Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Ғылыми жоба " Домбыра - Дастан " 11 " Б " сынып оқушысы Хасенов Андрей

Ғылыми жоба " Домбыра - Дастан " 11 " Б " сынып оқушысы Хасенов Андрей


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Мазмұны



І. Кіріспе.-------------------------------------------------------------------1 бет

ІІ. Негізгі бөлім.

Алғы сөз--------------------------------------------------------------------2 бет

  1. 1.1.Домбыраның шығу тарихы ------------------------------------3 бет

  2. 1.2Домбыраның түрлері--------------------------------------------3-4 бет.

  3. 1.3.Домбыраны дайындау технологиясы.-----------------------4-5 бет

ІІІ. Қорытынды.-----------------------------------------------------------6 бет

ІV. Әдебиеттер. -----------------------------------------------------------7 бет



























Кіріспе

Мәселе


Қай халықтың өнеріне, мәдениетіне байыпты сөз салсақ сол халықтың әдемілік талғамымен танымына, эстетикалық көз қарасына орай белгілі бір өнер түрінің дамып отырғанына көз жеткіземіз. Осы тұрғыдан алғанда соның бірі домбыра жасау өнері. Бұл өнер қазақ халқының өмір тіршілігінен айрықша орын алып, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, дамып келе жатыр. Сонау ХІХ ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған саз аспап екі ішекті домбыра болатын. Содан бері халқымыздың асыл мұрасын, қайғысы мен қуанышын, зарын біздің дәуірімізге жеткізіп отыр. Бұлақтың сылдыры, аққудың қиқуы, аттың жүрісі, құланның шабысы, нардың боздауы, т.б. домбыра үні көз алдына елестетті. Мысалы, аты аңызға айналған «Ақсақ құлан» күйін алсақ, баласын жоқтап отырған Жошы хан , аңызға айналған Раздықтың күйі «Аңшының зары» атты өнер туындысы, әлемге аты әйгілі «Қыз Жібек» кинофильміндегі Н.Тілендиевтің «Аққу» күйі.Ұсынылып отырған жоба «Домбыра –дастан» осы туындылардың айғағы.

Мақсаты:

Домбыра жасау өнеріне деген қызығушылықты ояту, батылдыққа, өзіне деген сенімділікке, жұмысты өз бетінше орындауға, ептілік деңгейін көтеруге баулу. Ұлттық өнер туралы шығармашылық қиялды дамыту.

Міндеттері:

-Домбыра аспабына қатысты кітаптар, зерттеулермен танысу.

-Өздігіен үйреніп жұмыс істеу шеберлігін арттыру.

-Әсемділік пен сұлулықты көріп бағалай білуге үйрету.

Нысаны: домбыра

Пәні: мәдениеттану

Болжам: егер біз домбыра жайлы көп оқып білсек, онда бұл бұйымның көптеген сырларын ашар едік.

Нәтижесі: іздену нәтижесінде ұлттық аспап - домбыраның қыр- сырын ашып дәлелдегім келеді. 1

Домбыра жүрегіммен үндес едің,

Өзіңмен сырласымдай тілдесемін.

Бабамнан қалған мұра сен болмасаң

Өнердің не екенің білмес едім.


Мұқағали Мақатаев


Алғы сөз

Қазақ халқының кейбір ән- күйлері кейінгі ұрпаққа осы домбыра арқылы жеткен. Қазір оркестрге лайықтанып жасалған домбыраның прима, тенор, бас сияқты түрлері бар. Осы секілді 19 пернелі жетілдірілген жаңа домбырамен нотаға жазылған кез келген музыкалық шығарманы орындауға болады.

    1. Домбыраның шығу тарихы.

Домбыра – асқақтата ән салып, күмбірлете күй төккен өнерпаз халқымыздың асылынан артық қастерлеп үкі таққан, жалғызындай айлап қақ төріне ілген, ең қымбат, ең сүйікті музыкалық аспаптарының бірі. Қазақ халқының төл аспабы – домбыра көп уақыттан бері өзінің негізгі құрылысын, түрін сақтап келеді. Шеберлер оның түрінен көрі дыбыс ауқымын, мелодиялық мүмкіндігін арттырған. Бұл жүзжылдыққа әншілік, күйшілік өнердің дамуы домбыраның жетілуіне ықпал етті. Домбыраның әуезін күшейту қажеттілігі шегінің санын көбейтуге, шанағының жаңғырғыштығын молайту арқылы жетеді. Ең сапалы домбыра үлгісі сақталып, сол үлгі бойынша домбыра жасау дәстүрге айналды. Домбыра қалай, қайдан пайда болды? Деген сұраққа қазақ аспаптанушылары:

«Ұрмалы аспаптар негізінде пайда болды» , депжауап беріп келеді. Біздің көз алдымызға домбыраның мынадай даму кезеңдері келеді:

1. Ұрмалы аспап. 2. Көне ішекті аспап. 3. Шертер. 4. Домбыра.

    1. Домбыраның түрлерін талдау.

Домбыраның басқа да түрлері бар. Әр түрлі домбыра үлгілері бар жердің ерекшелігіне қарай:

2

Батыс Қазақстан домбырасы- шанағы қақ жарылған алмұртқа ұқсас, көлемді. Перне саны 12-14-16-ға дейін болады. Күй тартуға арналған.

Орталық шығыс Қазақстан домбырасы- шанағы күрек іспетті, перне саны 7-8-11-ден аспайды. Бұл домбыраның үні перне санына, шығанағының көлеміне, мойынының ұзындығына қарай өзгеше әсер туғызады.

Оңтүстік Қазақстан домбырасы – тік бұрышты, мойыны қысқа, пернесі жеті, тоғыз болып келеді. Шерпе күй, ән , айтысқа қолданған. Пернелері кейде жылжымалы, кейде тұрақты болады.

Іші шекті домбыра – күйші композиторлар мен домбырашылардың ізденісінен туған. Бұл домбыраны жасаушы шеберлер ішекті кейде мойын мен шанақтың ішінен. Арнайы жасалған өкше түйме арқылы қақпақ пен мойыннан жүргізіп құлаққа тағады. Мұндайда құлақ екеу болады. Бұрағанда ішкі және сыртқы ішектер бірдей күйге келеді.

Үш ішекті домбыра - екі шекті домбырадан айырмашылығы шегінің санында. Домбырашылар әр шекті теріп тартып әр қайсысын жеке- жеке шертіп ойнаған.

Шіңкілдек домбыра- дыбысы құлаққа жағымды, балаларға арналған домбыра. Ұстауға жеңіл, ойнауға ықшамды, дауысы сүйкімді шағын домбыра.

Домбыраның формасы екі түрлі болып келеді. Біреуі- Абай, екіншісі- Жамбылдың домбырасы деп аталады. Домбыраның негізгі материалы – ағаш. Домбыра жасау үшін алдымен ағаштың қасиеттерін, сипаттамасын білулері керек. Музыка аспаптарын жасауда қолданылатын негізгі материал ағаш болып табылады. Ағаштың да табиғатта кездесетін басқа шикізаттар секілді физикалық, механикалық қасиеттері бар. Алғашқы негізгі физикалық қасиеттеріне мыналар жатады: түр- түсі, ылғалдылығы, қаттылығы, жылтырлығы, ағаштың кесіндісіндегі табиғи суреті, жұмсақтығы. Түр- түсі – ағаштың ең жақсы физикалық қасиеттерінің бірі. Осы қасиетін шеберлер музыка аспаптарын жасағанда ескеріп пайдаланған. Ағаштың түрі оның климаттық және қандай жерде өскеніне, жасына байланысты өзгеріп отырады. Жас ағаш әрқашанда ақшыл болады.

3

Әр ағаштың өзінің жеке –дара түр- түсі, өзіне тін иісі болып, табиғатта ақшыл түрден бастап қызыл, қара түрлерге дейін кездеседі. Әр оюдың өзіне тән оюлау әдісі және түрі бар.

Домбыраның негізгі материалы табиғи ағаш болғандықтан экологиялық таза бұйым. Ол сувенир ретінде жасалғандықтан көлемі 15-20 см болуы мүмкін, сондықтан ол экономикалық тиімді. Сыйлық ретінде ұсынуға болады. Эстетикалық жағынан сыртында ұсақ өрнек жасап әшекейленген, ұлттық нақышты білдіреді. Оны сувенир бұйым ретінде жинап қоюға, сөмкеге салып алуға да болады, тасымалдауға да жақсы.

    1. Домбыраны дайындау технологиясы.

Домбыра дайындаудың негізгі технологиялық кезеңдері:

  1. Шикізат пен материалды әкелу, жинау, жұмыс орнын дайындау.

  2. Жеке бөліктерін өңдеу, жұмсақ ағашты тезге салып ию.

  3. Шынақшаларын өндеу, бекіту, бөлшектерін өңдеу.

  4. Мойынға басын отырғызу.

  5. Қақпақ жасау, мойынбет жапсыру, жылтыр жағу.

  6. Сапасын бақылау.

Ағаш домбыраны көркемдеп өңдеу технологиялық процессі жұмыр ағаштан дайындаудан бастайды. Жасалатын заттың суретін, эскизін, кескінін дайындау. Бұйымдар мен заттар жасауға арналған тақтай дайындау. Домбыраның бетіне сурет пен эскиздегі бейнені көшіру.Жұмысқа арналға саурет көшірілген тақтайды үстелге бекіту. Ағаш бетіндегі суретті ойып кесу процессін жүргізу. Дайын болған жұмысты өңдеу, лактау.

Пышақпен жұмыс істеу барысында үстелдіңм үстіне тақтай бекітіліп болға соң, етікшілер пайдаланатын үшкір пышақтың ұшымен сурет сызығының бірінші сыртқы, одан кейін ішкі 65-750 шамасында бұрыштай кесіп, пайда болған жоңқаны алып тастаймыз. Қолданылатын құрал –саймандар 1 суретте көрсетілген. Дұрыстап қашап кесуді үйрену үшін пышақтың сабын оң қолыңмен қысып ұстайсың. Пышақтың өткір жүзін өзіне қаратып сол бетімен ақырын жайлап суреттің бойын жағалап жүргізе 4

кесіп отырасың, бұл жағдайда пышақты сәл оңға қисайта ұстаған дұрыс, екінші жағдайда солға қарай қисайтып, екі тіліктің ортасынан өрнек пайда болады. Ағаштың бетінде тілікше жасап, оюды үйренгенде жұмсақ, жеңіл,

ағаштарды алған жөн. Қандай ағаштар жұмсақ болатынын айтып кеттік.

Жұмыс істеу үшін, айтылған заңдылықтарды сақтай отырып, абайлап, асықпай өзіміз ойлаған бұйымның суретін салып, мөлшерін, қандай шикізаттан, қандай пәнде жасалғанын анықтап аламыз. Сол бұйымды жасайтын тақтайды мұқият тексеріп дайындаймыз. Тақтайдың әбден кепкені таңдап алып, сурет ойылатын бетін сүргілеп, тазартамыз да оған эскизді жапсырып көшірме қара қағаз арқылы суретті тақтайдың бетіне көшіреміз. Суретті көшіріп болғаннан кейін тақтайды үстелддің бетіне арнаулы үйлесіммен шегелеп бекітіп, оюға кірісеміз.

ІІІ. Қорытынды кезең.

    1. Түзету, бақылау және сынау.

Домбыраның негізгі корпусын соңғы бақылаудан өткізу, ойнап, дауысынтексеру қажет.














5


Қорытынды


Өткен тарихымызды білмей бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты болжай білу өте қиын. Ата- бабамыздың жинақтаған рухани байлығының қоры ұшаң- теңіз. Ата- баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылығын жойған емес. Бұлардың барлығы баршаға бірдей қазына. Сол мәдени асыл мұраларды зерттеп білу, танып білу, бағалай білу біздердің, кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматтық, ұлттық парызы. Қасиетті қазақ даласында талай ұста, зергер, құсбегі, сал- сері, тігінші, өрімші, балгер- бақсы өтті. Өкше басар ұрпаққа әлеуметтік мұра болып қалған Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи, Тараздағы Айша бибі, Қарахан, Ұлытаудағы Алашахан,Аягөз бойындағы Қозы Көрпеш- Баян сұлу зираттары жда ертедегі қазақтардың сәулет өнерінің асқан шебері бола білгенін дәлелдейтін тарихи айғақ.

Ағаш өңдеуде қазақ халқы алдана жан салдырмайтын, ағаштан түйін түйетін халық. Қасиетті саналатын ұлттық бұйымдарымыздың жасау технологиясы мен олардың әшекейлеуі эстетикалық тұрғыдан алғанда басқа халықтардан кем түспейді.

Зерттеу жұмысы барысында мен келесі қорытындыға келдім:

  1. Әдет- ғұрыптар, ұлттық құндылықтар, ана мен бала арасындағы мейірімділік қасиет адам бойына домбыра арқылы сіңіріледі.

  2. Домбыра жасау технологиясын қазіргі заманға сай жетілдіру.

  3. Қазақтың ұлттық бұйымдарын безендіруде эстетикалық маңызы зор.






6





Қолданылған әдебиеттер


  1. Қоянбаев Н.Б. Педагогика. – Алматы: Рауан, 1992

  2. Мектептегі технология №6 2003 А.Жасанова «Технология»

  3. Марғұлан Ә. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1989

  4. Жәнібеков Ө. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1969

  5. Шоқпарова Д. Музыка аспаптары.\ Технология №5 2004

  6. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері Алматы: Өнер, 1969

  7. Велижанина М.В. Оқу әдістемесі: Алматы: Атамұра, 2001






















7

Қосымша

Домбыра құрлысының сызбасы




құлақтары

hello_html_327bafad.gif

шанағы

мойны

басы

Домбыра

шайтан тиек

пернелер

сағағы

беті

дыбыс ойығы

тиегі

түймесі (ілгегі)

hello_html_72cdde13.gifhello_html_5a7e3dd1.gifhello_html_490d8d7a.gifhello_html_m17cf68c9.gifhello_html_m44c4cc3f.gifhello_html_6e578f69.gifhello_html_m1f65f8b9.gifhello_html_486b2a9b.gifhello_html_m7568a3c4.gifhello_html_m1f65f8b9.gifhello_html_7bda5471.gifhello_html_m13c7a18.gif






































hello_html_7da85f0a.jpg







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 06.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров498
Номер материала ДВ-311375
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх