Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Физика / Конспекты / Ғылыми жоба "Физика біздің айналамызда"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Физика

Ғылыми жоба "Физика біздің айналамызда"

библиотека
материалов


«А.Саттаров атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







Тақырыбы: Физика біздің айналамызда









Орындаған: Имит Ранагуль

7 –сынып оқушысы



Жетекші: Розахунова Мукадас

Нурумжановна

















«А.Саттаров атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 7 «Б» сынып оқушысы Имит Ранагульдің «Физика біздің айналамызда »тақырыбындағы ғылыми жұмысына

Абстракт

Зетрреу жұмысының мақсаты: Бұл ғылыми ізденіс жұмысы табиғаттағы диффузиялық әрекет , денелердің қозғалыс туралы айтылып, және зерттеу әдістері қолданыла отырып, тың деректер негізінде құнды мағлұматтар келтірілген.

Болжамдары. Оқушылардың қабылдауына түсінікті етіп, диффузиялық әрекет қалай жүзеге асатынын түсіну

Зерттеу кезеңдері: 1. Материал жинақтау

2. Денелердің қозғалысы, диффузиялық әрекет туралы ақпаратты талдау және сараптау

3. Жұмыс кіріспе.

4. Қорытынды бөлімі

Зерттеу әдістемесі.

Зерттеу жаңалығы.

Теориялық және практикалық маңыздылығы.

























Аннотация

Зерттеудің мақсаты:

Физика пәні, физика пәнінің адамға, ғылымға қажеттелігі туралы білу. Физика пәнінің негізгі қағидаларымен танысу.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Құбылыс ретінде диффузия туралы көзқарас қалыптастыру;

  2. Қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың өздігінен араласуы;

  3. Молекулалардың үздіксіз және ретсіз (бейберекет) қозғалысы;

  4. Диффузияның маңызы туралы көзқарас қалыптастыру;

  5. Қорытынды жасау, логикалық ойлауды қалыптастыру;

  6. Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту.



Өзектілігі:

Ғылыми-техникалық жаңалықтарды ашуда физиканың маңызды екеніне көз жеткізе отырып, физика ғылымының салаларын дамыту керектігін дәлелдеу.

Күтілетін нәтиже:

Оқушының физика пәніне деген қызығушылығын оята отырып, келешекте ғылымға жаңалықтар енгізуге талпыныс жасау.























Мазмұны

І.Кіріспе бөлім

Табиғат және физика

ІІ.Неізгі бөлім

а) Үздіксіз қозғалыс

ә) диффузиялық құбылыс

ІІІ.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер







































Кіріспе



Бізді қоршаған орта: адамдар, жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен табиғат деген ұғымды білдіреді.

Адам-табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жаңбыр жауғанда кемпірқосақтың пайда болуы, найзағайдың ойнауы, судың булануы немесе мұзға айналуы, қардың еруі табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді. Аспан денелерінің үнемі қозғалып, орын ауыстыруы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайқалып өсуі, өзен мен көлдердің тартылып суалуы-осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.

Табиғаттағы құбылыстар бір-бірімен тығыз байланысты. Табиғат құбылыстарын физика, астрономия, география, геология, биология сияқты ғылымдар зерттейді. Әрбір ғылымның табиғатты зерттеу жөнінде өз мақсаты, өз әдістері бар. Мысалы, физика негізінен механикалық, жылу, электр, жарық құбылыстарына ерекше мән береді. Осы құбылыстардың бәрі физикалық құбылыстар деп аталады.

Физика табиғат туралы ғылым ретінде алғаш рет гректің ұлы ойшылы, тарихта «бірінші ұстаз» аталған Аристотельдің шығармаларында баяндалды. «Физика» грекше фюзис-табиғат дегенді білдіреді. Бұл сөздің ғылыми мағынасын байытуда тарихта «екінші ұстаз» аталған біздің ұлы бабамыз-Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбегі зор.

Әлем кеңістігінде не бар болса, соның бәрі материя деп аталады. Материяға өсімдіктер, жануарлар, планеталар, Ай, Күн, жұлдыздар да, сондай-ақ әртүрлі денелерде, оларды құрайтын әр алуан заттар да жатады.

Физиканы және басқа пәндерді оқып үйрену барысында әр түрлі ғылымдардың өзара қандай байланыста болатынын білеміз. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданады. Биологияда физика заңдарын пайдаланып, хайуанаттардың жер бетінде, балықтардың су ішінде қалай қозғалатынын түсіндіреді. Олардың дыбысты қалай шығарып әрі еститінін және көру мүшелерінің құрылысы қандай екенін сипаттайды.

Физика заңдары мен құбылыстарын көптеген мамандар, мысалы, инженерлер, конструкторлар, дәрігерлер, агрономдар, конструкторлар пайдаланады.



1

Негізгі бөлім



Көптеген тәжірибелер заттар мен денелерді құрайтын бөлшектердің үздіксіз қозғалыста болатынын дәлелдеді. Мысалы, өткір иісті затты бөлмеге алып кірсе, оның иісі сол уақытта ягни тез арада бөлме ішіне таралып кетеді. Бұдан затты құрайтын ұсақ бөлшектер үздіксіз қозғалыста болады деп жорамалдауға болады. Дүниеде өзгермейтін, қозғалмайтын дене болмайтыны секілді, қозғалыс табиғаттағы, қоғамдағы барлық өзгерістерді түгел қамтиды. Қозғалыс – жалпы өзгеріс, нысандардың бір-біріне әрқалай әсер етуі және олардың қалпының ауысуы. Ол – материяның ажырамас, өмір сүру тәсілі. Қозғалыссыз материяның болмайтыны секілді, материясыз қозғалыстың болуы мүмкін емес. Қозғалыс сан алуан болып келеді. Әрбір қозғалыстыңтың өз иесі, өз тасымалдаушысы, яғни түпкі негізі болады. Сондай-ақ өсімдік бойындағы органикалық заттар, адамның қан тамырларындағы қан үнемі козғалыста болады. Заттарды құрайтынмолекулалар мен атомдар да үздіксіз қозғалыста болатыны өздеріңе мәлім.

Алайда бізді қоршаған ортада қозғалмайтын денелерді де көреміз. Мысалы, бөлмедегі үстел, оның үстінде жатқан кітап, аялдамаға келіп тоқтаған автобус, құрылыстағы кран, әуежайдағы ұшақтар жерге қатысты қозғалмай тұрады.

Дегенмен бұл мысалдар "дүниедегі барлық нәрселер қозғалыста болады деген пікірді жоққа шығара алмайды. Өйткені жер бетіне қатысты қозғалмай тұрған дене Жермен қоса оның осін айналады әрі онымен бірге Күнді де айнала қозғалады.

1-тәжірибе: тар саңылаудан қараңғы бөлмеге түскен жарық жолағына көз салсаң, ауадағы шаң тозаңдарының ретсіз әрі үздіксіз қозғалыста болатынын көресің. Бұл бөлшектер, әрине, ауадағы молекулалар емес. Бірақ ауа құрамындағы көзге көрінбейтін сансыз көп молекулалар мен атомдар үздіксіз және ретсіз қозғала жүріп, ауадағы шаң тозаңдарын үнемі ретсіз қозғалыста болады. Сөйтіп, ауадағы тозаңдардың ретсіз қозғалысы молекулалар мен атомдардың үздіксіз қозғалысының салдары болып табылады.

Сұйық зат бөлшектерінің де үнемі қозғалыста болатынын тәжірибе арқылы байқауға болады.

2-тәжірибе: шыны ыдыстағы тотияйын ерітіндісінің үстіне жайлап қана таза су құяйық. Сонда қоңырқай көкшіл түсті ерітінді мен мөлдір судың ара жігі айқын көрініп тұрады. Біраз күн өткеннен кейін ыдыстағы сұйықтың бір түске енгенін көреміз. Өйткені тотияйын бөлшектерін су молекулалары үздіксіз соққылап, оларды да үздіксіз әрі ретсіз қозғалуға мәжбүр етеді. Сөйтіп тотияйын бөлшектері судың барлық көлеміне тарап, араласып кеткен. Бұл тыныштықта тұрған ыдыстағы сұйық молекулаларының да үздіксіз әрі ретсіз қозғалыста болатынын дәлелдейді.


Диффузи (лат. dіffusіo – таралу, жайылу) –молекулалардың жылулық қозғалысы салдарынан шеқаралас орналасқан әр түрлі заттардың бір-біріне өту құбылысы. Диффузия дененің бүкіл көлеміндегі концентрация мөлшерінің бірте-бірте теңелуін, сөйтіп оның бірқалыпты сипат алуын қамтамасыз етеді.Диффузия жылдамдығы температураға тікелей байланысты, алайда бүл процесс газдарда өте тез, сүйықтарда одан гөрі баяу, ал қатты заттарда өте баяу өтеді. Диффузия құбылысы барлық агрегаттық күйде, диффузияланатын заттың сол ортадағы шоғырлануы теңелгенге дейін жүре береді. Газ немесе сұйықтың молекулаларының бір орыннан екінші орынға ауысуы арқылы өз ішінде диффузиялануы өздік диффузия деп аталады. Диффузияның өту шапшаңдығы — диффузияланатын заттың тегіне және оның қандай жағдайда болуына байланысты анықталатын шама — диффузия коэффициентімен сипатталады. Диффузия коэффициентінің халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшеу бірлігі — м 2 /сек.

Диффузия құбылысы табиғатта маңызды роль атқарады: атмосфераның жер бетіне жақын орналасқан қабаттарындағы ауа құрамының біркелкі болуына ықпал етіп, өсімдіктердің дұрыс қоректенуіне жағдай туғызады

Тұрмыста, табиғатта және адам мен жан-жануарлар әлемінде диффузияның пайдалы да, зиянды да жақтары бар. Мысалы, ауадағы оттегі суға диффузия арқылы өтетіндіктен, ондағы жануарлар дем алып, тіршілік ете алады. Нақ осы жолмен ауадағы оттегі адам терісінен өтіп, оның организмін сауықтырады. Міне, сондықтан адам денесі терісінің үнемі таза болуы денсаулыққа жақсы әсер етеді. Қоректік заттар диффузия арқылы жануарлардың қарнынан, ішегінен өтіп, қанға беріледі. Одан әрі қан тамырларының қабырғаларынан етіп, бүкіл денеге тарайды. Диффузияның зиянды жақтарына келер болсақ, ауру тарататын микробтар, әр түрлі улағыш заттар (темекі түтіні, арақ пен есірткі молекулалары) адам организміне оңай сіңіп, зор зиян келтіреді.

Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. Дене көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып тұрады. Тіпті, біртұтас атомныңда аса үлкен бөлігі бос кеңістік болып табылады. Атом көлеміндегі бос орынды салыстырмалы түрде көз алдына елестету үшін мына мысалды келтірейік: атомның ядросын шие көлеміндей үлкейтсек, онда осы шие – ядроны айнала қозғалатын атом электрондарының орбиталары үлкен футбол стадионындай болар еді. Ядроның кішілігі сондай, ол атом көлемінің 1/1 000 000 000 000 = 10 12 бөлігін ғана алады. Денелерді қыздырғанда диффузия жылдамырақ жүреді. Өйткені денелерді құрайтын бөлшектердің қозғалыс жылдамдығы оларды қыздыра түскен сайын арта береді.

3-тәжірибе: қант пен тұз суық суға қарағанда ыстық суда тезірек ериді. Оның себебі: ыстық судың молекулалары салқын судың молекуласына қарағанда жылдамырақ қозғалады. Сөйтіп қант бөлшектерін ыстық су молекулалары жиі-жиі соққылап, тездетіп ерітеді. Екі металды түйістіріп, балқыта қыздырсақ, олар бірімен-бірі берік тұтасып қалады. Өйткені молекулалардың қозғалыс жылдамдығы артады да, екі металдың бөлшектерінің бір-біріне өтуі шапшаңдайды. Бұл құбылысты шеберханадағы ұсталар металдарды өңдеп, әр түрлі бұйымдар жасау үшін пайдаланады.

4-тәжрибе: Стақанның үштен біріне су құямыз,бірнеше тамшы уксус тамызамыз. Шай қасықтың төрттен біріндей ас содасын қосамыз. Суда көпіршіктер пайда болады. Лимонадтағыдай көмірқышқыл газы бөлінеді.Себебі: сода мен уксустың молекулалары қозғалады. Сода мен уксустың молекулалары бір бірімен араласты.Сұйықтардың молекулалары қозғалады.


Тәжірибе нәтижелерін былайша корытындылаймыз: Диффузия құбылысы молекулалар өздігінен араласуы арқылы жүреді немесе біз өзіміз араластыру арқылы да жүреді, яғни молекулалар үздіксіз, бей- берекет қозғалады және бір- бірімен соқтығысады.




3























Қорытынды



Молекулалы-кинетикалық теорияның объектісі - қатты, сұйық және газ тәрізді күйлердегі зат.

Заттың атомдардан, ең кішкентай бөлінбейтін бөлшектерден құралатыны туралы гипотезаны бұдан 2500 жылдай бұрын көне грек ғалымдары Левкипп және Демокрит айтқан. Бұл гипотеза газ, сұйық және қатты денелердің негізгі механикалық қасиеттерін: газдың шексіз таралуын, заттардың серпімділігін, олардың диффузия арқылы өзара бір-біріне енуін түсіндіре алды.

Барлық денелер атомдардан құралады. Атомдар деп заттың ең кішкентай бөлінбейтін бөлшектерін атайды. Бір қарапайым химиялық заттың барлық атомдары бірдей.

Атомдар үздіксіз ретсіз қозғалыста болады. Атомдарды өзара бір-біріне тартатын күштер бар. Өте жақын қашықтықта атомдар бір-бірін тебеді. Соңғы тұжырым ретсіз қозғалған кішкентай өте көп бөлшектерден құралған денелердің қасиеттерін анықтау үшін механиканың негізгі заңдарын қолдануға мүмкіншілік тудырады.

Қатты, сұйық және газ тәрізді денелерде атомдар және молекулалар қозғалысының ерекшеліктері бар. Қатты денелерде атомдар көрші атомдардың тартылыс-тебу күштері теңесетін нүктелердің маңайында ретсіз тербеліп тұрады. Сұйықтарда қатты денелердегідей атомдар және молекулалар өзара тепе-тендік нүктелер маңайында ретсіз тербеледі, бірақ айрықша олар орындарын өзара ауыстырып отырады. Газ тәрізді күйде болған заттың атомдар мен молекулаларының ретсіз қозғалысы шектелмеген. Қай молекула болсын басқа молекуламен немесе қабырғамен соқтығыс қанша еркін қозғала алады.

Осы жұмысты жазу барысында физика пәні туралы көп мағлұмат алдым. Физикалық тәжірибелерді жасауды үйрендім. Физиканың адам өміріне, ғылымға керек екенін ұғындым. Бізді қоршап тұрғанның бәрі физика екеніне көзім жетті.










4





Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Физика және астрономия.

Алматы «Атамұра» 2003

2. Дүниетану. 4 сынып

Алматы «Атамұра» 2009

3.www.Google сайты


































5




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 23.01.2016
Раздел Физика
Подраздел Конспекты
Просмотров1860
Номер материала ДВ-370143
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

1 месяц назад

Салеметсіз ба? менің ойымша тақырып оқушыға өте қызықты, әрі күнде көріп жүрген құбылыстары. Осы материалды маған толықтай жібере аласыз ба?

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх