Инфоурок Всеобщая история Научные работы"Ғылыми жоба. Қазақтың құсбегілік кәсібі"

"Ғылыми жоба. Қазақтың құсбегілік кәсібі"

Скачать материал

АННОТАЦИЯ

Қазақ халқының құсбегілік дәстүрінің тарихын болашақ ұрпаққа дарыту, жалғастыру, үйрету.

Зерттеудің өзектілігі - біріншіден, көшпенділер өмірінен берік орын алған өнер, екіншіден, табиғат пен адамның тұтастығын қалыптастыру, үшіншіден, беріліп отырған тақырып көлемінде зерттеу жұмыстарының өте аздығы.

Кез келген ұлт атаулының ежелгі дүниетанымдық көрінісі оның тарихынан көрініс табады. Ұлттың өзіндік тұрмыс-салт ерекшелігі халықтың өткен өмірінде қандай мәні болса, бүгінгі өмір тіршілігіне тигізер пайдасы зор. Қазіргі таңдағы маңызды бір мүмкіндігі – оның осы танымдық қызметін неғұрлым толық ашып көрсету, сол арқылы ежелгі елдік белгіні, халықтық қалыпты жете тану.

Зерттеу мақсаты: Құсбегілік дәстүрді қазақ тарихындағы аңшылық кәсібінің бір үлкен саласы ретінде анықтап, бұл кәсіптің болашақ ұрпаққа берері көп екенін көрсету. Ата – бабамыздың ежелгі аңшылық, саятшылық дәстүрін жаңғырту, деректер жинақтау, тарихи тұрғыдан талдау.

Қақпан, тұзақ құру, аң аулау, ит қосып аң аулау – аңшылықтың халыққа жақын түрі де осылар екенін көрсету.

Адам мен қыран құс арасындағы байланысты ақыл-ойдың, қабілеттің құдіретін таныту.

Зерттеудің міндеттері:

1.     Аңшылық көшпелі өмір салтының құрамдас бөлігі, әрі шаруашылықтың өзіндік ерекшелігі бар саласы екенін дәлелдеу.

2.     Қазақ жерінің тамаша байлығы мен сұлулығын, берекелі тіршілігін сақтау, қорғау жөнінде, ит жүгіртіп, құс салу қазақтың ежелден келе жатқан ата дәстүрі, кәсібі, ұлттық машығы екенін түсіндіру.

3.     Құсбегілік сонымен қатар жеріміздің асты-үсті көл-көсір байлығын қорғап, сақтап қалуға өте тиімді, әрі қолайлы өнер саласы деп қабылдауымыз қажет екенін білу.

Зерттеудің жаңашылдығы:

-         Қазақтардың ұлттық кәсіптері;

-         Тақырыптағы атаулар жинақталып, жүйеленіп, ұлттық мәдени мұра ретінде сипатталады;

-         Кәсіптің түрлері, тәсілдері, әдістері дәлелденеді;

Зерттеу нысаны:

Құсбегілік кәсіпті ұлттық тарихи тұрғыдан зерттеу.

Зерттеу болжамы:

-         Қазақтың құсбегілік кәсібі - болашақ ұрпаққа берері көп екенін көрсету;

-         Құсбегілік дәстүрден қалған наным – сенімдердің бар екенін;

-         Бұл дәстүрдің халық медицинасындағы орнын білу;

         Зерттеу әдістері:

Зерттеу барысында әдістемелік – теориялық, тәжірибелік қағидалар басшылыққа алынды. Қажетіне қарай, сипаттама, тарихи салыстыру, жүйелеу, дәлелдеу тәсілдері қолданылды.

 

 

 

 

 

 

 

АННОТАЦИЯ

Продолжение казахский традиции соколиной охоты, назидание будущему поколению.

Актуальность исследования- во-первых, данная традиция является одним из основных исскуств кочевого народа,  во-вторых, она способствует единению человека с природой, в-третьих, по исследуемой тема очень мало литературы.

Мировоззрение любой находит отражение в его истории. Национальные традиции занимают особо важное место в современной жизни. На сегодняшний день необходимо всестороннее изучение подовных национальных промыслов, их возрождение.

Цель исследования: Определение соколиной охоты как одного из основных направлений охотничьего промысла. Возрождение традиции наших предков, сбор данных, исторический анализ.

Доказать, что охота капканом, сеткой, собаками, как одни из видов национальной охоты, также близки нашему народу.

Раскрыть способности установления связи птицы с человеком.

Задачи исследования:

1.     Доказать, что охота является неотьемлемой частью кочевой жизни, а также отдельной отраслью хозяйства;

2.     Пояснить, что соколиная охота, охота собаками являясь одним из древнейших традиций наших предков, вносят вклад в сохранение красоты и богатства родной земли;

3.     Занть о том, что исследуемый вид охоты спасобствует охране природных ресурсов;

Новизма исследования:

-         Казахский национальный промысля;

-         Систематизированы наименования и описаны в качестве национального наследия;

-         Доказаны виды, приемы и методы промысла;

Обьект исследования:

Исследование соколиной охоты с национально исторической точки зрения.

Гипотеза исследования:

-         Раскрыть образовательный и воспитательный потенциал будущему поколению;

-         Доказать, что существуют древние поверия, касающиеся соколиной охоты;

-         Определить место данной традиции в народной медицине;

Методы исследования:

Были взяты за основу методико- теоретические, практические принципы. Были использованы такие методы, как описание, историческое сопоставление, систематизация, доказательство.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АNNOTATION

 

            Continuation of the Kazakh tradition of falconry, a warning to future generations.

            The relevance of research on the Sirst hand, this tradition is one of the major arts of the nomadic people, and secondly, it contributes to the unity of man with nature, and third, there on the r topic is very little literature.

            World all is reflected in its stories. National traditions occupy a very important place in modern life. Today you need a comprehensive study alike national crafts, their revival.
            Objective: Determination of falconry as one of the main areas of hunting. The revival of the traditions of our ancestors, collecting data, historical analysis.
Prove that the hunting trap, net, dogs, as one of the types of national hunting, are also close to our people.
Expand the ability of birds to establish communication with the man.
            Research objectives:
1. Prove that hunting is an integral part of the nomadic life, as well as a separate branch of the economy;
2. Explain that the falconry, hunting dogs and is one of the oldest traditions of our ancestors, contribute to the preservation of the beauty and richness of their native land;
3. To know that the analyzed type of hunting supports protection of natural resources;
            Novelty of study :
- Kazakh national crafts;
- Systematized the names and described as a national heritage;
- Proved types , techniques and methods of fishing ;
            Object of research:
The study of falconry with the national historical viewpoint.
            The hypothesis of the study :
- Expand educational and educational potential of the next generation ;
- Prove that there are ancient beliefs concerning falconry ;
- Identify the location of this tradition in folk medicine ;
            Methods:
It was taken as a basis metodiko- theoretical , practical principles . methods such as description , historical comparison , systematization , evidence were used.
 
 
 
 
 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 7 «Б» сынып оқушысы Даниярова Диананың «Қазақтың құсбегілік кәсібі» тақырыбындағы ғылыми жобасының жұмысына

СЫН-ПІКІР

         Зерттеу тақырыбының маңыздылығы өте зор, өйткені жобаның жаңалығына сәйкес осы тақырып қазіргі таңда өте аз зерттелген. Сондықтан құсбегілік пен саятшылық мәселелерін зерттеу бағыты соңғы жылдары ғана қолға алынуда.

Даниярова Диана құсбегілік кәсіп туралы көптеген деректер іздеп, дәлелдерге сүйене отырып, жақсы еңбектенген. Оқушы өзінің ізденімпаздық қасиетін, білімділігін пайдаланып, тақырыптың өзектілігін аша білген.

Құсбегілік дәстүрді сан қырынан дәлелдеп, жасөспірімді жастайынан дайындауды, қыранмен аң аулаудың қыры мен сырын болашақ құсбегілерге ұғындырумен қоса, құсбегілік өнердің өмірі үзілмей бүгінгі өмірмен ұштастырған.

Даниярова Диананың «Қазақтың құсбегілік кәсібі» жобасының мазмұнымен таныса отырып төмендегідей қорытынды жасауға болады:

1.  Даниярова Диана құсбегілік кәсіп туралы зерттеу үшін  көптеген деректерге, баспасөз материалдарына үңіліп, көп ізденген. Жоба мазмұнында байқалғандай, ізденушілік қасиетінің басымдылығы көрініп тұр.

2. Қазақ халқының құсбегілік дәстүрінің тарихын болашақ ұрпаққа мұра етуді ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып дәлелдер арқылы орынды келтіре білген.

3. Зерттеудің алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне жетуге үлкен ұмтылыс жасаған. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес құсбегілік дәстүрдің тарихи деректерін дәлелдей білген.

4. Зерттеу барысында тәжірибелік қағидалар басшылыққа алынған.

Тақырыпта қазақ халқының аңшылық, құсбегілік дәстүрі тіршіліктің негізгі  тіректерінің бірі деген пікіріне қосылуға болады.

 

 

 

Сын-пікір білдірген:                              С.Аманжолов атындағы ШҚМУ,

                                                                 Қазақстан тарихы кафедрасының

                                                                 доценті, тарих ғылымдарының

                                                                 кандидаты     

                                                               Нурбекова Раушан Калымбековна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПІКІР

Даниярова Диана өзінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын 2016 жылдың қаңтар айынан «Қазақтың құсбегілік кәсібі» тақырыбы жөнінде жазылған зерттеу мақалалар аздығына қарамастан деректер іздеп, баспасөз материалдарына үңіліп, құсбегілермен кездесіп, сұхбат жүргізді, соңы жақсы нәтижеге әкелді. Осы тақырыпты зерттеуде ол өте үлкен қызығушылық танытты. Өзінің алдына қойған мақсаты мен міндетін орындауға тырысты. Аңшылық пен саятшылық туралы жазылған кітаптар мен мақалалар оқи отырып, оның тарихи мәнін дәлелдеуге, соған сай топтастыру, жүйелеу жұмыстарын жасаған. Диана өзінің тақырыбы жайында көп еңбектенген.

Өзіндік пайымдаулары, талдауы дәлелді ашылған.

Жұмыстың ғылыми сипаты бар. Мақсаты мен міндеті өз мәресіне жеткен.

 

 

                                             Жетекшісі                       А.Д.Сулейменова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ........................................................................................................... 11

1.Құсбегілік кәсіптің шығу тарихы................................................................13

1.1.Қазақтардың ұлттық кәсіптері.................................................................13

1.2.Қыран құстарды қолға үйретудің, баулудың әдістері............................16

2. Құсбегілік пен ұлттық дәстүрлер...............................................................19

2.1. Саятшылықтың тәсілдері.........................................................................19

2.2. Құсбегілікке қатысты наным-сенімдер мен әдет-ғұрыптар....................21

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................23

ҚОСЫМША...............................................................................................25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Құсбегілік- ұлттың қанына сіңген көне дәстүр. Көшпенділер өмірінен берік орын алған өнер. Оның тәлім-тәрбиесі атадан балаға қастерлі қалпымен жарасымды жалғасқан.Саятшылық қызығы серуендеу сипатымен ғана шектелген жоқ. Табиғат пен адамның тұтастығын қалыптастырды. Қыранның болмысын, оның көтерілген биігін түсіну үшін де сезім керек. Ол сезім қазақтың намысын жалаулатты, жігер отын алаулатты. Өршілдікті қаны мен жанына дарытты. Дүниеге қыран жанарымен қарайтын байқампаздыққа дағдыландырды. Бабалар өміріндегі мәрттіктің бастау көзінің біріне айналды.

Қазір құсбегілік өнер шет жұрттықтарға «этникалық туризм» ұйымдастыратын мекемелерге ауадай қажет. Алайда жас ұрпақттың саятшылыққа деген құштарлығын оятумен бірге, қолына бүркіт ұстай алатын баланы аяқтандырып, тәрбиелеуге мүмкіндік беру.

Шәйбай Айманов өзінің «Аңшылық және табиғат» деген еңбегінде сонау Кавказ тауларындағы Қарашай өлкесінде тұрғасында жазды. Ол өзі сүйген аңшылық өнерді, оның ішінді қазақ халқының құсбегілік өнерін жастарға жатық та түсінікті етіп жазып беруді борыш деп санаған Шәйбай еңбегі сол жағынан бағалы.

Шәйбай бұл кітабында тек құс салу өнері емес, ит жүгірту өнеріне де тоқталып өткен. Шәйбай ізшіл, иісшіл аңшы иттерінің тегіне, олардың мінез-құлқына кең тоқталып ұғымды түсінік жазған. Сонымен бірге, ол иттерді асырау, ізшілдік, иісшілдік қасиетті баулуды да түсінікті жатық тілмен айтып берген. Ит- адамның досы, жаяу аңшылық ең сенімді серігі екендігін дәлелдермен жазған.

Шәйбанидың өзі құс мылтықты құмарлана құнттап ұстаған. Осы мылтық жайында да Шәйбай жас мергендерге ағалық тәжірибесімен жақсы кеңес айтқан. Бұл жөнінде Шәйбай өзі білгенімен гөрі, атақты адамдардың мергендік, аңшылық жайындағы әдіс әрекеттерін жазып, олардың тәжірибесін де насихаттайды.

Республикамыздың белгілі жазушысы Сапарғали Бегалин ұшқыр қаламынан шыққан аңшылық, құсбегілік жайындағы әңгімелер өзінің көркемділігі, шебер суреттелуімен кезінде қалың оқушы қауымды қатты сүйсіндірген. «Қыран туралы хикая», «Сынық қанат», «Түйе тіркеу», «Тазы мен түлкі» деген әңгімелерінде де жазушы жасынан жаны сүйіп қастерлеген аңшылық, құсбегілік, мергендік өнерін үлкен шабытпен кеңінен баяндайды. Бұл көркем әңгімелерді де өз оқушылырының жүрегіне жол табады.

Зерттеушілер Б.Камалашұлы, Д.Қатран, К.Н.Рахимова, Г.Б.Қозғанбасвалар қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы, ас-тағамдапр жүйесі, қолөнері және диаспора тарихына тоқталған.

Төрехан Әлішеров өзінің «Ит жүгіртіп, құс салған» деген еңбегінде ғасырлар қойнауынан жеткен халқымыздың тамаша аңшылық, саятшылық өнерін әңгімелейді. Ұшқан құс пен жүгірген аңның әдет-дағдысы, амал-әрекеті, із кесу өнері, аңдарды техникасыз аулау, қазақтың дәстүрлі бүркіт, қаршыға, ителгі т.б. құстарды ұясынан ұстап, баулу, құмай тазы және басқа да иттерді үйретіп аңға қосу, қақпан құрып, тұзақ қою арқылы табиғат шырқын бұзбай аңшылық құруы туралы айтады.

Аңдар мен құстарға кездесетін таңданарлық құбылыстар хақында қызықты деректер келтіреді. Еңбегінің өн бойында аңшылық, саятшылық жайлы әңгімелер туған табиғатты аялау мәселесімен қатар өріліп отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   1.Құсбегілік  кәсіптің шығу тарихы

   1.1 Қазақтардың ұлтық кәсіптері

         Көк еркесін қайырып, дүз тағысын ілгізу­- кез келген адамның қолынан келе бермейтін шетін өнер. Аңшылық тарихын тексере келсек сонау көне заманға алып келеді. Адам баласы тіршілік ету қамына кіріскеннен бастап аңшылықпен шұғылданғаны бізге мәлім. Көне заманда жер бетінде аң, құстың алуан түрлері көп болған. Аңшылық адамның сана-сезімін оятып,тіршілік әдісіне көмектескен. Аң аулау әдісімен бірге ұшып жүрген құстарға да көз салған.Қалай қолға түсіріп ұстап, азыққа айналдыру шарасын, да ойлаған. Құстардың әрқайсысының жеке қонатын,түнейтін,ұялайтын жерлерін байқап біліп,ұстау әдісін жасауға талап еткен. Қалай ұстау керек ? Құс жер де жортқан аң емес, қанат қағып көкке самғап, көзден ғайып болады.Осы сияқты қанатты аңды, яки құсты ұстау әдісі болған бірінші құрал тұзақ көрінеді. Ең алғашқы тұзақ тарамыстан жасалған.                                                                                                                 Тұзақты құстың қонатын жеріне қойып, ұстау әдісін тапқан. Аңға салатын қыран құстарды торға аң етінен жем бойлап тұзаққа түсіріп ұстауды үйренген. Бертін келе ителгі, қаршыға, бүркіт, сұңқарлардың өзін аңға салып, құсты алғызып кәсіп етуге үйренген.

      Әсіресе құсты талмай,тез қуып жетіп жығып алатын сұңқарларға көбірек көңіл бөлген. Сондықтан да дүние жүзінде сұңқар салу ерте өріс алған.

      Сөйтіп сұңқарларды көптеп ұстауға кіріскен. Бұлардың ұяларын тауып, ұядан балапандарын алып,үлкендерін тормен ұстап қолдан үйретіп құсқа салатын болған. Сол заманнан бастап құс салу саяты осы заманға дейін келді.

      Аңшылық жасауға,  сұңқарға, қаршығаға,тұйғынға құс алдыру өте қызықты Шәулі қырандармен аңға шығу,оларға құс ілдіру ІІІ-ІV ғасырда қызу болған сияқты.

      Аңға шығамыз деген сөз құлағына шалынған мерген, құсбегі, өзге дүниені ұмытып,көңілі шаттыққа бөленеді. Жағасы жайлау, төбесі қыстау, мерейі көтеріліп, жаны жадырай түседі. Аңға аттану деген табиғаттың құшағына кіріп жаратылыстың жан сүйсіністер сырына сүңгу деген сөз.

      Біздің қазақтар тым  ертерек кездерден бастап тек қана аңшылық кәсібімен айналысатын, қоғамның балалық дәуірінен алыстап кеткен, сөйте түрғанымен де біздің жартылай көшпенді ел оқта-текте аңшылықпен айналысудан қашпайтын,тіпті уақыттарын көңілді өткізу үшін де әлдеқандай тағы аңдар аулауға құмартатын. Бірақ, құдай ұрғанда, аңшылық өмірдің  қызығын, қуат күштің молдығын сезінуге өрісі тар далада мүмкін емес, себебі бізде ешқандай тағы аңдар жоқ десе де болады. Біздің сусыз және ормансыз даламыз аңшылық кәсіптің қандай түріне де қолайлы емес, соның салдарынан бұл мекенде аңдар,құстар,балықтар тіпті кездеспейді де, жоққа тән.

      Солай бола тұрса да, қасқырлардың аздығына қарамастан, қазақтар ол аңды  өте жек көреді, ұстап алып қырып салуға жүгіргенде аңшылық құмарлыққа желугіден емес,тіпті олардың тері терсегін кәсіп етуден де аулақ, тек өз малдарын қорғау мақсаттарын көздейді, Каспий жағалауында жазда да, қыста да қасқырларды ұстау үшін қақпан құрып тастайды, бірақ қыс күндерінде бұлай аң аулау тәсілін көп қолданбайды,себебі теңіз жағалаулары айлапат жайылымдық орын,онда малдар отығып жайылып жүреді.

      Аңшылар аңға шығар күні «маңырағына » сыйына,мылтығына аршаның түтінімен ыстап,аластап тазартып,басқадай аруақтық дүниелеріне,ата-бабаларының киелі мұраларына бас иіп,шайын жайлап байыппен ішіп,атын асықпай ерттеп,жетек атына жүгін жайбарақат артып,үйінің сол жағынан күн бағытымен үш рет айналып,аңшылық істейтін жағына қарай жүріп кетеді.Жолда аң-құс,жабайы жәндіктер жайлы болжам айтпайды.Аңға аттанып бара жатқан жолда түлкі кезіксе,оны атып өлтіруге тырысады.Өлтіре алмай қалса жаман ырымға жорып,жол болмайды,олжа аз болады екен деп ренжиді.Кейбір аңшылар үйлеріне қайтып оралатые кездерде көп кездеседі.Қасқыр жолықса жақсы ырымға жорып «олжа көп болады» екен деп қуанысады.Түлкі қасқырдың жол кесіп кездесуін күні бүгін қазақ халқы ырымдап келген.Қазақтар тек аңға шыққанда емес,жалпы сапарға шыққанда бұл ырымды сақтайды.Бұл жерде түлкі қасқырдың жолда кездесу салтын күні бүгін ырым етіп сақтап келе жатқаны. Аң аулаған алғаш жүк түсірген жұртқа келген аңшылар аң аулайтын жері,тау орманы аспан тәңірі, бізді кешір,тамақ үшін аздап олжа іздеудеміз қанжығамызды майлап қайтар –деп жалбарынады.

      Аңшылық өз алдына жеке кәсіп болған жоқ, оның халық шаруашылығында үлес салмағы да шамалы ғана болды, қазақтар малын баға жүріп, аңшылық істеді. Олар бұлғын, сусар, түлкі, қарсақ, мәлін сияқты асыл терілі аңдарды терісін алу үшін, арқар-құлжа, құлан, елік, тау ешкі, қарақұйрық сияқты аңдарды етін жеу үшін, бұғы мен бөкенді мүйізі үшін аулады. Қаз, үйрек, кекілік, шыл, қырғауыл, дуадақ, ұлар, құр, бөдене сияқты һалал етті құстарды әр алуан әдістерімен аулап көмекші азық етті. Аю, жолбарыс, қабылан, қасқыр сияқты жыртқыш айуандар қазақтың мал шаруашылығына ауыр апат келтіретін, төрт түліктің қас жауы, көшпелі елмен үнемі ілесе жүретін қасқыр еді. Қазақтар мұндай жыртқыштарды малын қорғау үшін аулады, сонымен бірге олардың терісін кәдеге жаратып отырды.

      Аң-құс аулаудың ата тәсілдері мен құрал-саймандары, ғасырлар бойы ен даланы мекендеп, түз тағыларының тіршілік тәсілдері мен өмір сүру заңдылықтарын бақылаған халық тәжірибесінен туылды. Бұлардың көбі сонау заманнан келе жатқан: ор қазу, қақпан құру, тор жаю, атқы қою, түрлі тұзақтар құру, садақпен ату, қуалап соғу, аң салу, ит жүгірту, құс салу әдістері еді.

      Бүркіт, лашын, тұйғын қаршыға, сұңқар, қырғи, тұрымтай сияқты сан алуан құстарды ұстап, асырап, аң-құсқа салу «саятшылық» деп аталды. Сан алуан қырандардың сыны мен сырын, мінезі мен күйін, шабыты мен бабын жетік білетін мамандар- «құсбегі-саятшылар» көк тағысы мен жер тағысын сайысқа салудың білім-тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып отырды. Аңшылықтың кәсіптік сипатымен қоса, әскери-спорттық сипаты да болды.

      Қазақ құсбегілерінен құс баптауға оның тегін, алғырлығын айыруға, құсқа баулып құс алуға үйретуге, асырау әдістеріне өте жүйрік, белгілі адамдар да болған. Мәселен, Сатыбайдың Мағазы, Рзақожа, Шәукілдек, Ысқақтың Нұғманы, Айманның Ұтжаны дегендер болған.

      Құсбегі- қырандарды түрге, топқа, текке айыра білетін, оларды әз ішінен жікке, туыстыққа, ұрпаққа бөле білетін адам. Қыран құстардың түр-тұлғасына, сүйек бітіміне, қанат-құйрық, жүн, қауырсындарына қарай құсты сынай білетін сыншы.

      Бүркітші- бүркітті ұстай, баға білетін, оны аттылы жаяу алып, аңға сала білетін, аң мен құстан орташа сауаты бар адам. Жалпы алғанда қолына бүркіт ұстап, аңға шыққандардың тұтас ұғымы- бүркітші. Ал, оның ішінде бапкер де, саяткер де, құсбегі де жай қатардағы бүркітші де бола береді.

      Халқымыздың осынау бір тамаша өнер мұрасының қиындығына төзіп, қызығына кенеліп келе жатқан білігір құсбегілер сирек те болса ел ішінен әлі табылады.

      Құспен аң аулау төртінші ғасырдан әрі басталған деседі. Бертін келе құспен аң аулау кең өріс алып, өте қызықты болған. Манапатшылар ғана құс салып, қыран ұстап қарапайым адамға құс салуға рұқсат етпеген заманда болған. Қыран құстардың маңызы аса зор болған.

 

      1.2. Қыран құстарды қолға үйретудің, баулудың әдістері.

      Жабайы жыртқыш құстарды аң аулауға баулып пайдалану үшін, оларды қолға түсіріп, үйретіп, аңға баулып, қажетті құрал-саймандар арқылы саятшылық құрады.Жыртқыш құстарды қолға түсіру, үйрету көне дәстүр. Қырандарды қолға түсіріп, үйретудің, баулудың, аңшылық құрудың басты жағдайлары төмендегідей:

      Тор- түз қырандарын ұстауға арналған құрал-жабдық. Тордың басын ышқырлайтын жіпті «шыжым» деп атайды. Тордың етегіне шыжым өткізілмейді. Шыбықтың ұзындығы кере құлаштан кем болмауы керек. Шыбықтардың бір жақ ұштары жерге, қарға шаншылуға лайықталып ұсталады. Шыбық саны бес-алты дана.

      Торды қазақ құсбегілері көп құрады. Тор құрылған жер таудың басы емес, ой, жазықта емес, орта балақтау жерлері болуы керек.

      Торды кей жерлерде ау деп те атайды. Ол дөңгелектеп немесе жайып құрғанға байланысты айтылған атау. Қырғыздар торға әртүрлі бүркіттің өш аңдарын байлайды.

      Ұяға кісі түсіру- ұяның қолайлы жерін таңдап алып, өте берік қайыс, қыл кендір арқандарды қабаттап, бір ұшын тасқа мықтап байлай, бір ұшы ұяға түсер кісінің белінен байлайды. Кісі айналып кетпес үшін беліне көлденең бақан, ағаш байлайды. Кейде бір қанат керегенің бас аяғына ағаш таңып, төсекше болдырып, «аспа төсек» жасап, оның үстіне адамды жатқызып төмен сырғытады. Кереге орнына ши, кигізді де пайдаланады. Үйдің ішін кішірейтіп денеге шақтап, арқанға бос таңып та алып, бүркіт келе жатқанда бетке ұстап қорғанатын да жайттар кездеседі.

      Балапанды ұшырып алу- ұяға денелі кісі бара алмайтын жағдайда, балапанды ұшырып алады. Ол үшін желсіз тымақ күн қолайлы. Балапанның шалғы, құйрығы айқасып жетіліп, ұшуға бейімделіп «кергіп» отыруы шарт. Ұя маңындағы биік жерлерге, төбелерге атты кісілер орналасады. Олар балапанның қалай ұшарын бақылап, түскен жеріне жедел жетуге міндетті. Ал ұя басындағы кісілер арқанға үрейлі сұсты нәрселерді байлап ұяға түсіреді.

      Шырға сүйретіп, немесе шақыру көрсетіп ұстау. Түзде немесе ауыл маңында жүрген аяқ баулы бүркітті ұстап алу үшін шырғаға келіп жармасады. Кейде қызыл көрсетіп «Кә-кә» деп шақырып ұстап алады. Бұл қол бүркіттері мен қолбала бүркіттерді ұстап алатын әдіс. Құсынан айрылып, бірнеше күн «түзденіп» кеткен құстарын құсбегілер шырға арқылы ұстап алады. Шырға құсбегінің қанжығасында үнемі дайын жүреді.

      Шырақ жағып ұстау. Бүркіттің белгілі бір қонақ жері болады. Түз бүркітті және айрылып қалған құстарды шырақ жағып ұстау алу әдісі де болады. Ол үшін айсыз қараңғы кездерде құс қонағына, немесе құс отырған жерег дыбыс шығармай таяп келіп, сырықтың басына шырақ жағып бүркіт көзіне таятады. Құстың көзі қарауытып отыра береді. Екінші адам құрықшамен құстың мойнына тұзақ тастап ұстап алады.

      Жем тұзақпен ұстау. Жем тұзақпен бүркіт ұстау өте көне тәсілдердің бірі. Иен далада келе жатқанда ешбір құс ұстайтын жабдық жоқ кезде бұл тәсілді қолданады. Құсты қуып ұстауға келмейтін қолайсыз жерде аң ұстап жеп отырған құсты ұстауға да қолайлы әдіс.

      Қақпанмен ұстау. Қақпанмен бүркіт ұстау кең тараған тәсіл, қақпанның қанды аузын (қышқыштарын) киіз, шүберекпен орап, серперін бастау болдырып, біреуін байлап немесе бір серперін алып тастап құрады.

      Дала тағысын қандай бір жолмен қолға түсіріп алған соң, оны жуасытып үйретіп алу ең маңызды іс. Әйтпейінше дала сермендесі аң ұстап бере алмайды. Құсты жуасытып, оны қолға үйрету үшін қажырлы еңбек, сабырлылықты талап етеді.

      Асау бүркіттің томағасын түнде алып қойған жөн. Әйтпесе биттеп таз болып кетеді. Алғашқы күндері жем жемейді. Мұндайда үстіне мініп алып, жем асатады.

      Құсты қолға үйрету- қолға түскен түз құсын ең алдымен сылап-сипай, басына тарыған томағасын кигізіп, аяқ бауын тағып, ірге бауға жалғап, тұғырға қондырады. Тұғырға қондырғанда сол жақ аяғының білегінен немесе ортан саусағынан іле ұстап демеп қондырып үйретеді. Қолға қондырғанда да осылай істеу керек. Әдетте бүркітті оң қолға қондырып, сол қолмен томағалайды. Әрбір рет бүркітке таяп, оған жанасқанда сылап, сипалауды ұмытпау жөн. Тұғырда отырған бүркітті жайлап қолға қондырып, томағасын алып, кигізіп, жем көрсетіп алдап-сулап әредік-әредік үйретеді. Қолға үйретілген кезде дыбыстап «Кә-кә», «Әйт-әйт» деп үйретеді. Қолға әбден қонып үйренген соң атқа, көлікке алып жүруге ауысады.

      Биалай. Биалай құсты алып жүруге, үйретуге арналған және де аңға шыққанда киетін құс тұяғы өтпейтін етіп істелген қолғап.

      Қыран құстарды қолға түсіріп, үйрету үшін қажетті құрал, жабдықтар қажет. Сондықтан да бұлар бір-бірін толықтырып, айқындап, өзара тығыз қатынаста болады. Қырандарды жоғарыда аталған құрал, жабдықтар арқылы қолға түсіріп, үйретудің өзі саятшылық құрудың басты жағдайын туғызады.

 

      2. Құсбегілік пен ұлттық дәстүрлер.

      2.1. Саятшылықтың тәсілдері.

      Қыран бүркітпен аң аулау- басты мақсат. Бүркітшілердің саятқа шығуы күз, қыс айларында болады. Жақсылап баптап алған құспен, қағушыларын ертіп саятшылар аң соңына түседі.Бүркітпен көптеген аңдар аулаумен қатар, көбінде түлкі аулайды. Аң аулау үшін жақсы жлдас, мықты, төзімді ат, ықшам киім қажет. Саятшылық құрған кезде бабына келген бүркіт (қырандар) ірі аңдарға да түсе береді. Аңшылық құру үшін құс иесінің қырағылығы, бапкерлігімен қағылезділігімен қатар, құсының жайын жетік білу шарт. Құсты бабына келтіру үшін көптеген шаралар жұмсалады. Оған сылап-сипаудан бастап, жемін тарылтып беру, құстың ішін тазалау, түлету, тағы басқа да көптеген тәсілдер жатады.

      Саятшылық кезінде қырандардың бабын бақылау дәстүрге айналған. Ұстараның жүзіндей, тез бұзылғыш қыран тағыларға асқан мініскерлік қажет. Халықтың құсбегілік өнерінен талмай үйренген әккі құсбегілер олжалы болады. Саятшылық құру үшін жүйрік тазы, түзу мылтық сияқты аңшылыққа қажетті жағдайларды да күні бұрын ескеріп, дайындық жасалады. Аңның олжасы дайындыққа тікелей байланысты. Басты бір мәселе құстың бабы. Бабы келген құсты ғана аңға алып шығады.

      Аңның ізін шалу үшін қар жауғаннан кейін аңға шығады. Аңшылыққа сәйкес жауған қарды, «сонар» дейді. Сонардың көп түрі бар. Қар жаумаса «қара сонар», қар жатса «қан сонар» деп аталады. Сонар кешкі, түнгі, таңғы деп бөлінеді. Сонымен қатар қалың, жұқа деп те атайды. Әсіресе таңғы сонар пайдалы. Бұл аңның ізі өшпеген сәт.

      Бүркітпен қасқыр, үкі, мәлін аулау қауіпті. Қасқыр күшті бүркітпен көп алысып, аузына түссе бүркітті мерт етеді. Алайда алаңғасар аң болғандықтан, бүркіт басын тұмшалап ноқталап ұстап айрылмайды. Иесі тез жетіп, қасқырды пышақпен есіп жіберуі керек.

      Үкі алу қасқыр алудан қиын. Бүркітпен құтылмасын білгенде, үкі шалқасынан жата қалып немесе ауада айналып, шениелімен бүркіттің жем сауын жарып жіберді. Мәлін бүркітті көре сала басын ішіне жасырып, құс мойнынан ұстаған соң басын шығарып, құстың аяғын шайнап тастайды. Сондықтан да бұл аңдар мен құстарға бүркітті сақтықпен жіберген абзал.

      Бүркіттің аң алғызудың басты бір әдісі құстың ішін тазалау. Құстың ішін қыл, қыбырдан, күшті жемдерден тазартудың көптеген әдістері бар. Қыранның ішін тазалағанда оның әліне, семіз арықтығына, көңіл-күйіне байланысты әртүрлі қолайлы амалдарды қолданады. Құсты қайырғанда аң ұстатқанда, кенет аң ұстауға мәжбүр болғанда құс ішін тазалау қажет болады. Қазақ құсбегілерінің қолындағы құсты тиісті бап, күйіне қарай ашықтыруы, құстыруы, шаятыны (ішін жүргізу) болады.

      Қыранның жасы, жынысы, көңіл-күйі, арық-семіздігіне байланысты оны тамақтандырудың көптеген түрлері бар.

      Қансоқта. Жаңа өлген малдың, немесе аңның қаны сорғалаған жылы еті. Бұл қуатты жем, қан сөлі бойында деген сөз.

      Бөртпе. Суға бір тәулік бойы бөрттіріп қойып, мойынан арылтып құнарсыздандырылған жем. Бөртпе құстың іш майын арылтып, қар етін толтырады.

      Қыран құспен саятшылық құру үшін оның бабын, күйін келтіріп, арнаулы жемін дер кезінде таңдап, сәйкестендіре берудің маңызы зор. Сондай-ақ құсты қажетке сай, арытып, семіртіп, ішін тазалап отырудың да өзіндік ерекшелігі бар. Бұлар саятшылықтың олжалы болуына тікелей қатысты.

 

      2.2 Құсбегілікке қатысты наным-сенімдер мен әдет-ғұрыптар.

      Қыран құстардың ішінде қазақ халқының ең қастерлеп, құрметтейтін қасиетті құсы – бүркіт. Бүркітті қазақтар «киелі құс» ретінде бағалайды. Бүркіттің атын тура атамай, оған «қанаттылар қаны», «көк тәңірісі», «аспан перісі», «құс төресі», «құс патшасы», «дала сермендесі» деген этникалық теңеулер қолданылады.

       Бүркіт ердің серігі. Ол ерлік, өжеттілік, қайраттылықтың символ-белгісі. Бүркітке байланысты наным-сенімдер, әдет-ғұрыптар, ырымдар оны қолға түсіріп, ұстап әкелгеннен кейін-ақ бастала бастайды.

      Құсбегі бүркіт ұстап немесе балапан әкелсе, ауыл ақсақалдарынан бастап бүркітқұмар барлық ауылдағы адам біткен жиналады. Құсты көріп тамашалап, шашу шашып, көрімдік беріп, құсты сынап әңгімелеседі. Ауқаттылар жағы ақ сарбас атап та жатады. Қарт құсбегілер өздерінің ескі құс жабдықтарын көрімдік ретінде сыйға тартады.

      Ауыл адамдары бүркіт отырған маңайдың қасиеті бар деп есептейді. Кәріқұлақ көне көз құсбегілердің айтуына қарағанда, бүркіт отырған үйде жын-шайтан болмайды, пәле жуымайды, бүркіт бір сілкінгенде бар пәле кетеді. Байырғы сенім бойынша құстың алдынан жүруге болмайды.

      Бүркітті сөз сұқтан, басқаның тілі тиюден сақтау үшін бүркітке үкі тағады.

      Қазақтардың саятшылыққа байланысты дәстүрлі наным-сенімдер, ырымдар жүйесі әсіресе бүркіттің дене мүшелерінің атауларынан, қыранға қатысты паремологиялық тіркестерден (мақалдар, мәтелдер, теңеулер, фразеологизмдер) т.б. көрініс тапқан.

      Бүркіттің дене мүшелерінің де қазақтың наным-сенім жүйесіндегі өзіндік орны, атаулары бар. Бүркіттің басын, қанатын, тұяғын, аяғын үйге іліп қояды. Ал жас баланың бесігіне бүркіттің басы мен тұяғын қыстырып қою дәстүрі баланы құс мүшелері «жын-шайтан пәледен қағып тұрады» деген нанымнан туса керек.

      Бүркіт қанатымен үй, кілем, сырмақ, басқа да дүниелерді сыпырмайды. Сондай-ақ қазақтарда бөгде біреу бүркітімен ауылға келсе, құсының иығына үкі тағатын немесе ақ шүберекпен түйіншек беретін.

      Бүркіттің жүнін баспайды. Сонымен бірге оны жастыққа салып жастаса бас ауырмайды, басты пәледен сақтайды, адам шошып оянбайды деген түснік халықтың санасынан берік орын алған.

      Құсбегілік құсы алғаш рет бау ашып аң ұстаса, ауыл адамдары қарсы алып, шашу шашады. Егер біреудің бүркіті ұнап, оны тамырлық, туыстық, замандастық жолмен «қалап», «сұрап», алса, үстіне «тұғырына жапқаным» деп дүние-мүлік береді. Бүркітті қазақ жеті қазынаның біріне жатқызады. Ал қазақ балаларына, жерге көп қойылатын бүркітке байланысты аттар осы құсқа қатысты байырғы наным-сенімнің тікелей әсері деп бағалауға болады.

Сайып келгенде сан ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының құсбегілікке байланысты наным-сенімдер, әдет-ғұрып, ырымдар жүйесі саятшылықтың басты ережесі іспетті дәстүрге сай ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ұштасып жататын салтқа айналған. Құсбегілік өнерінің барлық ауқымы, жоғарыда айтылған дәстүрлер шеңберінде үйлесіп жатады.

 

 

Қорытынды

      Ерте заманнан-ақ ата бабаларымыздың күнделікті бір арнасы-аңшылық болды. Тек қазақ халқы ғана емес, күллі көшпенділер аңшылық құруды тіршілік етудің басты бір қайнар көзіне айналдырған.

      Аңшылық көшпелі өмір салтының құрамдас бөлігі, әрі шаруашылықтың өзіндік ерекшелігі бар саласы деп саралауға болады. Ең алдымен, аңшылық саятшылық көшпелілер үшін күн көріс тіршіліктің өзекті бір саласы болып келген, сондай-ақ ол әскери жаттығудың шынығып-шындалудың тамаша үлгісі болған.

      Ата-бабаларымыздың ежелгі аңшылық, саятшылық дәстүрін неге жаңғыртпасқа. Қақпан, тұзақ құрып, ау салу, ит қосып аң аулау ешкімнің де тақиясына тарлық жасамайды. Аңшылықтың нағыз қарапайым халыққа етене жақын түріде осылар ғой. Ал құсбегілік дегеніңіз- бір жатқан табиғаттың таным-тынысы, сұлулық көрінісі адам мен қыран құс арасындағы органикалық байланыстың, ақыл-ойдың, қабілеттің құдіреті тәрізді.

      Әрине, мұндай халықтық жолдармен аңшылық құру қазірде барғой. Бірақ оған жаппай көшу әлі жоқ. Демек солардың кеңінен және тезірек өркен жаюына мүмкіндік жасау керек. Бұқаралық хабар тарату құралдары белсенділікпен бұған көмектесіп, насихаттаса соның нәтижесінде ғана табиғатқа залалдық келтірмей, аңшылық құмарлығын басуға болады.

      Қазақ жерінің тамаша байлығы мен сұлулығын, берекелі тіршілігін сақтау, қорғау жөнінде ит жүгіртіп, құс салу қазақтың ежелден келе жатқан ата дәстүрі, кәсібі, ұлттық машығы. Жүйрік ат, құмай тазы, алғыр қыран ертеде қазақтың мақтанышы болған. Сәйгүлік ат, жүйрік тазы, қиып түсер алғыр қыран ұстап, оларды баптау, ит-құсқа салып, аңшылық құру қаймағы бұзылмаған ерке табиғат саясында сайран салудың, көңіл көкжиегін көтерудің, ептілікке, батылдыққа үйретудің, өнердің жетілдірудің жолы.

      Олай болса, аңшылық өнері, оның ішінде құсбегілік, мергендік өнері кез келген жанның қолынан келетін, немесе көңіл көтеріп, табиғат аясында серуен құрып, қайталанбас сұлулық көріністерін санасында салмақтайтын ғана өнер емес, ол сонымен қатар жеріміздің асты-үсті көл-көсір байлығын да қорғап, сақтап қалуға жөн сілтейтін өте тиімді әрі қолайлы өнер саласы деп қабылдауымыз қажет. Өйткені жанашыр аңшы, оны сүйетін шын аңшы кез келген адам бола алмайды. Бұл қасиет те адамның жеке басының ерекшелігіне байланысты. Бірақ табиғат-анаға алалық жасамау керек, қадірлі ағайын!

      Әлкей Марғұланның зерттеуінше, бүркітке қатысты қазақ тілінде бір жарым мыңдай ұғым бар. Қазақ құсбегілері қыранды жасына қарай ажыратып, қантүбіт, тіркек, тастүлек сынды он екі атау берген. Киелі деп бармағын бала бесігіне іліп қойған. Сақ қорғандарынан адам сүйегімен бірге жерленген бүркіт табылғаны да мәлім. Қала берді, байрағымыздағы қыран текке бейнеленбеген. Саятшылық қазақтың қанында, табиғатында екеніне зәредей шүбә етпейміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША

Саятшылыққа қолданылатын құстар тобы

Құстың атауы

Анықтама

Бүркіттер тобы:

Байқасқа, ақиық, қараша, көнтабан шөгел

 

 

 

 

 

Қаршыға тобы:

Тұйғын, қаршыға, шәулі, қырғи.

 

Ителгі тобы:

Сұңқар, ителгі, пәрім, күйкентай.

 

 

 

Лашын тобы:

Бидайық, лашын, жағалтай, тұрымтай.

Бүкіттердің осылайша аталуы олардың түр ерекшелігіне, табиғи қабілетіне негізделген. Мәселен, байқасқа аталуы оның тұмсығының үстінде қасқасы болатындығынан көрінеді. Бүркіттердің екінші түрі- ақиық. Құсбегілер оны «Алатаудың ақ иығы» деп те ардақтайды. Бұлай аталуы бекер емес: оның екі иығы ақ бас Алатаудың кейпін еске салады. Екі иығы да ақ қауырсынды. Үшінші түрдегі бүркіттерді- қараша дейді. Ол қараша, яғни қоңырлау болады. Төртіншісі- көнтабан шөгел, бұлай аталуы табанының ерекшелігіне байланысты.

 

Бұлардың сыр-сипаты өздеріне тән есімінен-ақ аңғарылады. Мәселен қырғи қырып түсетін, ал тұйғын тұтқиылдан шабуылға шығатын құс дегенді білдіреді. Бұлардың жемтігіне шабуына қарай аталуы түр өзгешеліктерінде пәлендей ерекшелік жоқ дегенді аңғартады.

 

 

Қыран құстардың үшінші тобының басын құрайды. Бұл жерде «сұңқар» деген сөздің өзі қаншама әсерлі десеңізші. Ол алғыр да әдемілігімен атақты. Оның әдемілігі меңсіз көк құйрықтылығында және ұшуы мен қонақтап отырған кезіндегі сымбаттылығында. Италгі тұқымдастардың басқалары қоңыр, ақсары теңбілді болып келеді. Дегенмен тұмсықтарында, қанаттарында, сүйек бітімінде өзгешеліктері болады.

 

Бидайықтың қанат ұшы кәдімгі бидайық түстес, ал лашын болса- «алшаңдап» та, жайтаңдап та ұшатын әдемі құс. Қанатында қызғылт қауырсындары болады. Жағалтайдың алқымы жағал, тұрымтай дегеніңіз- қыран құстардың ішіндегі ең кішкентайы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.     Айманов Ш., Сапарғали Б. Қыран туралы хикая. – Алматы: қайнар, 1967.

2.     Асфандиярқызы М. Қыран құстар сипаты. // Ұлан- 2002.

3.     Аялы алақан / С.Әбдікәрімов.- Алматы: Қайнар, 1987.

4.     Әлішеров Т. Ит жүгіртіп, құс салған.- Алматы: Қайнар 1994.

5.     Әлкей М. Саят құстары / М.Әлкей // Егемен Қазақстан.- 2006.

6.     Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері: өткендегісі және бүгіні: мақалалар жинағы.- Алматы: Ғылым, 2001.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дерек берген адамдар:

1.     Төкен Тұрабаев, Зайсан ауданы, Шілікті ауылы.

2.     Мағи Қалиев, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы.

3.     Самат Сейтхазин, Зайсан ауданы, Шілікті ауылы.

4.     Амангелді Рахимов, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ғылыми жоба. Қазақтың құсбегілік кәсібі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 304 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.10.2016 4455
    • DOCX 194.9 кбайт
    • 42 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сулейменова Айжан Дуйсенбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 43759
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие ИКТ-компетенции обучающихся в процессе организации проектной деятельности при изучении курсов истории

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 87 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 539 человек

Мини-курс

Психология личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 23 регионов

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов