Инфоурок Начальные классы Научные работыҒылыми жоба тақырыбы:"Сарымсақтың пайдасы"

Ғылыми жоба тақырыбы:"Сарымсақтың пайдасы"

Скачать материал

№372  бастауыш  мектебі  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі

 

 

20170217_115823
 

 


                                                                   

                                                        Шарыпхан   Молдалы  Бекасылұлы

                                                 Туған  жылы: 05.10.2006

                                                 Оңтүстік  Қазақстан  облысы

                                                 Арыс  қаласы  2017ж

 

 

 

 

 

 

 

 

Пән  жетекшісі: Салахиева  Айгуль  Тлеубековна

 

Ғылыми-зерттеу  жұмысының  тақырыбы:

«Сарымсақтың  пайдасы»

 

Бағыты: биология

 

Оқу  үлгерімі: өте  жақсы

 

Сүйіп оқитын  пәндері: математика,орыс тілі,ағылшын,дүниетану,

музыка,денешынықтыру,бейнелеу.  

 

Ұстанымы:Зерттеудің  барысында жинақтау,практикада  қолдану әдістерін  пайдаланамын.                                     

                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  №372  бастауыш  мектебінің   оқушысы  Шарыпхан  Молдалының

     «Сарымсақтың пайдасы»  атты  зерттеу  жұмысына берілген

 

 

 

                                                     Пікір

 

Шарыпхан Молдалы Бекасылұлы  білімі  мен біліктілігі  жоғары,

талап-талғамы терең,салауатта өмір салтын ұстанатын интеллектуалды

тұлға.

Шарыпхан  Молдалының  «Сарымсақтың пайдасы» атты

шығармашылық  зерттеу  жұмысына пікір білдіре отырып, жұмыстың сапалы

жасалғанын айтуға болады. Зерттеу жұмысының берері көп екеніне көзім

жетті. Шығармашылық  зерттеу  жұмысында сарымсақтың халықтық ем мен

медицинадағы қолданысы, оның  пайдасы, химиялық, биологиялық құрамы

туралы айтып  өтті. Ғылыми  жобаның  материалдарын  жинақтап  жүріп,Молдалының  білімге,ғылымға  деген  қызығушылығы  арта  түсті,сонымен  қатар  шығармашылық  қабілеті  дами  түсіп,қоршаған  ортаға

байланысты көз қарасы жаңаша қалыптасты.Молдалы жан-жақты,өйткені  ол

бокстан да шебер ойнайды,көркем  сөздерді сүйіп  оқиды.

Өзінің  зерттеп  отырған  тақырыбында  сарымсақтың  пайдасы,құрамы,түрі

туралы  айтылса,ендігі мәселесінде  сарымсақтың  зияны  туралы  зерттесем

деген мақсат қойып  отыр.Жұмыстану кезінде Молдалы  өздігінен  тәжірибе  жасауды,қорытындылауды үйренді.

 

  

 

 

  

   Мектеп  директоры:                                                Т.Есілбекова.

 

  Директордың  оқу  ісі

  жөніндегі  орынбасары:                                            Ә.Қазбеков

 

  Ғылыми  жетекшісі:                                                  А.Салахиева

 

 

                       

 

 

 

 

 

 

                                      

                                 

                                             Мазмұны

 

І. Кіріспе

1) Сарымсақ  туралы  жалпылама түсінік

 

2) Сарымсақтың  түрі

II. Негізгі бөлім

1) Сарымсақтың химиялық  құрамы

2) Сарымсақтың биологиялық  құрамы

3) Сарымсақтың пайдасы

ІІІ. Қорытынды.

 

IV. Ұсыныс

V.  Пайдаланылған  әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            

 

                                           

 

 

                                         Аңдатпа

 

 

Зерттеудің тақырыбы:"Сарымсақтың пайдасы"

 

 

Зерттеудің  мақсаты:Пияз  тұқымдасына  жататын  иісі  қолқаны  қабатын

соған  қарамастан  емдік  қасиеті  бар  көпжылдық  өсімдік  сарымсақтың

алуан  түрлері  мен  пайдасы  туралы  түсінік  беріп,насихаттау.

 

Болжамы:  Егер  біз  сарымсақ  жайлы  оқып  білсек,онда  сарымсақтың

көптеген  сырларын  ашып,оның  емдік  қасиетін,халық  шаруашылығындағы

маңызын  біле  отырып,өсімдіктерді  қорғау және  қолда  өсіруге  жұмыстанар  едім.

 

 

Ғылыми жоба келесі бөлімдерден тұрады.

 

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

3.Қорытынды

 

 

Жұмыстың нәтижесі және қорытындысы:

Іздену нәтижесінде сарымсақтың денсаулыққа пайдалы екенін,әртүрлі ауруларға емдік қасиеті бар екенін білдім.

Зерттеуші ғалымдардың айтуынша,сарымсақтың халықтық ем жасауда ғана емес,медицинада да түрлі емдік қасиетінің бар екені анықталды.

 

 

                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           Annotation

 

 

Research topic:"Benefits of Garlic"

 

 

The purpose of the study:  Ten alany layer subject to the smell of onions, garlic and different kinds of perennial plants, gives the concept about the use of medicinal properties despite of  that.

 

 

 

Forecast:  If we know information  about to  garlic, we know lots of  secrets of garlic in it, its healing properties, the value in the national economy and , growing  protection of  plants growing  would be on hand.

 

 

Scientific project consists of the following sections .

 

1.Introduction

2.The main part

3.Conclusion

 

 

Results and conclusions.

 The research work  shows, that  the garlic is useful for our health , and we have learned medical properties of  garlic for various diseases . According to researchers, the importance  of garlic is not only in  treatment  of diseases, also medicinal properties of various revealed that there are in medicine.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         Аннотация

 

 

Тема исследования:"Польза чеснока"

 

 

Цель исследования: Запах лука, подлежащих  семена  слоя, несмотря на многолетних растений лечебными свойствами чеснока  дает понятие о пользе и различные виды пропаганды.

 

 

Прогноз: Если мы знаем о читать и чеснок,много чеснока в нем,раскрывая тайны его целебные свойства,значение в народном хозяйстве и, зная,выращивания и защиты растений на руках.

 

 

Состоит из следующих разделов научный проект.

 

1.Введение

2.Основная часть

3.Заключение

 

 

Результаты работы и выводы.

 В результате поиска, что полезно для здоровья чеснока,различных заболеваний лечебные свойства, что мы узнали.

По словам ученых-исследователей,народное лечение не только в создании чеснока,лечебных свойств различных выяснилось, что есть в медицине.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       І. Кіріспе

 

1.1 Сарымсақ  туралы  жалпылама  түсінік.

 

Сарымсақ – пияз туысты, көпжылдық өсімдік. Оның пиязшығы өте көп пиязшықтардан - «тілшелерден» құралады. Сарымсақтың пиязшығы және тілшелері жұқа құрғақ қабықшамен қапталады. Сабағының биіктігі 1 метрге дейін жетеді. Жапырағы жалпақ, қатар жүйкелі. Гүлсидамы 1,5 м биіктікке дейін өседі.

 

Картинки по запросу сарымсақтың түрлері

 

Сарымсақтың өзіне тән иісі болады. Сарымсақ пиязшығының құрамында 20-27% полисахарид, нәруыз, 7-28 мг% С витамині бар.

Құрамындағы бактерияларды жойып жіберетін эфир майы медицинада қолданылады. Пияз бен сарымсақта болатын ерекше ұшпа заттар фитонцидтер деп аталады. Бұл грекше «фитон» - өсімдік латынша «каедере» - жою, яғни «жойғыш өсімдік» деген мағына береді. Сарымсақ - тағамдық, көкөністік өсімдік.

Отаны — Оңтүстік Шығыс Азия. Жабайы сарымсақ екі жылдық, ал шаруашылық мақсатында өсірілетін сарымсақ бір жылдық. Сарымсақтың дәмі ащы, иісі өткір.
Оның себебі құрамындағы эфир майында жатыр. Ауызды сасытып жағымсыз иіс шығаратын да қасиеті бар. Сарымсақ көне заманнан бері мәдени өсімдік ретінде өсіріледі. Көне Египеттегі папирустардағы жазуларда сарымсақтар жайлы мәліметтер болған. Мысалы, әйгілі пирамиданы салушар сарымсақты тамақ ретінде пайдаланған. Сарымсақ жетіспей қалған кезде олар шу көтерген. Ал ертедегі Римдік император Нерон сарбаздардың батылдығын арттыру үшін оларға сарымсақ жеуді бұйырған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2  Сарымсақтың  түрі

 

  Картинки по запросу тау сарымсағы

                                             Тау  сарымсағы

 

Тау сарымсағы адамзаттың алғашқы жемістерінің бірі болса керек. Ол биік тау етектеріндегі бұйраттардың тасты, шағылды бөліктерінде, көбінше күнгей беттерде өсетін көпжылдық өсімдік екен.Ол жыл сайынғы шашылған тұқымынан, қурап калған сабақтың тамырынан қайта көктеп шыға береді. Оның 100 г, өніміндегі С дәрумені қырыққабат пен салыстырғанда екі есе, көк сарымсақ пен тұрыпқа қарағанда үш есе, кәдіге қарағанда жеті

есе,сарымсақ пен қызылшадан 10 есе артық екен. 

Сарымсақтардың ішінде ең биік орында тұрған тау сарымсағы цинга сырқаты мен тамырлардың тарылуына, ішектер ішіндегі құрттарға таптырмайтын дәрі екен.

1. Тау сарымсағының жас бұтақтарын жесеңіз, қуық пен бүйректі тазалап, зәрді айдайды.

Сарымсақ – тағамдық, көкөністік өсімдік. Оны шұжық өндіруде, сүрлеме жасауда асқа дəм беретін зат есебінде пайдаланады. Сарымсақтың екі түрлі іріктемесі бар: күздік сарымсақ, жаздық сарымсақ. Күздік сарымсақ қысқа қарай егіледі. Оны күзде, суық түсерден 5-6 апта бұрын отырғызады. Жаздық түрін көктемде топыраққа отырғызады, ол күзге таман жуашықтар түзейді. Қазақстанда бірнеше сорты белгілі, олардың ішінде: жергілікті «Дунганский», «Заилийский», жергілікті «Южный фиолетовый» дегендері бар.

 

 

 

                                         

                                         II. Негізгі бөлім.

2.1.Сарымсақтың химиялық құрамы

 

Сарымсақ иісі жағымсыз болғанымен өте пайдалы екенін дәлелдеп, ол жайлы жоғарыда аз да болса жаздым. Енді құрамына тоқталайын:

.

                                Селен                 Магний                  Германий

 

             Фосфор                                                                           Кальций

               Йод                    http://www.massaget.kz/userdata/uploads/u51387/0000_1.jpg                 Хлор                                    

 


                     

                         Көмірсулар                        Темір           Марганец                                     

 

 

Сарымсақтың  құрамында В және C тобына жататын дәрумендер, хлор, темір, фосфор, йод, марганец, кальций, мыс, магний, көмірсулар және тағы да басқа микроэлементтер көп. Басым бөлігі судан, көмірсулар мен ақуыздардан тұрады. Селен, A, B1, C, PP   дәрумендері де кездеседі. Аздаған мөлшерде майлар да жоқ емес. Солардың бірі – эфир майы. Мамандардың айтуынша,100 г сарымсақта – 150 ккал эфир майы  бар екен.

 

2.2. Сарымсақтың биологиялық құрамы

 

Сарымсақтың өнімі жер астында өседі. Жер құнарлы әрі жұмсақ болса, сарымсақтың көлемі де үлкен болады. Сарымсақтың өнімі бірнеше кішкене бөлшектерден(тілшелерден) тұрады. Олардың сарымсақтың ұрығы ретінде егеді. Өсіп тұрған кезінде жапырағынан жебе тәрізді ұрықтанған бөлігі шығады. Оны майға қуыруға, тамаққа қосуға болады. Сол ұрықтанған гүлін дер кезінде суырып алып тастау қажет. Егер алынбаса, сарымсақ өсімдігінің барлық күші ұрықтануға кетеді де, жер астындағы өнімі дамымай кішкентай болып қалады.

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Сарымсақтың  пайдасы.
Бүгінге дейін зерттеген ғалымдардың айтуынша, сарымсақтың құрамында төрт жүзден аса пайдалы компонеттер бар. Бірқатар пайдалары мыналар:  

Құрамындағы антиоксиданттардың жағымды емдік қасиеттері мол. Қан қысымын төмендетеді. Қабынуға қарсы. Перифериялық қан тамырлардың бітелуі мен ластануының, сондай-ақ ми ісігінің алдын алады. 

Иммунитетті нығайтады, организмді қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайды. Ағзадағы бактерияларды өлтіреді.

Асқазан-ішек жолдарына, жүрек-талма ауруларына ем. Микропты болдырмайды, жараны тез жазады, ауруды басады, ішекқұрттарды жояды, қақырықты түсіреді.  

Авитаминозға өте пайдалы. Оның құрамындағы селен антиоксидантты құрамымен ерекшеленеді.

Сарымсақ суық тиген ауруларға да таптырмайтын ем. Ол жүйке жүйесі бұзылғанда, зәр жолдарын емдеуге, сондай-ақ организмді тазалауға пайдаланылады.

Теріге сүйел, теміреткі, сыздауық, қышыма тағы басқа жаралар шыққанда да емге жаратады т.б.

* Өзім жүргізген іс тәжірибем

* Қаңтар айынан бастап екі сыныптың оқушыларына дəрігердің рұқсатымен сарымсақтың пайдасын байқау үшін жұмыс өткіздім. Дайындық тобының оқушыларына сарымсақты ұсақтап турап, «Киндер сюрприз» шоколадының ішіндегі пластмасс ыдысын тесіп, ішіне ұсақталып тураған сарымсақты салдым. Ыдысқа жіп өткізіп, əр оқушының мойнына тағып қойдық. Ал 1-сыныптың оқушыларын еш өзгеріссіз қалдырдым. Сарымсақ кеуіп кетпес үшін, 10 күн сайын ауыстырып тұрдым.

Міне, тамаша! Сарымсақтың соншалықты нəтиже берерін бұрын білген жоқпын. Сарымсақ тақпаған 1-сынып оқушыларының 70 пайызы тұмаумен ауырса, дайындық тобының балалары тұмаудың жеңіл түрімен ғана ауырды. Сонымен, үй жанындағы бақшада өсіп жатқан сарымсақтың пайдасы орасан зор екен.Оның сырын ашып, құпиясын білу мен үшін қызықты болды, сондықтан емдік қасиеттерін əрі қарай анықтадым.

* Менің сыныптас құрбым Айдана ақпан  айының 5-нен бастап тамағы ауырды. Оған мынадай ем ұсындым: 1-2 бөлік сарымсақты үккіштен өткізіп, бір стакан сүтке араластырып, қайнатып, суытады. Тұнбаны күніне бір ас қасықтан ішеді. Құрбым дəл солай жасап еді, ауруынан тез айығып кетті. 7 ақпанда мектептегі іс-шараға қатысқанына мен өте қуанышты болдым. Алдағы уақытта да керек болар деп өзіне жазып алды.

20170217_115823  20170217_115909

20170217_120242   20170217_120325

 

* Кейін шашы көп түсетін əкеме 1 қарашадан 15 күнге  дейін коньяктан – 200 гр, сарымсақтан 100 гр алып, екі қоспаны араластырып, бас терісіне жағып, ем жасадым. Күнделікті пайдалану нəтижесінде шашы сиреп, көп түсетін əкеме бұл емнің пайдасы тиді. Менің əжем бірнеше жылдан бері гипертониядан зардап шегіп келеді. Əр түрлі дəрі-дəрмектер ішеді. Əжем бірде ауырған кезде сарымсақтан жасалған емді ұсындым. Емді қаңтардың 14-15-і күндері қатарынан екі күн түнге қарай екі-үш түйір сарымсақты ұсақтап турап жеді. Содан соң екі апта үзіліс жасады. 9 ақпаннан бастап емді жалғастырды, нəтижесінде ағзадағы қан қысымы қалыпты жағдайға түсіп, əжемнің денсаулығы біраз жақсарып қалды.

«Күнделікті ас үйде қолданып жүрген сарымсақ денсаулыққа өте пайдалы екен ғой. Оның емдік қасиетін тауып, маған да, басқа адамдарға да ұсынғаныңа рахмет», — деп əжем алғысын жаудырды.

* Бір күні ағам қатты суықтап қалған кезде сарымсақты ұсақтап турап, үстіне ыстық су құйып, сосын соның буымен дем алу керектігін айттым.Із жүсінде жасап көрдім.

20170216_201718     20170216_202201

 

20170216_202347    20170216_202433

*Сарымсақ  салат  пен  тамақ  жасау  кезінде  астың  дәмін келтіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Қорытынды.

 

Сарымсақ туралы айтылған жақсы сөздер өте көп. Адамның досы. Денсаулық күзетшісі. «Кімде кім тұздық орнына тағамына ұнтақталған сарымсақ салса,-деп жазады аргентиналық ғалымдар,-сол адам өз денсаулығына зор қызмет көрсетеді». Ұнтақталған сарымсақтың емдік қасиеті жоғары болады.

Осы ғылыми жобамда мен сарымсақ туралы көптеген мағлұматтар алдым. Үйден көмектескен ата-анамда сарымсақтың емдік қасиеттерін біліп таң қалысып жатты. Бұл жобамда өзім түсінетін, көріп-біліп жүрген ауру түрлеріне қарсы сарымсақтың пайдаланылу жолдарын меңгердім. Алдағы уақытта басқа ауру түрлеріне арналған емдік қасиеттерін ашамын,толықтырамын.

Адамдар үшін пайдалы болған сарымсақ иттер мен мысықтар үшін улы болып саналады.

Қалай қолдану керек? 

Сарымсақты негізі шикідей жеген пайдалы. Сарымсақтың өткір иісін артынан  алманы, жалбыз жапырақтарын, немесе балдыркөкті шайнау арқылы немесе сүт ішумен қатар, сарымсақ  жеген соң ауызды шайып, құрғақ  тары шайнап, шикі сәбізді жеп жіберіңіз. Ауызда еш иіс қалмайды,денсаулығыңыз нығая түседі.                                                         

 

 

 

 

 

 

 

                                                 ІV.Ұсыныс.

1.Әз Елшінің «Сарымсақты емге жаратыңыздар, онда жетпіс түрлі ем бар» деуі   бүгінгі күні толықтай дәлелденіп, тек ақиқатты ғана айтқанын ұғыңыздар.

2. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда сарымсақтың  денсаулыққа пайдасының көптігін біле отырып, күнделікті тұрмыста жиі қолдануыңызға кеңес беремін.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер.

 

1.Сайт:htt\www.Google.ru\

2. Пайдалы кеңестер  12/2011      25-бет

3.Cұрақ  және  жауап энциклопедиясы  С.Паркер,Б.Уильямс

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғылыми жоба тақырыбы:"Сарымсақтың пайдасы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по волейболу

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 917 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.04.2017 2628
    • DOCX 1.4 мбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Салахиева Айгуль Тлеубековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Салахиева Айгуль Тлеубековна
    Салахиева Айгуль Тлеубековна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 32893
    • Всего материалов: 22

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 521 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида

Учитель начальных классов компенсирующего и коррекционно-развивающего образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 279 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 887 человек

Курс повышения квалификации

Каллиграфия. Искусство красивого почерка

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1474 человека из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 784 человека

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Медико-педагогические аспекты обучения и тренировки

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Арт-педагогика как метод профилактики детских неврозов

Перейти к трансляции