Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ғылыми жоба «Қыздың көркі-ұзын шаш»

Ғылыми жоба «Қыздың көркі-ұзын шаш»


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


2 «ә» сынып оқушысы Муратова Айлананың «Қыздың көркі-ұзын шаш» атты ғылыми зерттеу жұмысына


Пікір


Ғылыми зерттеу жұмысында 2 сынып оқушысы Муратова Айлананың қазақ халқының шашқа тағатын көне әшекей бұйымдарының түрлерімен танысып, ұзын шаштың қыздың көркі екенін зерттеуді мақсат еткен.

Ғылыми жұмыстың бірінші бөлімінде ұзын шаштың адам көркі екенін,шаштың қасиетіне байланысты ғалымдардың тұжырымдарын және ақын-жазушылар шығармаларында берілген шаш туралы материалдарға, жалпы шашқа тағатын көне әшекей бұйымдарының түрлеріне шолу жасаған. Шашқа тағатын көне әшекейлердің түрін топтап, әр әшекейдің өзіндік қасиетін сипаттап жазған.

Ұзын шаштың қыз балаға үстеме сұлулық пен нәзіктік беретінін. Қазіргі заманғы қыздардың ұзын шашқа деген көзқарасын салыстырып,шашқа жасайтын сән үлгілеріне өзіндік зерттеу жүргізген.

Муратова Айлананың бұл зерттеу жұмысын қазақ тілі мен ана тілі сабақтарында, тәрбие сағаттарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Ғылыми жұмысты оқи отырып оқушының алдына қойған мақсатына жеткенін байқауға болады.







Жетекшісі: Петропавл қаласының

Әл-Фараби мектеп лицейінің

2 сынып мұғалімі






Мазмұны

І.Кіріспе -----------------------------------------------------------------------------6 бет

ІІ.Негізгі бөлім --------------------------------------------------------------------- 7 бет

1.Қыз бала тәрбиесі ------------------------------------------------------------------7 бет

1.1 Шаш-адамның ажары-----------------------------------------------------------

1.2 Қазақтың шаш өсірудегі өзіндік қағидалары 7-8 бет

1.3 Шаштың сәндік әшекейлері

1.4 Шашқа байланысты ырымдар --------------------------------------------9-10 бет

1.5 Шаш туралы эфсаналар

1.6 Шашқа арналған әндер --------------------------------------------------------11 бет

ІІІ.Зерттеу бөлімі------------------------------------------------------------------ 12 бет


2.1. Шашым - менің мақтанышым ----------------------------------------------13 бет

2.2.Сыныптас достар пікірлері---------------------------------------------------14 бет

ІҮ.Қорытынды---------------------------------------------------------------------15 бет

Ү.Пайдаланған әдебиеттер ---------------------------------------------------16 бет

ҮІ.Қосымша------------------------------------------------------------------------------























Аңдатпа



Ғылыми жобамыздың негізгі мақсаты:

Қазіргі заманның қыздарына ата-бабаларымыздың дәстүрін жалғастыруды насихаттай отырып,. ұзын шаш қазақ қыздары үшін нағыз сұлулықтың белгісі екендігін ұғындыру.

Ғылыми жобамыздың гипотезасы: Ұзын шаштың қазіргі заман талабында сән үлгісінен қалмауы, шашқа тағатын ұлттық әшекейлерді пайдалану арқылы ұлттық салт-дәстүрімізді сақтау, жаңарту.

Ғылыми жобамыздың зерттеу кезеңдері:

  1. Ұзын шаштың адам көркі екенін дәлелдейтін ауыз әдебиеті үлгілерінен мәліметтер жинастырдым.

  2. Шашқа тағатын ұлттық әшекей түрлерімен таныстым.

  3. Жинаған әдебиеттерді талдадым.

  4. Ұлттық әшекейдің сән үлгісі ғана емес, өзіндік салт-дәстүрі бар екенін дәлелдедім.

  5. Ұзын шашқа өз шығармаларын арнаған сазгерлердің әндерімен таныстым.

  6. Сыныптас құрбыларыммен сұхбаттасу барысында ұзын шашты қыздардан анкета алдым.

  7. Өзіндік пікір, тұжырым жасадым.

Ғылыми жобаның зерттеу әдісі: Тақырыбымды ашу барысында ауыз әдебиеті үлгілеріне шолу жасалды. Өзіндік тұжырым жасала отырып,салыстыру әдісі де қолданылды.

Ғылыми жобамыздың жаңашылдығы: Қазіргі заманғы құрбыларымның шаш қою үлгілерімен қатар,шашқа жасайтын сән үлгілері арқылы әсемдікке тәрбиелеуде,шашқа күтім жасауда жәнешашқа тағатын әшекей бұйымдарды орынды пайдалануда өзіндік пікірімді айтпақпын. Ұлттық салт-дәстүрімізден алшақтамауға, құрметтеуге, жаңартуға шақырамын.

Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Бұл жұмыстың нәтижесінде ұзын шаштың әлі де сұлулық символы ретінде есептелетініне көз жеткіздім.Өз қатар құрбыларымның ұзын шаш өсіру жайлы ойлары белгілі болды.

Ғылыми жұмыстың практикалық қолдану салалары:Тақырып негізінде жинақталған материалдар ана тілі мен қазақ тілі пәндерінде қосымша қолдануға болады.Тәрбие сағаттарында пайдалануға болады.








Кіріспе



Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Таудың көркі – тас, қыздың көркі – шаш” демекші, қазіргі күні көрікті қыздарымыз көп болса да, ұзын шаштыларымыз сирек.Мысалы, «әл-Фараби» мектеп-лицейінде 1111 қыз бар, солардың ішінде 2222 қыздардың шаштары ұзын. Қанымыз, жанымыз қазақ болғандықтан да қазақ қызының табиғи болмысын жоғалтпай, қазақ қызының өзіне тән қасиетінен айнымай, қос бұрымды бағалай білейік.


Ғылыми жобамыздың негізгі мақсаты: Ұзын шаштың адам көркі екеніне көз жеткізу. Шаштың қасиетіне байланысты ғалымдардың тұжырымдарына және ақын-жазушылар шығармаларында берілген шаш туралы материалдарға сүйене отырып, шашқа күтім жасауға және шаш сән үлгілері арқылы әсемдікке тәрбиелеу, шашты жинауға қатысты ұлттық әшекейлерді таныстыру арқылы ұлттық салт- дәстүрге қызығушылық арттыру.


Ғылыми жобамыздың міндеттері:

  1. Ұзын шаштың адам көркі екенін дәлелдейтін әр түрлі ақын-жазушылар шығармаларын жинастыру.

  2. Шашқа тағатын ұлттық әшекей түрлерін іздестіру.

  3. Жинаған әдебиеттерді талдау.

  4. Ұлттық әшекейдің сән үлгісі ғана емес, өзіндік салт-дәстүрі бар екенін дәлелдеу.

  5. Өзіндік пікір, тұжырым жасау.


Ғылыми жобаның зерттеу әдісі:

  • Жинақтау,

  • топтау;

  • Салыстыру;

  • Өзіндік ой топшылау


Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Бұл жұмыстың нәтижесінде ұзын шаштың әлі де сұлулық символы ретінде есептелетініне көз жеткіздім.Өз қатар құрбыларымның ұзын шаш өсіру жайлы ойлары белгілі болды.


Ғылыми жұмыстың практикалық қолдану салалары: Тақырып негізінде жинақталған материалдар ана тілі мен қазақ тілі пәндерінде қосымша қолдануға болады.Тәрбие сағаттарында пайдалануға болады.







Негізгі бөлім


1.Қыз бала тәрбиесі


Қыз бала қай халықта болмасын әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы. Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз қыз баланы қорғап, періштедей аялаған. Қыз баланы кішкентайынан әдепті, инабатты етіп тәрбиелеген. Дана халқымыз бойжеткендерін пәле-жаладан,жамандықтан аулақ ұстап,сақтандырған.Осының бәрі қыз баланың қасиетін биіктетіп, сұлулық бастауына көтерілуіне жол ашады. Халқымыз қыз психологиясын ерекшелігін түсіне білген.Қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз –елдің көркі, гүл - жердің көркі», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар». Отбасы, әке-шешесі, аға-жеңгелері, бойжеткен қызын жібектей мінезімен, уыздай тәтті қылығымен, іскерлік-ұқыптылығымен, сыпайы-салмақтылығымен, әдепті-ізеттілігімен көргісі келген. Оларды кішкентайынан көздің қарашығындай сақтап, жаны мен арының таза, мінезінің жайсаң болуын қадағалап отырған, олардың мінездерінің өзгертіндігін ескере отырып, "қырық үйден тыю" керектігін үнемі ескеріп отырған.

Қыздарға жан-жақты сұлулық, яғни, жан сұлулығымен қоса, тән сұлулығы бiрдей болғаны жарасады. Жастықтың өзi — сұлулықтың, нәзiктiктiң белгiсі.Сондай-ақ ерте замандағы Қыз Жібек, Баян сұлу т.б. қазақ қыздары ерекше сұлу болған. Себебі, олар өз сұлулықтарын сақтап, қос бұрымын бұландатып жүрген.Халық ауыз әдебиетінің мына өлең жолдарымен өз ойымды сабақтай кетсем деймін:


Желкілдеген тұлым менен бұрымды

Кие тұтқан ата-бабам бұрынғы.

Жаңартайық дәстүрлерін қазақтың

Жас ұрпаққа бүгін таңда білімді.

Ұзын шаштың әр талына бақ қонған,

Киесі оның тайдырмаған нақ жолдан.

Қазақ қызын жөргегінде әлдилеп,

«Алтын, Қара, Сұлушаш» деп ат қойған

С. Мұсаев «Қазақтың қыздары»






1.1 Шаш-адамның ажары

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?

деп ұлы Абай жырлағандай, халқымызда қыз-келіншектің көркі – шаш, шаштың сәні – шашбау, шолпы, шаштеңге, шашқап.

Әйел шашы табиғатына қарай: қолаң шаш, сүмбіл шаш деп, өріміне қарай жалғыз бұрым, қос бұрым деп аталады. Қазақ халқы шаш күтімін, яғни оны тарауды, өсіруді, өруді үлкен тәрбие мектебі деп түсініп, «Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», - деп жырға қосады. Біздің данагөй ата-бабаларымыз, мейірімді ақ әжелеріміз ежелден-ақ: «Шаштың киесі бар», – деп айтып кеткен. Олардың ақыл-кеңесі бойынша, шашыңның бір талын да кез келген жерге тастауыңа болмайды, оны құс ұясына салуға алып кетсе, бас ауруына тап боласың. Қазір ғалымдар бұл сөздің астарында ақиқаттың жатқанын анықтап отыр. Олардың пайымдауынша, адам шашы ғарыш энергиясын қабылдайтын антенна. Бұл ғылыми тұрғыда дәлелденген ақиқат.

Яғни, шаш өзін қоршаған ортамен хабар алмасып тұрады. Ғалымдардың сөзіне назар аударсақ, антеннаға шаштың сыртқы ғана емес, ішкі құрылысы да ұқсас.

Соңғы жылдары ғалымдар ашқан тағы бір жаңалық: Адам шашының Ян қуатына бағынатындығы. Ғарыштық сәуле әсерінен пайда болатын бұл қуат ерік-күшті, дұрыс шешім қабылдауды, тереңнен ойлауды дарытатын көрінеді[ 4]. Осы орайда зерттеушілер Шәкәрім, Төле би тәрізді ұлыларымыз бен ақылман аталарымыз шаш, сақал, мұртын әдемі қоя білгендігімен олардың бойындағы көптеген ізгі қасиеттердің арасында байланыс барын айтады. Бәрі мүмкін. Себебі өмір бойы қырынбаған Бетховенге замандастарының бірі ескерту жасағанында ол: «Егер қырынсам, шығармашылық шабытым жоғалады», – деп жауап қайтарған ғой. Иә, қазіргі ғылым адам шашы мен денсаулығының арасында тығыз байланыс барын растайды. Ғалымдар шашы жоқтардың шашы қалыңдарға қарағанда аз жасайтынын баяғыда-ақ дәлелдеген. Сірә, шашы жоқтар ғарыш қуатын өз «антеннасы» (шашы) арқылы ала алмай, аз мөлшерде қабылдайтын болғандықтан, көп ғұмыр кешпейтін шығар. Ал мұны біздің ата-бабаларымыз тым ерте түсініп, білген тәрізді. Оған нақты дәлел: халқымыздың эпостық жыр-дастандарына, өлең-жырларында қалың, қайратты адам шашы айрықша аталып, батырлық, даналық сипат ретінде дәріптеледі. Мұнан кейін қазақты дана емес деп көріңіз...

Ғалымдар әйелдердің шашы Инь қуатына бағынады дейді. Бұл қуаттың қыз-ке-ліншектердің бойына дарытатын қасиеттері: жұмсақтық, мейірімділік, байыптылық, кешірімділік. Олай болса, біздің аталарымыз бен әжелеріміздің қыз-келіншектерге жалаңбас жүрмеуді, Мешітке орамал тартып кіруді талап етуі тегін емес. Мешіт төбесі, оның айналасындағы кеңістік ерлер шашы бағынатын Ян қуатына тұнып тұр. Сондықтан да әйел шашы ашық болса, өзіне керағар осы қуаттарды тез қабылдап алады. Бұрындары біздің аталарымыз да өз ұл-қыздары қырқынан шығып, 3 жасқа толғанша, олардың шашын тақырлап алып отырған ғой. Әрине, мұның бір себебі шаш жақсы өссін дегендік болғанымен, басты сырының бала санасына шашы арқылы жағымсыз жағдайлар әсер етпесін дегендік екені ақиқат.Шаш туралы ғалымдардың кеңесі: Егерде адамдар үлкен қиындықтарға

тап болып, ұзақ уақыт стрестік жағдайды басынан өткерсе, шашын қидырып, алдырып тастағаны жөн. Себебі шаштың «есте сақтау» қасиеті бар. Ол жүйкені, миды мазалап, көңіл-күйді, денсаулықты бұзады. Әсіресе, шаш ұштары өте сезімтал болғандықтан, стрестен соң оны кесіп тастаса, өте пайдалы. Бұл – ғалымдардың ақыл-кеңесі.



1.2 Қазақтың шаш өсірудегі өзіндік қағидалары


Қазақтың дәстүрлі қоғамында ер балаға кекіл, шаш қоюдың, қыз баланың шашын өсірудің өзіндік қағидалары қалыптасқан. Тек кеңестік дәуірде айдар қою, тұлым өсіру тәрізді әдет-ғұрыптар жоғалып кетті. Құдайға шүкір, қазір ол қайтадан өмірге келе бастады.http://massaget.kz/userdata/users/user_24/1395047257.jpg

(1-сурет)

 Біздің ата-бабаларымыз: «Айдарлы бала –айбарлы бала», – деп айтып кеткен-ді. Ойлап отырсаң, бұл сөзде үлкен маңыз-мағына бар. Әжелеріміздің түсіндіруінше, айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайды. (1-сурет) Сол себепті ата-анасы бауыр еті – баласы бір жасқа толғанында оның қарын шашын алып, төбесінде бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіреді де, оған көзі бар маржан, қаратас тағып, өріп тастайды. Және де айдар қойған баласына арнап мал сойып, үлкендердің батасын алады. Сол елдегі атақты адамдардың орнына баласын аунатып, «баламыз осы атасындай елге сыйлы болып өссін», –деп Жаратқан Иемізге жалбарынады. 

Айдарға байланысты әр түрлі пікірлер бар. Солардың бірінде «Қазақтар

әбден зарығып көрген ұлына ғана айдар қойған. Хандар, үлкен шонжарлар өздерінің орнын басатын, ең жақсы көретін баласына ғана айдар қойып, одан үлкен үміт күткен», – деп айтылады. Тек талас туғызбайтын бір ақиқат: айдар қойған бала он екі жасқа толып, өзінің алғашқы мүшеліне аяқ басқанында айдарын алып, оны мүшел жасының құрбандығы ретінде жиналған жұртқа көрсетіп, мал сойған, қонақасында дуалы ауыз ақсақалдардан бата алған. Кенесарының інісі Наурызбай батырдың айдары болған. Қазақта Айдар деген де адам аты бар. «Қобыланды батыр» жырында айтылмайды ма: «Тұлымдыны тұл қылды, Айдарлысын құл қылды», – деп.


http://massaget.kz/userdata/users/user_24/1395047568.jpg

 Қазақтың бір халық өлеңінде:

«Қарағым, айналайын, кекілдім-ай,

Көгілдірі аққудың секілдім-ай», –

деп жырланатынын кім білмейді. Балаға кекіл қойған да өте жарасымды. Ол үшін баланың шашын ұстарамен тақырлап тұрып алады да маңдайына таяу жерде бір шөкім шаш қалдырып, кекіл қояды. Кекілді бала өте сүйкімді болып көрінеді. Қариялар бала кекілінде ата-анасының мейірімі мен


2 суретсүйіспеншілігі, арман-тілегі, ақ батасы тұнып тұр дейді. Сәбидің кекіліне періште ұялайды деп сенеді. Салт-дәстүріміздің қайта жаңғырғаны шығар, қазір кекіл, айдар қойған балаларды жиі көретін болдық. Негізінен, кекіл жылқыда да болады.Мысалы, халық өлеңінде: «Кекілін кескен кер атым-ай, Титтейден өскен бекзатым-ай»,–деген сөздер бар.( 2 сурет)


Қыз бала бір жасқа толғаннан кейін оның да қарын шашын алып, екі шекесіне екі шөкім шаш қалдырып, оны өсіреді. Ол – «тұлым шаш», «тұлымшақ» деп аталады. Тұлымды «көз тимесін, қызымыз көрікті болып өссін», – деп қояды. Қыз балаға тұлым қойғаннан кейін шашын алмай, шашы жетіліп өскенінде
3-сурет3

тұлымын соған қосып өріп, әсемдейді. Тұлым, тұлымшақ қыз баланың көркіне көрік қосып, оны сұлуландырып жібереді. Тұлымды қыз бала өте сүйкімді болып келеді.(3-сурет)


http://neke.kz/wp-content/uploads/2013/08/%D1%88%D0%B0%D1%88-%D1%81%D3%99%D0%BD%D1%96.jpg

4-сурет


Бұрым – сұлулықтың сәні. Әйелдердің өрілген ұзын шашын бұрым деп атайды. Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы бойынша бұрым – сұлулықтың сәні, қыз-келіншектердің бақыты мен абыройы. Осыған орай қыздардың жас кезінен-ақ бұрымын айрықша күтімге алып, оны ұзын етіп өсіруге түрлі шөп тұнбаларын, халық рецептерін пайдаланған. Бұрым – жалғыз өрім, қос өрім болып бөлінеді. Қазақ халқы қыздың шашын қырқып кеспеген, керісінше, оны бойжеткеннің тобығына дейін жеткізе өсіруге айрықша мән берген. Ал енді бұрым шаштың қоюлығы мен сұйықтығына қарай үлкен бұрым, кіші бұрым болып есептеледі. Жуан бұрымды жеңді білектей деп, қос бұрымды тау басынан құлаған бұлақтай деп дәріптеу – қазақтардың ежелгі салты. Қыз баланың бұрымын жас кезінде өруге шешесі, жеңгесі, тәтесі, әжесі, құрбылары көмектескен. Қазақта Қос-бұрым деген де қыздың аты бар.[1]


1.3 Шаштың сәндік әшекейлері


Шаш – әйелдерге Хауа Анамыз бен Бибі Фатима анамыздан берілген Аллах Тағаланың ғажайып сыйы, құрметі, сәні, еншісі, сұлулығы. Шашбау, шолпы, шаштеңге, шашқап.жемелек – әйелдің әсем табиғатына сай шаштың сәні. Ол халқымыздың ұлттық сый-сипатына тұнып тұр.Енді соларға қысқаша тоқталып кетсек:



Шашбау.

Ол-қыз,келіншектердің шашына сәндік бұйым ретінде тағылып,. қыздардың шашының әр-ажарын ашады. Оны өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін де тағатыны мәлім. Түркі халықтары алтын, күміс тиындар, кейде маржан қадалған, ызылған бауы бар шашбауды ежелден пайдаланып келеді. Шашбаудың жасалу, әшекейлену әдістері әртүрлі.Соған орай олар мынадай топтарға бөлінеді:

1.Үзбелі шашбау;

2.Шашақты шашбау.


7_07_2_kaz


Қазақтарда шашбаудың;сөлкебай шашбау, теңге шашбау, шаштеңге, үкі аяқты шашбау, шаш –түлек (лентадан жасалады), шашабаутас (жалпақ күміске асыл тастар орнатылады) тәрізді түрлері бар. Қазақ зергерлері шашбауды негізінен күмістен қақтап соғады, ұшына теңгеден (сөлкебай) шұбыртпа тағылып, түсті масатыдан, жібектен ызылған шашақтармен әсемделеді.

Матадан жасалған шашбаудың ұшына зер шашақ тағады,оның жоғары жағынан бунақтап құндыз тұтып қояды.Шашбауды бұрымға қоса өриді, сосын шаштың ұшына таяу жерінен бір шалып байлайды, сөйтіп,бұрымның ұшын бекітеді. Жасы ұлғайған әйелдің шашбауы қарапайым болады. Шашбау әйел шашының өсуіне ықпал жасайды, басқа массаж істеп,денсаулықты түзейді. Халықтың ескі наным-сенімі бойынша,шашбау шаш арасындағы жын-шайтандарды қашырады.


Шолпы.

Қазақ қыздары мен әйелдері бұрынғы кезде шолпы бұрымы тарқатылып кетпеу үшін таққаны белгілі. Халқымызда қалыптасқан сенім бойынша, неше түрлі асыл тастан жасалған сылдырмақ, салпыншақтан тұратын салмағы ауырлау шолпының әсерінен шаш ұзын болып өседі. Сондай-ақ ауыр шолпы таққан адамның басы ауырмайды деп есептелген.

Қазақтың қыз-келіншектерінің шаштарына сылдырмақты шолпы тағуына «адам жанына зиян келтіретін бәле-жалалар жоламасын» деген сенім-түсінік те өз әсерін тигізбей қоймаған[4, 106-б.].

Бойжеткен қыз баланың жүрісін,қимылын түзеу үшін қоңыраулы шолпыны бұрымына таққан.Содан қоңыраулы шолпы таққан қыз бала үй арасында жүргенде,жүгіргенде, күлгенде ол сыңғырлап дыбыс беріп,үйдегі үлкендер қалжыңын қойып,әдеп сақтаған, бойжеткен жұрт назарын өзіне аударғанына ұялып,жүгіріп,секіруін тиған.

«Шолпы» деген ұғым балықтың cудағы секіріп,ойнағанынан шыққан сияқты.

7_07_1_kaz

Жас қыздар мынандай шолпы таққан:

1.Үзбелі шолпы;

2.Қос үзбелі шолпы;

3.Маржанды шолпы;

4.Меруертті шолпы;

5.Ақық шолпы;

6.Қоңыраулы шолпы;

7.Тізбелі шолпы;

8.Сағат баулы шолпы;

9.Қозалы шолпы;

10.Сылдырмақ шолпы;

11.Көзді шолпы;

12.Алтын шолпы;

13.Күміс шолпы.

Шашқап.Қазақтың ескі салтында бойжеткен қыздар мен жас келіншектер

шаштарына шашқап киетін болған. Шашқапты қыз-келіншектер жүн сабау, киіз басу, ши тарту, жүк арту, үй тігу, мал сауу жұмыстарына араласқан

кезде киген.

Ол шашты,бұрымды шаң-тозаңнан,күн көзінен қорғайды, сәндік бұйым ретінде қолданылады. Оны мақпал,шұға,барқыт,мауыты тәрізді көк,қызыл түсті маталардан бұрымның ұзындығы мен жуандығына орай пішіп,тігеді. Шашқаптың жоғарғы, төмен жағынан ою-өрнекпен безендіреді, зер, оқа моншақтарымен сәндейді,кейде оған маржан, меруерт,күміс шеттіктер тағады.

Шаштеңге. Шолпының күміс,алтын теңгелерден тізбеліп жасалған түрін шаштеңге деп атайды. Шолпы мен шаштеңге шашбауға немесе бұрымның ұшына тағылады. Шаштеңге таққан қыз-келіншек мезгілсіз

жүрмеуге тиіс. Өйткені күміс сыңғыры қыз-келіншектің мезгілсіз жүргенінін хабар беріп, «айтып»қояды.

Қыз-келіншектің арқа тұсындағы шаш өріміне таққан әшекейдің аты-әшекейлі арқалық, шүйдеге тағылған әшекейдің аты-жетерлік.

«Шекеде кәмшат бөрік, киген асыл,

Сылдырлап алтын шолпы,иықта шаш».

_ikms





Жемелек. Шашқа тағылатын бұйымның тағы бір түрі – жемелек. Аталған сөзге «өрілген бұрым ұшын бекітетін жіп, лента»,«шашбау, әйелдердің шашына тағатын бау»[ҚТТС; 4-т.] деген түсініктер берілген. Ертеде Маңғыстау қазақтары өз салттары бойынша әйелдердің шашына түйенің қара шудасын қосып өрген. Осылай өрілген шаштың атауы – жемелек (жебелек).  «Жемелек» сөзін көбінесе Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары қолданады. Аталған сөзге тек диалект ретінде қарау теріс сияқты, байқағанымыздай, жоғарыдағы сөздердің үшеуі де өрілген бұрым тарқатылып кетпеу үшін шаштың ұшына байланатын, бекітілетін бұйым; айырмасы – шолпы, шашбауға алтын, күміс тиындар қадалатын болса, жемелек – ондай қымбат әшекейі жоқ қарапайым ғана жіп, бау. Түркімен тілінде желемек – шашқа тағылатын күміс әшекей. Өзбекстандағы қазақтардың тілінде желемек – өрілген шаштың ұшына тарқатылып кетпеу үшін жалғанатын жіптен ширатылған әшекейлі шашбау.

Бұрындары қалыңдықтың шашына тағатын түрлі тағымдардың түсі өмір мен байлықтың символы қызыл түске боялған.



... Сөйтсе, қос бұрымы біресе белінің бергі жағына аунайды, біресе арғы жағына ойнайды. Қымбат шолпы тағынбай, жіптен ескеншашбауы  жемелегі еркелеп Балбастаудың балағына оралар балдыр болып ойнайды (М.Байғұт. Жемелек).


1.4 Шашқа байланысты ырымдар

Жүкті әйел шашын кеспейді. Өйткені, мұндай қылықтан бақ таяды, іштегі баланың бақыты сөнеді, кемтар туылады, қол,аяғы қысқа болады деп ырымдалады.

Қазақтар ұстарамен алынған, қайшымен қиылған, түсіп қалған шашты жинап алғанымен, далаға тастамайды, жерге көмеді. Құс шашты ұясына салса, бас ауруға шалдығады, бас айналғыш болады, ұмытшақтық, жеңілтектік дертке шалдығады.

Тырнақ пен шаш бейсенбі, жұма күндері алынуға тиісті. Түнде де тырнақ пен шашты алмайды. Себебі, адамның жаны түнде тырнаққа ілініп тұрады екен. Ал түнде шаш алу бас алумен бірдей деп жорылады.

Қазақ әйелдері өздерінің шашын жауып, басына салып жүрген арнаулы жаулығын басқаларға бермейді. Олай істесе, басындағы бағы басқаға көшеді.

Қазақта балаға кекіл қояды. Шашын тегіс ұстарамен қырып тастайды да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырады. Жиегін тегістеп қояды. Ол кекіл деп аталады. Кекіл баланы ажарландырады. Соған орай баланы еркелетеді. Аттың да маңдайындағы бір шоқ түгін кекіл деп атайды. Кекіл баланы тіл-көзден, сұқтан қорғайды, пәле-жаладан қағады.

Баланың төбе шашын ұзын өсіріп, моншақ араластырып өріп қояды. Бұл «Айдар» деп аталады. Айдарлы адам айбарлы көрінеді, оған тіл-көз тимейді деп саналады.

Емшектегі баласы бар әйел жалаңбас отырып баласын емізбейді, орамал тартады. Жалаңбас емізсе, шашының қайызғағын шайтан баласының аузына салып жібереді, бала есейгенде мәңгүрт болады, анадан безеді, басына шығып, аяқ асты етеді деп ырымдайды.

Баланың қарын шашын алған соң тастай салмай, сақтап қояды. Бала қырқынан шыққанша, жеті ай толғанша әлсіз болады. Сондықтан бір тал шашын тастамай, сақтаукерек.



  • Әйелдер тектен–текке шашын жайып жіберіп жыламайды,дауыс қылмайды.Бұрындары күйеуі өлген әйелдер ғана солай істейтін.

  • Қыз-келіншекті шашын жұлып,сабамайды. Бұл олардың басынан бағын тайдырып, шаңырақтың ырыс-құтын қашырады.

  • Бұрымды кеспе бойжеткен.Халқымызда: «Бұрымыңды кескенің-ақылыңды кескенің», «Бұрымыңды кескенің-өмір жолынды кескенің»деген ғибратты сөздер бар.

  • Ақ шашты әжелеріміздің айтуынша, бойжеткен кімге бұрымын кестірсе, соның тағдырын басында қайталап өткізеді. Егерде бұрымын кесе қалса, оны таза шүберекке орап, адам баласының табаны тимейтін жерге апарып көмуге тиісті. Өйткені, бұрым-бойжеткеннің ана құрсағынан өзімен бірге келе жатқан жолдасы, қарын-шашы.

1.5Шаш туралы эфсаналар

Әпсана – Бұл терминді орыс, Еуропа әдебиеттерінде қалыптасқан "легенда" (лат. legenda) - ұғымының баламасы ретінде қазақ фольклортануына С.Қасқабасов енгізген. Халықтың наным-сенімінен, арман-қиялынан туған прозалық жанрдың бірі, шындық пен қиялдың элементтерін пайдалана отырып, белгілі бір тарихи оқиға немесе атақты тұлға, я болмаса топоним жайында көркемдей баяндайтын әңгімелер.
Халқымызда шаш туралы эфсаналар көп. Өзге ұлттарда да шашқа қатысты болжамдар аз емес. Әсіресе, шаштың түсіне байланысты пікірлер, тұжырымдар өте қызықты. Шашының түсі қандай болса, иесі қандай адам, біз енді сол жөніндегі зерттеушілерің пайымдауларына тоқталсақ. 
1. Қара шаштылар – қызу қандылар, қайратты адамдар.
2. Қоңыр шаштылар – елгезек, әсершіл, өз ойы мен эмоциясын жасыра алмайтындар.
3. Қызыл, алтын сары шаштылар – ақылды, мәдениетті, көпшіл, айлакер, кекшіл адамдар.

  • Ел ауызында бұрымын кескісі келген бойжеткенге байланысты талай-талай аңыз-әңгіме бар:

  • Бір қыз бала тобығына дейін түскен қолаң шашын кеспекші болып қолына қайшы -сын алғанында мынадай оқиғаларды ап-анық көреді:

  • Бұрымын кескен күні әкесінің бұл өмірмен қоштасатынын;

  • Бұрымын кескен күні өмір жолының кілең сәтсіздіктен басталатынын;

  • Бұрымын кескен күні ешкімнің оған алғыс айтпайтынын,одан түңіліп теріс айналатынын;

  • Бұрымын кескен күні жігіттердің одан безіп,онымен ешқайсының таныспайтынын, жапанда өскен жалғыз ағаш сияқты сыңарсыз қалатынын...

  • Осы көріністер оған аян бергендіктен,бойжеткен бұрымын кесуден бас тартады. Сол сәттен бастап оның өмірі қуаныш-қызыққа толып, бақытты тұрмыс құрады,үбірлі-шүбірлі, дәулетті отбасының анасы болып,қосағымен қоса ағарады.

  • Аңыз-әңгіме болса да, оның негізі-ақиқат екеніне күмәніміз жоқ,

  • Бексұлтан Нұржекенің жазуынша, ертеде түркілер Қытайда жібек матасының қалай жасалатынын білу үшін пысық бір жігітті сапарға шығарады.

  • Ол барған жерінде қолаң шашты бір қызға үйленеді де,оның шашын ұп-ұсақ қырық өрім етіп өргізеді. Сөйтіп,әр өрімнің түбіне бір,ұшына бір жібек құртын тығып,сексен жібек құртын Қытайдан алып шығып, еліне әкеледі. Осылайша түркілер бұрымның көмегімен жібек мата жасаудың құпиясын ашады.Аңыз-әңгімеге сенсек,содан бері түркілер де қыз-келіншектер бұрымын ұсақ-ұсақ етіп өрген,ол ұлттық салт болып қалыптасқан. Негізінен көшпелілердің қыздары шашын жұп етіп өрген. Этнограф-жазушылардың айтуынша, бұрымның жұп болатын сыры: бір жағынан бұрымның әрі ұзын,әрі тоқ екендігін көрсетіп көзді сүріндіру,көргендерді тамсандыру.Екіншіден, қыз жұбайлы,яғни жұптасып өмір сүруге тиісті.Бұрымның бірі-өзінікі болса,екіншісі-болашақ жарынікі. Жасыратыны жоқ, кейбір ақ шашты әжейлер: «Бұрымы көп болса,күйеуі де көп болады»-деп,қос бұрымнан артық бұрымды жақтырмаған. Алайда қазақ сыңар бұрымды қаламайды.

  • Қазақ қызы жаугершілік заманда қанжармен шашын тарап,шашын төбесіне тарақтай түйіп,ерлермен бірге атқа қонып,елін қорғағанымен, 1941-1945 жылдардағы соғыс кезінде майданға аттанғанда бұрымдарынан амалсыз айырылуға мәжбүр болды. Солардың бірі Шығыстың шолпаны-Мәншүк Мәметова еді. Оның бұрымынан айырылған алақайғысы туралы ақын Дүйсенбек Қанатбаев тіпті,былайша жырлайды да;


Айқасқа барам өліммен,

Қайтемін жалғыз бас қамын.

Бұрымымды төгілген,

Туған жер саған тастадым.

Шашымды мақтап айтса наз,

Қинап ем жігіт талайын.

Тоқташы,сәл-пәл,шаштараз.

Айнаға қарап қалайын...

Шақырып апат гүрілі,

Майданда жатты ұйып қан

Арудың әсем бұрымы,

Кесіліп түсті иықтан!

Қара жер бетін қан қылып,

Окоптан талай тұрмады.

Ұйқыда қазір мәңгілік,

Батыр қыз майдан құрбаны.

Омырауын оқ тесіп,

Қиса да сол қыз ғұмырын

Жүргендей әлі от кешіп,

Қия алмай қара бұрымын!.[2]



1.6 Шашқа арналған әндер


Алтынбек Қоразбаев ағамыздың мына өлең жолдарынан заманымыздың көрікті ұзын шашты қызы елестейді:


«Сыңғыр шолпы шашбаулым,

Жарасады таққаның.

Осы сәнің тұрғанда ,

Қаламаймын басқаны.

Қүйіншілер жеңгелер ,

Шашбаулы қыз келді деп»


Сол сияқты «Арна»тобының орындауында жүрген «Сенің қою қара шашың»әні сағындырған қыздың бет бейнесін береді. Әнші-сазгер Марат Омаров пен Құдайберген Қазыбаевтің «Қыз сыны»,Р.Тайманов пен Ысрайл Сапарбаевтің «Қазақ қызы»әндері сұлулық,нәзіктік символы ретінде бұрымды қыздарды үлгі еткен.














Зерттеу бөлімі


2.1.Шашым – менің мақтанышым



DSC_0223



Мен шашымды өте кішкентай кезден бастап өсіріп келемін. Менің қарын шашым алынғаннан бері қиылған емес.Тек 1-2 айда шашымның ұшын ғана сәл қиып отырамын.Ол шаштың дұрыс бұзылмай өсуіне жақсы әсер береді.

Шашты қалай дұрыс жуу керек?Ең алдымен әрі-бері тарау керек,сол кезде шаш қатыруға арналған лактар мен гельдер түседі.Шаштың типіне байланысты сусабындарды дұрыс таңдай білу керек.

Шашымды аптасына екі рет жуамын.Тек қана балаларға арналған сусабынмен жуынамын.Ол «Кішкентай ханшайым»деп аталады.Сол сусабын шашты ұйыстырмай тарауға көмектеседі.

Шашты жуғаннан соң 3 есе артық сумен шаю керек.Жақсы шайылған шаш кепкеннен кейін жылтырап тұрады.Дұрыс шайылмаған шаштағы сусабын оның түрін бұзады.

Шашымды жуып болған соң, бос жіберіп еркін кептіремін.Фен қолданбаймын, себебі ол шашты шамадан тыс кептіріп, шашқа зиянын тигізеді.

Күнде мектептен келген соң, шашымды бос жіберемін. Себебі шаш арасына ауа кіру керек.Шашымды әр түрлі бағытта тараймын.Сол кезде бастың қан айналымы жақсарады. Өзімде жақсы әсер аламын. Мен ағаштан жасалған тарақтарды пайдаланамын.

Ұйықтар алдында шашымды тарап,бос өріп жатамын.

Ұзын шаш өзіме өте ұнайды ,себебі неше түрлі етіп өруге, жинап түюге, шашқа арналған әшекей –бұйымдарды тағуға болады.


2.2.Сыныптас достар пікірі


Өз зерттеу жұмысымды сыныптастарыммен де бөліскім келді.Осы мақсатта ұстазым екеуіміз мектептегі 2-сыныпта оқитын ұл балалардан жабық анкета алдық.Ұл балалар жауаптарын сараптап мынандай кесте құрдық.



Сұрақ

Ер балалар саны

Ұзын шашты қыздар ұнай ма ?

2 «а»-11ұл

2 «ә»-8 ұл

иә

жоқ

білмеймін

иә

жоқ

білмеймін

9

-

2

6

-

2


Ұзын шашты қыздар ұнай ма?-деген сұрақты 2-сынып ұлдарынан сұрағанда:

2 «А»сынып -9 «иә», 2 «Ә»-10 «иә» барлығы:19 ұл баланың 15-сі «иә»деп жауап берді. Ұзын шашты қыздарды барлық 19-ұлдың 4-уі ғана білмеймін деп жазған. Яғни, ұзын шашты қыздарды біздің сыныптас ұлдар да ұнататыны белгілі болды.

Мектептегі қатарлас құрбы қыздар арасында ұзын шашты қыздарды санап, мынандай кесте құрдым:


Сынып

Барлығы

Ұзын шашты қыздар

Қысқа шашты қыздар




2 «А»

12

12

-

2 «Ә»

18

18

-

барлығы

30

30

-


Бұл кестеге сүйенсек ,барлық 20 қыз баланың барлығында шаштары ұзын екен. Шашы қысқа қыздар мүлдем жоқ. Сонымен барлық 2 сыныпта оқитын қыз балалар ұзын шашты ұнатады.


2.3 Ұзын шашты қыздар арасында өткізілген сән үлгілері.


Келесі зерттеу жұмысымды мектептің ұзын шашты қыздар арасында өткіздім.Бұл зерттеу жұмысымның мақсаты:Ұзын шашқа қандай сән үлгілерін жасауға болады?

Осы орайда ұзын шашқа неше түрлі сән үлгісін жасауға болатынын және осы сән үлгілері қыздарға ерекше сән беретіні анықталды.F:\103CANON\IMG_0318.JPG

F:\103CANON\IMG_0341.JPGF:\103CANON\IMG_0337.JPGF:\103CANON\IMG_0346.JPGF:\103CANON\IMG_0364.JPGF:\103CANON\IMG_0319.JPG


Ең ұзын шашты қыз.


Зерттеуімді өз мектебіміздің барлық қыздарының шашын салыстырумен аяқтағым келді.Мектебімізде барлығы ? қыз бар.Оның арасында ? қыздың шашы ұзын.Бұл дегеніміз барлық қыздардың ішіндегі ұзын шаштылар %.Ең ұзын шашты қыз.... сынып оқушысы... .Оның шашының ұзындығы ...см,қалыңдығы...см.

Бұл жұмыстың нәтижесінде ұзын шаштың әлі де сұлулық символы ретінде есептелетініне көз жеткіздім.





































Қорытынды


Зерттеу жұмысымды қорытындылай келе шаштың қыз балаға үстеме сұлулық пен нәзіктік беретініне көзім жетті.

  1. Шашқа тағатын ұлттық әшекейлермен танысып, олардың жинағы жасалады.

  2. Халқымыздың шашқа байланысты туған ырымдарымен таныса отырып, өзімізге келешекте есте ұстайтын салт- дәстүр түрін жинадым.

  3. Шаш күтіміне байланысты өзімнің тәжірибеммен бөлістім

  4. Сыныптастарымның пікірлерін тыңдадым,өзіндік сараптама жасадым.































Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. С.Кенжеахметұлы«Жеті қазына» Алматы: «Ана тілі» ЖШС

  2. Д.Қанатбаев «Бұрым» өлеңі «Қазақ әдебиеті»газеті

  3. Б.Әлімқұлов,Е.Әдіроманов «Әдеби этнографиялық таным» Алматы «Санат»

  4. Толыбаев Қ. Бабадан қалған бар байлық. – Алматы: «Қазақстан» баспа үйі – 2000. – 256 б.

  5. М.Сүлеймен«Астана айнасы» газеті 2009 ж.

  6. Қазақ тілінің терминологиялық сөздігі 4 том

  7. «Әндер жинағы» Алматы «Аруана»

  8. Интернет желісі


















Автор
Дата добавления 27.09.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров2255
Номер материала ДВ-012984
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх