Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ғылыми жоба "Жамбыл Ақылбаев"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Ғылыми жоба "Жамбыл Ақылбаев"

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Қазақстан Республикасы білім және ғылым минстрлігі «Шахтинск қаласы Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицей»КММ







Тақырыбы: «Ақылбаев Жамбыл Сәулебекұлы»


Жұмыстың бағыты: Өлкетану

Жұмыстың авторы : Сарсетай Алишер

2 Б сынып


Жұмыстың жетекшісі: Мақсат Айнагүл

бастауыш сынып мұғалімі








Шахтинск 2015



Мазмұны


І. Кіріспе 3- бет

ІІ. Негізгі бөлім. 4- бет

2.1. Ақылбаев Жамбыл Сәулебекұлының өмірдерегі

2.2. Жамбыл Сәулебекұлының қоғамдық-саяси қызметтері 5 - бет

2.3. Ақылбаев Жамбыл Сәулебекұлының марапаттары 6 - бет

ІІІ. Қорытынды 7 - бет

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 8 - бет





















Аннотация: “Жетектейді адамды заман деген,

Заман жүгін көтерер адам деген.

Жақсының жақсылығы білінеді,

Істеген ісіменен, қиялымен, қаламменен”



























Жұмыстың өзектілігі: Жамбыл Сәулебекұлы Ақылбаевтың өмір белестерін қарастырып, жан- жақты талдау.


Зерттеудің мақсаты:

Жамбыл Сәулебекұлы Ақылбаевтың өмір жолы зерттеу. Оның еліміздің дамуына қосқан өзіндік үлесі, қолтаңбасын зерттей отырып, қайраткердің ерекшелігіне тоқталу.


Міндеті:

- Жамбыл Сәулебекұлы Ақылбаев жайлы түсінік беру;

- Ғалымның ұрпақ тәрбиесіне, еліміздің дамуына қосқан үлесінің маңызын көрсету;

- Жамбыл Сәулебекұлы Ақылбаевтың өмірге құштарлығын дәлелдеу.


Зерттеу әдісі: Зерттеуде салыстыру, сәйкестендіру, талдау, тұжырымдау, нақты материалдарды қорытындылау арқылы жасалды. Жұмыс екі бөлімнен тұрады.


Зерттеу объектісі : Жамбыл Сәулебекұлы Ақылбаев өмір жолы.


Зерттеу болжамы: Егер бұл жұмыс іске асар болса, Жамбыл Сәулебекұлы Ақылбаевтің өмір жолында жасаған еңбектерінің еліміздің дамуына қосқан үлесі бар деген сұраққа жауап табылар еді.




















Кіріспе

Алты алаштың, қазақтың сайын сахарасында тұлпарлар түгесілген жоқ, түгесілмек де емес. Ол – ұлылықтың, ұлағаттың символы. Осындай алты алаштың ардақтысы болған азамат – Жамбыл Ақылбаев.

Дүниеден осы бір жақсы азаматтың өткеніне де біраз уақыт өтті. Жамбыл Сәулебекұлы алпыс тоғыз жыл ғұмырында үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге ізет көрсетіп лайықты аға бола білді. Адам – пенденің қабілет-қарымы өмірден өз орнын қапысыз таңдауымен тығыз байланысты десек, ол өмірлік міндетін дұрыс бағдарлай алған адамдар қатарына жататынды. Түркі әлеміне астамшылықпен қарайтындар үшін ашық аспанда жасын оты ойнағандай әсер қалдырған түркінің көне руна жазбалары білімнің арқасында дүниеге келген, әріге бармай-ақ қояйық, бір ғана Абайдың қазақ руханиятына әкелген ренессансы білімнің арқасында жүзеге асты, әлемдік ірі тұлғалар Махатма Ганди, Сун Ят Сен, Кемал Ататүрік, тағы басқа алыптармен деңгейлес, тіпті, кей тарапта биіктеу көрінетін Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедовтер де ұлы мұраттарын жүзеге асыру үшін білім мен ғылымды бірінші кезекке шығарғанды. Ал ХХ ғасырдың ортасында сол ұлылар мен ірілердің аманат – эстафетасын қабылдап, жаңа уақыт пен жаңа жағдайда жүзеге асыру пешенесіне жазылған зияткерлік топ құрамында Жамбыл Ақылбаев та бартын. Кез – келген адам баласы тәңірінің өзіне ұсынған сыйы – өмірдің мән – маңызы, мазмұны жайлы ойланып, толғанары әуелден – ақ белгілі. Біздің халқымызда «пешене» деп аталатын шексіз абстрактілі ұғым бар. Осыдан кейін ойға келетін бір нәрсе,ол әр адамның өзінің кешкен ғұмырына көз жіберіп, ой елегінен өткізіп, саралайтыны, сан – түрлі ой – толғамдар жасайтыны анық. Өмірдің мазмұны жайлы толғаныс – сол өмірдің тағылым жайлы, өзің бастан кешкен оқиға – құбылыстардың мәні жайлы, өмірде өзің алға қойған мақсат, міндеттер жайлы тұжырым. Солар жайында өзгелермен, нақтырақ айтсақ, өзінен кішілермен, замандастарымен, тұтас жан достарымен, аға буын өкілдерімен , кейінгі жастармен ой – бөлісу. Басыңнан өткен азды – көпті жайттармен, өмірлік ұстанымыңмен, жүректе қалған сырларыңмен алмасу, ортаға салу. Міне, осы ұстанымдарды аз ғұмырында іске асырып, ел игілігіне асыра білген де Жамбыл Ақылбаев.

Академик Е.Бөкетов республикадағы екінші университеттің аяғымен нық тұруына қатысты қыруар ұйымдастырушылық іс-шаралардың басы-қасында болды, нақақтан-нақақ зардап шекті, академик Жамбыл киелі оқу орны талапқа сай жұмыс істеп, тиісті миссиясын орындау үшін қалыптасқан университетке айналуына тер төкті. Ал, осы университеттің түлегі, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, проректор қызметтерін атқарған Жамбыл Ақылбаев бірнеше жыл Атырау (Гурьев) пединститутында ректорлық лауазымда болып, қалған бар ғұмырын Қарағанды мемлекеттік университетіне арнады.


3

Негізгі бөлім:

1.1. Ақылбаев Жамбыл Сәулебекұлының өмірдерегі

Ақылбаев Жамбыл Сәулебекұлы Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу Аюлы селосында 27.07.1938 жылы дүниеге келген. Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу Аюлы селосы орта мектебінде оқыған. Қарағанды Мемлекеттік педагогика институты физика – математика факультеті, физика және жалпы техникалық мамандығы бойынша бітірген. Жамбыл Сәулебекұлы – «Қазақстан жоғары мектебі» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналының Редакциялық кеңесінің мүшесі, «Жылу физикасы мен молекулалық физика» және «Қатты денелер физикасы» мамандықтары бойынша кадидаттық диссертациялар қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы. Көрнекті қоғам қайраткері, ол әрқашан белсенді өмірлік позиция ұстанады, қаланың облыс пен еліміздің қоғамдық-саяси өмірінің бел ортасында жүреді. Жамбыл Сәулебекұлы Ақылбаев – Қарағанды облысы, Шет ауданының Құрметті азаматы! 70-тен астам ғылыми және ғылыми әдістемелік жұмыстардың авторы, өнер табысы үшін 10-ға жуық авторлық куәлік алған. Негізгі ғылыми еңбектері денелердің гидроаэродинамикасы мен жылу алмасуы мәселелеріне арналған. Ақылбаев Жамбыл Сәулебекұлының қатысуымен ұшатын аппаратгардың аэродинамикалық өндеуін өлшеудің жаңа технологиясы жасалды, ол Орталық аэрогидродинамикалық институтпен бірлескен зертгеулерде колданылды. ҚарМУ ректоры Ж. С. Ақылбаев Қазақстан жоғары оқу орындары ректорларының Республикалық Үйлестіру кеңесі Президиумының мүшесі және Орталық Қазақстан (Астана, Қарағанды, Жезқазған) жоғары оқу орындарының ректорларының Аймақтық кеңесінің төрағасы. Оның 1970 жылы «Ағын кедергісінің гидроаэродинамика және дөңгелек цилиндрдің жылу алмасуына тигізетін әсерін зерттеу» атты тақырып бойынша қорғаған кандидаттық диссертациясы мен 1996 жылы қорғаған «Шектелген ағындарда денелердің гидроаэродинамикасы мен жылу алмасуын зерттеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясы ғылыми ортада кеңінен танымал. Оның қатысуымен ұшатын аппараттардың аэродинамикалық өндеуін өлшеудің жаңа технологиясы жасалды, ол Орталық аэрогидродинамикалық институтпен (ЦАГИ) бірлескен зерттеулерде қолданылады.

Жамбыл әкесінің өмірін жалғастырып, ойлаған армандарын іс жүзінде асырып кеткен сүйікті ұл! Ол барлық іні-қарындастарына жоғарғы оқу орындарына түсуге тікелей көмектесіп, әрқайсысының бір-бір диплом алып шығуына ат салысты. Әкесінің: «Бәрің де оқыңдар, білім алыңдар, орыс тілін үйреніңдер, үлкен ағаларыңның – көкетайларыңның жолын қуыңдар!» - деген жолдауларын іс жүзіне асырды. Әкесі қайтқаннан кейін, әке орнына әке бола білді. Балаларының бәрі жоғары білімді, өмірден өз орындарын тапқан отбасы иелері. Академик, ғылым докторы, профессор – Жамбыл Сәулебекұлы туған-туысқандарының мақтан ететін, үлгі тұтатын нағыз азаматы!


4

2.2. Жамбыл Сәулебекұлының қоғамдық-саяси қызметтері

1960-1963жж. - Қарағанды Мемлекеттік университетінде оқытушы.

1963-1986ж.ж. кафедра меңгерушісі, деканның орынбасары, физика факультетінің деканы, ғылым, оқу ісі жөніндегі проректор қызметін атқарған.

1972-1985ж.ж - ҚарМУ-де және Қарағанды қаласы Совет ауданының «Білім» қоғамының төрағасы, Қарағанды облысы педагогокалық кеңесінің мүшесі, ҚарМУ физика факультетінің партбюро мүшесі.

1980 жылдан - Қарағанды қаласы Совет аудандық партия ұйымының мүшесі.

1987 жылдан - Гурьев қалалық Халық депутаттар Кеңесінің депутаты.

1988-1991 жж. - Гурьев облыстық «Білім» қоғамының төрағасы және республикалық «Білім» қоғамының мүшесі.

1989 жылдан - Гурьев облыстық кәсіподақ кеңесінің пленум мүшесі.

1989-1990жж. - Қазақстан Компартиясы Гурьев қалалық комитетінің бюро мүшесі.

1989-1991жж. - Гурьев облыстық Халық депутаттары Кеңесінің депутаты, Облыстық Кеңестің президиум мүшесі және білім, мәдениет және денсаулық сақтау бойынша тұрақты комиссияның төрағасы.

1990-1991жж. - Қазақстан Компартиясы Гурьев қалалық комитетінің бюро мүшесі.

1992-1994жж. - Қарағанды облыстық Халық депутаттары Кеңесінің депутаты.

1993-1994жж. - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылымының Халық депутаты.

1994-199жж. - Қазақстан халық бірлігі партиясының Қарағанды бөлімінің төрағасы және партияның орталық комитетінің мүшесі.

1996-2004жж. - Орталық Қазақстан Жоғары оқу орындарының ректорларының аймақтық кеңесінің төрағасы және Қазақстан ЖОО республикалық кеңесі Президиумының мүшесі.

1997 жылдан - Қазақстан Жоғары Мектеп ғылым Академиясының Қарағанды филиалының төрағасы.

1998-1999жж. - Қазақстан Республикасы Президенті сайлауында Н.Ә.Назарбаевтың сенімді өкілі.

1999-2001жж. - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат бойынша Ұлттық Кеңестің мүшесі.

2001-2004жж. - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кешірім беру комиссиясының мүшесі.

2002-2004 жж. - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым корпоративтік қорының үйлестірушілер Кеңесінің төрағасы.

2004 жылдан - Қазақстан Республикасы ЖОО Ассоциациясының басқарма мүшесі.




5


2.3. Ақылбаев Жамбыл Сәулебекұлының марапаттары

«Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалі (1957ж.),

«КСРО білім саласындағы үздік жетістіктері үшін» төс белгісі (1982ж.), «Жігерлі еңбегі үшін» Бүкілодақтық «Білім» қоғамы басқармасының марапаты (1983ж.),

«Еңбек ардагері» медалі (1985ж.),

«Астана» медалі (1998ж.),

«Еңбектегі жетістіктері үшін» Жоғары мектеп халықаралық ғылым академиясының медалі (2001ж.),

«ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2002ж.),

«Жоғары мектеп алдындағы қызметі үшін» ЖМ ХҒА медалі (2002ж.),

«ҚР білімінің құрметті қызметкері» белгісі (2002),

«Россия жаратылыстану академиясының академик П.Л.Капица атындағы» медалі (2003ж.),

А.Байтұрсынов атындағы алтын медаль және ҚР Жоғары оқу орындары ассоциациясының «10 жылдықтың үздік ректоры» медалі (2004ж.),

«Қазақстан Конституциясының 10 жылдығы» медалі (2005ж.),

Монғол Халық Республикасының «Даңқ жұлдызы» ордені (2006ж.),

Шет ауданның құрметті азаматы (1998 ж).

«Парасат» (1998ж.) орденімен марапатталған.

Қарағанды қаласының құрметті азаматы.























6


Қорытынды


Қорыта айтқанда Жамбыл аға да өмірлік мұратын орындап, мінбеде тұрып, бақиға аттанды... Жақсы Жәкең елінде...Өмір - мұрат. Өлім -ақиқат. Ол кісінің дүниеден озғанына 5 жыл болды. Бақиға аттанған адамға ештеңенің де керегі жоқ. Оның есімін ұлықтау бүгінгілер үшін қажет. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры Е.Қ.Көбеев біраз игілікті істерге мұрындық болып жүр, «Болашақ» университетінің ректоры Н.О. Дулатбеков тағылымды іс-шаралар өткізіп жүр. Жамбыл Сәулебекұлының «Парасат иірімдері» атты кітабы, өзі туралы естеліктер жинағы осы азаматтың алқауымен жарыққа шықты. Балқашта академик Ж.С. Ақылбаевтың атымен аталған колледж бар.Таяуда облыс әкімі Қарағандыдағы көше атауларын өзгерту туралы мүдделілік танытыпты деген жағымды жаңалық естідік. Басқа өңірлер өз алдына, ең алдымен, Қарағанды қаласының тәуір бір көшесі Ж. Ақылбаев есімімен аталар деген үміттеміз. Сонымен қатар, осынау ірі тұлғаға кітапхана, оқу орны аттарын беру т.б. іс-шаралар да алдағы уақыттың еншісіне тимек демекпіз. Өзінің жұмысқа сауаттылығымен, кәсіпті дұрыс басқара алуымен, адамгершілік қасиеттерімен есте қалған нағыз азаматтың қандай болу керектігін өнегелі өмірімен дәлелдеп кетті. Мінбеге шығып, жас буынды білім – ғылымға үндеген абзал ағаның туған жерінде мінбеде тұрып, бақилық болып кетуінде әлі де бір бекзаттық, әлде бір қасиет, сипат бары анық. Жамбыл Сәулебекұлының жарық дүиеде қалдырған ізі, ешқашанда ұмытылмақ емес.

«Жақсының аты өлмейді» деген бабадан қалған асыл сөз, қазақтың біртуар осындай асыл азаматтарына арналса керек.



Менің ұсынысым: Ақылбаев Жамбыл Сәулебекұлының  еңбектері мектеп оқулықтарында толық берілсе, кез келген оқушы бұл азаматтардың есімімен қоса ел үшін атқарған еңбегін де білетіні сөзсіз еді.













7


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :


  1. Тіл және рух газеті № 11 (140), 30 қараша 2013 ж.

  2. Жамбыл Сәулебекұлы «Парасат иірімдері»

  3. Интернет беттері





































8

















Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-118867

Похожие материалы