Инфоурок Математика Другие методич. материалыҒылыми жоба. Киелі сандар сыры

Ғылыми жоба. Киелі сандар сыры

Скачать материал

КИЕЛІ САНДАР СЫРЫ

 

Нұррсалимова  Жансая

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

 М.Хакімжанова атындағы №20 орта  

мектебі» ММ   7 «ә» сынып оқушысы

 

Жетекшісі: Искакова А.К.

№20 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі

 

Жобаның негізгі мақсаты:

Сандар сырына  тереңіне бойлап, киелі  сандар жайы мағұлматтарды,    көпшілік қажеттілігіне жарату.

 

Жобаның міндеттері:

     Қасиетті сандармен танысу.

     Қасиетті сандардың  қазақ халқының  өмірінде алатын орнын түсіндіру.                                                                                                                                                

     Әрбір киелі сандардың сандар  қатарында  орнын көрсету.

     Сандар туралы  басқа  халықтарда  кездесетін  нанымдар.

     Болашағыңды болжай біл! Тағдыр саны қалай есептелінеді?

 

       «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп Елбасының халыққа арнаған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарағанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Өз ұлтының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ.

      Ұлы ғалым Пифогор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену - сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңыз екенін жоққа шығара алмаспыз.

  Әлемдегі  алты миллиардтай  халықтың әрқайсысының сонау ерте  заманда дүниеге келіп, тілі  шыққалы, әсіресе, адам баласы қоғамы,  жекеменшіктік «менікі, сенікі, онікі» сөздері пайда бола бастағаннан бері жан баласын, мал басын, табысын,  шығынын есептеп, санай білген.   Сандар елдің, халықтың тек экономикалық,  шаруашылық  хал-жағдайы емес,  олардың саяси,  мәдени, рухани,  ғылыми тіл байлығының да өсу, даму процесін білдіреді.

Ежелгі түркі  халықтары туралы айтар болсақ, түркі халқының күн көрісі, өмірі малмен өлшенгенін білеміз. Көне түркілер әуелде табиғи сандарды меңгеруді басқа халықтар сияқты ұзақ уақыт бастан кешкен. Бір санын үйрену үшін саннан бұрын заттың белгілерін, қасиеттерін салыстырғанын олардың бізге жеткен  халық педагогикасынан-ақ байқаймыз.  Мысалы, Ай, Күн – біреу, өзі де біреу. Осы бір санның сөздік баламалары – жеке, дара, жалғыз, сыңар, жалқы, саяқ деген ұғымды білдірген. Екі санын да осы тәріздес меңгерген, ол санның сөздік баламалары – жұп, қос, егіз болса, жұптан тұратын ұғымдар – екі көз, екі құлақ, қол мен аяқ болған. Сонымен бірге сан, сансыз, қыруар, көп, мол деп санауға болмайтын заттарды атаса, ол заттардың ең кішкентай бөлшектерін кішкентай, титімдей, бір тамшы, бір мысқал, құйтымдай десе, енді бірде жазықтарды – даладай, ат төбеліндей, түйнектей, алақандай десе, судың мөлшерін – терең, таяз, бөлшек ұғымдарды – жарым, жарты деген.

Әлемдегі бүкіл түркі халықтарының отаны – Ұлы дала, ол даланың иесі – көне түркі елінің шаңырағын шайқалтпай отырған қазақ елі. Түркілер саудадағы айырбас кезінде өз дене мүшелерін жиі қолданған екен. Мысалы, бір қарыс, сүйем, кере қарыс, табан, бір елі, екі елі, бір шымшым, бір шумақ. Міне, осы өлшемдер бойынша, матаны – шынтақ, бой, ал ұзындықты – шақырым, бие сауым, сүт пісірім, ет асым жер, көз көрім жер деп уақытты ұзақтығын өздерінің күнделікті тұрмыстарынан алған.

Сандар адам баласының ертедегі өмірінде уақыт өлшемі, көлемдік өлшемі жағынан ерекше қызмет атқарған. Мысалы, о баста бескүндік апта, бертін келе жеті күндік апта болған. Сан есімдердің фразеологиялық бірлік жасаудағы деңгейі бірдей емес. Біріншіден, есептік сан есімдер жиі қолданылады.  Екіншіден, сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын «төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.

Әр ұлт халқы сандарды тек сандық ұғымда қолданбай, оларға өзінше киелі мән берген. Сандық  символдардың сырын тек сандық тұрғыдан емес, сол халықтың жаратылыс болмысына, өмірге деген философиялық көзқарастарына, діни наным-сенімдеріне және олардың материалдық мәдениетіне терең үңілгенде ғана ашуға болады.  

Қазақ киеге үлкен мән берген халық. Табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген. Сондай-ақ қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3,4, 7, 9, 40» сандар тізбегін  өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым - тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады.

 3 саны.  Жалпы түркі халықтарында, соның ішінде қазақ халқында үш саны қасиетті болып есептелінеді. Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл. Үш жүз: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз. Үш құсты аққуды, қарлығашты, байғызды өлтіруге болмайды. Үш адамның ниеті бұзық өтірік айтатын, сөзінде тұрмайтын, аманатқа қиянат жасайтын. Адам Атаны жаратқанда жіберген үш қасиет ақыл, ұят, сабыр. Үш нәрсенің үш нәрсесіз болуы: басы бар, ақылы жоқ іс, ғылымы бар, амалы жоқ іс, байлығы бар, қайырсыз іс қылушы. Қазақтың үш биі Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би. Ел басқарған, азулы сөздер айтып, ел арасындағы дау-дамайларды шешіп отырған қазақтың үш биі. Аптаның үшінші күні, яғни сәрсенбінің сәтті күні деп сапарға шығатын болған. Осы күні басталған істің бәрі де сәтті болады

4 саны.  Қазақта төрт құбыласы сай, яғни «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген мәтел екеуінің мағынасы бір болып келеді. Ертеде бұл сан тұрақтылық пен беріктілік, әділдіктің белгісі болған. Ол шаршы болғандықтан, әлемнің төрт бұрышын, жылдың төрт мезгілін, табиғаттағы төрт құбылыс – от, жер, су, ауаны білдірген. Төрт аяғы тең жорға, төрт тұрманы түгел сай деген сандық мәндер арқылы айтылатын ұлағатты ұғымдар бар. Төрт кітап:  Мұсаның кітабы – Таурат, Дәуіттің кітабы – Забур, Исаның кітабы – Інжіл, Мұхаммед пайғамбардың     кітабы – Құран. Төрт асыл: иман, намаз, ілім, мейір-шапағат. Төрт дария: Ніл, Фират, Жейхун (Амудария), Сейхун (Сырдария). Сонымен бірге дүниеге жаңа келген нәрестенің тағдырына жақсылықты, жамандықты, ырыздықты және өмірді жазған.

Төрт түлік  мал, яғни қой мен ешкі, сиыр, жылқы, түйе. Төрт түлік мал қазақтың бірден-бір күн көріс көзі болып табылған. Қазақ халқының өмірін төрт түлік малсыз елестету мүмкін емес.

5 саны.  Жоғарыда айтылған төрт бастаманың ортасында орналасып, жан-жағын басқарып тұрады. Қазақта бес нәрсені баянсыз – бұлттың көлеңкесі, еңбексіз келген байлық, қоқақтың достығы, жалған мадақ, опасыздың махаббаты деп түсінген. Қазақ халқы тілді, дінді, тарихты, дәстүрді, атамекенді бес анық деп атаған.

Абай атамыздың өлеңінде «Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой, Бес асыл іс көнсеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ, Бес дұшпанды білсеңіз » деп, бес саны жайлы айтып кеткен.

Айналадағы болатын барлық құбылыстар мен өзгерістерді қадағалайды деп саналатын негізгі бес планета бар – Меркурий, Венера, Марс, Юпитер және Сатурн. Жер бетінде бес негізгі элемент бар – су, металл, от, ағаш және топырақ. Адамда бес негізгі сезім мүшесі бар.

6 саны. Қазақта адамның күнделікті өмірде алты парызы бар. Біріншісі: адамдардың бір-біріне сәлем беруі, екіншісі шақырса бару, үшіншісі кеңес сұраса – ақыл қосу, төртіншісі кез келген адамның сұрағына жауап беру, бесіншісі ауырып қалған адамның көңілін сұрау, алтыншысы қайтыс болған адамның жақындарына көңіл айту. Ақыл, білім, жомарттық, әділдік, шыншылдық, кең пейіл – адамның алты асқары. Алты саны дүниенің жаралуын білдіреді.

7 саны. Қазақтардың таным-түсінігінде жеті санының алар орны ерекше. Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі, соның ішінде қазақтар ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаған. Біздің ата-бабаларымыз жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң жүйелерін жеті санымен сәйкестендірген. Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады.

Жеті қазына – қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі. Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады: жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездік.   «Жеті ырысқа» мыналарды жатқызады:

1) адамның ақылы, ой-санасы. Өйткені, адамзат ақылы, ой-санасы арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп ерекшеленеді, әрі дүниенің қожасы болады;

2) денсаулық, яғни дененің саулығы. Денің сау болмаса, дүниенің барлығынан не пайда;

3) ақ жаулық, яғни үйдегі әйел адам – ердің жары, балаларының анасы. Халқымыз ежелден «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» деп, әйелді тіршілік иесі, адам өмірін жалғастырушы деп қастерлеген;

4) бала. Бала – адам өмірінің жалғасы, қуанышы;

5) көңіл. Көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ пен береке орнайды;

6) жер. «Жерсіз – ел тұл, ерсіз – жер тұл»;

7) ит. Ол әуел бастан-ақ адамның сенімді серігі, қорғаушысы іспетті болған.

Ал ислам аңызы бойынша Жеті қазынаға мыналар жатқызылады:

1) Қыдыр (Қызыр). Ол өзі ұнатқан адамдарына ғана дариды. Қыдыр дарыған адам байлыққа кенеледі деген түсінік бар;

2) бақ. Ерекше жаратылған құдірет иесі. Бақ дарымайды, қонады. Бақ қонған адам ел мен жерге қожалық етеді;          

 3) ақыл. Ақыл – байлық пен бақыттың тірегі;

4) денсаулық. Деніңізде саулық болмаса, өміріңізде сән де, мән де болмайды делінеді;

5) ақ жаулық. Дін аңыздары бойынша, Алла адамды топырақтан жаратып, жан берген соң, адам ұрпағын тарату үшін оның сол жақ қабырғасының біреуінен Хауа Ананы жаратқан;

6) тұз. Тұз – Алланың адамдар мен жан-жануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені;

7) ит. Адам мен Хауа Ананың алғашқы серігі, қорғаушысы.осы айтылған ислам аңызындағы Жеті қазына Алланың кереметімен ғана болып отыр.

Аптаның жеті күні. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Құдай бірінші күні жарықты, екінші күні аспанды, үшінші күні жерді, төртінші күні Күн, Ай және жұлдыздарды, бесінші күні балықтар мен құстарды, алтыншы күні аңдар мен адамдарды жаратқан, жетінші күні дем алған деген діни аңыздар бар. Аңыз әңгімелерге сүйенсек бұл әлемді жаратуға арналған жеті күн деп аталады.

Табиғаттың  керемет  туындыларының бірі – кемпірқосақ. Кемпірқосақ күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасында пайда болады. Біз неге кемпірқосақ туралы әңгіме қозғадық, себебі кемпірқосақ жеті түстен тұрады екен. Олар: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін.

Жетіқарақшы (лат. Ursa Major) – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Оның 1,8 көрінерлік жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыздары – Алиот пен Дубке. Жетіқарақшының жарық жеті жұлдызының сыртқы пішіні шөмішке ұқсайды. Және оның шеткі екі жұлдызы (α және β) бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады. Түнгі күзеті көп мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ халқы түні бойы батпай Темірқазықты шыр айнала қозғалатын Жетіқарақшыны Жер тараптары мен түн мезгілдерін айыруда жиі пайдаланған.

Жеті қат көк – қазақ халқының көне заманнан келе жатқан мифологиялық түсініктерінің бірі. Айқын мифтік мәнге ие бола тұра бүгінгі қазақ тілінде «шықау биік, шексіз аспан» дегенді білдіретін жай ғана астарлы, орнықты сөз тіркесі ретінде сақталып қалған. «Жеті қат көк» ұғымының үш мағыналық сипаты бар. Біріншісі, мұсылмандық мифологияда аспанның жеті қабаты болып түсіндірілетіндігі. Алла тағала аспанды жеті қабаттан тұратын етіп жаратқан, бұл туралы Құран Кәрімде: «Алланың жеті аспанды қабат-қабат жаратқанын көрмедіңдер ме?» (72-сүре, 14-аят), Алла тағала аспанға «айды нұр, күнді шам қылды» (72-сүре, 15-аят) деп айтылады. Екінші кітаби түсіндірме бойынша «Жеті қат көк» дегеніміз – жалпы мұсылмандық астрономиялық танымдағы белгілі жеті жұлдызға байланысты атау. Олар – Ай, Меркурий (Ғұтрад), Шолпан (Зуһра), Күн, Марс (Миррих немесе Қызыл жұлдыз), Юпитер (Мүштари), Сатурн (Зұхал). Үшінші мағынасы ежелгі түркілік мифологиялық түсінікке негізделеді, бірақ ол кейінгі мұсылмандық ұғымдардың астарында қалып қоюына байланысты, толықтай ұмытылып кеткен. Ол түсініктердің қандай сипатта болғандығын басқа мифтік дәстүрдегі, ең алдымен түркі, моңғол мифологиясындағы аспан қабаттары туралы аңыздарға қарап аңдауға болады. Аспан әлемін үш, жеті, тоғыз қабатты етіп көрсету жер бетіндегі халықтардың басым көпшілігінің мифологиялық дәстүріне тән.

Жеті ата – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентай кезінен жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақ бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Ағайындықтары жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толғанның өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған. Ататек атаулары: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Бұдан әрі туыстық атаулар: жүрежат, туажыт, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Соңғы түйіндеуші буын, әдетте, ру есіміне тіркеледі. Немесе, керісінше, руынан бастап сатылап  өз әкесіне яки өзіне дейін таралады. Өз ата-бабасын, жеті атасына дейін білу әрбір азамат үшін міндет болған және сол білігі арқылы ол өз халқының дәстүрін жалғастырған. Мұның өзі қазақтардың этнографиялық ерекшеліктерін танытады, әрі оның қиын-қыстау кезеңдерде тегінен көз жазып қалмауына және басқа халықтармен ассимиляцияға түспеуіне себепші болады.

    Жеті жарғы – Тәуке хан (1678-1781) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы. ХҮІІ ғасырдағы кейбір хан, сұлтандардың өз иеліктеріндегі ұлыстарды жеке-дар билеуге ұмтылушылығы Қазақ хандығының ыдырау қаупін тудыруына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салады. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқандәстүрлі әдет-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында «Тәуке ханның Жеті жарғысы» деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Ол ХХ ғасырдың басына дейін қолданылып келді. «Жеті жарғы» деп аталуы Тәуке ханның бұрынғы заңдарға енгізген жеті өзгертуіне байланысты дейтін тұжырым бар. Ол жеті өзгеріс мынадай:

1. «Халықтың ханы, сұлтаны, әзіреті қастандықпен өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».

2. «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлсе, олардың әрқайсысына екі кісінің құны төленсін».

3. «Сырттан кірген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан, ат біреуді теуіп өлтірсе, бүтін құн, үйдің жапсарына байланған ат теуіп өлтірсе, жарты құн, ал үйдің артына байланған ат теуіп өлтірсе, тек ат-тон айып тартады».

4. «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келсе, қол жұмсаса, онда ол баланы ата-ана өлтірсе де ерікті, сұраусыз болады».

5. «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) қара сиырға не қара есекке теріс мінгізіп, мойнына қара құрым іліп, ауылды айналдыру керек».

 6. «Құйрық-бауыр жесіп, құда болған соң ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалыңмал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалыңмалы беріледі».

 7. «Ұры айыр түйеге нар, атқа аруана, тайлаққа атан, тайға ат, қойға тана төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».

 Әрине, бұл жеті өзгерістен басқа да «Жеті жарғыда» жер дауы, отбасы, неке заңы, қылмыс пен құн дауы, куәлік ету, ант беру, тонаушылық және тағы да басқа жағдайларға, рәсімдерге байланысты әдет-ғұрып, заң шаралары өз көрінісін тапқан.

Жеті жұт. Бұлар: құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс, топан су, зілзала (жер сілкіну).

 Жеті жоқ: жерде өлшеу жоқ, аспандай тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, Аллаһта бауыр жоқ, жылқыда өт жоқ.

 Жеті жетім: тыңдамаған сөз жетім, киюсіз тозған бөз жетім, иесіз қалған жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, аққу, қазсыз көл жетім, жерінен айырылған ер жетім, замандасы қалмаса бәрінен де сол жетім.

 Жеті ғашық. Халықтың ән-жыр эпостарында жеті ғашық мынадай екі нұсқамен беріледі: а) Ләйлі-Мәжнүн, Жүсіп-Зылиха, Фархад-Шырын, Тахир-Зухра, Арзу-Қамбар, Уәлик-Ғарра, Уәки-Күлшаһ; ә) Ләйлі-Мәжнүн, Жүсіп-Зылиха, Фархад-Шырын, Баһрам-Күләнда, Сейпілмәлік-Бәдіғұл, Бозжігіт-Анула, Зияда-Хорлы. Сондай-ақ, Исләм дінінің  бірінші  талабы бойынша жасы  жетіден асқан мұсылмандар үшін бес мәрте намаз оқу парыз. Тұрмысқа шығатын қазақ қыздарының сәукелесі жеті  нәрседен тұруы шарт.

Ақыртас жөніндегі аңыз бойынша, аса зор денелі де күшті құрылысшы кетпенімен жеті жерге тастаған тапырағынан жеті төбе  пайда болған. Ал, «Алпамыс батыр» эпосында Байбөрі мен Аналық бір бала  көтеру үшін дүниенің  жарымын аралап, жеті  әулиенің  зираттарына түнеп жүріп армандарына  жеткен...

9 саны.  Тоғыз саны араб елінен дінмен байланысты енген тәрізді. Сондықтан халқымыз: "Тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру", " Тоғыз әйелдің толғағы бір күні келіпті", "Тоғыз жолдың торабы", "Тоғыз қабат торқа қию","бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз (үйленгендегі ырым) сөздері тегін шықпаған болу керек.

 12 саны.  Он екі саны да - халқымыздың құрметтейтін саны. Қазақ күнтізбесі бойынша он екі айға арнайы жәндіктер мен хайуанаттардың аты берілген. Олар:  тышқан, сиыр, балық, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Осындағы он екі жылды бір мүшел, қауіпті жас деп, оны адамдар атап өтуі де тегін емес. Он екі сөзімен байланысты "он екі мүшең сау болсын", "он екіде бір нұсқасы жоқ"деген сөздер де айтылады.

40 саны.  Халқымыздың қасиет тұтатын тағы да  бір саны - қырық. Нәрестенің мойны бекіп, қырық күн толғанда "Қырқынан шығару" деген ырымы бар.  Өлген адамның "Қырқын беру" дәстүрі де бар. Халқымыз келген қонақты "Қырықтың  бірі - қыдыр" деп қарсы алу т.б. сенімдер, ырымдар "қырық" сөзімен байланысты. Мейлі сенейік, мейлі сенбейік,  бұл сандарда бір құпия  сыр жатыр. Бір жақсысы, қазақта «жаман сан», «қатерлі сандар» деген ұғым жоқ.  Қазақ не айтса да жақсыға жорып айтады. «Халық қалт айтпайтын» болуы керек...

 

Басқа халықтарға тоқталайық. Қытайлықтар төрт санынан қорқады. Мәселен, қазір Шанхай көшелерінде нөмір белгісінде «үрейлі» 4 саны бар көліктердің жүруіне тыйым салынған. Сынақ тапсыратын студенттер емтиханда «4» деген  баға алғаннан гөрі, «құлап қалғанды» тәуір көреді екен. Өйткені төрт алған студенттің әрі қарай да жолы болмайды деген сенім қалыптасқан.

Ал енді христиандарда 13 санын жек көрмек түгілі, орта ғасырларда бұл санды дауыстап айтуға тыйым салған. Аңыз бойынша осы күні  жын-періге он үшінші болып шайтанның өзі қатысады-мыс. Әр айдың он үші күні капитандар болсын, теңіз қарақшылары болсын сапарға шықпаған. 13-ші нөмірлі ұшақ та жоқ, бір де бір кемеде мұндай нөмірлі каюта болмайды.

Американың көп қабатты ғимараттарында 12-ші қабаттан кейін бірден 14-ші қабат келеді.

Сондай-ақ, американдықтар осы ырымды коммерциялық негізде пайдаланып, «Нью-Йорктегі  ырымшылдар  қоғамы» тиісті  ақыға 13 саны жоқ күнтізбе шығаратын болған. Бір қызығы, қоғамның президенті болып неміс сазгері Рихард Вагнер тағайындалған. Ол 1813 жылы туған, 13 жасында музыкалық  училищені  бітірген, 13 опера жазған, тіпті латынша жазғанша аты-жөніде 13 әріптен тұрады екен.

Немістер де 13 санын аса жақтыра қоймайды. Немістің атақты актрисасы Марлен Дитрихтің кезінде Эрнест Хэмингуэймен жақын болғаны, олардың бірін-бірі сүйгені жөнінде көп жазылған. Осыдан бір-екі жыл бұрын Боннан М.Дитрихтің естелік кітабы басылып шықты. Дитрих атақты жазушы туралы былай деп жазады: «Еуропадан АҚШ-қа кемемен келе жатқанбыз. Кеменің иесі мені түскі асқа шақырды. Есікті ашып қарасам, залда он екі адам отыр екен. Он үшінші болып отырғым келмеді. Аса ырымшыл едім. Сол кезде қасыма зор денелі біреу келді. «Сіз он үшінші болып отырыңызшы, мен он төртінші болып отырайын» дедім әлгіге. Кейін білдім ғой, бұл Эрнест Хэмингуэй екен. Хэмингуэйдің өмірде жолы болмағаны (жазушы өзін өзі атып өлтірген) есіме түскен сайын, неге Эрнестті он үшінші етіп отырғыздым деп бармағымды шайнаймын».

Дәл сол уақытта Эрнесттің он үшінші болып отыруы кейін оның өзін атып өлтіруіне себеп болмаған шығар-ақ. Бірақ, мәселе бұл жерде Дитрихтің аса ырымшылдығында болып тұр ғой.

Америкалықтар 13 санынан «өлердей» сескенетінін айттық қой жоғарыда. Бірақ АҚШ-тың туына қатысты тағы бір жайт бар. 1777 жылы (біздің сенім бойынша қандай тамаша сан!) Филадельфияда өткен Континенттік Конгрессте АҚШ-тың ұлттық туы бекітілген. Туда 13 жолақ, 13 жұлдыз бар болатын. Бұл сол кездегі штаттардың санын білдіретін. Кейіннен штат саны көбейген сайын жұлдыздар қосыла берген, бірақ жолақ саны сол күйінде қалған.Ал, енді  орыс  халқының сенгіштері 13-ті  «Чертовые дюжина», бұл күні тағдырдан жақсылық  күтуге болмайды», - десе, ағылшындар: «сенімі күштілер үй салып, үйленуге болмайды, тіпті автобус, поезд, ұшақ, автокөлікке отырып жол жүруге болмайды, олар бақытсыздық әкеледі», - деп, ешқайда шықпай үйлерінде болады. Осы елде  Роберт  Ренфри деген шофер 13   күндері  он мәрте жол апатына ұшыраған. Сол себепті, ол 13-ші  күндері  мәшине  руліне  отырмайтын болған.

Біздің заманға дейінгі 323 жылы 13 маусымда  Александр Македонский (Зұлхарнайын) дүниеден қайтқан. 1887 жылы 13 наурызда  Санк-Петербургте В.И. Лениннің ағасы  Александр Ильич патша  Александрге қастандық жасауға қатысқаны  үшін  атылған.  Революцияға  дейінгі  Ресейде қолданылып келген «Юлиан календарының» (күнтізбегі) Григорян күн тізбегінен 13 күндік айырмасы  болған. Түзету бойынша  кем  есептеліп  келген күнтізбекке 13-ті қосып, 31-қаңтардан соң, жаңа жылды мерекелеу қаңтар айының бірінші жұлдызында  өткізілетін болды. Осыған қарамастан христиандар  жаңа  жыл мейрамын 13-қаңтарда қарсы алуды  ұмытпай келеді.    Англияда өткен әлем  чемпионатында Португалияның атақты футболшысы Эйсебио, Аргентиналық Лопет, Бразилиялық Даниелсон, Чили қақпашысы Олибарсеулер  жеребе тастағанда 13-нөмірді суырған. Сонда португалдықтар «Эйсебионы ұтылыстан сақтай гөр» деп,  жатып-жалбарынып шоқынған. Дегенмен,  ол  жеңіске  жетіп ең керемет шабуылшы атанған. Осы «бақытсыз» санға байланысты  АҚШ-тың  Чикаго қаласындағы  Бедстрит көшесінің 13-ші үйінде 1930 жылы не  болса соған сенетіндермен күресетін клуб ашылған. Оған мүшелік жарна - 13 доллар,  13 цент болып белгіленген. Мүше  болғандар 13 тамызда жыл сайын бас қосып,  337-13-00 нөмірлі телефонмен «бақытсыз» күндерді хабар беріп отырған.

Еуропалықтар бақыт әпермейтін «13»-тің  өзіне ғана тән, басқа  ешбір санға  бөлінбейтін ерекшелігін де сөз  етеді. Суеверлерді (не  болса соған сенушілерді) сенімді ету үшін үгіттеушілер неміс композиторы Рихард Вагнердің  өмірінен, оның 1813 жылы  туғанын, орта  мектепті 13 жасында бітіргеннен, 13 опера жазғанын, оның аты мен фамилиясының неміс транскрипциясына  сай 13 әріптен құралатынын пайдаланған. Цирктегілер ойынын көруге  құмарлар әлемдегі  тұрақты, көшпелі орындарының аумағы барлық елде  бірдей - 13 метр. Соған қарамай, «сиқырлы» санның жанкүйерлерге әкелген «бақытсыздығы» орнына  көздерінен жас аққанша  қарқылдап күліп-ойнап, көңілдерін көтеріп, тамашалап қайтады. 

Атақты  шахматшы  Гарри Каспаров 13-сәуірде туып, 13-қарашада  Карповты ұтып,  әлем чемпионы атанды.  Сол сияқты  эстрада  әртісі  «Алтын лира»  сыйлығының иегері белгілі  Лайма Вайкуле Мәскеуде  дүнижүзілік әншілер конкурсында  1988 жылы  ақпан  айының  13-інде келгенде  ұшақта  оған 13-ші орын тиіп,  мейрамханада  13-ші  бөлмеге орналасқан.  Әншілердің  қай кезекпен айтуына  жеребе тастағанда 13-ші кезекті алған.

Ертедегі Вавилон мұнарасы жеті  қабат болып салынған. Осындай мұнаралар Римде жеті  төбенің  биік шоқысына  орналастырылған.  Будда  дін басы жеті түрлі жеміс беретін ағаш көлеңкесінде  отырған деседі қытай - тибет аңызы. Ертедегі гректер де әлемнің  жеті кереметі мен жеті  данышпанын сөз еткен.

 

Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену - сенбеу әркімнің өз еркінде.  Басқа ғылымдар мен дін  қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі  мүмкін. Дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңыз алатындығын жоққа  шығара алмаймыз.        Ғылымның былайғы көпшілікке беймәлім салалары аз емес. Солардың бірі ретінде нумерология ғылымын айтуға болады . Көпшілік қай санның қандай мағынаға ие екендігін осы ежелгі ғылымның болжамдары арқылы анықтап жатады.

1 және 2,3,4,5,6,7,8,9, осы  сандарда  қандай  құдырет бар дейсіз?  Халқымыз 7 мен 9 санын  киеліге  балаған.  Сөйтсек, тегін емес екен. Белгілі бір сандарға  орайлас туған адамның болмысы,  болашағы тура алақанға салғандай  сайрап  тұрады. Шығыс күнтізбесінде, соның  ішінде жапондықтарда мұны «Сан туралы ілім» - дейді.  Бұл ілімнің белгілі болғанына мың жылдан асып барады.  Цифрология, яғни «Сан туралы ілім» біздің мінезімізді, болмысымызды,  табиғи ерекшелігімізді, тағы басқа қасиеттерімізді қандай  планета билеп, әсер етіп отырғанына  түсініктеме жасайды.  Мәселен былай:  сіз өз тағдырыңыздың санын, яғни, бір ме,  бес пе, жеті ме - білгіңіз келеді дейік.  Ал сол әр санның (тоғызға шейін, әрине),  аржағында тоғыз планета тұрады. Сіз  егер «7»-інің өзі  қайдан шықты? Сіз қай  күні, қай айда, қай жылда  туылдыңыз?  «27-шілде, 1962 жылы» дейік. Олай болса, осы сандарды бір-біріне қосыңыз. Қосындыны тағы бір-біріне  қосыңыз. Шыққан жалғыз сан сіздің Тағдыр саныңыз. Енді іс жүзінде: 2+7+0+7+1+9+6+2=34. 3+4=7.

Кейде қосынды екі саннан тұрады. Ондайда оларды бір-біріне  қосу керек, қашан жалғыз таңбалы сан  қалғанша... Мысалы, сіздің  досыңыз, немесе, туысқаныңыз қыркүйектің  8-інде, 1955 жылы  туды  делік. Ал қосалық: 8+9+1+9+5+5=37. 3+7=10. 1+0=1. «1»  Сол кісінің тағдыр саны.  

 Мысалы: Егер сіз «1» санының астында дүниеге келсеңіз... (Мысалы: - 20.09.1934ж.) - онда сізді  жебеп -желейтін планета -Күн. Олай болса, осы  санның астында туған кісінің өмірі  қиыншылық пен қайшылыққа толы. Қол жеткізген атақ-даңқ, табыстар тек тамшылатып төгілген термен, табандылықпен келген.  Ол үшін  талай-талай нәрселерді  құрбандыққа шаласыз. Тым өзімшілдік, бірбеткейлік, менмендік сізді  көп  ортадан  шеттетеді. Шын берілген дос адамның өзін тек жеке бастың қамы  үшін пайдаланып кетесіз.  Қандай  жағдайда да жеңіп шығуға, үстем, өктем болуға  тырысу - «1» санына  орайлас туғандардың  басты қасиеті. Олардың ылғи да шоқтығы биік тұрады.  Егер ойланғандары іске аспай қалса, «таз ашуын тырнап алады» дегендей,  төңірегіндегілерді жүндей түтеді.

1 саны «батылдар саны, қашанда тыныш жүріп асықпауға тырысады»- деп те атайды.

 Егер «2» санына  орайлас тусаңыз...

Мысалы,  (14.01.1931 ж.) болса қорғайтын нысан (планета) - Ай, Ай жарықтай жүзіңіз нұрлы, әрдайым көңілдісіз. Тек достық шыраймен  қарайсыз. Өміршеңдік, қиынның өзін қиыстырып жіберетін мизам шуақтай мінезіңіз айналаңызда көп адамды жинайды.  Бәрі  сізге  ұмтылады. Соған  орай  ылғи да жолы болғыш,  ештеңкені күшпен, зорлықпен алуға,  белден басуға тырыспайды. Өзінен-өзі-ақ келеді.

2 саны «сенімсіздікті білдіреді, қорқақ болғанымен өз ісіне ұқыпты жандарға тән» - деп те айтылады.

Егер «3» санына  орайлас  дүниеге келсеңіз, онда - планетаңыз Юпитер. Басты қасиеті - кісіге үйірсектік. Ешкімге залалы жоқ. Жамандық  тілемейді. Қайта өзімде емес, өзгеде болса екен  дейтін. Шеттерінен шешен, сөзге ағып тұрады, зерделі әрі сақтар. Аяғы тайып кеткен жағдайда, қайтадан қаз тұра  қойғыш, жүні жығылып, бәзбіреулерше еңсесі езіліп кетпейді. өн бойы желі оңынан соғады, қиын проблемаларды  шешемін  деп бас қатырып жатпайды, ал жұмыс істесе, ынта-шынтасымен беріліп істейді. Махаббат - ол  үшін ауадай қажет. Көптеген белгілі  әртістер осы «3» санының астында туған.

 3 саны « ашық, көңілді  ортаны  қалайтындар мен  шымырлар  саны» - деп  те  айтылады.

Егер сіз «4» санына  орайлас тусаңыз, сізді желеп-жебеп қолдайтын планета - Сатурн. Егер «4» тез байлыққа ие болса, қолдаушысы оны  қашанда қуаттағаны. Еңбекте  жетістікке жетсе, өз  маңдай  тері, табан ақысы. Жұрт қашанда оған  сенім  артады, бірақ достарының көбі -  бәтуасыз. «Төрттіктер» - ырымшыл жандар, отбасында  мәйін де  жұмсақ. өйткені, өздерін ең  жақын адамдарынсыз бейшара сезінеді. өмірге  реалистік көзқараспен қарайды.

 4 саны  « жұмбақ  сан» - деп  те  айтылады.

«5» санына  орайлас туған болсаңыз... Онда  сізді  желеп-жебейтін  планета - Меркурий. Ол  планета астында туған адамдардың айырықша мінезі - тас  бұлақтай шамырқанған, күш-қажыры бойында буырқанған болып келуі мүмкін. Өмір деген олар үшін - кітаптағыдай қым-қуат оқиға. Біркелкі қалыпты өмірге, мидың тірлікке  төзімсіз. Сезімтал,  интелектісі  бай,  бір қиын мәселе  шешу  керек болса, құлшына кіріседі. Бірақ мойнына көп  жауапкершілікті ала бермейді. Жеке өз басы жауап  беретін шаруа  болса, жалтарып кетуге  әзір.  Өмірі тек қана  қозғалыстан, алға жылжудан тұратын секілді.  Қызметте менменсіп, шірене бергенді  онша қаламайды.

 5 саны «тәуекелге бел буғыш, еркін жүріп-тұруды қалайтын, шытырман оқиғаны ұнататындар саны» - деп  те  айтылады.

Егер сіздің  Тағдыр санаңыз - «6» деген сан болып кетсе... Онда Венера планетасының астында туғансыз. Сіздің  жебеушіңіз мықты, мақсатты іске  өне  бойы жетелейді. Арман-аңсар, биік мұраттарға жеткізбей қоймайды.  Өмірлік мән - сұлулық, гармония - үйлесімділік. Осыдан өнерге, музыкаға,  жалпы әдемілікке ұмтылыс. Сүйісу, әуестену. Сөйте тұра, өзін сынағанды ұнатпайды, алда-жалда  біреуге  мін таққысы келсе,  оның өзінің тігісін жатқызып  барып жеткізеді. «6»-ның астында  туғандар - әсілі консультанттар, өз жеке  өміріне үстірт қарайтындар. Бірақ айналасына үлкен сенім артады.

  6 саны  «әйелге тән, өте сәтті сан, жан-жағын бағамдай алатын, мінезі салмақтыларға сәйкес» - деп  те  айтылады.

 Егер сіз «7» санына орайлас тусаңыз сізді қолдаушы планета - Уран. Көбіне-көп сізді ойлануға,  философиялық, толғаныстарға бастайды. Ойшылықта жақсы, бірақ  өз өзіңмен болып, оңашаланып қалатын да  мезеттер аз емес. Жалғыздыққа  да бейім тұрасыз. Техника, ғылыми-зерттеу жұмыстарында зор табыстарға жетуіңіз. «7» санының астында  туғандардан таудағы ұлардай, тек  жалғыз-дара  тұлғалар, ұлы философтар, өнер мен сахна  шеберлері, белгілі қайраткерлер шығады.

7 саны  «әсершіл, арманшыл адамдарға сәйкес келеді, олармен жолда тіреспеген абзал» - деп  те  айтылады.

«8» санының астында жарқ дүниеге  келсеңіз - қолдаушыңыз Меркурий планетасы. Осы  жебеушілеріңіздің  арқасында қалтаңыз толы ақша, өмірде жолыңыз болып, үлкен  табыстарға  қол  жеткізесіз. Бай бола тұра  дүниеқоңыз, ақшаның құлы болмайсыз. Егер  жақын адамдарыңыздың  басына  күн туса, алдымен қол созатын өзіңіз...

 8 саны  «басшылыққа ұмтылатындар саны. Бұл санның иелері өзінің бар мүмкіндіктерін көрсетіп, жария еткісі келіп тұратындар» - деп  те  айтылады.       

  «9» санының астында  тусаңыз егер... Желеп-жебеушіңіз - Нептун. Мінезіңіз, осы  айбынды су  құдайындай  сан-құбылады, аумалы-төкпелі. Жеке басының жағдайына онша-мұнша мән бермейтіндері де бар. Көшкен қаңбақтай, өмір толқынында домалай береді. Кейде  аспандағы айға  шауып әлек. Онысынан түк шықпайды, өз  ортасынан бөлініп, сопайып жалғыз қалады.  Рас, достарының әлсіз жақтарын ой  таразысына салып,  дұрыс қорытынды түйе  біледі.  Әсершілдік, сезімталдық-оның басты қасиеті. Үлбіреген гүл, шабытты салынған сурет көрсе,  қызығып қарап қалатын әсемпаздығы да жоқ емес. Қысқасы, бір жұмбақ,  табиғатты алабөтен ерекеше жан.

  Пифогор заманында  жасалған тағдырнама кестесі

 

Пифогордың кестесінде  біздің әрқайсымыздың қандай адам екенімізді, тайға таңба  басқандай айқын көрінеді. Біздің  әрбіріміздің қасиет-дарынымыз сол туған күніміз бен  жылымызда   жатыр. Бірақ туғаннан бізге  табиғат сыйлаған  қасиетті қалай жүзеге асыруымызға,  адамның  қандай ортаға, қандай  жағдайға  тап  болуына байланысты болады. Егер ата-анамыздың қолында  осы кесте  болған болса, онда  олар өз балаларын табиғи жаратылысына  лайық тәрбиелеп,  дүниеде біркелкі болып,  талантсыз  адамдар аз болған болар еді. Барлық  адамдар  туғаннан өз  номерін алып туып,  белгілі бір мінез-құлыққа  ие болады.  өз  сандарыңызды есептей, кестені  пайдалан отырып, сіз өзіңізге табиғаттың қандай  қасиет сыйлағанын біле аласыз. Бәрін де  мысалмен түсіндірейік.

Бұл үшін алдымен туған  күнді  аламыз. Оны, мысалы 29. 11. 1970 ж.

Туған күн мен туған ай сандарын қосамыз: 2+9+1+1=13

Туған жыл санын да қосамыз: 1+9+7+0=17. Шыққан сандарды қосамыз: 13+17=30.

1. Алғашқы жұмыс саны - 30.

2. Жұмыс санын да қосамыз: 3+0=3. Бұдан соң алғашқы жұмыс санынан туған  күннің  бірінші  санын екі  еселеп,  аламыз: 30-4 /2х2/=26.

3. үшінші жұмыс саны - 26. үшінші  жұмыс санын  қосамыз: 2+6=8.

4. Төртінші жұмыс саны - 8. Туған  күнді  білдіретін сан  қатары мыналар: 2 9 1 1 1 9 7

Екінші қатар жұмыс сандарынан тұрады:

30  3  26  8

Осы  екі қатардағы сандарды санаймыз /0-есептелмейді/: 12.

Бұл деген сөз сіз 12 рет өмірге  келгенсіз.  Ал бір адам, Пифогордың есептеуінше, жер бетіне  15 рет дүниеге келеді.  Бұдан соң, оның  өмірі  одан да жетілген шектегі  өмірге көшеді.

1-шаршы  

1- нағыз өзімшіл.

11-өзімшілдікке жақын.

111-жақсы мінезді.

1111-өте ерік-жігері күшті адам.

11111-диктатор, өктемдік жүргізуші.

111111-/өте сирек кездеседі/ - қатыгез адам,  бірақ соның өзінде жақындарына, туған-туысқандарына деген  көмегін аямайды, бәрін істеуге әзір.  Мұндай адаммен өмір сүру қиын.

2-шаршы (биоэнергия):

- екіліктің болмауы - ол адам бойында биоэнергияның жоқтығын  білдіреді, ал ол деген сол  биоэнергияны  алу  каналы  «ашық» деген сөз. Бұл адамдар көне  нәрселерді  ұнатады, өзін  қоршағандарға жаман  қарамайды,  міне, осыдан да олар басқалар арқылы  өмір сүруге тырысады. Табиғаттынан тәрбиелі жандар.

2-өмір сүруі үшін биоэнергиясы  жеткілікті,  бірақ нақ осы кезеңде ол аздық етеді. Сондықтан оған спортпен айналысу міндетті. Ауа-райының құбылмалығына өте сезімтал.

22-биоэнергиясы жеткілікті. Сіз басқаларды емдей аласыз.

222-сіз жақсы  биоэнергетиксіз.

2222-мұндай адамдарды  қарама-қарсы жыныстылар өте жақсы көреді. Егер оған үш  алтылық (666) шықса,  ол адамнан  сақтаныңыз, сізді  қармағына түсіруі оп-оңай.

3-шаршы (адамгершілік қасиеті):

- үштігі жоқ. Бұл өте ұқыпты немесе дәлдікті сүйетін адам. Қоршаған ортасында әңгімесі арқылы дараланып тұрады.

3- бұл адамдарды  тәртіпсіздік мазалайды, көңіл-күйіне қарай әрекет етеді.

33-ғылыммен айналысуға бейім (керемет математиктер, физиктер, химиктер).

333-ғылымға бейім (екі есе жігермен атқарады), берілгендік, ұқыптылық басым адам.

4-шаршы (денсаулығы):

- төрттіктің жоқ болуы - бұл адам жиі ауырады деген сөз.

4- жиі ауырмайды, негізінен  қартайған шағында ауырады.

44-өте денсаулығы күшті адам немесе  жоғары темпераментке ие кісі.

444-бұл  да сондай, тек екі есе қуатты.

5-шаршы (сезім-түйсігі):

-бестіктің жоқ болуы. Туғаннан жабық каналды (саңылаулы) адам.  Бұл адамдар әр түрлі жағадайда әр түрлі шаруалар атқаруға ұмтылады,  барлық кезде ойлы жүреді. Бірақ өмір тәжірибесі көрсеткендей, мұндай адамдар өмірде  көп қате жібереді.  Бұл адамға өмір сүру қиын тиеді.  Олар басын анда да, мұнда да соғады. Әдетте  бұлар математикпен  немесе журналистпен үйленеді.

5-сезім саңылауы ашық,  бұл адамдар аз қате жібереді.

55- сезімдік түйсігі күшті  дамыған адамдар (тергеушілер, заңгерлер).

555-көріпкел, төңірегіндегінің бәрін біліп отырады. Олар  өткен мезгілге де, басқа  кеңістікке де түйсігі арқылы  бара  алады.

6-шаршы (жергіліктігі):

- алтылығы жоқ. Дүниеде бір мамандық алуға келген адам,  дене еңбегі қажет, бірақ ол  еңбек етуді сүйемелдейді.

6-жерлік адам, дене еңбегі қажет, оқу туралы да ойлаған жан.

66-өте  жерлік адам, оған  дене  еңбегі  қажетсіз, ал ол оны  жақсы  көреді.

666-қауіпті белгі. Өте көркем де  тартымды адам,  темпераментті. Оның  серігі  екілігі көп адам болғаны жөн.

6666-бұл адам бұрынғы дүниеге  келулерінде  жерлік болып алған, еңбекшіл адам. Ол үшін еңбек ету ауыр жүк емес, ол  барлық кезде  еңбек ете береді.

7 - шаршы (таланты):

- жетілігі жоқ. Бұл адам келесі  туыларында жеткілікті көп алу  үшін дүниеге келген. Ал оны аяушылықпен ғана  ала алады. өте ауыр өмір.

7-едәуір жеңіл өмір сүретін адам, таланты бар,  бірақ онысы күшті емес.

77-егер ол өзін дамыта алса, бұл  өте  күшті белгі.  Музыкаға бейім адам,  көркемдік талғамы бар,  суретте сала алады. Егер есептеулерде  бірлік пен екіліктер бар болса, оның бұл таланты ешкімге  қажетсіз. Пышақ жүзінде жүретін адам, онда бәрі бар: жақсы да, жаман да. Ол үшін жабық есік деген болмайды.

777-ерекше белгі. Бұл адамдар ерекше қиындықтарға тап болды.

7777-бұл қауіп-қатер белгісі. Бұл  белгідегі адамдар абайлап, бәрін де ескеріп жүргені жөн.

8-шаршы (міндеткерлігі):

- сегіздігі жоқ. Адам сізден бір нәрсе алса, соны  қайтаруға асықпайды.

8-жауапкершілік адам, басқаларға қол ұшын беруге дайын.

888-халыққа  қызмет ету белгісі, үлкен  жауапкершілікті адам.

8888-бұл белгі тек 1988 жылғы ғана болады. Балалар дамыған қабілет иелері, олар нақты ғылымы оқып, зерттеуге бейім.

9-шаршы (ақылы):

9-бұл адам тағы да бір тоғыздықты  дамытуға тиіс.

99-туғаннан  ақылды бас иесі, бірақ оқуға деген  құштарлығы нашар.

999-табиғатынан ақылды адам,  оның қолынан бәрі де келеді.

9999-бұл белгідегі адамға сирек ақыл-еспен қосылудағы  шындық ашық болады, бірақ олар дөрекілікпен  жанашылықпен  ерекшеленеді.

9  саны «қашан да көмекке ұмтылып тұратын, ешқашан жарты жолда тастамайтын, жақсы жолдас бола алатындарға тән сан»  - деп  те  айтылады.       

Сандар  және  бауыр

Енді  біз адамның  туған  күніне  қарап, ол адамның бауырының  қандай  ауруларға  бейім  болатындығына  тоқталып  көрейік. Ол үшін  туған  күніңіздегі  цифрға қараймыз. Егер ол екі таңбалы болса, бір-біріне қосамыз.

 Егер қосқан кезде 3 және 8 сандары шықса, ол адамдар  бауыр  ауруымен  ауруға бейім келеді. Яғни, бұлар 3, 12, 21, 30 күндері және 8, 17, 26 күндері  туған  адамдар. Үштікке  жататын  адамдар зорланып жұмыс істеуге, сезімдік  толқуларға бой береді, ал, бұл өттің нашар  бөлінуіне  әсер  етеді. Сегіздіктер бойкүйездікке  салынуға  бейім , ал, бұл, жалпы айыру және өт жүйесіне  тікелей  әсер  етеді.

Егер қосқан кезде 2 саны шықса, оладамдар ішек- асқазан  ауруларына  бейім   келеді. Яғни, бұлар 2, 11, 20, 29 күндері  туған  адамдар. Бұл  адамдар  тамақтан  жиі улануы мүмкін.

  Бұл келтірілген сандар мен оларға қатысты болжамдардың барлығы өмірде кездесетін белгілі бір сәйкестіктер, нумерологтар мен жұлдызшылардың есебі нәтижесінде анықталған дүниелер.

                                   Пайдаланылған әдебиеттер  тізімі
1. Қырық қазына. Ә. Доспамбетов. Алматы.  1987
2. Ұлттық дүниетаным . Аюбай Құралұлы. Алматы.  2002
3. Жай сандар туралы білетіндеріміз бен білмейтіндеріміз. В. Серпинский 1987
4. Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар Абдуллаева И. М. , Көкенова Ж. Алматы – 1974
5. Қайдар Ә. Т. Халық даналығы. –Алматы, 2004, -565б. 
6
. Кеңесбаев І. Жеті, үш, тоғыз, қырықпен байланысты ұғымдар. Қазақ ССР ҒА хабары. Филология сериясы, 1946, 4/26/ шығарылуы. 
7. Кеңесбаев І. Жеті, үш, тоғыз, қырықпен байланысты ұғымдар. Қазақ ССР ҒА хабары. Филология сериясы, 1946, 4/26/ шығарылуы.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғылыми жоба. Киелі сандар сыры"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 512 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.11.2015 2609
    • DOCX 124.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Искакова Анар Кабдрахмановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Искакова Анар Кабдрахмановна
    Искакова Анар Кабдрахмановна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24419
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Педагогическое проектирование как средство оптимизации труда учителя математики в условиях ФГОС второго поколения

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 85 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 415 человек

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 177 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по математике в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 325 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Мини-курс

Основы управления проектами: от концепции к реализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детская нейропсихология: особенности, диагностика, исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 55 человек

Мини-курс

Феноменология в педагогике: основные концепции и их практическое применение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе