Инфоурок Классному руководителю Научные работыҒылыми жоба тақырыбы: «Есімдер сыры»

Ғылыми жоба тақырыбы: «Есімдер сыры»

Скачать материал

Бостандық орта жалпы білім беретін мектебі

 

 

 

Ғылыми жоба тақырыбы: «Есімдер сыры»

 

Бағыты: Этномәдениет

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми жоба авторы: Байкенова Тоғжан, 9 - сынып оқушысы

Ғылыми жоба жетекшісі: Хамитова Лунара Максотовна – физика,                                                               информатика пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

2016 жыл

 

“Есім дегеніміз - алуа-шекер сыйлық.                                  Ал сыйлық пен тарту адам үшін зор қуаныш”

                                                                              Гомер

І Кіріспе

-          Зерттеу мақсаты

-          Жоба көкейкестілігі

-          Күтілетін нәтиже

ІІ Теориялық бөлім

-          Антропонимика ғылымы

-          Ат қоя білеміз бе?

-           Есімдер сыры  

ІІІ Зерттеу  бөлімі

-         І теорема

-         ІІ теорема

-         ІІІ теорема

-         ІV теорема

-         V теорема

IV Қорытынды

«Менің есімім – менің құндылығым»

 

Аңдатпа

Бүгінгі күні балаларға қойылатын есімдерді жан-жақты зерттеу арқылы мектебіміздегі бірдей есімдердің  сырын анықтау, есімдер ұғымына талдау жасау және есімнің сырын білу арқылы өзін - өзі тануға жол ашу

Аннотация

Исследуя предъявляемые к детям имена определить значения одинаковых имен в нашей школе, анализируя их дать каждому познать самого себя

Abstract

Exploring requirements for the names of the children to determine the values of the same names in our school, analyzing them to give everybody something about yourself.

 

 

 

Зерттеу мақсаты:

-          Есімдер ұғымына талдау жасау

-          Бүгінгі күні балаларға қойылатын есімдердің сырын анықтау

-          Сауалнамалар арқылы мектебіміздегі есімдердің, бірдей есімдердің сырын анықтау

         Жоба көкейкестілігі:

-          Есімдер сырын жан – жақты зерттеу

         Күтілетін нәтиже:

- Есімнің сырын білу арқылы – өзін – өзі тануға жол ашу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ХХ ғасырдың басында адам есімдерін зерттейтін антропонимика ғылым пайда болды. Антро + пос - «Адам, оним/онима - «Есім», «Ат» деген сөз. Ендеше, антропоним дегеніміз - «Кісі есімі», антропонимика дегеніміз - ономастиканың кісі есімдерін зерттейтін саласы.

0_1f2a1_2daa408d_L    Шариғат заңы бойынша, нәресте туған соң үш күннің ішінде оған азан шақырып, ат қою керек. Сәби есімі үш рет құлағына қайталанады. Діни пікірлер бойынша, азан шақырып қойылмаған есімдер ақырзаманда өз рухын, тәнін іздеп қиналысқа түсетін көрінеді-мыс.

Ат қою-бұл қазақтың салт-дәстүрінің бірі. Қазақтың салты бойынша, жас нәресте туған кезде ата – анасы ең сыйлы, қатты құрмет тұтатын адамына өз сәбиінің есімін қойғызады. «Балаға қандай ат қойылса, оның болашақ тағдыры соған байланысты болады», – деген наным – сенім бар. Бала – адамның бауыр еті. Қай ата – ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, әрбір ата – ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны, он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны абзал. Өйткені, есімдердің адам өміріне, адам атына планеталардың ықпалы өте айрықша. Осы адам есімдерін зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, есім бала өміріне айтарлықтай әсер етеді, сәбилерді неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, баланың тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі.

Ат қоя білеміз бе?

 

Ертеректе қазақ халқы баласына ат қоюға келгенде басқа халықтар құсап дiн иелерiнiң атын iздеп, әуре болып жатпай-ақ, дүйсенбi күнi туса – Дүйсенбай, жұма күнi туса – Жұмабай, ауылына, үйiне хан келсе – Хангелдi, би келсе – Бигелдi, сұлтан келсе – Сұлтангелдi, қожа келсе – Қожагелдi деп, болмаса әкесiнiң қанша жасқа келгендiгiне орай баласына Қырықбай, Елубай, Алпысбай, Жетпiсбай, Сексенбай, Тоқсанбай деп ат қоя беретiн болған. Қазiр, Құдайға шүкiр, ол әдеттен арылдық.

        Қай кезде болса да Болат, Қанат, Қайрат, Жанат, Берiк, Серiк есiмдi ұлдар мен Мөлдiр, Маржан, Арай, Әсем, Әсел, Сымбат, Сандуғаш, Салтанат, Айгүл, Айнұр, Ақбота, Ақерке, Ақбаян, Ақмарал, Әйгерiм, Назерке атты есімдер кездесетін. Бұл, бiрiншiден, халқымыздың ой-өрiсiнiң, сана-сезiмiнiң артқандығының, мәдениетiнiң, талғамының дамығандығының белгiсi болса керек.

Баласының атын ырымдап қою – ата - анасының ниетін білдіреді. Қазір де көп адам баласына ғұлама болсын деп – Марғұлан, Қаныш, ақын болсын деп – Абай, батыр болсын деп – Едіге, Жәнібек, Алпамыс, ақылгөй ана болсын деп – Зере, Айғаным деп ырымдап ат қойып жатады. Қазіргі кезде елімізде Нұрсұлтан есімді балалар да көбейе бастады. Бұл да елбасымыздай дана, ақылды болсын деген ырым.
        
Бала – адамның бауыр еті. Қай ата - ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, әрбір ата - ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны, он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны абзал. Өйткені, есімдердің адам өміріне, адам атына планеталардың ықпалы өте айрықша. Осы адам есімдерін зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, есім бала өміріне айтарлықтай әсер етеді, сәбилерді неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, баланың тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі.

Мектеп оқушылары мен туыстарыма мынадай сауалнама жүргіздім:

(26 адамнан сұрадым)
1. Өз есімің ұнай ма? – деген сұрағыма:
«Ұнайды – 25 ------------------ Ұнамайды – 1» деген жауап алдым.
Қорытындым: барлық адамға өз есімдері ұнайды екен. Бұл да қуантарлық жай деп ойлаймын. Өйткені әр адамға өзіне қатысты нәрселердің барлығы қуаныш әкелуі қажет деп ойлаймын. Сонда ғана алдыңа қойған мақсатыңа жету жеңіл болады.
2. Өз есімің жайлы білесің бе? – деген сұрағыма:
«Білемін – 6 ------------------ Білмеймін – 20» деген жауап алдым.
Қорытындым: бұл сауалнамадан кейін мен достарыма, туыстарыма есімдері туралы мәліметтер беріп, әрбір баланың есімінің оның мінезі мен тағдырына қаншалықты әсер ететіндігін білуіне көмек жасауды ұйғардым.

Психологтардың айтуы бойынша өз есімінен ұялатын адам өмірінде “тұлға” болып қалыптаса алмайды.Тек қана өз есімін мақтан тұтатын адам өмірде құрмет пен абройға ие болады
 


1250536034_478188_54448020

                 

 

Есім шынында да адамның тағдырына әсер етеді ме?photo150 

Ғылыми деректерге сүйенсек, адамның туған кезеңінің, маусымның тағдырға тигізер әсері мол. Әсіресе, қысты күндері туғандардың басты қасиеті пысықтық, көктемде туғандарға жұмсақтық, жаз мезгілінде туғандарға қайырымдылық, күзде туғандарға шаруақорлық қасиеттер тән.
         Әрбір әріп белгілі бір санға сәйкес келсе, әрбір сан белгілі бір планетаның ықпалына бағынады. Адам өз есімінің қай планетамен байланысты екенін төмендегідей тәсілмен анықтай алады.

         Осы кесте бойынша әрбір адам өз есімінің тиесілі санын анықтап, сол арқылы қай планетаның мінезі мен тағдырына қаншалықты әсер ететіндігін білуіне болады.

А - Ә – 1, Е – 5, Л – 2, Р – 2, Х – 5, Ы - І – 1,
Б – 2, Ж – 2, М – 4, С – 3, Ц – 3, Ь – 1,
В – 6, З – 7, Н - Ң – 5, Т – 4, Ч – 7, Э – 6,
Г - Ғ – 3, И - Й – 1, О - Ө – 7, У - Ұ - Ү – 6, Ш – 2, Ю - 7
Д – 4, К - Қ – 2, П – 8, Ф – 6, Щ – 9, Я – 2.

1. Күн. Күн планетасының ықпалындағылар: көсемдер, асқақ көңілді тәкаппар, астамшыл және жауапкершілігі мол адамдар.
2. Ай. Сезімтал, талантты, шығармашылыққа бейім ойшыл - қиял кеңістігі мол көпшіл, сезімтал да парасатты жандар.
3. Юпитер. Кеңпейіл, оптимист, адамның тілін таба білетін қасиеті мол, бірден шешім қабылдай қоймайтын, идеалист жандар.
4. Уран. Тік мінезді және бірбеткей, өзімшіл болып келеді, жақсы жұмыс істеп, адамдармен тез достасады.
5. Меркурий. Көпшіл, епті және табиғатында бастамашыл, әр нәрсені білуге құмар, сыншыл, сәтсіздікке мойымайды.
6. Шолпан. Табиғатында сезімтал, сүйкімді, аздап тәкаппарлау, іскер, әр уақытта қай істе де жолы болғыш.
7. Нептун. Жұмсақ мінезді және материалдық жағдайы әркелкі, сезімтал, ымырашыл, қайырымды философтар.
8. Сатурн. Ішкі жан - дүниесі сезімтал, бірақ сырт көзге суық көрінеді. Прагматик, жетістікке өз еңбегімен ғана қол жеткізеді. Бірбеткей, өте сақ, бірақ оларға әр уақытта сенім артуға болады.
9. Марс. Қайратты, қызба, басынан сөз асырмайтын, қысымға төзбейтін, өзімшіл, қай уақытта да тек өзіне ғана сенеді.

1.     Есімім - Тоғжан.
4+7+3+2+1+5 = 2+2 = 4
4. Уран. Тік мінезді және бірбеткей, өзімшіл болып келеді, жақсы жұмыс істеп, адамдармен         тез достасады.

2.     Сынып жетекшіміз – Асан ағай
1+3+1+5 = 1+0 = 1                                                                                                                                        1. Күн. Күн планетасының ықпалындағылар: көсемдер, асқақ көңілді тәкаппар, астамшыл және жауапкершілігі мол адамдар.                                                                                                                                              

Қорытындым:
Зерттеуді аяқтай келе мынандай тұжырымға келдім: «Адам баласы туылғанда азан шақырып қойған есімін құрмет тұтып, ата – анасының үмітін ақтау қажет»

Есімдерді зерттеудегі“нумерология” іліміне келетін болсақ, әріптердің сандық мәндері:

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

А,Ә

Б

В

Г,Ғ

Д

Е

Ё

Ж

З

И

Й

К,Қ

Л

М

Н

О,Ө

П

Р

С

Т

У,Ү,Ұ

Ф

Х,Һ

Ц

Ч

Ш

Щ

Ъ

Ы,І

Ь

Э

Ю

Я

 

Мысалы:   Лунара апай: 
4+3+6+1+9+1=2+4=6
6 саны: басқа адамдардың сеніміне не болып жатса, кәсіпорындарда мол табыс күтеді. Кей кездерде олардан жақсы саясаткерлер, жоғары мемлекеттік дәрежелі адамдар шығады.Олардың философиялық қөзқарастары өз мақсаттарына жетуге көмектеседі.
num1 

 

 

 

         1 саны: Энергия, үнемі қимыл үстінде.Алдын- ала ойластырылмаған, қиын жағдай болып қалса тез әрі дұрыс шешім қабылдай біледі. Өмірге қауіп төндіретін ортада болу, мол табыс әкелетін бизнеспен айналысу жақпайды.Тапсырылған жұмысты жасауға икемдідірек.Өз күші мен мүмкіншіліктеріне сенімді. Батылдық, ерлік. Творчестволық емес, Көбінесе еліктеуіш мінез.Ақшаны тауып та,оны қалай жою керектігін де біледі.Ағат шешімдерден қорыққан жөн.

         2 саны: Құбылмалы мінез, Эмоцияларын өзінде сақтау, іштей қобалжу сенімсіздікке алып келеді. Әрбір ұсақ- түйекке мән бермей, ұрыс-керіс, таластардан аулақ болған жөн.Бірігіп жасалған жұмыстар мол табыс әкеледі.

         3 саны:Жанжақтылық, дарын, шаттық, ғылым әлеміне сілтейді, өнер әлеміне сілтейді.Спортты хобби ретінде жақсы көреді. Егер бұл тұлға дұрыс шешім қабылдап, өзгелердің кеңестеріне жүгінсе, жұмысы оған құрмет пен атақ алып келеді.

         4 саны: Ғылым жағынаан табыс күтеді.Әсірессе индустрияда. Сенімді, әрі тұрақты тұлға. Адал .Бұндай адамдардың қиын, экстрималды жағдайларды пайдасы зор.

         5саны: Рухна еркіндік, тәуелсіздік. Өзгелердің айтқан кеңестерінен гөрі, алынған тәжірибені молырақ бағалайды.Олар қыдырғанды өте жақсы көреді. Филосов болып келеді.

       6 саны: басқа адамдардың сеніміне не болып жатса, кәсіпорындарда мол табыс күтеді.Кей кездерде олардан жақсы саясаткерлер, жоғары мемлекеттік дәрежелі адамдар шығады.Олардың философиялық қөзқарастары өз мақсаттарына жетуге көмектеседі.

         7 саны: Бұл адамдар дарынды адамдарды туғызып, оларды дұрыс арнаға сала алады. Табыс оларға тек болашақты жүйелі жоспарлағаннан кейін келеді.Басқа адамдармен жақсы қарым-қатынас жасауы арқылы олар көшбасшы болады.Бірақ егер саудамен немесе қаржымен байланысты жұмыстармен айналысатын болса, өзгелердің көмегі керек болады.

         8 саны:Үлкен істерде мол материалдық табыс күтеді. Бір жұмысты табысты аяқтап, олар екінші жжұмысқа кіріседі.Көбінесе оларға ұмытылған ғылым салалары, тастанды кәсіпорындар тағы сондай сияқты заттармен айналысқан мол табыс алып келеді.

         9 саны:Бұл тұлғалар үлкен құрметтін иегерлері, Көшбасшы бола алады. Көпшілік алдындаөзіне тән емес оғаш қылықтар көрсетпеген жөн, әйтпесе өзініңиеленген құрметінен, абройынан айыралады.Олар өз өздерін ұстап, асқан тәкаппарлықтан бас тартып өзгелердің құқықтарын мойындаған жөн.

         11 саны: Батылдық, күш, дұрыс шешім қабылдай білу осының барлығы шабыттанған мақсатына жетуге алып келеді. 2 санының қасиеттері оның тепе- тендігін бұзу мүмкін.

       22 саны: Өнертапқыштың дарының иелене отырып, бұл тұлға ашылмаған, зерттелмеген, тылсым ғылым салаларына көңіл бөледі.Және те сол арқылы мол табысқа ие болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Есімдер сырының 5 теоремасы 


Назерке - есім «наз» және «ерке» деген сөздерден құралған. Қыз бала дүниеге келгенде әжесі не анасы баланың қыздарға тән қасиеті болсын, нәзік және ерке болсын, әрі қылықты, назды қыз болып бой жетсін деген үмітпен осындай есім қояды екен.       

        «Назерке»-есімді қыздардың  99%-ы жануарларды жақсы көреді екен. Сонымен қатар, 50%-ы әдебиетті ,44%-ы географияны, ал қалған 6%-ы биология, технология, орыс тілі, қазақ тілі, ағылшын тілі, дене тәрбиесі пәндерін жақсы көреді. Назеркелердің жек көретін пәндерінің қатарында: 95%-ы алгебра, қалған 5%-ын физика, геометрия, әдебиет, қазақ тілі, информатика пәндері құрайды. Ұнататын гүлдері: 89% раушан гүлі, 8% қызғалдақ, 3% қоңыраугүл, түймедақ, сарғалдақ. Сүйікті ұстаздары: 51% Салтанат Замирқызы, 40% Жайнагүл апай мен Асан ағай және Назеркелер болашақта 91% мұғалім, 8% дәрігер, 1% дизайнер болғысы келеді екен.

        Зерттеу нәтижелері: есімі ұқсас жандардың, талғамдары да ұқсас екенін тағы бір дәлелдеді.

 

Самиғуллина Назерке

Тұяқова Назерке

-       Жануарларды жақсы көреді;                                   - Көмектесуге даяр;            - Еңбекқор;                           - Алгебра пәнін ұнатпайды;                          - Раушан гүлін жақсы көреді.

- Жануарларды жақсы көреді;                                   - Көмектесуге даяр;              - Еңбекқор;                            - Алгебра пәнін ұнатпайды;                            - Раушан гүлін жақсы көреді.                                     

 

 

    Захарова Назерке

 Тлепбергенова Назерке

- Кітап оқығанды жақсы көреді;                                    - Сүйікті саны «7»;                  - Раушан гүлін жақсы көреді;                                    - Еңбексүйгіш;                       - Орынды сөйлейді.

- Кітап оқығанды жақсы көреді;                                  - Сүйікті саны «7»;                - Раушан гүлін жақсы көреді;                                  - Еңбексүйгіш;                     - Орынды сөйлейді.

 

Ақжан-«ақжарқын», «ашық мінезді», «ақ көңіл» деген мағынаны береді. Бұл есімді ұл балаға да, қыз балаға да қоюға болады. Есім өте әдемі, әрі құлаққа жағымды естіледі.                                                                                                                                              «Ақжан» есімді қыздардың 100%-ы жануарларды жақсы көреді. Және, 99%-ы әдебиет пен технологияны, 1% қазақ тілін ұнатады. Ақжандардың жек көретін пәні 100% алгебра пәні екен. 97%-ы раушан гүлін ұнатса, 3%-ы қызғалдақ, сарғалдақ, түймедақ гүлдерін ұнататын көрінеді. Олардың ұнататын мұғалімдері: 95%-ы Салтанат апай болса, 5%-ы Лунара апай, Нұрбек ағай, Кәмшат апай, Гүлім апай, Жазира апай. Олардың сүйікті сандарының қатарына: 99% 7 саны, 1% 3 пен 1 сандары жатады. Сонымен қатар, олар болашақта тәрбиеші, дәрігер, шаштаразшы болғылары келеді.

 

      Қосболова Ақжан  

  Нұржанова Ақжанааа

- Күшікті жақсы көреді;     - Алгебра пәнін ұнатпайды;                          - Технология пәнін жақсы көреді;                                  - Раушан гүлін жақсы көреді.

- Күшікті жақсы көреді;     - Алгебра пәнін ұнатпайды;                          - Технология пәнін жақсы көреді;                                  - Раушан гүлін жақсы көреді.

 

«Сәулет»-қазіргі кездегі ең танымал есімдердің бірі. Бұл есімнің ерекшелігі оны да қыз балаға да, ұл балаға да қоюға болады. «Сәулет»-араб тілінен аударғанда «келбет», «ажар», «айбын», «мақтаныш» деген мағынаны білдіреді.                                             «Сәулет» есімді оқушылардың 100%-ы жануарларды жақсы көреді. Олардың 15%-ы биологияны және орыс тілін ұнатаса, қалған 4%-ы дене тәрбиесі, химия, география, қазақстан тарихы, әдебиет пәндерін ұнатады. Сәулеттердің жек көретін пәндері 95% алгебра болып табылады. Ұнататын гүлдері де 95% раушан гүлі. Сүйікті ұстаздары 99%-ы барлық ұстаздар. Сүйікті сандарына жкелетін болсақ: 37,121,7,10 сандары. Және, олар тігінші, дәрігер, футболшы мамандықтарын ұнатады.

 

  Тыныштықова Сәулет

   Кеңесова Сәулет

- Биология, Орыс тілі пәндерін жақсы көреді;  - Раушан гүлін жақсы көреді;                              - Барлық ұстаз ұнайды;  - Алгебра пәнін ұнатпайды.

- Биология, Орыс тілі пәндерін жақсы көреді;  - Раушан гүлін жақсы көреді;                              - Барлық ұстаз ұнайды;  - Алгебра пәнін ұнатпайды.

 Теорема: «Аттас адамдардың мінезі, талғамы ұқсас болады»

 

Ал, сіздер біздің еліміздегі ең танымал әрі жиі қойылатын есімдер қатарымен таныссыз ба? Олай болса бастайық, еліміздегі ең танымал ұлдар есімдері: Ерасыл-1255 бала, Диас-880, Нұрасыл-837,  Әлихан-771, Мирас-737, Максим-674, Бейбарыс-647,  Артем-638, Санжар-626, Нұрислам-624, Азамат-608, Никита-589, Кирилл-569, Ислам-560, Александр-550, Нұрдәулет-505, Дамир-493, Руслан-461, Даниил-457, Әмір-443, Әрсен-434, Дмитрий-432, Әділет-428, Бекзат-421, Ернұр-419, Алдияр-415, Роман-407, Илья-399, Бекарыс-391, Тимур-388. Ең танымал қыздар есімдері: Аружан-1709, Кәусар-1098, Аяулым-1087, Диана-905, Алина-816, Амина-805, Мадина-762, Нұрай-759, Айша-721, Дарья-689, Айзере-667, Анастасия-666, Сабина-656, Жансая және Жанерке-607, Назерке-583, София және Іңкәр-573, Аяжан-567, Айым-563, Виктория-561, Арайлым-546, Мерей-531, Анель-503, Айдана-495, Дильназ-492, Милана-474, Ақерке-431, Екатерина-426, Малика-418.

Қазіргі кезде, кейбір ата-аналар есім қоюға немқұрайлықпен қарайды. Оның мағынасына да қарамай қойып жатады. Мысалы: Малика, Анель, Сабина, Рианна, Жанеля, Асека, Адэма, Ино, Арнес және т.б. Бұл есімдер құлаққа жағымды естілгенімен, мағынасы мүлдем басқа. Барлық мәселе еліктеуден басталады ғой. Елімізде түріктің сериалы «Дениз» көрсетілген болатын. Соған деген құрметім деп, бір қазақ қызына Дениз есімін беріпті. Ал, БҚ-дық бір ағамыз «Азиада-2012» құрметіне өз қызына Азиада есімін қойыпты. Міне, Қазақстандағы ат қою үрдісі. Болашақта: Саммит, Ассамблея, Мэлс, НұрӘбіНаз есімдерін жолықтырып жатсаңыз, таң қалмаңыз!

II Теорема: «Кейбір ата-аналар балаларына «мода» деп те есім бере салады»

 

 

Бала дәулетті де бай,  ауқатты болсын деген тілекпен қойылған есімдер де бар: Байбол, Дәулетбай, Алтынбай, т.б.0_24bbd_3ca1c2ed_L

 

III Теорема: «Барлық дерлік ата- аналар балаларына байлық пен ұзақ өмір тілеп, бұл сөздерді тікелей есіміне қосады»

Шерхан Тлепбергенов 8–сынып оқушысы

 - Ұлы Шерхан Мұртазаның туған күні қыркүйекте өмірге келген;

 - Өлең шығарады және шығарманы жақсы жазады;                                                              - Есеп шығаруға бейім;   

- Үлгі тұтатын тұлғасы: Шерхан Мұртаза.

Батырлардың есімдері

Райымбек Хасанов 11-сынып оқушысы

 - Атақты Райымбек батырмен аттас;  

 - Батырға тән қылықтары бар;

 - Еңбекқор;        

 - Мінезі салмақты.  

Нұрәлі Біләлиев 11-сынып оқушысы           

 - Кіші Жүздің ханы Нұрәлімен аттас;            

 - Байсалды; 

- Өз ісіне тиянақты;     

- Батырға сай қылықтары байқалады.

           

IV Теорема:
«Атақты адамдардың есімдері берілген балалардың мінездері сол дана тұлғалардың мінез- құлықтарына ұқсайды»

Z__X1ZX8Qu

Ертеректе кішкентай балаларға есім қойған кезде, Құран Кәрімнен қарап қойған. Бірақ, кішкентай балаға ондай ұлы есімдер ауыр болады деп, еркелетіп атап кететін болған. Құран Кәрімнен алынған есімдер баланың болашағына әсер етпей қоймайды. Себебі, ондай есімдер ұлылығы мол болып табылады. Мысалы: Кәусар, Фатиха, Ибраһим, Фатима, Азамат, Азат, Абдолла, Зиннат, Анвар, Зафира, Маха, Муна, Наджия, Самиха, Тахира және т.б. Ал, сендер атақты Ыбырай мен Абайдың шын есімі «Ибраһим» екенін білесіңдер ме? Ия, оларға мұсылманша есім ауыр тиер деп, еркелетіп атап кеткен.

 

Құран Кәрімнен алынған есімдер

V Теорема: 
Асыл, әулие адамдардың есімімен аталған бала түбі адам  болады. 
2872057550_dc3b39e224_o-300x224

 

 

Қорытынды:

«Менің есімім – менің құндылығым» тренингі бойынша 3-4 оқушыны шығарып, өздерінің есімдерінің бірінші әріптеріне өздері туралы құнды сөз табуларын өтіну.Ойланып қойған Ата – Ананың есімін арқалаған әрбір Адам – өз есімін мақтан етіп, өмірге әкелген ата-анаға рахмет айту керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.       Т.Жанұзақов Есіміңіз кім?

2.       Ә.Тәжібаев Есімдер сыры.

3.       Балапан телеарнасының онлайн-кітабы Менің атым...

4.       Шалқар журналы Мұсылманша есімдер

5.       Павлодар орта мектебінің кітапханасы Алтын есімдер

6.       Айгөлек журналы Есімдер мағынасы

7.       Балдырған журналы Менің есімім кім?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғылыми жоба тақырыбы: «Есімдер сыры»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

SMM-менеджер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 340 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.02.2017 4992
    • DOCX 1.7 мбайт
    • 76 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хамитова Лунара Максотовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хамитова Лунара Максотовна
    Хамитова Лунара Максотовна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 169085
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 410 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Мини-курс

Эффективное управление электронным архивом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе