Инфоурок Биология Научные работыҒылыми жоба "Адыраспанның емдік қасиетті"

Ғылыми жоба "Адыраспанның емдік қасиетті"

Скачать материал

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қаратал ауылы

«Қаратал орта мектеп-бақшасы» КММ

 

 

                                                                                                                                                                    

         Жоба тақырыбы:  Дәрілік  өсімдік адыраспанның пайдасы

          Мақсаты: Шығыс Қазақстан облысының дәрілік өсімдіктерін,олардың морфологиясы мен емдік қасиеттерін білу, жергілікті жердің өсімдіктері жайлы айта отырып жас ұрпақ бойындағы экологиялық тәрбие мен эстетикалық көзқарастың қалыптасуына ықпал ету.Туған өлкенің өсімдіктерімен таныстыра отырып,осы өлкеге,елге деген патриоттық сезімінің қалыптасуына назар аудару.

  Соның ішінде қазақ халқы қасиетті деп санайтын-адыраспанның  таралуы, биологиялық сипаттамасы, ботаникалық ерекшелігі мен  емдік қасиеттерін зерттеу,оның халық медицинасында қолданылуын зерттеу арқылы оқушыларға қазақ халқының ертеден келе жатқан наным-сенімдері мен әдет-ғұрыптары жайлы түсінік беру.

        Жоба қорғаушы:    Базылханова Балауса  Берікқызы                                                                      Жоба жетекшісі:    Қалиева Жанат  Әмірханқызы

 

 

   

 

 

Жоспары:

 

         1. Адыраспан шығу тарихы.

         2 Адыраспанға биологиялық сипаттама

         3. Адыраспан түрлері..

         4. Адыраспанның ем болатын аурулар.

         5. Емдік қасиеттері

         6.Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

  Халқымыз дәрулік шипасынан бөлек әулиелік қасиеті мол санаған шөптерінің бірі «адыраспан» деп аталады. Біздің ата-бабаларымыз сондықтан оны үйдің босағасына іліп қойып, осы арқылы отбасын алуан түрлі бәле-жәлелерден сақтауға тырысқан.

Адыраспан қазақ үшін қасиетті шөп  болғандықтан жаңа үйге кірерде босағаға жын-шайтан мүлдем жоламасын деп, адыраспанмен аластаған. Сонымен қатар, бұл өсімдікті иесіз үйді иесі жоқ кезде жайлап алған беймәлім жын-шайтандардан тазарту үшін адыраспанның бір бұтағын отқа салып тұтатып, аластайтын болған.

Сондай-ақ, ауыл әйелдері бірігіп текемет басқанда, әзірленіп жатқан текемет, киіздің қасына көз тимесін деп адыраспан және қызыл түсті мата төсейді. Өйткені, ондайда текеметке немесе киізге көз тисе, салынған өрнектер қиғаш немесе қисық түседі-мыс.

«Адыраспан, адыраспан шыққан жерді, сірә, баспан» деп келетін магиялық формула-тіркес адыраспанның дәстүрлі түсінікке сәйкес айырықша қасиетіне  байланысты қалыптасса керек.Адыраспанның магиялық киелі қасиетімен бірге, емдік  шипалығы да бар. Атам қазақ өзі аса киелі деп білген бұл өсімдікті өсіп тұрған жерінен жұлып аларда да оның әдеп-ибасын қатаң сақтаған. Біріншіден, оны қауызы толып, тұқымы толық піскен кезде ғана жұлған. Екіншіден, ер адамның ғана жұлуына рұқсат етілген. Үшіншіден, сол жұлатын адамның жаны ғана емес, үсті-басы таза, дәреті бар екеніне мән берілген. Төртіншіден, жұлушы кісі міндетті түрде Аллаға құлшылық етіп:

«Бисмиллаһи-ир-рахман-ир-рахим!

Мен келдім әр нәрсеге, адыраспан,

Атыңды қойған екен Омар, Оспан.

Бисмиллаһи-ир-рахман-ир-рахим!» -

деп барып, өсімдіктің сағағына қолын  тигізген.

 Бұл жердегі Омар мен Оспанның пайғамбарымыз Мұхаммед ғалаһауи-с-саламның әйгілі төрт сахабасының екеуі екенін мүмкін жұрт білетін шығар

деп ойлаймыз.Осыдан-ақ халқымыздың адыраспанды қалай қадір тұтқанын көруге болады.

      Облысымыздың Шардара,Мақтарал,Арыс,Отырар,Ордабасы

аудандарында  осы киелі шөп жақсы таралған. Құдды газон тәрізденіп тұтасып тұрған сол қалың қау шөптің арасымен жүргенде, олар аттап өтуге жол бере қоймайды.

   «Адыраспан» атты қасиетті өсімдіктің бар екенін, оған тиюге болмайтынын еңбектеген баладан,еңкейген кәріге дейін бүкіл санасымен түйсінген.     

   Адыраспанның қасиетіне өзбек,тәжік,түркмен,үнді халықтары да сеніп,оны өз ұрпағына қалдырған.Оны қасиетті санап,бесіктің басына адыраспан тұқымы салынған тұмарды қадап қойған.

   Адыраспанның  тұқымын жас жұбайлардың көрпе-төсегіне мақтамен бірге салып,олардың ұзақ,тату өмір сүруіне тілектес болып,тіл-көзден сақтайтынына көп адамдар бүгінге дейін сенеді.

  Тәжікстан мен Өзбекстанда үйді аластауға арналған адыраспанды белгілі бір формада қысып(пресстеп),арнайы дайындап,дәріханаларда сатады.

  Қазіргі  ғалымдар адыраспанның отаны-Үндістан  деп жорамалдайды.Сол елде адыраспаннан жасалған сусын-сома-«адам өмірін ұзартады» деген наным күні бүгінге дейін сақталған.

  Қазақ  халқы адыраспан түтінімен жаңа туған әйелді,жас төлдерді аластаған

  Қорыта  айтқанда,қазақ халқы ілім-білім  дамымай-ақ адыраспанның қасиеттерін  толық біліп,оны өзінің қажетіне  жарата білген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу бөлімі:

            Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) — түйетабандар тұқымдасына жататын

көп жылдық өсімдіктер туысы, тереңтамырлы өсімдік.

Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстандаоның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі А. (P. harmala) өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары,бозғылт – сары түсті және ол 1 – 3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр  шілдеде гүлдейді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады.Жемісі – ішінде жуандығы 1 сантиметрдей ұрығы бар, қоңыр түсті, шар тәріздес қауашақ.      

   Биологиялық сипаттама: Көп жылдық, шөптектес түйетабандар тұқымдасына жататын жабайы өсімдік. Сабағы бұтақшалы. Тамыры діңгекті 2-3 м–ге дейін жетеді, жердің су қабатына тік орналасқан. 
Сабағының ұзындығы 30-80 см, жалаңаш жасыл түсті. Жапырақтары тілімделген, кезектесіп орналасқан, қысқа сырғалы терең 3-5 бөлікке

бөлінген, етті өсімдік.

Гүлі ақ және сары түсті, ірі жалғыз не үш гүлі сабаққа гүл табаны арқылы  бекітілген.Тостағаншасы – бес, күлтесі бес бөлімді сары түсті, ұзындығы 1,5 – 2 см аталығы 15. Жемісі қоңыр түсті, құрғақ, диаметрі 6-10 мм шар тәріздес, үш жеміс қалтасынан тұрады. Тұқымының түсі қоңыр немесе сарғыш қоңыр , ұзындығы 3 – 4 мм, .үш ұшты төбешік тәрізді. Мамыр , шілде айында гүлдейді, шілде – тамыз да піседі. Қатты хош исі бар. Топтанып өседі . Жеке ірі бұтақтарында 150 – ге дейін сабақтары болады. Өсімдіктің жер бетіне өсіп өнуі наурыз айының аяғы мен сәуір айында болады.Бүршіктенуі сәуір айында басталады, мүшелердің шығуы тамыз айында басталып, күзге үсік болғанда аяқталады.

  Адыраспан  батпақты ,құмшауытты және сор  топырақта,құдықтардың маңайында,шөлді  аймақтағы жайылымдарда,тастақты  жерлерде,жолдың 

жағасы мен  шөлейттерде өседі. Қазақстанда адыраспанның бір ғана түрі – ақ адыраспан өседі. Топтанып өсетін өскін шілде айында гүлдегенде оның хош иісі төңіректі алып кетеді. Бір ғажабы, адыраспан өсіп тұрған маңайға шыбын-шіркей жоламайды. Оған тек «ханның қызы» сияқты қасиетті қоңыздар ғана қонады.Адыраспан атауы -мың ауруға ем деген мағынаны білдіреді.

                                                                                       Емдік қасиеті

Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол – улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді. Оның құрамында алкалоидтар бар. Халық медицинасында А-ды буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді. Сондай-ақ малдың қотырын да жазады. Адыраспаннан жүн мен жіптерді бояу үшін күрең қызыл бояу алынады. Тұқымы мен көк шөбінен алынған тұнбаны адыраспаншаруашылық зиянкестеріне қарсы күреске пайдаланады. Адыраспан – улы өсімдік (құрамында бірнеше алкалоидтар бар), дәміащы, мал жемейді. Жаз, күз мезгілінде тұтас денесін, күз мезгілінде жемісін жинап, кептіріп сақтайды.[1]

Тұмау тиіп ауырғанда, отбасы мүшелерін адыраспанға тұз қоса отырып аластаудың магиялық функциясымен қатар ем дарытатын қасиеті де бар. Сондай-ақ емшілікте адамның буынын сырқыраудан, аяқ-қолын қақсаудан емдеу үшін адыраспанды қайнатып, сол сумен ауырған мүшені үш мәрте булайды. Жел-құздан қозған буын ауруын емдеу үшін адыраспанның жас сабағын қиып алып, жаншып буынға тарту керек. Суықтан болған ауруға, терісі бөрткен кезде адамды адыраспан суына шомылдырған. Құяқмен ауырған адам адыраспанның сабақ, жапырақтарын қайнатып, күніне ұдайы екі жеті қатарынан ішуі керек. Tic қақсап ауырғанда, адыраспанның шөбімен ыстағаннан кейін басылады. Ұмытшақтық меңдетсе адыраспанды сабағы мен жапырағын бірге қайнатып ішеді.

Көшпелілер кесіртке тәрізді жәндіктер жараланғанда адыраспанға аунап жазылатынын байқаған. Жүн мен қолөнерде қолдананылатын түрлі жіптерді бояу үшін адыраспанды көп мәрте қайнатып, қызылкүрең түсті бояу алады.                                                                                        

 

 

 

 

                                                                                                                                             Біз зертханада  адыраспанның тұнбасымен малдың қышыма қотырын,түрлі тері экземаларын емдейдедік. Тұнба 1:10 қатынаста жасалынды. 200 – 300 грамм ұнтақталған адыраспен шөбі қайнаған 2,5 - 3 литр жылы суға салынып, 1,5 – 2 сағат бойы тұндырырылады. Содан кейін оны бәсеңдеу отқа қойып, 2 – 3 минут қайнатып алады.
Жылы тұнбаны малдың қышыма, қотырына жағып, сондай – ақ оны жуып емдейді.
Әдетте адыраспанмен ірі қара, жылқы, ешкі қышымаларын ,экземаларын. Қойдың қотырын емдеуге сирек қолданылады. Адыраспан улы өсімдік болғандықтан, онымен малды емдеген кезде де сақ болған жөн.
[3]

 

 

        

Адыраспанның емдік ,химиялық және фармакологиялық қасиеті.                                                                                                                       Өсімдіктерді дәрілік мақсатқа пайдаланғаны жөнінде мәліметтерді–еуропалық, қытай, грек, орта азиялық, латын тіліндегі ертедегі мәдени естеліктерінен табуға болады.

Өсімдіктердің дәрілік қасиеті  жөніндегі алғашқы қытай кітабы б.э. дейін 2600 жылы  «Фармакология  негіздері» атты кітапты дәрігер  Ли Ши-Чжень (1522-1596) жазды. Онда 1500-нан  астам өсімдіктерден алынған  дәрілік құрылымдарға сипаттама  берілген. Бес томдық «Дәрігерлік  ғылымның каноны» атты кітапты араб медицина мектебінің көрнекті өкілдері тәжік ғалымдары және дәрігер Абу Али Ибн Сина жазды, әлемнің көптеген тілдеріне аударылды және өзінің уақытында арабтардың кітабы болып қана қойған жоқ, еуропалық дәрігерлерде бағалады. Кітапта  шамамен 900 дәрілік өсімдік және оларды пайдалану әдістері сипатталған.  Көптеген өсімдіктердің мүшелерінде дәрілік ғана емес және улы заттарда кездеседі, яғни олардың азғантай мөлшері жануар немесе адам ағзасына түссе, оларда ауру белгілерін байқалады .

Адыраспанның ем болатын аурулары:
• Ревматизм ауруы
• Ұмытшақ ауруы
• Тіс ауруы
• Бастың созылмалы ауруы
• Тарамыс ауруы
• Буынның қабынуы
• Бел, сал ауруы
• Асқазан ауруы

Қорытынды:

Өсімдік- медициналық препараттардың сарқылмас көзі. Улы деген өсімдіктің өзі пайдалы.
Қазіргі заманда адам денсаулығын сақтау жайындағы күрес, бүкіл елдің қасиетті парызы. Өсімдік- тіршілік көзі, өзегі. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулықты сақтауға, отбасының қаражатын үнемдеуге, табиғат байлығын қорғауға көмектеседі. Қазіргі уақытта өз өлкемізде өсетін өсімдіктерді дер кезінде жинап, кептіріп, шөп қайнатпаларын дайындасақ жанға шипа, дертке дауа болары сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғылыми жоба "Адыраспанның емдік қасиетті""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Культуролог-аниматор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 874 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.03.2017 4481
    • DOCX 6 мбайт
    • 28 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калиева Жанат Амерхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калиева Жанат Амерхановна
    Калиева Жанат Амерхановна
    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15226
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 490 человек

Курс повышения квалификации

Организация и руководство учебно-исследовательскими проектами учащихся по предмету «Биология» в рамках реализации ФГОС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 325 человек

Курс повышения квалификации

Методика подготовки к ЕГЭ по биологии в соответствии с новой структурой и содержанием КИМ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 140 человек

Мини-курс

Художественная гимнастика: диагностика и технические аспекты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы творческой фотографии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 224 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, технологи

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек