Инфоурок Начальные классы ТестыҒылыми жоба "Қазақтың ұлттық бас киімдері"

Ғылыми жоба "Қазақтың ұлттық бас киімдері"

Скачать материал

№ 201 орта мектеп - лицей

 

 

 

 

 

 

Ғылыми жоба

 

 

Тақырыбы: "Қазақ халқының ұлттық бас киімдері"

 

Ғылыми жобаны қорғаушы: Бақытұлы Бақдәулет

Пәндік жетекші: Прманова Әйгерім Уәлиханқызы

 

 

 

 

 

 

2014 - 2015 оқу жылы

Аннотация

Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, бірге қайнасып келе жатқан бай қазына. Қазақ халқының қол өнерінің бір саласы - киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінді ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығыменде пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес.

Осы бағытта оқушының жасаған зерттеу жұмыстарының маңызы зор.

Жобаның мақсаты: ұлттық бас киімнің шығу тарихына шолу жасай отырып, оның түрлерін талдау, бас киімге байланысты дәстүрлер, әдет-ғұрыптарды саралау арқылы ұлттық мәдени мұрамызды қастерлеуге насихаттау болып табылады.

Жоба кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Жобаның кіріспе бөлімінде тақырып өзектілігі, міндеттері, практикалық маңызы көрсетілген.

Негізгі бөлімінде қазақ халқының ұлттық бас киімдерінің ерекшелігі мен маңызы туралы айтылған және де осы қазақ халқының ұлттық бас киімдеріне қатысты әдет-ғұрыптар жөнінде жалпы мағлұмат берілген.

Қорытынды бөлімінде зерттеген жұмыстарын санамалап көрсетіп, өз ұсыныстарын білдірген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

Прикладное искусство казахского народа – бесценный клад6 который развивается вместе с историей развития народа. Одной из отраслью прикладного искусства казахского народа является – пошив одежды. Начиная с древних времен до сегодняшнего дня, есть немало образцов казахской нацианальной одежды, которые не потеряли своих ценностей. Поэтому, в этом направлении важна роль исследуемой темы.

Цель проекта:делая обзор истории появления нацианальных головных уборов, рассмотреть их виды, анализируя традиции и обычай, касательно головных уборов, пропагандировать и ценить культурное наследие. Научный проект состоит из введения, основной части, заключения и использованной литературы.

В введении говорится о важности рассматриваемой темы, показана практическая роль.

В основной части сказано об особенностях национальных головных уборов и даны сведения о традициях и обычаях, касающихся национальных головных уборов.

В заключительной части, подытожив исследование, внесены ряд предложений.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

І. Кіріспе ______________________________________________________ 3

1.1. Қазақ халқының ұлттық киімі - ұлт мақтанышы ___________________4

ІІ. Негізгі бөлім __________________________________________________5

2.1. Қазақ халқының ұлттық бас киімдері ____________________________5

2.2. Бас киімдердің ерекшелігі мен маңызы ___________________________6

2.3. Бас киімге қатысты әдет-ғұрыптар ______________________________16

ІІІ. Қорытынды _________________________________________________19

Пайдаланған әдебиеттер тізімі _____________________________________22

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Кіріспе

Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, бірге қайнасып келе жатқан бай қазына. Қазақ халқының қол өнерінің бір саласы – киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. 

Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұқсамайтын киім ұлгілерін табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасты. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол – біздің ұлттық мәдениетіміз. Ұлттық киім –бай  тарихи- мәдени мұра, оны зерттеу бізді  өткен ғасырларды әдет –ғұрып,  салт-дәстүр  халықтың хал-ахуалынан  кең көлемде жан –жақты хабардар етеді.  Қазақ халқының  киімі  басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі:  қазақ халқының табиғат  төсінде өсіп,  еркін ғұмыр кешуімен байланысты.  Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді.  Соның бірі -  қазақ халқының ұлттық бас киімі.

Осы жобаның мақсаты - ұлттық бас киімнің шығу тарихына шолу жасай отырып, оның түрлерін талдау, бас киімге байланысты дәстүрлер, әдет-ғұрыптарды саралау арқылы ұлттық мәдени мұрамызды қастерлеуге насихаттау болып табылады.

Жобаның өзектілігі - тарих қойнауына сіңіп жоғалып бара жатқан бас киім үлгілерін қайта жаңғырту арқылы, оларды сақтап қалуға ат салысу өзекті мәселе болып табылады.

Міндеттері: 1) ұлттық бас киімдер туралы мәліметтер жинау және саралау; 2) ұлттық бас киімдерді жіктеу; 3) ұлттық бас киімдерге байланысты салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптарды талдау арқылы олардың ұлттық дініміздің қалыптасуына қосқан үлесін анықтау.

Практикалық маңызы - аталған жобаны мұғалімдерге, оқушыларға көмекші құрал ретінде қолдануға болады.

1.1. Қазақ халқының ұлттық киімі - ұлт мақтанышы

Қазақтың ұлттық киімдерінің  тарихи  Ұлы дала  көшпенділерінің тарихымен тығыз байланысты.  Бізге көшпенділер бірнеше  мыңдаған жылдар бойы  сақтаған салт дәстүрін, киім кию мәдениетін, ғажайып өркениетін  мұраға қалдырып  кетті.  Осы ата –бабаларымыздың   өткен  тарихы,  олар жасап кеткен дүниелер күні бүгінге дейін маңызын жоймай,  мұрагер біздің қызығушылығымызды тудырып отыр.  Мыңдаған жылдар бойы  қалыптасқан  ұлттық киіміміз  қазақ этносы көшпенді өмір салтын  ХІХ ғасырға дейін сақтап келген халықтардың бірі  болғандықтан көшпенді өмір салтына ыңғайлы функционалды және эстетикалық құндылықтарын  өз бойына сақтап қалды.  Қазақ киімдеріне ежелгі   Қазақстан териториясын мекендеген сақтар, ғұндар, түркілер мәдениеті  Қазақ мемлекетінің  құрылуы Ресейге қосылуы,  ревалюция кезеңі,  кеңес өкметінің  орнауы сияқты тарихи оқиғалар көрініс тапты (1-сурет). 

1-сурет. Қазақтың  ұлттық киімі

        

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Қазақ халқының ұлттық бас киімдері

 Әлемге аты әйгілі болған «Алтын адам» жерленген 1969-1970 жылдары ашылған   Есік қорғаны  сақтардан қалған ескерткіш.  4-3 ғасырларда  б.з.д.  Жетісу жерінде  олардың мемлекеті құрылған.  Өмірдегі барлық құбылыс сияқты  ғылым да ылғи да тынымсыз алға жылжып отырады.  Осы Есік қорғанда  табылған Алтын киімді  бекзада үйсін қоғамына  тән адам деген болжам да бар.  Ал, Кемал Ақшев осы сақ-тиграхауттар мәдениетіне жатқызады.

Осы қорғаннан табылған  аң стиліндегі алтын,  қоладан жасалған  басқа да құнды нәрселер  табылған алтын заттардың көшірмелері мен әсемделген теңдесі жоқ киімдер,  бас киімдер, аяқ киімдер үлгілері қалпына келтірілді.  Мүрделердің  киімдері мен бас киімдеріне тағылған жапсырмалы  әшекей заттардың орналасу  ретінің сол қалпында сақталуы қалпына келтіру жұмыстарының күмән келтірмейтіндей нәтижеде шығуына мүмкіндік туғызды.

Сонымен қатар  киімнің негізгі түрлеріне тоқталар болсақ. Қазақтың ұлттық  киімі  бас киім. Бас киімдер ұлттық киімдердің мәнерлі және ерекше  бөлігі болып саналады,  олардан халқымыздың  эстетикалық талғамын аңғарамыз.  Ұлттық киімдердің  ерекшелігімен қоса адамдардың жас  ерекшеліктеріне қарай, киген киім сонымен бірге жүздің рудың ерекшеліктері жақсы сақталған.  ХІХ ғасырдың 2 жартысында  қазақ  елінің тұрмысындағы  өзгерістерге байланысты, мәдени өмірінде  де өзгерістер болды.  Осыған қарамай жүздердің,  рулардың дәстүрлерінің  сақталып қалуы, халықтың қоғамдық және мәдени өміріне  өз әсерін тигізді,  нәтижесінде  жүзбен рудың ерте заманнан келе жатқан  киім үлгілерінің  ерекшеліктері сақталып қалды.   Бас киімде  жиі географиялық,  ру- тайпалық  ерекшелік байқалады.  

2.2. Бас киімдердің ерекшелігі мен маңызы

Ерлердің бас киімі. Қазақта бас киімді ерлер де, әйелдер де киеді. Ерлердің бас киімдері  әр түрлігімен ерекшеленеді.

ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдерін зерттеген Захарова  И.В.  мен Ходжаева Р.Р  ер адамдардың бас киімдерін  төмендегідей түрлерге бөледі:

1.     Дөңгелек, жеңіл, өзінсырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас киім тақия;

2.     Мақтадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген бас киім- төбетей;

3.     Киізден тігілген бас киім- қалпақ;

4.     Қалың матадан тігілген басшылық «Күләпара»;

5.     Тері қапталған  жылы бас киім- бөрік;

6.     Ақ терісінен жасалып суықта киілетін бас киім –тымақ;

 Еркектің  бас киімі сан жағынан  онша көп емес: қалпақ, бөрік, тымақ, (жекей, құлақты, жаба салма, қайырма, төрт, сегіз сайлы, дөңгелек төбелі, шошақ төбе) құлақшын, жалбағай (делбегей, басшылық, далбай, күлапара), көпеш (құстаңдай, қолкесте, бізкесте түрлері бар), жепелер, тақия (зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа және т.б), қырпу(ішті бөрік).

Тақия  кішігірім сәтен, шұға барқыт сияқты маталардан әр түрлі тәсілмен (сыру, кестелеу) тігілген бас киім (2-сурет). Оны қалыңдау, жұмсақ маталардан астар тігіп, астарына  жүн немесе мақта салып жасайтын түрлері де болған.  Ерлерге арналған тақияның кестесі де болады. Тақияның 4 сай немесе дөңгелек төбел етіп тігеді.  Тақияны, еркектер үлкен баскиімнің астына міндетті түрде бас киім ретінде  ұстанған.

Тақияныңда түрлері көп: зерлі,  үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа. т.б түрге бөлінеді. Етегі аласа төрт сай болып келетін, кестелі шошақ тақиялар  онтүстікте кездеседі. Тегеріш тақиялар орта жүзде көбірек кездеседі.  Ал жалпақ төбелі, биік, тостаған сияқты қаптама тақия кіші жүзге тән.  Сондай –ақ,  қазақ жерінде қазақы, ноғайша оқалы тақия, оқа шекке тақия, сырма тақия, тікше қатипа тақия, шошақ төбе тақия тәрізді тақия түрлері кең таралған. ХІХ ғасырдың 2 жартысында  тігілген тақиялардың төменгі жағы (етегі жиегі) кеңейіп келген 5-7 см, төбелері 4 бұрышты сайдан тұрған. Сайлардың пошымына сәйкес төбесі үшкір,  конус тәрізді де болған. Төбелері доғал,  жатыңқы тақияларда қолданылған.  Қатты болу үшін етегі мен төбелерінің тігісін жиілетіп жүргізген.  Сәнді тақияларды кестелеп тіккен, шеттері мен тігістерін кантраст мақта қиындылары мен  әдептеуде қолданылған.  Жібек пен алтын немесе күміс зерлермен кестеленген барқыт тақияларды көбінесе жігіттер киген.  Ерлерге арналған тақияның кестесі де, кестелісі де, кестесізі де болады.  Тақияның орта жастағы, қарияларға арналған түрлері онша кестелеп әшекейленбейді. 

Қалпақ  киізден немесе қалың матадан  тігілген, биік төбелі ерлер бас киімі (3-сурет).  Оны күз бен көктемде, салқын таулы өңірлерде жаз айларында тәңертенгі және кешкі мезгілдерде киеді. Төбесі шошақ биіктеу, етегі кең келген бұл бас киім күннің сәулесін, су өткізбейді, желге қақтырмайды, жауын шашында пана, сәнді де сәулетті киім. Оны ақ киізден немесе қалың матадан тігеді. Қойдың ақ жүнінен, ақ қозының күзен жүнінен, төбесіне ешкінің ақ түбітін қосып басқан шымыр ақ жұқа  киізден тігеді. Ол негізі  екі бөліктен құралады.  Олар қалпақтың төбесіне  және етегі кейде (қайырмасы) деп аталады.

Тымақ - биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, желке, жотаны жауып тұратын артқы етектен тұратын, аңның, малдың терісінен тігілген қысқы бас киім (4-сурет).  Суықтан, бораннан, қорғайтындай мол пішіледі.  Сыртын берік және қымбат маталармен тыстайды.  Оның іші тері, сырты шағи, пүліш, барқыт, дүрия, т.б матамен тысталады.  Тымақтың құлағы мен етегінің  төбемен жалғасқан жері милық деп атайды.  Екі құлақтың сырт жағынан бастыра матадан жалпақ екі бау тағылады.  Етегі төбеге қайырып қою үшін тымақтың артқы жағына тобылғыдан немесе арша сияқты берік ағаштан тиек жасап қадайды. Оны құрысқақ дейді.

«Ескілік киімі»  деген өлеңінде данышпан Абай былай суреттеген:

Күләпара бастырған, пұшпақ тымақ,

Ішкі бауын өткізген тесік құлақ,

Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап,

Артын белге қыстырған, бар құрысқақ.

В.Л. Плотниковтың 1859-1862 жылдардағы  жазған қазақ киімдерінің ішінде бөрік пен тымақтың 15 түрлі үлгісі мен атаулары бар. Олар: жаба салма, қайырма, төртсай, дөңгелек төбе, шошақ төбе, жекей тымақ. Кейбір түрлері қазір де ел арасында кездесіп қалады.

Жаба  салма тымақ - негізінен түлкі терісінен  сенсеңнен тігіледі, құлағы мол,  милығы кең, төбесі  аласа болады.

Қайырма тымақ - түлке немесе қозы терісінен тігіледі, оны мандай төбесіне қарай үлкен қайырмалы келіп, жұрындары жалпақ болады. 4-8 сай тымақтар –төбелері төрт, сегіз бөліктерден немесе киіздерден құралады.

Дөңгелек төбел тымақ төбесі иықсыз, милықты, жатаған келеді.

Шошақ төбе тымақ - төбесі иықсыз, үшкірлене биік етіп сырылады. Түлкі терісі, пұшпағы және қозының елтірісінен тігілген үш құлақ тымақтардың маңдай екі құлағы, артқы құлағы, төрт төбеден құралады.  Оны қай жастың адамы да кие беруге болады. Жібек түрлерімен тысталады, тысы иесінің жас ерекшелігіне сай таңдалып алынады.  Үш құлақ тымақты алдын ала  дайындалған бөлек үлгі бойынша бөлекше әдемі сәнін келтіріп тігеді.

Жекей тымақ - жазбен күзде киетін, әрі сәнді жеңіл етіп тігілетін елтірі тымақтың түрі.  «Жекей» сәнді деген мағананы білдіреді.  Оның сыртын дүрия, шағи сияқты бағалы маталармен тыстап, кейде оның артқы етегін көтере түсіріп, кейде алдыңғы біржақ құлағын шекеге түсіріп киеді.

Құлақшын -  ерлердің бас киімі (5-сурет). Бұлғын, құндыз, жанат, түлкі, қарсақ, суыр, т.б аң терілері мен бұзау, құлын,қозы лақтың бұйра терісі (елтірі) сияқты үй жануарларының терілерінен тігіледі. Төбе жағы екі түрлі тәсілмен пішіледі. Бірінші сайдан тұратын үшкіл, етек жағы төрт бұрышты болып келген немесе етек  жағы қусырылып тігіліп, оған  дөңгелек  төбе қондырылған түрі. Теріге өлшеп пішіліп астарының арасына жүн,  мақта салып, сырып тігіледі.  Сыртын терімен тыстап,  қалыпқа кигізіп керіп қояды.

Малақай. Малақай да аң терілері мен  елтірінен арасына жүн мақта салып, сырып тігілген ерлер, соңғы кезде әйелдер де киіп жүрген бас киім (6-сурет).  Малақай маңдайша, екі құлақшын жақтауы мен төбесі және артқы бөліктен тұрады.

Бөрік. Ерлер мен қыздар киетін бас киім (7-сурет). Бұрын жігіттер мен ересек адамдар бас киімсіз жүрмеген, көбіне бөрік киген.

Қамқаның бөрік кидім қиығынан,

Біреуге, біреу күлер миығынан...

Басында түлкі бөрік түбіттелген,

Болар ма сенен артық жігіт деген.

Сермейсің жел сөз десе емін еркін.

Басыңа жарасымды кәмшат бөркің,- деген халық жырларына арқау болған бөрік туралы деректерден байқайтынымыз оның бөрікті ерлерге де, қыздар да кигені мен қазақта «Бөріктің намысы бір»  деуден  оның көбіне еркектерге тән бас киім екендігін көрсетеді.

 Сәлде. Сәлдені жаугершілік заманда қазақ батырлары көп қолданған. Олардың басқа сәлде орауы мүлде өзгеше. 

Керім жібек басына сәлде орайды.

Бір ораған сәлдесін жүз орайды.

Қара таудың басына қарай жүрдім.

Ақ баржаны басыма орай жүрдім.

                                       (халық өлеңінен )

 Қазақ даласына ислам дінінің енуімен молда, имамдар басына сәлде ораған.

           

                      2-сурет. Тақия                           3-сурет. Қалпақ

           

                     4-сурет. Тымақ.                               5-сурет. Құлақшын

 

                                             

                       6-сурет. Малақай.                               7-сурет. Бөрік.

 

Әйелдердің бас киімі. Әйел киiмдерiнiң қазақ елiнiң бәрiне мәлiм ортақ түрлерi: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол, кәзекей, кебiс-мәсi, көкiрекше сияқты заттар. Әшекей, ажар жағынан қыз бен келiншек киiмдерi, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбiшелердiң киiмдерi деп төрт топқа арналып тiгiледi.
        Әйелдердің бас киімдері: сәукеле, бөрiк, қарқара, кимешек, жаулық, күндiк, желек, шәлi (жiбек, шiлтер, оюлы түрi бар), бүркенiш, бергек, қасаба, тақия, шылауыш, жаулық.

Қыздардың тақиясы қызыл, күлгін, жасыл, тағы басқа бір түсті шұға, барқыт, мауыты сияқты кездемелерден өңдi маталардан қабатталып сырылып тігіледі. Тақия төбесі, әлбетте, төрт сай немесе дөңгелек келеді. «Таңдай», «ирек», «қабырға» тігістермен сырылып, жібек, алтын, күміс, зер жіптермен кестеленiп, моншақ асыл тастармен безендiрiледi. Түрлі-түсті моншақ-маржан, алтын, күміс теңгелер және асыл тастармен безендіріледі. Үкінің үлпілдек қауырсынын әсемдік үшін тақияның төбесіне қадайды. Үкілі қадалған тақия қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін бас киімі болған. Қыздардың киетiн тақиялары жiбек, зер жiптермен тігіледі.

Қасаба  тұрпаты дөңгелек, желкесіне қарай ойыңқылау келген, дөңгелек тақияға ұқсас етiп пiшiледi де, артқы жағына немесе желкесiне қарай бiрте-бiрте ойыңқы түскен құламасы болады, ұшы әйелдiң арқасына қарай төгiлiп жатады (8-сурет).

8-сурет. Қасаба

 Айдыны зерлi жiптермен кестеленiп, қиылысқан жерiн алтын жолақпен жауып, зерлi әшекеймен безендiредi. Құламасына шашақтар тағылады. Шашақтың көп тағылуын “ұрпағы көбейсiн” деген игi тiлекпен түсiндiруге болады. Қасабаның маңдай тұсына түрлi асыл тастармен тiзiлген дөңгелек табақшалармен бекiтiлген қыстырма iлiнген. Ал самай тұсына ұзынырақ күмiс қоңыраушалармен ұшталған 5-6 тiзбек салпыншақ қыстырған. Көне түркі (қыпшақ) бас киімнің негізгі элементтерін бойына сіңірген қасаба атауы «алтын зерлі» деген мағына береді дейді этнограф Ө.Жәнібеков. Қасаба көбіне төре, сұлтандардың қыздары киетін бас киім саналған.

Қазақта сирек те болса кездесетін бас киімінің ерекше түрі - қарқара. Ш.Уәлиханов еңбегінде: «Қыздардың басында төбесіне құс қауырсыны қадалған сұлтан киетін бас киім болыпты» дейді (Шығармалар жинағы. І том, 326 б.). Қарқара кигенде әйелдер жаулықтың бір ұшын желке тұсына келтіре сәл шығарып қояды да, қалған бөлігін кимешектің сыртынан айналдырады, шашын көрсетпей жауып тұрарлықтай етіп орайды. Жаулықтың ұзындығына байланысты қарқараның биіктігі де әртүрлі болады.

Кимешек - қастерлі, ел арасынан үзілмей келе жатқан әйел адамның бас киімі (9-сурет). Кимешек ақ бұлдан тігіліп, жиегін астарлайды. Кимешектің иекті айнала маңдайды жауып тұратын екі жағын “шықшыт” дейді. Кимешекті жас ерекшелігіне сәйкес әшекейлейді. Егде әйелдердің кимешегінің әшекейі аздау, ою-кестесі жеңіл болады, сары, ақ жіппен сырылады. Жас әйелдердікі қызыл, жасылмен әшекейленеді.

9-сурет. Кимешек

Кимешектің алдын “жақ” деп атайды. Оны қол кестесімен кестелейді. Кимешек-шылауышты жас келіншектер, орта жастағы әйелдер, кемпірлер тартып киеді. “Кимешек кию, шылауыш тарту” деген сөздер арқылы бұл бас киім айқындалады. Кимешекті басқа сәйкестіріп пішіп тігеді. Кимешектің адамның арқасына түсер жері ұзыншақ келеді. Мұны “құйрықша” деп атайды. Адамның белінен төмен түсіп, шашты жауып тұратындықтан осылай аталғанға ұқсайды.

Кимешек кеуде, иық, жонды жауып тұратын тұйық болады. Тек адамның бет-әлпеті шығып тұратын жері “ойық” болады. Ойықтың екі жағы, кеудеге келер тұсы кестеленіп әшекейленеді. Жылтыр жіптермен бастырылып, сырыла тігіледі. Ойықтың жиегін өңді жіппен “шалып” тігеді. Мұны “алқым шалу” деп атайды. Алқым шалудан кейінгі “жадағай” тігісті “су” деп атайды. Судан кейін “қиықшалап” тігеді. Қиықшадан кейін су “жүргізіп”, “құман бау” деп аталатын әшекей тігіспен тігеді. Құман баудан соң “Күрең кесте” деп аталатын ою-өрнек салынып тігіледі. Күрең кестеден кейін “сағат бау” тігісі жүріледі. Сағат бау кей жерде “ағақ бау” деп те аталады. Кимешектің кеудедегі бөлігінің ұшына күміс теңгелер тағылады. Бұл кимешекке сән береді, әрі төмен қарай басып, жазып тұрғанға әсері болады. Кимешектің бір мәні әйел адамдардың шашын шаң-тозаңнан сақтап, додырап шықпауына септігін тигізеді. Бұл да діни наным-сенімнен туындап, мұсылман әйелдерінің шашын жасыруларына көмегі тиеді. Кимешектің Қазақстанда бұрама жаулық, иекше атаулары кездеседі.

Кестесіне қарай кимешек қызыл жақ, сары жақ, ақ жақ деп үшке бөлінеді. Ақ жақты қарт әжелер, қызыл жақты келіншектер, сары жақты жастар киеді. Кимешек кейде күміспен, тана, моншақтармен шеттіктеледі. Әр тайпа мен рудың кимешектерінің пішімінде, түрінде және сырт көрінісінде өзіне тән ерекшеліктері болған.

Қазақта жас келіннің алғаш кимешегін кигізуге байланысты ғұрыптық әрекеттер өткізілетін. Күйеуге шыққан әйелдің бас киімі – кимешектің бөлшектері оның жасына орай біртіндеп өзгеріп отыратын. Некелескен кездегі бас киімнен кейін алғаш киілген кимешек ең сәнді болып есепетелді. Жас келінге алғашқы кимешегін кигізу әйелдің қонақы асын беруімен бірге өтетін. Оны келіннің енесі ұйымдастырып, күйеу ауылының қарт әйелдері шақырылған. Олардың бірі жас келінге кимешек кигізіп, енесінен сый алатын.

Кимешектің қазақ рулары мен тайпаларының өзгеше болуына байланысты, әр түрлі үлгілері болады (10-сурет).

10-сурет. Кимешек түрлері

 Жаулық әр ру, елде түрлiше аталған:  оңтүстiк, орта-лық, шығыс Қазақстанда оны көбiнесе (матаның көлемiне байланысты) шаршы, Жетiсу, Алтай өңiрлерiнде шылауыш, ал оңтүстiк Қазақстанда күндiк деп аталады. Рудың өзiне тән ерекшелiктерi болған: Маңғыстауда матаны қабат ұзын тіліктен тігілген бұрама жаулық кисе, Семейде үшбұрышты, шеттері тым созыңқы орамал тәрізді етіп үшбұрыш түрi болған. Арқа жерiнде жоғары және төмен деп аталатын қос жаулық тартқан. Шылауыштың шетiне қол кестемен қызыл, жасыл, сары, шолақ және жалғасқан қысқа оюларды салады. Маржан, түйреуішпен тағып, төбесіне шашақ төгіліп, кестеленген төбелдірік салады.

Шаршы шыт Шаршы шытты ертеректе ақ түсті (ақзу, ақторғын, атылас, шыншу т.б.) материалдардан жасап пайдаланатын болған. Мұндай шыттардың төртқұлағын кестелеп немесе қызыл, сары күлгін т.б. өңді шүберектерден үш бұрыш астырып, сырып әшекейлеп келді. Шаршы ақ шытты жіңішкелеп бүктеп жапсырылған екі бұрышын дәл ортасына келтіріп бүктеп қаттама арасына артық шығарып бүктейді де екі ұшын әркім өз басына сәйкес түйіп байлайды. Байлау оң жақ шекеге келеді де, ұшындағы үшбұрыш шүберек жапсырылған ұшы шығып тұрады.

Орамал (парсы, араб.румал) – Ерте кезде кестелеп жасалған қол орамалды қыздар жігіттерге сыйлайтын болған. «Орамал тонға жарамаса да, жолға жарайды» дейтін халық мәтелі осыдан шыққан. Орамалдың басқа тартатын шаршы және қиықша түрлері де бар.

Сәукеле  қазақ әйелдерінің дәстүрлі киімдері аса бай, керемет сәнді бас киімдер ішіндегі ең әшекейлі, әрі күрделі, ұзатылған қыз киетін аса қымбат бағалы ғұрыптық бас киім (11-сурет).

11-сурет. Сәукеле

Сәукелені Орта Азия мен Қазақстан-ды мекендеген үшкір тымақты сақтар – тиграхаудтардың бас киіміне ұқсатады. Сәукеленің биіктігі шамамен бір жарым, екі қарыстай болады. Сәукеленің негізін жұқа ақ киізден сырып тігеді де, сыртын қызыл шұғамен тыстап, қымбат бағалы аң терісімен әдіптейді: алтын, күміс әшекейлер, моншақтар тағады; жоғары қарай жіңішке-ре түскен төбесіне үкі қадап, тірсекке түсетін асыл тасты, оқалы лента тігіп, бергегіне бетті көлегейлейтін желек бекітеді.

Сәукеленің негізгі бөліктері –тәж, төбе, құлақ бау және артқы бау. Сәукеленің төбесі қиықтанып келеді. Оның төбесінде тәж деп аталатын жартылай дөңгелек айдары болады. Сәукеленiң екi самайдан түсіп тұратын інжу, маржаннан жасаған шашақталған төгілме моншақ, салпыншақ шекелiк немесе жақтама аталады. Ол барған жерінің ұрпағын көбейтсін, өсіп-өнсін деген игі тілекпен жасалған. Екі жақ самай тұсына бетке жеткізе шолпы тәріздендіріп бірнеше қатар маржан тізілген салпыншақтарды сәукеленің бетмоншағы деп атайды. (“Бетмоншағы түсіп (үзіліп) тұр” дегендегі бетмоншақ). Сәукеле бастан қисайып немесе түсіп кетпеу үшін тамақтан өткізетін бау тағылады. Екі құлақ тұсына омырауға жететін құлақша тоқылады. Сәукеленің арнайы күмістен жасалған төбелдірігі, маңдайшасы, екі жағында тізілген маржаннан салпыншақ пен жақтауы және белге дейін түсіп тұратын артқы құлағы болады. Сәукеленің төбесіне жібектен желек салынып, оған үкі (қарқара) қадалады. Ту сыртынан жерге жететіндей ақ желең немесе ақ жібек жаулығы тағылады.

Жаңа түскен келінге беташар айтылып, үлкендер тілек-батасын берген соң сәукелесінің сыртынан жабылған жамылғысы - бүркемесі (ақ бүркеншігі) қамшымен сабымен түріліп, беті салтанатты түрде ашылған соң ол алынып, оны желекпен алмастыратындығы белгілі. Ақ бүркеншек алғаш түскен келінді тіл мен көз сұғынан сақтайды, әрі ақ болуы-адалдық, тазалықтың белгісі, ибалықтың нышаны санайды. Жаңадан қауымға мүше болған жанның өз қауымы мен жаңадан мүше болып келіп жатқан қауымның арасындағы өтпелі кезеңді белгілейтін сәтте қолданылатын зат.

Қазақ халқының қолынан міне, осындай сан түрлі киім үлгілері жасалып шыққан. Әсіресе, ұлт өмірінде әйел затына арналған киімдердің ерекше рөлі болғаны анық. Себебі, әйел затына ерекше құрметпен қарау дәстүр-лі мәдениетіміздің ерекше көрінісі екені күмәнсіз. Халқымыз қыз баланың әсемдігін денесін жалаңаштау арқылы емес, мың құлпырған бояуы қанық, келісті де көрікті киімдері арқылы көрсетуді жөн көрген.

 

2.3. Бас киімге қатысты әдет-ғұрыптар

Тымаққа қатысты  әдет –ғұрыптар. Тымақ – қасиетті бас киім. Оны айырбастауға болмайды, аяқ тигізбейді.  Жақсы кісілердің тымағы атадан балаға  мұра есебінде  қалып отырған.

Ел арасында: «Шала  туып, тымаққа салып  өсірген екен», -деген  сөздер жиі  естіледі.  Халықта әдетте  шала туған   сәбиді  осылай өсіретін  ғұрып бар.  Оның  себебі  шала туған  сәби  ұстауға,  бесікке салуға  келмейді,  тымақ жылы, әрі бөлеуге, ұстауға  ыңғайлы болады.  Шала туған  сәбидің неше күні  кем болса, сонша  күн керегенің  әр басына  ілініп қойылатындықтан, күн кереге  басы арқылы  есептеледі.  Мысалы: қырық күн кем болса, керегенің қырқыншы басына  бала тымақтан  алынып, әдетте  жаңа туған  баланың  рәсімі жасала бастайды.  Егер  бала қыста  туса,  онда үй  қабырғасына   шеге қағылып  ілінеді. Бұл да  тымақтың  қадыры мен  қасиетін  бейнелейтін көріністердің  бірі деп  түсіну керек.

Біреуге бас ұрғанда  аяғына тымағын  тастайтын әдет бар. «Тымақ ұру» немесе  «Тымақ тастап кешірім сұрау» бітімге шақырудың  ең үлкен  көрінісі  немесе  айыпкер  жағының  беделді адамдары мен  жасы үлкен, жөн білетін  ақсақалдарының  құныкердің  ауылындағылардың алдына барып «Құдай  кеш секеш! Білместік, оқыс кездейсоқтық іс болды, кешір!»деп  өтінген кезде ортаға  ең  үлкен ақсақалы  баскиімін  тастап сөзге,  мәмілеге шақырады. Қызды  алып  қашу  үрдісінде  қыз жағының «аяғына жығыла»  барған кездейсоқ құдалар да бас киімін жерге, алдына тастайтындығы тағы бар.

Бас киімге қауырсын тағу  дәстүрі. Есік обасының «Алтын адамның»  бас киімінде де  төрт алтын қауырсын қадалғанын, ал онымен бірге табылған заттардың ішінде бетіне  көп қауырсынды  бас киім киген  адам басы салынған жүзік болған. Яқи, жүзік америкада үндіс халықтарының  құс қауырсындарын  тізіп тағатын бас киімге ұқсас. Ал Тамғалы  тастағы  суреттерде осындай қауырсынды  бас киім киген, малдас құрып отырған адам суреті бинеленсе, көне түркі заманы петрогливтерде кездесетін, басы сәуле шашқан  дөңгелек түрінде салынатын бұл шарфты бейнені күн құдайының  бейнесіне ұқсайды. Олар да адамның басы,  көзі мұрны, аузы көрсетілуі, киген киімі, оның жағасы, өңірі, белбеуі сияқты нақтылы детальдары бинеленуі, суреттегі құдай емес, нақты адам екенін дәлелдейді.  Бас киімге қауырсын тағу- барлық халықтарда мифтік наным бойынша жерлері адамның рухтың болмысының аспан әлемінен байланыста екендігін білдіреді.

 Бас киімге қатысты ырымдар мен тыйымдар. Жоғарғы сакралды әлемдегі рухтар  мен  ата –бабалар аруағы мен (шекараласатын) бөлікті киім –бас киім үйдің құты мен берекесі,  басқа қонған бақтың (тұрағы) деп есептеледі. Сондықтан да бас киімге қатысты ырым-тыйымдар кешені сол құтпен берекені сақтауға , баянды етуге бағытталады. Айталық, олардың қатарына бас киімді тарту етпеу, ауыстырып кимеу, қабаттамау сияқтыларды атауға болады.

Бас киімді кез келген жерге тастай салуға болмайды, биікке іліп қою керек. Әсіресе астыға басып отыруға болмайды. «Себебі бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады. Бас айналып, тіл байланып, иман қашады» деген наным бар. Адамның басынан қадірлі, ақылынан қасиетті ештеңе жоқ. Сонымен бірге бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың барлығы адамның мандайына жазылады, сондықтан бас киімнің орны ерекше. Ер адам әйел адамның киімін кимейді, жаулығын салмайды. Себебі еректігі сөнеді, рухы жасиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Қорытынды

Жұмысымызды аяқтай келе біз төмендегідей қорытындылар шығардық:

1. Қазақ халқының ұлттық бас киім түрлері алуан түрлі болып келеді және олар қазақ жерінің климаттық ерекшеліктеріне, халқымыздың көшпелі өмір салтына және ислам дінінің келуіне  байланысты пайда болған.

2. Қазақ халқының бас киімі жалпы ерлерге және әйелдерге арналған бас киім деп жіктеледі. Сонымен қатар олар жыл мезгілдеріне, жас ерекшелігіне, әлеуметтік орнына қарай да жіктеледі.

3. Қазақ халқы бас киімді қадір тұтып, соған байланысты әдет-ғұрыптар қалыптасқан. Бас киімді ешқашан жерге тастамаған және аяқ тигізбеген. Аналарымызды да "ақ жаулықты" деп құрметтейтініміз де сондықтан.

Жұмысымызды қорытындылай келе төмендегідей ұсынысытар жасағымыз келеді:

- Ұлттық бас киімдер мектеп оқушыларына арналып тігілсе;

- Еңбек сабақтарында олардың маңызды түрлерінің қалай жасалатыны туралы ақпараттар алу;

- Қазақ халқының ұлттық бас киімдеріне байланысты мектеп аралық көрмелер ұйымдастырылса.

 Сөз соңында айтарымыз - аталарымыз аяқтарын тигізбеген, аналарымыз аялай қастерлеген қазақтың қасиетті бас киім түрлерін сақтай отырып, мәдени мұра ретінде болашақ ұрпаққа қаймағын бұзбастай жеткізу  - барлығымыздың парызымыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, бірге қайнасып келе жатқан бай қазына. Қазақ халқының қол өнерінің бір саласы - киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінді ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығыменде пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес.

Осы бағытта оқушының жасаған зерттеу жұмыстарының маңызы зор.

Жобаның мақсаты: ұлттық бас киімнің шығу тарихына шолу жасай отырып, оның түрлерін талдау, бас киімге байланысты дәстүрлер, әдет-ғұрыптарды саралау арқылы ұлттық мәдени мұрамызды қастерлеуге насихаттау болып табылады.

Жоба кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Жобаның кіріспе бөлімінде тақырып өзектілігі, міндеттері, практикалық маңызы көрсетілген.

Негізгі бөлімінде қазақ халқының ұлттық бас киімдерінің ерекшелігі мен маңызы туралы айтылған және де осы қазақ халқының ұлттық бас киімдеріне қатысты әдет-ғұрыптар жөнінде жалпы мағлұмат берілген.

Қорытынды бөлімінде зерттеген жұмыстарын санамалап көрсетіп, өз ұсыныстарын білдірген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

Прикладное искусство казахского народа – бесценный клад6 который развивается вместе с историей развития народа. Одной из отраслью прикладного искусства казахского народа является – пошив одежды. Начиная с древних времен до сегодняшнего дня, есть немало образцов казахской нацианальной одежды, которые не потеряли своих ценностей. Поэтому, в этом направлении важна роль исследуемой темы.

Цель проекта:делая обзор истории появления нацианальных головных уборов, рассмотреть их виды, анализируя традиции и обычай, касательно головных уборов, пропагандировать и ценить культурное наследие. Научный проект состоит из введения, основной части, заключения и использованной литературы.

В введении говорится о важности рассматриваемой темы, показана практическая роль.

В основной части сказано об особенностях национальных головных уборов и даны сведения о традициях и обычаях, касающихся национальных головных уборов.

В заключительной части, подытожив исследование, внесены ряд предложений.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


1. Арғынбаев Х. А. Қазақ халқының қол өнерi. - Алматы, 1987.
2.
Басенов Т.К. Орнамент Казахстана в архитектуре, Алматы. 1957.
3. Жәнiбеков Ө. Уақыт керуенi. -Алматы: Жазушы, 1992. 
4. Захарова И.В., Ходжаева Р.Д. Қазақстан сәндік өнері. – Алматы, 2002.
5. Қазақ халқының ұлттық киімдері / Құрастырған Б. Хинаят., А. Сужикова. – Алматы, Алматыкітап, 2011. – 384 б.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғылыми жоба "Қазақтың ұлттық бас киімдері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Флорист

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 848 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.10.2015 17732
    • DOCX 445.4 кбайт
    • 174 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Прманова Әйгерім Уәлиханқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Прманова Әйгерім Уәлиханқызы
    Прманова Әйгерім Уәлиханқызы
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17829
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 335 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 144 человека из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Психология аддиктивного поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Основы программирования и мультимедиа: от структуры ПО до создания проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек