Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Ғылыми жұмыс тақырыбы: "Қазақ хандығы"

Ғылыми жұмыс тақырыбы: "Қазақ хандығы"

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_6102b9f6.gifhello_html_180171a9.gifhello_html_m3d311d5a.gifhello_html_a43b188.gifhello_html_15f5e58f.gifhello_html_m76fb6070.gif


1.Аты - жөні: Сулейменова Молдир Болатбековна

2.Жұмыс орны: Сәтбаев қаласы № 3жалпы орта мектебі

3.Қызметі: тарих пәні мұғалімі

4.Ғылыми дәрежесі, лауазымы: жоқ

5.Мақаланың атауы: Қазақ хандығының қүрылуы

6.Байланыс телефоны: сот. 87053325861

7.Е-mail: suleymenova.moldir.83@mail.ru






































Сулейменова Молдир Болатбековна

тарих пәнінің мұғалімі

«№3орта мектебі»Сәтбаев қаласы.


Қазақ хандығының құрылуы


Біздің елдігіміз қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көктүріктерге жалғасады.Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп,хандық дәуірге ұласып,кейін біртіндеп тәуелсіздікке тіреледі.

Нұрсұлтан Назарбаев


XV ғасырдың ортасы мен XX ғасырдың соңы қазақ халқының тарихында ерекше орын алады. Ерекшеліктің ең басты белгісіне – ұлттық мемлекетіміздің қалыптасуы мен қайта түлеуі болса, ал басты оқиғасына Қазақ хандығының құрылуы мен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алуы жатады. Тарихтағы мұндай түбегейлі бетбұрыстарды қалың бұқара жасайды. Ал бұкараның басында көш бастаушы ірі тарихи тұлғалар тұрады. Бүгінгі күндегі егеменді еліміздің іргесін бекітіп, шаңырағын шайқалтпай тұрған тарихи тұлғалардың іс-әрекеттері көз алдымызда өтіп жатыр.

Біздің жыл санауымыздың екінші мың жылдығы бұған дейінгі иісі түркілік тұтастықтың енді түркілік бөлшектенуге ұласып,Евразия қос құрлығында түркі тектес ұлттардың өзіндік этникалық тұлғасын даралай бастаған кезі еді.Орта ғасырдағы ұлттық дараланулар,этностенудің шыңдалуы жалпы азаматтық дамумен байланысты болғандықтан,бұл процесс тек түркі тектес халықтарға ғана емес,әлемнің басқа халықтары үшін де ортақ болды.Осынау,тарихи ұлы саралану барысында өзінің ата жұртында қазақ халқы да ел болып іргесін айырып,ұлт болып шаңырақ көтерді.Моңғолдардың жойқын шабуылынан кейін,Шыңғыс ханның кіндігінен тараған ұрпақты ел басына отырғызу Тәңірінің жазуындай заңдылыққа айналды.Мұндай үрдісті қазақ халқы еш қарсылықсыз қабыл алды.Оның өзіндік сыр себебі бар еді.

Біріншіден, «Жер –төбесіз,ел- төресіз болмас» деп келетін дәстүр Шыңғыс ханнан да арғы замандардан келе жатқан үдеріс болатын. Сақ, Скиф, Ғұн, Түркі Қағанаты заманынан бастап ел билейтін рулар дараланып отырған.Жеті жұрттың тілін біліп,Қытайда жеті жыл оқып келген дана Тоңұқыққа қаған бол дегенде «Жоқ, мен аналық –Ашиде руынан шықтым,ата салты бойынша қаған болу аталық –Ашына руынан шыққандардың жолы» деп жауап беретіні сондықтан. Яғни, дәстүрлі ұғым бойынша елдің төресі болу атақ та емес,лауазым да емес, ең алдымен этникалық статус, елдік рәсімнің елеулі бір айғағы болған. Тіптен « төре» сөзінің мән-мағынасы түркі тіліндегі «төр ие», «төрдің иесі» деген ұғымды білдіретінің айта кеткен жөн. Шыңғыс ханның ұрпақтарын моңғол болғандықтан «төре» демеген, қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен өктемдік көрсеткеніне қарамастан, ел басында болған соң «төре» деп атаған. Бұл дәстүрдің ел санасындағы беріктігі сонша, кейін орыстың отаршыл әкімдерін де «төре» деп атайтын болды.

Екіншіден, Шыңғыс хан ұрпағының ел басына отыруына қазақтардың шамданбауының себебі – моңғолдар да көшпелі өмір салттағы жапсар ел еді. Кісілік қалыптарында қазақтармен көп ортақ қасиеттері болды.Тіптен, қазақ пен моңғол тайпалары ежелден тығыз араласып құдандалы болып, бірінің тілін екіншісі жақсы меңгеріп алған. Қысқасы, осы сияқты жағдайларға байланысты, Шыңғыс ханның әулеті қазақ даласына үстемдік құрғаннан кейін бірер ұрпақ алмаспай жатып-ақ жергілікті халықтың тілі мен дініне бірер ғасыр өткенде Шыңғыс хан әулетінен тараған төрелер қазақ халқының тәуелсіздігі үшін, басқаны былай қойғанда, моңғол- қалмақтармен соғысып,сол жолда қанын төгіп жанын берді.Міне, қазақ хандығының тарихын қыдыра шолып,хандары туралы сөз қозғағанда осы жағдайлардың қаперде болғаны жөн. [1]Ортағасырлық тарихшы Махмуд бен Уәлидің жазуы бойынша алғашқы қазақ ханы- Керей хан болған.Жазба деректер мен тарихи зерттеулерде алғашқы қазақ ханының есімі  - Гирей, Герей, Кирай, Керей түрінде кездеседі.Қазақ тілінде жазылған әдебиеттер мен зерттеулерде соңғы есім жиі және тұрақты пайдаланылатындықтан, біз де осы есімдіқолданамыз.
Бұл сөздің түп-төркіні мен мағынасына келсек,В.В. Бартольд ол жөнінде былай деп жазады: «Өзінің деректерін көрсетпей,Ахмед Вефик-паша өз сөздігінде «гирей» - моңғол сөзі, моңғолша «гарай» делініп, «еңбегі сіңген», «лайықты», «құқылы» деген мағынада қолданылады».Мұндай есімнің Алтын Орда дәуіріне дейінгі араб, парсы тілдеріндегі шығармаларда кездеспеуіне және де тек қана осы дәуірде ғана Шыңғыс ұрпақтары мен көшпелі қоғамның жоғарғы тобы арасында жиі кездесуіне қарағанда бұл сөздің түп-төркіні монғолдық, ал мағынасы жоғарыда айтып өткен «ержүрек», «батыл»,«алып»,«берік» деген мағынаны білдіреді деген пікірлерді толық қолдаймыз.
Керей ханның шығу тегіне келсек,  ол - Жошы ханның үлкен ұлы – Орда Еженнен бастау алады. Орда Ежен, оның ұлы Сасы бұқа, оның ұлы Ерзен, оның ұлы Шымтай және оның ұлы Орыс хан болып жалғасады.[3]
Керей мен Жәнібек хандарға тағдыр жаңа этникалық бірлестікке негізделген мемлекетті құру және оны басқару үлесін берді. Бұл үлес кездейсоқ сияқты болып көрінгенімен, заңдылық болатын. Өйткені екі ханның арғы ата-бабалары –Шыңғыс ханнан Керей мен Жәнібек хандарға дейін Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы саяси билікті мұрагерлік жолмен иемденіп , атадан балаға қалдырып отырған. Басқаша айтқанда , Керей мен Жәнібек - бірнеше ғасыр бойы уысынан билік кетпеген өте мықты , әрі өте беделді әулеттің өкілдері болып табылады.
Керейдің қай жылы дүниеге келгендігін деректер айтпайды, бірақ оны салыстыру әдісі арқылы болжап, шамамен айтуға болады. Орыс ханның үлкен ұлы Тоқтақия да, кіші ұлы Қойыршақ, олардың жас арасын шамамен 15-20 жыл деуге болады. Тоқтақияның ұлы Болат болса, Қойыршақтың ұлы – Барақ.Барақтың 1428 жылы қайтыс болғаны белгілі. Барақтың үш ұлының үлкені Жәнібек хан. Ал Жәнібек хан мен Болаттың ұлы Керейдің бір тарихи кезеңде өмір сүргені және белгілі.Олардың да арасындағы жас айырмашылықтары 10-20 жыл деп санауға болады.[6]

Керейдің есімі ХV ғасырдың 60-шы жылдарының соңынан, ал Жәнібектің есімі ХV ғасырдың 70-ші жылдарының ортасынан бастап жазба дерек мәліметтерінде кездеспейді. Соған қарап оларды 60-70 жыл өмір сүрген деп есептесек, онда олар XV ғасырдың басында дүниеге келген болып шығады.[5]
Енді Керейдің Әбілқайыр ханнан бөлінгенге дейінгі, яғни XV ғасырдың 50-жылдарындағы өмірі туралы бір-екі ауыз сөз. Тарихтан белгілі Шыңғыс хан төрт ұлына жаулап алған жерлерін бөліп береді. Ол жаулап алынған халықтардың шаруашылық, этникалық, тілдік және т.б. белгілеріне қараған. Сол сияқты Жошы Ұлысы да өз ішінде ұсақ ұлыстарға бөлінгенде, негізінен шаруашылық жағдай ескеріледі. Моңғол жаулауына дейін-ақ Хорезммен күресте әлсіреген Қыпшақ хандығында XII ғ. II жартысы XIII ғасыр басында екі аймақ пайда болған еді. Шығыс аймаққа – Қазақстанның оңтүстік, орталық және солтүстік-шығысы енеді. Ал Аралдың солтүстігі мен одан батысқа қарай жатқан жерлер – Батыс аймакқа қараған. Қыпшақ дәуіріндегі табиғи-шаруашылық жағдайға сай бөлісу Жошы Ұлысында да ескеріліп, Жошының үлкен ұлы Орда Ежен негізінен Шығыс аймақты басқарады. XIII ғ.  соңы – XIV ғ. басында Орда Ежен Ұлысының орталығы Алакөл манынан Сырдың орта ағысы бойына көшіріледі.
Баян ханнан Барақ ханға дейін Сыр өңірі Ақ Орданың саяси-әкімшілік, сауда-айырбас, діни-мәдени орталығы болады. Мал бағушы тайпалардың қысқы жайылымдары мен қыстаулары осы өңірде еді. 1428 жылы Барақ хан өліп, хандық билік шайбанилық Әбілхайырға көшкенімен Ақ Орда хандарының ұрпақтары Сыр өңірінде қала берген. Олардың ішінде Керей де, Жәнібек те және басқалар да бар. 1446 жылы Әбілқайыр хан Сыр өңірің Мәуреннахрдан қайтарып, өз астанасын Сығанаққа көшіреді. Шайбанилық сұлтандардың Сыр өңіріге келуі Ордаежендік сұлтандарға өте ауыр болады. Ең жақсы жайылымдар мен қыстаулардан айырылу, Ордаежендік сұлтандар үшін «көп қиыншылыққа ұшырау» болған.XV ғасырдың 50-жылдары соңында Керей мен Жәнібек «қиыншылыққа» көнбей , осылайша Сыр өңірінен көшкен.1446 жылдан бастап Сыр өңірі Әбілқайыр ханға қарады дедік. Осы жылдардан бастап 1457 жылға дейін Керей мен Жәнібек бастаған сұлтандардың Әбілқайыр ханға наразылығы өсе түседі.[2]
Ол кезде Алтын Орданың сынықтары сияқты Ақ Орда, Көк Орда атанған хандықтардың бәрінде де осы күнгі қазақ халқының құрамындағы ру-тайпалар болды.Олар негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын.Жеке-жеке хандықтар арасындағы бәсеке-бақастық өз алдына,бір хандықтың ішіндегі талас –тартыстың өзі ауырлық –тауқыметті алдымен тартатын қара халық екені аян.Міне, дәл осы ала –сапыранда Жәнібек пен Керейдің батыл қимылдап,Әбілқайыр ханмен ат құйрығын кесісіп,Шудың солтүстік қапталындағы Қозыбасы деген жерге орда тігуі, ең алдымен көшпелі қазақтардың ел болып,еңсе көтерсек деген ынтасын оятты.[6] Бірер желпініп қонса солтүстігінде керіліп Сарыарқа жатыр, оңтүстігінде –Шу мен Сыр бойының жолбарыс қалың нуы.Ол кезде Моғолстанның жұртын күзеткендей болып Есенбұға ханның (1432-1464жж) шалажансар хандығы Жетісуды мекен ететін.Бір шеті Дешті Қыпшақ даласынан ( көшпелілер даласынан) келесі шеті Өзбек хандығынан түріле көшкен ел Есенбұғаның иелігін баса –көктеп келіп,Жәнібек пен Керейдің маңына шоғырланды.Осы күнгі ғылым тілінде «көшпелі өзбектер» деп жүргендердің бәрі көшпелі қазақтар болатын.Оған ХV ғасырдың 50-70 жылдар арасында Әбілқайыр ханның қол астынан 200 мыңдай адамның көшіп,Жәнібек хан Керей ханның қол астына келуі, сөйтіп Қазақ хандығының күш –қуатын еселеп арттырып, мәртебе –мерейін аспандата көтеріп тастауы дәлел болса керек. [3]

Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинап және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -Хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды.Шайх-Хайдар ханның жүргізген басты шарасы–ыдырап бара жатқан ұлыстардың басын қайта біріктіру еді.Бірақ ол дербестене бастаған ру-тайпа көсемдерінің,ұлыс билеушілерінің қарсылығына тап болды.[5]Билік үшін күресте Алтын Орда ханы Ахметтің әскери көмегімен Айбақ хан тұтқиылдан жорық жасап,қаннен –қаперсіз отырған Шайх Хайдар ханды өлтіреді.Шайх-Хайдар ханның өлімінен соң Дешті Қыпшақта 40 жылдан астам өмір сүрген «көшпелі өзбектер» мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.Бұл оқиға 1470 не1471 жылдары болған еді.Осы жылдардан бастап Моғолстанда құрылған Қазақ Хандығы өз есімін және өз билігін Дешті Қыпшақ тайпалары арасында тарата бастайды.Бұл кез Қазақ Хандығының құрылуының аяқталған тұсы.Осы мезгілден бастап Қазақ хандығы Дешті Қыпшақтың саяси күшке айнала бастады.Дешті Қыпшақтың ру-тайпа көсемдері Қазақ Хандығының билігін еріктерімен қабылдады.[4]

Халық бұқарасының Әбілқайыр ханға наразылығының күшеюі






Әбілқайыр хандығындағы ру тайпаларының саяси жағдайы



Алым –салықтың көбеюі



Қазақ хандығының құрылу себептері






Әбілқайырдың ойраттардан соғыста жеңілуі

Жәнібек пен Керейдің Қазақ хандығын құруға ұмтылуы




Моғолстан билеушісі мен Қазақ сұлтандарының келісімге келуі









Жоғарыда айтылған барлық ой-тұжырымдамамызды қорыта келе, Қазақ Хандығы ХІІІ-XV ғасырлардағы Дешті Қыпшақ пен Орта Азиядағы әлеуметтік–экономикалық ,саяси-этникалық дамудың заңды қорытындылары нәтижесінде пайда болды деп санаймыз.Қазақ Хандығының құрылуы бір сәтте болған іс емес,басталуы және аяқталуы бар тарихи процесс. Керей мен Жәнібек хандардың Моғолстанға көшіп келуімен Қазақ Хандығының құрылу процесі басталса,Жәнібек хан Дешті Қыпшақтағы билікті толық өз қолына алуымен Қазақ Хандығының құрылу процесі аяқталады.Одан әрі Қазақ Хандығының күшею дәуірі басталады.

Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт –азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас.Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан –сұлтандар,батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.

Қазіргі таңда Тәуелсіздік - барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын. Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.




















Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Тарақты Ақселеу Көшпелілер тарихы.Алматы 1995ж.57-81б.

2.Қазақ тарихы журналы № 6 1995ж.15-21 б.

3. Егемен Қазақстан газеті.

4.ҚазКСР тарихы .267-278 беттер.


5.Н. Мыңжан « Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы 1994 ж. 229-232б.


6.Қазақтар .Салғараұлы Алматы 1995 ж. 66-94б.







Автор
Дата добавления 21.12.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров177
Номер материала ДВ-276116
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх