Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Научные работы / Ғылыми жоба "Аягөз қаласының экологиясы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ғылыми жоба "Аягөз қаласының экологиясы

библиотека
материалов

Аягөз аудандық білім бөлімі







Бағыты: Экология


Секциясы: Экология


Тақырыбы:


Аягөз қаласының экологиясы





Авторы: Жұмабай Дана

4 «Ә» класс

«Д.Бабатайұлы атындағы

жалпы білім беретін

орта мектеп» КММ

Жетекшісі: Ережепова Жанагуль

Кудайбергеновна

Бастауыш класс мұғалімі.

«Д.Бабатайұлы атындағы

жалпы білім беретін

орта мектеп» КММ












2015 жыл

Аннотация


Жобаның басты мақсаты: Аягөз қаласының экологиясын төмендететін факторлар туралы мәлімет жинақтау,шешу жолдарын анықтау.

Міндеттері:


  • Аягөз қаласының экологиясын зерттеу;

  • Экологияға кері әсерін тигізетін факторлар туралы мәлімет жинақтау;

  • Проблеманы шешу жолдарын анықтау.

  • Қоршаған ортаны ластанудан қорғауға қазіргі ұрпақты баулу.

  • Жасанды ластануды болдырмауға ат салысу.

  • Табиғатты қорғау сезімін қалыптастыру.

  • Әрбір адамға туған жер табиғатының тағдырын ойлап,

қадірлеуін ұғындыру;





Зерттеу  нысаны: адам.



Зерттеу жері:  Аягөз қаласы.



Зерттеудің өзектілігіӨзіміз тұратын қаланың экологиялық жағдайын біле білмейміз.



 Зерттеудің болжамы: егер біз өзіміз тұратын қаланың экологиялық жағдайын білсек, онда жанашырлықпен қараушы едік.



  Зерттеу әдістері:


  • ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;

  • қаланың экологиясын бақылау, зерттеу;

  • зерттелген нәтижеге талдау жасау;

  • ғылыми жобаны қорғау.







Кіріспе


Туған жер қандай көркем мөлдіреген,
Желегі желмен ойнап желбіреген.
Аралап күндіз - түні жүрсем - дағы,
Тыншымай ет жүрегім елжіреген.


Кез-келген адам өзінің туып өскен жерін,яғни Отанын жақсы көреді. Мен Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында тұрамын. Қаланың атауы ауданнан өтетін Аягөз өзеніне байланысты қойылған, ғалымдардың пікірінше өзеннің аты түркілердің ай тайпасының атауымен түркіше «өгөз»- өзен, яғни ай тайпасының өзені дегеннен пайда болған, ал халықта түркіше ая- әдемі, және гөз-көз деген нұсқа кең тараған. Аягөз қаласының әрбір көшесі, әдемі ғимараттары, әсем саябақтары маған өте ыстық. Алысқа кетсем,қаламды, мектебімді, құрбыларымды сағынамын. Қаламызда бірнеше мектептер, ауруханалар, балабақшалар, мәдени және спорт сарайлары бар. Өндіріс орындары да жетерлік.Қаламызда Мәрмәр, Кірпіш зауыттары, Вагон және Локомотив деполары жұмыс істейді. Аягөз қаласы тоғыз жолдың торабында орналасқан. Темір жол, тас жол арқылы өзге мемлекеттерге жол жүруге болады. Аягөз қаласы туралы ақын Мұқағали Мақатаев


Аягөз деген аядай бұлақ деседі,

Жұрттардан қалған жұмбақты кімдер шешеді.

Аягөз болып ғасырлар алға көшеді,

Аягөз- Ая, арулар елі кешегі


деп жырлағандай Аягөз қаласын аңыздар елі, абыздар елі деп те атайды. Өйткені бұл өңірден тарихта өзіндік із қалдырған көптеген тұлғалар өмір сүріп өткен. Атап айтсақ, өзімнің оқитын мектебім ақын Дулат Бабатайұлы атында. Бұл өнірден Ақтамберді жырау, Әріп Тәңірбергенов, Ақтайлақ би, Жобалай би, Шыңғожа батыр, Шақантай батыр, Қозы Көрпеш Баян сұлу шыққан. Елімізге танымал тарихи тұлғалар шыққан жерде тұратыныма мақтан етемін.Қаламыз аса үлкен болмаса да, тұрғындарына бейбіт өмір сүруіне барлық жағдай жасалған. Мектеп жасындағы балалар сапалы білім алып, уайымсыз балалық шақтарын өткізуде. Мектепке дейінгі бүлдіршіндер қазақ балабақшаларына барып, ана тілінде тәрбиеленеді. Ал ата-аналары болса, тамағымыздың тоқ болуын, киіміміздің бүтін болуын қамтамасыз етіп, еңбек етуде. Қаламыз жылдан жылға, күннен күнге көркейіп келеді. Әсіресе жаз мезгілінде тіпті құлпырып кетеді. Қаламыз жасыл желекке оранып, көшелеріне гүлден кілем жайғандай күйге енеді. Әсем саябақтарда кешкі уақытта қала тұрғындары демалады. Балалар ролик, велосипед теуіп ойнайды. Қыста үлкен таудан сырғанақ тебеміз.



3


Аягөз аудандық әкімшілігі




Мұражай




Қозы Көрпеш- Баян сұлу мәдениет сарайы.


4




Абай Құнанбаев ескерткіші. Қозы Қөрпеш-Баян сұлу ескерткіші







Орталық саябақ



5


«Тәуелсіздік» монументі



Көше көріністері




Саябақтағы субұрқақ



6








Түңгі қала


7

Негізгі бөлім

2.1.Күнделікті өмірде біз осы қаламыздың экологиялық жағдайына аса назар аудармаймыз. Аягөз қаласының экологиясы да қуантарлықтай жағдайда емес.Қаламыздың экологиясын зерттеу барысында, оған кері әсерін тигізетін бірнеше факторды анықтадым. Біріншіден, ауаның түрлі химиялық заттармен ластануы. Аягөз қаласында көпқабатты үйлер көп. Қыс мезгілінде бұл үйлер жылу қазандықтары арқылы жылытылады. Қалада бірнеше жылу қазандықтары бар. Бұл қазандықтардың пайдасы мен қатар зияны да жетерлік. Жылу қазандықтарынан мұржа арқылы шыққан түтін ауаға тарап, ластайды. Тіпті қаланың ішінде жүретін көліктерден шыққан түтін ауаға зиянды газдар шығарады. Жылу қазандықтарынан, көліктерден шыққан түтін желді күні тез сейіліп кетеді. Ал желсіз күндері қаламыздың түтінге оранып, тұншығып тұрғанын жиі көруге болады. Ауаны ластайтын тағы бір жағдай – қаламыздағы өндіріс орындары. Қаламызда мәрмәр , кірпіш зауыттары да ауаға зиянды қалдықтарды шығарады. Ауаның ластанбауы үшін, ең алдымен жылу қазандықтарын қаланың сыртында салу керек деп ойлаймын. Қала көліктерігің түтін шығару мөлшерін тиісті мекемелер қадағалап отыру керек.


Жылу қазандықтарынан ауаға тараған улы заттар.






8



Көліктерден шыққан түтіннің ауаны ластауы.








9

Түтінге түншыққан Аягөзім-ай!











10

2.2. Ауаның ластанбауы үшін, қаланы көгалдандыру керек. Шырша, қарағайларды, гүлдерді көп отырғызу керек. Барлығымыз білеміз, өсімдіктер ауадағы улы заттарды өздеріне сіңіріп, ауаны тазартады. Қаланың орталықтарында өсіп тұрған өсімдіктерді уақытымен суарып, түптейді. Ал қаланың шет жағындағы көрініс басқаша. Бұл жердегі өсімдіктер өте аз. Өйткені бұл жердегі ағаштарды отын ретінде кесіп алып жатады, орнына ағаш отырғызылмайды. Тіпті кей жерлерде жас ағаштарды отап тастаған. Топырақтың құнарсыздығынан өсімдіктер аз өседі.Жазда болатын өрттен де өсімдіктер азайып кетті.








2.3. Қаламыздың экологиясына кері әсерін тигізетін тағы бір жағдай – тұрмыстық қалдықтар. Қала тұрғындары қалдықтарды арнайы жәшіктерге жинақтап жүрсе болар еді. Бірақ мұндай жәшіктер тек көп қабатты үйлердің жанында ғана болғанымен, оны уақытында тазартылмайды. Қоқысқа толы жәшіктер апталап тұрып қалады. Тұрғындар еріксіз қалдықтарды жәшіктердің сыртына тастауға мәжбүр болады. Бұл қоқыстар желдің әсерінен, қаңғыбас иттердің көмегімен жан-жаққа шашылып жатады. Үлкен қаладағыдай тұрмыстық қалдықтар іріктеліп және қоқыстың әр түріне жеке ыдыс орнатылса. Тиісті мекемелер тұрмыстық қалдықтарды уақытында қалдықтар тастайтын полигонға жіберіп отырса. Қоқыс жәшіктерінің маңайында қаңғыбас иттер, мысықтар, тіпті жазғы уақытта түрлі кеміргіштерді жүреді. Бұл, әсіресе аулада ойнап жүретін балаларға қауіпті. Өйткені, иттер, кеміргіштер балаларлы тістеп алса, құтырма ауыруына шалдығуы мүмкін.


11

Қала көшелеріндегі тұрмыстық қалдықтардың жай-күйі











12

2.4. Қаланың шетінде Аягөз өзені ағып жатыр. Ата-әжелеріміздің айтуы бойынша,кезінде бұл өзеннің арнасы кең, суы мол, балығы көп болған. Өзен арқылы пароммен тауар тасып, балық аулаған екен. Бірақ бұл өзеннің қазіргі жағдайы әр адамның жүрегін ауыртатыны белгілі. Өйткені, өзеннің суы азайып, паром түгілі қайық жүзбейтін халге жетті. Көктемде қар суымен арнасы толатын өзен, жаз шыға қоқысқа толып, маңайында өсімдіктер азайып кеткен. Жазғы уақытта қала түрғындары өзен суына көліктерін жуып, суды түрлі улы заттармен ластайды. Одан кейін бұл өзенде балалар шомылып да, төрт түлік мал да суын ішеді.Мұндай жағдайлар болмау үшін, тиісті мекемелер өзен суының құрамын анықтап отырса. Өзенде көліктерін жуған адамдарға көп мөлшерде айыппұл салынса. Болашақта Аягөз өзенінің асып, тасып, жағасы жайқалған жасыл желекке бөленіп, балықтың сан алуан түрі жүзіп жүрсе.Халқымыз «Бүлақ көрсең – көзін аш» деп бекер айтпаған.


Аягөз өзенінің қазіргі көрінісі







13














14

2.5. Аягөз қаласының экологиялық жағдайының төмендеуі қаланы мекендейтін құстарға да, төрт түлік малға да әсерін тигізді.Ағаштардың азаюына байланысты құстар азайып, уланған суын ішіп, шөбін жеген төрт түлік мал сарып, аусыл ауруларына шалдығып жатыр. Кей жерлерде төрт түлік малдың түсік тастауы жиілеп кеткен. Мұндай жағдайлар болмау үшін, көшелерде көп ағаш отырғызу керек. Қыс кезінде құстарға ұя жасап, қамқорлық көрсетуді әр балаға үйрету керек. Төрт түлік мал ұстайтын адамдар малдарына уақытында екпе жасатып отыру керек. Ауру малдың сүтін ішіп, етін жеген адамдар аусыл-бруцеллез ауруына шалдығып жатады.










15

3.1. Қаланың экологиялық ластануын түрлі зерттеулер арқылы анықтадым. Бірінші зерттеуім химия кабинетінің зертханасынан басталды. Бұл зертханада ауаның, судың ластануын, қандай улы заттармен ластанғанын зерттедім. Нәтижесінде, ауаға тараған улы заттардың құрамы белгілі болды. Ол: азот оксиді,көмір қышқылы, көмір сулары, күкірт оксиді, диоксид. Химия пәні мұғалімінен осы улы заттар жайлы мәлімет алдым. Суды ластайтын тұрмыстық қалдықтар, өндіріс орындарының суға химиялық заттарды ағызуы, табиғи ластануы. Суды белгілі бір қондырғылармен тиісті мекемелер тазартады. Әсіресе көктемде судың құрамы өзгереді. Қардың еріген суы, тұрмыстық қалдықтар суды ішуге жарамсыз етеді. Бұл улы заттар адам тұрмақ, жалпы табиғатқа кері әсерін тигізетінін айтпаса да түсінікті. Зертханада суды қалай тазартуға болатынын кабинет меңгерушісі үйретті.


Химия кабинетінің зертханасында





16

3.2. Биология кабинетінде қаламызды мекендейтін құстадың түрлері, саны азайып бара жатқан құстар жайлы мәлімет алдым. Қаламызды көркейтуге көшелерде түрлі гүлдер мен ағаштар отырғызу әр тұрғынның міндеті екені туралы әңгіме жүргізілді. Қала көшелеріне ерекше көрік беретін петуния гүлдері туралы мәлімет алдым.

Биология кабинетінде







17

3.3. Медбикенің кабинетінде ластанған су, ауа арқылы берілетін аурулар туралы мәлімет алдым. Ластанған ауа арқылы туберкулез, грипп тағы басқа аурулар тарайтыны туралы медбике әңгімелеп берді. Су арқылы түрлі ішек аурулары, аллергиялар беріледі екен. Осы аурулармен ауырмау үшін әр адам біріншіден жеке басының тазалығын сақтау керек. Екіншіден,салауатты өмір сүру керек. Жаман әдеттерге бой алдырмай,таза жүру керек. Дәрумендерге толы жеміс-жидектерді тағам ретінде көп пайдалану керек. Сонда ғана деніміз сау болып өсетініміз анық.


Медбикенің кабинетінде.









18

Қорытынды


Тұрып жатқан қаламыздың тазалығын әр тұрғын ойлауы керек. Ол үшін әр адам өз үйініңің ауласынан бастауы керек. Тұрмыс қалдықтарын тиісті жерлерге төгу керек. Біз ,өзіміз оқитын мектебімізде сенбіліктер өткізіп отырамыз. Апта сайын тазалық апталығын өткізуді ұйымдастырып отыру керек. Қаламызда «Біз таза қала үшін», «Тазалық –денсаулық кепілі», «Парктер шеруі» атты акциялары өтіп отырады. Мұндай іс-шаралар көп болса екен деймі.



Сенбіліктен көрініс







19

Бұл жұмысымды қорытындылай келе, әр адам өзінің тұратын жерін, табиғатын өз баласындай көріп, мейіріммен қараса, онда қаламыз құлпырып, гүлденіп, адамдары да жайдары өмір сүрер еді. Экологиямыздың жақсаруына көптеген жұмыстар жүргізілсе. Ал мен өз тарапымнан көшенің әр жеріне экология туралы жарнамалар, ескерту белгілері орнатылса екен деймін. Жұмысымның соңын мына өлең жолдарымен аяқтасам.


Аягөздің табиғаты тамаша,

Жасыл желек көзің тоймайды қарасаң.

Тұнық суы, таза ауасы ғажайып,

Жер ұйығың егер өзің қаласаң.


Жапырақ жайған жасыл желек айналаң,

Бұтағыңда әнші торғай сайраған.

Гүлге қонып көбелегі шаттанса,

Шырын сорып ара еңбегі қайнаған.


Ақындардың елі болған Аягөз,

Ғашықтардың жері болған Аягөз.

Аягөз деген аядай бұлақ деседі деп,

Серілердің әні болған Аягөз.


Сол үшін де мен жеріммен мақтанам,

Сұлу сөзбен жырға қосып шаттанам.

Жалғыз көшет отырғызсаң ну болады,

Тамырынан қурап солып жатпаған.


Қысы суық шынықтырса денеңді,

Жомарт күзі мол ғып дәнін береді.

Кербез көктем тіршілік дәнін сепкенде,

Жайдарлы жаз кеп оған шуақ төгеді.


Тіршілігі жалғас тапқан жаңғырып,

Тыныштықпен ататұғын таң күліп.

Перзенті үшін әрбір өзін сүйетін,

Аягөзім жер ұйық қой мәңгілік.









20

Мазмұны.


Аннотация ..................................................................................................... 1

1.Кіріспе ...........................................................................................................5

2. Негізгі бөлім ...............................................................................................9

   2.1.  Қаланың ауасының жағдайы.............................................................. 10

   2.2. Қаланың өсімдіктерінің жағдайы.........................................................11

   2.3.Қаланың жануарларының жағдайы.......................................................12

   2.4. Тұрмыстық қалдықтар............................... ...........................................13

   2.5. Аягөз өзенінің жағдайы............... .........................................................14

3. Біздің зерттеу жұмысымыз ..................................................................... 15

    3.1.Химия кабинетінің зертханасында .................... .................................16

3.2.Биология кабинетінде............................................................................17

3.3.Медбикенің кабинетінде.......................................................................18 4. Қорытынды ................................................................................................19

5. Қолданылған әдебиеттер ..........................................................................20






























Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Аягөз жаңалықтары «Парктер шеруі»

32 22.04.2015 2-бет.



2. «Аягөз өзені» Уикипедия


3. П. Жоламанова. «Облыс экологиясының өзекті

проблемалары»

«Семей таңы» - 2006 ж.

2 қараша 13 бет.



4. К.Жүнісқызы. Ә. Бірмағамбетов. Дүниетану. 3, 4 класс.

Н. Жапанбаева. Алматы, «Атамұра» 2014 ж.



5. . «Менің өлкем» газеті. «Сарып ауруы»

№ 15. 9.04.2015 ж. 6 бет.










































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.07.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Научные работы
Просмотров395
Номер материала ДБ-140650
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх