Инфоурок Начальные классы КонспектыҒылыми жоба "Жұмыртқаның пайдасы"

Ғылыми жоба "Жұмыртқаның пайдасы"

Скачать материал

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы

Есбол Өмірбаев  атындағы орта мектеп



 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Жұмыртқа және оның пайдасы»



 

 

 

 

 

Орындаған: 3 –сынып оқушысы Серікбаева Жұмагүл

 




 

 

 

Жетекшісі: Султанова Амангүл
бастауыш сынып мұғалімі



 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   2015жыл

 

                                                        Е. Өмірбаев атындағы орта мектептің

                                                           3-сынып оқушысы Серікбаева Жұмагүлдің

                                                          «Жұмыртқа және оның пайдасы»  атты

                                                           зерттеу жұмысына берілген

 

                                                       Пікір

  Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Е.Өмірбаев атындағы орта мектептің

3- сынып оқушысы Серікбаева Жұмагүлдің «Жұмыртқа және оның пайдасы» атты ғылыми – шығармашылық зерттеу жұмысына пікір білдіре отырып, жұмыс үлкен ізденіс үстінде, жүйелі жасалған деп толық айтуға болады. Зерртеу жұмысы барысында Жұмагүл үлкен ізденіс үстінде болды, жұмыртқаның пайда болуы, оның құрылысы, оның өмірдің сан-саласында қолданылуы, бір сөзбен айтқанда пайдасы туралы мәліметтер жинақтады, баспасөз материалдарымен танысты, тәжірибеде қолдана білді. Бұл деректер тақырыпты кеңірек ашып, жүйелеуге септігін тигізгені анық.  Оқушы өз қызығушылығы   мен  шығармашылығын  ұштастырып, қолдағы бар мүмкіндікті пайдалана білді.Зерттеу жұмысының берері көп екеніне де көзім жетті. Сондықтан болашақта Серікбаева Жұмагүлден үлкен үміт күтемін.

 

 

 

                                                    Жетекшісі:     Бастауыш сынып мұғалімі

                                                                                  Султанова Амангүл

 

 

 

 

                                              Мазмұны

 Аннотация........................................................................................1

І. Кіріспе...........................................................................................2-4

ІІ. Негізгі бөлім................................................................................

2.1. Жұмыртқаның шығу тарихы, құрылысы.................................5-7

2.2.  Жұмыртқаның пайдасы............................................................8-9

2.3. Жұмыртқаның жұмбақ сырлары..............................................10-16

2.4. Жұмыртқа туралы қызықты деректер......................................17

ІІІ. Қорытынды............................................................................... 18

ІV. Ұсыныстар....................................................................................19

V. Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................20

VІ. Қосымша ......................................................................................21

 

 

                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                Аннотация

Зерттеудің мақсаты: тағам есебінде пайдаланылатын құстардың сопақ қабығы бар жыныстық клеткасы әрі нәрлі тағамдардың бірі – жұмыртқаның құрылысы, шығу тарихы және оның өмірдегі тигізетін пайдасы туралы түсінік беру, жұмыртқаның пайдасын насихаттау.

Зерттеудің болжамы: тамақ есебінде қолданылып қана жүрген жұмыртқаның химиялық құрамын және оның емдік қасиеттерін жете білетін болсақ, жұмыртқаны жан  - жақты тұрмыста да қолдана аламыз.

Зерттеу кезеңдері:

І. Жоба жұмысының тақырыбы таңдалып, зерттеу жұмысына қажетті материалдар жинақталды.

ІІ. Жинақталған материалдарға сараптама жасалды, ғылыми мәліметтер салыстырылды.

ІІІ. Зерттеу жұмысының жобасы жазылды, слайдтар жасалды, жұмыртқаның емдік қасиеттері, тұрмыс пен косметология саласындағы пайдасы бар екені анықталды.

Жұмыстың нәтижесі және қорытындысы: іздену нәтижесінде жұмыртқаның ең алдымен денсаулыққа пайдалы екенін білдік. Сонымен қатар шаш күтімі, бет күтімі сияқты косметология саласында да пайдасы өте зор екендігі анықталды.

Зерттеу жұмысының дереккөздері: зерттеудің материалы ретінде деректер, түсіндірме, оқулықтар мен көркем шығармалар, суреттер, фотодеректер алынды.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері: зерттеу барысында жинақтау, салыстыру, сараптау, оны тәжірибеде қолдану сияқты әдістер пайдаланылды.

 

Кіріспе

Жұмыртқа туралы түсінік

Жұмыртқа - тағам есебінде пайдаланылатын құстардың сопақ қабығы бар жыныстық клеткасы. Қабығы аршылған тауық жұмыртқасының химиялық құрамы:73,6% судан, 12,8 % ақуыздан, 11,5 % майлардан, 0,7 % кемірсулардан, минералдық заттардан тұрады. Жұмыртқада адам ағзасына қажетті, тіршілік үшін маңызы зор амин қышқылдарының бүкіл жинағы бар. Жұмыртқа емдәмдік тағамдар қатарына жатады. Энергетикалық құндылығы 157ккал. 
Сауда орындарына негізінен тауық жұмыртқасы түседі. Суда жүзетін құстар жұмыртқалары балғын күйінде пайдаланылмайды, себебі олардың қабықтарының сыртында инфекциялық аурулар тарататын микроорганизмдер болуымүмкін. 
Жұмыртқалар өлшемдері мен массасы құстың түріне, жасына байланысты әр түрлі болады. Тауық жұмыртқаларының массалары 45 - 76 г, үйректікі – 75 - 100 г, күрке тауықтікі – 80 - 100г, қаздікі – 160 -200 г болады. 
Жұмыртқаның қатты қабығы ішіндегі ылғалдың ұшпауына қажет және жұмыртқаны сыртқы орта әсерінен қорғайды. Қатты қабық өте майда қуыстардан тұрады, олар әсіресе жұмыртқаның доғал жағында көп болады. Осы куыстар арқылы жұмыртқа ішінен ылғал сыртқа шығады, микроағзалар кіреді және ауа алмасу процесі өтеді. Қатты қабық астында жұмсақ үлдір қабаты бар. Көп сақталған жұмыртқадан сыртқа ылғал буланады да, ақуыз бен жұмсақ мөлдір қабат арасында қуыс пайда болады. Жұмыртқа ақуызы сыртқы, ішкі сұйық қабаттардан және ортадағы тығыз қабаттан тұрады.Тығыз ақуыз мөлшері жұмыртқаның балғындығын көрсетеді.Жұмыртқа ортасында сарыуыз болады. 
Жұмыртқаның құнды бөлігінің бірі - сарыуызы. Сарыуыздың жоғары жағында ұрық орналасқан. Сарыуыз майлар мен ақуыздарға, көмірсулар мен минералды заттарға ғана емес, сонымен бірге дәрумендерге (А, В, Д, Е т.б.) де бай. Адам ағзасына сарыуызы жеңіл сіңеді. Шикі жұмыртқа ақуызы ұзақ қорытылады, тек пісірілген кезде оның сіңуі артады. Жұмыртқалар көптеген тағамның құрамына кіреді. 
Тауық жұмыртқасы - тауық өнімі. Оның құрамында толыққанды ақуыздар, майлар, минералды заттар, А, Д, Қ В дәрумендері бар, массасы – 45 - 75 г. Жұмыртқаның сыртқы қабығы – 12 %, ақуызы-56 %, ал сарыуызы – 32 %. 
Тауық жұмыртқалары емдәмдік және асханалық болып бөлінеді. Асханалық жұмыртқа жаңа, тоңазытқыштық, известелінген болып белінеді. Емдәмдік жұмыртқа массасы 44 г жоғары және сауда орнына минустық температурада сақталынбаған, басылып шыққаннан соң 7 тәулік ішінде әкелінген және әктелмеген жұмыртқалар жатады. 
Асханалық жұмыртқаға массалары 43 г (басып шыққан күніне қарамай) және 44 г жоғары (басып шыққан күні 7 күннен асып кеткен) жатады. Басып шыққан күні 30 асқан және -1 ден -2 °С температурада сақталған жұмытқалар тоңазытқыш жұмыртқалары деп аталады. Сақтау мерзіміне байланысты емес, әк ерітіндісінде сақталған жұмыртқалар әктелген деп аталады. 
Тағамдық жұмыртқа - қажетті қоректік заттектердің бәрі болатын бағалы тағамдық өнім. Калориялығы жөнінен тағамдық жұмыртқаның қонымдылығы орташа сиыр етіне пара - пар. 
Тамаққа негізінен тауық, бөдене, мысыр тауығы жұмыртқасы пайдаланылады. Тағамдық жұмыртқаның сапасын бағалау үшін, стандарттар мен техникалық шарттар белгіленген, сондай-ақ сақталу мерзімі мен әдісіне қарай, сапасы мен массасы есепке алынып, диеталық және асханалық болып бөлінеді. 
Диеталық жүмыртқалар - жаңа, сапасы жоғары, суық температурада ұсталмаған, тұтынушыға 7 күннен артық сақталмай жеткізілген жұмыртқа. Тағамдық жұмыртқаның құрамында 26% құрғақ заттек, соның ішінде 12 - 13 % протеин, 12 % липид (липидтің 99 % - ы сарыуызда болады), 1 % көмірсулар және 1 % минерал заттектер бар. 
Тағамдық жұмыртқаның ақуызында 60 % - ға жуық алмастырылмайтын амин қышқылдары, ферменттер (соның ішінде лизоцим) және гликопротеидтер (авидин) болады. 
Сарыуыздың түсі оның құрамында каратиноидтердің болуына байланысты. Тағамдық жұмыртқа құрамында, сондай - ақ микроэлементтер (20 - дан астам), А, В, Е, Д және басқа да дәрумендер болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       ІІ. Негізгі бөлім.

            2.1. Жұмыртқаның шығу тарихы, құрылысы

Жұмыртқа (тауық жұмыртқасы ) — дәмді де нәрлі тағам. Қабығы аршылған жұмыртқаның орташа химиялық құрамы: 73,6% судан, 12,8% ақуыздан, майлардан,көмірсулардан, минералдық заттардан (кальций, фосфор, т.б.) тұрады.

 

 Су

 Көмірсулар Майлар

 

  КальцийАқуыз             Фосфор

 

         Сонымен бірге жұмыртқаның құрамында тіршілік үшін маңызы зор амин қышқылдарының бүкіл жиынтығы да бар. Жұмыртқаның неғұрлым құнды бөлігі — сарыуызы. Ол майлар мен ақуыздарға, көмірсулар мен минералды заттарға ғана емес; сонымен бірге витаминдерге (А, В, Д, Е, т.б.) де бай. Әдетте, Жұмыртқа жұмыртқа қабықтарымен (жұқа және сыртқы қатты қабық) қапталып тұрады. Жұмыртқаның сарыуызы ақуыздан аз болады, оның түсі құрамындағы ксантофиль мен каротин пигменттеріне байланысты. Сарыуыздың құрамында 51% су, 16% ақуыз, 31,5% май, әртүрлі мөлшерде В1, В2, Д1, Е витаминдері мен минералдық заттар, т.б. бар. Ақуызда 85% су, 13% ақуыз бар, май, көміртек, минералды заттар өте аз, тек В витамині болады. Жұмыртқаның қалыптасуы (оогенез), әдетте, аналық безде өтеді. Жануарлардың көпшілік түрінде Жұмыртқа дөңгелек не сопақ, сирегірек ұзынша (жәндіктерде) пішінді келеді. Жұмыртқалардың үлкендігі цитоплазмадағы сарыуыз мөлшеріне қарай өзгеріп отырады.

 Сарыуыздың түсі (сарғыш түстен қызғылт-сары түске дейін) құстың жеген жеміне, сондай-ақ тауықтың жұмыртқа салу маусымына байланысты өзгеріп отырады. Жұмыртқа—диеталық тағамға жатады. Оның сарыуызы (шикі, шала және қатты етіп қабығымен пісірілген) жақсы қорытылып, жеңіл сіңеді. Шикі ақуыз нашар қорытылады да, организмге сіңуі қиындайды. Пісірілген жұмыртқа ақуызының сіңімділігі едәуір артады. Сол себепті сырқат әрі әлсіз адамдарға шикі жұмыртқа беруге болмайды. Жұмыртқа ұзақ сақтауға келмейді. Қабығындағы саңылаулардан ауамен бірге микробтар еніп, оны тез бұзады. Ол құрғақ, температурасы 2 градустан төмен емес қоңыр салқын жерде сақталады. Дұрыс сақталмаса (қабығы лас болса, сақталатын орын ылғал тартса) ақуызы сұйылады да сарыуызы қалқып, қатты қабыршағының ішкі жағына жабысып қалады. Сөйтіп жұмыртқа өңезденіп шіриді. Егер жұмыртқа ұзақ сақталса ақуызы мен сарыуызы араласып, дәмі бұзылады. Ол температураның күрт өзгерісіне де шыдамайды. 21 градус және одан да ыстық температурада ұрық жетіле бастайды да, сарыуыздың бетінде сақина тәрізді дөңгеленген қан тамырлары пайда болады. Мұндай жұмыртқадан тағам әзірлеуге болмайды. Жұмыртқаның жарамды не жарамсыз екенін білу үшін оны жоғары жағынан алақанмен жауып тұрып, жаныл тұрған шамға тақау керек. Сонда ескі жұмыртқа күңгірт тартып тұрады. Ал бұзылған жұмыртқадан мүлде жарық өтпейді. «Жатып қалған» жұмыртқа шайқалады, яғни қолға ұстап қозғағанда ішіндегі ақуызы мен сарыуызы араласып кетеді (мұндай жұмыртқа шайқалған жұмыртқа деп аталады). Бұл — ұзақ сақтағандықтан оның ылғалының біраз бөлігі кеуіп, құрғауының салдары. Әдетте мұндай жұмыртқаның ақуызы мен сарыуызы араласып кетеді. Жұмыртқадан яичница мен омлет дайындауға болады. Сондай-ақ олар түрлі тағамдар әзірлеуге, қамырдай дайындалатын тағамдарға салуға, сонымен бірге тағамдарды әсемдеуге пайдаланылады. Қайнатыл пісіргенде жарылып кетпеуі үшін оны салқын суға салып, баяу жанған отқа қою керек. Қабығы жарылған жұмыртқаны да пісіруге болады. Бірақ ол ағып кетпес үшін суға тұз салады немесе жарылған жеріне лимон шырынын жағады. Жұмыртқаны суға қатты қайнатыл пісіргенде ақуызы қатайып, сарыуызы сұйылады, отын баяулатып, бабымен пісіргенде керісінше болады. Оның сары уызын қатырмай сұйық пісіргенде 21 /з— 3 минут, шала пісіргенде —5 минут, уызын қатырып пісіргенде —10 минут қайнату керек. Жұмыртқаны ұзақ қайнатқанда оның витаминді құндылығы төмендейді. Қабығы тез де жақсы аршылуы үшін піскен бойда салқын суға салу керек. Жұмыртқаны фосфор немесе шыны ыдысқа салып көпіршітеді. Ақуызды тез және оңай көпіршіту үшін салқындатылады немесе бірнеше тамшы лимон шырынын (лимон қышқылы) қосады. Сарыуызды жылы күйінде көпіршітеді. Жұмыртқа салқын болса ақуыз пен сарыуыз оңай бөлінеді. Ол үшін жұмыртқаның қабығын екі жақ ұшынан инемен теседі. Сарыуыз жұмыртқаның өз қабығында жақсы сақталады. Ал оны шыңы немесе басқа ыдыстарға салып сақтау керек болса, оған аздап өсімдік майын қосады.

 

 

 

 

 

                                     2.2. Жұмыртқаның пайдасы

Жұмыртқаның адам ағзасына берер пайдасы мол екенін бұрыннан-ақ белгілі. Оны пайдалану Ежелгі Үнді жерінде бастау алған деген дерек бар. Ертеде қыз-келіншектер әжімнің көзін жою үшін немесе шаштары қатты болу үшін жұмыртқаны пайдаланған. Ал ер азаматтар жорыққа не шайқасқа шықпас бұрын, жұмыртқамен ауқаттанған. Сондай-ақ, өз жарақаттарын жұмыртқа басу арқылы жазған екен.

Жұмыртқаны қайнатып я қуырып жеу арқылы асқазанды ғана емес, бар ағзаны пайдалы элементтер мен дәрумендермен толтыруға болады. Құрамындағы аққуыз, йод, фосфор, селен т.с.с. элементтер созылмалы аурулардың алдын алады. Сондай-ақ, оның құрамында А, В, Д, Е дәрумендерінен бастап, бас-аяғы 13 дәрумен кездеседі.

Жұмыртқада калорий аз. Бір жұмыртқаның құрамында орта есеппен 76 калорий ғана бар. Ал майлылығы небәрі 10%.Жұмыртқа ағзадағы холестерин мөлшерін төмендетіп, жүрек, жүйке және онкологиялық аурулардың пайда болуына жол бермейді.

Көптеген диеталардың мәзірінде жұмыртқа кездесіп жатады. Себебі, оның арқасында артық салмақтан арылуға және салмақты бір қалыпты ұстауға болады. Тырнақ, шаш өсімі мен көздің көруін жақсартамын, тістерім маржандай таза, сүйектерім мықты болсын десеңіз, ас мәзіріңізге жұмыртқаны қосыңыз. Жұмыртқа ағзаны түрлі инфекциялардан қорғап, иммунитетті күшейтеді.

Жұмыртқа бет күтіміне де пайдалы.  Бір жұмыртқа мен бір ас қасық балды араластырып, бетіңізге жағып, 15-20 минут жатып демалыңыз. Кейін жылы сумен шайып жіберіңіз. Бетіңіздің тазарып, нәрленіп, терінің тартылғанын аңғаруға болады. Жұмыртқаның сарысын шашыңызға жағып, 1-1,5 сағаттан кейін жылы сумен жуып жіберіңіз. Бұл ем шашыңыздың жылтыр болып, алдағы күндері ұштанбауына жол ашады.

Көзіңізге сүйел шыққан кезде, қайнаған жұмыртқаны ыстық күйінде басыңыз. Сондай-ақ, қатты тамақ ауырған кезде қайнаған жұмыртқаны жылы күйінде мойныңызға қойып, қайта-қайта домалатыңыз.

Пісірген бәлішім тәтті болсын десеңіз, қамырға жұмыртқа қосуды ұмытпаңыз. Сондай-ақ, бәліш алтындай жарқырап тұру үшін оны пешке салмас бұрын үстін жұмыртқаның сарысымен бір майлап шығыңыз.

Жұмыртқа таңдаған кезде оның сыртқы қабығына мән беріңіз. Егер де қабықшасы кедір-бұдыр, түсі өзгешелеу болса оны алмаған жөн. Мұндай жұмыртқаның мерзімі өтіп кеткен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           2.3.Жұмыртқаның жұмбақ сырлары

Жұмыртқаны пайдалану ежелгі Үнді жерінде бастау алған деген дерек бар. Ертеде қыз-келіншектер әжімнің көзін жою үшін немесе шаштары қатты болу үшін жұмыртқаны пайдаланған. Ал ер-азаматтар жорықта не шайқасқа шықпас бұрын, жұмыртқамен тамақтанған. Сондай-ақ, өз жарақаттарын жұмыртқа басу арқылы жазған екен.

Қазір әр елдің мамандары жұмыртқаның адам ағзасына берер пайдасы мен зияны жайында қарама қарсы пікірде болып жатыр.  Жұмыртқаның жұмбақ сыры әлі күнге ашылған жоқ. Деседе, бүгін біз оқырмандарға жұмыртқаның пайдалы әрі зиянды жақтарын бірдей жеткізуді жөн көріп отырмыз.

Жұмыртқаны пайдалану ежелгі Үнді жерінде бастау алған деген дерек бар. Ертеде қыз-келіншектер әжімнің көзін жою үшін немесе шаштары қатты болу үшін жұмыртқаны пайдаланған. Ал ер-азаматтар жорықта не шайқасқа шықпас бұрын, жұмыртқамен тамақтанған. Сондай-ақ, өз жарақаттарын жұмыртқа басу арқылы жазған екен.

 Жұмыртқаны қайнатып та, қуырып та жеу арқылы асқазанды ғана емес, бар ағзаны пайбалы элементтер мен дәрумендермен қамтамасыз етуге болады. Құрамындағы ақуыз, йод, фосфор, селен т.с.с. элементтер осзылмалы аурулардың алдын алады. Сондай-ақ, оның құрамында А, В, Д, Е дәрумендерінен бастап, бас-аяғы 13 дәрумен кездеседі.

Бір кездері жұмыртқаның сарысы зиянды холестерин көзі деп мойындалған. Шынында да, орташа көлемді әр жұмыртқа құрамында 350-400 мг холестерин бар, ал холестеринді тұтынудың рұқсат етілген күн сайынғы нормасы ер адамдар үшін 390 мг және әйелдер үшін 290 мг тең. Сондықтан адамдарға күніне әрі кеткенде 2 тауық жұмыртқасын жеуге және жұмыртқаның сарысын жемеуге кеңес берілген. Ал кейбір деректерде, дені сау адамға астан келетін холестерин қауіп туғызбауы тиіс. Сондықтан холестеринінің артуымен ауырмайтын адамдарға аптасына 5-6 жұмыртқа жеуге болады. Сонымен қатар, жұмыртқаны пайдасы олардың зияны туралы дәлелдерден асып түседі және күмәнсіз болып табылады.

Жұмыртқада калорий аз, бір жұмыртқаның құрамында орта есеппен 76 калорий ғана бар, ал майлылығы 10 %. Жұмыртқа ағзадағы холестерин мөлшерін төмендетіп, жүрек, жүйке және онкологиялық аурулардың пайда болуына жол бермейді. Жұмыртқа бет күтіміне де пайдалы. Бір жұмыртқа мен бір ас қасық балдыараластырып, бетіңізге жағы, 15-20 минутжатып демалыңыз. Кейін жылы сумен шайып жіберіңіз. Бетіңіздің тазарып, нәрленіп, теріңіз тартылғанын аңғаруға болады. Жұмыртқаның сарысын шашыңызға жағып, 1-1,5 сағаттан кейін жылы сумен жуып жіберіңіз. Бұл ем шашыңыздың жылтыр болып, алдағы күндері ұштануына жол ашады. Көптеген диеталардың мәзірінде жұмыртқа кездесіп жатады. Себебі, оның арқасында артық салмақтан арылуға және салмақты бір қалыпты ұстауға болады. Бірақ, шаш өсімі мен көздің көруін жақсартамын, тістерім маржандай таза, сүйектерім мықты болсын десеңіз, ас мәзіріңізге қосыңыз. Жұмыртқа ағзаны түрлі инфекциялардан қорғап, иммунитетті күшейтеді.

Ал жұмыртқаны шектен тыс пайдалану сүйекті ақауларына алып келеді...
Дауысқа, шашқа, тiптi бүкiл ағзаға пайдасы зор деген сенiммен жұмыртқаны шикiдей сiмiретiндердiң ендi бұдан былай ол әдеттен арылғандары дұрыс. Себебi дүниежүзiлiк медицина бүгiнде пiспеген жұмыртқаның пайдасынан гөрi зияны көптiгiн анықтап отыр. Бiрiншiден, жұмыртқаның дауысқа пайдасы бары ғылыми дәлелденбеген. Екiншiден, кез келген шикi аста кездесетiн секiлдi жұмыртқада да көптеген аурудың қоздырғыш вирустары жүредi. Солардың ең бiрiншiсi – құс тұмауы. Көпшiлiгiмiз қолданар алдында жұмыртқаның сыртын жууды бiлмеймiз де. Ал барлық вирус сол сыртқы қабыршығында болады екен. Сонымен қатар сальмонеллез атты адам ағзасына аса қауiптi инфекция шикi жұмыртқада жиi ұшырасады. Жұмыртқаны пiсiрiп жегеннiң өзiнде де оның белгiлi бiр мөлшерiнен артығы ағзаға зиян дейдi дәрiгерлер. Гарвард әскери-медициналық мектебiнiң мамандары аптасына алты жұмыртқадан артық жеген адамдардың өмiр сүру ұзақтығы 23 пайызға қысқаратынын анықтапты. Әсiресе, жас шамасы 40-тан асқандар, қант диабетiмен ауыратындар мен жүрек, бауыр ауруы бар адамдардың жұмыртқаны аса сақтықпен жегендерi жөн.

Жұмыртқа адамдардың күнделікті өмірде ең көп тұтынатын тағамы. Ол қуырып та, асып та жей салғанға дәмді, әрі жеңіл әзірленеді. Алайда жұмыртқа жегенде назар аударуға тура келетін біраз жағдайлар бар.

- Жұмыртқаны шикідей жемеген жөн

-Жұмыртқаны түнде пісіріп қоймаңыз

Себебі түнде пісіріп қойсаңыз оның ішінде таң атқанша бактериалар көйбейіп, ол асқазан, ішек-жолдарына зиян.

-Жұмыртқаны өте көп жемеу керек

Себебі, жұмыртқаныңқұрамында белок өтекөп. Соныңсалдарынанжұмыртқаныкөпжесеңіззаталмасупроцесіұлғайып, бүйректіңқызметіқиындайды. Қалыптыжағдайда, балалар мен қарттар, ақыл ой еңбегіменжәнеденееңбегіменшұғылданатынадамдаркүніне 2 жұмыртқаданартықжемегеніжөн. Ал денеқуатыәлсізадамдар мен операцияданкейінгіқалпынакелумезгіліндегісапалыбелоктытолықтаудықажетететінадамдаркүніне 4 жұмыртқағадейінжеугеболады.

 Көпшілікке белгілі, жұмыртқаның ақ бөлігінің көбі су, қалған он пайызы ақуыздан тұрады. Ал, сары уызды ағзаға еш зияны жоқ қаныққан май құрайды. Жалпы алғанда, жұмыртқа құрылымы 13% ақуыздан, соншалықты мөлшерде майдан, 0,67% көмірсудан құралған. Сонымен қатар, жұмыртқаның құрамында лецитин атты пайдалы зат бар, ол А, В, Д, Е дәрумендері мен кальцийге, ақуызға, протеинге, холестеринге өте бай. Бұл минералдар мен дәрумендер денсаулық пен шаш күтімі үшін пайдалы.

 Мұны білген адамдар ертеден-ақ жұмыртқадан түрлі маскалар жасап, оны шаш күтіміне арналған косметикалық құрал ретінде қолданған.

Жалпы жұмыртқаның өзін шаштың түсуіне, күңгірттенуіне қарсы, ал, сары уызын майланған шашқа, ақ уызын керісінше, құрғақ шашқа пайдаланған дұрыс.

Шашты нәрлендіру әрі жұмсарту үшін жұмыртқа ағынан жасалған маска пайдалы. Ол үшін 3 ас қасық қаймақ пен бір шай қасық зәйтүн майын араластырасыз да, жақсылап қозғап, жоғарыдан төмен қарай жағып шығыңыз. 30 минут өткеннен кейін шаштың түбіне жеткізе жағыңыз. Әбден сіңу үшін полиэтилен қалпақ киесіз. Кейін басты жылы сумен шайып тастаңыз.

Шашты жылтырату үшін жұмыртқа мен лимон шырынынан жасалған масканы пайдаланып көріңіз. Ыдысқа шашыңыздың көлеміне жететіндей етіп жұмыртқа жарып, 2-3 қасық лимон шырынын қосыңыз. Әбден араластырып, шашқа және түбіне жағып шығыңыз. Целлофан қалта киіп, 20-30 минутқа қалдырыңыз. Жылы сумен немесе кондиционермен шайыңыз.

Бал мен жұмыртқа маскасы шашты өсіру қабілетіне ие. Бір жұмыртқаны жарып, ас қасық сұйық балды қосу керек. Дайын болған масканы шашқа жағып, 30 минуттан кейін жылы сумен жуып тастайсыз.

Жұқа шашты қалыңдатқыңыз келсе жұмыртқа сарысы мен банан езбесінен маска жасаңыз. Бір бананды үккіштен өткізіп алыңыз. Жұмыртқаның ағын сарысынан ажыратып, езбеге қосасыз. Масканы шаш ұзындығы бойынша жағып, полиэтилен қалта киіп аласыз. 30 минут әбден жеткілікті.

Жұмыртқаның ақ бөлігі, зәйтүн майы, бадана майы ұштанған шашпен күреседі. Ақ бөлігінен сары бөлігінен бөліп, бір ас қасық зәйтүн майын, бадана байын қосасыз. Целофан қалтаның сыртынан орамал немесе бас киім киіп алғаныңыз дұрыс. 30 минуттан кейін сусабынбен жуып тастаңыз.

Ошаған, майсана майынан бір қасықтан алып, лимон шырыны мен жұмыртқа қоспасына қосасыз да, арнайы құралмен жақсылап араластырасыз. Бұл маска үшін де 30 минут жеткілікті.

Күңгірттенген, жұқа, зақымдалған, әлсіз шашты берік ету үшін де жұмыртқа маскасына жүгініңіз. Жұмыртқаны жарып, ас қасық коньяк пен зәйтүн майын қосасыз. Бұл масканы 1 сағатқа дейін қалдыруға болады. Артынан сусабынмен жуыңыз.

Жұмыртқа қабығы оңай қортылатын, ағзамызға пайдалы — таптырмас кальций көзі.Жұмыртқаның қабығы, негізінен, кальций, фосфор, темір, калий, магний және кремнийден тұрады.

Венгрия ғалымдары жүргізген зерттеуде жұмыртқа қабығының құрамы адамның тісі мен сүйегіне қатты ұқсайтыны дәлелденген.

Жұмыртқа қабығының ұнтағын жүкті әйелдер, балалар және ересектер кальция жетіспеген жағдайда  қолданады.

Мұндай ұнтақты үнемі қолданған жағдайда:

-         қан қысымы мен жүрек қағысының жұмысы жақсарады;

-         зиянды холестерин деңгейі азаяды;

-         зат алмасу процесі қалпына келеді;

-         қалқанша безі ауруларының алды алынады;

-         гастритжазылады;

-         қантазарады;

-         балалардағы рахит пен анемияныңалдыалынады;

-         аллергияемделеді;

-         шаш пен тырнаққатаяды;

-         безеушықпайды;

-         жүйкежүйеніңқызметіжақсарады.

Алайдаұнтақ  кейбіраурулардыемдейтіндәрі-дәрмектіңорнын баса алмайды. Бірақағзағаауруданайығуығакөмектеседі.

Мамандардыңайтуынша,  жұмыртқақабығыныңұнтағынәзірлеуде тек үйтауықтарыныңжұмыртқасынпайдаланғанжөн.

Жұмыртқаданұнтақәзірлеутәсілі

Жұмыртқаныішіндегісінентазартып, жұқапленкасыналыптастаукерек. Қабықтыжуып, 5 минуттайқайнатады. 5-6 сағаткептіріп, майдалауқажет. Ұнтақтықараңғыжердежәнешыныыдыстасақтағандұрыс. Сондай-ақ, піскенжұмыртқақабығынан да ұнтақдайындауғаболады.

Қолдануәдісі

7 жастанасқанбалаларғакүніне жарты шәйқасықұнтақберугеболады. Ал, 14 жастанжоғарыжәнеересектеркүніне 1-2 шәйқасықмөлшеріндеқабылдаукерек.

Рахит, балалардың тістерінің дұрыс өспеуі, омыртқалардың қисаюы мен осал тістер, кәрі адамдардың сүйектерінің тез шытынағыштығы мен сынғыштығы — сүйектердегі кальцийдіңжетіспеушілігінің салдары. Ағзадағы кальцийалмасудың бұзылуы қаннның аздығына, тез салқынтигіштікке, аллергияға, еріндегі герпестерге душар етеді.Әйелдерде ақ етеккір бөлінгіш болып, түсік тастағыштық, толғақ кезіндегі әлсіздікке, жатыр бұлшықеттерінің әлсіз болуына да кальцийдің аздығы себеп. Ал енді ағзамыздағы бұл жетіспеушілікті түзеу қйындау мәселе. Хлорлы кальций, гипс, бор сияқты нәрселердің адам ағзасына қортылып сіңіуі өте қыйын.
Тауық жұмыртқаларының(бөдененікі айтпасада) қабығы 90% кальций карбонатынан тұрады(көмірқышқылдық кальций) да оңай қортылады. Оның құрамында ағзаға қажетті барлық микроэлементтер: мыс, фтор, темір, марганец, молибден, фофор, күкірт, цинк, кремний және басқалары — барлығы 27 элемент табылады! Ең маңыздысы кремний мен молибденнің барлығы — біздің күнделікті тамағымызда бұл элементтер жоқтың қасы. Олар болса ағзамыздағы биохимиялық реакциялардың дұрыс түлуінің негізгі себепшілері. Жұмыртқа қабығының құрамы адамның сүйектерімен тістеріне таңқаларлықтай сәйкес, онымен қоймай жұлындағы қан жасаушаларының жұмысын күшейтеді. Сәйкесінше, ағзаның түрлі радиациалық әсерлерге шыдамдылығы арта түседі.
Тамаққа қосылатын ұнтақталған қабықтардың — ағзаға пайдалы жоғары терапевтік белсенділігі мен бактериалық немесе басқа зиянды нәрселердің жоқтығын көрсетті. Үйрек немесе қаз жұмыртқаларының ондай қасиеті жоқ.
Бір жастан бастап сәбилерге берудің пайдасы айтарлықтай.
Венгриялық доктор Кромпехер төмендегідей кеңестер береді:
— профилактикалық мақсатта жүкті әйелдерге(міндетті түрде);
— 1 жаспен 6 жас аралығындағы балаларға берілуі аса маңызды;
— (19—20)жасқа дейінгі жастарғада артықтығы жоқ;
— ересектерге жылына екі рет жасалған алдын алу шарты(профилактика) пайдалы.
Жұмырқа қабығы ағзадағы радионуклидтерді шығаруға да үлкен себебін тигізетіндіктен, экологиялық қауіпті аймақтардағыларға пайдасы орсан зор. Себебі ол жұлынға жиналып қалатын стронций-90ды жойып отырады.(күніне 2 ден 6 граммға шейін қолданылуы керек).
Қолдану әдісі тым оңай. Тазалап жуу жеткілікті. Кішкене балалар үшін 5 минутай қайнатылады. 1,5 нан 3 граммдайын жақсылап майдалап(кофеүгіткіштен өткізбеген дұрыс) күнде бір рет жас мөлшеріне байланысты қабылданады. Таңертеңгілік аспен бірге қабылданады(каша, қатық).Батыс елдерінің аптекаларында 1970 жылдан бері сатылады екен

 

 

 

 

                  

  2.4. Жұмыртқа туралы қызықты деректер

1. Ең көп жұмыртқа Қытайда өндіріледі. Олар бір жылда 160 миллиард жұмыртқаны сатылымға шығарса, америкалықтар жылына 65 миллиард жұмыртқа өндіреді екен. Бұл екі алпауыт мемлекет жұмыртқа өндіруден көш бастап келеді. Тауық - ең алғашқы үй жануарларының бірі. Ол аспан асты елінде біздің заманымызға дейін 1400 жыл бұрын қолға үйретілген. Бір тауық жылына 250 жұмыртқа басады. Алайда бұл ең үлкен көрсеткіш емес, кейбір тауықтар манипуляцияның көмегімен одан да көп жұмыртқалай алады. 

2. Түйеқұстың жұмыртқасын пісіру үшін толық 2 сағат кетеді. Оны жару өте қиын. Жыртқыштар бұл деликатесті жеу үшін түрлі тәсіл ойлап тапқан. Басқа тірі ағзалар сияқты жұмыртқалар да ауа жұтады. Өйткені жұмыртқаның қабығында 4 л таза ауа сіңіріп, 3 л көмір қышқылын шығаратын ұсақ тесіктер бар. Христиандар жұмыртқаны өздерінің Пасха мерекесіне арнап бояйды. Ал қытайлықтарда жұмыртқа өмірдің жалғасы дегенді білдіреді. Оны алқызыл түске бояп қойса, ол бақыт пен амандықтың символы саналады.

3. Ең үлкен омлетті мексикалық аспаз дайындаған. Ол 500 саруыздан жасалған және 600 килограмды құраған. Аспаз көмекшілері жұмыртқаны тез тазалаудан рекорд қойған. Олар 8 сағаттың ішінде 12600 жұмыртқа аршыған.  

4. Барлық тіршілік иесі жылына 567 миллиард жұмыртқа жейді. Бұл ескі көрсеткіш. Мамандар оның жыл сайын өсіп келе жатқанын жасырмайды. Жұмыртқа көлемі оның жасына тікелей байланысты. Тауықтың жасы қаншалықты үлкен болса, жұмыртқасы да соншалықты ірі болады. 

5. Ең бағалы жұмыртқа - Фаберже жұмыртқасы. Олаукционда 18500 фунт стерлингкесатылды. Оны белгісізресейлік коллекция жиюшыалды. 

ІІІ. Қорытынды

Сонымен зерттеу жұмысымды қорытындылайтын болсам, жұмыртқа тек нәрлі әрі жеңіл тағам ғана емес, барлық ем – домның көзі деп айтқым келеді. Олай деуге бірнеше негіз бар. Ең алғаш Үндістан елінде емдік қасиеті айқындалған бұл жұмыртқа :

-         Пайдалы элементтер мен дәрумендердің көзі

-         Асқазанға ең сіңімді, қуатты тағамдардың бірі.

-         Жұмыртқа қабығы оңай қортылатын, ағзамызға пайдалы — таптырмас кальций көзі.

-         Артық салмақтан арылғысы келген адамдарға таптырмас ем. Жұмыртқада калорий аз. Бір жұмыртқаның құрамында орта есеппен 76 калорий ғана бар.

-         Косметикалық таптырмас құрал, яғни шаш күтіміне, бет күтіміне өте пайдалы

-         Сүйек сынған кезде оны қатайтушы құрал ретінде де пайдаланады

-         Жұмыртқа ағзадағы холестерин мөлшерін төмендетіп, жүрек, жүйке және онкологиялық аурулардың пайда болуына жол бермейді.

-         Жұмыртқа ағзаны түрлі инфекциялардан қорғап, иммунитетті күшейтеді.

Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі. Ал денсаулығымыз мықты болуы үшін батпандап кіріп, мысқылдап шығатын ауруды дәрісіз – ақ үй жағдайында емдеп жазуға болады. Адамның бет-әлпеті  - оның айнасы. Ал бетіңіз ажарлы болсын десеңіз, қалтаңыз көтермейтін қымбат дүниелерді сатып алмай-ақ, жұмыртқаның көмегіне жүгінсеңіз болғаны.

Деніңіз сау болсын!

 

 

   ІV. Ұсыныс

Зерттеу жұмысымды қорытындылай отырып, мынадай ұсыныс айтқым келеді:

1. Жұмыртқаның пайдасын көру үшін ең алдымен үй жағдайында тауықтарды өсіріп, олардың өнімін күнделікті тағам рационына қолданса;

2. Жұмыртқаны тұрмыста кең көлемде қолдану әдістері жайында мағлұматтар, кітапшалар шығарылып, көпшілікке ұсынылса;

3. Қарапайым адамдар күнделікті тіршілікте жұмыртқаны тек тағам ретінде емес, емдік мақсатта да жиі қолданса;

4. Форт-Шевченко қаласында құс фабрикасы ашылып, оның өнімі халыққа арзан бағаға сатылса, нұр үстіне нұр болар еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      V. Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Денсаулық» журналы, №6, 2013ж

2. «Шаңырақ» энциклопедиясы, Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы :1990 ж , 65-бет

3. Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

4. «Пайдалы кеңестер» журналы, 2012 ж

5. Интернет материалдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VІ. Қосымша

 

 

 

 

 

                                          

 

 

                    

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғылыми жоба "Жұмыртқаның пайдасы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 558 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.02.2016 10256
    • DOCX 2.7 мбайт
    • 92 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Құдайберген Гүлайхан Азанбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27759
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 482 человека

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 70 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Мини-курс

Основы программирования и мультимедиа: от структуры ПО до создания проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Современные методики базальной стимуляции и развивающего ухода для детей с тяжелыми множественными нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов и критиков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе