Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Ғылыми жоба "Қазақтың салт-дәстүріндегі сандардың шексіз сыры"

Ғылыми жоба "Қазақтың салт-дәстүріндегі сандардың шексіз сыры"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Мазмұны




Кіріспе


Қазақтың салт – дәстүріндегі натурал сандар құпиясы ......................................3


Негізгі бөлім


1.Сандар тарихы .....................................................................................................4


2. Мүшел жастың сыры ........................................................................................18


3.Халық өлшемдерінің қазіргі қолданыстағы стандартты өлшемдермен салыстыру ..............................................................................................................19


Қорытынды ...........................................................................................20



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .....................................................21


Қосымша ...............................................................................................22


















Кіріспе


Тақырыптың сипаты. Адам тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі – математика. Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі Мысыр елі болды. Адамзат даналығының ойлап тапқан жаңалығы ол – жазу. Қазіргі әлем халықтары жазуды жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай жазып жүр. Өйткені олар бұл әдісті соқаның қозғалысынан алған екен. Осы жазулардың негізінде пайда болған таңбалардың бірі- цифр. Цифр дегеніміз – сөздерді қағаз бетіне қондыру үшін қолданылатын әріптер қандай қажет болса, сандарды жазу үшін керекті таңбалар. Цифр деген сөздің төркіні арабтың « Әс-сифр» деген сөзінен алынған, ал оның мағынасы үнді халқының бос орын – « Сунья» деген сөзінің аудармасы екен.

Сан есептеу мен өлшеудің нәтижесін білдіретін ең негізгі математикалық ұғым. Сан ұғымы көптеген матемкатикалық теориялардың негізі болып са-налады.Сандар химия, физика, механика, астрономия және көптеген ғылым салаларында қолданылады. Күнделікті өмірде де сандарды үнемі пайдаланамыз.


Жұмыстың өзектелігі. Ұлтымыздың сан ғасырлар бойы сенімі мен ұстанымы болып келген сандар сырының киелі ұғымдарына шолу жасап, олардың өмірдегі қолдану аясын, күнделікті тұрмыстағы атқаратын рөліне тоқталу.


Жұмыстың алға қойған мақсаттары мен міндеттері. Қазақ халқының салт- дәстүріндегі сандар тарихымен таныса отырып, сырларын ашу, күнделікті өмірдегі қолданылу орнын анықтау.

Көзделген мақсатты жүзеге асыру үшін алдымызға мынадай міндеттерді қойдық:

- Сандар сырын ашу

- Халық өлшемдерін қазіргі қолданыстағы стандартты өлшемдермен салыстыру

- Натурал сандардың салт-дәстүріндегі алатын орнын көрсету.


Нәтижесі. Қазақтың салт – дәстүріндегі натурал сандардың сырын күнделікті өмірде қолдану.


Жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі бөлім, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.







  1. Қазақтың салт – дәстүріндегі натурал сандар құпиясы


Ұлтымыздың сан ғасырлар бойы сенімі мен ұстанымы болып келген сандар сырының киелі ұғымдарына шолу жасап, олардың өмірдегі қолдану аясына, күнделікті тұрмыстағы атқаратын роліне тоқтала отырып, тұжырым жасау әрбірімізді қызықтырары сөзсіз.

Сондықтан біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін тамашалаймыз. Жан жағымызға қарасақ сандар тек қана математика емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор. Қарап отырсақ, осы қарапайым он сан болмаса біз телефонда соға алмаймыз. Жалпы таным проблемасымен ескілікті наным-сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған.

Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі – математика. Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі Мысыр елі болды. Адамзат даналығының ойлап тапқан жаңалығы ол – жазу. Қазіргі әлем халықтары жазуды жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай жазып жүр. Неге? Өйткені олар бұл әдісті соқаның қозғалысынан алған екен. Осы жазулардың негізінде пайда болған таңбалардың бірі цифр. Цифр дегеніміз – сөздерді қағаз бетіне қондыру үшін қолданылатын әріптер қандай қажет болса, сандарды жазу үшін керекті таңбалар. Цифр деген сөздің төркіні арабтың «Әс-сифр» деген сөзінен алынған, ал оның мағынасы үнді халқының бос орын – «Сунья» деген сөзінің аудармасы екен.

Сан есептеу мен өлшеудің нәтижесін білдіретін ең негізгі математикалық ұғым. Сан ұғымы көптеген математикалық теориялардың негізі болып саналады. Сандар химия, физика, механика, астрономия және көптеген ғылым салаларында кеңінен қолданылады. Күнделікті өмірде де сандарды үнемі пайдаланамыз.















2. Сандар тарихы


Күнделікті өмірімізде қолданылатын сандар шамамен бұдан 1500 жыл бұрын Үндістанда пайда болған. Әуелі сандар сызықшамен белгіленген. Кейін қалыптаса келе қазіргі таңдағы біздер қолданып жүрген сандар пайда болды. Адам баласы қазіргі біз түсінетін сандарды үйренуге талай ғасырларды бастан кешірген. әуелі олар табиғи сандарды (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) меңгерсе, нөлдің пайда болуынан сандарға революция жасалған, сөйтіп сандарды игеруде жаңа жүйелерді өмірге әкелді.

0 – «цифр» деген мағынаны береді. Ежелгі Үнді жерінде цифр – «сунья», арабтарда «сифр» сөзімен түсіндіріледі, яғни «бос орын», «түк жоқ» деген мағынаны білдірген. Ғылым мен өнердің қайта өркендеген дәуірінде (ХҮ-ХҮІ ғасырларда) математикалық еңбектер латын тілінен аударылып, «сифр» сөзі сол қалпы қалдырылған. Тек алғашқы әрпі ғана «ц» болып өзгертілген. Нөл таңбасы басқа сандарға елеулі өзгерістер әкеліп, санау, есептеу, сату және уақытты белгілеп берді.

Ежелгі түркі халықтары туралы айтар болсақ, түркі халқының күн көрісі, өмірі малмен өлшенгенін білеміз. Көне түркілер әуелде табиғи сандарды меңгеруді басқа халықтар сияқты ұзақ уақыт бастан кешкен. Бір санын үйрену үшін саннан бұрын заттың белгілерін, қасиеттерін салыстырғанын олардың бізге жеткен халық педагогикасынан-ақ байқаймыз. Мысалы, Ай, Күн – біреу, өзі де біреу. Осы бір санның сөздік баламалары – жеке, дара, жалғыз, сыңар, жалқы, саяқ деген ұғымды білдірген. Екі санын да осы тәріздес меңгерген, ол санның сөздік баламалары – жұп, қос, егіз болса, жұптан тұратын ұғымдар – екі көз, екі құлақ, қол мен аяқ болған. Сонымен бірге сан, сансыз, қыруар, көп, мол деп санауға болмайтын заттарды атаса, ол заттардың ең кішкентай бөлшектерін кішкентай, титімдей, бір тамшы, бір мысқал, құйтымдай десе, енді бірде жазықтарды – даладай, ат төбеліндей, түйнектей, алақандай десе, судың мөлшерін – терең, таяз, бөлшек ұғымдарды – жарым, жарты деген.

Әлемдегі бүкіл түркі халықтарының отаны – Ұлы дала, ол даланың иесі – көне түркі елінің шаңырағын шайқалтпай отырған қазақ елі. Түркілер саудадағы айырбас кезінде өз дене мүшелерін жиі қолданған екен. Мысалы, бір қарыс, сүйем, кере қарыс, табан, бір елі, екі елі, бір шымшым, бір шумақ. Міне, осы өлшемдер бойынша, матаны – шынтақ, бой, ал ұзындықты – шақырым, бие сауым, сүт пісірім, ет асым жер, көз көрім жер деп уақытты ұзақтығын өздерінің күнделікті тұрмыстарынан алған.


0 саны. Бұл сан абсалюттік символы. Шексіздік белгісі және жаратылмаған әлемнің саны болып табылады. Бұл барлық заттардың бастамасы. Графикалық жоба бойынша сақина немесе дөңгелек ретінде белгіленеді.


1 саны. Бір санын қазақ халқының ұғымында Алла жалғыз, Алладан басқа тәңір жоқ. Қай тілде болсын бірлік сөзінің түпкі түбірі саналады. Адам өмірін басқаратын, әр пенде ұмтылатын сан болып есептеледі.

Даос ілімін ұстанғандар үшін жасампаздық саны. Қандай да бір құбылыстың, тіршіліктің, әлем жаратылысының бастауын білдіреді. Даостық ұғымда да қазақ халқының түсінігімен сәйкес «бірлік тынысы» дегенді білдіреді, сонымен қатар «рух үйі», «барлық тіршіліктің ортасы» мағынасын аңғартады. 1 саны шыршамен теңестіріледі. Баяу болса да басқалардан биік, көркем болып өсіп, ұзақ жыл сақталып, кез келгеннің көзіне жоғарыдан, алыстан-ақ ілінеді.

Пифагор және оның ойшылдары барлық басқа сандардан жоғары қойды. Олар оны барлық санның бастамасы, бар әлемнің басы деп есептеді. Бірліксіз қарапайым санаудың өзі де болмас еді. Графикалық бейнелеуі вертикаль сызық.

1 санының омонимдері «намыс», «ұтыс» болып саналады.


2 саны. Күні-түні демалмайтын екеу: Ай және Күн. Қосылу, толықтыру символы. Жақсы мен жаман, ер мен әйел, күн мен түн, ақ пен қара. Екі санына қазақ халқының көзқарасы міне осындай болып келеді.

Даостық ұғымда қазақ халқының көзқарасына сай Жер мен Аспан, адамзат ұрпағын жалғастыратын еркек пен әйелдің киелі одағы, ақ пен қара, жарық пен қараңғылық, күн мен түн, жер шарының тепе-теңдігін сақтап тұратын екі энергия: «инь» мен «янь» ұғымдарын білдіреді. Өсу мен дамудың белгісі. Бамбук ағашына теңеледі. өсу жылдамдығы өте тез, қолданылу мүмкіндігі өте кең. «Оңай» сөзінің омонимі.

Пифагорлықтарда екі саны бірліктің жоғалуын білдіреді. Бұл сан махаббат, тұрақсыздық және теңсіздік символы болып табылады. Екі саны жылылық пен суықтық, мейрімділік пен қатыгездік, жарық пен қараңғылықтың, байлық пен жұртшылдықтың арасында жүреді.


3 саны. Жалпы түркі халықтарында, соның ішінде қазақ халқында үш саны қасиетті болып есептелінеді. Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл. Үш жүз: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз. Үш құсты аққуды, қарлығашты, байғызды өлтіруге болмайды. Үш адамның ниеті бұзық өтірік айтатын, сөзінде тұрмайтын, аманатқа қиянат жасайтын. Адам Атаны жаратқанда жіберген үш қасиет ақыл, ұят, сабыр. Үш нәрсенің үш нәрсесіз болуы: басы бар, ақылы жоқ іс, ғылымы бар, амалы жоқ іс, байлығы бар, қайырсыз іс қылушы. Қазақтың үш биі Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би. Ел басқарған, азулы сөздер айтып, ел арасындағы дау-дамайларды шешіп отырған қазақтың үш биі. Аптаның үшінші күні, яғни сәрсенбінің сәтті күні деп сапарға шығатын болған. Осы күні басталған істің бәрі де сәтті болады.

Қазақ халқынан өзге де ұлттарда үш саны қасиетті болып саналған. Бір мен екінің қосындысы ретінде қандай да бір істің бастамасын да, жалғасын да білдіреді. Қытайларды үш саны біраз құбылыстың символикасы болып табылады. Жарықтың үш көзі – Жұлдыз, Күн, Ай. Үш бастау – Аспан, Жер, Адам. Отбасының үш элементі – еркее, әйел, ұрпақ. Үш саны қытайлардың түсінігінде Марс арқылы басқарылады және жалынға теңеледі. «Өсу» сөзінің синонимі.





hello_html_m6c3be033.png




Пифагорлықта үш санының негізінде жан-жақтылық пен бірліктің үйлесімділігі қалыптасқан. Көптеген халықтарда үш саны есептеудің соңы деп саналады. Оны толықтың, толудың, аяқталудың символы деп есептейді. Ежелгі Грекияда бұл сан – бақыттың саны. Ежелгі Вавилонда үш құдайға: Күн, Ай, Шолпанға табынатын болған. Діни сенім-нанымдарда, ертегілерде үш саны қасиетті сан болып есептелген. Оның сиқырлығы сол ол алдыңғы екі санның қосындысынан тұрады. Үш саны өткеннің, осы шақтың, келешектің символы.


4 саны. Қазақта төрт құбыласы сай, яғни «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген мәтел екеуінің мағынасы бір болып келеді. Ертеде бұл сан тұрақтылық пен беріктілік, әділдіктің белгісі болған. Ол шаршы болғандықтан, әлемнің төрт бұрышын, жылдың төрт мезгілін, табиғаттағы төрт құбылыс – от, жер, су, ауаны білдірген. Төрт аяғы тең жорға, төрт тұрманы түгел сай деген сандық мәндер арқылы айтылатын ұлағатты ұғымдар бар. Төрт кітап: Мұсаның кітабы – Таурат, Дәуіттің кітабы – Забур, Исаның кітабы – Інжіл, Мұхаммед пайғамбардың кітабы – Құран. Төрт асыл: иман, намаз, ілім, мейір-шапағат. Төрт дария: Ніл, Фират, Жейхун (Амудария), Сейхун (Сырдария). Қазақта Жаратқан Иеміз Адам Атаны жаратқанда өлім, ләпсі, ашу, нәпсіні, яғни төрт нәрсені адаммен бірге жерге жібереді деген ұғым бар. Сонымен бірге дүниеге жаңа келген нәрестенің тағдырына жақсылықты, жамандықты, рызықты және өмірді жазған.



hello_html_53ca9996.png

Төрт түлік мал, яғни қой мен ешкі, сиыр, жылқы, түйе. Төрт түлік мал қазақтың бірден-бір күн көріс көзі болып табылған. Қазақ халқының өмірін төрт түлік малсыз елестету мүмкін емес.

Төрт саны қытайлардың үрейін ұшыратын сан. Олар төрт саны бар жерге жоламауға тырысады. өйткені қытайларда төрт – «өлім» сөзінің омонимі. Шынымен де қытайлар осы санды көп қолдана бермейді. Тіпті биік ғимараттарда төрт және он төрт нөмірлі қабаттарды таба алмайсың. Сонымен, төрт қасірет саны болып саналады. Дегенмен бұл санның да өзіндік мағынасы зор. Төрт мифологиялық бастаманы білдіреді: Жер, Аспан, Күн және Ай. Төрт мифологиялық жануар: Жалғызмүйіз, Феникс, Панголин және Айдаһар. Қытайларда төрт саны шамға теңелген – бір қалыпты, жарық, ішінде жалын болса да, сырты жайма-шуақ.

5 саны. Жоғарыда айтылған төрт бастаманың ортасында орналасып, жан-жағын басқарып тұрады. Қазақта бес нәрсені баянсыз – бұлттың көлеңкесі, еңбексіз келген байлық, қоқақтың достығы, жалған мадақ, опасыздың махаббаты деп түсінген. Қазақ халқы тілді, дінді, тарихты, дәстүрді, атамекенді бес анық деп атаған.



Қазақ халқының бес баянсызы



hello_html_m3baa2449.png


Абай атамыздың өлеңінде «Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой, Бес асыл іс көнсеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ, Бес дұшпанды білсеңіз.» деп, бес саны жайлы айтып кеткен.

Айналадағы болатын барлық құбылыстар мен өзгерістерді қадағалайды деп саналатын негізгі бес планета бар – Меркурий, Венера, Марс, Юпитер және Сатурн. Жер бетінде бес негізгі элемент бар – су, металл, от, ағаш және топырақ. Адамда бес негізгі сезім мүшесі бар. Бестік шарықтау шегіне жетудің белгісі. Бес саны күшті, белсенді де сабырлы және биіктен көрінер сан болып есептелінеді. Сондықтан оны белеске теңейді. Жалпы, қытайларда ерекше көңіл мен сипатқа ие негізгі сан – бес саны.


6 саны. Қазақта адамның күнделікті өмірде алты парызы бар. Біріншісі адамдардың бір-біріне сәлем беруі, екіншісі шақырса бару, үшіншісі кеңес сұраса – ақыл қосу, төртіншісі кез келген адамның сұрағына жауап беру, бесіншісі ауырып қалған адамның көңілін сұрау, алтыншысы қайтыс болған адамның жақындарына көңіл айту. Ақыл, білім, жомарттық, әділдік, шыншылдық, кең пейіл – адамның алты асқары. Алты саны дүниенің жаралуын білдіреді.

Пифагор алты санын ерекше сан деп білген, басқа сандардан өзгешелігі оның өзіне тән ерекше қасиеті бар. Ол өзі бөлінетін сандардың қосындысы мен көбейтіндісінен тұрады. 6 саны 1-ге, 2-ге, 3-ке бөлінеді. Оларды қосып немесе көбейтсек қайтадан алты саны шығады (1+2+3=1*2*3). Мұндай қасиет басқа ешбір санда қайталанбайды. Алты саны – жетістіктің, еркіндіктің белгісі.Сонымен бірге қытайлықтар үшін әсемдік пен үйлесімдік саны.


7 саны. Қазақтардың таным-түсінігінде жеті санының алар орны ерекше. Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі, соның ішінде қазақтар ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаған. Біздің ата-бабаларымыз жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң жүйелерін жеті санымен сәйкестендірген. Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады.


hello_html_m7c14a498.gif




hello_html_5c4be8af.gif

hello_html_m3a52a7dc.gif




hello_html_2b55748b.gifhello_html_m2e478ae.gifhello_html_m717d5fef.gifhello_html_6478aba6.gifhello_html_2ddec2c5.gifhello_html_m542b282d.gifhello_html_m59b6613e.gifhello_html_m515ad779.gifhello_html_58871e05.gifhello_html_65aa922f.gifhello_html_35124923.gifhello_html_1cad22ad.gif

hello_html_m19e9600f.png


Жеті қазына – қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады: жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездік. Ер жігіттің жүйрік аты – қанаты. Құмай тазысы – абыройын асырар сенімді серігі. Мылтығы – қаһарлы оты. Қақпаны – серті, ауы - әдіс-айласы, кездігі – сұсы. Халық Жеті қазынаны өмір қажетіне негіз етіп таратқан. Қазақ халқының Жеті қазынаны – «жеті ырыс» деп атауының да мәні осында. «Жеті ырысқа» мыналарды жатқызады: 1) адамның ақылы, ой-санасы. Өйткені, адамзат ақылы, ой-санасы арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп ерекшеленеді, әрі дүниенің қожасы болады; 2) денсаулық, яғни дененің саулығы. Денің сау болмаса, дүниенің барлығынан не пайда; 3) ақ жаулық, яғни үйдегі әйел адам – ердің жары, балаларының анасы. Халқымыз ежелден «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» деп, әйелді тіршілік иесі, адам өмірін жалғастырушы деп қастерлеген; 4) бала. Бала – адам өмірінің жалғасы, қуанышы; 5) көңіл. Көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ пен береке орнайды; 6) жер. «Жерсіз – ел тұл, ерсіз – жер тұл»; 7) ит. Ол әуел бастан-ақ адамның сенімді серігі, қорғаушысы іспетті болған. Ал ислам аңызы бойынша Жеті қазнаға мыналар жатқызылады: 1) Қыдыр (Қызыр). Ол өзі ұнатқан адамдарына ғана дариды. Қыдыр дарыған адам байлыққа кенеледі деген түсінік бар; 2) бақ. Ерекше жаратылған құдірет иесі. Бақ дарымайды, қонады. Бақ қонған адам ел мен жерге қожалық етеді; 3) ақыл. Ақыл – байлық пен бақыттың тірегі; 4) денсаулық. Деніңізде саулық болмаса, өміріңізде сән де, мән де болмайды делінеді; 5) ақ жаулық. Дін аңыздары бойынша, Алла адамды топырақтан жаратып, жан берген соң, адам ұрпағын тарату үшін оның сол жақ қабырғасының біреуінен Хауа Ананы жаратқан; 6) тұз. Тұз – Алланың адамдар мен жан-жануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені; 7) ит. Адам мен Хауа Ананың алғашқы серігі, қорғаушысы.осы айтылған ислам аңызындағы Жеті қазына Алланың кереметімен ғана болып отыр. Дегенмен Жеті қазына ұғымы басқа халықтарда да кездеседі. Мысалы, грек аңыз-әңгімелерінде Жеті қазына басқаша кездеседі: 1) көк аспан. Ол әлем сырын өз шеңберінде сыйғызып, солардың өзіндік қалпын сақтайды; 2) Күн. Ол әлемдегі тіршілікті басқарады. Барлық зат – Күннің шуағынан нәр алады; 3) Ай. Түнгі тіршілік нәрі. Ай табиғатты түн тұңғиығында тербеп, нұрландырады; 4) от. От – Күннің жердегі сүлдесі. Отты пайдалану арқылы адамдар дүниенің төрт бұрышына тарады; 5) су. Сусыз тіршілік жоқ. Су – жерге қуат, өсімдік әлеміне, жан-жануарларға нәр, көрік береді; 6) Жер. Жер – тіршілік анасы. Жан-жануарлар мен өсімдік әлеміне көрік, келбет, түр-тұрпат береді; 7) ит. Ит – Адам мен Хауа Ананың пейіштен қуылып, жерге түскендегі алғашқы серігі, досы әрі қорғаушысы. Сол себепті Жеті қазынаның бірі саналады.

Аптаның жеті күні. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Құдай бірінші күні жарықты, екінші күні аспанды, үшінші күні жерді, төртінші күні Күн, Ай және жұлдыздарды, бесінші күні балықтар мен құстарды, алтыншы күні аңдар мен адамдарды жаратқан, жетінші күні дем алған деген діни аңыздар бар. Аңыз әңгімелерге сүйенсек бұл әлемді жаратуға арналған жеті күн деп аталады.

Табиғаттың керемет туындыларының бірі – кемпірқосақ. Кемпірқосақ күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасында пайда болады. Біз неге кемпірқосақ туралы әңгіме қозғадық, себебі кемпірқосақ жеті түстен тұрады екен. Олар: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін.

Жетіқарақшы (лат. Ursa Major) – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Оның 1,8 көрінерлік жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыздары – Алиот пен Дубке. Жетіқарақшының жарық жеті жұлдызының сыртқы пішіні шөмішке ұқсайды. Және оның шеткі екі жұлдызы (α және β) бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады. Түнгі күзеті көп мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ халқы түні бойы батпай Темірқазықты шыр айнала қозғалатын Жетіқарақшыны Жер тараптары мен түн мезгілдерін айыруда жиі пайдаланған.

Жеті қат көк – қазақ халқының көне заманнан келе жатқан мифологиялық түсініктерінің бірі. Айқын мифтік мәнге ие бола тұра бүгінгі қазақ тілінде «шықау биік, шексіз аспан» дегенді білдіретін жай ғана астарлы, орнықты сөз тіркесі ретінде сақталып қалған. «Жеті қат көк» ұғымының үш мағыналық сипаты бар. Біріншісі, мұсылмандық мифологияда аспанның жеті қабаты болып түсіндірілетіндігі. Алла тағала аспанды жеті қабаттан тұратын етіп жаратқан, бұл туралы Құран Кәрімде: «Алланың жеті аспанды қабат-қабат жаратқанын көрмедіңдер ме?» (72-сүре, 14-аят), Алла тағала аспанға «айды нұр, күнді шам қылды» (72-сүре, 15-аят) деп айтылады. Екінші кітаби түсіндірме бойынша «Жеті қат көк» дегеніміз – жалпы мұсылмандық астрономиялық танымдағы белгілі жеті жұлдызға байланысты атау. Олар – Ай, Меркурий (Ғұтрад), Шолпан (Зуһра), Күн, Марс (Миррих немесе Қызыл жұлдыз), Юпитер (Мүштари), Сатурн (Зұхал). Үшінші мағынасы ежелгі түркілік мифологиялық түсінікке негізделеді, бірақ ол кейінгі мұсылмандық ұғымдардың астарында қалып қоюына байланысты, толықтай ұмытылып кеткен. Ол түсініктердің қандай сипатта болғандығын басқа мифтік дәстүрдегі, ең алдымен түркі, моңғол мифологиясындағы аспан қабаттары туралы аңыздарға қарап аңдауға болады. Аспан әлемін үш, жеті, тоғыз қабатты етіп көрсету жер бетіндегі халықтардың басым көпшілігінің мифологиялық дәстүріне тән.

Жеті ата – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентай кезінен жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақ бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Ағайындықтары жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толғанның өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған. Ататек атаулары: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Бұдан әрі туыстық атаулар: жүрежат, туажыт, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Соңғы түйіндеуші буын, әдетте, ру есіміне тіркеледі. Немесе, керісінше, руынан бастап сатылап өз әкесіне яки өзіне дейін таралады. Өз ата-бабасын, жеті атасына дейін білу әрбір азамат үшін міндет болған және сол білігі арқылы ол өз халқының дәстүрін жалғастырған. Мұның өзі қазақтардың этнографиялық ерекшеліктерін танытады, әрі оның қиын-қыстау кезеңдерде тегінен көз жазып қалмауына және басқа халықтармен ассимиляцияға түспеуіне себепші болады.

Жеті жарғы – Тәуке хан (1678-1781) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы. ХҮІІ ғасырдағы кейбір хан, сұлтандардың өз иеліктеріндегі ұлыстарды жеке-дар билеуге ұмтылушылығы Қазақ хандығының ыдырау қаупін тудыруына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салады. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқандәстүрлі әдет-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында «Тәуке ханның Жеті жарғысы» деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Ол ХХ ғасырдың басына дейін қолданылып келді. «Жеті жарғы» деп аталуы Тәуке ханның бұрынғы заңдарға енгізген жеті өзгертуіне байланысты дейтін тұжырым бар. Ол жеті өзгеріс мынадай: 1. «Халықтың ханы, сұлтаны, әзіреті қастандықпен өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін». 2. «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлсе, олардың әрқайсысына екі кісінің құны төленсін». 3. «Сырттан кірген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан, ат біреуді теуіп өлтірсе, бүтін құн, үйдің жапсарына байланған ат теуіп өлтірсе, жарты құн, ал үйдің артына байланған ат теуіп өлтірсе, тек ат-тон айып тартады». 4. «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келсе, қол жұмсаса, онда ол баланы ата-ана өлтірсе де ерікті, сұраусыз болады». 5. «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) қара сиырға не қара есекке теріс мінгізіп, мойнына қара құрым іліп, ауылды айналдыру керек». 6. «Құйрық-бауыр жесіп, құда болған соң ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалыңмал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалыңмалы беріледі». 7. «Ұры айыр түйеге нар, атқа аруана, тайлаққа атан, тайға ат, қойға тана төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».Әрине, бұл жеті өзгерістен басқа да «Жеті жарғыда» жер дауы, отбасы, неке заңы, қылмыс пен құн дауы, куәлік ету, ант беру, тонаушылық және тағы да басқа жағдайларға, рәсімдерге байланысты әдет-ғұрып, заң шаралары өз көрінісін тапқан.

Жеті жұт. Бұлар: құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс, топан су, зілзала (жер сілкіну). Жеті жоқ: жерде өлшеу жоқ, аспандай тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллаһта бауыр жоқ, жылқыда өт жоқ. Жеті жетім: тыңдамаған сөз жетім, киюсіз тозған бөз жетім, иесіз қалған жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, аққу, қазсыз көл жетім, жерінен айырылған ер жетім, замандасы қалмаса бәрінен де сол жетім. Жеті ғашық. Халықтың ән-жыр эпостарында жеті ғашық мынадай екі нұсқамен беріледі: а) Ләйлі-Мәжнүн, Жүсіп-Зылиха, Фархад-Шырын, Тахир-Зухра, Арзу-Қамбар, Уәлик-Ғарра, Уәки-Күлшаһ; ә) Ләйлі-Мәжнүн, Жүсіп-Зылиха, Фархад-Шырын, Баһрам-Күләнда, Сейпілмәлік-Бәдіғұл, Бозжігіт-Анула, Зияда-Хорлы.

Жеті санына әлем халықтары көзқарасымен қарар болсақ, онда бұл санды Пифагоршылар Афинамен байланыстырған. Ежелгі Египет философиясы мен астрономиясында ол өмірлік екі санның үш пен төрттің қосындысы деп қарастырылды. Үш адам - әке, шеше, бала өмірдің негізін қалайды. Ал төрт – бұл жарық, жел, жаңбыр, ылғалдылық жерді жеміс беруге дайындайды. Пифагордың ой қорытуы бойынша, үш пен төрттің қосындысы (үшбұрыш пен төртбұрыш символдары), аяқталғанның, тәмамдалғанның, қорытындының белгісі деп санаған. Сондықтан жеті саны қасиетті сан, өйткені адам баласы қоршаған ортаны (жарықты, дыбысты, иісті, дәмді) басындағы жеті «тесік» (екі көз, екі құлақ, мұрынның екі танауы, аузы) арқылы түйсінген. Жапондарда жеті қайырымды құдай, адам өмірінде жеті рет сәттілік болады. Христиан дінінде жеті саны – сенім, үміт, қайырымдылық, әділеттілік, сабырлық, ақылдылық және рухтың күші. Жеті саны – жалпы жер бетіндегі халықтар ұғымы бойынша қасиетті сан.


8 саны. Көне заман адамдары сегіз санын сенімділіктің, шыңдалудың шыңы деп есептеген. Сегіз саны сегіз төбесі бар кубты білдіреді. Сегіз санының құпиясы әлемдегі мәңгілік үздіксіз қозғалысты білдіреді. Сегіз саны – мәңгілік символы. Символдық белгісі қос квадрат, егер оны бөлсе онда ол тең екі бөлікке бөлінеді. Тағы да бөлгенде, ол тең төрт бөлікке бөлінеді (2, 2, 2, 2). Сегі саны дыбысталуының арқасында ерекше құрметке ие. Сегіз санының омонимі – «гүлдену». Бұл қытайлардың ең сүйікті саны. Сондықтан «Арты гүлденуге әкелсін» деген ниетпен 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының ашылу уақыты 8-ші айдың 8-ші жұлдызы сағат 8-ден 8 минут 8 секунд өткен мезгілде белгіленеді.


9 саны. Қазақ халқының Аллаһ Тағаланың бұйрығын екі етпей орындайтын тоғыз періштелер: 1. Жәбірейіл – пайғамбарларға Аллаһ Тағаланың сөзін хабарлаушы. 2. Мекайіл – барлық адамға, мақұлыққа берілетін ырыстың уәкілі. 3. Әзірейіл – барлық адамның, жан-жануарлардың жанын алатын Құдай уәкілі. 4. Ысырайыл – ақырзаманға дейін сұлыны алып жүретін періште. 5. Дардайыл – ай, күн, жұлдыздардың уәкілі. 6. Ысмайыл – жер бетіндегі киелілердің жебеушісі. 7. Зұлқайыл – қиямет күнінде адамдарды алып баратын періште. 8. Ахрайыл – барлық дария, көл, өзен, бұлақ суларының періштесі. 9. Мәлік – жеті тозақтың уәкілі. Сонымен бірге қазақтарда тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4000 жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең көп тараған ойын болатын.

Халықтар түсінігі бойынша қателіктер мен кемшіліктер бірлестігі. Тоғыз санының қасиетіне тоқталсақ, ана құрсағында нәресте тоғыз ай, тоғыз күн өсіп жетіледі. Бұл сан адамның ғұмырында пайда болып, жарық дүниеге келетінге дейінгі уақыт өлшемі. Тоғыз саны өмірге адам әкеледі. Ол үш үштіктен құралған. Көшпенділер тоғыз санын болмыстың шыңы деп санаған, олардың салт-дәстүрлері мен наным-сенімдерінде тоғыз саны қасиетті болып есептелінген. Тоғыс санының омонимі – «ұзақ өмір».


10 саны. Ертеде Тәуке хан «Не жаман?» деген сұраққа бір жауап берсе, үш жүздің билерінің бірі жауап берер деп, үш парақ қағазға бірден онға дейінгі сандарды жазып, үш биге жіберіпті. Сонда Қазыбек бидің берген жауабы мынадай болған екен: 1. Бірлігі кеткен ел жаман. 2. Егесіп өткен ер жаман. 3. Төсектен қашқан ер жаман. 4. Шідерден шошыған ат жаман. 5. Білік адамнан белгілі бала тумаған жаман. 6. Аймағын билей алмаған адам жаман. 7. Жетем деген мақсатына жете алмаған жаман. 8. Серкесіз бастаған қой жаман. 9. Төскейге шыға алмаған кәрілік жаман. 10. 60-та қыздай қосылған бәйбішеден айырылған жаман.

Он саны үйлесімділік пен рухани толығудың бейнесі болып саналады. Ол орта ғасырлық Еуропада 1+2+3+4 сандарының қосындысы ретінде философиялық тастың символы болып есептелінген. Он саны ондық санау жүйесінің негізі болып қалыптасып, барлық әлем халықтарында қолданылады.

Қытайлар он санын аса құрмет тұтпаса да, оған да айтарлықтай көңіл бөлінеді. Он қандай да бір құбылыстың аяғын, соңын білдіреді. Санақ циклының соңы. Құрамы бір мен нөлден тұрады. Яғни ұлы бастамамен (бір) басталса, аяғы бос кеңістікке (нөл) әкеліп соғады. Бестің екі рет қайталануынан шыққан сан нәтижесінде ештеңеге әкелмейді. Қытайлар өз ұғымы бойынша, мұны жабық есікке теңейді.


12 саны. Тек қазақ халқында ғана емес, барлық халықтар үшін он екі саны – қасиетті сан. Қазақтар он екі жылды бір мүшел дейді. Алғашқы мүшел жас қана он үш жыл, оған он екі жастан қосып отырсаң келесі мүшел шығады. Қазақтар мүшел жасты өмірдің қиын, қауіп-қатерге толы кезеңі деп түсінген. Қазақ жыл санауда он екі жылдың әрқайсысына он екі жануар аты берілген. Он екі саны көптеген циклды таңбалайды – он екі ай, он екі жыл, он екі қарақшы, он екі сағат... Қазақтың сандық мәндер арқылы айтылатын ұлағатты ұғымдары өте көп. Он екіде бір нұсқасы жоқ, он екіде бір гүлі ашылмаған, он екі саққа жүгіртті, он екі құрсау жез айыр, он екі қарыс, он екі мүше. Он екі сан «табыс», «тоқтық» ұғымдарын білдірген. Санның омонимі – «оңай ұтыс».


13 саны. Қазақ халқы үшін Аллаһ Тағаланың барлық күні сәтті. Тек, ниетің оң, ісің адал болсын. Алайда өзге халықтардың наным-сенімі бойынша, қазақтар да кейінгі кезде он үш санын сәтсіз санға балайтында шығарды. Біздіңше, бұл наным-сенім қазақтар үшін емес. Қазақта алғашқы мүшел жас осы он үшке тура келеді. Сол себепті халқымыз: «Он үште отау иесі», - деп ұлын ардақ тұтады.

Кезінде император Наполеон, мұнай алпауыты Пол Гетти, АҚШ президенттері Герберт Гувер мен Франклин Делано Рузвельт он үш санын қатерлі санаса, Диана ханшайым мінген автокөлік Париждің жер асты жолындағы он үшінші бағанаға барып соқтығысқан. Он үш санын қатерлі көргендіктен. Ағылшын теңізшілері әлі күнге дейін айдың он үшінші жұлдызында кемеге мінбейді, американдық кейбір авиакомпаниялар мұндай күні өз кестелерінен ұшуды алып тастаған. Ал, енді еуропалықтардың түсінігінше айдың он үшінші жұлдызы жұмаға сәйкес келсе, ол күн «қара жұма» деп саналады. Жалпы, «қара жұма» он бір жылда бір-ақ рет қайталанатын көрінеді.

40 саны. Қырық санына байланысты оның қасиетін ашатын мағыналы тіркестер көп көлемде таралған. «Қызға қырық үйден тыйым» дегенде ұғатынымыз қыз әдебіне деген көзқарас. Той жасап, қуаныш қызық болар болса, қазақ елінің бұрыннан қалыптасқан ұғымында «Отыз күн ойын, қырық күн тойын жасады» деген сөз қолданысы бар. Ер азаматтарға байланысты «Отызында орда бұзған, қырқында қыр аспайды» дейді. «Қырықтың бірі - қыдыр» деп үйге келген қонақ өзімен бірге ырыс, үйге құт әкеледі деп түсінген.


60 саны. Вавилон аңыздарында бұл сан үлкен мәнге ие. Оны олар «құдай саны» деп атаған.

Міне, әдетте соншалықты маңыз берілмей, өз жөнімен қолданыла беретін сандардың бәрінің мән-мағынасы бар екен. Қазақ халқының наным-сенімімен басқа халықтардың наным-сенімін салыстыра отырып аңғарсақ, сандар сырының құпиясының соншалықты тереңде жатқанын байқаған болармыз.

ХҮ ғасырларда атақты Корнемей Агриппа сандық және астрономиялық сәйкестіктер туралы жазба жұмыс жасаған. Содан бері астрологтар планеталық әсерлерді бағалап, маңызды сандық астрологиялық ақпарттарды жинақтаған. Жұлдыз-жорамалшылардың пайымдауынша әр планеталардың өзінің сандық мағынасы бар. Мысалы Серкурий – 4, Нептун – 9 сандарымен байланысты. Меркурий материалдық жетістік әкеледі, 4 санының иелеріне интеллектуалды нұр мен шығармашылық әкеледі. Ал Нептун адамға күшті психологиялық энергия береді. Ол да үлкен жетістікке, қабілетін аша біледі. Жылдың әр айының әр күніне байланысты бақытты, бақытсыз күндері анықталған. Әр адамның туылған күні, айына, жылына байланысты өз санын есептеп шығаруға болады.


Адамның өз саны

Ай ішіндегі сәтті күндері

1

1, 10, 19, 28

2

2, 11, 20, 29

3

3, 12, 21, 30

4

4, 13, 22, 31

5

5, 14, 23

6

6, 15, 24

7

7, 16, 25

8

8, 17, 26

9

9, 18, 27


Қатерлі 3 цикл адам өмірінің сандарға байланысын дәлелдейтін тағы бір мысал: денедегі биоырғақтың үш циклдан тұратындығы, олардың 23, 28, 33 күндік екендігі. Бұл жөнінде Владимир Мезенцев былай деп жазады: «Біздің ағзамызда болып жататын аса күрделі ырғақ (ритмика) құбылысының аса күрделі көріністерін зерттей отырып, кейбір ғалымдар адамның биоырғағында үш цикл (оралым) жайында жазады. Бұл 23 күндік физикалық цикл, 28 күндік эмоциялық (сезім) цикл, 33 күндік ой-парасат циклы. Бұл сандардың қай-қайсында болса да күндердің тең жартысы плюс-күндерге, екінші жартысы минус күндерге жатады. 23 күндік физикалық циклда алғашқы он бір жарым плюс-күндердің үлесіне тиеді; мұндай күндері, мысалы, спортпен мықтап шұғылдануға, әртүрлі жорықтар жасауға әбден болады. Келесі он бір жарым күн бұл саяхат, спорт, тағы басқа едәуір күш керек ететін шараларға жарамайды, өйткені адам мұндай күндері тез шаршағыш келеді. 28 күндік эмоциялық (сезім) циклының алғашқы он төрт күнінде адамның көңіл күйі өте жақсы жүреді, ал келесі он төрт күннің ішінде ол өзінен-өзі жабырқап, көңілі түсіңкі болады. Ой-парасат циклы «қызықты» және «зерігу» күндеріне бөлінеді.

Ғалымдардың атап көрсетуінше, плюс-күндерден минус-күндерге өтетін сын кезеңінің адамға неғұрлым зор маңызы бар. Барлық үш цикл адамның туған күнінен және плюс-күндерден басталады. Бір циклдан екінші циклға «ауысатын» күндер «нөл» күндері деп аталады, яғни бұлар сын күндер болып табылады. Егер бұл күн әсіресе физикалық және эмоциялық циклдарға ауысардағы «нөл» күні болса, онда кейбір физиологтардың есептеуі бойынша, сол адам неше түрлі қолайсыз жағдайларға немесе сәтсіздіктерге ұшырауы мүмкін».

Ғалымдардың бұл болжамдары ақиқатпен астасып жатқандай. Мысалы, олар бақытсыздыққа ұшыраған 1400 жағдайды зерттегенінде, оған тап болған осы адамдардың әрбір онының алтауы мұндай сәтсіздікке, қайғыға өзінің «нөл» күнінде ұшыраған. Ал жапондық ғалымдар жаяу адамдар жол-көлік апатына ұшыраған 153 оқиғаны зерттегенінде оның 75 пайызының оған өз өмірлерінің 3 циклындағы қолайсыз, ең қауіпті күндері тап болғанын анықтаған. Тек бізді бір таң-тамаша қалдыратыны адам бойындағы биоырғақтың үш циклының ішінде неге физикалық циклдың 23 күндік, эмоциялық циклдың – 28 күндік, ой-парасат циклының – 33 күндік екендігі. Неге бұл циклдар қатып қалған осы сандардан тұрады? Бұл да бір табиғаттың беймәлім құбылысы. Иә, адам ғұмырының да, мінез-құлқының да, келешегінің де, қуаныш-қайғысының да әйтеуір бір сандармен байланысы бары анық. Бұл өзі Жаратқан Иемізге ған белгілі құпия сыр ... Дегенмен, сандар сырын зерттей келіп, ғаламдық даму үздіксіз өсіп отырса да әрбір адам баласының белгілі бір жағдайларда сандар құдіретіне сеніп, өзінің жоспарлаған жұмысын белгілі бір сандар жүйесінің өзіне тән құпиясын сақтай орындауды әдетке айналдырғандарына толық көзім жетті. Өйткені зерттеу жұмысы барысында танысқан болжамдар, ғылыми көзқарастар, жүргізілген сауалнамалар нәтижесі кез келген адамның белгілі санды сәтті немесе сәтсіз деп қарап, өз жұмысын сол сандар жүйесіне орай жүзеге асыратындығына толық көзім жетті. Ендеше сандар жайлы ғылым тоқтамақ емес, үнемі дамып, толығып отырады.











3. Мүшел жастың сыры


Қазақтың жыл санау үрдісіндегі мүшел жасқа тоқталатын болсақ:

-Бұл бізде ғана емес, түркі тектес халықтар мен Орта Азия халықтарының

көпшілігінде кездеседі. Мүшел жасты былай жіктеуге болады:

13 жас-ер жете бастау;

25 жас-жігіттік шақтың нақ өзі;

37 жас-ақырын басып,анық жүріп,ақыл тоқтататын кезең;

49 жас-орта жас;

61 жас-өз балаңнан тәтті болатын немере сүю;

73 жас-қарттықтың басы болар;

85 жас-кәріліктің келгені;

97 жас-қалжырап,ештеңеге жараусыз қалғаның;

109 жас-шөпшек сүю;

121 жас-қа жетсең, онда неменең де қасында дей бер.Астрономия ғылымының есебі бойынша, әрбір он екі жылда Юпитер өзінің орбитасын бір рет айналып шығады екен . Сонда адамның мүшел жасы да әрбір он екі жыл сайын кіріп отырады.Мұнда да бір байланыстың бары анық. Бір жылда он екі ай бар. Бұрындары осы мүшелден аман шыққандар той жасап жататын. Ырым ретінде мүшелден мүшелден шыққан соң өзінің ең ұнамды дейтін киімін жоқ-жітікке, я болмаса ағайын-туыстың біріне сыйға береді.

-Әйтсе де қай мүшел қауіптірек?

- Әркім өзінің пешенесіне жазғанын көреді. Бірақ, халық даналығында отыз жеті ең қауіпті мүшел жас болып саналады. Бұл кезеңде адам баласы есейіп, отбасын ғана емес, бүкіл бір елді басқара алатындай шамада болған соң, оған келер қауіп те көбейсе керек.

- Жыл қайыру тәсіліне тоқтала кетсек...

- Туған жылын Григориан күнтізбес бойынша 12 санын бөлу керек , егер ол еш қалдықсыз бөлінсе, мешін жылы дүниеге келген болып есептеледі. Ал егер ол бүтін бөлінбей, қалдықпен шықса, жылды сол қалдық бойынша анықтайды.

- Біз қазақтың ғұрпына байланысты қасиетті сандар туралы айттық. Осы сандардың ішінде қырық саны ерекше айтылады. Ол неге 10,20,30 емес, 40 саны?

- Мұның әлі де жұмбағы көп. Қырық деген санды ғалымдар түрлі-түрлі айтып түсіндіріп жүр. Ол тек біздің халықта ғана емес, әлем халықтарының көпшілігінде кездесетін көрінеді. Қазақта киелі сандар:3,7,9,40,70. Бұл сандар әлі күнге дейін жете зерттеле қойған жоқ. Біз осы сандарға тәмсіл сөздерімізді, оған қатысты жасалатын ырым-тыйымдарымызды білесіз. Кейбірін атқарып та жүрміз.

- Басқа да сандардың киесі туралы айта отырсақ...

- Сандарда халықтың ой байламы жатыр. Бір - даралық, үш - өмір жарасымы, төрт - тірек, бес- батырлық, алты - алшақтық, жеті - табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс, тоғыз- тоқтылық, т.б. болып кете береді.



4. Халық өлшемдерінің қазіргі қолданыстағы стандартты өлшемдермен салыстыру


Салмақ өлшемдері:1 мысқал – 0,4 гр; 1 қадақ – 750 гр; 1 келі – 1 кг; 1 пұт – 16кг; 1 батпан – 100 кг; 1 торсық – 6-7 литр; Бір саба – 10-15 литр.Бұл өл-шемдерден басқа қазақ халқы бейнелеу, теңеу сияқты айшықты сөз-дермен де беріп отырған. Олардың көбін қазір өзіміз де қолданып, айтып жүрміз. Мысалы,түйеге жүк болғандай, жұдырықтай, шына-шақтай, бармақтай, алақандай, бір арқа, бір құшақ. Малға қатысты өте көп. Бір отар, бір қора, бір табын, бір үйір, он шақты, жиырма шақты деп кете береді. Ал қалындықты көбіне саусақ қыры – елімен өлшеген.

Ұзындық пен қашықтық өлшемдері: Бір елі – 1-1,5 см, Сынық сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақтың екі буыны бүгілгендегі аралық, бір сүйемнің төрттен үш бөлігі 14-15 см; Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақты жазғандағы аралық, яки 17-18 см; Қарым – бас бармақ пен ортан саусақтыкергендегі аралық, яки 20-22 см; Кез – 50 см; Аршын – шынтақтан саусақ ұшына дейінгі ұзындық немесе 75 см; Құлаш – иық деңгейіндегі кере созылған екі қол ұшының аралығы немесе 1,80- 2м. Одан үл-кен өлшемдер: Адым – жай жүргендегі екі аяқ арасының алшақ-тығы 1 м;Таяқ тастым жер – тым жақын жер, яғни 10-15 м ; «Әй» дейтін жер – таяу жер, яғни 100 м; Дауыс жететін жер – 250-300 м; Шақырым – 1 шақырым; Иек астында – 4-5 шақырым; Қозыкөш жер – 5-6 шақырым; Көз ұшында – 6-7 шақырым; Тайшаптырым – 4-5 шақырым; Құнан шаптырым – 8-10 шақырым; бір көш жер – 10-15 шақырым; Атшаптырым – 25-30 шақырым; Өте алыс жерлер – жер аяғы қиянда, жер түбі, жер мойны қашық, түйенің табаны түсер жер, қиыр, ит өлген жер, ит арқасы қиянда.

Уақыт өлшемдері: Халқымыз уақыт өлшеміне келгенде өте бай ғой. Ертеде ата- баба-ларымыз уақыт өлшеміне келгенде бай тәжірибе жинақтаған. Мы-салы, қонаққа келе жатса « пәленше, мен етпісірім уақытта келемін немесе бие сауымда келемін » дей салады. Бұл үлкен жауапкерші-лікті білдіріп тұр. Бұл жердегі етпісірім – 2-3 сағат, ал бие сауым – 1,5 сағат. Қас-қағым сәт – 1 секунд. Сүтнісірім – 5-10 минут. Бір күн, бір түн – орта есеппен 12 сағат. Бір тәулік – 24 сағат. Бір апта – 7 тәулік. Ай – 30 тәулік. Тоқсан – үш ай. Жыл – 12 ай. Ғасыр – 100 жыл.

Уақытты мезгілге қатысты да айтамыз. Елең-алаң, түс, кеш, түн ортасы дегендер сол мезгілдегі бір сәтті ғана айқындайды.





5. Қорытынды


Сандар сырының құпиясы” атты ғылыми жобада біз сандардың шығу тарихынан бастап, олардың қай мемлекетте қалай пайда болғандығына ерекше көңіл аударып, түркі халықтары арасында, оның ішінде қазақ халқының сандарға қатысты киелі, қасиетті ұғымдарын аша білдік. Зерттеу барысында өзіндік көзқарас білдіріп, ұтымды ұсыныстар жасадық. Халық арасындағы күнделікті тұрмыста кездесетін сандар құпиясын ғылыми болжамдармен салыстырмалы түрде қарастырып, кең көлемде жұмыс жасадық. Жер бетіндегі барлық халықтардың өздеріне ғана тән дәстүрі, әдет-ғұрпы, тұрмыстық және мәдени ерекшеліртерімен, қатар діни таным-нанымдары бар екендігін біліп, қазақтың жеті атаға дейін қыз алыспайтын қасиеті туралы ой қозғадық. Әдет-ғұрыпқа байланысты қасиетті сандар туралы және қазақтың жыл санау үдірісіндегі мүшел жасқа, жыл қайыру тәсіліне тоқталдық. Сандар сырын зерттей келіп, ғаламдық даму үздіксіз өсіп отырса да әрбір адам баласының белгілі бір жағдайларда сандар құдірітіне сеніп, өзіміздің жоспарлаған жұмысымыздың белгілі бір сандар жүйесінің өзіне тән құпиясын сақтай орындауды әдетке айналдыруға толық көзіміз жетті. Өйткені, зерттеу барысында танысқан болжамдар, ғылыми көзқарастар, жүргізілген сауалнамалар нәтижесін кез келген адамның белгілі санды сәтті немесе сәтсіз деп қарап, өз жұмысын сол сандар жүйесіне орай жүзеге асыратындығына толық көзіміз жетті.

«Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. Надан жұрттың күні-қараң, келешегі - тұман», - деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі білімді ұрпақ болса, адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі - математика.

Қазақтың салт-дәстүріндегі натурал сандардың құпиясын зерттеу- бүгінгі күннің талабы. Біз ғылыми ізденіс жұмысымызда «Сандар тарихы», «Мүшел жастың сыры», «Халық өлшемдерімен салыстыру» тақырыбына көп іздендік.

Сандар сырының құпиясын ашу арқылы қазақтың салт-дәстүріндегі сандардың қолдануын салыстыра отырып, сырын аштық.

Қазіргі кезде сандардың қазақ халқының тарихындағы орнын, өмірдегі күнделікті қолданылуына жете тоқталдық.

Сандардың сыры мен қырын ашқанда адамзаттың мәдени байлығына, көзқарасына, ортамен байланысына тоқталып, халқымыздың сандар тарихын терең біліп, өзге мөлшерлердің қазақ даласы үшін әлеуметтік маңызының өте жоғары болғандығын дәлелдедік.

Салт-дәстүріміздегі сандар сырын зерттеуде біз көп ізденіп, сандар тарихын ашуда бірнеше мәлімет жинадық.

Сандар ғылымы тоқталмақ емес, үнемі дамып, толығып отырады.







5. Пайдалнылған әдебиеттер тізімі




  1. Т. А. Алдамұратова «Математика» Алматы «Атамұра» 2001 ж.


  1. Ф. Р.Ахметжанова ,Қ.С. Дүсіпбаева «Қасиетті сандар қатысқан еске-ліктері» ғылыми басылым, Өскемен 2001 ж.



  1. Т. Р. Әлімбай «Математикадан тыс жұмыстар» Алматы «Рауан» 1992 ж.


  1. М. Бақытбек «Жас Алаш» газеті Алматы 2001 ж



  1. Қ.Бегманов «Халқы мықтының-салты мықты» Алматы 2010 ж.


  1. Интернет беттерінен.













22




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 20.11.2015
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров364
Номер материала ДВ-174410
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх