Инфоурок Начальные классы Научные работыҒылыми жұмыс тақырыбы "Қыздың сәні - шашбау"

Ғылыми жұмыс тақырыбы "Қыздың сәні - шашбау"

Скачать материал

 

Орталық Қазақстан Жас зерттеушілердің шағын ғылым академиясы

 

 

 

 

    Бағыты: мәдениеттану

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

«Қыздың сәні – шашбау»

 

 

 

 

 

                                                                                         

                                  Орындаушы:

                                                              №8 мектептің 4-сынып оқушысы         

                                      Оралбаева Жібек                           

                                                                       

                                             Ғылыми жетекшісі:

                                 Касен Ақбота

                                                                          Бастауыш сынып мұғалімі №8 ОМ

                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балқаш 2010

Мазмұны

 

I.      Кіріспе бөлім.............................................................................. 1-бет

       «Қолаң қара шашы бар жібек талды...»

II.  Негізгі бөлім............................................................................... 2-4-бет

 «Қыздың сәні – шашбау»                                                                                            2.1.  Шаштың сәндік әшекейлері

2.2         Шашқа, шашбауға байланысты ырымдар мен тыйымдар   

2.3         «Шаштың сәні – шашбау» (өз жинақтарым)

III.           Қорытынды бөлім...............................................................  5-бет

       

IV.            Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыстың мақсаты:  Халқымыздың ұлттық мұраларының бірі шашбау туралы жастарға насихаттау, жаңа заман талабына сай өңдеп, күнделікті қолданысқа енгізу

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылған:

Ø тақырыптың теориялық негізін ашу үшін әдеби және бұқаралық ақпарат көздерінен мәліметтер жинау;

Ø мектепішілік «Шашбаулы қыз» сайысын ұйымдастыру

Ø «Шаштың сәні – шашбау»  атты көрме ұйымдастыру

 

 Жұмыстың өзектілігі: қазіргі кездегі қыздардың шаш өсіру мәселесіне немқұрайлы қарайтындығы, ұлттық мұрамыз – шабаудың мұражай көрмесінде ғана қалуы

 

Күтілетін нәтиже:  Егер шашбау қолданыста болатын болса, бұрымды қыздарымыздың саны артар еді. Тәрбие ошағы – мектепке шашбауды жаңа заман талабына сай жаңа үлгісін енгізе отырып, мектеп өміріне ұлттық нышанымыздың бірден бір белгісін енгізген болар едік.

 

Ұсыныстар:

1.     Мектептегі қыздар үшін бантиктің орнына жаңа заман талабына сай шашбаулар жасап енгізсе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Білектей арқасында өрген бұрым,

   Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

                                                    Камшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

                                                    Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін.

Абай

I.                  Кіріспе

«Қолаң қара шашы бар жібек талды...»

Әр нәрсеге мән бере қараған ойлы халқымыз сұлудың көркі – шаш,  шаштың көркі – шаштеңге деп есептеген. Ұлт мәдениетінде әр бойжеткенді шашы мен бойына қарап бағалаған.

Әйел шашы табиғатына қарай қолаң шаш, сүмбіл шаш деп, өріміне қарай жалғыз бұрым, қос бұрым деп аталады. Оның әр талын жібектей деп, өрілген бұрымды білектей деп салыстырған. Ұзындығы тілерсек соғатын алтын, күміс шолпы тағылған сұлу бұрым, бойжеткен көркін одан әрі арттыра түседі. Ақындар оларға «Қолаң қара шашы бар жібек талды» (Абай), «Сүмбіл шаш, пісте мұрын, лағыл иек, шынардай он саусағың құлжа сүйек» (Ақан сері) деп таңданған.

Шаш күтімі, оны тарау, өсіру, өру – үлкен бір тәрбие мектебі. «Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген» деген халық өлеңіндегі ғажап сурет – осының бір дәлелі.Шашқа қосатын, жалғайтын, кигізетін, тарайтын, жағатын, тағатын зергерлік әсем бұйымдар бар. Шашты тарау үшін тісі әртүрлі сиыр мүйізінен жасалған тарақ қолданылады. Сыртынан әдемі көріну үшін шаш тарақпен бастырады. Шашты жалтырату үшін шашмай жағады.  

Қыздарға Алтыншаш, Қарашаш, Сұлушаш, Шолпы деп ат қоюдың өзі шаш қасиетін көрсетеді. Жеңгелері қайын сіңлілеріне ат қойғанда Шашбаулым, Шаштеңгелім, Сырғалым деп сызылуында да сұлу сыр жатыр.

Шаш тек сұлулық пен мәдениеттілік белгісі ғана емес, ол – әйелдер қауымының, яғни Хауана мен Бибі Фатима анамыздан бастап берілген Алланың айрықша сыйы, құрметі, сәні, еншісі. Ал шолпы, шашбау, шаштеңге, шашқап – сол сый-құрметке сай, әрі әйелдің әсем табиғаты мен нәзік жаратылысына лайықталған қазақтың талғампаздық үлесі, әрі ұлттық сыр-сипаты.

1

II.  Негізгі бөлім

«Қыздың сәні – шашбау»

2.1. Шаштың сәндік әшекейлері

Бұрым – сұлулықтың сәні. Әйелдердің өрілген ұзын шашын бұрым деп атайды. Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы бойынша бұрым – сұлулықтың сәні, қыз-келіншектердің бақыты мен абыройы. Осыған орай қыздардың жас кезінен-ақ бұрымын айрықша күтімге алып, оны ұзын етіп өсіруге түрлі   шөп тұнбаларын, халық рецептерін пайдаланған. Қазақ халқы қыздың шашын қырқып кеспеген, керісінше, оны бойжеткеннің тобығына дейін жеткізе өсіруге айрықша мән берген. Қыз баланың бұрымын жас кезінде өруге шешесі, жеңгесі, тәтесі, әжесі, құрбылары көмектескен. Сонау кезден бастап әйелдер шашқа тағатын және оның сәнін келтіретін сәндік бұйымдарды үйлесімді де мағыналы қолдана білген.

Шашбау. Ол – қыз, келіншектердің шашына сәндік бұйым ретінде тағылады. Шашбау әйел шашының әр – ажарын ашады. Оны өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін де тағатыны мәлім. Түркі халықтары алтын, күміс тиындар, кейде маржан қадалған, ызылған бауы бар шашбауды ежелден пайдаланып келеді. Шашбаудың жасалу, әшекейлену әдістері әртүрлі. Соған орай олар мынандай топтарға бөлінеді:

Қазақ зергерлері шашбауды негізінен күмістен қақтап соғады, ұшына теңгеден (сөлкебай) шұбыртпа тағылып, түсті масатыдан, жібектен ызылған шашақтармен әсемделеді. Матадан жасалған шашбаудың екі ұшына зер шашақ тағады, оның жоғарғы жағынан бунақтап құндыз тұтып қояды. Шашбауды бұрымға қоса өреді, сосын шаштың ұшына таяу жерінен бір шалып байлайды, сөйтіп, бұрымның ұшын бекітеді. Жасы ұлғайған әйелдің шашбауы қарапайым болады.

2

Шолпы. Шашқа тағатын және оның сәнін келтіріп, мәнін арттыратын

сәндік бұйымдардың ішіндегі асылы – шолпы. Шолпы сәндік үшін ғана емес,

шашты өсіретін, әрі ұзартатын, желді күнде көтеріп кетпес үшін де тағылады.

Естеріңізде болар, «Алпамыс батыр» дастанында: Заманында тағыпсың, Тіллә шашбау жар – жар, - деп жырланатыны. Күміс немесе алтын тиындар қадалған осы шашбауды «шолпы» деп те атайды. Бойжеткен қыз баланың жүрісін, қимылын түзеу үшін қоңыраулы шолпыны бұрымына таққан. Содан қоңыраулы шолпы таққан қыз бала үй арасында жүргенде, жүгіргенде, күлгенде ол сыңғырлап дыбыс беріп, үйдегі үлкендер қалжыңын қойып, әдеп сақтаған, бойжеткен жұрт назарын өзіне аударғанына ұялып, жүгіріп, секіруін тыйған. «Шолпы» деген ұғым балықтың судағы секіріп ойнағанынан шыққан сияқты. Жас қыздар мынандай шолпы таққан:

Шаштеңге. Шолпының күміс, алтын теңгелерден тізбелеп жасалған түрін шаштеңге деп атайды. Шолпы мен шаштеңге шашбауға немесе бұрымның ұшына тағылады. Шаштеңге таққан қыз-келіншек мезгілсіз жүрмеуге тиіс. Өйткені күміс сыңғыры қыз-келіншекттің мезгілсіз жүргенінен хабар беріп, «айтып» қояды.

2.2.          Шашқа, шашбауға байланысты ырымдар мен тыйымдар

Ø Шашбау таққан қыздардың басы ауырмайды, шашы ұзын, әрі сұлу, берік болып өседі, ерте түспейді

Ø Шолпы, шаштеңге таққан қыз-келіншек мезгілсіз жүрмейді

3

Ø Шашбау әйел шашының өсуіне ықпал жасайды, басқа массаж істеп,

денсаулықты түзейді.

Ø Шашбау шаш арасындағы жын – шайтандарды қашырады. 

Ø Қазақ халқында екіқабат кезінде әйелдер шашын кеспейді. Олай жасаса, іштегі бала кемтар болып туады.

Ø Әйелдер тектен-текке шашын жайып жіберіп жыламайды, дауыс қылмайды. Бұрындары күйеуі өлген әйелдер ғана солай істейтін.

Ø Қыз-келіншекті шашын жұлып, сабамайды. Бұл олардың басынан бағын тайдырып, шаңырақтың ырыс-құтын қашырады.

Ø Мұсылмандар, егде тартқан кісілер ақ шашын боямайды. Олай істеу – күнә болып саналады.

Ø Ерлер шашына әйелдердің орамалын ойнап та тартпайды, басына әйел-

дердің тақиясын, сәукелесін, кимешегін, бөркін кимейді, жаулығын, бөкебайын салмайды. Онда бағы мен бақытынан, ер мінезі мен күш-қайратынан айрылады.

Ø Бұрымыңды кеспе, бойжеткен. Халқымызда: «Бұрымыңды кескенің – ақылыңды кескенің», «Бұрымыңды кескенің – өмір жолыңды кескенің» деген ғибратты сөздер бар. Ақ шашты әжелеріміздің айтуынша, бойжеткен кімге бұрымын кестірсе, соның тағдырын басында қайталап өткізеді. Егерде бұрымын кесе қалса, оны таза шүберекке орап, адам баласының табаны тимейтін жерге апарып жерлеуге (көмуге) тиісті. Өйткені, бұрым – бойжеткеннің ана құрсағынан өзімен бірге келе жатқан жолдасы, қарыншашы.    

2.3.          «Шаштың сәні – шашбау» (өз жинақтарым)

Мектебімізде жетекші ұстазымыздың көмегімен  «Шабаулы қыз» сайысын жүргізіп, оқушылардың шашбауға аса қызығушылықпен қарайтындығының  куәсі болдық. Өз қолымыздан жасалған шашбауларымыздан көрме ұйымдастырдық.

     

4

III.           Қорытынды

Халық қолөнерінен туған бұйымдар тек мұражайлар мен көрме залдарында ғана тұруы керек десек қателескен болар едік. Қайта шебер қолынан шыққан алуан түрлі асыл бұйымдарды, заттарды мұражайлардан көріп тамашалаумен бірге күнделікті тұрмысымызда кеңінен қолданып, қажетімізге жаратсақ, қандай жақсы болар еді. Ол үшін халық қолөнерінің  бай мұраларына жаңаша түр, сипат беріп, оларды жасаудың технологиялық әдістерін жетілдіру қажет.

Жоғарыда айтылғандай шабаудың ұлттық мұра екенін ескере келе, оның пайдалы жақтарына, халықтық ырым, тыйымдардың мазмұнына үңіле отырып, жаңа заман талабына сай етіп шашбауларды жасау және қолданысқа енгізу өз ұлтымыздың шоқтығын биіктету деп білемін. Шашбауды мектеп өміріне енгізсе, бұрымды қыздарымыздың саны артып, өз халқының құндылықтарын сақтай білетін ұрпақ санасы жетілер ме еді деген ойдамын.

Халық өнерінің сырын, үнін ұға, көңіл бөліп назар аударған жөн. Қазіргі өскелең мәдениетімізге сай, өнер зерттеу, оларды жастарға үйрету ісін қолға алу нұр үстіне нұр болар еді. Халықтың мол өнерін иеленіп, іске асырғанымыз, жолын кеңітіп оны тұрмыс мәдениетін көркейтуге пайдаланғанымыз жөн.

IMG_1092.jpg

5

 

IV.            Пайдаланылған әдебиеттер

1.     Ә. Тәжімұратов       Шебердің қолы ортақ         

                                                               Алматы «Қазақстан» баспасы   1977ж

2.     С. Кенжеахметұлы Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті

                                                               Алматыкітап                                2006ж 

3.     Ж. Байжанова         Тұрмыс сәні         Алматы «Қайнар» баспасы         1983ж      

Бұқаралық ақпарат көздері, ғаламтор желісі 

4.     Х. Арғынбаев          Қазақ халқының қолөнері  

                                                               Алматы «Өнер» баспасы            1987ж

5.     Б. Әлімқұлов, Е. Әбдіраманов  Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл   

                                                               Алматы «Санат»  баспасы          1994ж

 

       
 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғылыми жұмыс тақырыбы "Қыздың сәні - шашбау""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Научный руководитель

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 533 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.04.2016 4026
    • DOCX 4.1 мбайт
    • 28 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Касен Ахбота Касенкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Касен Ахбота Касенкызы
    Касен Ахбота Касенкызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 15508
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 683 человека

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Психология детства и подросткового возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 64 человека

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство понимания: техники успешной жизни, отношений и бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе