Инфоурок / Другое / Научные работы / Ғылыми жұмыс 9 сынып
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) в соответствии с ФГОС" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 224 курсов со скидкой 40%

Ғылыми жұмыс 9 сынып

библиотека
материалов

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі

Талғар ауданы Жамбыл Жабаев атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектеп






Тақырыбы: «М.Мақатаев поэзиясындағы әйелдер бейнесі»

Бағыты: Анасы жайлы, әйелдер, қыздары туралы жазылған

өлеңдерін зерттеп,оның тарихын білу




Секциясы: Әдебиет



Зерттеудің негізгі бағыттары


1.Ақынның әйелдер жайлы жазылған шығармалары іздестірілді.


2. анасының ,жұбайының ,қыздарының, әріптесінің т.б суреттер іздестіріп, жинақталды.

3.мектептегі мерекелерде, кештерде ақын шығармалары оқылды.

Орындаған: 10 «Б» сынып оқушысы

Халдарова Азиза






Ғылыми жетекшісі:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Кожакымбаева Акмарал Онербековна












Талғар қаласы 2017

Абстракт



Тема: Женские образы в поэзии М.Макатаева


Цель: исследование Женские образы в поэзии акына, собрать информацию, проанализировать и разобрать


Направление: Образ женщины-материв произведениях М. Макатаева, исследование истории создание.


Секция: Казахская литература


Основные периоды исследований

Первый период: Были найдены и разобраны стихи о женщинах.

Второй период: Были собраны фотокарточки матери, дочерей

Третий период: На школьных мероприятиях , на литературных вечерах читала стихи поэта






















abstract


Airektioh : historic monumebts and perspective tourist routes of Kazakhstah


Sektioh: ethonoculturecohducnion


F.N.O Xaldarova Aziza


Class 10 «Б»




































Пікір


Халдарова Азиза Талғар қаласы Ж.Жабаев атындағы № 6 жалпы білім беретін орта мектептің 10 «б» сыныбында оқиды. Азиза қазақ тілі мен әдебиеті пәнін жақсы көріп , осы пәнге деген бейімділігін көрсетіп жүрген оқушы. Өзінің ата –анасынан қолынан келгенінше қазақ тілін үйреніп , қазақ тілінде сөйлеуге ,мақал-мәтелдер жаттап, өлең үйреніп жүреді. Сабақтан тыс кезінде уақытты бос өткізбейді. Мектеп кітапханасынан, аудандық кітапханадан қазақ тіліндегі кітаптарды алып оқиды , тест сұрақтарына жауап қайтарып, суреттермен сөйлемдер құрастырады.

Азиза пән мұғалімінің нұсқауымен зерттеу барысында көп ізденіп, тақырыпты жан-жақты ашуға тырысқан. Зерттеу жұмысы өзінің тақырыбына сай жазылған.

Ғылыми жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кожакымбаева Акмарал Онербековна






























Кіріспе

« М.Мақатаев-адамдар арасындағы , өмірдегі,табиғаттағы жарастық пен келісімнің жаршысы.Оның олеңдері шын тебіреністен,шын шабыттан, шын күйзеліс пен шын қуаныштан,шын саңыныштан туған»-деп Әбіш Кекілбаев тап басып айткан.

Халқының шексіз махаббатына бөленген,жырлары миллиондардың жүрегнін хаулаған,»қазаөтың өзіндей қараппайым өлеңін» қазына-байлығын өзіне ұайтадан сыә етіп ұсынған сөз зергері. Өзгелерге өмірді сүюге үйреткен, жеке басының қамынан гөрі адамзатты, адамның асыл сезімдері мен жақсы қасиеттерін,халқының қуаныш -қайғысын,бабадан қалған байтақ мекеннің дарқан даласы мен асқар тауын,өзен-көлдері мен аң-құсын, тылсым табиғаты мен сиқырлы құпиясын өлең етіп өрген таланты ақын.

















hello_html_77aede59.jpg


Ана!

Бәрі де,Ана, Бір өзіңнен басталады. Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды. Қуандым ба,Өзің бар деп қуандым. Жыладым ба, Өзің жоқ деп жас тамды. Бәрі де,Ана, Бір өзіңнен басталады. Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды. Еркелесем,бір өзіңе еркелеп, Жасқандым ба, Тек өзіңнен жасқандым. Алғашқы дәм,ол да сендік сүт еді, Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді, Отанымның өзі сенен басталып, Жауларыма жеткен жерден бітеді.

М.Мақатаев













Мұқағали шығармасындағы әйелдер бейнесі

.

Заманымыздың заңғар ақыны Мұқағали Мақатаев. Халқымыздың дәл бүгінігі түсінігімен айтар болсақ, ол қазақ әдебиеті мен мәдениетінің мерекесі.Мұқағали сезімінен туған біраз өлеңін жатқа білсек те, соның ішінде әйел тақырыбы арман-мақсатымызды арқалап өрге жетелейді.

Ақынның періште қыз, перизат ару, ардақты ана, асыл әже туралы жазған өлеңдері оқырманына еріксіз ой салады

.Ана туралы жазбас бұрын Мұхамед Пайғамбардың «Анаңды Меккеге үш рет жаяу арқалап апарсаң да ақ сүтін ақтай алмайсың» деген ұлағатты ойдан бастағым келіп отыр.Ол алдымен өзі емес ,анасының дүниеге алғаш келгенінен бастап көрген азабы мен ауыртпалығын көз алдыңда қаз-қалпында суреттей білген.

Қаршадайдан қайғыны ішіп қанған,

Қайырылып артына ұшыпты арман.

«Сарыбастау» анамның көз жасымысың,

Сау етіп кірпігінен түсіп қалған.

Өмірге шешем келген осы маңда,

Өмірді сүрген және шошығанда

Он бесінде жат жұрттық пенде болып,

Жат босаға тұрыпты тосып алда- деп анасының көрген қиындықтарын, қайғы-қасыретін суреттейді.

Мұқағали шығармасындағы әйелдер бейнесі өте терең жәнеде шынайы .Өзге ақындардың шығармашылығынан ерекшелігі -жалған өмірдің шынайы келбетін кереметтей ашуында.

Мысалға анасының күнен-күнге қартайып бара жатқан бейнесін көріп,жүректе терең күрсініп, ақын көзіне жас алып,


hello_html_16bf1caa.jpgЖүрегімде жүргені-ай,бір қауіптің

Сабағындай шырмайды,шырмауықтың.

Сырылдап өтіп жатыр,зырлауық күн

Жүрегімде жүргені-ай,бір қауіптің.

Шешем менің еңкейіп бара жатыр

Қай күні келеді екен,нала батыр,

Жел маған сыбырлайды,аят оқып,

Айырласың бір күні, қарада тұр.

Білмеймін көңіл қандай күй кешеді

Қаңырап қалу оңай ғой, үй кешегі,

Бірдеңем жоғалғандай алаңдаймын

Көрінбесе анамның, кимешегі.


Осы бір өлеңнен,ақынның анасына деген терең сезімін байқаймыз.

Ал ақынның «Ұнатамын мен сені» деген жырында өзінің өмірлік жарына терең сезімін тереңнен қозғайды.

Дегеніңнің бәрінде жасап жүріп

Көрсетпедім,зәредей асау қылық,

Сенің ғана ырқыңа бас алдырып

Сенің үшін бұғамын ,көрсетпестен ешқашан жасандылық.

Ұнатамын мен сені,дегенменен

Көрмегенді,басқадан сенен көрем -деп жарына деген сезімнің жәнеде сенімнің қарсы алдында ақын өзін дәл осылай ұстайы.

Жарына деген көзқарасы жанға жылы және өте ыстық


hello_html_30fe5230.jpg.


Ал Майгүлге деген өлеңінде,

Түсіме енді, ап-арық қызым бүгін

Жұлынған қызыл гүлім,

Бақшамдағы балбырап, пісіп тұрған

Апыр-ай, жұлып кетті ,жүзімді кім.


Түсімде қызым мені шақырады

Өзеннің ар жағында отырады,

Ғафу балам, ғафу ет бара алмаймын

Мен деген жер бетінің ақымағы.


Мен деген жер бетінің ақымағы

Алдымда, асқар, асу жатыр әлі,

Сабыр балам, қай жаққа қашар дейсің

Сені жапқан, қара жер топырағы.

Дей көрме әзірге қасыма кел

Тағдырдың дегінін, бас ұра бер,

Түбінде бір жол бізді табыстырар

Қайтейін, әзірге, сағына бер, сағына бер

.


hello_html_7763348b.jpg


Міне, мезгілсіз қайтыс болған қызына, жүректе терең, дәл осылай ақын күрсінеді,жылап жырлап, көңілде үнсіз қалады.

Күнделікті өмірдің ертеңінде ,көз алдында жүрген ,жас раушаны, ерте солып, ақын тағы да көзіне жас алады.

Қалақтай едің қабіріңде қалақ тұр

Өткеніңді, бүгініңді санап құр,

Сенің аңқау құлағыңдай қалқиып

Қыр басынан ,қала жаққа қарап тұр.


Қызым менің, гүлім менің аяулым,

Жатыр молаң, жотасындай қоянның,

Құлпы тастың құны маған бес тиын

Бірақ оны қалай жаншып қоярмын.


Қойман ботам, кергі не көк тастың

Қыста ақ қар, жазда шалғын шөп бассын,

Өзің келген май айында ақ нөсер,

Бізбен бірге, ағыл-тегіл жоқтасын.


Сезімге толы, шын махаббаттың алдында ақын бейнесі, теңіздей тұнық, аспандай ашық, кіршіксіз адал.

Ақынның Әже сен бірге жүрсің меніменен»атты өлеңінде

Әже сен бірге жүрсің меніменен

Өліге мен өзіңді, телімегем,

Ақ кимешек киген бір кемпір көрсем

Ақ кимешек астынан, сені көрем.


Өңі-жүзі өзіңнен бір аумайды,

Немересін ертпесе жүре алмайды,

Таныс дауыс, таныс сөз,таныс мәсі,

Көзіме оттай басылып алаулайды.


Әже сен бірге жүрсің меніменен

Өліге мен өзіңді телімегем,

Ақ кимешек көрінсе сені көрем

Ақ кимешек,жоғалса нені көрем.

Әже ,мен әлі күге сені көрем.

Яғни, ақын өміріндегі әйел бейнесі, ойдан емес,ақынның шынайы өмірінен алынған, жасырған сырында емес, әрине керемет жырында.

Ақын жырының ерекшелігі, жазылған жыры, басынан өткен сыры, өмірдің бізге қалдырған, ащы қыры, сол үшінде ақын өлеңдері өте терең жәнеде күрделі.

Ал өзінің қаламдас құрбысы, қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсыноваға арнаған өлеңінде,


hello_html_m7fc8f078.jpg

Фариза,Фариза жан,Фариза қыз

Өмірде ақындардың бәрі жалғыз,

Біріміз бірімізден арылармыз

Ақыры шыдай-шыдай жалығармыз.

Біздерді жоқтайтын жан болса егер

Шаң басқан архивтерден табылармыз.


Сен мені білесің бе, білесің бе?

Жан екенмін жаралмаған күресуге,

Жылай жүріп өтірік күлесің де

Жүресің де қоясың,жүресіңде


Бірі итеріп кеудемнен ,бірі шалып

Тастағысы келеді күресінге

Фариза жан сен сонны білесің бе?


Ақын болып несіне жаратылдым

Қалып қоймай арасында қара түннің,

Қасиетін сеземін деп ана тілдің

Қауырсыны қалмады ғой қанатымның.


Айналаға қарайық анық барлап

Түн батқан соң ,күн шығып жарық болмақ

Не жайында жырлаймыз Фариза қыз

Бағыштайық бәрінде халыққа арнап.


Жігітінен қазақтың ДОС таба алмай

Қызда болсаң мен саған мұң шағамын.

Міне, ақынның Фаризаға ,яғни қаламдас құрбысына қыз демей жасырмай, ойының тереңінен өзі жайлы мұң шағады ,бұл басқа ақындардан ғана емес, тіпті ер адамдардан көп кездеспейтін ерекше ақынға тән қасиет ел алдында және де жырында, кереметтей тоқталады ,ал өмірде, Фаризамен нағыз сырлас болғанында дауа жоқ.

Ал жалпы әйелдер бейнесіне келсек, ақын сол баяғы жүрекке терең үлкен мағынасынан ауытқымайды.

Мұқағали ақынның күнделік беттерінде «Поэзия махаббаттан басталып парасаттан аяқталуы тиіс» дейді.

Әйелдер-ай?

Әйелдер-ай!

Қандайсың!

Әдемі боп кетіпсің ғой әрқайсың,

Біреу жеріп тұрсадағы қалмайың,

Біреу сүйіп тұрсадағы бармайсың

Әйелдер-ай!

Әйелдер-ай, арулар-ай?!

Жанарлардың жауын алып тұрған-ай.

Біле тұра бүйректерің бүлк етіп,

Кетесіңдер тыңдай тұра ,тыңдамай

Әйелдерді еркектерден көп дейді

Ойбай-ойбай бола берсін көп мейлі,

Әйел деген әдемі ғой, әдемі,

Әдемілік бізге көптік етпейді. Біреу жеріп тұрсадағы қалмайсың, біреу сүйіп тұрсадағы қалмайсың деп әйел құпиясының бір кілтін көрсетеді.


hello_html_24b49d0d.jpg


Мұқағали Мақатаев өз жырының нағыз символы,қай өлеңде жәнеде қай әнде де.Мұқағали тереңдік пен шындықтың нағыз бет- бейнесін аша біледі.

Мұқағали қазақ халқының нағыз ақиық ақыны,

Ақиық мағынасы сұңқар. бүркіт бейнесінде.

hello_html_7957ef14.jpg

Ғ. Мүсіреповтың шығармасында ашынған ана жалғыз ұлын ажалдан арашалап алып қалу үшін аштыққа көнеді, жалаңаштыққа төзеді, зынданға түседі, азаптың бәрін де көреді,шыдайды.Ақыр аяғында абақтыдан шыға сала жан түршігерлік азаптың бәрін ұмытып, жалғызын көру үшін ауылына қарай құстай ұшады.Ал Мұқағалидың «Сөнбейді әже, шырағың» шығармасында жалғыз ұлының қан майданнан оралмаған әженің жоғының орнын кім толтырады? «Өлді» деген хабар келсе , жалғызын бақилыққа қимаған ана үмітін үзбей тосып жүр.Отыз жыл ұлын «келіп қалар деп» тосқан ананың алдағы күннен күтері-сол жалғыздан қалған тұяқтың амандығы.

Сағынып жалғызыңның салған әні,

Аққудың аспанда ұшқан қанатында,-дейді ән.

Сөнбейді әже, шыррағың,

Бойында сенің тұмарың ,

Ұшып жүр жалғыз қыраның

Сөнбейді әже, шырағың!


Ендеше ,ақын да өмірде жаны сағынышпен сыздағанда, мүмкін кейде торыққанда: «Дариға-ай»,- деп өлеңмен мұңының орнын толтырған болар.Оның кітаптарының бірінде»Дариға жүрек шөлдеді» деген атпен махаббат сезімі жырланады.

Мысалы ,Қасым Аманжоловтың

«Дариға,о, дариға,шіркін дәурен,

Басымнан таярмысың, бір күн дәурен»,- деп те, одан соң:

«Қайда екен, қайда, дариға-ай сол қыз?» деп жырлаған ғой.

Дегенмен, біз үшін Мұқағалидың «дариға-ай» деген сөзінің орны бөлек. Әсіресе оның әнге арнаған өлеңіндегі : «Дариға домбырамды берші маған» деген жолы сағынышқа арналған.

Біз осы екі дарынның ән мен өлең арқылы нәзік жандарға арнаған әні. 17

Мұқағалидың «Аққулар ұйықтағанда» поәмасында баласын ажалдан алып қалу үшін қандай әрекетке де тайсалмай баратын ана махаббаты суреттелген.






















Пайдаланған әдебиеттер


1 «Хантәңірі» газеті-2011ж

2. «Жетісу» газеті-2007ж

3 «Жетісу» газеті-2011ж

4. «Өмірдастан» жыр жинағы

5. М.Мақатаевтың шығармаларының төрт томдық жинағының 2 том Алматы , «Жалын» баспасы 2011ж

6. М.Мақатаев тың «Дариға жүрек» кітабы

7.Мұқағали» Республикалық әдеби-мәдени танымдық журналы .2009 ж , сәуір


































Мазмұны


Абстракт.............................................................................1-3 бет


Пікір.........ү..........................................................................4 бет


Кіріспе...................................................................................5-6 бет


Шығармалары.......................................................................7-14 бет


Пайдаланған әдебиеттер......................................................15 бет

16



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-385192

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"