Инфоурок Начальные классы Научные работыҒылыми жоба «Астана- бас қала»

Ғылыми жоба «Астана- бас қала»

Скачать материал

Ақмола  облысы 

Астрахан  ауданы 
«Қызылжар орта  мектебі» ММ

 

 

 

 

 

 

 


  Жақанова Айнұр

3 «А» сынып

«Астана- бас қала»
6-секция биология, химия, экология    


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастауыш  сынып  мұғалімі

Дюсембекова Клара Ерназаровна
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көкшетау 2016 жыл

 

 

 

                                    Аннотация

Бұл жобада Қазақстанымыздың астанасы- Астана қаласының экологиялық мәселелері қарастырылады.

Қазақстанның астанасы, бас қаласы – Астана. Астана келбетінде еліміздің болашағы жатыр. Алайда, бас қаламыздың өзіңдік басты шешілмеген мәселелері бар. Оларды көтеріп, жою жолдарын іздестіру керек.

 

 

 

 

 

                                                Аннотация

 

В этом проекте рассматривается экологическое состояние столицы нашего Казахстана - Астаны.

Столица Казахстана является главным городом страны. Астана – самый молодой и красивый город.  В нем мы видим светлое  будущее Казахстана. Но в столице есть свои глобальные  проблемы, которые необходимо поднимать и искать пути их решения.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жобаның маңыздылығы: Қазақстанның берік ұстанған саясатын, мәдениетін, білімі мен экономикасын әлемге паш ететін Астана қаласы. Алайда, қаламыз өсіп келе жатқан сайын – Астанамыздың экологиялық жағдайы нашарлап бара жатыр. Осы жобада бүл мәселелердің шешімін өзімше зерттеп ұсынып отырмын.

 

Жобаның мақсаты:     Өз еліне,туған жеріне деген патриоттық,сезімді ояту арқылы өз қаламызды көркейтуге үлес қосу. Атап айтқанда:

- Қаланың микроклиматын өзгертетін шараларды қарастыру;

- Қаланың қалдықтарымен күресу жолдарын қарастыру.

 

Жобаның міндеті:

А. Астана қаласының  басты экологиялық мәселелерімен танысу.

Б. Қаланың микроклиматы жайлы ақпарат іздеу.

В. Қаланың қалдықтары жайлы ақпарат іздеу.

Зерттеуді керек қылатын келелі мәселе:

Астана қаласының тазалығы мен ауа-райы.

 

Зерттеу жұмысының негізгі болжамы:

Егер қаланың микроклиматын және қала қалдықтары мәселесін шешуге біз ұсынып отырған шешімдеріміз іске асқан жағдайда, Астана қаласы әлдеқайда қоқыстан тазарады, ауа-райы жұмсарады, онда біз өз мақсатымызға жетеміз де, қаламыздың көркеюіне үлесімізді қосамыз.

Зерттеу тақырыбы: Астана қаласының экологиясы.

 

Зерттеу әдісі: Дереккөздерді іздеу, талдау жасау, ұсыныс әзірлеу .

 

Кіріспе

Астана-ертегідегідей таңғажайып қалаға ұқсайды. Биік, әдемі зәулім үйлердің өзі астаналық тұрғындарға өте қолайлы.Астанаға қызығып,көшіп келушілер өте көп. Халқының саны жылдан-жылға көбеюде.Сондықтан ең үздік үлгімен салынған үйлер саны да көп. Қала жан-жағынан дамуда. Аспанмен бой таласқан зәулім ғимараттар бірінен соң бірі пайдалануға беріліп, халыққа қуаныш сыйлауда. Астанаға барлық ел қызығушылықпен қарайды. Ендеше, Астана әрқашанда әлем назарында.

«Астананың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» дегендей Астанаға сән беріп тұрған барлық ғажайып ғимараттар - еліміздің мәдени мұрасы.  Астананы тану-қазақ ұлтын танып,білу дегеніміз.

Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 852 985 адам тұрады (1 қаңтар 2015)[3]. Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.

Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие.

Астана қаласының Бас жоспары — Астана қаласының тіршілік-тынысының қолайлы ортасын құру және оны орнықты дамыту, экологиялық қауіпсіздікті, табиғат пен мәдени мұраларды сақтау мақсатында жасалған қала құрылысының жоспары. Бұл жоба Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен іске асып жатыр.

 

Негізгі бөлім

Климатының өзіндік ерекшелігі тым континентік болып келеді, жауын-шашынның орташа жылдық мөлшерінің аз және күн көзінің өткір болуы салдарынан көлдердің суы азайып, шағын өзен арналардың кеуіп қалуына әсерін тигізеді. Қысы суық, аязды. Ызғарлы аяз шамамен 245 күнге, ал қыстың ұзақтығы 5-5,5 айға созылады. Қарашаның ортасына қарай түскен қар 130-140 күнге дейін жатады. Қаңтар айының орташа температурасы -17°С (52°С-қа көтерілетін аяз өте сирек болады). Аязды күндердің орташа температурасы -25°С. Мұндай күндердің ұзақтығы жылына 10-14-тен 38-45 күнге дейін ауысып отырады. Қыс айларының шамамен 30 күні боранды , боран оңтүстік-батыстан соғады. Қар қалың түскен жылдары өзендер тасып, көлтабандар көлге , көлдер шалқыған айдынға айналады. Бұлтты күндер аз, жылына шамамен 2200 сағаттай күн бұлтсыз ашық болады. Жазы ыстық, қуаң. Шілде айының температурасы ең жоғарылаған кезде +42°С -ға жетеді. Ең жоғары температура шілденің 11-12 күнін қамтиды. Жылы мезгіл шамамен 213 күнді, аязды мезгіл 120 күнді құрайды. Жазғ ынайзағалы күн саны шамамен 19-25 күн аралығында , ұзақтығы 2,4 сағат. Жазда 1-2, кейде 4-9 күндей бұршақ жауатын мезгіл байқалады. Жерге түсетін ылғалдың жылдық мөлшері 300 мм, оның 30 %-көктемге, 34 %-жазға, 36% күз, қыс айларына келеді. Жел жиі соғады, орташа жылдамдығы-2м/сек. Желдің қаттырақ соғатын мезгілі наурызға (6 м/сек), баяу соғатын мезгілі тамызға (4 м/сек) келеді. Ал жылына 40 кейде 87 күн қатты жел соғатын (15 м/сек жуық) тұсы болады. Өте күшті дауыл (36 м/сек) 20 жыл мөлшерінде бір рет байқалған.

Астана — Азия астаналарының ішінде солтүстік полюске ең жақын орналасқан.Астана — ғаламшардағы ең суық астаналардың бірі, Моңғолия астанасы Ұлан-Батырдан жылы, Канада астанасы Оттавадан суық.Әлемдегі астана аталатын астаналар тек қана Қазақстан астанасы — Астана қаласы және Оңтүстік Корея астанасы — Сеул қаласы.

Қаламыздың микроклиматының тым тез өзгергіш болып келетінінің нашар жақтарын қарастырып кететін болсақ ол:

1.     Қыста өте суық аяздар болады, оның әсерінен адамдар көптеп аурады, қаланың тұрғын үйлерін, ғимараттарын жылтуға көптеген шығын кетеді, көліктердің жанармайлары қатып қалып, тұрғындардың өмірін қийындатады.

 

 

2.     Ал жаздың күні ауа-райы +42°С дейін ысыйды, ал көгалдандырылмаған аудандарында тікелей күн сәулесі түскен жер дәл +70 градус температураға дейін қызады. Үйлердің іргелері мен тротуарлар бұданда жоғары ысып кетеді, бұндай жағдайлар адамдардың қан қысымын көтеріп қиындыққа душар етеді, жұмыскерлердің еңбек өнімділіктері төмендейді.

 

Бұл мәселелердің шешімін біз әзірлеп ұсынып отырмыз.

Астанамызда 852 985 адам тұрады екен, ол санның

83,634 адам – мектеп оқушылары;

67,745 адам – студенттер;

279, 876 адам – жүмысқа жарамды жұмыс истейтін адамдар,

Осы адамдардың санын қосқанда 431,255 адам болады.  Біздің жоспарымыз бойынша осы адамдардың бәрі жылына бір рет сенбілікке қаланың сыртқы аумағына  шығып бір –бір тал ексе қаламыз жасыл орманның ішінде болады. Бұл жағдай қаланың микроклиматын өзгертеді. Қыстың күні ауа-райы жылы болады, ал жазда қоңыр салқын болады.

Әрине бұл бастамаларды жүзеге асыру үшін, қала әкімшілігі бұл істі өз қолына алып толық қадағалауы керек.

 

Қаланың сұрқын алып тұрған қоқыстар мен антисанитария түрлі аурулар тудыратын қоздырғыштардың ошағы екені бәріне белгілі.

Гарбология ағылшын тілінен аударғанда «қоқыс» деген мағынаны білдіреді. Оны 1973 жылы Уильям Рэджи ашты.Ол экология ғылымынан бөлінген жеке бір сала. Егер де бір жыл ішінде жиналған қоқысты жоймай немесе қайта өңдемей, бір жерге төге берсе Европадағы ең биік шың-Эльбрустей тау пайда болады.

Қhello_html_m573bfad.jpgоқыс- еліміздің дамуына кесір. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алаңдатып отырған жағдай – табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы. Еліміздің қоқысын тазаламайынша біз дамыған мемлекеттер қатарына қосыла алмаймыз.

Менің зерттеуімше 1 адам тәулігіне 1,2-1,4 кг. қоқыс шығарса , сонда 1 адам 1 айда 45  кг, жылына 1 адам 16 425 кг қоқыс, 852 985 адам 1 жылда 14 010 278 625 кг қоқыс полигонына апарылады екен.

Астанада әр 20 жыл сайын қоқыс полигонының орнын ауыстырып өзімізді - өзіміз жұбатамыз. Егер қаланың күндіз –түні бір тынбайтын желін ескерсек, аталған қалдықтар мен қоқыстар ұшып, манайды ластап, қоршаған ортаға зиянын тигізуде.

hello_html_m52a95ece.jpgОсыған орай, егер, Астанамызда басқа дамыған мемлекеттер сияқты қалдықтарды салатын арнайы контейнерлер қолдансақ, қоқысты қайта өндіргенде судың, энергияның, ауаның ластануын, үнемдейді екенбіз. Астанадағы қоқыстың көбі: 35% қағаз, кардон, 15% полимер,5% резенке, тері, 10% текстиль болып табылады.

Қағазды қайта өндіргенде 1 тонна өндірілген қағаздан - 1 тонна дәретханалық қағаз жасауға болады.1 тонна өндірілген қағаз 17 ағашты құтқарады. Қоқыс қағаздарын қайта өндіргенде судың-60%, энергияның-40%, ауаның ластануына -74%, судың ластануын – 35% үнемдейді екенбіз.

Ал пластмассаны өндіргенде құрылыс материал (1000 пластикалық бутылкадан 5 м кв. тротуарлы плитка) жасауға болады екен. Ал тамақ қалдықтары тыңайтқыштар, биогаздар өндіру үшін пайдаланылар еді.

Бұдан басқа біздің ұсынысымыздың бірі Астана қаласында босаған ыдыстар мен қағаздарды қабылдау орындарын әр-бір аудунда көптеп ашу.



 

 

 

Қорытынды: 

Иә, Тәуелсіздікке қол жеткізген 25 жыл ішінде Қазақстанның экономикасы аршынды қадам­дар­мен дамыды. Еліміз бүгінде әлеуетті экономикасы, тұрақты қаржылық қуаты бар мемлекетке айналғаны да ақиқат. Осының бәрі ненің арқасы? Ол қойнауы қазына, топырағы құт қазақтың қасиетті жерінің арқасы. Жасы­ра­тыны жоқ, ел экономикасының бүгінге дейін даму үрдісі тек қасиетті жеріміздің қойнауынан алынған шикізат ресурстарының арқасында ғана мүмкін болды. Қазақстан Республикасы экспор­тының 90 пайызын мұнай, көмір, темір және әртүрлі түсті металл шикізаты құрайтындығы да шындық. Ғасырлар бойы төл перзентін қойнауынан алынған игілікпен қамтамасыз етіп келе жатқан қайран дала қажыды, тума таби­ғатымыз тақырланды. Ұлы дала енді туған перзенттерінен жа­на­шырлық күтеді. «Ал­мақ­­тың да салмағы бар». Енді «бұлақ көрсең, көзін аш» деген баба­лардың қасиетті қағи­дасына адалдық танытып, жомарт дала­мызды күл-қоқыстан та­зар­тып, тынысын ашуымыз қажет-ақ. Қазақ «жер жарасы – жан жарасы» деген ұлағатты ұран тұтқан ұлт. Халқымыз атамекенін асылындай аялауды атадан балаға мирас еткен. Ендеше, қа­зақ даласы күл-қоқыс қойма­сы емес. Бүгінгі ұрпаққа айтар ұлағат, жеткіншектер санасына құятын ғибрат туған жеріміздің тоқымдай телімін тусыратпай, сай-саласын ҚТҚ мен күл-қоқысқа толтырмай, қоқыспен бітелген бұлақтардың көзін ашып, тауы мен тасын көздің қара­шығындай қорғау – халықтық мүддеміз, перзенттік парызымыз.Табиғат-бәріміздің ортақ үйіміз. Дәл қазір табиғат бізден көмек күтуде. Ал табиғатты былғайтын тек адам ғана. Табиғаттың тозуы - экологиялық кризис. Бұл үлкен ғаламат апат. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алаңдатып отырған жағдай-табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы Өз Астанамыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшін ағаш бұталарды кеспей, биологиялық ерекшеліктеріне қарай көктемде отырғызу керек. Жерді дұрыс пайдаланып, қоршаған орта тазалығына көңіл бөліп табиғатымызды аялайық, сақтайық. Оны таза сау күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету-біздің парымыз. Астанамыз гүлдене берсін!!!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.“Атамекен” газеті 2007-2008 ж.ж.

2.Биология және салауаттану негізі № 4,5. 2009ж.

3.  Заң газеті №154. 21 қазан 2011жыл.

4.  Интернет жүйесі

 

        

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғылыми жоба «Астана- бас қала»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер по обслуживанию многоквартирного дома

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 169 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.04.2016 3980
    • DOCX 126.7 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дюсембекова Клара Ерназаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дюсембекова Клара Ерназаровна
    Дюсембекова Клара Ерназаровна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 44664
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 829 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 70 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Мини-курс

Литература и культура

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Творчество и технологии в медиакоммуникациях

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе