Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыҒылыми жоба: «Түстердің адам ағзасына тигізетін әсері»

Ғылыми жоба: «Түстердің адам ағзасына тигізетін әсері»

Скачать материал

Ғылыми жоба: «Түстердің адам ағзасына тигізетін әсері»

 

Жетекшісі: педагог- психолог Садыкова Ж.Ж.

 

Кіріспе

Тақырыптың маңызы. Әр түрлі түстер адам өмірінде басты рөл ойнайды, бірақ күнделікті өмірде біз оны байқамаймыз. Түстер арқылы көңіліңізді көтеруге де, денсаулығыңызды да түзетуіңізге болады. Әркімнің өзінің сүйікті түсі болады, ол түстер сіз туралы барлық сырды ашып қояды.

Табиғат қоршаған ортадағы сұлулық бояу нақышымен қымбат. Олардың көркі ең алдымен түрлі-түстің реңіне байланысты айқындалады.

Теориялық ақпараттарды зерделей келе түстердің психологиялық жақтарын қарастыруды жөн көрдік.

ž Зерттеу  мақсаты: Оқушыларға түстердің жұмыс істеу қабілеті мен мінез құлқына әсер етуін зерттеу.

ž Түстердің адам ағзасына тигізетін жағымды жақтарын іздеу.

Зерттеу жұмысының  міндеті:

ž Жобаға  қатысты  теориялық негіздерді жинақтау.

ž Әр түрлі жастағы оқушылардың қандай түстерді басым  таңдайтынын анықтау.  Қызыл түстің адам психикасына тигізетін әсерін зерттеу .

ž Сыныптарда ,оқушылар формасына қатысты таңдауға болатын түстердің үйлесімді түрін ұсыну.

Зерттеудің өзектілігі:

v  Түстер адамның мінез құлқына әсер ететін болса,  түстер адамға неге және қалай әсер ететінін анықтау.

v  Жобада түстер адамға қалай әсер ететінін психологиялық жас кезеңдік ерекшелектерге байланысты түсіндіруге тырысу. 

Түс – адамның көзімен қабылданатын физиологиялық сезім.

Барлық түстер екі топқа бөлінеді :

1. Ахроматикалық (бояусыз)

2. Хроматикалық (боялған)

Хроматикалық немесе хромос – грек тілінен енген сөз, түсті, боялған деген мағынаны білдіреді. Бұл топқа барлық спектрлі түстер қызыл, көк, жасыл және солардың аралас түстері кіреді.

Ахроматикалық түске ақ , қара, және сұр түстің барлық реңктері жатады.

Әрбір хроматикалық түстің өзіне тән үш қасиеті немесе ерекшелігі бар:

1.                 Түс реңкі бұл хроматикалық түстің өзіне жарықтығы жағынан тең келетін ахроматикалық түстен негізгі айырмашылығы, негізгі қасиеті.

2.                 Жарықтық ұғымы хроматикалық түсте қара не ақ пигменттің қаншалықты мөлшері бар болуымен түсіндіріледі.

3.                 Түс қанықтығы түстегі таза бояутегінің болу дәрежесі. Ең қанық бояу спектр түстері болып саналады.(мысалы: қанық қызыл, қанық көк түс, т.б)

Қанық бояу деп – түстегі ашықтық дәрежесін түс қуатын, үдемелі қарқындылықты түсінуге болады.

Түс реңкі бір түсте екінші түс қоспаларының араласуымен сипатталады. Мысалы: қызыл күрең түсте көк түс, қызғылт сары түсте сары түс қатысады. Ахроматикалық түстер бір бірінен тек қана жарықтығымен ғана ерекшеленеді. Ақ пигмент көп қосылған түстер пастельді деп аталады. Осы ақсұр түстердің үйлесімділігі барлық түсті тегістейтін ақ түстің болуына байланысты

Пастельді түстің түстік үйлесімділігі - түстік тепе – теңдік , мұнда бірде- бір түс ерекшеленбейді.

Ақ түстердің үндестігі – бұл жарықтық гаммасы, ал әр түрлі қара – қара-күңгірт гамма болып табылады.

Хроматикалық түстер қабылдануына қарай

жылы түстер суық түстер

Адамды жылы денелерге жақындатқандай әсер береді, мысалы, жылы немесе ыстық денелерге судың, мұздың, аспанның түсін, ымырт уақытын бейнелейтін күн, от, жарық, сәуле сияқты ұғымдарды санауға болады.

Көп түстердің арасынан басты төрт түсті бөліп алуға болады:

- сары;

- қызыл;

- көк;

- жасыл.

Тек осы түстер ғана ешбір қоспасыз таза түс – бояулар болып есепеледі.

              Адам түстерді дененің барлық жасушаларына әсер ететін белгілі бір сипаты бар толқындар ретінде қабылдайды. Түстер шоғыры әсерінің күш-тілігі сондай, ол тіпті адамды өлтіре алады. Өте сезімтал адамдар бөлмеде ілулі тұрған түстер шоғыры дұрыс таңдап алынбаған суреттерден қайтыс болған жағдайлар кездескен. Ертеде балаларды қызыл матаға орап қызылшадан емдеген. Көптеген өкпе аурулары көк түспен емделеді. Өкпе санаторийлерінде қа- бырғалардың көкшіл түс- ке боялуы бекер емес, бұл имунитетті күшейтеді. Қан тамыры аурулары кезінде көгілдір және жасыл түстер қолданылады. Бүгінгі күнгі косметологиялық орталықтар дәрі-дәрмекпен қоса түстермен емдеуді де жүзеге асырады. Безеу шыққанда және бет терісін тарту қажет болғанда қызыл қызғылт сары түсті жарық түсіру процедуралары жүргізіледі. Егер түсқағаз түсінің Сіздің денсаулығыңызға кері әсер ететінін анықтасаңыз, үйіңізді жөндеуге асықпаңыз. Бір түстің кері әсерін басқа түстің әсерімен басуға болады. Мысалы, қызғылт сары түстің әсерін көгілдір және ақшыл түспен, сарыны күлгінмен, қызыл түстің әсерін жасыл түспен басады. Бөлмеңізге тиісті түстегі сурет іліңіз немесе қандай да бір әшекей қосыңыз.

Негізгі түстерге тоқталсақ:

АҚ түс көп жағдайда жарық, қауіпсіздік пен тазалықты білдіреді. Сондай-ақ бұл түс ізгілік, пәктік пен мінсіздік сияқты қасиеттермен байланыстырылады. Киелі кітапта ақ түс өте көп қолданылған. Мысалы, аяндарда әділдік пен рухани тазалыққа баса назар аудару үшін ақ киім киген адамдар мен  періштелер көрсетілген (Жохан 20:12; Аян 3:4; 7:9, 13, 14). Ал аппақ, таза зығырдан киім киген адамдардың ақ боз аттарға мінгендері әділ соғысты білдіреді (Аян 19:14). Құдай күнәларды кешіруге дайын екеніне айрықша мән беру үшін ақ түсті қолданып, былай дейді: “Күнәларың ал қызыл болса да, рақым етіп, сендерді қардай аппақ қылмақпын” (Ишая 1:18). Бұл түс  адам  энергиясының тазалануына өз әсерін тигізеді. Ақ түс таңдайтындар, әдетте, жинақы, адал ниетті  адамдар болып табылады. Көп жағдайда олар талап қоя біледі.   Ақ түс қараңғы жерлерге жарық беріп тұрады, жандандыра түседі. Егер өзіңізді мейірімді, ретті, таза адам етіп көрсеткіңіз келсе, әрдайым ақ түсті киім сатып алуға тырысыңыз

Кері әсері: Ақ түс адамда шарасыздық сезімін тудыруы мүмкін, қажетсіздік пен тығырыққа тірелу де бар. 

 

Қызыл түс - өмірлік энергия түсі. Қызыл – түстердің ішіндегі ең жылы түс. Адамның өмірге деген  талпынысын күшейтеді, адам ағзасындағы қан айналым жүйесін жақсартады. Бұл түсті сөзшең адамдар таңдайды, және еркектердің көпшілігіне ұнайды. Екінші жағынан қызыл түс күш пен қызбалықтың белгісі. Қытайда қызыл түс байлық пен дамудың белгісі саналады.  Табиғатта адамдар қызыл түсті қарама-қарсы жыныс өкілдерін өздеріне көңіл аударту үшін қолданады /ер адамдар әйелдерді, әйелдер ерлерді/. Бұл түсті таңдайтын адамдар күшті, қайсар болып келеді. Кей жағдайда кек қайтаруы да мүмкін.  Әдетте, бұл түс  ашық мінезді адамдарға тән.

Кері әсері: Басқыншылық сезімі мен қозу, есеңгіреу мен ашушаңдыққа әкеп соғады. Тым көп қызыл түс адамды нәпсіқұмарлыққа итермелейді, жолына бөгет болғандарды қиратып, қатігездік пен қырсықтық сезімін өршітеді

 Сарғыш түс - бостандықты қажет ететін түс. Адамдардың байқалмайтын қабілеттерін арттырады. Депрессия, қорқыныш билеп жүрген адамдардың көңіл-күйін жайландырады. Сарғыш түс киген адамдар өркөкірек, тәуелсіз болып келеді. Әрдайым танымал болуға ұмтылады. Бұл түсті адамдар көп келіп кететін, араласатын ортада қолданған жөн. Бұндай жерде адамдар бір-біріне ашық, мейірімді болады. Егер әрдайым, көңілді, жас көрінгіңіз келсе, сарғыш түсті киім сатып  алуға дүкенге асығыңыз.

 Сары түс- адамның ойлау, тез қабылдау қабілетін жақсартады. Өз өзіне сенімсіз, ұялшақ адамдарға оң әсерін тигізеді. Әдетте, бұл  түс  қуаты мол, көп сөйлейтін, әртістік өнерге, шығармашылыққа жақын адамдарға тән.   Сары түсті киім адамға сарғыш түс сияқты әсер етеді. Шамалы әлдендіріп, интеллектуалды жұмыста көмектеседі. Жаңа идеялар мен адамдардың көзқарасын оң қабылдауға жәрдемдеседі. Оптимизм түсі. Шабыт пен рақымшылық сезімін арттырады. 
Кері әсері: Әлсіздік пайда болуы мүмкін. Сары түс мол кеңседе ұзақ отыру бас ауруын туғызуы мүмкін. Аса қанығу жүйке жүйесін жұқартып, агрессия мен мазасыздық тудырады.

 

 Жасыл түс – нағыз гармониялық түс. Өз-өзін сыйлау, табандылық, тұрақтылық пен табиғилық түсі. Өз-өзімен шынайы адамның, тектіліктің белгісі.Адамның нерв жүйесін тыныштандырады.         Бұл түс біреудің қуаныш, ренішіне ортақтаса білетін,  әділетті, өзін өзі басқара алатын,. достары көп адамдарға тән. Бұл түсті ұнататын адамдар тұрақты, сенімді болып келеді.   Бұл түсті кез келген жерде қолдана беруге болады. Жасыл түсті киім кисеңіз, сіз кез келген ортада  тек жақсы жақтан ғана көзге түсесіз.

Кері әсері: Зерігу, эгоизм мен қызғаныш тудырады. Сонымен қатар, кей кейде адамның өзіне сенімділігін бәсеңдетеді. 

 Көк түс – арманыңыздың орындалуына әсер етеді. Бұл түс – шындықтың,  біреуге деген сенің адалдығыңның белгісі ретіндегі түс.      Егер сіз  біртоға, ешкімнің қолы жеткізсіз көрінгіңіз келсе, көк түсті киім таңдаңыз. Бұл түс кездесуге барғанда өте ыңғайлы. Беріктік пен игіліктің, тұрақтылыққа ұмтылыстың белгісі. Бұл түс бір уақыт өмірдің мәнін іздеуге, өз ойларыңды ретке келтіруге итермелейді. 
Кері әсері: Ойларды ауырлатып, еркіндікті тыяды.

 

   Ашық көк түс - салқындатқыш, тыныштандыратын түс. Бұл түс -бейбітшілік, тыныштық символы. Әрдайым тепе-теңділікке, ақылдылыққа шақырады.Ашық көк түсті рухани жетістіктерге ұмтылатын адамдар ұнатады.Әдетте, бұл түсті демалатын жерде қолданған жөн. Киім таңдағанда аса сезімтал, кеңпейілді көрінгіңіз келсе, ашық көк түстіні сатып алуыңызға болады. 

Кері әсері: ашық көк түстің молдығы меланхолияға, енжарлыққа, безушілік пен тұйықтыққа әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар, ұйқышылдық, шаршау мен ашушаңдық шақырады. 

 Қара түс – жұмбақ, құпия түс.Қара түс – тәуелсіздіктің белгісі. Бұл түсті  араласатын ортасында  өзінің лайықты орны бар адамдар ұнатады.  Тәуелсіз,  беделді көрінгіңіз келсе, қара түсті киім таңдаңыз. Элеганттылық сезімін арттырады.
Кері әсері: Қара түстің аса көп мөлшерде пайдалану күйзеліске, енжарлыққа душар етуі мүмкін. 

Қоңыр түсті көбінесе шыдамды, байсалды жандар ұнатады. Ешкімге тәуелсіз, өзінің ойынан қайтпайтын адамдар қалайды. Кейде олармен араласқанда ойын анық түсіну мүмкін емес. Бұл түс қиыншылықты жеңуге көмектеседі. Мінездегі тұрақтылық, еркіндік пен сабырлықтың көрінісі іспеттес. Қарым-қатынас жосығы мен тұрақтылығын ойлайтын адам көбіне осы түсті таңдайды. 
Кері әсері: жабырқау сезімін ушықтырады. Өзгелерден энергия іздеуге мәжбүрлейді. Екінші пландағы адам болуға итермелейді. 

Сұр түсті сақ адамдар жақсы көреді. Олар еңбекқор, жұмыста марапатқа ие болмаса да жұмысын тоқтатпай, жалғастыра береді. Сұр түске құмарларға бала күнінде ерекше көңіл бөлінбегенін аңғаруға болады. Сондықтан өзін көрсетуге келгенде тым жасқаншақ. Ол мұны қалыпты жағдай деп түсінеді.

Аралас түстер:

Көк-қара – тыныштық.                                                                               

Сұр-көк -  сабырлық, немқұрайлылық.                                                               

Көк-қызыл қоңыр – өз жағдайын өзі жасап алу.                                                

Көк-күлгін – нәзіктікке талпыныс.                                                        

Көгілдір - түсінуге деген құлшыныс, айналасын махаббатқа бөлеу.               

Қоңыр-қызыл – белсенділік.                                           
         Табиғатта жылы және суық түстер ғажайып үйлесім тапқан. Шөлдің сары құмы мен көгілдір аспан және Антрактида мұзы, көлдер мен теңіздердің көк суы және күн батқан сәттегі қызғылт түсті тау шыңдары. Жануарлар мен өсімдіктер әлемі де жылы және суық түстерден тұрады. Осы жылы және суық түстердің өзі реңктерге бөлінеді.

Реңк – бұл бір түстің бірнеше түрге түрленуі. Әрбір бояу түстерінің көптеген реңктері болады. Егер кез келген түстер реңктерінде сары немесе қызыл түс басым болса, онда реңктер жылыға жатады.

Табиғаттың төрт мезгілінде де осы түстердің, яғни жылы және суық түстердің барлығын көруге болады. Мысалы: алтын күз мезгілін алсақ, жылы түстерді табуға болады. Бұл кезде айнала қоршаған өсімдік әлемі сары түске, қызыл түске еніп, сұлулық мекеніне айналады.

Ал, қыс мезгілін алсақ айнала аппақ қар, көгілдір мұз суық ауа-райы барлығы қатқыл, қатал көрініс тауып суық түске енеді.

        Түстердің барлық сипаттамаларымен танысқан соң менде  адамдар түстерді таңдауда жас кезеңдеріне байланысты таңдай ма, әлде ұнайтын түсі үнемі сол түс болып қала ма деген сұрақ ойландырды.  Ал екінші сұрақ: түстер адам мінез құлқына, жұмыс істеу қабілеттілігіне  әсер ете ме?  Бұл сұрақтардың  дұрыс бұрысын білу үшін 3сынып, 9 сынып және бастауыш сынып  оқытушылары арасында сауалнама алынынып нәтижелер салыстырылды.

Сұрақ: сізге қандай түс ұнайды?

         3 сынып бойынша ақ түс -13%, қызыл -33% , жасыл -15% , көгілдір -27%, сары -9%, қара-3% көрсетті. 

       Бастауыш сынып оқытушыларынан алынған сауалнама ақ түс-14%, қызыл -8%, жасыл -21% , көгілдір -28% ,сары -12% , көрсетті.

 Сөйтіп шынымен  әр жастағы адамдардың түстерді таңдауда өзгешіліктер бар екені көрінді.

           Екінші болжам : түстер адам ағзасына әсер ете ме? Бұл болжамды зерделеу үшін  3-сыныпта «қызыл түс» күнін ұйымдастырдық. Оқушылардың барлығы сабаққа қызыл киім киіп келді. Балалар бір біріне ерекше  зейін бөліп, көңілдері көтеріңкі болды. 3- сабақтан кейін бірақ та көптеген оқушылар өздерін қызыл түске зейін аударудан  оқушылардың пульсі жиеледі(6 балада). Сабақ соңына қарай 3 баланың басы ауыра бастады, көздері қызырды. Оқушылар өздерін шаршаңқы сезініп, тез ашуланып, далаға шығуға рұқсат сұрады. Ен қызығы бұл күні оқушылардың  бәрі ыстық сезініп терледі.  Тіпті  мұғалімнің өзі де бүгінгі күн күндегіден бөлек болғанын, шаршап кеткенін айтты. Сөйтіп  біздің екінші болжамымыз түстер адам ағзасына әсер тигізетіні дәлелденді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

Дереклеева Н.И. Научно- исследовательская работа в школе

Сборник: энциклопедия чародейства. Красноярск кн. Изд- во 1992 год.

Сурина М.О. Цвет и символ в искусстве, дизайн и архитектуре. Ростов. Изд- во «Феникс», 2005 г.

Интернет ресур- http:// babynear: ru/vse- blya-detej/100- sekety- cveta.html

                              http://www.info-tses.kz/advertka.php?ELEMENT_ID=59118

Республикалық ғылыми- әдістемелік журнал «Мектеп дәрігері» 2009 жыл №5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

на тему: «Влияния цветов на организм человека»

 

Тема научной работы объемна и актуальна. На сегодняшний день молодежь не знает и не понимает о влиянии тех или иных цветов на организм человека. Поэтому внутри школы провела исследование с целью выявления любимых цветов среди учащихся.

Цель исследования: Исследовать влияние цветов на работоспособность и на психологию человека. Найти положительные стороны влияние цветов на организм человека.

Объект исследования: Учебно- воспитательный процесс в школе.

Задачи исследования:

- Подбор теоретического материала;

- Исследовать влияние красного цвета на психику человека.

- Предложить наиболее подходящие цвета для школьной формы.

Методы исследования: исследование,  контроль, сбор информации, вывод.

Теоретическое исследование и научное новшество: 

-Влияние цветов на организм человека, а особенно красного цвета;

- Предпочтение цветов у людей разного возраста.

Актуальность исследования: Выявить и исследовать влияние цветов на организм человека. Суметь объяснить  в научном проекте влияние цветов на возрастную психологию учеников.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғылыми жоба: «Түстердің адам ағзасына тигізетін әсері»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Интернет-маркетолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 447 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2016 5431
    • DOCX 143 кбайт
    • 68 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Садыкова Жадыра Жайыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Садыкова Жадыра Жайыковна
    Садыкова Жадыра Жайыковна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25691
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Депрессивные состояния в подростковом возрасте

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 102 человека

Курс повышения квалификации

Основы медицинской психологии в деятельности педагога-психолога

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС для обучающихся с умственной отсталостью (интеллектуальными нарушениями) в общеобразовательных организациях

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 174 человека из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 695 человек

Мини-курс

Искусственный интеллект: тексты и креативы

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 240 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов, критиков и общественных деятелей

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек