Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Научные работы / Ғылыми жұмыс "Торғай өңірінде маршруттық кешен қалыптастыру"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Ғылыми жұмыс "Торғай өңірінде маршруттық кешен қалыптастыру"

библиотека
материалов

Қостанай облысы Жангелдин ауданы

«Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» ММ










«Торғай өңірінде туристік маршруттық кешен қалыптастыру»













Орындаған: Ақтас Томирис

Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі,

9б сынып оқушысы



Жетекші: Баймағамбетова Қызылгүл Мағзұмқызы,

Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі, география пәнінің мұғалімі

Ғылыми кеңесші:







Қостанай, 2015 ж

АННОТАЦИЯ



Бұл ғылыми зерттеу жұмысы «Торғай өңірінде туристік маршруттық кешен қалыптастыру» тақырыбында жазылған. Жалпы ғылыми жұмыс

І тарау 4 бөлімнен тұрады, әр қайсысы тақырыптармен бөлініп, олар жан-жақты жинақталған. Торғай жерінің табиғат құбылыстарының ерекшеліктері қарастырылған, атап айтсақ, Қарғалы, Ақкөл елді мекендерінде адам денсаулығына шипалы табиғи ыстық су бар екендігі айқындалды. Термалды судың химиялық құрамы, температурасы қыс жаз айларында өзгермейтіндігі байқалады. Жер асты ыстық судың маңайында буын, құяң ауруларына және ет пен терінің арасында сынықтың салдарынан пайда болатын ісіктерге септігін тигізетін балшықтар бар екендігі анықталған. Тақырыпты ашу мақсатында ғылыми жұмыста өзекті мәселе қарастырылып, көптеген жұмыстар жүргізілді.





























Мазмұны

Кіріспе........................................................................................................4

І. тарау. Өлкеміздің физикалық-географиялық тұрғыдан сипаттамасы

    1. Географиялық орны мен шекарасы. Жер бедері ...........................5

    2. Климаты, ішкі сулары ......................................................................6

    3. Табиғат зоналары ..............................................................................8

    4. Өңірдегі туристік маршруттық кешен қалыптастыруға болатын аймақтар...........................................................................

Қорытынды.........................................................................................................14

Пайдаланған әдебиеттер ………………………………........…….…..15

































Ғылыми жұмыстың көкейтестілігі: Торғай өңірінде туристік маршруттік кешенін қалыптастыру. Туған жерімізде адам денсаулығына пайдалы, табиғи ресурстары бар екендігін көпшілікке насихаттау

Жұмыстың өзектілігі: Адам факторы ең басты мәселе, Сондықтан өңірімізде туристік кешен салынса, жұмыссыздар саны азаяды, жерлестеріміз басқа алыс елді мекендерге бармай жақын жерден емделіп, өңірдегі аурулар саны азаяр еді. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпал етер еді.

Жұмыстың мақсаты: Туған өлкеміздің физикалық-географиялық тұрғыдан ерекшеліктерін зерттеп, анықтау.Туристік кешендік маршрут құру жолдарын қарастыру. Жергілікті халықтан ыстық судың адам ағзасына тигізген пайдасы жөнінде мәліметтер жинау. Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Зерттеу обьектісі: Ақкөл, Қарғалы































Кіріспе





















































Өлкеміздің физикалық-географиялық тұрғыдан сипаттамасы

    1. Географиялық орны мен шекарасы. Жер бедері

Территориялық Аумақтық-әкімшілік құрылымы. Жангелдин ауданы 6 ауылдық округ, 8 селолық, 24 елді мекенге бөлінген. Әкімшілік орталығы- Торғай селосы. Жангелдин ауданы ауыл, село округтарының халық саны (2013 жылдың қаңтар айы бойынша)

Жанкелдин ауданы Қостанай облысының оңтүстігінде орналасқан. Жер көлемі бойынша облыстағы ең үлкен аудан. Ауданы-37,6 мың шаршы

шақырым. Торғай өңірінің жері солтүстік ендіктің 480 және 520 параллельдері мен шығыс бойлықтың 610 және 680 меридиандары аралығында орналасқан. Бұның үлесіне Қазақстан территориясының 4,1 %-ы келеді. Географиялық орны жөнінен Торғай өңірінің жері өте қолайлы жайласқан: Солтүстік Батысы Ақтөбе облысымен, оңтүстік- шығысы Қарағанды облысымен, шығысы Қостанай облысының Амангелді ауданымен, солтүстігі Қамысты, Наурызым аудандарымен, оңтүстігінде Қызылорда облысымен шектеседі. Солтүстіктен оңтүстікке дейін 300 шақырым, батыстан шығысқа дейін 195 шақырым жерді алып жатыр.

Жер бедері. Ауданның жер бедері-жазық (Торғай жырасы). Солтүстік бөлігінде шағын көтерілулері бар Тоғай үстірті орын алады.

Солтүстігінен Батыс Сібір жазығы мен Тұран ойпатын жалғастырып тұратын табиғи аңғарлық қақпа Торғай қақпасы алып жатыр. Торғай қақпасы Тоғай үстіртімен Сарыарқа, Торғай қолаты және Обаған Құсмұрын, Торғай –Сарықопа аралығындағы табиғи өткел. солтүстік–батысында Торғай қыраты.

Торғай қолаты, Мұғалжар мен Сарыарқа таулары аралығында. Оңтүстіктен солтүстікке қарай 800 км-ге созылып жатыр. Қолат тектоникалық жолмен пайда болған. Қолаттың қазіргі ені 20-75 км, салыстырмалы төмендігі 200 м, тұнбалы, құмды саздақтан түзілген. Торғай қолаты жерімен солтүстік бағытта Обаған, оңтүстік бағытта Торғай өзені ағып өтеді.

Батысында Орал таулы ауданына, оңтүстік-шығысында Сарыарқа ауданына ұласады. Өңір жері негізінен жазық келеді. Торғай үстіртінің оңтүстік бөлігі мен Торғай қолатын ала негізінен Торғай өзені аңғарына орналасқан. Солтүстік және Шығыс жағын Сарыарқаның батыс шеті (абсолюттік биіктігі 200-300 м.), оңтүстік бөлігін құмды (Аққұм, Тосынқұм, т.б.) Оңтүстік Торғай жазығы ойпаңы облыс жерінен өтеді. Облыстың ең биік жері – Арқалық өңірінде, абсолюттік биіктігі 478 м. Облыс территориясы негізінен үштік жыныстар қабаттарынан түзілген. Көтеріңкі жерлерінің көпшілігі – қатты жыныстардан тұратын тау жұрнақтары.

Орталық бөлігінің жер бедері күшті тілімделген (бөлшектелген ) Оңтсүтігінде жер бедері дұдырлы ойпандау.

Сонымен қатар көшпелі құмды бөліктері кездеседі. Олардың ішінен екі құм төмпешік Тосынқұм және Аққұм кездеседі. Солтүстігінен Оңтүстігіне қарай дала ландшафтысының құрғақ далалық, шөлейтті шөлді ландшафтарға бірте-бірте ауысады. Қарғалытау, Жыландытау, Текетау, Қызбелтау. Абсолюттік биіктіктері- 211 м- 310м. Оңтүстік – шығысында Ұлытау тауы орналасқан.

Қызбел тау-Торғай қаласы мен Торғай үстірті орталығындағы тау. Қостанай облысының Наурызым қорығының оңтүстік жағында, бойлық бағытта 60 шақырымда созылып жатыр. Ені 5-15 шақырым, салыстырмалы биіктігі 60-80м. Абслюттік биіктігі - 232 м. Қызбелтау жоғарғы олигоцен мен миоцен дәуірлерінің сазды, карбонатты жыныстарынан түзілген. Беткейлері жыра, сайлармен қатты тілімделген. Шығыс және Оңтүстік етектері құлама жарқабақтанып Торғай қақпасына тіреледі.

Бестау, Жалғызтау, Тауман тауы, Ақжар таулары табиғатқа жылдың қай мезгілінде де көрік беріп тұрады.

Қарғалы тау-Торғай үстіртінің орталық бөлігінде орналасқан төрткілді-үстіртті таулар. Жанкелдин ауданы солтүстік бөлігін және Наурызым ауданының оңтүстік-батыс бөлігін алып жатыр. Ол батысында Қабырға (Өлкейіктің сол саласы) және Қарасу, шығысында Теке және Үлкен Қаражылға өзендерінің суайрығы болып табылады. Қарғалытаудың жалпы ұзындығы 140км шамасында. Теңіз бетінен ең биік жері (308м) орта бөлігінде орналасқан. Оңтүстік жағында теңіз деңгейінен биіктігі Қостөбе (219м) шоқысы оқшауланып тұрады. Қарғалы таудың батыс беткейінен Қабырға өзендерінің салалары, шығыс беткейінен Теке мен Үлкен Қаражылға өзендерінің салалары бастау алады. Солтүстік-шығыс баурайынан Мұзбұлақ бұлағы басталады.

Теке тауы(262м)

Жыландытау-Торғай үстіртінің орта тұсында орналасқан. Батысында Қарғалытау, шығысында-Қызбелтау төрткүлді қыраты қоршап жатыр. Солтүстігінде 30км жерде Сарықопа көлі орналасқан. Абсолютті биіктігі -262м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа 40 км-ге созылған. Жыландытаудың етегінде бұлақтар кездеседі, бұл жерден Теке өзені бастау алады. Жер қыртысы миоцен дәуірінің саздарынан түзілген. Кен байлықтары. құрылыс материалдары кен орындары, ас тұзы бар.[2 . 21-30 ](Қосымша 4)






1.2. Климаты, ішкі сулары

Климаты. Аудан климаты шұғыл континентті климат типіне жатады. Қоңыржай белдеуде орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай континент арта түседі. Жылдық жауын-шышын мөлшері солтүстігінде 300 мм, оңтүстігінде 200 мм аралығында. Қыста қар жамылғысының орташа қалыңдығы -25-30 см. Ең жылы айы –шілде, орташа температурасы +20 -220C, ең жоғарғы температурасы +430C ( Торғай). Ең суық айы-қаңтар, орташа температурасы -16 -170C, ең төмен температурасы -450C.

Өзендері. Ауданда су ресурстарының таралуы біркелкі емес.Ауданда 70-ке жуық ірі және ұсақ өзендер бар.

Ауданда 7 өзен ұзындығы 100 км-ден асатын өзендерге жатады.60 шақты өзендер 10-100 км-ге дейінгі ұзындықта:

1.Торғай-662 км

2.Өлкейік-291 км

3.Ұлы-Жыланшық-277 км

4.Қабырға (шығысы)-193 км

5.Қабырға (батысы)-144 км

6. Сары- Өзен-164 км

7. Теке- 109 км

Бұл өзендердің барлығы да басын көршілес аудандар мен облыстардан алады.

Торғай өзені-бірнеше салаларымен бірге басын Қазақтың ұсақ шоқысымен Торғай қыратының оңтүстік бөлігінен алады. Сары Торғай мен Қара-Торғай өзендері қосылып Торғай өзенін құрайды.Өзен тасығанда жылғалар көптеген көлдерге барып құяды. Торғай өзені бірнеше кіші-гірім көлдерді басып өтеді де, суы мол жылдары Ырғыз өзеніне барып қосылады. Көктемде сәуір айының екінші жартысы мен мамыр айында 15-20 күндей су тасқыны болады. Осы кезде өзен арнасынан 4-6 метрге көтеріледі. Торғай өзенінің жоғарғы бөлігі тұзды, төменгі бөлігі көлдерге құйып кетеді. Өзен суын шаруашылыққа, шабындық жерлерді суландыруға, мал суаруға, ауыз суға пайдаланады.

Ауданның солтүстік бөлігінде -Өлкейлік өзені ағып өтеді. Оның аудандағы шекарасының ұзындығы-152 км, су жинауы-6200км , Теке -86км.

Оңтүстікте-Ұлы-Жыланшық. Аудан жерінен-156 км ұзындықта, су жинауы-5200км. Ұлы-Жыланшық өзені Ұлытаудан басталып Ақкөлге құяды. Аудан орталығынан 120 км қашықтықта. Өзен алыстан қараған адамға ирелеңдеген жыланды елестетеді, сондықтан «Жыланшық » деп аталған.

Оңтүстікте өзендер өте аз. Бұлардан басқа Қарасу, Баймұрат, Баласай, Ақбасты т.б кешігірім өзендер бар.

Көлдері. Ауданда көлдер көп. Ауданда 330-ға жуық көлдердің 230-ы тұзды, 100-ге жуығы тұщы. 5 кв км аумақта 29 көл алып жатыр. Оның 16-сы тұзды , 13-і тұщы. Орташа тереңдіктегі шағын көлдер 100 кв км жерді алып жатыр. Тереңдігі -2,0 м. Ірі көлдер аумағы 500 кв км. Тереңдіктері 2,2м- 2,5м. Сирек кездесетіндері 4,0-4,5 м. Мысалы: Жақсы- Алакөл.

Тұщы көлдерде жаз кездерінде қамыс, құрақ және су өсімдіктері өседі. Тұзды көлдерде өсімдіктер өспейді. Суы аз болатын жылдары көлдер ақпай қалады.

Тұщы көлдерге: Ақкөл, Жалсор, Шұрпыркөл, Жусалысор, Алакөл, Қылыштай, Шынтұз, Қарақұдықсор, Шүмекті , Жаркөл, Сасықкөл, Кішіборлы, Шүкір, Үлкенборлы, Ақсайсор, т.б

Сарықопа көлі. Солтүстіктен оңтүстікке -53 км, көлемі-11 км.Жалпы ауданы 336 мың шаршы шақырым. Сарықопа көліне Қоңыраулы , Миялы, Теке өзендері құяды. Көлдердің су жиналатын алқабы 17400 шаршы шақырым.Сарықопа аймағының батыс жағалауы шабындықты болып келеді. Шығысы Жаркөл жағалауы биік, қабақты келеді.

Ақкөл көлі - ауданның оңтүстік –батысында орналасқан. Қостанай облысы бойынша көлемі жөнінен төртінші орын алады. Көлде 7-түрлі балық мекен етеді. Көлемі – 62,3 шаршы шақырым. Суы - тұзды, лайсаң.

Көлге құятын негізгі су көзі - Ұлы-жыланшық өзені.Ақкөл негізінен көктемгі қар суымен толығып отырады.Көл ауыл тұрғындарына мал шаруашылығын өркендетуге мүмкіндік береді. Көлден балық та ауланады. Соңғы жылдары көл аумағы қысқарып бара жатыр. Бұған себеп құрғақшылық және Ұлы-Жыланшық өзеніндегі бөгеттер мен тоғандар. Көлдің тайыздаған кездері суда тіршілік ететін жан-жануарлар, балықтар көп зардап шегеді.

Ауданда барлық тұзды көлдер аумағы 42,8 кв км, тұщысы -537, 3 кв км аумақты алып жатыр.

Қаратұз тұзды көлі – Ақкөлге жақын жерде орналасқан. Көлемі – 9,7 шаршы шақырым. Көлден тұз алынады. Тұздың қоры -40 млн. тонна. Тұздың сапасы жоғары, емдік қасиеті бар. Бұл көл Ақкөл елді мекенінен солтүстік- шығысқа қарай 25 – шақырым қашықтықта орналасқан. Қалыңдығы 18м. 2007 жылға дейін тұз өндірілген. Қазір тоқтап тұр.









    1. Табиғат зоналары

Табиғат зоналары: дала және оңтүстікке қарай шөлейт зонасында ауысады. Шөл зонасы оңтүстікте азғана бөліктіалады.

Аймақта оңтүстікке қарай қара шірінді азаяды да біртіндеп қуаң далаға тән қызыл – қоңыр топырақ кей жерлерде сортаң сор топыраққа айналады. Егістікке жыртылғанға дейін дала аймағында неше түрлі шөптесін өсімдіктер өсетін : дала шалфейі, сары жоңышқа, беде, қурай, бөдене шөп. Оңтүстікке қарай сортаң топырақты жерлерде төскейшөп, мыңжапырақ, түймедақ, қара жусан, боз бетеге, жанаргүл, шайшөп, итмұрын, ылғалды жерлерде қияқ пен құрақ өседі. Құмды, құмдақ жерлерде: қаубетеге, тобылғы, дала шиесі, қаз жуа, құртқашаш, пион, еркекшөп, сібір кекіре гүлі өседі.

Дала сүтқоректілері: саршұнақ, қосаяқ, дала тышқандары, суыр, күзен, түлкі, қарсақ, қасқыр, ақбөкендер т.б.

Құстар: бозторғай, қараторғай, қаз,үйрек, шағала, торғай, аққу, қарға т.б.

Топырағы. Топырақтың құнарлы қабаты ұлттық байлық болып саналады. Топырақтың алуан түрлілігі оның геологиялық – геоморфологиялық жағдайына,өсімдіктер жамылғысына байланысты. Ауданда топырақ жамылғысы алуан түрлі. Топырақ түрлері географиялық ендік бойымен созыла орналасқан. Әртүрлі

белдемде солтүстіктен оңтүстікке қарай алмасып отырады.

Қызғылт қоңыр топырақ ауданның дала аймағында қалыптасқан құнарлы топырақтың түріне жатады. Шірінді қабаты 35-40 см. Құрғақ далада кездесетін бұл топырақтың механикалық құрамы жеңіл, жел эрозиясына тез ұшырайды.Сондықтан мұндай топырақтың қабатын үнемі қопсытып, жырта беру өте тиімсіз жағдай туғызады. Мұндай топырақты жел және су эрозиясына ұшыратпау үшін ағаш отырғызып, ауыспалы егіс егіп, мелиорациялау жұмыстарын тиімді жүргізуді қажет етеді.

Сортаң сұр топырақ қызыл топыраққа механикалық құрамы жақын.Бірақ бұл топырақта қара шірік аз, құнарсыздау ылғалды және үстемелеп құнарландыруды көп қажет етеді. Агротехникалық шаралары үнемі қалыпты жағдайда жүргізіліп отырса, егістіктен мол өнім алуға болады.

Ашық қызғылт қоңыр топырақ ауданның оңтүстігінде таралған. Топырақтың құрылысы, күрделі ұсақ құрылымды болып келеді. Қуаңшылық жылдары мұндай топырақтарда егілген дақылдардан мол түсім алу қиынға түседі және үнемі үстемелеп құнарландыруды, ылғалды сақтауды көп қажет ететін, топырақтың құнарсыз түрі. Өзен аңғарларда, ойпаңды шалғынды жерлерде, өзен арнасының шалғындық топырағы және сонымен қатар сортаң, сор, құмайт топырақтар жамылғысы түзілген. Жер асты сулары жер бетіне жақын орналасқан аудандарда, топырақ жамылгысы көбіне сортаң, сор топырақтардың түзілуіне жағдай жасайды. Мұндай топырақ түрлері өзен аңғарлары мен көл табандарында қалыптасқан.

Климаттың құрғақшылығының әсері топырақты құнарсызданып,сортаңдандырады. Сол себепті оңтүстікте егістік жерді игеруге қиындық тудырады.[5. 31 -35 ]

Торғай өңірінде барлығы 148дей- өсімдік түрлері шаруашылыққа қолайлы, бағалы өсімдіктер. Осы жинақталған топтардың ішіндегі ең үлкен тобы бірғана емес, бірнеше пайдалы қасиеттері бар және комплексті түрде пайдаланылады. Өсімдіктердің дәрілік тобына 57-дей түрі бірігеді. Оларды практикалық медицинада қолдануға ұлықсат етілген. Бұлардың шикізат қоры онша көп емес. Ал қалған түрі халық емшілігінде қолданылады.

Тағамдық өсімдіктер ерте кезден бастап, адамзат өмірінде басты орын алып келеді. Қазіргі кезде көбінесе тағамдық өсімдіктердің мәдени түрлері қолданылады. Бірақ жабайы өсетін өсімдіктердің біраз түрлері тағамдық өсімдіктердің қайнар көзі болып есептелінеді. Өсімдіктердің тағамдық тобына осы өңірдегі 18 түрі кіреді. Бірақ аз мөлшерде тарағандықтан олардың практикалық маңызы Торғай өңірінде шамалы. Мысалы, қоға, қамыстық тағам ретінде тамыры пайдаланылады. Сондай-ақ алабұтаның да тамыры тағам ретінде қолданылады.

Витаминдік өсімдіктер қоры да баршылық, онша көп емес. Витаминдер қорының басты қайнар көзі витаминді өсімдіктер. Мысалы:Шырғанақ, таңқурай, қарақат, долана, жолжелкен, мойыл, бүлдірген.

Торғай өңірінің флорасы барша өсімдіктің 35 тұқымдасқа жататын 83 түрі жинақталған. Ал, жалпы алғанда шаруашылыққа пайдалы өсімдіктер шамамен 148. Сонда осы өңірдің өсімдіктерінің жартысына жуығы шаруашылққа пайдалы өсімдіктер деп айтуға болады.



















1.4.Өңірдегі туристік маршруттық кешен қалыптастыруға болатын аймақтар

Ыстық термальды су. Айналамыздағы әсем табиғат, жер , су, тау құдіреттілігіне халқымыз құрметпен қарап, қастерлей білген. Ондай құдіретті республикамыздың түпкір-түпкірінен кездестіруге болады. Қазақстанның шипалы су жөніндегі алғашқы мағлұматтар Әмір Темір жорықтары туралы жазбаларында келтірілген. Қазақстандағы алғашқы сауықтыру орталықтары, олардың емдік қасиеті жайлы мәліметтер XIX ғасырдың ортасынан басталады. 1834-1880 жылдары баспасөз беттерінде Рахманов, «Барлық – Арасан», «Қапал - Арасан», Бурабай көлі және кейбір емдік саз балшықты жерлер, олардың емдік қасиеті жайлы алғашқы мәліметтер жарық көре бастады. Бірақ кең байтақ алқаптағы ертегідей керемет әсем жерлер емдік су мен саз балшықтар, сондай-ақ, жан тербетерлік әсем табиғат байлығы,олардың шипалық қасиеттері жеткілікті пайдаланылмайды.Алғашқы сауықтыру орынд"Бурабай","Мойылды","Ауыл",

"Сор",Рахманов су көздері.

Минералды сулар мен саз балшықтың құрамындағы микроэлементтер,биологиялық заттар және иондардың қайсы аз көптігіне қарай әр түрлі ауруларды емдейді.Әсіресе курорттар мен санаторийлерге ауруы асқынып немесе ауырып тұрған кезде жіберілмейді.Бұл орындарға барлық асқыну кезі басылып,әбден емделгеннен кейінгі кезеңде сауықтыру шараларын жүзеге асырады. Мысалы, минералды бромды сулар медицинада қолданылып жүрген бром қосылысты дәрі – дәрмекпен емделетін жүйке тозуы, организмдегі аса тітіркенушілікті басу тәрізді сырқаттардан сауықтыруға пайдаланса, темірлі минералды сулар қаны аз, иодты сулар, зат алмасу процесі бұзылған, қантамырларының склерозы, бұғақ ауруларымен ауырған адамдарға қолданады.

Жүрек және қантамырлары ауруларын емдеуге арналған сауықтыру орындарында негізінен көмірқышқылды, күкіртті және радиоактивті минералды сулар пайдаланылады. Республика аумағының құрамында көмірқышқылды емдеуге жеткілікті су көздері белгісіз. Алайда жай сумен минералды суларға көмірқышқыл газдарын қосып қолдануға болады. Сөйтіп, аталған ауруларды емдеуге пайдаланылады. Жүрек ауруларын сауықтыру үшін өте пайдалы.

Торғай өңірінде жер асты сулары көптеп кездеседі. Ақкөл елді мекенінің солтүстігінде 12 шақырым қашықтықта ыстық термальды су орналасқан. Судың тереңдігі - 1500 метр. Температурасы – 70-75 градус. Судың құрамы - адам ағзасына оң әсер ететін химиялық элементтер көптеп кездеседі, магний, темір т. б. Судың әр түрлі ауруларға емдік қасиеті бар екені анықталды. (Қосымша 7)

Сонымен қатар Шеген елді мекеніне жақын жерде емдік қасиеті көп «Қарғалы » және «Қарақұдық» батпақты ыстық сулары бар. Осы емдік суларға Қазақстанның әр облыстарынан және шет елдерден келушілер көп. Аудан орталығынан оңтүстікке қарай 75 шақырым жерде емдік қасиеті бар бұлақ бар. Судың температурасы 36 -37 градусты құрайды. Бұлақтан шыққан су көлшікке айналған. Осыдан 30 жыл бұрын ашылған бұлақ өзінің емдік қасиетімен барша халыққа танымал. Судың құпиясы су құрамындағы минералды тұз түзінділерінде. Өкініштісі қайнар көзі қамқорлыққа алынбаған.

Термалды су орнындағы сазбалшықтардың емдік ерекшелігі, құрамындағы биологиялық гормонға ұқсас заттардың микроэлементтерінің мөлшеріне , сондай-ақ сазбалшықтың бойында жылу сақтайтын тағы басқа қасиеттеріне байланысты. Термалды судың температурасы, химиялық, биологиялық құрамын Хамзина Дүрияның зерттеу нәтижесінде анықталды. Аймақтағы халықтар үшін емдік саз балшығының шипалық көзі халыққа белгілі. Көп жағдайда емдік саз балшықты буын, құяң, шеткері нерв аурулары, ет пен тері арасындағы қатты соққыдан кейінгі ісік, зат алмасу процесі нашарлаған аурулары бар адамдарды сауықтыруға пайдаланылады. Бірақ кімге қалай емделу керектігін дәрігер ғана айта алады. Емдік санаторилық кешен салу құрылыс жүйесі қарастырылып, жүзеге асырылған жағдайда Қазақстан республикасы көлемінде санаторийлік жүйенің кешені қалыптасар еді.




























Қорытынды


Зерттеу жұмысымда қарастырылып, талданған мәселелердің негізінде төмендегідей тұжырым жасалды.

Өлкеміз бір қарағанда ешкімге байқала бермейтін географиялық орны мен жер бедерімен ерекшеленеді.

Торғай өңірінің климаты шұғыл континентті климат типіне жатады және қоңыржай белдеуде орналасқан.

Өңірдегі су ресурстарының таралуы біркелкі емес. Өлкемізде 70-ке жуық ірі және ұсақ өзендер бар екенін,өзен суларының таралу деңгейі әркелкі орналасқандығына зерттеу барысында көз жетті. Өзендерде балықтар баршылық. Мәселен сазан, балтасап, шорағай, ақбалық, алабұға, шортан сияқты балықтар көптеп кездеді. Сонымен қатар жергілікті жерде ауыз су ретінде жер асты суларын пайдаланады. Жерді қазсаң 2 метр тереңдікте су шығып кетеді. Бұдан өлкеміздің жер асты суларына бай екенін байқауға болады.

Ыстық су орны мен жергілікті табиғат жағдайына ерекше талдау жасалды.

Зерттеп отырған өлкенің эндемик өсімдіктерінің маңызы анықталды.

Термалды су орнындағы сазбалшықтардың емдік ерекшелігі, құрамындағы биологиялық гормонға ұқсас заттардың микро элементтерінің мөлшеріне , сондай-ақ сазбалшықтың бойында жылу сақтайтын тағы басқа қасиеттеріне байланысты. Аймақтағы халықтар үшін емдік саз балшығының шипалық көзі халыққа белгілі. Көп жағдайда емдік саз балшықты буын, құяң, шеткері нерв аурулары, ет пен тері арасындағы қатты соққыдан кейінгі ісік, зат алмасу процесі нашарлаған аурулары бар адамдарды сауықтыруға пайдаланылады.

Жергілікті халықтан сауалнама алынып, сауалнама нәтижесінде олардың көпшілігі осы суды пайдаланып, буын ауруларынан толық емделіп шықандарын білдік.

Ұсыныс: Жеке кәсіпкерлер кешенді санаторийді ашу жұмысын қолға алып, оған үкімет тарапынан назарға алынса нұр үстіне нұр болар еді. .






















Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :

1.«Торғай өлкесінің географиясы» (құрастырылған жинақ) Қостанай 2013 жыл

2. Туған жер деп толғандым. Қосабаев. Ж. Қ.

3.«Торғай-дуан» Жақан Қосабаев 1995жыл, Алматы

4. «Алтын дала» - энциклопедия, 2006 жыл, Қостанай облысы

5. «Қостанай облысы, Торғай көрікті жерлерінің ақпаратты бағдар тізбесі». 2011ж

6. Шежірелі Торғай (құрастырмалы жинақ). Қостанай, 2008 жыл «Шапақ».

7. Қазақстан ұлттық энциклопедия 8 том 2006жыл, Алматы



Қосымша 1



карта



































































Қосымша 2





Территориялық -әкімшілік құрылымы.

Жангелдин ауданы ауыл, село округтарының халық саны(2013 жылдың қаңтар айы бойынша)



Ауыл, село округ атауы

Халық саны

Орталығы

1

Ақкөл

581

Збан

2

Ақшығанақ

1080

Ақшығанақ

3

Албарбөгет

732

Көкалат

4

Амангелді

603

Шеген

5

Жангелді

512

Аралбай

6




Жаркөл

1679


Тәуіш


7

Қалам-Қарасу

532

Қалам-Қарасу

8

Қарасу

730

Қарасу

9

Милісай

334

Милісай

10

Саға

784

Саға

11

Сужарған

487

Сужарған

12

Шилі

280

Шилі

13

Бидайық

130

Бидайық

14

Торғай

5629

Торғай


Барлығы

14093










Қосымша 3

Жер бедерінің көріністері



C:\Users\user\Documents\Нурлыбек\Изображение 210.jpgC:\Users\user\Desktop\география\Фото геогр\Азика0731.jpg

Қызбелтау Жер бедерінің көрінісі





C:\Users\user\Documents\Нурлыбек\Изображение 210.jpgC:\Users\user\Documents\Нурлыбек\Изображение 211.jpg

Текетау









Қосымша 4

Өзендері мен көлдері



img553C:\Users\user\Desktop\география\Фото геогр\Қоңыраулы өзен.jpg

Торғай өзені Сарықопа өзені

C:\Users\user\Documents\Нурлыбек\Изображение 219.jpgC:\Users\user\Documents\Нурлыбек\Изображение 211.jpg

Құмды өзеніҚазалыкөл























Қосымша 5

ЕМДІК ҚАСИЕТІ БАР ЫСТЫҚ СУ



P1090092

Ақкөл ауылы



img844



Қарғалы ауылы


23


Автор
Дата добавления 31.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Научные работы
Просмотров152
Номер материала ДВ-572766
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх