Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Научные работы / Ғылыми жоба «Сөз мәйегі-мақал-мәтел»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ғылыми жоба «Сөз мәйегі-мақал-мәтел»

библиотека
материалов



Ақмола облысы

Астрахан ауданы
«Қызылжар орта мектебі» ММ











Аманжол Аружан

3 «А» сынып

«Сөз мәйегі-мақал-мәтел»
1-секция қазақ тілі, әдебиет















Бастауыш сынып мұғалімі

Дюсембекова Клара Ерназаровна


















Көкшетау 2016 жыл

Аннотация



Бұл жобада мақал-мәтелдердің ерекшеліктері, қолданылуы қарастырылады.

Қазіргі жаһандану заманында өскелең ұрпақты сана-сезімі, ақыл-ойы қазақи ұлттық құндылықтарды жоғары бағалайтын, бар асылды бойына сіңірген саналы ұрпақ етіп тәрбиелеуде мақал-мәтелдің алар орны ерекше. Әр бір мақалды оқи отырып оның мағынасын түсініп, өмір жолына бағыт алып, кез келген әрекетке қорытынды жасап,саралай білуде даналардан шыққан асыл сөздің пайдасы тиері сөзсіз.Ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді мақтан етіп, қаймағы бұзылмаған қалпында ұрпақтан - ұрпаққа қалдыруды көздейтініміз туралы айтылады.



Аннотация

В этом проекте рассматривается особенности и применение пословиц и поговорок.

Пословицы и поговорки занимают особое место в современном обществе подрастающего поколения в духе самосознания, интеллекта национальных ценностей казахского народа,что имеет заслуги в воспитании потомков. Читая каждую пословицу, понимая его смысл, ориентируясь по жизненному пути, делая в любом действии заключение, польза в знании драгоценных слов знатоков и гениев безусловна. Мы должны гордиться национальными ценностями, традициями и передать в цельном состоянии из поколения в поколение.































Жобаның маңыздылығы: Мақал да, мәтел де - сөз асылы, сап алтыны. «Мақал - сөз атасы». Олар сөз дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен, өрнегімен ерекшеленеді. Мақал мәтелдер нақыл сөз есебінде қызмет атқарады. Мақал – мәтелдерді күнделікті өмірде қолдана білейік. Тәрбиелік мәні зор, біздерге азамат болып қалыптасуымызға әсер беретін мақал-мәтелдерді санаға тоқу, өсіп-өну жолыма басты қағида ету, басқаларға насихаттау.



Жобаның мақсаты:

мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашу;

қолданыс аясын анықтау;

өзара айырмашылықтарына көз жеткізу; халқымыздың баға жетпес асыл мұрасын оқушылар арасында дәріптеу.



Міндеті:

мақал-мәтелдердің ерекшеліктеріне талдау жасау,

қолданыс қызметін саралау;

мақал-мәтелдердің ұлттық танымдық қызметін ашу;

тақырыпқа байланысты әдебиеттерді пайдалану.



Зерттеуді керек қылатын келелі мәселе:

мақал-мәтелдің адамзатқа берері мол-қазына екені.



Зерттеу жұмысының негізгі болжамы:

Қазақ тілінің болашағы жарқын, сол тілдің дәмі, сөздің маржаны мақал-мәтел әрдайым қолданыста болады.



Зерттеу тақырыбы: Мақал-мәтелдер



Зерттеу әдісі: жүйелеу, әдебиеттерге талдау жасау, әр кезеңде айтылған мақал-мәтелдерге баға бере салыстыру, сипаттау әдістері басшылыққа алынды.





Кіріспе:

Адамды адам еткен еңбек болса, сол еңбекті ұрпағына үйретіп, адалдыққа баулыған халқымыздың танымдық, тәрбиелік дәстүрлі салт - санасы, тұжырымдарының мәңгі нәр алатын рухани асыл қазынамыз дүниені көркемдік әдіспен бейнелеуде мазмұны терең, мыңдаған ұрпақтардың ми қазанында құрымай шыныққан ой - өрісі биік тәжірибе тезінен сұрыпталып өткен ой маржаны таза мақал - мәтелдердің шоқтығы биік.
Мақал - мәтелдер ұрпақтар ойының қиыннан қиыстырылған жүйесі мен қоғамдық тарихы тәжірибеде қорытылған жиынтығы, даналық ойдың шежіресі мен халықтың рухани өмірінің энциклопедиясы. Олар әлеумет өмірінің алуан саласын көркем образ түрінде бейнелеп, адамның сонау сәбилік дәуірінен сыр тартып, ұрпақтар үнінің жаңғырығынан елес беретін елгезек жанр. Осындай қасиеттерінің арқасында ұрпақтан - ұрпаққа таралып қалың көпшіліктің құдіреті, келісті көркем сөз кестесін қасиетті мұра ретінде жеткізді. «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Жүздің көркі - сақал» сияқты сөз өрнектері әлеуметтік заңға айналып кеткен зерделі сөздер халықтың өз мұрасына деген шынайы сүйіспеншілігінен туған.



Негізгі бөлім.



Адамның ойын жарыққа шығаратын күшті құрал тіл. Ал тіл адамдар түсінетін құрал болып қана табылмай сонымен бірге атадан балаға мирас болып келе жатқан өмір тәжірибесін, өнер-білімін жеткізуші құрал.Сол рухани байлығымыздын бірі халық ауыз әдебиеті.Ауыз әдебиеті халқымыздың асыл да мол мұрасы,қымбат қазынасы.

Мақал-мәтелдер-ғасырлар шежіресі,ауыз әдебиетінің бір түрі.Мақал-мәтелдер – халықтың ғасырлар бойы іс-тәжірибесінен, өмір тәжірибесінен қорытып, сан алуан құбылыстарға баға беріліп,ереже, өмір заңы түрінде тұжырымдалған аталы сөз халықтың ой түйіні.

Мақал-мәтелдер дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді.Мазмұнының тереңдік жағынан шағын жанрлардың ішіндегі шоқтығы биігі де осы-мақал- мәтел.

Мақал-сөз атасы. Мақал-мәтелдің өзара айырмашылығы бар.

Мақалда дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отырады. Ал, мәтелде бар мағына ашық емес, қорытынды пікір, дәлелдеу жоқ.

Мақалдар тіпті жазу пайда болмаған кездің өзінде пайда болды.Олардың пайда болуының себептері алуан түрлі.Ешкімде дәл қай кезде қандай себеппен айтылғанын дөп басып айта алмайды. Мақал-тұрмыс айнасы. Көптеген мақалдар өзін тудырған тарихи өткінші оқиғалармен жоғалып отырса, ал жүйесі жағынан мығым кейбір мақалдар тек өзінің тууына себеп болған тарихи жағдайға байланысты мағынасын жоғалтып, заманға сай ауыспалы мағынаға ие болу арқылы мазмұны жағынан жаңғырып отырады.

«Сөздің көркі- мақал” дегендей мақалдың көмегімен айтайын деген ойыңды ұнамды да ,ұтымды жеткізуге болады. Мақал-мәтелде басы артық сөз болмайды. Мақал-мәтел- сөз мәйегі. Ол халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірін түгел қамтиды. Негізінен мақал –мәтелдер дыбыс үндестігіне негізделіп жасалады. Ел ішіндегі мақалдар түгел жиналса, бір мың ғана емес, әлденеше мыңға кетері анық. Зерттеу кезіндегі іздену жұмыс барысында мақал-мәтелдердің толық жинақталып, бір басылым болып шықпағанын байқадым.Әр кітапта бытырап жүр.Мақал-мәтелдердің тақырыбы әр алуан.



Мақал - мәтелдердің тақырыптары әр түрлі және алуан, ол халықтың әлеуметтік шаруашылығы, рухани өмірін түгел қамтиды. Сол арқылы әр түрлі тақырыптар Отан, туған жер, атамекен, адамгершілік пен достық, еңбек туралы болып келеді. Елі мен жерін емірене сүйген халық Отанды шексіз сүюді ұрпағына өсиет етеді. «Ел - елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы», «Туған жердей жер болмас - туған елдей ел болмас», «Ө¬з елің - алтын бесік», «Ер жүрегі – ел үшін туады, ел үшін өледі»,- деп халықтың туған жеріне, еліне деген шынайы сүйіспеншілігі терең түйінделген. Сол арқылы туған жерді алтын бесіктей аялап, бағалау керектігін, ол үшін өміріңді берсең де артық еместігін бейнелейді. Мақал – мәтелдердің тура және ауыспалы мағынасы болады.

Мысалы: «Өнер алды қызыл тіл», «Елін сүйген ер болар», деген мақалда ешқандай астар, тұспал жоқ болса, «Не ексең соны орасың» дегенде астарлы ой жатыр. Халық бұл арқылы істеген ісінің нәтижесі сол ісіңе орай дегенді, ишара етеді. Мақал - мәтел қосарлана айтылып, бір - біріне туыс болғанымен, екеуінің өзара айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мақал - мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да байқалады. Мысалы: Тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кірер» деген мақалды алса екі жай сөйлемнен тұрады, ой тиянақты. Ал мәтел құрылысы жағынан мақалдан өзгерек. «Әлін білмеген әлек», Көппен көрген ұлы той» деген тұспал мәтелде басым. Алайда екеуі де халықтың ғасырлар бойы жинақталған даналық ойының мәйегі болғандықтан егіз қозыдай сыңарымен мақал - мәтел деп бірге айтылады.
Мақал да, мәтел де - сөз асылы, сап алтыны. «Мақал - сөз атасы». Олар сөз дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен, өрнегімен ерекшеленеді. Мақал мәтелдер нақыл сөз есебінде қызмет атқарады. Мақал - мәтелдерде бейнелі ойға жетелейді.

«Түсіне қарасаң күндей, ішіне қарасаң түндей»- деп жүзі күндей жарқырап күлімдеген адамнан да жаны жамандыққа құмар, зұлым адамның шығатынын дәл суретімен өрнектейді.
Сөз қолданысы айтуға жеңіл, өткір ойлы, ұшқыр мақал - мәтел халқымыздың ой шеберлігін, бай тілін дәлелдей түскендей өшпес мұра екені де сондықтан болар.

Халық даналығының бір түрі мақал – мәтелдердегі мағына, мәні терең, аз сөзбен көп мағынаны, үлкен ойды жеткізетін шеберлік ұлттық мақтанышымыз десек те артық емес. Сондықтан ата - бабаларымыздың асыл қазынасы, даналық мәйегі көздің қарашығындай сақтап, бағалау басты парызымыз болу керек.



 Мақал – мәтел ата - бабамыздан қалған өшпес мұра. Мақал - мәтелдің тәрбиелік мәні өте зор. Мақалда қорытынды тұжырымды түйін айтылады, айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз ер жігіттің ісі екендігі айтылып тұр.
Мақалда қорытынды айтылады, ал мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады. Мысалы: «Көппен көрген - ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.

Мақал - мәтелдер – талай замандар бойы қалыптасып ұрпақтан ұрпаққа ауысып келген халықтық мұра, асқан шеберлікпен жасалған сөз өрнегі. Мақал - мәтелдерден халықтың ақыл - ой, даналығы мен тапқырлығын көреміз. Олар – келелі ой, кең мазмұнды бір - ақ ауыз сөзбен айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі, халық тапқырлығымен айтқанда, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні». Мақал - мәтелдер әрі ықшам, әрі көркем түрде жасалып, терең ой, кең мазмұнды қамтиды.

ПЕРЕЙТИ НА САЙТ

Мақалдарда ой тұжырымдалып, даналық қорытынды, түйінді пікір түрінде айтылады. Мысалдар: Кең болсаң, кем болмайсың. Әзіл айтсаң да, әділ айт. Бидайдың кеудесін көтергені – дақылы жоқтығы, жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы. Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді.
Мәтелдерде ой - пікір мақалдағыдай, тікелей кесіп айту түрінде емес, жанамалап нұсқай салу (ишара) түрінде айтылады. Мысалдар: 
Айдағаның екі - ақ ешкі, ысқырығың жер жарады. Баяғы жартас – бір жартас. Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма. Ит ашуын тырнадан алады.

Мақал - мәтелдердің ішінде тура мағынасында ұғынылатыны да, астарлы, келтірінді мағынасында ұғынылатыны да бар. Мысалы, 
Олақтан салақ жаман; жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме деген мақалдарды тікелей, тура мағынасында ұғынамыз. Ал Болат пышақ қын түбінде жатпайды; Қалауын тапса, қар жанар – деген мақалдарды келтірінді мағынасында қабылдап түсінеміз. Мұның алдыңғысы "асыл нәрсе қашан да жарық көреді, ол үнемі жасырын күйінде қалмайды, қалай да бір жарқ етіп шығады" дегенді, ал соңғысы «ретін тапса, қолдан келмейтін іс болмайды» дегенді білдіреді.
Мақал - мәтелдердің көпшілігі образды, бейнелі түрде келіп, астарлы, ауыспалы мағынасында ұғынылады. Мысалы: 
Темірді қызға кезде соқ. Қолы қимылдағанның аузы қимылдар. Шабан үйрек бұрын ұшар. Сырын білмес аттың сыртынан жүрме.

Мақал-мәтелдер — халық даналығының, көрегендігінің айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Олардың көбі өмір шындығының қорытындысы.
Халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі секілді қымбат мұра.
«Сөздің көркі — мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал-мәтелді айтылатын оймен орайластырып, орынды колдансақ, сөзіміз мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды көркем әрі бейнелі болады. Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мағынаны беретіндіктен, өте ұтымды болады, сөйлеген адамнын шешендігін, ой ұшқырлығын, тапқырлығын байқатады. Мақал мен мәтелдер халық санасында талай жылдар мен ғасырлар бойында қалыптасып, тұракталып қалған да, сөйлегенде дайын тілдік құбылыс ретінде қолданылады.
Бұл жағынан келгенде, яғни құрамындағы сөздердің тұрақты болуы, дайын тілдік құбылыс ретінде қолданылуы және ойға әсерлі де әсем, көрікті де көркем мән үстеуі жағынан, макал-мәтелдер тұрақты тіркестерге жақын болып келеді.
Сөйлем құрылысы, ішкі мазмұны жағынан мақал мен мәтелдердің өз ішінде ерекшелігі байқалып тұрады.
Мақалдарда ой түйінді пікір, өсиет, ереже тәрізді көбіне ауыс, астарлы мәнде тұжырымдалып айтылады.
Мысалы: Ер жігіттің екі сөйлегені — өлгені.
Еменнің иілгені — сынғаны.
Жақсыдан шарапат, жаманннан кесапат.
Өз басыңды дауға берсең де, жолдасыңды жауға берме.
Мәтелдерде негізгі айтылатын ой-пікір жанамалап, сілтеме — ишара түрінде беріледі.
Мысалы: Күш атасын танымас.
Айласыз батыр алдырар.
Нар тәуекел — ер ісі.
Ер есімі — ел есінде.
Мақал-мәтелдердің көпшілігі ауыспалы, келтірінді мағынамен беріледі.
Мысалы: Әркімнің өзі шығар биігі бар.
Кісінің шырайына қарама, райына қара.
Оқ жетпес жерге қылышыңды суырма.







Негізгі тақырыптың топтастырылуы:











Мақал – мәтелдердің тәрбиелік мәні

Қазіргі жаһандану заманында өскелең ұрпақты сана-сезімі, ақыл-ойы қазақи ұлттық құндылықтарды жоғары бағалайтын, бар асылды бойына сіңірген саналы ұрпақ етіп тәрбиелеуде мақал-мәтелдің алар орны ерекше. Әр бір мақалды оқи отырып оның мағынасын түсініп, өмір жолына бағыт алып, кез келген әрекетке қорытынды жасап,саралай білуде даналардан шыққан асыл сөздің пайдасы тиері сөзсіз.Ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді мақтан етіп, қаймағы бұзылмаған қалпында ұрпақтан - ұрпаққа қалдырумызға мақал-мәтелдегі ақылдың пайдасы тиеді.



Отан, туған жер туралы

Отан сүйгіштікке, өз елінің патриоты болуда, елін-жерін шексіз сүйуіне отан туралы айтылған мақал-мәтелдің берері мол.

  • Отан - оттанда ыстық

  • Отан үшін отқа түс, күймейсің

  • Отансыз адам- ормансыз бұлбұл.

  • Туған жер – алтын бесік.

Осы мақалдарда отансыз адам болмайтынын, отанын қорғау ер азаматтың борышы екенін , кең байтақ қазақ жерін шексіз сүюге, елінің патриоты болуға шақырады.



Ақыл мен өнер білім туралы

  • Өнер-ағып жатқан бұлақ,

Білім - жанып тұрған шырақ

  • Білімді өлмес-қағазда аты қалар,

Ұста өлмес-істеген заты қалар.

  • Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

  • Оқу инемен құдық қазғандай.

Мұнда білімнің пайдасы, оқыған адамның ғылым сырын түсініп, әр нәрсеге өз көзқарасын дұрыс жағынан білдіре алатыны, оқу-білім алу жолында қажырлы еңбек ету керектігі айтылады. Ғылымға, білімге шақырады.









Еңбек пен ерлік туралы

Ердің атын еңбек шығарар.

  • Еңбек етпесең, елге өкпелеме.

Егін екпесең, жерге өкпелеме,

  • Жылай-жылай арық қазсаң

Күле-күле су ішерсің.

  • Ерлік білекте емес, жүректе.

  • Ерді намыс өлтірер, қоянды қамыс өлтірер.

  • Ер бір рет өледі,

Ез мың рет өледі.

Еңбексүйгіштікке, төзімділікке, ерлікке, намысқойлыққа тәрбиелейді.



Ынтымақ пен бірлік туралы

  • Ырыс алды-ынтымақ.

  • Бірлік болмай, тірлік болмас.

  • Кеңесіп пішкен тон келте болмас.

  • Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады.

  • Татулық- табылмас бақыт.

  • Бірігіп көтерген жүк жеңіл.

Даналардан шыққан осы бір мақалдардың мағынасы біздің еліміздің тәуелсіздік жолындағы Елбасымыздың көреген саясатының арқасында 25 жылда жеткен жетістіктерінің нәтижесіндей. Жастарды бірін-бірі қолдауға, татулыққа, бірлікке тәрбиелейді.



Достық пен қастық туралы

  • Жақсылық жар басында,

Жамандық жастық астында.

  • Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі.

Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі.

  • Күлме досқа, келер басқа.

  • Дос болсаң, берік бол, досыңа серік бол.

Бұл мақалдардан жақсылық биік ұғым екенін, жамандық шалыс бассаң болды аяқ астынан жабысатынын ұғасың.Адам баласы өзіне жақсылық жасаған адамға жақсылық істеуге үйір, ал жамандық жасаған адамға жақсылық істеу үлкен жүрек, пейілдің кеңдігі,түсінігінің молдығын көрсетеді. Барлық адамға тән қасиет емес. Адам баласы осы соңғы пікірді ұстанса қоғам мейірімді болар еді.

Кері тәрбиелік мәні бар мақалдар

Мақал-мәтелдердің бәрін ой елегінен өткізбей қолдана беруге болмайды. Дана Абай жиырма тоғызыншы қара сөзінде былай деген: -“Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар”- дей келе, “Жарлы болсаң, арлы болма” “Қалауын тапса қар жанады”, “Сұрауын тапса, адам баласының бермесі жоқ”, “Атың шықпаса, жер өрте”, “Алтын көрсе, періште жолдан таяды”, ” Ата – анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті ” сынды мақалдардың ешқандай тәрбиелік мәні жоқ екенін, ата-анасын малға айырбастау, құдайға дұшпандық, азқындық екенін , жер өртеп шығарған аттың қандай абыройы барын сынай келе, осындай білместікпен айтылған сөздерден сақ болуды ескертеді.

Мақал-мәтелдерді зерттеу кезінде осы мағыналас мақалдар кездесті. Мысалы: Өнерлі бала – әрлі бала,

Өнерсіз бала – сорлы бала.

Баланың бәрі өнерлі болу мүмкін емес ғой. Сонда сорлы болғаны ма?





Қорытынды

Сонымен ғылыми жобамды қорытындылай келе, баға жетпес асыл қазынамыз ауыз әдебиетінің бір тармағы мақал-мәтелдер сараланып, талқыланды.

Зерттеудің басты мақсаты мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашу болғандықтан әр мақалға өзімше түсінік бердім.

Осы жолда көп іздендім көркем әдебиеттерді, газет-журналдарды қарадым. Қазіргі заман талабына сай ғаламтор желісін пайдаланып, мектеп және ауылымыздың орталық кітапханасынан мәліметтер жинадым.Өз сыныптастарымның бір жыл бойы жинаған ”Мақал-мәтелдер жинағы”дәптерлерімен де жұмыс жасадым.Сыныптастарыма алғысымды айтамын. Ғалым зертеушілердің еңбектерімен танысып, ондағы мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәніне талдаулар жүргіздім. Зерттеу жұмысы, берілген тақырыптың өзегіне жетіп, оқушыларға халқымыздың асыл мұрасы, сөз мәйегі – мақал-мәтелдің сан қыры ашылып, үлгі өнеге болады деп сенемін. Бұл еңбегім Тәуелсіздіктің 25 жылдығына кішкентай болса да қосқан үлесім.









Пайдаланылған әдебиеттер:



1. Калиев С.К. Қазақ фольклорындағы халық педагогикасы. 1987.

2. Тажибаева Р.Д. Мақал-мәтелдердің айырмашылығы мен сәйкестігі. // Вестник КазНУ. - №2. 2006. 7

3. Больтирик Альменулы. Шешендік сөздер. Алматы: Ғылым, 1993. 302 с.

4. Габдуллин М. Қазақ мақалдарының күші Алматы: 1975.

5. Габдуллин М. Қазақ халкының ауыз әдебиеті. Алматы: Санат, 1974. - 320 с.

6. Қазақ макал-мәтелдері. Алматы:

7. Ел аузынан. Алматы: Жазушы, 1989.

8. Қазақ мақал-мәтелдері–Алматы: Атамура 2006.

11. Шешендік сөздер. Алматы: Жалын, 1992.





13


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 25.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Научные работы
Просмотров401
Номер материала ДБ-052741
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх