Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Научные работы / Ғылыми жоба Отырыр қаласы 10 сынып

Ғылыми жоба Отырыр қаласы 10 сынып



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылы №240 Ғ.Мұратбаев орта мектебі

Әбілқасым Назгүл Талғатқызы. Ғылыми жетекші: Байкенжеева Роза Мақсұтқызы

«ЖЕТІ ҚАБЫРҒАНЫҢ АР ЖАҒЫНДАҒЫ ҚАЛА»

Кіріспе бөлім: Сыр бойы шежірелер мекені

Негізгі бөлім: а) Сауран қаласының қалыптасуы мен дамуы

ә) Сауран қаласының архитектуралық ерекшеліктері

б) Сауран қаласының құлдырау дәуірі

Қорытынды бөлім: Туған жер тарихын білу басты парыз

Сыр бойы шежірелер мекені

Мен өз жұмысымды “Елдігің тарихыңды зерттеуіңнен басталады” – демекші ауданымыздағы ескі қала Сауранның құрылымы мен тарихына арнамақпын. Жалпақ жұртыңды , исі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады.Мен өз жобамды бір шумақ өлеңмен бастасам деймін.

Тарихыңа үңіл бала, үңіл қыз,

Ертеңіміз - сендерсіңдер, бүгін – біз.

Көтеріңдер ауыр жүгін ертеңнің,

Көтерейік бүгінгінің жүгін біз.

Жетер енді ойсыз жатып ойнауың,

Тарихыңның қопар кенді қойнауын

Туған жердің топырағы астында,

Тарих жатыр .... Керек соны ойлауың!

hello_html_m60c59dcc.png


Х ғасырда өмір сүрген арабтың географ- ғалымы Макдиси Әл-Мухтаххар Таһир 2 тараудан тұратын «Дүниенің басталуы мен тарих» деген кітап жазған. Осы еңбегінде ол «Сауран - бірінің сыртынан бірі жеті қабат дуалмен қоршалған үлкен қала ,оның ішінде күмбез, сарай, мешіт бар,»-дейді. Сондай-ақ қала ішінде теңселмелі 2 мұнарасы бар ғажап медресе де болған. Ал сол заманның тарихшысы Рузбехан Сауран туралы: «Бұл қала керемет сұлу және шексіз көңілді, ауасы өте таза, адам жанын көңілдендіріп, сергітеді. Маңайы құлпырған бау-бақша, әр түрлі ағаштар, қаланы айналдыра биік дуалдар қоршап тұр, ешқандай жау ала алмайды. Бұл қаланың топырағы білім мен ғылымның ордасы. Халқы ерекше білімқұмар, зерек және қонақжайлылық олардың табиғатына әбден сіңген »,-деп көрсетеді.

hello_html_m576dee64.png


Сайрам, Отырар, Сауран арқылы солтүстікке қарай Ұлы Жібек керуен жолының өтуі қаланың өркендеуіне үлкен үлес қосқан. Қала сауда орталығына айналған . Сауран базарында Қытай жібегі мен Орта Азияның асыл бұйымдарын тиеген керуендер күндіз-түні

үзілмейтін болған.

Сауранның маңайында жер өңдеу мәдениеті ертеден-ақ дамыған. Егіні суармалы болған.Сыр өзенінен үлкен каналдар қазылған. Қала тұрғындарын осындағы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған. Тіпті сыртқа да астық сатқан.

Сауран қаласы , сонымен қатар үлкен қорғаныс орны, бекініс қамалы болды. Қаланы биік дуалдармен қоршап, ол дуалды айналдыра тереңдігі 3 метрге дейін, ені 15-20 метр келетін ор қазып, су жүргізіп қойған. Қалаға екі қақпа арқылы ғана кіретін болған.

Бас қақпасы қабырғаның солтүстік -шығыс бөлігіне, екінші қақпасы оңтүстік – шығыс бөлігіне құрылған. Ал бұдан басқа шығыс жағындағы мұнараның ішінде қалаға кіріп-шығатын құпия есігі болған. Қаланың осы екі қақпасының алдындағы ор үстіне

қорған қақпасына кіретін аспалы- жиналмалы көпір орнатқан. Бұл аспалы көпір сақтық үшін түнемеге жиналып қойылады екен.

hello_html_m12333761.png


Қала тұрғындары ауыз сумен Сырдариядан тартылған жер асты құбырлары арқылы қамтамасыз етілген. Бұл құбырдың ұзындығы 7 шақырымға жеткен. Қала ішіндегі қоймаларда азық-түлік пен ауыз судың сақтық қоры болған. Қару – жарақ, оқ-дәрі сақталған. Қорған қабырғаларының әр жерінде және биік мұнараларында сыртқы жауларға қарсы қару қойы , оқ ататын арнайы орындар жасалған. Зерттеуші Хафиз Тыныш: «Оның мықтылығы соншалық, оның мұнарасы мен дуалын бұзу ешкімнің де ойына келмеген»,- деп жазды. Сауран қаласының орны солтүстік-шығыстан оңтүстік – батысқа 800 метр, ал солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа 550 метрге дейін созылып жатыр. Қорғанның құлап, шөккен қазіргі қалдықтары биіктігінің өзі 3 метрден 6 метрге дейін жетеді.

Зерттеуші - ғалым В. М Флоринский 1888 жылғы зерттеуінде Сауран мұнаралары жайлы көзбен көргенін былай деп жазады: «Сауран мұнарасының аман қалған бөлігінің биіктігі 15 метрдей, оның жанында 500 метрдей қашықтықта 1867 жылғы көктемде қираған мұнара тұр. Бүтін қалған мұнараның табанында төбені қазған кезде оның қазіргі үстінен іргетасына дейін 2 метр 13 сантиметр болып шықты. Мұнаралардың бірінің түп жағы алтын жалатылған көгілдір әшекейлермен безендірілген».

hello_html_4687d6be.png

Сауран жерінің топырағы қатты , тозаңды, жабысқақ келеді. Сондықтан құрылысқа өте қажет материалдар болып табылады.

XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи зиратының алғашқы қышын өз қолымен қалап, мешіт салдырады. Осы мешітке Сауран топырағынан күйдірілген қыш дайындалады. Дайындалған қышты көлікпен тасытпай, Саураннан 30 шақырым жердегі Түркістанға дейін құрылысшы 40 мың құлды қатар тұрғызып, қышты бірінің қолынан біріне бергіздіріп жеткізген екен.

Тарихта Сыр бойындағы қалаларды 1219-1220 жылдары монғолдардың жаулап алғаны белгілі. Осы шапқыншылықта Сауран қаласы да зардап шегеді, қирайды. Ал XIII ғасырдың екінші жартысынан бастап Сауран қаласы қайтадан көркейіп дами бастайды. Алтын Орда заманында Сауран соның құрамында болады. Кейін Орталық және Оңтүстік Қазақстан жерінде Ақ Орданың құрылуына байланысты қала Ақ Орда құрамына енеді. XIII-XIV ғасырларда Сауран қаласы Ақ Орданың астанасы болады.

hello_html_26b71552.png


Сауран қаласы XVII-XVIII ғасырларда жоңғарлардың шапқыншылығына ұшырады. Одан кейін Қоқан хандығының езгісіне де түсті. Осыдан қаланың құлдырау дәуірі басталады. Осындай аласапыран заманның бірінде халық қаланы қимай , Сауранды екі айналып барып кеткен екен.Содан «Сауран айналған »деген сөз қалған. XIX ғасырдың ортасында қала біржолата күйрейді.

Қазіргі кезде Сауран қаласының құлаған қабырғалары ен мұнаралары қалған. Қорған ішінде уатылған кірпіштер мен сынған шыны , түрлі- түсті әшекейлі қыш ыдыстардың үйінділері жатыр.

Сауран қаласы Қазақ ССР Министрлер Советінің 1982 жылғы 26 қаңтардағы қаулысымен Республикалық маңызы бар археологиялық ескерткіш ретінде есепке алынған.


Қорытынды бөлім

Өткен тарихымызды білмей бүгінгі тірлігіміздің қасиетін бағалай алмаймыз, ал онсыз ертеңгі өмірімізді сезіну де қиын. Тарихсыз халық жоқ, мәдениетсіз ел кездеспейді, қадір - қасиетсіз жер болмайды. Бүкіл шежірелі Сыр бойы сияқты Сауран қаласының тарихы, тамыры тереңде жатқанын жақсы білеміз.

Халықтың тарихы, мәдениеті, дүние танымы, тіршілік ағымы біртұтас дүние. Сондықтан, барлық деректерді зерттеп,құпия сырларын ашып, өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында біршама жұмыстар жасалады деп ойлаймын.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Ұлы Жібек жолындағы киелі жерлер.

2. Сұрақ- жауап энциклопедиясы.

3. Оқулық. 8-сынып Қазақстанның физикалық географиясы.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 20.02.2016
Раздел География
Подраздел Научные работы
Просмотров155
Номер материала ДВ-472855
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх