Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Ғылыми жоба биологиялық қару

Ғылыми жоба биологиялық қару

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Биологиялық қару


Жаппай қарудың бірнеше түрлері бар: ол биологиялық, атомдық, химиялық.

Соның ішінде мен биологиялық қару түріне тоқталғым келеді. Бұл

тақырыпты алған себебім біріншіден биология пәнін сүйіп оқыйтындығым.

Екіншіден осы тақырып мені бұрыннан ойландыратын еді.Себебі мен адамның қолынан не келетінің білгім келеді және қалай оны адам өзінің пайдасына асыра алады. Бірақ адамдар кері әсерін беретін әр түрлі қарулар ойлап тауып жүр, сол жәйт мені аландатады. Осы тақырыпты таңдай отырып мен өз сұрақтарыма жауап тапқым келеді.

Биологиялық қару-соғыс құралда рының ішіндегі адаммен қоршаған ортаға ең зиянды түрі. Биологиялық қаруды қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді биологиялық соғыс деп атайды. Биологиялық қарубиологиялық заттармен жарақатталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, малдарды, ауыл шаруашылығы дақылдарын себуді зақымдауға, кей жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау материалдарын бүлдіру үшін қолданылады. Ол адамдарды, жануарларды ауыр дертке шалдықтыратын жаппай зақымдағыш құрал болып табылады. Әскери жағынан қарастыратын болсақ, ол ең тиімді әдіс болып келеді. Себебі, індет тудырғыш дозасының аздығы және оны үлкен аумаққа пайдалануы,мөлшерінің айқындалуы, оны жою үшін жұмысының ауқымдылығы және күрделілігі, жасырын түрде және белгілі бір түрге қолданылуы. Психология жағынан қарайтын болсақ тірі ағзаларға күшті әсер етеді. Оны индикациялау және тоқтату өте қиын.

Егерде адам (жануарлар) ағзасына аз көлемде түссе де, ауру тудырушы микробтар мен олардың улы өнімдері өте ауыр жұқпалы аурулар таратады; оны дер кезінде емдемесе, өлім қаупін тудырады немесез ақымдаушыны ұзақ уақыт ұрысқа жарамсыз етеді.

Биологиялық құрал ретінде биологиялық агенттер (адамдар, өсімдіктер немесе жануарлар) алынады.

Биологиялық қарудың зақымдаушы әрекеті бірден көрінбейді, ол ағзаға түскен микробтар мен токсиндердің түрі мен санына, ағзаның күйіне байланысты. Инкубациялық кезең 2—5 күнге созылады. 1 күн не одан аз уақытқа созылуы өте сирек кездеседі. Осы кезең бойында жеке құрам ұрысқа қабілеттілігін сақтайды, тіпті кей жағдайда залалданғанын байқамай да қалады. Залалдану нәтижесінде туған аурулардың екі түрі бар. Ол контагиозды (оба, шешек және т.б.) деп аталады, ол кейін залалданған адамдардан айналасындағы сау адамдарға ауа, қан сорғыш насекомдар арқылы және басқа жолдармен берілуі мүмкін. Және де контагиозды емес деп аталатын аурулар (күйдіргі, туляремия және т.б.) сау адамдарға жұқпайды.

Патогендік микроорганизмдер - жұқпалы ауруларды қоздырушы, көлемі өте кішкентай, түсі, дәмі, иісі жоқ, сондықтан адамның сезу мүшесі аркылы анықталмайды. Көлемі, құрылысы және биологиялық қасиеттеріне байланысты олар вирустар, бактерия, риккетсия мен саңыраукұлактар класына бөлінеді.

Бактериялар — формалары мен мөлшерлері әр түрлі дара шаршылы микроорганизмдер. Олардың мөлшері 0,5-тен 8-10 мкм-ға дейін болуы мүмкін. Әр 28-30 мин сайын клетка көбейіп жатады. Жоғары температура 60 градус, төменгі температура -25 градус төзімді болып келеді. Кейбір бактерия түрлері колайсыз жағдайларда тірі қалу үшін қорғаныш капсуламен жабылуға немесе сырткы орта әсеріне жоғары тұрақтылығы бар ұрыққа айналуға қабілетті.

Патогендік бактериялар адамдардың (жануарлар) көптеген ауыр жұқпалы ауруларының себебі болып табылады, оның ішінде оба, түйнеме, маңқа және легионеллез және басқалар. Кейбір бактериялар, сыртқы ортада өз дамуына қолайлы жағдайда болса, адамдар (жануарлар) организміне қарсы аса жоғары улылыққа ие болатын және ауыр, жиі өлімге әкеп соқтыратын, зақымдарды шақыратын белсенді тіршілік әрекеті өнімдерін жасайды. Бұл улағыш өнімдердің өміршеңдігі микробты токсиндер атауына ие болды. Шетел мамандардың назары ботулиникалық токсин мен стафилококк энтертоксинге аударылады.

Бактерия түрдегі микроорганизмдердің өзгеше тобы риккетсиялар болып табылады. Бұл көлемі үлкен емес 0,4-тен 1 мкм-ға дейінгі таяқшы клеткалар, олар тек тірі клеткаларының типінде ғана көлденең бинарлы бөліктермен тұқым көбейтеді. Олар ұрық жасамайды, бірақ кебуге, мұздауға, жоғары температура (+56 дейін) әсеріне төзімді. Риккетсиялар адамның мынандай ауруларының: бөртпе сүзек, құзды таулар теңбіл безгегі, қу безгек және басқа ауруларының себебі болып табылады.

Саңырауқұлақтар - дара немесе көп клеткалы өсімдіктен пайда болатын микроорганизмдер, олар бактериядан мейлінше күрделі құрылысы және тұқымын көбейту тәсілімен ерекшеленеді. Саңырауқұлақтардың ұрығы кебуге, күн сәулесі мен дезинфекциялау заттар әсеріне өте тұрақты. Патогендік саңырауқұлақтардан жұққан аурулар адамдар ішкі органдарының зақымдалуымен сипатталады және ауыр ия болмаса ұзақ болып келеді. Олардың ішінде мынадай ауыр жұқпалы аурулар бар: кокцидиондомикоз, гистоплазмоз және басқа терең микоздар.

Вирустар - биологиялық агенттердің ең үлкен тобы, биосинтетикалық аппаратты қолданып, олардың тұқым беруге және дамуға қабілетті клеткалы құрылымы жоқ. Клеткадан тыс формадағы вирустардың көлемі 0,02-ден 0,4 мкм-ға дейін болуы мүмкін. Олардың көбі сыртқы ортадағы түрлі факторларға: құрғаққа, күн сәулесіне (әсіресе ультракүлгін сәулелерге), сондай-ақ +60°С астам температура мен дезинфекциялау құралдарының (формалин, хлорамин және басқалар) әсеріне тұрақсыз. Патогендік вирустар көптеген ауыр және қауіпті аурулардың себебі болып табылады, атап айтқанда: натуралды шешек, тропикалық геморройлы безгек, аусыл және басқалар.

Биологиялық қару өте ерте кезден бастап соғыста қолданып келген.

Тарихи анықтамаға сүйенетін болсақ, патогенді микробтарды зақымдау құралы ретінде қолдану идеясы өте ертеде пайда болған. Ол жаппай жұқпалы аурулар (індеттер) адамға, тірі ағзаларға, өлшеусіз шығын әкелуі нәтижесінде туындаған.

Әсіресе әр түрлі стихиялық апаттар мен соғыс салдары нәтижесінде.

Кейбір шайқастар мен науқанды жағдайда індеттің шешкен жағдайлары аз болмаған. Мысалы:1741 жылы Мексика мен Перудегі шайқаста 27 мың ағылшын солдаттарының ішінен 20 мыңы сары безгек ауруынан қаза болып, 7 мыңы қалды.

1802 ж. көтерілісті басу үшін Гаити аралына Наполеон жіберген генерал Деклерктің 30 мыңдай армиясы түгелге жуық қырылып қалды.

Өткен соғыстар тарихында осыған ұқсас мысалдар көп. XIX ғасырдың аяғына дейін соғыс барысындағы шығындардан індет салдарынан болған шығындар көп болды.

Еуропадағы 1733 жылдан 1865 жылға аралығында соғыстарда 8 млн-дай адам өлді. Оның ішінде соғыс шайқасында 1,5 млн. адам қаза тауып, 6,5 млн. адам жұқпалы аурулардан өлген . Ал Вьетнамдағы соғыс кезінде американдық әскерлердің жұқпалы аурулардан өлгені мен жараланғандарды 3 есе көп болды.

І дүниежүзілік соғыста Германия елі жылқыға маңқа (сап) жұқтыратын биологиялық қару қолданылған. Бірақ 1925 ж. 17 маусымда Женева хаттамасында "Соғыста тұншықтырғыш, улағыш және сол сияқты басқа газдар мен бактерологиялық заттарды қолдауға тыйым салынсын" деп биологиялық қаруды соғыста пайдалануға тыйым салынып, қол қойылды. Оған қарамастан, ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде Германия елі мен Жапония елі оны қолдануға дайындықтар жасағанын сот процесі арқылы анықтаған. Олар Нюрнберг (1946) және Хабаровск (1949) қалаларында дайындаған.

Екінші дүниежүзілік соғыстың басында жапондықтар биологиялық қаруды жасау мен қолдануға қатысты қарқынды жұмыстар жүргізеді. Олар Маньчжурия аумағында Квантун армиясын 731 отрядын құрып,онда зерттеу мен өндірістік бөлімдермен бірге лабораториялық жануарларға ғана емес, тірі адамдарға соның ішінде түтқынға түскен Қытай, АҚШ, КСРО және басқа елдер адамзаттарына да биологиялық заттарды сынауға арналған тәжірибе полигоны болды. Онда 3000-ға жуық адам өлген. Жапон армиясы 1940-1944 жылдар арасында қытай әскері мен бейбіт тұрғындарға қарсы биологиялық заттардың әр түрлі түрін 11 рет қолданып,

нәтижесінде Қытай қалалары мен аудандарында індет тарап, мыңдаған адам госпитальға түсіп, 700-ге жуық адам бір ғана оба қоздырғышын қолданудан құрбан болды.

1941 жылдан бастап АҚШ-та биологиялық қаруды әскери мақсатта қолдану мен жасауға қатысты зерттеу жұмыстарына кірісті. Бұл жұмыстар Мэриленд штатында бас әскери ғылыми-зерттеу орталығын, Арканзас штатында биологиялық заттарды өндіру зауыты мен арсеналын, Юта штатында сынақ полигонын және басқа объектілерді салғаннан кейін айрықша дамыды. Онда жүргізілген жұмыстардың бәрі ерекше кұпиялық жағдайында жасырын жүргізіледі. Бірақ биологиялық қару заттары мен оны қолдану тәсілдерін жетілдіруге арналған ең ірі көлемдегі зерттеу жұмыстарын 50-60 жылдары АҚШ пен оның одақтастары жүргізді, олардың қаруды агрессиялық мақсатта қолдануы адамзатқа орны толмас шығын әкелу қаупін тудырды.

Бүкіл әлемдегі бейбіт сүйгіш халықтың ең үлкен жеңісі 1972 жылы қабылданған биологиялық және токсинді қарулар қорын жасауға, өндіруге және жинауға тыйым салу және оларды жою жөніндегі Конвенциясы болды. Бірақ ЖЖҚ-ның барлық түріне жаппай және толық тыйым салуға ұмтылған іргелі күштер агрессиялық кауіпті қарсылығына соқтығысып қалды. Олар әр түрлі сылтаулар айтып, өздерінің көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарында өздерінде бар биологиялық заттар түрін жетілдіру, сондай-ақ оның жаңа түрлерін, оны қолдану тәсілдері мен құралдарын жасап, сынау жұмыстарын жалғастыру керектігін айтты.

Одан кейін БҰҰ биологиялық қаруға тыйым салу жөнінде 1972 ж. Конвенция қабылдап, ол 1975 жылдан күшіне енді.

Қазақстан Республикамызды қарайтын болсақ Кеңес үкіметі жылдарында Ақмола облысы Степногорск қаласысында биологиялық қару шығаратын “Биокомбинат” жұмыс істеді. Ал Арал теңізіндегі Возрождение деген аралында биологиялық қарулардың сынақ алаңы (полигоны) орналастырылды. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін 1992 ж. комбинат пен полигон өз жұмысын тоқтатты. Бұрынғы “Биокомбинат” медициналық дәрі-дәрмектер шығаратын орталық болып қайта құрылды. Ол биотехнологиялық ұлттық орталық болып аталды.

Ауыл шаруашылық малдарының жаппай ауруын –эпизоотия, ауыл шаруашылық өсімдіктерін-эпифитотия деп атайды. Ауыл шаруашылығында да жаппай ауруынан малдар мен өсімдіктердің қырылуы болды.

Мысалы, 1950-1951 жылдары Оңтүстік Африкадағы эпизоотиядан 100 мыңнан астам бас қой мен ірі мүйізді қара малдар қырылып, адамдар арасында ірі көлемді індет тараған. Ал әр түрлі дәнді-дақылдар мен картоптың аурулары мен таттың, түбірдің шіруі эпифитотиясынан АҚШ-тың өзінде ғана жылына 20 млн. адамды асырауға жететін астық өнімі шығындады.

Көбінде биологиялық құралдар оларды сақтау және ұрыста қолдану кезінде сыртқы орта факторлары әсеріне жеткілікті тұрактылыққа ие бола алмайды. Сондықтан оларды таза түрде емес, арнайы дайындалған биологиялық рецептура құрамында пайдалану қажет.

Биологиялық рецептура дегеніміз — биологиялық агент пен түрлі препараттар қоспасы. Бұл қоспа биологиялық агентті сақтау және үрыста қолдану процесінде оның өмірлік және зақымдау қабілетін сақтау үшін мейлінше қолайлы жағдаймен қамтамасыз етілген.

Биологиялық рецептураларда бір немесе бірнеше түрлері болуы мүмкін және олар сұйық немесе құрғақ (ұнтақ тәрізді) болады, олар полигон жағдайында өз еркімен келіскен адамдар арқылы жан-жақты тексерістен өтті.

Соңғы жылдары биологиялық қару тобына адамдарды зақымдау үшін тағы да жан-жақты зерделенген тропикалық вирусты геморройды безгектерді қоздырушылар енгізіліп, ал кейбір ауру қоздырушылары жойылды.

Егер 20 жыл бұрын биологиялық қару тобын бактерия мен саңырауқұлаққа қатысты аурулар қоздырушылары құрастырса, қазір көбінесе вирустар құрастырады. Соңғы онжылдықта биотехнология саласындағы генді инженерияның дамуына микроорганизмдер қасиеттерін модификациялар бойынша зерттеу жұмыстарына кең жол ашылды. Генетикалық ақпаратты қолдана отырып, микроорганизмдердің штамптарын ашуға нақты мүмкіндік пайда болды, олардың өзгерген генге қарсы кұрылым мен ерекше қасиеттері бар: артқан вирулентік, сыртқы факторлар мен дәрі препараттары әсеріне тұрақтылық. Сонымен қатар, шетте даярланган микроинкапсолді биоагенттер әдістері биологиялық аэрозольдың мейлінше ұзақ бөлшектерінің аэробиологиялық тұрактылығын арттыруға және олардың дем алу органдарына терең еніп кетуіне мүмкіндік тұрғызады, ал одан зақымдаудың дәрежесі өседі.

Қортындылайтын болсақ, бұл тақырып өте қызықты. Биологиялық қару соғыс құралының ең қауіпті түрі. Оның адам өміріне зияны мол, тек қана адамға емес, бүкіл тіршілікке, тірі ағзаға. Биологиялық қаруды тоқтату өте қиын. Биологиялық қаруды жою керек немесе өзгертіп жақсы іске қолдану керек.

Жалпы біз өз дүниемізді сақтап қалу керекпіз, оны қорғаудың орнына біздер оны ластап жатырмыз. Әлде де ойлануға кеш емес.



Автор
Дата добавления 05.12.2015
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров380
Номер материала ДВ-229922
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх