Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Научные работы / Ғылыми жоба тақырыбы "Алма және оның қасиеті" 1 класс
  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:




Пікір


Зарлық Айшат Шынболатқызы білімі мен біліктілігі жоғары,талмағы терең,салауатты өмір салтын ұстанатын тұлға.Қоршаған ортаны өз дәрежесінде танып білу әр адамның білім деңгейі мен ойлау қабілетінің арқасында жүзеге асады.Мектептегі дүниетану пәнінің де ортаны танып білуде маңызы ерекше.Айшат әр сабақта өзәінің алған әсерін ұстазымен,ата-анасымен,достарымен бөліскенді ұнатады.Алғыр,зерек және сергек оқушылардың бірі.Ғылыми жоба барысында түрлі мәліметтермен танысып,қызығушылығы арта түсті.Айшаттың білімге деген қызығушылығы арта түсті,сонымен бірге шығармашылық қабілеті дами түсті.Қоршаған ортаға деген көзқарасы жаңа қалыптасты.Алдағы уақыттарда осы алманың пайдасы және емдік қасиеттерінен басқа біз білмейтін қырларын ашып зерттеу жүргізгісі келеді.

Жұмыс барысында тәжірибе жасап үйренді.Яғни алма жемісінен түрлі ас дайындап үйренді.

Әр адам табиғатпен,қоршаған ортамен дос болып,табиғатқа жанашырлықпен қарау керек.Сонда ғана біздің кішкентай бөбектеріміз өз елінің дамуына титтей де болса үлесін қосып,туған жерінің патриоттары болатынына сенемін.
























Т.Жаманмұрынов атындағы орта мектебі





Жоба тақырыбы:















Дайындаған: Зарлық Айшат Шынболатқызы


Пән мұғалімі: Мұқашева Ақмарал Әділқызы














2016-2017 оқу жылы




Мазмұны:



I. Кіріспе


1.1 Алма туралы түсінік...................................


II. Негізгі бөлім


2.1 Алманың құрамы...........................................


2.2 Алманың емдік қасиеті................................


2.3 Алмадан жасалатын тағамдар ....................


III. Қорытынды


IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


























Ғылыми жоба тақырыбы: Алма және оның қасиеті

Зерттеудің мақсаты:

1. Алма жемісінің тіршілігін бақылау;

2. Адам денсаулығына маңыздылығын анықтау;

3. Алма құрамындағы дәрумендермен танысу

4. Тәжірибе жасау арқылы алманың ғажайып қасиеттерін анықтай отырып білім толықтыру, іздену.


Зерттеудің міндеттері:

1. Алма туралы кітаптармен, оқулықтармен танысу;

2. Алманың түрлері, ерекшеліктері жайлы білімді тереңдету.


Кіріспе

1.1.Алма туралы түсінік

Жеміс құрғақ жеміс және шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Шырынды жемісті көп тұқымды - алма. Алма — раушан гүлділер тұқымдасына жататын, өте кең тараған жеміс ағашы. Жер бетінде мәдени өсімдік ретінде алма ағашы мұнан бес мың жыл бұрын пайда болғаны, алқызыл дәмді алманың негізгі Отаны - Қазақ жері екендігі жөнінде ғылыми деректер бар.Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10 — 12 - сінің шаруашылықтың маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың отаны — Орталық Азия. Сұрпына қарай, алманың өмір сүру ұзақтығы да әртүрлі. Олар 20 жылдан 100 жылға дейін өсе беруі мүмкін.
Алма ағашы еккен сәттен бастап гүлдемейді, оны отырғызған соң 3-12 жыл ішінде жеміс бере бастайды.

ІІ Негізгі бөлім

2.1.Алманың құрамы

Алма құрамында су, қант, қышқыл, құрғақ қалдық заттар,А, В1, В2, В6, С витаминдері және көптеген минералды заттар бар. А дәруменi - ағзаның өсуіне, дамуына көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады,шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. В1 дәруменi - организмде дұрыс зат алмасуы үшін аса қажет. Бұл дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту жүйесі бұзылады. Ағза В1 - ге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі ауруға шалдығуы мүмкін. В2 дәруменi - басқа да дәрумендер сияқты ағзаның бірқалыпты өсуіне қажет. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, ұшық шығады. Денеге түскен жарақат баяу жазылады. С дәруменi - ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәруменi жетіспегенде ағза тез шаршайды, қызылиек қанайды. С дәруменi ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Е дәруменi - бұлшық еттердің қызметін жақсартады. 




2.2.Алманың емдік қасиеті

Алма - ең жақсы диеталық тағам. Өте пайдалы, қолжетімді, дәмі керемет. Алма төмен калориялы тағам болып саналады Бұл жеміс темірдің, пектиннің және фоли қышқылының көзі болып саналады. Алма қан қысымын реттеп, тыныс алуды жақсартады. Ас үйінде апталап, айлап тұратын азықтың бірі – алма. Оның табиғи емдік қасиеті жайлы ойланып көрдіңіз бе? Алманың қандай пайдасы бар?

Алма көптеген ертегілер мен хикаяттарда сұлулық, денсаулықтың символы болып бейнеленеді. Бұл адамдардың ертеден-ақ алманың қасиетін біліп, бағалағанынан хабар береді.

2011 жылы Америкадағы химиялық қоғамның өткізген зерттеу нәтижесі бойынша, алманың көмегімен өмірді 10 пайызға ұзартуға болатыны анықталды. Сондай-ақ алма жегеннен кейін ағзаның белсенділігі де арта түседі екен.

АҚШ университеті жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша, алма мидың яғни есте сақтау қабілетінің жақсаруына әсер етеді.

Алма ол ағзадағы холестерин санын 23 пайызға азайтады.Холестеринді азайтатын арнайы дәрі-дәрмек 18-50 пайызға дейін төмендетсе де, өзге зиянды ауруға апарып соғуы мүмкін. Ал алма мұндай артық ауруларға төтеп береді.

Ісік ауруларының алдын алады.

Гавай аралында жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша, ең көп алма жеген топта қатерлі ісік ауруының пайда болу қаупі 50 пайызға дейін төмендеген.

Кішігірім алмада 15 пайызға жуық жасұнық бар. Ол ішектегі суды сақтап, ас қорытуды жақсартуға көмектеседі.

2.3. Алманың жасалатын тағамдар

Алма жемісінен шырын, тосап, компот, джем, қақ жасалады. 

Жаңғақ қосқан алма бәліші

Жұмыртқаға қант қосып, әбден ақкөбік болғанша араластырып, оған өсімдік майын, ұн, аршылған алма (үгін), майдаланған жаңғақ үгіндісін қосады. Қоспаны араластырады, оны май жағылып, ұн себілген табаға салып пісіреді. Піскен тағам суытылып, бетіне қант себіліп, бірнеше бөлшекке кесіліп, сонан соң дастарқанға қояды. 2 стақан ұнға:

2 жұмыртқа

1 1/4 стақан қант

1 стақан өсімдік майы

1/2 стақан жаңғақ

1 шай қасық үгітілген "дәмдеуіш қабық

1/2 лимон қажет.

Алма сусыны

Алманы жуып, өзегінен тазартып, үккішпен үгіп, шырынын алады. Сол шырынға қант сеуіп, қайнатып, көзі тар сүзгіштен өткізіп, сонан соң аз ғана суытып қою керек.Ыдыстың түбіне жиналған тұнбасын ептеп құйып алады. Оны алма шырынымен араластырып, қант, қайнаған су, ванилин қосып, салқындату керек. 500 г алмаға:

100 г қант

1 стақан су

ванилин қажет.

Алма джемі

Джем дайындау үшін алманың кез келген сұрпы жарайды. Алманы жуып, бөлшектел турап, өзегінен тазартып оны сірке суымен аздап қышқылдандырылған немесе тұзды су құйылған ыдысқа салады. Сосын оны алма қайнатылатын ыдысқа аударып салып, су құйып (1 кг алмаға 2-2 стақан су) қайнату қажет. Қайнатқан кезде, оны үнемі араластырып отыру керек. Алманы қайнату уақыты 10-15 минуттан аспауы тиіс.Алманы оттан түсіріп, оған қант немесе қант шәрбатын қосып, қайтадан отқа қойып, араластыра отырып тағы 30 минут қайнату қажет. 1 кг тазартылған алмаға: 1,2 кг қант пен 2,5 стақан су керек.

ІІІ.Қорытынды.

Мамандардың айтуынша алманы тұрақты түрде жейтін адамның терісі мен ағзасындағы зиякес микробтар жойылады. Алма алатын болсаңдар, тек құрттаған алманы алыңдар. Неге? - десеңдер. Құрттаған алмалар экологиялық таза болады, әрі денсаулықтарыңа пайдалы. 

Алма қолданыстағы кең тараған пайдалы жемістердің бірі.

Яблоко является самым популярным и употребляемым фруком в мире.

Apple the best,popular fruit in the land.

Сөзімді аяқтай келе

Алма, алма дейсің,

Алма әкелсем жейсің.

Айтпады екен деме,

Алманы жумай жеме – дегім келеді.























ҮІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі





1. Сайт : http:www.Google.ru


2. Дүниетану оқулығы Б.Л.Хаджиева, Т.С.Идилова, Қ.А.Аймағамбетова


3. Сұрақ және жауап энциклопедиясы “Алматыкітап” баспасы, 2012

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 15.10.2016
Раздел Биология
Подраздел Научные работы
Просмотров42
Номер материала ДБ-263357
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх