылыш үстінде серт жүрмейді деуші еді, антыңды қайтып ал»-деген еді. [1,5] Аяз би білгір данышпан ғана емес, ол сонымен қатар адамгершілігі күшті, уәдеге берік, серттен таймайтын жан. Өзінің уәдесі, серті үшін өлуге бар, айтқанынан бас тарту, қатерден қорқып үрейлену онда жоқ. Ол дарға асылып, демі бітіп жатқан кезде де сыр шашпайды, жанына сауға сұрамайды. Меңдіге берген сертінен айнымайды. Сөйтіп халқымыз Аяз биді әрі ақылды, әрі адамгершілігі жоғары, турашыл, ер азамат етіп көрсетеді. Халыққа тән даналық, батылдық, әділдік сияқты жақсы қасиеттердің бәрі де Аяз би арқылы беріледі. Аяз би - қазақ жастарының үлгі тұтар образы, оның бойындағы осы қасиеттермен ұрпағымыз сусындап өссе нұр үстіне нұр болар еді! Қазақстандағы ажырасудың жоғары дәрежесі қоғам өмірінде, сондай-ақ жеке адамның өміріндегідей отбасы бағалылығы мен маңызының төмендеуі туралы және отбасы қанағаттанатын адам мұқтажын неғұрлым аз қанағаттандыратындығы туралы айту керек. Бүгінгі күндері ажырасу себептері ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынасының шиеленісуінен қазіргі заманның стиліне және шапшаңдығынасәйкес келмейтін қазақстандық отбасының неке отбасылық қатынасындағы көне дәстүр және әдет-ғұрып бүлінгенін білдіреді. Соңғы жылдардағы статистикаға сүйенсек 2012 жылы құрылған отбасының- 28%-ы, 2013 жылы-32%-ы, 2014 жылы-27%-ы ажырасумен аяқталған.Ажырасулар көп болған сайын, бала туу да аз. Көптеген ажырасқан отбасы мүшелері, әсіресе, балалар психологиялық тұрғыдан қатты соққы алады. Бұл баланың тәрбиесіне әсері мол, ол бала қоғамға, ортасына қатігез болып кетуі мүмкін. Ажырасу қоғамның, сондай-ақ отбасының өзінің және оның мүшелерінің дағдарыс жиынтығы болып табылады. [4] Отбасының ажырасуына түрлі факторлар әсер етеді. Осыған әрбір отбасы мүшелері дайын, неке табалдырығын аттағандағы сертіне берік болуы керек. Кішкентай ғана ертегіде отбасы проблемасындағы ажырасу салдарын халқымыз бәрін көрсете алмасы анық. Бірақ та ертегінің мына жерінде бір факторы көрінеді. Хан мен Жаманның арасындағы достықты бұзу ниетімен уәзірлері Хан алдында Меңдіні мақтап, оның сұлулығын, ақылдылығын сөз етіп сізге лайық әйел екен деп азғырады. Міне, осы тұста алдында айтқандай Жаман сертіне қандай берік болса, күн түскенде Меңді де хан сарайының байлығына, мансапқа, билікке қызықпай, отбасы беріктігіне көңіл бөледі. Еріне осы қиын жолдан шығуына көмектесіп, өз ақыл-кеңесін беріп отырады. Соңында хан өз қатесін мойындап, Жаманнан кешірім сұрайды. «Жақсы әйел жаман еркекті өрге сүйрейді...»-деген аталы сөз осыдан қалса керек. Әр қазақ әйелі көнеде еріне ақылшы, кеңесші, корған бола білген. Оған Меңдіні, Қарашашты, Құртқаны, Жібекті тағы басқаларын мысалға алуымызға болады. Әр отбасының татулығы, бақыт-берекесі түсіністікте, сыйластықта. Осы айтылғандардың бәрін біз ерте Жаман мен Меңдінің бойынан табамыз. Сондықтан көне ата-бабаларымыз өсиет етіп кеткен. «Аяз би» ертегісін оқып, оның мән-мағынасына терең бойлай білсек отбасы мәселесінде ажырасу болмайтынына мен сенімдімін. Отбасы болғасын «шыны-аяқ сылдырламай тұрмайды...»-дейді атам қазақ, бірақ осының бәріне сабырлық, шыдамдылық қажет. Бір сәттік ренішке бола отбасын бұзу кезінде, біріншікезекте балалар зиян шегетінін қашан да ұмытпаған жөн.

Ертегінің көтерген шоқтығы биік проблемасы-ел басқару. Ел басқару оңай шаруа емес. Қазақ жерінде елді әр түрлі тұлғалар басқарғанда өркендеу, тоқырау замандары болған. Қазақ елінің ел болып қалыптасуына ерен еңбегін сіңірген Абылай, Әбілхайыр, Қасым, Тәуке хандармен қатар беріректегі ел билеушілеріміз Д.А.Қонаев, Н.Ә.Назарбаевтың істері ел есінде мәңгі қалмақ. «Әкім бол-халқыңа жақын бол!»-дейді Абай атамыз. Ел билеуде басшы өз мансабы, атақ-дәрежесі, шен-шекпені үшін емес халқы үшін еңбек етуге тиісті, халқының мұң-мұқтажын одан шығар жолды ойлап шешуге тиіс. Әрине, халық аузында барлық билік құрған хандар мен билеушілер атала бермейді, олардың ішінен зерек, ақылды, халық үшін игілікті іс жасағандарын ғана ертегіге қосады, осыларды кейінгі ұрпаққа үлгі етеді. Ал халық әрдайым тек әділін, турасын айтады. Халықтың болжауынша билік пен халық арасында өркениетті қарым қатынас орнауы керек.Көнеден келе жатқан ел басқарудағы зияндытермин мансапқұмарлық, өзімшілдік, дүниеқоңыздық. Міне осы факторлар билік пен халық арасын алшақтатады. [5]. Осындай адамдар көңілімізге қаяу тудырса да қоғамда көп кездеседі. Ертегіде халық олардың образын ханның қырық уәзірі арқылы береді. Ханның қырық уәзірі ертегіде мансапқұмар, менменшіл, көреалмаушылық қасиеттерімен ерекшеленеді. Олардың ойы не болса да ханның көңілінен шығып, өз пайдаларын ойлау. Міне, осындай жат қылықтар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа әкеп соқтырады. Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтармен айналысушылардың негізгі себептері мыналар болып табылады: құқықтық білім дәрежесінің төмен болуы, өзінің жеке басының мүдесін мемлекет мүдесінен жоғары қоюы. Әр басшы өз мүддесіне қызмет етсе, халық мүдесі қайда қалады? Әрине сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, қоғам дамуын тұншықтыратын қауіпті кесел. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің жастарға арнаған сөзінде: «Бүгінде әр Қазақстандық өзді-өзінен елімізге жақсы болып, біздің Отанымыздың дәулеті арту үшін мен не істедім деп сұрауы керек. Егер әр адамда осылай пайымдайтын болса, бүкіл елеміз өзінің дамуына қарқуына менің сенімім мол»-деп көрсетті. Бұл сөздерден біз әр Қазақстан азаматы қандай лауазымда болмасын халқына адал қызмет ету керектігін ұғамыз. «Аяз би» ертегісінде халық мансапқұмар уәзірлерді Жаманның тәрбиелеуін Мадан ханның көне көз қариямен сұхбаттасып, оның шешімін уәзірлерге тауып келуі тапсырмасымен суреттеледі.Жұмбақ сөздерді таба алмай дал болған уәзірлер көмекті Жаманнан сұрайды. Жаман өзінің айласы арқылы ханның алдына қырық уәзірін жалаңаш айдап келеді. Хан алдында Жаман: «Үстеріңдегі киімдеріңді отқа жаққаным білдірмей жұлғаным, күйдірмей пісіргенім, сендерді алдыма салып жаяу айдап әкелгенім, қан шығармай сойғаным еді»-деп суреттейді.[1,6] Ертегіде халық мансапқұмар, өзімшіл, дүниеқоңыз уәзірлерді осылай жазалайды. Бізде қазіргі қоғамда ел болып сыбайлас жемқорлық көріністеріне тосқауыл қойып күресуміз қажет. Ертегі соңында Аяз би хандық дәрежеге көтеріледі. Мұнысы халықтың өмірді түсінетін қарапайым адамдар хан болса екен, елді көпшіліктің ортасынан шыққан басқарса екен деген арман-мүдесін көрсетеді. Аяз биді хандық дәрежеге жеткізе отырып, халық ертегісі оған қалың көпшілік атынан ақыл-кеңес береді: «Әділ турашыл бол, баймын деп аспа, ханмын деп таспа»-дейді. [2,2] Халық Аяз биге күртешесін хан тағының алдына ілдіріп, оның өткен өмірінен сабақ алып есіне түсіре отрып «Аяз әліңді, құмырсқа жолыңды біл»-деп жол көрсетеді.Бұл қазіргі басшыларға үлкен сабақ болуы тиіс. Қорыта айқанда , «Аяз би» ертегісінің қазіргі қоғамда жастарға берері мол, тәрбиелік маңызы зор. Ертегіде жас ұрпақ тәрбиесіне керекті мәселелердің бәрі қамтылған. Ертегідегі Жаман-қазақ ауыз әдебиетіндегі қарапайымдылық, адамгершілік, парасаттылық, адалықтың,шыншылдық, тапқырлық, кішіпейілділіктің үлгілі бейнесі. Өмірдегі болып жатқан нәрсені әдейі өзгерте отырып, ой, арман, қиялдан туған кейіпкер арқылы бейнелеуді ойлаған. Осы кейіпкер арқылы жас ұрпаққа ақыл-кеңесін, өсиетін қалдырып кеткен. Аяз би қазіргі жастарымызға ұлттық тәрбие беруде үлгі боларлық тұлға. «Аяз би» ертегісін біздер жастарға тәрбие боларлықтай үгіттеп, жарнамалай отырып оларды ұлттық тәрбиеге, ұлттық рухани мұраларымыздың мол мұраларына көз салуына жол аша аламыз. Өйткені, ертегіні айтушы жастарымыздың өмірде бір ретте болса да сондай болғанын қалайды, армандайды. Қысқасы, Аяз биді өмірде болған тарихи тұлға дегеннен гөрі, халықтың келешегін осындай болса екен деген арманынан туған-«Арман» тұлғасы тым ертеде ескерткен халық даналығы мен асқақ мұратының көрінісі деген орынды. Сондықтан халық қиялында туған «Аяз би» образын жастарға үлгі ете білейік!





























Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Аяз би» ертегісі

  2. Д.Мәсімхан «Аяз би» ертегісінің ұлттық тәрбие берудегі ролі» мақаласы

  3. М.Сүндетов «Қазақ ертегілерінің ауыз әдебиетінде алатын орны»

  4. «Қазақстандағы отбасымен әлеуметтік жұмыстың өзіндік ерекшеліктері» мақаласы «Парасат» журналы 2013ж.

  5. «Ел басқару ісі» баяндамаGoogle сайты.





































Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Атырау облысы

Индер ауданы

Кулагино орта мектебі





Қуанышкереева Айсана

10- сынып

Тақырыбы: «Жас ұрпаққа ұлттық сана қалыптастыруда

Аяз би» ертегісінің мәні»





Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және

болашақ дамуы бар саяхат маршруттары





Секциясы: Этномәдениеттану



Ғылыми жетекші: Ахмет Аққали

Тарих ғылымдарының докторы, Х.Досмухамедов

атындағы Мемлекеттік универсиетінің профессоры



Жетекшісі: Шмиров Бейбіт Қанатұлы

жоғары санатты тарих пәні мұғалімі









Атырау 2015 жыл





Пікір



Оқушым Қуанышкереева Айсана өз еңбегінде «Аяз би» ертегісінің философиялық айтар ойларынатоқтала келе, ертегідегі Жаман образының адамгершілік, шыншылдық, тапқырлық,кеңпейілділік қасиеттеріне сипаттама бере отырып жас ұрпағымыздыңтәрбиесіне үлгі болар тұстарын көрсетеді. Қазіргі кезде проблемалық мәселе «отбасы мәселесіндегі» кемшіліктерімізді ертегідегі Жаман мен Меңдінің арасындағы сүйіспеншілік арқылы ұғынып,үлгі тұтуға шақырады.Сонымен қатар, ел билеу ісінде Жаманның әділдігін,турашылдығын жас ұрпаққа үлгі етеді. Айсана өз еңбегінде жастарға ұлттық тәрбие беруде «Аяз би» ертегісінің мәнін жүйелі түрде сипаттап көрсете алған.





Мектеп директоры: Р. Канатов.

Жетекшісі: Б. Шмиров.

































Пікір



Менің осы тақырыпты қорғаудағы мақсатым- қазіргі кезеңде қазақ жастарыарасында ұлттық тәрбие құндылықтарының төмендігі себепші болды.

Осы еңбегімде жастарға қазақ халқы қиялынан туған әділ, шыншыл, тапқыр,қарапайым, турашыл, ізетті, инабатты Жаман образы арқылы жастарғабабаларымыз өсиет етіп кеткен қасиеттерді ұғындыруға тырыстым.

Ертегіде көтерілетін отбасы берекесі мен ел басқару ісін жас ұрпаққа

сипаттай отырып , Жаманның образы бойындағы асыл қасиеттерді үлгі тұтуғашақырдым.





Қуанышкереева Айсана

9-сынып оқушысы

































Аннотация

Жұмыстың мақсаты: Қазақ жастарына «Аяз би» ертегісінің ұлттық

құндылықтарын ұғындыру, Жаман образының

бойындағы асыл қасиеттерді жас ұрпаққа үлгі

ету. Жастарға ұлттық тәрбие берудегі «Аяз би»

ертегісінің маңызына тоқталу.

Болжамы:«Аяз би» ертегісі болашақта қазақ жастарына

ұлттық тәрбие беруде маңызы артып, ондағы

адамгершілік құндылықтарды үлгі тұтуда жас

ұрпақтың сүйікті еңбегіне айналары анық.



Зерттеу кезеңдері: «Аяз би» ертегісін философиялық тұрғыдан

сараптау оқу, ертегі туралы жазылған материал-

ды жинақтау, интернет материалдарымен

жұмыс жүргізу

Әдістемесі: Ақпараттарды жинау, жинақталған материал-

дарды қорыту.



Зерттеу жаңалығы:«Аяз би» ертегісінің жастарға отбасылық

тәрбие берудегі маңызы мен ел билеудегі

әділдік, шыншылдық қасиеттерін үлгі тұту.



Жұмыстың нәтижесі:Жинақталған материалды жоспар бойынша

топтастырып, «Аяз би» ертегісіндегі ұлттық

құндылықтарды жас ұрпаққа үгіттеу.

Қорытынды: «Аяз би» ертегісінің жастарға ұлттық тәрбие

берудегі құндылықтарына тоқтала отырып,

оны үлгі тұтуға шақыру.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.11.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров247
Номер материала ДВ-153111
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх