Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Ғылыми жоба "КОКА КОЛАНЫҢ ЗИЯНЫ"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Ғылыми жоба "КОКА КОЛАНЫҢ ЗИЯНЫ"

библиотека
материалов



Аннотация


Зерттеу жұмысының мақсаты: Кока -кола сусынының адам ағзасына

зиян екенін дәлелдеп, сыныптастарын оны сусын ретінде ішпеу керектігін ғылыми ізденіс арқылы анықтау.


Зерттеу жұмысының міндеттері:

-Кока- кола сусынының құрамын анықтау;

-Қазіргі медицинада болып жатқан жаңалықтарды ұтымды көрсету:

-Сусынды шаруашылыққа қалай пайдалануға болатынын зерттеу.


Болжамы: Егер, біз кока- коланың адам ағзасына зиян екенін дәлелдер арқылы көрсете білсек, сөрелерден алып тасталама ...


Зерттеу жүйесі: Ақпарат көздерін жинақтау, шығу тарихын және сусынның құрамын білу, тәжірбие жасау, қорытынды шығару.


Зерттеу пәні:Кока- кола сусыны


Зерттеу әдістері: іздену, зерттеу, баяндау, талдау, бақылау, жүйелеу, салыстыру, тәжірбие жасау, ой қорыту.


Зерттеу жаңалығы: Кока -кола сусынына кесек ет салсақ, біраз уақыттан кейін бүрсіп, кішірейіп кетеді. Кез келген датты тазартып, айнадай жалтыратып қоятын қасиеті бар. Тырнаққа жаққан лакты  кетіреді,құрбыларым бұл сусынды ішпейтін болды.

 

 

 

 

 

                                   

 

                                                     

 









Пікір



Зерттеу жұмысында орындаушы оқушы өз бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында өз ізденісін тиянақты жеткізе білген.

  Маралға бұл жұмысты таңдауға себеп болған «Кока-коланың шығу тарихы» деген мақала себеп .Ол осы мақаланы   одан әрі тереңдете білгісі келіп,қандай да бір деректер тауып, тәжірбиелер жасау арқылы осындай нәтиже мен  қорытындылар жасап отыр.

Зерттеу кезінде Маралдың жасы кішкентай болуы  және ақпараттар іздеу

кезінде қиындықтар болды.Соған қарамастан , Марал алдына қойған мақсатына жетті деп ойлаймын.Ол өз пікірін ашық айтуға, еркін ойын жеткізуге, қойылған сұрақтарға толық ,нақты жауап беруге дағдыланды.

Болашақта Марал өзін-өзі танытатындығына мен сеніммен қараймын, өйткені ол барлық сабақтарға қызығушылықпен , ынтасымен қарайды.

                                               

 
























МАЗМҰНЫ



Аннотация................................................................................1

Кіріспе......................................................................................4

1.ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1.1.Кока –кола сусыны.Шығу тарихы...................................5

1.2.Кока-кола Ресейде.............................................................6

1.3. Әлемдегі      спорт    қозғалысын   қолдаушы................7

1.4. Сусынның құрамы............................................................8

2.Зерттеу материалдары мен әдістері

2.1.Қызықты айғақтар.............................................................9

2.2.Денсаулыққа әсері.............................................................10                                                                               

3.Зерттеу нәтижелері

3.1 Пайдалы    жақтары...........................................................11

3.2.Менің тәжірбиелерім   .....................................................12

3.3.Кока-коланы сусын ретінде тұтынбау............................13

Қорытынды...........................................................................14

Пайдаланылған әдебиеттер................................................15

 

 

 

 

 

 

















 

                                                 КІРІСПЕ


Кока –кола сергітетін   алькогольсіз     сусын,  көптеген     елдерде кеңінен     тараған.      The    Coca-CoIa   Company    компаниясының

өнімі;     2006- 2010 жылдар арасындағы әлемдегі ең үздік сусын болып саналады.      

Бірақ осы уақытта  бұның   бәрін   теріске   шығарып  жатырмыз,өйткені

бұл   зат организмге түсе отырып, қатерлі ісікке алып  келетін формальдегид-канцерогенге  айналатын метил спиртін  бөледі.

Өнім   адамға  қосымша  қуат  береді  деу- қате  пікір. Кока-коланы сатуға тыйым салу керек деп сенімді  түрде айта аламыз.

Өйткені  күшті  газдалған бұл  сусынның құрамында қанттың көп екені

анықталған. Қазір , яғни бұлардың зияны анық дәлелденген уақытта ғана аталған өнімнің отаны Американың кей шттатарында оларды сатуға тыйым салынып жатыр екен.Мен де өз пікірімді, үлесімді қосып,ойыммен бөліскім

келеді.

Мен де өз зерттеуім және  тәжірбием арқылы , осы сусынның   пайдасы мен зиянын  анықтаймын да , пікірімді  жазып , нәтиже   шығарамын деген ойдамын.

                                                 

 

 

 


 

 


















1.ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ


1.1.Кока-кола сусыны.  Шығу тарихы.


«Кока-кола» сусынын  1886  жылдың  8  мамыр  айында  (Джоржия штаты, АҚШ)  Атлантада  ойлап  тапқан.

Авторы –Америка   Әскери  конфедерациясының  офицері болған, фармацевт  Джон  Стит  Пембертон (Кока-коланы  бір  фермер  ойлап  тауып, рецепін  Джон  Ститке 250 долларға  сатқан, ол жайлы Джон Стит өзінің сұхбаттарының бірінде айтыпты деген аңыз бар)C:\Users\макс\Desktop\гылыми жоба кока кола\pem.jpg

Сусынның  атауын  көркем  жазуды  меңгерген  Пембертонның есепшісі Фрэнк  Робисон, осы  уақытқа  дейін  сусынның  логотипі болып  табылатын «КОКА-КОЛА»  деген  сөзді  әдемі  бейнелі әріптермен жазып, ойлап тапқан.

Кока-коланың  негізгі ингредиенттері: кок жапырағының үш  бөлігі   (осы жапырақтардан  1859  жылы  Альберт  Ниман   ерекше   компонентін   бөліп  алып,   кокаин  деп  атаған)   және   кола тропикалық ағашының бір бөлігі. Бастапқыда   сусынды күнделікті   орташа   есеппен    тоғыз   адам   сатып алатын  болған.Алайда кока-коланың кірісі біртіндеп өсе бастады.   

1890 жылдардың    соңына    қарай    кокаинге    деген   қоғамның    пікірі теріс айналып,1903 жылы газеттерде кока-коланы ішкен қаланың лас шеткері түпкірлеріндегі негрлер ақ нәсілділерге қарсы шабуыл жасағандығын айтып, кока-колаға кінә тағады. Алғашқыда   банка   түрінде    сатылған.Американский музей знаменитой Coca-Cola

1894 жылдан бастап шөлмектерде,ал 1955 жылдан бастап қалбыр ыдыста сатылатын болды.

                 C:\Users\макс\Desktop\гылыми жоба кока кола\Commercial._At_the_Coca_Cola_Plant_BAnQ_P48S1P06539.jpghttp://img15.nnm.ru/3/3/a/3/3/560699b3109b04f422d04270fab_prev.jpg

                                                             

1.2.Кока-кола  Ресейде


1979 жылы «Кока-кола» компаниясының сусындары алғаш Мәскеудегі Олимпиада ойындарына дайындығы барысында пайда болады.Кока-кола 1999 және 2010 жылдары «Жыл Өнімі» ұлттық сыйлығының лауреаты болады. «Кока-кола» компаниясы өкілдерінің айтуынша, сусынның негізгі құпиясы кошениль құртынан алынатын азық-түлік қоспада екен. Әдетте оның құрамына қант,кока  ағашының жаңғағы,фосфор қышқылы,кофеин, карамель, көмірқышқылы қосылады деп көрсетілген.

Енді өндірушілер сусынның түсін өзгертетін бояу ретінде қолданылатын кошениль құртының еш зияны жоқ деп елді сендіруге тырысуда. Дегенмен «кока-коланың» адам ағзасына келтірер залалы күннен- күнге дәлелденіп отыр. 


C:\Users\макс\Desktop\гылыми жоба кока кола\cola-screen-02.jpg









1.3.Әлемдегі      спорт    қозғалысын   қолдаушы


1960 жылы Токио қаласында өткен олимпиадада «Кока-кола» Токио және Жапониядағы  тегін қала карталары,қаланың көрнекті жерлері мен көше көрсеткіштерін басып шығаруды мойнына алады.

1992 жылдан бастап «Кока-кола» компаниясы олимпиада алауының эстафетасын ұйымдастырушы және демеушілерінің бірі болып табылды.

1978  жылдан     бастап     футболдан      әлем   чемпионатының ресми демеушісі. 2010 жылы футболдан әлем чемпионатына Претория қаласында әлем бойынша 250 жасөспірімдерді жинап ,балаларға арналған лагерь ұйымдастырылды.                         


1.4.Сусынның     құрамы 


Сусынның әр нұсқасының құрамы әртүрлі болып келеді.Ол әсіресе диеталық нұсқасында аз мөлшерде кездесетін көміртекке байланысты. Мұнда «классикалық» нұсқадағы проста Кока-кола нұсқасы берілген.

C:\Users\макс\Desktop\гылыми жоба кока кола\coca-cola-reklama-history.jpg

C:\Users\макс\Desktop\гылыми жоба кока кола\coca-cola-3rzesza-1938.jpg










Сусынның     компонеттері:


Қант

Көміртек   диоксиді   ( Е 290)

Бояғыштар : қант коллері ( 150) , кармазин ( азорубин)  ( Е 122) Ортофосфор     қышқылы   (  Е 338)

Кофеин

Табиғи  хошиістендіргіштер

 Тағам  құндылығы:

Энергетикалық      құндылығы—42    ккал

Ақуыздар     ---0

Майлар    ----0

Көмірсулар---10 мг

Натрий  ----«11,0 мг

Калий  ----1,0 мг

Кальций   ---4,0 мг

Магний ----1, 0 мг

Фосфор ---  шамамен    17мг


Кола – тропиктік Африкада өсетін ағаш түрі;кейбір түрлерінің жемістері медицинада ,ликер және кока-кола сусынын жасауда қолданылады.http://f5.ru/files/images/compiled/120/12005d99490252c762e5fdae52d14ca2.jpg

http://copypast.ru/foto5/7764/coca-cola-01.jpg



2.   Зерттеу       материалдарымен     әдістері

 2. 1. Қызықты     айғақтар 


1.  2011 жылы «Национал географик» телеарнасы Кока-кола сусынының зауытын,оның жұмыс істеуі мен дайындау құпияларын көрсетті.

2 . 1989 жылы Кока-кола Мәскеудегі Пушкин алаңына өзінің сауда маркасын енгізген ең алғашқы шетел компанияларының бірі болып табылады.

3.Джон Стит Пембортон деген фармацевт адамға қуат беретін шәрбат ойлап тауып,оған адамды сергітетін кока жапырағын қосқан. Бұл өсімдік көпшілікке «кокаин» деген атпен таныс.Сол уақытта кок жапырағына тыйым салынбаған екен.Уақыт өтекеле шәрбат саудаға шығарылады. Есірткіден басқа оның құрамында спирт те болған, бірақ көпшіліктің өтініші бойынша спирт құрамына алынып тасталып,оның орнына Оңтүстік африкалық «кола» жаңғағының дәмі қосылды. Бірақ сусын тым тәтті болын кетті,оған су қосуға тура келді.Ал оның сыртындағы жазуды есепші Фрэнк Робинсон ойлап тапты.1886 жылы Кока-Кола газдалып сатыла бастады. Пембортонның жаңа кәсібі бірден алға баспады. Ақша аз түсе бастаған соң , ғалым шәрбат формуласын Аза Кендлер деген кісіге 2000 долларға сатып жіберді. Америка Құрама Штаттарына келген кезде қалтасында 1 доллар 75 центі ғана болған. Ол идеяны  жандандырып «Coca- Cola Company» компаниясының негізін қалайды.Соңғы статистикаға жүгінсек, Американың ұлттық сусынына айналған Кока-Коланы әлем бойынша бір минуттың ішінде 8000 адам тұтынады делінген. Оның әзірлеу құпиясы жазылған қағаз жеті қабат жердің астында сақтаулы.C:\Users\макс\Desktop\гылыми жоба кока кола\naruzhnaya_reklama.jpg

C:\Users\макс\Desktop\гылыми жоба кока кола\20030.jpg

2.2.  Денсаулыққа    әсері


Дәрігерлердің пайымдауы бойынша Кока-кола әсіресе балалардың баc сүйегіне, ойлау қабілеттеріне орасан зор зиян келтіреді.Жалпы газдалған сусынды мөлшерден тыс пайдалану адам ағзасына кальций, темір секілді ең маңызды элеменнттерді жойып есесіне құрамындағы есірткі зат  өміріңізді екі есеге қысқартады.«Кока-кола» және «Пепси» сусындарын дайындау кезінде пайдаланылатын карамельдердің құрамындағы бояулар қатерлі ісіктің дамуына әкеліп соғады»-деп жазады газет. Кока-коланы сатуға тыйым салу керек деп сенімді түрде айта аламыз. Өйткені күшті газдалған бұл сусынның құрамында қанттың мөлшерден көп екені анықталған.Дәрігер мамандар мен ғалымдар сараптамасына назар аударсақ, ішектің созылмалы ауруымен , асқазан ,өт жолдарының және несеп жолдарыауратындарға тұтынбауға кеңес береді.Адам денесіндегі гармондардың түзілуіне кері әсерін тигізіп, жиі қолданғандық шамадан тыс семіруге әкеледі.Жас адамдардың ағзасына әсері күшті.Қан қысымын көтеріп, жүйке жүйесінің ауытқушылығын және ойлау қабілеттерін отырғызып тастайтын да қасиеті бар екен.Орал қаласының ғалымдары Кока-коланы сынақтан өткізген болатын.Тіс үлгісінің қалыбына 5 литр сокты құйып, тәулік бойына қалдырып кеткен , нәтижесінде тіс орнына ақ ұнтақты ғана көреді.

Сусынның құрамында қан айналымын баяулатып , аққан ауруына әкелетін жасанды бояғыштары бар.










3.1. Пайдалы    жақтары:


Ауруды    уақытша   тоқтататын (обезбалевающее) қасиеті бар.Осы сусынның химиялық  құрамында кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар.

Көктем , жаз  айларында жәндік,  шыбын  шағып алғанда ашып немесе ауырып  тұрған жеріңізге кока-коланы құйсаңыз, жеңілденіп қаласыз.

Кока-кола тотты жақсы кетіреді,үйдегі қолданыстан шығып қалған металл

заттарды  бірнеше  сағат сусынға салып  қойып, ысқылап  жусаңыз сол зат

тазарып  шағады.Сусын  құрамындағы  лимон  қышқылы  терезені немесе

автокөліктің   саймандарын  жуу  кезінде жақсы нәтиже  алуға  болады.

Кока-кола  сусынын тамақ  дайындауға да қолдануға болады.

Ол  тек қана дақты кетірмейді,иісті де жақсы кетіреді. Кір жуғыш ұнтақпен бірге араластырып киімдерді жусаңыз нәтижесі жақсы болады.

Осындай айғақтардан кейін мен де өз тәжірбиелерімді істеп, өз ойымды, пікірімді сыныптас достарыма айтып, іс жүзінде көрсетін , олармен бөлісіп отырдым.C:\Users\макс\Desktop\гылыми жоба кока кола\8158636.JPG

 C:\Users\макс\Desktop\гылыми жоба кока кола\8158642.JPGC:\Users\макс\Desktop\гылыми жоба кока кола\8158637.JPG












   3.1.Менің тәжірбиелерім


Мен осы ғылыми жұмыспен айналысқаннан  бері бірнеше тәжірбиелер жасап  көрдім.Осы тәжірбиелер нәтижесін сыныптас достарыма көрсеткім келді,   мына суретте мен достарыма «Кока-кола» сусыны қаншалықты денсаулыққа зиян екенін баяндап, түсіндіріп тұрмын.

Сыныптағы шелектің  сыртында краскамен 6 «Ә» деген жазу болды, мен шүберекті  колаға батырып ,біраз уақытқа қалдырдым,шүберектің  үстіне бірнеше рет кола құйып отырдым.Сәлден соң , сол шүберекпен ысқылап сүрттім, краска кете бастады.

Мына тәжірбиені  жасар алдында тырнағыма лак  жақтым да,бір стақанға кока-кола сусынын құйып саусағымды  5-7 минуттай батырып тұрдым.

Содан соң тырнағымды қол орамалыммен сүрттім,міне қызық лак кетті.

Осындай нәтижені көрген құрбыларым таң қалды , сусын денсаулыққа зиян екен десіп , өз ойларымен бөлісіп жатты. 

Келесі тәжірбием де сыныптастарымды таң қалдырды.Бір ыдысқа кока-кола құйдым да, оған сүт қостым , көп күттірмей сүтім іріп кетті.Бұл да менің ойлап жасаған тәжірбиемнің бірі.



















3.2.Кока –Коланы сусын ретінде тұтынбау


Осындай дәлелді айғақтардан кейін бұл сусынның денсаулыққа кері әсері бар деп ойладым, оған менің тәжірбиелерім дәлел бола алады.Кока –Коланың былығын еліміздің тұрғындарының  80 пайызы көруде.Себебі , сусынның құрамында қан айналымын баяулататын және аққан ауруына әкелетін жасанды бояғыштар жетерлік.

  Сусынды ішсек – денсаулыққа өте зиянды екенін білдік.Елімізде денсаулық сақтау Министірлігі жалпы газдалған сусынды мөлшерден көп ішсе, кері әсері де артығымен болады делінген.Оның көзге көрінетін дәлелі,балаларды толықтырады.Өйткені газдалған сусындарға балалардың бәрі де құмар, күнде

мектептен шыққан соң жолшыбай дүкенге кіріп,бір-бір газдалған сусын

алады.Бірде бір бала айран немесе сүт алып ішпейді,менің ойым егер кем дегенде он баладай сүт өнімін күнделікті алса, басқалары да 2-3 күннен кейін ала бастар еді деп.

Кока-Кола, Пепси сусындарын мектеп асханаларында сатуға тыйым салынуда, өйткені менің мектебімде мұндай өнім сатылмайды.

Күшті газдалған бұл сусынның құрамында қанттың мөлшерден көп екені әбден анықталған .Адамның сүйектері әлсіреп , сусамыр дертіне шалдықтыратыны да белгілі болған.Осындай айғақтардан кейін бұл сусынды мүлдем тұтынбау  керек дер едім.

Осы Кока-коланың сырын ұғып, білаз мағұлтат алдым .Оның адам денсаулығына әкелетін әсерін де білдік,бірақ бұл сусын барлық дүкендердің сөрелерінде толып тұрады, оны көрген біздер ,әрине алып ішкіміз келіп тұрады.Өйткені,сөредегі заттарды үлкендер сатады ғой...

 








Қорытынды 


Түркияда оның жасалу жолын білгеннен - ақ коланың әкелуіне мүлде тыйым салынды. Бұл сусынды АҚШ - тың солтүстік штаттарында жол полициясы авариядан кейінгі асфальттағы қанды жуып кетіру үшін қолданады екен. Коланың құрамына фосфор қышқылы кіреді, ал ол тырнақты түгелімен ерітіп жібере алады. Егер бұл сусынға бір тілім етті салып жіберсе, 2 күннен кейін ол тіпті жоқ болып кетеді. Егер кола адам тырнағын, шикі етті, киімдегі, тіпті асфальттағы дақтарды кетіре алатындай күші бар болса (бәріміз де жақсы білеміз, керемет мықты химикат - қоспаларсыз ол мүмкін емес), ендеше ол адам ағзасына енгеннен кейін не қылмақ?! 
«Кока-кола» (ағылш. Coca-Cola) ─ сергітетін алкогольсіз сусын, көптеген елдерде кеңінен тараған; The Coca-Cola Company компаниясының өнімі; 2006-2010 жылдар арасындағы әлемдегі ең үздік бренд болып саналады.

Қорыта келе, біз денсаулығымыз жайында көбірек ойлауымыз керек. Тұқымымыздың азып, тоз- тоз болып кетпеуі үшін де, Абылай ханныңтүсіне кірген бақа- шаяндарға айналмауымыз үшін де деніміз сау, мықты болуы шарт. Рухани тәрбиенің орны бөлек. Ал денсаулығына тікелей әсер ететін жай дұрыс тамақтануы, жеміс жидекке үйір болуы, дәріге емес, дәруменге, онда да жасандысына емес, табиғиларына жақын жүруі.
Бірінші байлық денсаулық деген. Бір ғасырлық тарихы бар сусынды жиі тұтынбағанымыз жөн сияқты.












Пайдаланылған әдебиеттер




1.Қазақ тілінің сөздігі. А.Дайк Пресс 1999.

2.ТОО «СП» «Кока-Кола Алматы Боттлерс» 2009.

3.Қызықты айғақтар   2011ж.

4.Ғаламтордағы ақпараттар

5.Коланың жаңғағы 11.08.2012

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




 

 















































 














































17



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Зерттеу жұмысында орындаушы оқушы өз бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында өз ізденісін тиянақты жеткізе білген.

Маралға бұл жұмысты таңдауға себеп болған «Кока-коланың шығу тарихы» деген мақала себеп .Ол осы мақаланы одан әрі тереңдете білгісі келіп,қандай да бір деректер тауып, тәжірбиелер жасау арқылы осындай нәтиже мен қорытындылар жасап отыр.

Зерттеу кезінде Маралдың жасы кішкентай болуы және ақпараттар іздеу

кезінде қиындықтар болды.Соған қарамастан , Марал алдына қойған мақсатына жетті деп ойлаймын.Ол өз пікірін ашық айтуға, еркін ойын жеткізуге, қойылған сұрақтарға толық ,нақты жауап беруге дағдыланды.

Болашақта Марал өзін-өзі танытатындығына мен сеніммен қараймын, өйткені ол барлық сабақтарға қызығушылықпен , ынтасымен қарайды.

Автор
Дата добавления 12.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2549
Номер материала 276706
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх