Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Научные работы / Ғылыми жоба "Ешкі сүтінің тиімділігі" 4 сынып

Ғылыми жоба "Ешкі сүтінің тиімділігі" 4 сынып


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


Қазақстан республикасы білім және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия









Тақырыбы: Ешкі сүтінің тиімділігі





Бағыты: Қоршаған әлем – экология, жануарлар мен өсімдіктер әлемі

Орындаған: Расылхан Ақнұр 3 «А» сынып оқушысы

Ғылыми жобаның жетекшісі: Бағатаева Шолпан Орынбековна








Қаратау қаласы 2015 жыл

Мазмұны:



Кіріспе........................................................................................................4


Негізгі зерттеу бөлімі

1. Ешкі сүтінің құрамы...............................................................................5

2. Ешкі сүтінің ерекшелігі..........................................................................6

3. Ешкі сүтінің емдік қасиеттері.................................................................8

4. Ешкі малынан алынатын өнімдер........................................................11

5. Ешкі сүті жайлы Әлем не дейді? .........................................................14





Қорытынды...............................................................................................16


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................17













Зерттеу тақырыбының өзектілігі:

Ұлттық болмысымызды тану, ешкінің сүтінің тиімділігін дәріптеу.

Зерттеу мақсаты:

Ешкі түлігінің мал шаруашылығындағы алатын орны мен сүтінің тиімділігі туралы мәліметтер жинақтап, өзіндік ой пікір білдіру.

Зерттеу міндеттері:

Бұрыннан белгілі мәліметтерге аналитикалық талдау жасау.

Зерттеу кезеңдері:

  • 2014-2015 оқу жылы 1 жарты жылдық материалдар жинақтау және іріктеу, бір жүйеге келтіру

  • 2014-2015 оқу жылы 2 жарты жылдық материалдарды жобаға дайындау, жариялау

Зерттеу әдістері

1. Ақпараттарды жинау және өңдеу

2. Талдау және сараптау

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

Ешкі сүтінің тиімділігін анықтау, зерттеуші тұжырымды өз ойын білдіреді.














Кіріспе


Менің осы тақырыпты таңдау себебім, мен ешкі малын жақсы білемін. Менің ауылдағы атам мен апамның үйінде ешкілері бар. Апам ешкі сүті пайдалы болады деп, мені ешкі сүтін беріп өсірген. Сондықтан болар, мен жас кезімде ауырмай өстім. Атам мен апам ешкі сүтін асқазанымызға жақсы болады деп ішеді.

Ешкі өсімтал және тез жетілетін түлік. Бағып – күтуі біршама жеңіл, басқа түліктерге қарағанда көп шығын қажет етпейді. Ауа - райының тәуліктік, маусымдық жағдайларына көнбіс, жайылым отын жақсы пайдаланады. Әсіресе республикамыздың кең байтақ, шөл және шөлейт жерлерге, таулы аймақтарға жақсы бейімделген. Қыста өз бетімен өрісте жайыла алады. Ешкі тұқымдарын сыртқы дене бітіміне, олардың сүттілік, түбіттілік, еттілігіне қарай мына төмендегідей түрге бөледі: сүтті ешкі тұқымдары, түбітті ешкі тұқымдары, жүндес ешкі тұқымдары және ет-сүт, түбіт өнімдерін бірдей беретін ешкі тұқымдары.

Ешкі туберкулезбен, бруцеллезбен, сиыр ауыратын басқада аурулармен ауырмайды.

Ешкілер 9-10 жыл тіршілік етеді. 5-8 айында жыныстық жағынан жетіледі. Ешкінің буаздық мерзімі 5 ай; 1-2 кейде бесеуден лақтайды. Жақсылап күтсе жылына екі рет төлдейді. Текесі 60-65 кг дейін, ешкісі 40-60 кг дейін тартады. Жемденген ешкіден 20-28 кг ет, 4-6 кг май, 7-10 айлық лақтан 12 кг ет, 1,5 кг май алынады.

Сондықтан да, менің атам мен апам ешкі өсіруді қолға алды. Сол себептен мен ешкі туралы көп нәрсе білгім келді.





Негізгі зерттеу бөлімі

Ешкі сүтінің құрамы

Ешкі сүті нәруыздарының көпшілігінің құрамында альбуминнің мол көлемі болуына байланысты, құрамдас бөліктерге ыдырайды, яғни қорытылмаған күйінде сіңбей, ұсақ үлпектер түрінде ұюға ұшырайды. Сондықтан ол ағзаға жеңіл сіңіп, ас қорыту жүйесінің бұзылуына жол бермейді. Құрамында лактозаның төмен мөлшері (сиыр сүтінен 13% кем, ана сүтінен - 41% кем) болуы – бұл өнімді лактоза жеткіліксіздігі бар адамдар үшін қолдануға мүмкін етеді. Ешкі сүтіндегі май ағзаға жақсы сіңіріледі және 4,0- 4,4% майлылықта ешкі сүті 100% сіңеді. Ешкі сүтінде адам ағзасының тіндерінде холестерин жиналуына қарсы тұратын ерекше метаболикалық қасиеті бар және ағзаның қорғаныс қызметін арттыратын қанықпаған майлы қышқылдардың 67 % бар. Жоғарыда келтірілген артықшылықтарынан басқа ешкі сүтінде көп кальций (143,0мг), магний (14,0мг), фосфор (89,0мг), марганец (17,0мг), мыс (20,0мкг), А (0,1мг), В(0,04мг), С(2,0мг) және Д(0,06мг) дәрумендері, аскорбин қышқылы бар. В12 дәруменінің құрамына кіретін және қан өндірімі үрдістеріне жауап беретін кобальттың мөлшері сиыр сүтімен салыстырғанда ешкі сүтінде 6 есе көп. Сүттің құрамында кальцийдің мөлшерінің мол болуы – жүрек – қантамыр жүйесіне оңтайлы әсер етеді. Бірақ ешкі сүті сиыр сүтіндей темірге бай емес. Темір қандағы гемоглобиннің түзілісіне ғана емес, төтемелік жүйенің қалыпты жұмысы мен мінез- құлық сипатының сәйкестігін қамтамасыз ету үшін де қажет. Дегенмен ешкі сүтіндегі темір сиыр сүтіндегіден гөрі жақсы сіңу дәрежесіне жете бермейді. Осылайша, ешкі сүті минералдық заттарға, дәрумендер мен микроэлементтерге сиыр сүтінен гөрі байырақ, ешкі сүтінің нәруыздары асқазанда тығыздалмауына байланысты сіңімдірек келеді. Ешкі сүтінің майы адам ағзасында 100% дерлік сіңіріледі, құрамында лактоза аз болуына сай, лактоза жеткіліксіздігі бар адамдарға ұсынылады. Құрамында аллергия тудырушы казеин болмауына байланысты азықтық аллергиясы бар адамдарға қолдануға болады.

Ешкі сүтінің ерекшелігі


Ешкі сүтінің майлық құрам бөліктерінің сипаты да сиыр сүтіне қарағанда оңтайлы. Мысалы, ешкі сүтінің май домалақтарының көлемі кішірек келеді. Бұл майлардың жақсы сіңірілуі үшін ешкі сүтінде ортатізбектік үшглицеридтердің болуы ықпал етеді. Олар – лимфалық қылтамырларды айналып өтіп, бірден веналық жүйеге енетін, ішекте өтсіз сіңетін ерекше қабілеті бар майлар. Ешкі мен сиыр сүті минералдық тұздардың, микроэлементтер мен дәрумендердің үйлесімі жағынан ана сүтіне жете бермейді. Бірақ ғалымдардың дәйектері бойынша, ешкі сүтінің құрамында темір аз болуына қарамастан, ол баланың ішегінде сиыр сүтіндегі темірге қарағанда тиімдірек сіңеді. Ал ешкі сүтіндегі В12 дәруменінің жеткіліксіздігі бұл сүтпен қоректендірілген сәбиде анемия туындауының себебі болуы мүмкін. Бұл дімкәстің себебі – азықта В12 дәрумені мен фолий қышқылының тапшылығы болуынан, соңғысының мөлшері ешкі сүтінде де аз болады.

Мамандардың пікірінше ешкі сүті сиыр сүтіне қарағанда адамның физиологиялық қажеттіліктерін оңтайлы қанағаттандырады. Олардың деректеріне сай, сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдардың көпшілігі ешкі сүтін жеңіл көтереді.

Жалпы, ешкі сүтінің ерекше және сиқырлы қасиеттері пікірлерді салмақтай отырып, мамандар оның бойында бірқатар пайдалы ерекшеліктері бар екенін және сиыр сүтін көтере алмайтын және оның нәруыздарына аллергиясы бар балаларды тамақтандыруда тиімді қолдануға болатынын айтады. Сиыр сүтінің нәруыздарына немесе соя нәруыздарына аллергия болған жағдайда, ешкі сүті негізіндегі бейімделген қоспалар пайдаланылады. Оларды сәбилерге туғаннан бастап қолдануға болады.

Әлі күнге Қазақстанда ешкі сүтін өндіретін ірі өндіріс орны жоқ дегенге сенесіз бе? Кім біледі, кезінде мыңғырған мал айдап, миллиондап ет өткізген ел ешкі сүтіне жарымай отырғанына сену қиын шығар. Бірақ, бұл – рас. Елде ешкі сүтін өндіретін өнеркәсіп ашу аракідік айтылып қалады. Бірді-екілі ғана жеке азаматтардың шағын шаруашылықтары бар. Оның өзінің аясы тар.

Сөйте тұра Сексек ата тұқымын көбейту, оны көл-көсір табыс көзіне айналдыру ешкімнің ойына келер емес. Ешкінің басқа емес, сүтіне ерекше мән беріп отырған Еуропада осыдан екі ғасыр бұрын дәрігер мамандар ана сүтін тек ешкі сүті ғана алмастыра алатынын айтты. Егер тарихқа көз жүгіртсек, біздің бабаларымыздың өмірлік бай тәжірибесінде бұл бұрыннан бар екенін байқауға болады. Әл-Фарабидің өзі ешкі сүтінің қасиетіне ерекше мән беріп, ол туралы өз еңбектерінде жазып қалдырған. Өйткені ешкінің сүті сан аурудың дауасы десек, өзге елдер осы сырқаттарға шипа іздеп шарқ ұрып жүргенде, күнделікті сусындарының арасында ешкі сүті кездесетін біздің халыққа бұл аурулар жолай қоймаған деседі. Бұрын, әрине.

Қазақ әлсіреген адамдарды әлдендіру үшін, әсіресе кішкентай балалардың өсіп-жетілуі үшін күнделікті ешкі сүтін ішкізуді әдетке айналдырған. Тіпті ешкі сүтінің емдік қасиеттерін күшейту үшін оны түрлі қоспалармен бірге қайнатуды да білген. Мысалы, көздің бұлыңғырлануына қарсы күнжітпен, іш өтуге қарсы арпа жармасымен қоса қайнатқан қоспаларды ішкізген.

Кейінгі кездері еліміздің тағамтану академиясы да ешкі сүтінің емдік, профилактикалық қасиеті туралы айтып-ақ келеді. Өкпеқұрт, қант диабеті, асқазан, ішек жолдары, аллергия мен анемия сияқты ауруларды емдеуде, олардың алдын алуда ешкі сүтінен асып түсетін дәм жоқ екен. Бұл сондай-ақ өкпе аурулары мен суық тиюден қорғайды. Сонымен қатар гепатит, астма және т.б. ауруларға ем болып табылатын ешкі сүтін түрлі тағамдарға аллергиясы бар адамдар да еш қорықпай іше беруіне болады. Тері мен буын ауруына шалдыққан, өтіне тас жиналған жандарды, фибромиома мен балалар эпилепсиясы дертін емдеуде де ешкі сүті – таптырмас дауа.




Ешкі сүтінің емдік қасиеттері


Бүгінде ғалымдар ешкі сүтінің емдік және аурулардың алдын алуда, әсіресе анемияда, тағамдық аллергияда, туберкулезде, асқазан, ішек-қарын жолдарының ауруларында, диабетте, диатезде, ағзаның қорғаныс қызметін атқаруда, ағзадан ауыр металдардың тұздары мен радионуклидтерді шығаруда және көздің нашар көруінде пайдалы деген қорытынды жасады.

Канадалық дәрігерлердің айтуынша, ешкі сүті тері мен буын ауруына шалдыққан адамдардың денсаулығына жақсы әсер етеді, әрі өт-тас ауруларын емдеуде, балалар эпилепсиясын емдеуде аса пайдалы.

Жалпы, педиатрлар ешкі сүтіне бірауыздан ықылас білдіруде. Балаларды қоректіндіруде сиыр сүтіне қарағанда, ешкі сүті жарамды келеді. Әрине, бала үшін ана сүтіне жететін тағам жоқ. Бірақ жасанды немесе аралас қоректендіруде ешкі сүті ана сүтін алмастыру үшін лайықты және 6 айдан асқан балалар үшін қосымша қорек ретінде пайдалануға болады.

Сиыр сүтіндегі темірге қарағанда ешкі сүтінін темірі жақсы сіңеді, бұл анемияның алдын алуда аса маңызды, -деп отыр мамандар.

Ешкі сүті сәбилерді іш өтуден сақтайды. Аллергологтар оны сиыр сүтінен жасалған өнімдерді көтере алмайтын балаларға да ұсынады.

Ешкі сүтінде 12 түрлі дәрумен бар екен. Ол әсіресе өкпе құрты қант диабеті ауруын, асқазан ішек жолдары, аллергия, қан аздық секілді ауруларға бірден - бір ем. Ешкі сүтінің майы ағзаға жақсы сіңеді, ал оның құрамындағы қанықпаған қан қышқылдарының жоғары мөлшері холестериннің қан тамырларына жинақталуына қарсы тұрып, иммунитетті арттыруға ықпал етеді. Ертеде туберкулез, анемия мен рахит ауруына шалдыққандарды әубастан ақ ешкі сүтімен емдеген.

Халық аузындағы аңыздар ешкі сүтінің керемет сиқырлық қасиетін, ауыр науқастардан кейін ағзаға күш беріп, айықтыратын ерекшелігін жыр етеді. Халық медицинасы ешкі сүтіне әлсірегендермен азықтық аллергиясы бар балаларға қолданылатын өнім ретінде ерекше маңыз береді.

Тағамтану академиясы мамандарының мәліметіне сүйенсек, ешкі сүтінің құрамында 12 түрлі дәрумен бар екен. Әсіресе тиамин дәруменіне бай. Бұл – «В» тобы дәрумендері арасындағы адам денсаулығына аса пайдалы дәрумен. Оған қоса құрамында С және А дәрумендері де кездесетін ешкі сүтінің ақуыздық, майлылық, дәрумендік және микроэлементтік құрамы бойынша басқа сүт өнімдерінен артықшылығы – оның азықтық және биологиялық құндылығының жоғарылығында. Мысалы, біз күнделікті қолданатын сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүті түрлі минералдар мен микроэлементтерге де бай болып шықты. Оған қоса сиыр сүтіне қарағанда анағұрлым ағзаға сіңімді де. (Білуімізше, сиыр сүтінде темірдің мөлшері көп. Сондықтан оның сіңімділігі ауыр). Ешкі сүтін еш күдіксіз күнделікті қолдануға болатын тағы бір қасиеті – оның сиыр секілді бруцеллезбен ауырмайтынында. Жалпы ешкі малының өзі басқа үй жануарлары секілді ауруға бейім емес. Ешкі тіпті ешқашан түберкулезбен де ауырмайды екен.

Осының бәрін біле тұра, мол мүмкіндік көре тұра отандық дәрігерлер неге ана мен балаға ешкі сүтін ішуге кеңес бермейді дейміз ғой. Қызылды-жасылды шетелдік дәрумендер мен тетрапакеттегі түрлі қоймалжыңдарды ішуді ұсынғанша, табиғи ешкі сүтін ішуді ұсынса, қай ана қарсы болар еді. Емшек сүтіне жарымаған балаға емізік беріп емексіткенше ешкі сүтін беріп есейтпей ме?! Өйткені ана сүтін алмастыра алатын сүт ешкі сүті екенін әлем мойындап үлгерді.

Тағы бір дерек, елде бала туу жасындағы әйелдердің көбі анемия ауруына шалдыққан. Ешкі сүтінің анемияға аса пайдалы екенін ескерсек, неге жаппай ешкі сүтін күнделікті қолданатын азық-түлік қатарына енгізбеске. Оған қоса жетілмей туған шараналардың адам қатарына қосылуына да ешкі сүтінен жасалған қоспалар көмектесер еді. Мысалы, Ресей нарығында ешкі сүті негізінде жасалған , ана сүтін алмастыратын қоспалар баяғыда пайда болған. Ол аз десеңіз еуропалық ірімшіктер мен йогурттардың құрамының дені ешкі сүтінен тұрады екен. Ал біздің отандық нарықта ешкі сүтіне мүлде мән берілмеген. Ешкі сүтінен тұратын балалар тағамдарының тоқсан пайызы шетелден келеді. Рас, бізде отандық сүт өнімдерін шығаратын өндіріс орындары бар, бірақ осы ешкі сүтін өндіруді ешбірі қаперіне алар емес.

Тек 2009 жылдан бастап «Ақ бастау» атты компания голландиялық өндірушілермен серіктесіп, ультрапастерленген ешкі сүтін шығарып келеді. Ультрапастерленген ешкі сүтінің 1 литрінің бағасы 800 теңге, сатылым бағасы 1300-1500 теңге, сақталу мерзімі алты ай. Алайда жалғыз «Ақ бастаудың» өнімдері елдің нарығын жаулай алмасы анық. Сондықтан елдің Ауыл шаруашылығы министрлігі осы мәселені қаперге алып, ешкі сүтін өндіруді қолға алғысы келетін азаматтарға жағдай жасаса, елдегі шипажайлар диеталық тағамдарының мәзіріне ешкі сүтін енгізсе, жаңа туған балаларға есейгенше берілетін биологиялық тағамдардың қатарына ешкі сүтінен жасалған қоспалар кірсе, отандық дәрігерлер, диетологтар тарапынан аталған өнім көбірек насихатталса құба-құп болар еді.


















Ешкі малынан алынатын өнімдер


Қазақстанда жергілікті қылшық жүнді ешкіден және ангор ешкісінің текесінен 3,5 - 4,5 кг, ешкісінен 1,5 - 2 кг аса бағалы жүн (мохер) қырқылады. Орынбор ешкісінен 470 грамм, текесінен 800 грамм түбіт алынады.

Ешкілердің текесінен 60-65 кг дейін, ешкісі 40-60 кг дейін тартады. Жемденген ешкіден 20-28 кг ет, 4-6 кг май, 7-10 айлық лақтан 12 кг ет, 1,5 кг май алынады. Сүтті ешкілер жылына 450-550 кг кейбір шаруашылықтарда 100 кг дейін сүт береді. Сүтінің майлығы 3,8-4,5%. Жүндес тұқымы ешкі қылшығының ұзындығы 15-18 см болады. Ешкілерді көктемде жылы аудандарда екінші рет тамыз-қыркүйек айларында қырқады. Текесінен 4-6 кг, ешкісінен 3-5 кг қыл алынады. Ешкі терісінен сафиян, шевро сияқты бағалы былғары алынады.

Түбіттің басты қасиеттері – жылу сақтағыштығы мен ылғалды көп сіңіргіштігі. Түбіттің табиғи түсі көбіне ақ, қара, қоңыр боп келеді. Ақ түсті түбітті кез келген түске бояуға болатындықтан, жоғары бағаланады. Ешкі орта есеппен бір жылда 300 грамм түбіт берсе, ал ешкінің кейбір тұқымының түбіті 800 грамға дейін жетеді.

Өз кезегінде түбіттен тазаланған қылшық та қажетке жарап отырды. Әсіресе арқан-жіп ескен кезде міндетті түрде ешкінің қылшығын қосқан. Ол арқанның беріктігіне кепіл болған. Сонымен бірге тақыр кілем, алаша секілді бұйымдарға да пайдаланылған. Қабырғаға ілініп, еденге төселетіндіктен олардың тез тозатыны да белгілі. Ал ешкінің қылшығы қосылған төсеніштер тесілмейді екен. Бұл ретте арнайы жүргізілген зерттеулер қазақтың жергілікті жүнді ешкілерінің түбіті мен қылшығы сапасы бойынша әлемдік нарық талаптарына сай, бірақ олардың өнімділігі өте төмен екендігін көрсетті. Осы себепті ешкінің генотиптік және паратиптік (бағу-азықтандыру) жағдайларын ғылыми негізде жақсарта отырып, түбіт түсімі мен сапасын арттыру да алда тұрған мақсаттардың бірі.

Ал ешкінің терісі – таптырмас былғарылардың бірі. Ешкі терісінде май бездері қой терісіне қарағанда азырақ болатындықтан, емізікше қабатында бос қуыстар көп болмайды, ал торлы қабаты берік, мықты болады. Өзеңді құрайтын талшықтар тобы берік және жуандау келіп, бір-бірімен ілінісе және көлбей орналасқандықтан , былғарыға әрі беріктік, әрі жұмсақтық қасиет береді. Сондықтан былғарылық шикізат ретінде өте жоғары бағаланады , одан жеңіл аяқкиімге арналған өте әсем былғары – шевро дайындалады екен. Бұл да білгенге бағаланбай жатқан бір байлық. Ешкілер – көбейгіш әрі тез өсіп жетілетін мал. Орташа буаздылық уақыты шамамен 150 күнді құрайды. Ешкінің жыныстық жетілуі 6-7 айынан 1,5 жылға дейін болатындықтан, оларды қашыруға 16-18 айында жіберген дұрыс. Ешкілерді кез келген үй жануарымен бірге бір орында ұстауға болады. Дұрыс коректендіріп, дұрыс қараған жағдайда ешкілер мүлдем ауырмайды.

Өнімді сату. Ешкі өсіру нәтижесінде алынған өнімді (сүт, жүн) қышқыл-сүт өнімдерін сататын шағын бизнес ұйымдарымен келісім-шарт жасасу арқылы, сондай-ақ газетке жарнама беру арқылы сатуға болады.

Болжамды есептеулер:

Шығыстар:

- лақ сатып алу – 10 дана х 6 000 теңге = 60000 теңге

- шөп – 100 түк х 200 теңге = 20000 теңге

- кебек 500 кг х 20 теңге = 10000 теңге

Барлығы: 90 000 теңге.

Табыс:

- Ешкіні сату: 4 дана х 12 000 теңге = 48 000 теңге, қалған ешкіні өсіп жетілдіруге қалдырамыз.

- Сүтін сату: күніне 2 литр х 250 теңге = 500 теңге х 30 күнде = 15 000 теңге (айына), жарты жылда 90 000 теңге.

-Жүн: ешкіні жарты жылда қырқу арқылы 1 ешкіден 150 г. жүн алуға болады

Ешкі сүтінен алынатын өнімдер

Ешкі сүтінен көптеген қажетті азық – түлік өнімдері алынады. Бұл тағамдардың құрамында адам ағзасына қажетті майлар, көмірсулар, ақуыздар, дәрумендер, минералды заттар болады.




Ірімшік





Сүзбе




hello_html_5d85c58b.gifhello_html_m1be2a243.gif





Ешкі сүтінен алынатын өнімдер



Йогурт



Айран


hello_html_m6d0cb589.gifhello_html_m442a8338.gif


hello_html_8fdf313.gifhello_html_6a5ba2ba.gif




Құрт



Май





Ешкінің еті мен сүтінен бөлек тағы бір пайдасы – оның түбіті. Әйелдердің бөкебайы, мойын орағышы, шәлі, қолғап дейсіз бе, түрлі түбіттен тоқылатын бұйымдар мамықтай жұмсақтығымен, жеңілдігімен, жылылығымен жанға майдай жағады. Қазақ талғамында ешкі түбіті түйе жүнінен де қымбат, тіпті жібекпен теңдес саналған. Түбіт иіруге де икемді. Жалпы ешкі жүнін түбіт, қылшық деп екіге бөледі. Оны ешкі түлеген кезде қылшық жүнмен бірге қырқып алып, түтіп, қылшығынан бөледі.

Ешкі сүті жайлы Әлем не дейді?


Құймақұлақ қарттардан ешкі жайында есті әңгіме естіп өстік. Сексек ата тұқымының адам өмірінде пайдасы зор екен. Бұл жайында көнекөз қариялар майын тамыза әңгімелеп отыратын. Ата-бабаларымыз ешқандай ғылымға сүйене қойған жоқ. Дертіне дауа іздегенде ешкінің сүтін ішті. Денсаулыққа жұғымды ас есебінде ешкі етінен де тартына қоймады. Оның терісі мен түбітін де қажетіне жаратты. Десе де, ешкіні түліктің түріне неге жатқыза қоймағаны түсініксіз. Сол көзқарас әлі де сейіле қойған жоқ. Біздің елімізде ешкі шаруашылығына дұрыс көңіл бөлінбей келеді. Жалпы, жұмыр жерде ешкі Азия және Африка құрлығында көп кездеседі. Дегенмен Еуропада аталмыш шаруашылықты дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Әсіресе Голландия мен Франциядағы шаруа қауымының ешкі өсірумен-ақ шекесі шылқып отыр. Әлемнің көптеген еліндегі дүкен сөрелерінде француз шаруаларының өнімін кездестіруге болады. Барлығының орайын келтірген. Жағдайлары жаман емес. Қаншама қаржы қалтаға құйылып жатыр. Бұл елдерде ешкі жайылымға сыймай жатқан жоқ. Әрбір ісіне есеппен қарап үйренген еуропалықтар мол өнімге қол жеткізу мақсатында асыл тұқымды ешкі малын өсіреді.

Төрткүл дүниеде 1 млрд шамасында ешкі малы бар екен. Оның саны жөнінен Қытай көш бастап тұр. Онда 180 млн басқа жуық Сексек ата тұқымы бағылатын көрінеді. Одан кейінгі орындардағы Үндістанда – 130, Пәкістанда – 50, Бангладеште – 40, Иран мен Нигерияда – 30, Судан, Эфиопия, Индонезия мен Сомалиде 20 млн шамасында малдың осы тұқымы кездеседі. Бізде ше? Олардың саны бар-жоғы 2 млн бастан аспайды.

Дәрігерлер ешкі сүтінің пайдалы екенін жоққа шығармайды. Оның құрамында денсаулыққа өте қажетті дәрумендер көп көрінеді. Атап айтқанда, асқазан-ішек жолдарының аурулары, сусамыр ауруларына қарсы тигізетін әсері мол. Сондай-ақ ағзаның қорғаныс­тық қасиеттерін арттыра түседі. Ешкі сүтінің құрамындағы қанықпаған май қышқылдары да деннің саулығына оң әсерін тигізеді. Аталмыш қышқылдар несеп айдау жолдарына таптырмас ем екен. Ешкі сүті адам ағзасында тез қорытылады. Тіпті ол жас балаларға арнайы тағам есебінде пайдаланылады. Көнекөз қариялар «ешкі сүті құрамы жағынан ана сүтімен пара-пар» дегенді бекер айтпаған болар…

Қазақ жерінде ешкі малын өсіруге мол мүмкіндік бар. Елімізде табиғи жайылым көлемі жетеді. Дерекке көз салсақ, Қазақстанда 180 млн гектарға жуық табиғи жайылым бар екен. Одан қалды, ешкі бағуға өте қолайлы 7,2 млн гектар шамасында таулы өңір орналасқан. Сондай ақ 20 млн гектар шамасында тасты аймақтар бар. Тастан-тасқа секіріп үйренген ешкі малы үшін жайылым бізде молынан жетіп жатыр. Өкініштісі, бізде оған деген дұрыс көзқарас жеткіліксіз. Өзіміз баққаннан гөрі, сырттан сатып алғанды оңай санаймыз. Елімізде мал шаруашылығын дамыту бағытында төрт түлік қатарынан «құрметті» орын ала алмай қалса да, ешкі малын өсіруге көңіл бөлгеніміз өте орынды болар еді. Әрине, бүгінгі заманда өткеннің өлшемі жүре қоймасы анық. «Айдағаның – бес ешкі, ысқырығың жер жарады» деуге болмас.

Қашаннан да қалт айтпайтын халқымыз бір кездері «есі кеткен ешкі жинайды» деген тәмсілді артта қалдырған екен. Бұл нақыл малдың бұл тұқымының өсімтал екендігіне байланысты айтылса керекті. Есебін білгенге ешкі өсіру өте тиімді кәсіптің көзі екені көрініп тұр. Дегенмен әлі күнге дейін ешкі малына дұрыс назар аударылмай келеді.










Қорытынды


Қорыта айтқанда, ешкі түлігін өсіру өте пайдалы екен, себебі ешкі түлігі өсімтал, бағып күтуі жеңіл, басқа түліктерге қарағанда көп шығын қажет етпейді. Менің апам мен атам ешкі түлігінің пайдасы көп дейді.

Біздің үйдегі ешкілердің әрқайсысы күніне 1-1,5 литрдей сүт береді, Апам ешкінің сүтінен айран, құрт, май, ірімшік жасайды, олар өте дәмді. Ешкінің жүнінен түбіт алады, қылынан арқан жасайды, жүнін иіріп бізге шұлық тоқып береді, Менің атам ешкінің сүтін көп ішеді, себебі асқазанымның ауруы осыдан жазылды дейді. Менен кейінгі кішкентай іні- қарындастарым да ешкі сүтін ішіп өсті, Менің сондықтан ешкі түлігі туралы көп білгім келді, іздендім, соның нәтижесінде ғалымдардың ешкі сүтінің емдік және аурулардың алдын алуда, әсіресе анемияда, тағамдық аллергияда, туберкулезде, асқазан, ішек-қарын жолдарының ауруларында, диабетте, диатезде, ағзаның қорғаныс қызметін атқаруда, ағзадан ауыр металдардың тұздары мен радионуклидтерді шығаруда және көздің нашар көруінде пайдалы деген дәлелдерін білдім. Сондай-ақ олар балаларды қоректендіруде сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүті жарамды келеді. Сиыр сүтіндегі темірге қарағанда ешкі сүтінің темірі жақсы сіңеді, бұл анемияның алдын алуда аса маңызды, -деп отыр мамандар.

Үйдегі ешкілер көбінесе егіз туады. Апам айтады халқымыз «ешкі тұқымы егіз лақ»- деп бекер айтпаған дейді.









Ұсыныс:


  1. Елімізде ешкі малын өсіруге көп көңіл бөлінсе;

  2. Дүкендегі дайын сүттерге қарағанда ешкі сүтін балаларға көп ішкізсе;

  3. Дәрі-дәрмектің орнына ешкі сүтінен алынатын өнімдерді көп пайдаланса.

























Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясы. 1998 жыл. 720 бет, том 1 (А-Ә)

2. М. Рүстемов. 1- кітап «Жануарлар әлемі» МП «Алия» Шымкент, 2008ж

3. Қ.Қайымов «Қызықты зоология», «Мектеп» баспасы, Алматы, 2005ж

4. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 5 том, Алматы, 2003 ж, 474 бет

5. «Биология және салауаттылық негізі» Ғылыми-практикалық журнал, №6, 2004ж, 51 бет.

6. С.Нурмағамбетова «Дәрісіз емделу»

7. А.Оразбақова «Қазақ халық медицинасы»

8. «Денсаулық» журналы

9. «Жануарлар физиологиясы» Е.Несіпбаев

10. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедиясы

























Автор
Дата добавления 01.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Научные работы
Просмотров576
Номер материала ДВ-496166
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх