Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Научные работы / Ғылыми жоба « Қазақ халқының би өнері»

Ғылыми жоба « Қазақ халқының би өнері»

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:



Т.П.Праслов атындағы Прииртышск ЖОББМ



Секция:Дүниетану







Бөлме өсімдіктерінің өсуіне қажетті жағдайлар.











Авторы: Жұмабекова Дария Әділқызы

4 «А» сынып оқушысы

Т.П.Праслов атындағы Прииртышск ЖОББМ



Жетекшісі:Ибрагимова Самира Ханнановна

Т.П.Праслов атындағы Прииртышск ЖОББМ

мектептің бастауыш сынып мұғалімі



Прииртышск,2016 жыл



Тақырыбы: Бөлме өсімдіктерінің өсуіне қажетті жағдайлар.

Зерттеу мақсаты:Бөлме өсімдіктерінің пайдасы мен адам өміріндегі алатын орнын тереңірек түсіндіре білу. Ғалымдардың зерттеулерін, болжамдарын саралау. Әр өсімдіктің өзіне тән қасиетіне байланысты, өмірде пайдалана білу. Бөлме өсімдіктерінің адам өмірімен тікелей байланыстығын ашу. 

Туындайтын міндеттер:

Өсімдік тіршілігін зерттеу, мағлұматтар жинақтау.

Жинақталған мағлұматтарды сабақ барысында қолдану.

Өсімдіктің тірі ағза екендігін оқушылардың хабардар болуын арттыру.


Зерттеудің болжамы: Егер мен өсімдік туралы достарыммен ой бөліссем, онда достарыммен өсімдіктерді қорғап, жан-жақты болуына ықпал етер едім.


Күтілетін нәтиже:

Қатарластарым өсімдіктер туралы толық мағлұмат ала алады.

Олардың тіршілік иесі екенін түсіне алады.

Тірі ағза екенін дәлелдейді.

Өз ойларын, пікірін ортаға сала алады.


Зерттеудің тәсілдері:

-презентация

-иллюстрациялық суреттер



Жобаның өзектілігі:Бөлме өсімдіктерінің қайдан, қалай шыққандығы және әр гүлдің өзіндік қасиеті, пайдасы туралы айтылған.

Бөлме гүлдерін өсіру тек әдемілікке ғана емес, сонымен қатар үйдің ауасын тазартудағы маңыздылығын дәлелдеу.


Нәтиже мен тұжырымдар:

1. Тәжірибелер арқылы, дәлелдеп көрсету

2. Өсімдіктерге адамның көңіл-күйіне байланысты, өсіп жетіледі.

3. Осы кішкене ғана жобамен үлкен жобаларға аяқ басу арқылы, Отанымыздың көркеюіне өз үлесімді қосу.








Мазмұны.

Кіріспе............................................................................................................4

  1. Ғалымдардың зерттеулері.......................................................................4

  2. БӨЛМЕ ГҮЛДЕРІ

    1. Гүлдің өсуіне қандай жағдай керек?........................................5

    2. Жайқалудың сыры неде?.............................................................5

    3. Бөлме гүлдерін күтудегі кеңестер............................................5

  3. ГҮЛДЕРДІҢ ҚАСИЕТТЕРІ

    1. Гүлдердіңқасиеттері....................................................................5

  4. БӨЛМЕ ӨСІМДІГІНІҢ КҮТІМІ

4.1. Суару..............................................................................................6

4.2. Ыдыс...............................................................................................7

5.ТОПЫРАҚ

5.1. Үй өсімдіктерінің топырағы........................................................7

5.2. Өсімдікті көшеттеу және топырағын алмастырып отыру......7

Тәжірибе №1 «Ет жуылған судың гүлге әсері»..................................................8

Тәжірибе №2 «Ала көлеңке жерде өсетін өсімдіктерді суару».......................8

Тәжірибе №3 «Жарық сүйгіш өсімдікті суару».................................................8

Тәжірибе №4 «Ала көлеңке жерде өсетін өссімдіктерді суару».............. ......9

Тәжірибе №5 «Бөлме өсімдіктеріне шаңның жиналуы»..................................9

Қорытынды...........................................................................................................10

Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................11

























Кіріспе

Көптеген адамдар бөлме өсімдігін, тек әдемілік ретінде қабылдап, өз дәрежесінде бағаламайды. Олар адамның физиологиялық, энергетикалық, психологиялық жағдайына жағымды әсер беретініне кейде сенімсіздікпен қарайды. Адам мен табиғат тығыз байланысты. Тіпті, соңғы зерттеулерге сүйенетін болсақ, Ұлыбританияның биолог мамандары «өсімдіктердің адамнан өзгешілігі жоқ, олар да адам сияқты көреді, иісті сезе алады, сонымен қатар, оларда есту қабілеті және дәм сезу қасиеті дамыған» деп тұжырымдап отыр. Әрине біз үшін бұл үлкен жаңалық. Ғалымдар аталған тұжырымды былай түсіндіреді: «жәндктердің көздің орнына ақуыздары бар, оларға кез келген электр күштері әсер етеді. Ал тамырында дәм ферменттері анықталған, өсімдік сол арқылы жерден өзіне қажетті заттармен қоректенеді. Иіс сезу арқылы өсімдіктер бір-бірімен араласады, олардың есту қабілеті бар екендігі ғылыми түрғыдан дәлелденген» сондықтан гүлмен сөйлесуге болады. Нәтижесінде гүлдер сіздерге әдемілік пен ұзақ қуаныш сыйлары сөзсіз.

Бөлме өсімдіктерінің адам өміріндегі рөлінің маңыздылығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Ал осы бөлме өсімдіктері қайдан, қалай шыққандығы және әр гүлдің өзіндік қасиеті, пайдасы бар екенін біле бермейміз. Осы жұмысты оқу арқылы біз бөлме өсімдіктеріне саяхат жасаймыз.

Бұнда оқушылардың бөлме өсімдіктері жайлы білімдерінің артуы арқылы өсімдік құпиясын, пайасын, оны қалай күту керек екенін білуге қызығушылығы арта түседі. Зерттеу жұмысының маңыздылығы осында жатыр.

Ғалымдардың зерттеулері


Ғалымдар гүлдердің классикалық баяу әуендерді «тыңдаса», жақсы өсетінін, ал рок, поп секілді даңғаза музыкаларды үнемі қосып қойсаң, оларды бірте-бірте солып қалатынын әлдеқашан дәлелдеген. Адам гүлге қалай қарым-қатынас жасайды, оны өсіруге қалай ықыластанады, гүл де сол адмға дәл солай «жауап беретін» көрінеді. Үй өсімдіктеріне дұрыс қарамасаң, уақытында тыңайтып, суарып тұрмасаң, сөйлеспесең, ол «ренжіп», адам ағзасына зиянды улы химиялық заттарды бөліп шығарады екен. Мәселен ғалымдар қызанақ көшетін бөлмеде өсіріп, су құюды ұмытып кетсең, түнімен дөңбекшіп,ұйықтай алмайтынын айтады. Ал кактусқа «туу, түрі қандай сүйкімсіз» десең болғаны, ол сол бойда құрамында алкогольдік қоспалар бар улы заттарды бөліп шығаратын көрінеді. Ал бұл улы заттар адамды ішімдікке итермелейді.

Фикус гүлі қожайынын басқа адамдардан қызғанады екен. Ғалымдардың пайымдауынша, фиалка (шегіргүл) өз қожайынын жақсы көретіні соншалықты ол басқа жаққа кетсе, сағынады екен. Қазтамақ (герань) басқа өсімдіктерден өзін бірінші суармаса, «ренжіп қалады». Ол осы ренішін көпке дейін гүл ашпай білдіреді. Ертеде адамдар зығырды еккенде жалаңаштанып жұмыс істеп: «көрдің бе, сен өнім бермесең, мен жалаңаш қаламын»,-деп айтады


Гүлдің өсуіне қандай жағдай керек?









Жайқалудың сыры неде?


Бөлме ұзақ уақыт «ауырмай», жайқалып тұруының сыры неде деп ойлайсыз? Махабатта. Гүлдерменде тірі жанмен сөйлескендей сөйлесіп, өз ілтипатында білдіріп, баптап, күтіп махабатпен қарап, еркелетіп тұру қажет. Олар да өздерінше қуана да, мұңаяды да алады екен. Және жақсылап баптауға тырысу керек.


Бөлме гүлдерін күтудегі кеңестер


Жарық. Гүлдер тікелей жарық түскенді «жақтыра бермейді». Желөті. Гүлдер желөтінде (сквозняк) тұрып қалмау керек. Жылы дымқыл топырақ пен суық жел гүл тамырын тез шірітіп жібереді.Жайлы орын. Гүл егілген құмыраны теледидиардың, музыкалық орталықтың және сол сияқтылардың жанына қоймауға тырысу керек, себебі вибрацияның да гүлдерге кері әсері бар.Жылу әсері. Гүлдерді жылу жүргізілген батарейкадан алысырақ ұстаған жөн.Белгі.құмыраңыздың күнге қараған бетіне белгі қойып кою керек. Өйткені гүлді көп айналдыру, оның жайқалуына кері әсерін тигізеді.Салмақ. Жапырағы үлкен бөлме гүлдерін төменге, еден үстіне қою керек. Салмағын көтере алмай морт кетуі мүмкін.Суару. Гүлді таңертең суарып отыру керек, бұл қолайлы уақыт.Зиян емес сарғайған жерін кесіп тұру қажет.


Гүлдердің қасиеттеріhello_html_15fea03.jpg


Зерттеушілердің пікірінше, ең жағымды гүлдердің бірі-қызтамақ (герань).Ол тұрған бөлмеде қеріс-керіс болмайтын көрінеді. Ұрыс-керіс бола қалса, өсімдік адамның жүйкесін тыныштандыратын зат бөле бастайды да, ренжіскендер тез татуласып кетеді. Қызтамақ гүлінің қасында 15 минут отырсаңыз, жаныңыз тынышталып, көңіліңіз бірленеді екен.Өйткені, бұл өсімдік эфир майларын бөліп шығарады. Сіздің ағзаңыздағы зат алмасу процесі ұлғая түседі. Ұсақ жапырақты бұрыштар мен хризантемалар отбасындағы, жұмыс орнындағы адамдардың бір-біріне деген жақсы қарым-қатынасының қалыптасуына әсер етеді. Егер үй ішінде ұры-керіс, жанжал, келеңсіз жағдайлар жиі болса, гүлдер солып, сарғайып, ауруға шалдығуы мүмкін. Лала гүлі (лилия), қазтабан гүлі (гусиные лапки) ауаны формальдегидтен тазартады. Ал бегония мен фикус гүлдері үйіңізге келген адамдардың жағымсыз пиғылдарын өз бойына сіңіріп, сіздерге тек оң энергия жібереді екен. Теледидар, компьютер, толқынды пештердің сәулелерінен сақтануға раушан гүлдері, орхидея, өрмелегіш (лиана) өсімдіктері көмектеседі.

hello_html_m6f7e576c.jpg

hello_html_m65450527.jpg

hello_html_681e6b85.jpg


Мамандардың айтуынша, гүлді әркімнің өз қолымен егіп, күтіп баптағаны дұрыс. Гүлді шын ықыласыңмен күтіп-баптасаң, ол өскен соң денсаулығына, отбасыңа оң әсерін тигізетін көрінеді. Ал гүлдердің қасында бір сағаттай отырсаң, көңіл күйің көтеріліп, барлық жаман ойдан арылады екенсің.

Суару


Қарапайым үй жағдайында өсімдіктерді өсіру үшін олардың өсуіне қажетті жағдайларды (жарық ,температура, ауаның ылғалдылығы) жақсы білу керек. Өсімдіктердің жайқалып өсуі үшін оны қалай суаруды да білген жөн. Әдетте үй өсімдіктерін өсірушілер оған суды көп құяды, соның салдарынан тамыры шіриді. Өсімдікке құятын судың температурасы бөлме температурасына шамалас немесе құбыр суын пайдалануға болады. Құбыр суының хлорынан тазартып алу үшін алдын ала ыдысқа құйып, тұндырып қояды. Өсімдікке су құйғанда топырақтың түйіршіктері жібіп, су ыдыстың түбіне ағуы тиіс.

Тығыз топыраққа отырғызылған өсімдіктің аққан суы сол бойда, ал жеңіл топырақтың артық суын 30 минуттан немесе 1 сағаттан кейін төгіп тастайды. Кейбір ылғал сүйетін өсімдіктердің табандығында үнемі су жатқаны жөн. Егер топырақ өте қурап, кеуіп кетсе, онды топырағы жібіп, судың бетіне шыққан көбік басылғанша ыдысымен суға салып қояды. Гүлге су құйғанда су құйғыштың шүмегі гүл тостағанының ернеуіне тиіп тұруы қажет. Өсімдіктер әсіресе күн ыстықта су бүркіп, суары қажет.


Ыдыс


Үй өсімдіктері үшін ең қолайлы ыдыс кәдімгі жайпақ тарелке мен қыш тостақ болып табылады. Олардың қабырғалары кеуекті болғандықтан өсімдіктің тамырына оттегі оңай жетеді. Металл не сырланған ыдыстарды пайдалануға болмайды. Өсімдіктің ауруға шалдығуын болдырмау үшін алдымен ыстық сумен мұқият жуады, содан кейін дизенфекциялайды. Гүл отырғызылатын ыдыстың міндетті түрде суағары болуы шарт.


Үй өсімдігінің топырағы


Әр түрлі өсімдіктер тобы әр түрлі топырақты қажет етеді. Бөлмеде гүл өсіргенде қорда, қарашірік, шымтезек, шым және құм араласқан топырақ пайдаланылады.

Өсімдіктерді көшеттеу және топырағын алмастырып отырғызу


Өсімдіктер қоректік тұздары бар суды тамыры арқылы бойына сіңіріп, біртіндеп топырақты құнарсыздандырады, сондықтан оларды әлсін-әлсін алмастырып, жаңа топыраққа отырғызу керек. Өсімдік дұрыс өсіп-өнбей, жапырағы солғанда немесе тамырлары топырақтың барлық кесек түйірлерін шырмалағанда ғана көшеттеп отырғызады. Отырғызаралдында кесек топырақ жібігенше, су құюкерек. Өсімдікті қыш құмырадай топырағымен қоса қопарып алып, сілкілегеннен кейін, оныкөшеттеп отырғызуға болатынын айыруға болады. Егер өсімдікті көшеттеу қажет болмаса, оны кең ыдысқа жаңа топырақ салып қайта отырғызады. Топырағын алмастырып отырғызуды өсімдік гүл ашқан кезде қолға алу керек, өйткені бұл кезде өсімдіктің өніп, жетілуіне зиян келмейді. Өсімдікті көшеттеп отырғызған қыш тостақтың немесе кеспектің кқлемі бұрынғысының көлемінен онша үлкен болмауы тиіс.Көшеттеп отырғызу жұмысын,әдетте, көктемде (наурыз, сәуір) жүргізеді. Ауруға шалдыққан және гүлдеген өсімдіктерді көшеттеудің қажеті жоқ. Күшкен қыш тостақ түбіне дөңес жағын жоғары қаратылған шынының сынығын, ал үлкендеріне шыны сынығы немесе ұсақ тас салады.оның үстіне туралған шымтезек мүгін жайып тастайды, ол қыш құмыраның түбіндегі тесіктердің топырақпен бітеліп қалмауын болдырмайды. Өсімдікті көшеттеп отырғызғанда оның тамыр мойны қалың топырақ астында қалмауын қадағалау керек. Өсімдіктерді шоғырлап, су ағар тесігі жоқ үлкен ыдыстарға көшеттеп немесе топырағын алмастырып отырғызғаннан кейін, сабағының айналасындағы топырақтытаяқшамен немесе саусақпен нығыздап, су құятын орын қалдырады. Одан кейін өсімдіке су құяды да, жел өтінен аулақ, күн сәулесі тура түспейтін жерге (үйге) құяды.

Тыңайтқыш

Шикі етті жуған су өсімдікке жақсы тыңайтқыш болып табылады.








Тәжірибе №1

Ет жуылған судың гүлге әсері

Зерттеу әдісі: Гүлді аптасына 2 рет суару (дүйсенбі және бейсенбі).

Мақсаты: Гүлге ет жуылған судан тыңайтқыш жасап, суарғанын нәтижесінде гүлде болған өзгерісті бақылау.

Уақыты: 1апта

Зерттеу объектісі: әйел бақыты гүлі

Қорытынды: Зерттеу объектісіне екі «әйел бақыты» гүлін алдық. Екеуінде жас ерекшеліктері бірдей және екеуіде гүл ашайын деп тұрған кезінде алдық. Сөйтіп біз бірінші гүлді шикі ет жуылған сумен аптасына 2 рет (2стакан) тыңайтқыштан құйып отырдық. Ал 2 гүлге кәдімгі ауыз сумен 2 рет (2стакан) суарып отырдық.Нәтижесінде шикі еттің суы мен суарылып отырған бірінші гүлдің гүлдері бірінші болып ашылды және гүлдері ірілеу болды.ал кәдімгі гүлмен суарылған екінші гүлдерін кейінірек ашты және ашылған гүлдері кішілеу болды.


Тәжірибе №2

Ала көлеңке жерде өсетін өсімдіктерді суару

Зерттеу әдісі: Ала көлеңке сүйгіш өсімдіктерін неше күн сайын суаруын білу.

Уақыты: 1апта

Зерттеу объектісі: «Пальма» гүлі

Қорытынды: «Пальма» гүліне 10 наурызда (дүйсенбі) 1л су құйылды.

Топырақтың ылғалдығы 5күнге шыдады. Сөйтіп 6 күнінде топырақ құрғап қалды. 7-ші күні гүлді қайта суардық. Сонымен ала көлеңке сүйгіш өсімдіктерді аптасына бір рет суарса жеткілікті. Өйткені, өсімдік көлеңке жерде тұрғандықтан ылғалдылықты жақсы сақтайды.


Тәжірибе №3

Жарық сүйгіш өсімдікті суару

Зерттеу әдісі: терезе алдында тұрған бөлме өсімдігін суару.

Мақсаты: жарық сүйгіш өсімдікті неше күн сайын суару керек екендігін білу.

Уақыты: 4күн

Зерттеу объектісі: «Фикус» тәріздес тікенді гүл.

Қорытынды: «Фикус» тәріздес тікенді гүлге дүйсенбі күні 1л су құйылды. Сөйтіп топырақтың ылғалдығы 2күнге шыдады. 3 күні топырақ құрғап қалды. 4-ші күні таңертең гүлді қайта суардық. Сонымен, жарық сүйгіш өсімдіктерді әр 4күн сайын суарып тұру керек.Өйткені терезе алдында күннің жарығы жақсы түсетіндіктен топырақтың ылғалдығы көп сақталмайды.



Тәжірибе №4

Ала көлеңке жерде өсетін өсімдіктерді жарық жақсы түсетін жерге қойғанда өзгерісті байқау.

Зерттеу әдісі: Гүлді жарық түсетін жерге қою.

Мақсаты: Ала көлеңке жерде өсетін өсімдіктерді күннің тікелей түсетін жерге қою барысында, өсімдіктегі өзгерісті байқау.

Уақыт: 1күн

Зерттеу объектісі: «Қазтамақ» гүлі, «Пальма» гүлі

Қорытынды: «Пальма» гүлі:дүйсенбі күні жарық жақсы түсетін терезенің алдына қойылды. Гүлде 2күн өзгеріс байқалған жоқ. 3-ші күнінде жапырақтары жұмсарып,1 жапырағы түсіп қалды. Жапырақтардың түсі ақшылдана түсті. «Қазтамақ» гүлі: дүйсенбі күнім таңертең жарықжақсы түсетін терезенің алдына қойдық. Өсімдік өзгеріссіз 7 сағат тұрды. 8сағатта жапырақтары әлсіреп, жұмсақ болып, салбырай бастады.



Тәжірибе №5

Бөлме өсімдіктеріне шаңның жиналуы

Зерттеу әдісі: Бақылау

Мақсаты: сыныптағы барлық бөлме өсімдіктеріне шаң неше күнде басатынын білу.

Уақыт. 15күн

Зерттеу объектісі: «Қазтамақ», «Пальма», «Фикус» тәріздес тікенді гүл.

Қорытынды: Осы 3 бөлме гүлдерінінің жапырақтарын шаң 15 күнде басты. Сонымен, бөлме өсімдіктерін әр 15 күн сайын, яғни бір айда 2 рет сүртіп отырса жеткілікті.

Қорытынды

Өсімдіктер көп өсірілген жерде сіз оңай тыныс алуға болатынын байқадыңыз ба? Олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам айналасындағы қоршаған ортаны био аумағын тазартады. Үй ішінде әдемі өсімдіктер көп болса, сіздің көңіл-күйіңіз әрқашан жадыраңқы жүреді. Сіз кейбір адамдардың гүлдерге су құйған кезде олармен сөйлескнін көрдіңіз бе? Гүлдер де адам сияқты оларды жақсы көргенін сезеді. Адамның көңіл-күйіне байланысты өсіп, жетіледі. Егер үй ішінде ұрыс-керіс, жанжал, келеңсіз жағдайлар жиі болып тұрса, олар да өздігінен солып, сарғайған аураға шалдығуы мүмкін.

Осы ғылыми жобаны зерттеп жазу барысында мен бөлме гүлдері туралы, оның шығу тарихын, ғалымдардың зерттеген жұмыстарын, гүлдің түрлерін, олардың қасиеттерін, қалай күту керектігін және тағы да басқа фактілер мен материалды жинастыру барысында өзіме үлкен жаңалықтар аштым. Бұрыннан бері мен өсімдіктер жайлы көп мәліметтер білгім келген. Міне осы жобаны зерттеу барысында барлық білмеген сұрақтарыма жауап таптым.

Бұл жұмыстан менің түйгенім гүлді өсіріп, баптауда адам ерекше сезімге бөленеді екен. Менің көңіл-күйім жақсарды. Өзім еккен гүлге қарап, тамсанатын болдым. Әсіресе, гүлдер үйдің шаңын жұтып, бізге таза ауа бөлетінін білгенімді таң қалдым. Үйдегі басқа да гүлдерге өзім қарап, суғаруды өз мойныма алдым. Менің бұл әрекетім сіңіліме үлгі болатын болды деп ойлаймын. Және де өз достарымды да гүлді жұлмай, оларды аялауға шақырамын.

Енді мен тек осы білгеніммен шектеліп қалмай зерттеу жұмысымды ары қарай жүргізгім келеді. Оқушыларды, достарымды бөлме өсімдіктерін өсіріп, күтуге баулу үшін, арнайы «Бөлме өсімдіктері» атты кітап жазып, шығарғым келеді.













Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Паркер С., Уильямс Б., «Сұрақ және жауап», Алматы қаласы. «Алматыкітап» баспасы, 2006жыл (114-117бет)

  2. Мухаметбекович К.А., «География возникновения жизни», Алматы қаласы, «Атамұра» баспасы, 2008жыл (60-64жыл)

  3. Иващенко А.А., «Қазақстанның өсімдіктер әлемі», Алматы қаласы, «Алматыкітап» баспасы 2008жыл (60-64жыл)

  4. Мұсақұлов Т., «Ботаника», Алма-Ата, «Мектеп» баспасы, 1975жыл (8 бет)

  5. Көкенов Т., Әдекенов С.М.,Рақымов К.Д., Исамбаев Ә.И., «Қазақстанның дәрілік өсімдіктері мен оның қолданылуы», Алматы қаласы, «Ғылым» баспасы, 1998жы (89-91бет)

  6. Баталов Э.Н., «Қазақстан өсімдіктер әлемі», Алматы қаласы, «Алматыкітап» баспасы, 2004жыл(100бет)

  7. Иващенко А.А., «Қазақстанның өсімдіктерінің асыл қазынасы», Алматы қаласы, «Алматыкітап» баспасы, 2006жыл (72-74бет)

  8. Бірмағамбетұлы Ә., Жүнісқызы К., «Табиғаттану» Алматы қаласы, «Рауан» баспасы, 1998жыл, 2001жыл (206бет)

























Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 04.11.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Научные работы
Просмотров57
Номер материала ДБ-318594
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх