Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыҒылыми жоба "Аю - жер бетіндегі ең жыртқыш аң"

Ғылыми жоба "Аю - жер бетіндегі ең жыртқыш аң"

Скачать материал

 

 

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

 

Алматы облысы Көксу ауданы

Жамбыл атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі

 

 

 

 

 

Ғылыми жоба

 

 

 

тақырыбы: « АЮ – жер бетіндегі ең ірі

                жыртқыш аң »

 

 

 

 

 

 

                                  Орындаған: 4-сынып оқушысы

                                                   Дарибай Арафат

                             Жетекшісі: Маненбаева А.Т.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 

 

 

2014 жыл

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе                                                                                                           3

1.Аю-қорек талғамайтын жануар                                                                5

1.1 Ғылыми жіктелуі                                                                                    5

1.2 Аюдың жалпы сипаттамасы                                                                  5

1.3 Аюдың түрлері,тіршілік ету мекені мен бейнесі                                6

1.4 Аю - 1980 жылы Москвада өткен 22-ші жазғы

олимпиада ойындарының талисманы                                                        10

1.5 Аю – кейбір қалалардың ұлттық символы                                          11

1.6 Аю терісінен жасалған кілемдер                                                          12

Қорытынды                                                                                                13

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі                                                          14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

     Жануарлар мен өсімдіктер тірі жан иелері болғандықтан, тіршілік ету үшін оларға әл-қуат керек. Жануарлар күш-қуатты қорек жеу арқылы, ал өсімдіктер күн сәулесі мен судан алады.

      Қазір біз көріп жүрген жануарлардың дене бітімі 700 милионнан 1200 миллион жылға созылған эволюцияның нәтижесінде қалыптасты.

      Жануарлардың жәндіктер, балықтар, құстар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, сүтқоректілер және тағы сол сияқты түрлері көп. Бауырымен жорғалаушылар қосмекенділерден өрбіген. Ал құстар кейбір бауырымен жорғалаушылардың дамуы нәтижесінде пайда болды.

      Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор. Олар адамға ет, май, сүт, тері, жүн, бал, балауыз, жібек, мүйіз, басқа да керекті заттар береді.

      Жануарлар ауылшаруашылық дақылдардан тозаңдандырып, топырақты органикалық заттармен байытады. Олар бір-біріне азық болып, табиғатта қоректік тізбек түзейді. Кей жануарлар адам өміріне қауіпті болғанымен, олардың пайдасызы, артығы, керексізі жоқ. Жер бетінен жануардың бір түрі жойылса, тіршіліктің тепе-теңдігі бұзылып, бүкіл табиғат зардап шегеді.

     Жануарлар –жер бетінде 0,8 миллиард  жыл бұрын пайда болған тірі ағзалар. Қазір олардың 1,6 миллиондай түрі бар. Суда тіршілік ететін молюскалар, губкалар, балықтар, құрлықтағы қасқырлар мен аюлар, кесірткелер мен тасбақалар, көкте қалықтаған құстар, топырақ астындағы құрт-құмырсқалар, түрлі бактериялар-осылардың бәрі жануарлар әлеміне жатады.

      Бір-біріне өзара ұқсас жануарлар-туысқа, жақын туыстар - тұқымдасқа, жақын тұқымдастар - отрядқа, отрядтар - класқа, кластар - типке топталады. Жануарлардың ең ірі жүйеленім бірлігі - тип, ең кішісі - түр. Жануарлардың екі типі бар: омыртқалылар және омыртқасыздар (хордалылар). Балықтар, жәндіктер,қосмекенділер,бауырымен жорғалаушылар, құстар мен сүтқоректілердің арқасында сүйегі, яғни омыртқа жотасы бар. Омыртқа жотасы жоқ буынаяқтылар- омыртқасыздардың ең көп таралған түрі. Оған шаяндар, өрмекшілер және т.б.жатады. Буынаяқты емес омыртқасыздар құрт тәрізділер және медуза, сегізаяқ, жұлдызбалық сынды құртқа ұқсамайтындар боп жіктеледі. Омыртқасыздардың екі миллиондай түрі бар.

      Кей жануарлар тек шөп жейді. Олар «шөпқоректілер» деп аталады. Ал кей жануарлар тек ет жейді. Олар – етқоректілер. Шөп те, ет те жейтін жануарлар болады. Олар қорек талғамайтын жануарлар боп табылады.

      Жануарлардың дене тұрқы да әртүрлі. Бактерияларды адам қарусыз көзбен көре алмайды, ал пілдер мен керіктерді алыстан көреді.

      Арыстан, жолбарыс, аю, қабылан сияқты жануарлар - жыртқыштар.

Аюлар ет қоректілер тобына жатады. Дегенмен, әр аюдың қорегі әртүрлі. Мәселен, ақ аю итбалықтың, өзге де жануарлардың етін жейді, кейде шөпке де жайылады. Гризли аюы шөп, жидек, жаңғақ жейді. Аюларды әлемнің әр түкпірінен кездестіруге болады.

      Тақырыптың өзектілігі. Болашақ ұрпақ оқушыларға аю жануарының ерекшелігің, қасиеттері мен сыртқы түрі,тіршілік ету мекені мен бейнесі ашып көрсету. Аюдың түрлерін талдап, толық мәліметтер беру.

      Жұмыстың мақсаты: Аю жануарының ерекше қасиеттерімен таныстыру, аюдың ғылыми жіктелуін, жалпы сипаттамасын, тіршілік мекені мен бейнесін зерттеп, маңызы және ел табиғаттағы аюдың орнымен таныстыру.

      Жобаның міндеті: сыныптастарыма, құрбыларыма аю туралы толық мәліметтер, мағлұматтар беру;

      аюдың түрлерін талдау, ерекшеліктерін зерттеу;

      аюдың тек аң немесе жануар ретінде ғана емес, бірнеше қалалардың ұлттық символы, 1980-ші жылы Москвада өткен 22-ші жазғы олимпиада ойындарының талисманы екендігін баяндау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.   Аю - қорек талғамайтын жануар

 

1.1  Ғылыми жіктелуі

 

Дүниесі:                 Жануарлар

Жамағаты:             Хордалылар

Табы:                     Сүтқоректілер

Сабы:                     Жыртқыштар

Тегі:                       Аюлар

Түрі:                      Қоныр,ақ,аралас

Кіші түрі:              Пандалар

Латынша атауы:  Ursidae            

 

Grizzlybear55.jpg

1 - сурет. Аюлардың көріністері

 

      1.2 Аюдың жалпы сипаттамасы

      Аюлар жыртқыштар отрядына жататын аң. Олардың денесі шомбал, басы үлкен, құлағы кішкентай, құйрығы қысқа (қалың жүнінен көрінбейді). Жүні бір түсті, қоңыр, қара не ақ, аяғы бес саусақты, тырнақты болады. Иіс сезу қабілеті жақсы жетілген. Қазір олардың ақ аю, ақтөсті аю,қоңыр аю,барибал,ерінді аю, малай аюы,көзілдірікті аю және үлкен панда деген 8 түрі кездеседі. Қоныр аю Еуропа мен Азияға жайылған. Қалың жынысты ормандарда өмір сүреді. Алқаптарға жем іздеп шығады. Өзі денелі болғанмен, жидектерді, жаңғақтарды жейді, насекомдар мен олардың жұмыртқаларын, балды ұнатады, балық аулайды. Жаздыгүні кез келген оңаша жерге жата кетіп ұйықтай салады. Ал қыста – апанында ғана ұйықтайды. Сол жерде жылына бір рет екі-үш қонжығын дүниеге әкеледі. Қоңыр аюлар кәсіптік аң ретінде ауланып келді. Қазір оларды аулауға тыйым салынған. Қазақстанда Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр және Алтай тауларында аюдың 2 түрі (қоңыр аю, Тянь-Шань қоңыр аюы) мекендейді. Аюлар 30 – 40 жылдай тіршілік етеді. Буаз аю жеке жүреді, қыста үңгірінде жалғыз жатады. Егер қажетті май қорын жинай алмаса, ұйқыға жатпайды. Аю – бағалы аң. Ол майы және шипалық қасиеті бар өті үшін ауланады. Семіз аюдан 120 кг ет, 50 кг-дай витамині мол май алуға болады. Аю жабайы тұяқты аңдарға, үй малдарына, сондай-ақ адамға да шабуыл жасайды. Бал омартасына түсуді жақсы көреді. Аюлар етқоректілер тобына жатқанымен, өсімдіктермен де қоректенеді..

 

      1.3 Аюдың түрлері,тіршілік ету мекені мен бейнесі

      Қоңыр аюдың дене тұрқы 2 м-дей, салмағы 150 – 200 кг-дай, түсі қоңыр, қара қоңыр болады. Мінез құлқы жағынан бейқам, момын, қорқақтау келеді, орман ішінде адам көзіне көрінбейді. Ол адамның өмірі үшін қауіпті емес. Қорек талғамайды. 7 айда 2 – 4-тен қонжықтайды. Жаңа туған қонжығының салмағы 300 – 600 г болады. Енесінің сүтімен 4,5 – 5,5 айға жуық қоректенеді, бір-екі жыл енесімен бірге жүреді. Қоңыр аюлар көбінесе жеміс жидек, шөп тамырларын, құрт – құмырсқа, личинкаларды қазып жейді, бақа, балықтарды ұстайды. Аю балға аузы бір тиген соң араның шыққанына да қарамайды. Күзде қоңыр аю көктемге дейін тыныш ұйықтап шығатын сенімді баспананың қамына кіріседі. Егер ол күзде семіріп, жеткілікті май жинап алмаса, аю апанда жатпайды: қыс бойы долданып, аш құрсақ жүріп күн кешеді. Аюдың ұйқысы сергек болады, ұйқы кезінде дене температурасы төмендейді. Қоңыр аюлар 50 жылдай өмір сүреді. Үйретуге тез көнгіш келеді.

 

http://www.namys.kz/img/med.jpg

                      6 - сурет. Қоныр аюдың алдынан қарағандағы қөрінісі

 

Панда – аюдың бір түрі, панданың түрлері

 

      Панда немесе бамбук аюы Онтүстік Қытайдың тауларын мекендейді. Ол – бойы 1,5 м-ге дейін жететін үлкен аң. Жалпақ табандарында күшті тырнағы болады. Оның аяқтарында басқаларына қарсы орналасқан алтыншы бармағы да бар. Олар бамбуктің жұмыр сабағын ұстауға көмектеседі. Олар жалғыз өмір сүреді. Тек қонжықтарын туарда, оны тәрбиелеу кезінде ғана пандалар жұптасады. Қонжықтар жылына бір рет қана туылады. Пандалар 10-12 сағат бойы бамбуктың жінішке бұтақшаларымен, тамырларымен, сондай-ақ басқа да өсімдіктермен қоректенеді. Олар ұзақ ұйқыға жатпайды.Панда аюы қазіргі таңда сирек кездесетін, аз қалатын және жоқ болып кетуі үлкен қауіпі бар жануарлардың тізіміне кіреді. Панда Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген.

 

                                    9 – сурет. Үлкен панданың бейнесі

      Үлкен панда. Панданың дене ұзындығы 120-180 см, құйрығы 12 см. Салмағы 30 дан 160 келеге дейін жетеді. Терісінің түсі жартысы ақ жартысы қара. Денесі ірі аяқтары қысқа.

      Аюлардан айырмашылығы тіс құрылысында және құйрығы ұзын. Түсі ақ тек аяқтары, құлақ ұштары, көз айналасы, көлденең иық жолағы, құйрық ұшы қара. Арттағы сирақтары қысқа әрі жуан, тырнақтары өткір. Табандардың және бақайлардың ерекшеліктері пандаға жылтыр бамбук сабақтарында тайып кетпей берік ұсталуға мүмкіндік береді.

Сурет:Grosser Panda.JPG

 

10 – сурет. Үлкен панданың алдынан қарағандағы көрінісі

     

      Панда аюы өсімдік жейтін жануарлар секілді бамбук сабақтарымен қоректенеді. Заманауи өнерде панда аюының келбеті кейіпкер ретінде жиі қолданылады. Үлкен панда әлемге әйгілі "Кунг-Фу панда" мультфильмнің бас кейіпкері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11 – сурет. Панда баласын еркелетуде

      Storm Spirit (дауылдың рухы) атты панда аю Warcraft компьютер ойынының (дотаның) кейіпкерлерінің бірі. Араб елдерінде кең тараған «Panda Cheese» деген ірімшіктің жарнамасының бас кейіпкері - панда аюы.

      Үлкен панда Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) төлтаңбасы (белгісі) ретінде пайдаланады.

 

Панда –

жабайы табиғаттың Бүкіләлемдік қорының

нышаны (WWF)

 

 

12 – сурет. Панда – жабайы табиғаттың Бүкіләлемдік қорының нышаны

 

      Кіші панда. Кіші панда сүтқоректі жануар. Дене ұзындығы 51-63, құйры-ғының ұзындығы 28-48 см. Басы домалақ, беті жалпақ, түсі жирен, беті ақ, құрсағы мен аяқтары қара. Азияда, (Қытай,Үндістан) таралған. Таулы жерлерде бамбук ормандарын мекендейді. 1-2 ұрпақ береді.

 

Ailurus_fulgens_RoterPanda_LesserPanda

13 – сурет. Кіші панданың бейнесі

 

 

олимпийский мишка

 

20 – сурет  Аю -22-ші жазғы олимпиада  ойындарының талисманы

 

      Жазғы олимпиадалық ойындар 1980 жылы 19 шілдеден 3 тамызға дейін Совет Одағының астанасы Мәскеу қаласында өтті. Бұл ойындар Шығыс Европа аймағында өткізілген бірінші олимпиадалық ойындар. Олимпиадалық сайыстар Мәскеу қаласынан басқа Совет Одағының басқа қалаларында өтті, мысалы: қайық регат сайыстары Таллин қаласында өтті, алдын ала футбол додасы Киев, Ленинград, Минск қалаларында өтті.

      Мәскеуде өткен олимпиада ойындарының талисманы олимпидалық қонжық тағайындалды. Бұл эмблеманың авторы – балаларға арналған кітаптардың суретшісі – Виктор Чижов. Олимпиадалық қонжық шынайы олимпиадалық барлық негізгі қасиеттерін: батылдық, жылдамдық, күш, төзімділік пен мықтылықты білдіреді.

 

1.5 Аю – кейбір қалалардың ұлттық символы ретінде

Аю бейнесі елтаңбаларында және туларында

 

 

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/f6/Coat_of_Arms_of_Yaroslavl_%281995%29.png/65px-Coat_of_Arms_of_Yaroslavl_%281995%29.png

 

Ярославль қаласының елтаңбасы

 

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/22/Coat_of_Arms_of_Perm.svg/96px-Coat_of_Arms_of_Perm.svg.png

 

Пермь қаласының

елтаңбасы

 

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/d9/Coat_of_arms_of_Berlin.svg/73px-Coat_of_arms_of_Berlin.svg.png

 

Берлин (Германия) қаласының

елтаңбасы

 

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/4/49/Coat_of_arms_Greenland.svg/83px-Coat_of_arms_Greenland.svg.png

Гренландия (Дания) алтаңбасы

 

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/1/18/CarpathianRutheniaCoA.svg/99px-CarpathianRutheniaCoA.svg.png

Закарпатья елтаңбасы

 

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/ab/Krai_Khabarovsk_coat.gif/97px-Krai_Khabarovsk_coat.gif

Хабаровск аймағының елтаңбасы

 

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/e/e2/Coat_of_Arms_of_Khabarovsk.svg/93px-Coat_of_Arms_of_Khabarovsk.svg.png

 

Хабаровск қаласының

    Елтаңбасы

 

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/0/08/Coat_of_Arms_of_Norilsk_%28Krasnoyarsk_kray%29.png/97px-Coat_of_Arms_of_Norilsk_%28Krasnoyarsk_kray%29.png

Норильск қаласының

елтаңбасы

 

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/e/ea/Coat_of_Arms_of_Syktyvkar_%28Komi%29_%282005%29.png/86px-Coat_of_Arms_of_Syktyvkar_%28Komi%29_%282005%29.png

Сыктывкар қаласының елтаңбасы

 

21 – сурет. Аю бейнесі елтаңбаларында және туларында

 

 

1.6 Аюдың терісінен жасалған кілемдер

1049973_7273160203_6

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

971060_5

22 – сурет. Кілемдердің түрлері

 

Қорытынды

 

 

      Саны белгілі бір мөлшерден төмендеп кеткен жануарларды жойылып кету қаупі төнген жануарлар қатарына жатқызамыз. Мұны туу санының өлу санына төмендеп кеткендігінен аңғаруға болады.

      Адамдар аңдарды аяусыз аулап, олар мекен ететін алқаптарды тарылтуы салдарынан жануарлар табиғи мекенін тастап, басқа жерлерге кетуге мәжбүр болады. Олар адамдардың іс-әрекетінен қатты зардап шегуде. Көптеген жануалар терісі мен өзге дене мүшелерінен құнды заттар жасалатын болғандықтан ғана өлтіріледі.

      Бүгінде, әсіресе, аюлардың азаюы білінеді. Адамдар, малшылар аюларға шабуыл жасап, өлтіріп, олардың терісінен неше түрлі киімдер және кілемдер жасайды. Арктикадағы ақ аюлардың саны да азайып барады.

      Саны азайған жануарлар тізімінде сүйкімді пандалар, түрлі түсті аюлар және гориллалар бар. Ежелгі дәуірден бері аман келе жатқан бұл жануарларды ғылым мен техника ғасырының адамдары осылай аздырып жіберді.

      Біз болашақ ұрпақ табиғатты және жануарларды аялап, сақтап , қорғап жүруіміз керек, олардың өмір сүруіне кедергі келтірмеуіміз керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

 

1. Жануарлар. – Алматы: «Аруана» баспасы.– 32 бет. – Сер.: «Балаларға арналған танымдық энциклопедия» .

2. Жануарлар әлемнің үлкен атласы. – Алматы: ААҚ «Алматыкітап» баспасы.– 63 бет.

3. Әлем жануарлары. – Алматы:«Аруана» баспасы  – 2008 ж .

4. Қазақстандағы жануарлар әлемі. - Алматы: ААҚ «Алматыкітап» баспасы.– 2004ж., Ковшарь А.Ф.

5. Интернеттен алынған мәліметтер. Жаңа мәліметтер.

6. Иванов В.В.,Топоров В.Н. Медведь// Мифы народов мира. Энциклопедия: в 2-х томах.. Т.2-М:Большая Российская энциклопедия.,2000г.,с.128.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғылыми жоба "Аю - жер бетіндегі ең жыртқыш аң""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 189 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2016 7540
    • DOCX 457 кбайт
    • 40 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Маненбаева Айнаш Толешевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Маненбаева Айнаш Толешевна
    Маненбаева Айнаш Толешевна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 26159
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 390 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 218 человек

Мини-курс

Цифровая трансформация в управлении и информационных технологиях

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство и техника: совершенствование в художественной гимнастике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии клиентоориентированного бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе